Адам қарады: 868 | Жарияланды: 2017-04-12 03:43:01

Қарақұрт патшайымы

Сен кімсің?

Мен, қарақұрт патшайымы. Мен әлемді билеп, менің қарақұрттарым жер жаһанды шарлап, бүкіл адамдар маған ғана бас ұратын болады. Түкке тұрғысыз адамдар, менің қахарымнан қорқып, маған ғана қызмет қылатын боласыңдар,-деді патшайым тағы қахарлы үнмен. Қап қара шашы беліне түскен. Басында тәж секілді қарақұрттың өзі бар. Тірі. Иә, тірі қарақұрт жартылай денесімен патшайымның  бас сүйегіне еніп кеткен. Миына орналасып алған секілді. Аяқтары әйелдің құлақ шекесін, желкесін, маңдайынан ұстаған күйі басымен бірге біткен. Басы қылқиып көрінеді. Әйел мойынын қайда бұрса, басындағы қарақұрт та солай басын бұрады. Патшайымның үстіне киілген қап-қара көйлегінде  бас бармақтай қызыл нүктелі дақтар бар.  Қап қара көзі бірде жанып, бірде орнына келеді. Қол аяқтарын ұзын-ұзын бізді түктерден көрінбейді.

Жоқ, сен біздің жерде билей алмайсың. Сен жай ғана жәндіксің. Ал біз, адамдар саналы да ақылды. Біздің санамызға сен жете аламайсың,-дейді Гүлхан ашулана. Қарақұрт патшайымы қахарлана келіп, аузынан сұмаңдаған ұзын тілін шығарып, арқасындағы өрмекші аяқтарымен Гүлханды ұстап көтерді де, жоғары қарай лақтырып жіберді. Қыз ұшып барып жыпырлаған өрмекші қарақұрттардың арасына топ ете түсті. Қарақұрттар шағып жатыр... сау  жері қалмады.

Түннің бір уақыты болып қалса керек. Гүлхан тағы шошып оянды. Сол баяғы түс мазалап жатыр.  Орнынан сүйретіле келе терезе жақтауына барып, пердені екі жаққа айырып жіберді. Түн болса да тоғызыншы қабатта тұратын Гүлхан миллиондаған тұрғыны бар алып қаланың түнгі ұйқыда жатқанын көрді. Айнала шырақтардан жап-жарық болып тұрса да, күндізгі абыр-сабырлық білінбейді. Бірен-саран алыстарда көліктің жарығы жүзіп, кетіп бара жатқан секілді. Тыныштық. Қала терең ұйқыда жатыр. Гүлхан қала көрінісіне біраз қарап тұрып қалды. Есіне  әр нәрсе түсіп, көңілі де күпті болып тұр.

Бұл не түс екен? Қарақұрттар неге түсіме кіре береді? Менің ең жек көретін жәндігім,-деді де Гүлхан жылы төсегіне қайта отырды. Бірақ ұйқысы келер емес.

Қарақұрт,қарақұрт,-дейді ішінен. – қайдасың, Айхан, сені қарақұрт шағып, жан тәсілім етсең де, білмеймін әлі күнге дейін жанымда жүргендейсің. Мені  тек сен ғана түсінерсің. Жанымыз бен тәніміз де бір жатырдан шықпап па еді. Неге мені тастап кеттің?,-деді күрсіне өз-өзінен сөйлеп қабырғада ілулі тұрған сыңары Айханның бейнесіне қарап.  Әп-әдемі қыздың бұл суреті сонау Гүлхан мен Айхан Ұлтық Университетте биолог мамандығын алып жүрген кезі еді. Тәжірибелік мақсатпен Алатау жотасына барғантын. Сол жерде жасыл шөпке шалқалай жатып екеуі суретке түсккен еді. Сол сурет Айхан қайтыс болған соң қабырғадан орын тепті.

Сол кезде Айханды қарақұрт шақты. Шөпке жатқан жерінен тақ басынан шағыпты. У лезде тарады. Жедел жәрдем келем дегенше Айханның басы ісіп, қол аяқтары домбығып кеткен-тін. Тынысы тарылып, ауа жетпей, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.  Қасында жылап отырған Гүлханның қолын қатты қысып, құлағына бірнәрсе сыбырлағысы келді.

-Сөйлеме, Айхан , жаныңды қинама, аман қаласың, жаным, уайымдама,-деді Гүлхан көзінің жасы парлай, еңк-еңк ете.

- Гггүллхан, ммен кетем, қарақұрт, қарақұрт, ол кінәлі емес,-дегенді ғана айтты Айхан.

Одан кейін міне бес жыл өткен. Гүлхан қазір жай ғана сатушы. Сол жағдайдан кейін, сыңарын жоғалтқан Гүлхан оқуын оқи алмады. Көз алдына қарақұрт елестеп, түсіне Қарақұрт патшайымы болған қыз елестейтін. Өзін қарақұрттар шағып жатса да, өлмей, тірі тұратын. Осы түс міне бүгін тағы көрінді. Гүлхан терең тыныс алды да, ертеңгі жоспарын ойлады.

Мен сатушы болмаймын, биолог мамандығын алғанмын,енді мен этномология ғылымын ары қарай жалғастырып, қарақұрттардың уын өлтіретін, дәрі ойлап табуым керек. Оны ішкенде, қарақұрт уы у емес дәруменге айналуы керек. Мен Айханымның әруағы үшін басқа жандар да жапа шекпес үшін, этномолог мамандығының жемісін жасайы. Ол осылай деді де, ертеңгі күнге үмітпен қайта ұйқыға кетті.

Бірнеше күннен бері толассыз жауған жаңбырдың арты күншуақ ыстық күндерге айналды. Көктемнің соңғы күндері аяқталып, жарқырап жаз да келіп  жетті.  Гүлханның қазіргі бар ойы қарақұрттың уын қайтседе дәруменге айналдыру. Ол осы үшін зертханадан шықпайды, күндіз күлкіден түнде ұйқыдан қалып, осы жерде түнеп те жүр.

Қарақұрт, қарақұрт, мен сенен есемді аламын. Айханым үшін, басқа да жандар үшін сен бұдан былай улы жәндік емес, дәруменге бай деликатес боласың, қара да тұр,-деді Гүлхан қарақұртты зерттеу нысанындағы бірнеше қарақұрт салынған қобдишаны ұстап тұрып. Ары бері көзін салып, төңкеріп те қарады. Қобдишада тұрған қарақұрттың ұрғашысы болса керек. Үстінде қып қызыл ноқаттары әп-әдемі, өзі қап-қара. Ине секілді аяқтарын ары бері қозғап қояды. Аузы жағындағы екі кішкене мүйізі жыбыр-жыбыр етіп, тамақ сұрайтындай. Гүлхан бұл өрмекшіге ұзақ қарады. Мыжып өлтіріп тастағысы келді. Айханынан айырылғаннан кейін қарақұртқа деген кегі бар. Өрмекшілерді көрсе болды солжағдай көзіне елестеп, бірден аяққа таптайтын. Бірақ бұл жолы ол ешетеме істемеді. Бар ойы бұл қрақұрттың уын зерттеп, оның орнына адамның өміріне пайдалы дәрумен жасап шығару.

Теледидардан тағы сұмдық жаңалық көрсетіліп, ел бірден ду ете қалды. Қаладан үш шақырымдай жерде орналасқан саяжайда қарақұрттар бір адамды масаша талап, шағып тастапты.  Мыңдаған жерінен қарақұрт шаққан адам тілге келместен сол жерде ақ, жан тапсырды. Тіпті қарарқұрт адам жеуді де шығарды. Ол мыңдаған қарақұрт қайдан келгені белгісіз. Сол маңға журналистер, зерттеушілер, биологтар, тіпті археологтарға шейін ағылып жатыр. Бұлардың ішінде Гүлхан да бар. 

Алысқа кетпеңдер, қарарқұрттың үйірін табу керек, абай болыңдар,-деген әскерлерге Гүлхан қарамады да. Тау баурайымен  жасыл желек жамылған бір аяқты жолмен келе жатыр. Қарақұртты іздеп әр қарағайдың түбіне үңіліп, шөптесін өсімдіктердің тамырына үңіледі. Алдынан бір қарақұрт шықпады. Күн сәскеден асып, ақшамға таяп қалғанда ғана Гүлхан өз жолынан жаңылысқанын сезінді. Ұзап кеткені соншалық, артта қалған биологтардың қарасы да көрінбейді, олар келген көліктер де жоқ. Гүлхан қорқып кетті. Кері бұрыла жүріп еді, басқа жолға түсіп, жаңағы келген жеріне қайта оралды.  Айнала тым-тырыс. Күн де өз ұясына батып, айнала қара қоюланып кешқұрым тартып кетті. Аяқ астындағы балдыр тастарды басып келе жатқан Гүлхан жалп етіп жерге етпетінен түсті. Етпетінен жатқан күйде басын көтергені сол еді, тура алдында үстіндегі қып –қызыл ноқаттары жанып, екі бүйіріндегі төрт аяқтан сегіз аяқтары едірейіп, аузындағы екі мүйізі екіге айырылып,  жұдырықтай қарақұрт тұр. Гүлхан көзі бақырайып, жүрегі аузынан шығардай, дір-дір етіп, жатқан орнынан қозғала алмай қалды. Қарақұрт та бұдан екі айырылмай тақ алдында қозғалмай тұр. Көз бен көз түйістіріп тұрған секілді. Қалт етсе, шап беріп шағып алар деген ойда тұрған Гүлхан қарақұртқа тағы көз тастап еді, оның ар жағынан жер көрсетпей, мыңдаған өрмекшілер жыпырлап тұр. Бәрі бір сәтке тұра қалып, осы Гүлханның қыбыр еткен қиымылын аңдып тұрған секілді.

Өлген жерім осы екен. Айхан, қайдасың, тағдырымыз ұқсас болғаны ма, мен де қарақұрттың талауына тап болдым,-деп ақырын сыбырлады да, көзін тарс жұмып басын төмен түсіріп жата кетті. Қазір өрмекшілер мені шағып, етімді қорек етеді деген ойда жатыр. Әне шағады, міне келеді, деп жатқанда ұйықтап кетіпті. Түс көріп кетсе керек.

Гүлхан, қарақұрт кінәлі емес, -деген Айханның соңғы демі таусылған сәт. Одан кейін, сол шым-шытырық түс. Қақарқұрт патшайымы келіп, миллиондаған өрмекшілерімен қаланы, қала берді, даланы басып кетіпті. Тек Гүлханды ғана қанша шақса да, у дарымайтын болғандықтан, қарақұрт патшайым өз жанына алдырып, сұрақ қойып жатыр:

Адамдар, қарақұрт патшайымын жеңе аламын дейсіңдер ме? Менің уым ең улы жыландардан да артық. Мен патшайыммын. Сен кімсің? Адамсың,-дейді патшайым сол қахарлы үнмен.

Біз ақылды, саналы адамдармыз. Сенің уың будан былай біздерге дәрумен болады, мен ол құпияны аштым. Енді сен шаққан сайын, біздің өміріміз ұзаратын болады,-дейді Гүлхан.

Сен, Гүлхан, қарақұртты жеңе алмайсың,-деп ұзын сүйір өрмекші қолдарымен қахарлы әйел патшайым Гүлханды көтеріп алып, миллиондаған қызыл ноқатты жәндіктердің үстінен лақтырып жіберді. Өзі қарқ-қаоқ күледі. Өрмекшілер Гүлханды жеп жатыр, шағып жатыр. Бірақ Гүлхан тірі...

Атып тұрды. Жаңағы құлап түскен жерінде тапжылмай етпетінен жатқан күйі екен. Басын көтеріп жан жағына қарап еді, ешкім жоқ. Қарақұрт өрмекшілер де жоқ. Тым-тырыс. Түн ортасы болып кеткенге ұқсайды. Аспанда жалтылдаған жұлдыздар мен оның ортасында аппақ толған ай қарап тұр. Орнынан сүйретіле тұрып, үсті-басын ұстап көрді. Бет аузын сипалады.

Тірі екенмін ғой. Демек жаңағы түс болған ба?-дегендей өз өзінен сөйлеп, ай жарығымен жалғыз аяқ жолға түсті. Толған ай жарық беріп тұрса да, тау бөктеріндегі қарағайлардан сескеніп келеді. Бақалар бақылдап, байғыздар шақырады. Шегіркелер шиқылдап, шөптердің арасынан жылан ба әлде құрт құмырқа ма, белгісіз жәндктердің ысылдағаны естіледі. Гүлхан қорқып келеді. Болған оқиғаға сенерін не сенбесін білмейді. Түс дейін десе, қарақұртты нақ көрді. Түс емес дейін десе, жыпырлаған қарақұрттар неге бұны шақпады, талап жемеді. Ойы сан жаққа кетіп, жүріп келеді, жүріп келеді. Аспан бозғылттана, жалғыз шолпан жұлдыз қалғанда таң атып келе жатқанын түсінді Гүлхан. Сонадайдан саяжай да көрінді. Қуанып кетіп, солай қарай жүгірді.

Гүлхан, бармысың? Қайда жүрсің,-?,-деп бұны көрген Жандос елпектеп қалды. – сені қарақұрттар талап кетті ме екен деп,екі көзіміз төртеу болды ғой. Қайда жүрсің, қайда болдың?,-деп Гүлханды құшақтап, бір шетінен ренжіп  те жатыр. Жандос Гүлханның ең жақын досы. Айханды қарақұрт шағып өлтіргенде, ең жақын досы жанынан табылып, көңілін аулаған еді. Қазір ол Гүлхан істейтін зертхананың меңгерушісі. Гүлханға сөз салып та жүр. Бірақ Гүлхан егізінің сыңарынан айырылған соң, отбасы болу, бала сүю дегенді ысырып қойған. Өз жан дүниесімен әлек. Айханды сағынып, көргісі келеді, тілдесіп, сыр шертіскісі келеді. Ал қазір Жандос Гүлханға барынша көмек қолын созып жүр. Оның қарақұрт уын өмір ұзартатын дәруменге айналыдырам деген ойы адам сенгісіз, күлкілі болса да, еш саспастан Гүлханға көмек қолын созды.  Қарақұртқа қарсы егетін сары су болса, да Гүлханның уды дәруменге айналдырамын деген ойын құптамаса да, келісті.

Жандос, мен қарақұрттарды көрдім. Миллиондаған өрмекшілер, туп-тура қарсы алдымда турды,-деді сасқалақтап қалған Гүлхан. – менің алдымда ең сұсты біреуі көз алмай, қимылдағанымды күтіп тұрғандай болды. Өзі басақа қарақұрттардан гөрі тым ірі екен. міне мынандай,-деп Гүлхан екі қолын жайып өрмекшіні сипаттап кетті.

Гүлхан, Гүлхан, саған не болды, есіңді жи, Гүлхан,-деп Жандос елпілдеп, көзінен жас ағып дірілдеп кеткен Гүлханды жұлқылап жіберді.

Мен көрдім, қарақұрттар басып келеді

Гүлхан, сен шошынып қалған сияқтысың, қорықпа. Күнделікті көріп жүрген түстерің ғой,-деп Жандос та Гүлханды құшақтап, жұбатқандай болды.

Сен маған сенбейсің, қарақұрттардың арасына тап болғаныма сенбейсің

Сенемін, сенемін, жүр жатып дем ал. Кеше кешкісін бір қара құрт тауып алдық. Соның уын зерттемекпіз,-деп Жандос Гүлханды саяжайдың бір бөлмесіне алып кіріп, жатқызып қойды. Гүлхан кетісімен, кеше кешкісін бұл маңға да бірді екілі өрмекшілер келген-тін. Қарақұрттарға қарсы топ сақадай-сақ тұрғандықтан, химиялық дәрілерді шашып, қойған еді. Сол қарақұрттың бірін ұстап алған Жандос оны шыны ыдысқа салып, зерттмемек болды.  Бұл өрмекші расында Гүлхан айтқандай кәдімгі қарақұртқа ұқсамайды. Үстіндегі қызыл ноқаттары болғанымен, көзі ап-анық жанып тұрған секілді, ысылдап дыбыс шығарады. Салынған шыны ыдыс, үлкейтіп көрсететін микроскоп сияқты жасалынғандықтан, қарақұрттың аузын да анық көрді. Бұны тек Жандос қана байқады. Аузының екі бүйірінде ұзын мүйізі бар. Ішкі қуысында кәдімгі аппақ тістер сияқты тастар көрінеді. Ысылдап дыбыс шығарғанда, екі бүйіріндегі мүйізі қимылдап, ішінен жыланның сумаңдаған тілі сияқты ұзын ет шығады. Қызыл ноқат қаптаған томпиған үстін қапқара түс басқан. Түгі де тірі сияқты қимылдап, сыбдырлайтын секілді. Екі бүйіріндегі аяқтары кәдімгі өрмекшінікі сияқты сезі емес, тоғыз. Ең соңғы аяғы құйрық түсына орналасыпты.  Және бұл ұрғашы екен. Өйткені бұл қарақұртты ұстап алып, ыдысқа салғанда жалғыз еді, кейін келіп қараса астыңғы жағынан кіп кішкене баласы шығып келеді.  Бұны көрген Жандос таң қалды. Шыныға үңілген Жандосқа әлгі қарақұрт шап беріп, басын бұрып, көздерін адырайтқандай болды. Не айтқысы келсе де шыны ыдыстан шыға алмаған қарақұрт ысылдап, аузын жыбырлатқан күйі жаңа туылған баласына қарап тұра берді.

Гүлхан сәл демалып, өз өзіне келген соң, орнынан артып тұрып, биологтардың кішігірім көшпелі зертхансына жүгірді. Өзі жасап жүрген химиялық экспериментті тағы бір көрмекші. Ойына бір нәрсе түсіп, тездетіп зертханаға келді. Онда Жандос та бар екен. Үлкейтіп көрсететін шыны ыдысқа салынған қарақұртты көргенде, өз  көзіне өзі сенбеді.

 Кеше көрген, қарсы алдымда тұрған қарақұрттың бірі ғой. Ия дәл осы, дәл осы көзқарасы. Демек ол түс емес, өңім. Бірақ олар мені шақпады ғой,- деп Гүлхан шыны ыдысты ұстап сұраулы көзбен Жандосқа қарады.

Гүлхан, бұл әлемде жоқ қарақұрттардың бірі секілді. Мына тістерді көрдің бе, бұлар тіпті сөйлейтін секілді. Тек мұны ешкімге айтпа. Бұл жақында жарқ етер жаңалық болмақ. Бұл жаңалықты біз екеуміз жасаймыз,түсінемісің. Осы жәндіктің уына қарсы ем тапсақ, бізден асқан бай болмайды,-деп Жандос қипақтап жатыр.

Жандос, не деп тұрсың, адамдардың өмірі қыл үстінде тұрғанда сен байлықты ойлап тұрмысың, бұлар көп. Түсінемісің, миллион тіпті миллиард шығар. Және бұлар жануарлар тұрмақ адамдарды да жейді. Жаңалықтан өзің көрдің ғой, адамның тек сүйектері ғана қалғанын.

Гүлхан, сен жасап жатқан зерттеу арқылы, бұл жәндітерден де құтыламыз. Тек сабыр ет.

Жо-жоқ, мен жасап жатқан тәжірибе кәдімгі қарақұрттарға арналған. Ал мынау басқа, басқа жаратылыс, түсінемісің,-деп Гүлхан жан даусы шығып, Жандосқа тап берді.

Гүлхан, сені түсінемін. Қарақұрттарды жау көресің, Айхан қайттыс болған соң, жек көретінің осы қарақұрттар ғана. Бірақ бізге тамаша мүмкіндік туып тұр, ол мына қарақұрттардың қайдан, қалай пайда болғанын біліп, оған қарсы сарысу ойлап тапсақ, сол кезде адамдарды құтқара аламыз, қазірше үндемеу керек.

Жоқ, жандос бізге бұл маңнан кету керек. Қала тұрғындарына айтып, сақтық шараларын ұйымдастырмаса, кеш болып қалады. Олар өте жақын маңда,-деді Гүлхан Жандосқа қарсы шығып.

Жоқ. Мен не айтсам сол болады. Сосын сенің сандырағыңа кім сенеді. Сені жұмысқа алған мен. Сен қайдағы қарақұрттың әйел патшайымы туралы айтқан түсіңе,қарақұрттың уын өмір ұзартатын дәруменге айналдырам деген ертегіңе мен тұрмақ жас бала да сенбейді. Ал сен адамдарға айтам дейсің,-деп күлді Жандос. Гүлхан шыдай алмай жылап жіберді.

Сені жек көрем. Саған сырымды айтпып, жаныма жақындаттым, етегімді түргіздім, ал сен болсаң, мені мазақ еттің,бұдан былай сені көргім келмейді,-деп Гүлхан өзі жасап жүрген химиялық суларын алып, шығып кетті. Жылап келеді. Қолына ұстаған шыны ыдысқа қарап, үмітін үзгендей лақтырып жібермек болды да кілт тоқтады. Қарсы алдында жусанның биігіндей үлкен өрмекші тұр. Айғайлап жіберіп артқа шегініп еді, аяғы тасқа шалынып, жамбастай отырып қалды. Әлгі өрмекші  бұған таяу жақындап, қып-қызыл көздерін жандыра, аяғына, одан қала бере көкірек тұсына келді. Гүлхан үндей алмаған күйі дір-дір ете, өлімін күтіп отырды. Түрі сондай сұсты қарақұрт мойнын созып басын көтеріп бұған қарайды. Ыссс деген дыбысынан бұған бірдеңе айтқысы келгендей, ауыздарындағы мүйіздері жыбырлап, тістері сақ-сақ еткендей болады.

Қозғалма, Гүлхан,-деген дауыс естілді артқы жақтан.  Бір топ әскерлермен келіп қалған Жандос екен.

Тыныш отыр, қазір қазір, -деп бұған бір топ әскер қаруларын кезеп тұр.  Тарс еткен дауыс естілді, Гүлхан көзін жұмып алды да, әзірейілді күтті. Жоқ, тып тыныш болып қалды. көзін жайлап ашып еді, жаңа ғана қолына ұстап отырған шыны ыдыстағы сары суды құйрығындағы жіңішке аяғына орап алып, әлгі қарақұрт жүгіріп қашып бара жатыр екен.  Топ болған әскерлер аң-таң болып тұр.

Гүлхан, жаным кешірші мені, бұл қолдан келмейтін нәрсе, олар қалаға шабуыл жасап жатыр екен,-деп Жандос Гүлханды қолынан ұстап орынан тұрғызып алды.

Кешір, сенен айырыла алмаймын. Тезірек «sos» жариялауымыз керек. Жаппай көшу кереке тұрғындарға,-деп Жандос әскери қызметегілерге бұйрық берді.

«sos» жарияланып, дабыл қағылды. Бұлар тездетіп бұл саяжай маңынан кетпек болып жатыр. Кенет ысылдап кеткен дауыс құлақты жарып жіберердей болды.  Саяжайдың терезесінен қараған Жандос тау бөктері жақтан миллиондаған қарақұрттардың шабуылдап келе жатқанын көріп, шошып кетті. әскерилер қаруларын кезеп, атқылап жатыр. Әлем –тапырақ болып, лезде шаң аспанға көтерілді. Бірі қаруымен қарақұртты дәлдеп атып жатса, қарақұрттардың бірі әскериді шағып, тістелеп жеп жатыр. Гүлхан мен Жандос бөлмеден шыға алмай, есікті тарс жапты. Терезеден сығалап көріп еді, әскерилердің тек қаңқа сүйектері ғана қалыпты. Мыңдаған қарақұрттардың да өлексесі жатыр. Үйді таптап өткенде, шатырлар тарсылдап, жер сілкінгендей қозғалып, аламанға шапқан аттардың тұяғындай гүрсілдейді. Терезе  шытынынап, сынып барады. Екеуі жалма жан терезеге кереуетті тақап тіреді. Кереует те қимылдап, артқы жағына қарақұрттардың аяқтары сидиып көрінген еді, пышақты алып, бес алты аяқтарды сойып салды Жандос. Артынша шкафты тіреді.  Тарс-тарс, гүрс-гүрс, шыңғырған дауыстар, ысылдаған дыбыстар құлақты жарып жібергендей болды. Гүлхан ботадай боздап тұр, қорқып тұр.  Еденде жатқан бес алты өрмекшінің аяғынан көзін алмайды. Ол қимылдап жатыр. Кәдімгідей тірі сияқты.  Жұлқынады кеп. Жандос терезені тіреген күйде, бар күшін сарп етіп шкафты ұстап тұр.

Гүлхан, есік, есікті тіре,-дейді жан ұшыра. Гүлханда үн жоқ. Көзі аяқтарда.

Гүлхан, есіті жап, Гүлхан,-деп тағы айғайлады. Гүлхан селк ете түсті де, дереу барып есікке үстелді тіреді, оның үстіне тағы да басқа жихаздарды қойып жатыр. Бір кезде,алыстан қатты ысылдаған үнді дауыс естілді де, манағы у-шу сап тиылып, бір сәтке үнсіздік жайлады. Тып-тыныш. Үй де қозғалмай, терезе жақтан сұмаңдаған аяқтар да жоқ болды. Кетіп қалған секілді. Еденде жатқан өрмекші аяқтары да біраз бұлқынып бұлқынып барып сап тиылды. Ол да тып тыныш жатыр.

Кетті-ау шамасы,-деді Жандос ұстап тіреп тұрған шкафты жібере.

Ия, солай ау,-деді де Гүлхан ақырын есіктен қолын босата, Жандосты келіп құшақтап алды. Тұла бойы дір-дір етеді. Екеуі де қатты қорқып қалған. Жандос дереу рациясын алып, көрші биологтарға хабарласты. Ешкім жауап бермейді. Үй телефоны да дыңылдап тұр. Желі істемейді. Қалта телефонында да үн жоқ. Өшіп қалған. Бұлар не істерін білмеді. Сыртқа шығуға қорқып тұр. Шықпаса тағы болмайды. Елмен бірге қауіпсіз жерге кету керек.  Ақырын есікті ашып сығалап көріп еді, дәлізде ешкім жоқ.  Жайлап қолдарын ұстаған күйі сыртқа шықты. Өздері сияқты бес алты адам аман қалыпты. Олар да есікті ақырын ашып шығып жатыр. Аулаға шықты. Қан –жоса, жартылай желінген адамдар, ортасынан бөлінген өрмекшілер қаптап жатыр. Біртүрлі сасық иіс жайлаған. Мұрындарын шүберекпен байлай, бір –бірін ұстап әлгі адамдар бұларға кеп қосылды.

Не болып кетті, сұмдық, ақырзаман келді ме?-дейді жаңағылардың ішіндегі жас қыздардың бірі.

Мына өрмекшілер тым үлкен, жарты белімізге дейін келеді. Өздері миллирдтан асатын  сияқты, қала тұрғындарымен қашу керек,-дейді екіншісі. Бірі қорқып, бірі үркіп, жаяулатып келіп, өздері келген автобус көлігіне жетті.  Автобус пен қашпақ болған бірнеше адам отырған орындарында ақ қарақұрттарға жем болыпты. Жүргізушісі де отырған жерінен басынан төмен қарай салбырап, аяқтары көлік рөліне тіреліп қапты. Бастан беліне дейін желінген екен. Оны Жандос көліктің оң жақ есігінен кіріп, аяғымен итеріп салды да, жерге лақ етіп құлатты. Ішек-қарындары шашылып қалған адам жерге етпетінен түсті.

Ақырын, адам ғой,-дейді Гүлхан әлгі адамға жаны ашып

Ия, адам, бірақ енді жоқ. Тірі қалған мына біз адамбыз. Бұларды арулап жерлеп отыратын уақыт та, шамада жоқ. Тездетіп кетуіміз керек. Тез отырыңдар,-деді де өзі көлікті оталдырды. Іштегі өлген бірнеше адамдарды сыртқа шығарып тастап, адамдар да кезек-кезек отырып жатыр. Бәрі де бұл маңнан жан тасалағысы келеді. Қорқып-үркіп отыр. Көлік зулап, саяжай маңынан ұзап кетті...

«SOS» ты естісімен, әскерилер шоғырланып, дайындық үстінде еді. Қарақұрттың уына қарсы сарысу «вакциналарды» көптеп шығарып, әр адамға тартқатпақ болған. Бірақ үлгермеді. Тау жақтан үймелеген жәндітер қала сыртына да келіп жетіпті. Қашқаны қашып, тығылып, бірі жем болып, жылаған бала, шулаған кәрілердің жасына тұншығып, қала әп-сәтте ақ абыр-сабыр болды да қалды. Аспаннан жауғандай көшпелі өрмекшілер ештеңені, ешкімді тірі қалдырып жатқан жоқ. Жайпап, талап келеді. Бір-екі сағатта ақ, миллиондаған тұрғыны бар қала қарақұрт патшалығының құрсауында қалды. Өртенген үйлер, көше бойында апат болған көліктер, шашылған дүниелер бәрі-бәрі Гүлханның көз алдында жайылып тұрып қалды. Қалада ешкім жоқ.  Әр үйге бір кіріп көреді. Айғайлайды, шақырады. Ешкім үн қатпайды. Үйлер шашылып, тұрғындары мерт болған екен. Гүлхан жүгіре өз үйіне келді. Үйіндегі бірді-екілі тәжірибе үшін деп сақталынған құтыдағы химиялық сұйықтықтарды алмақ болды. Есігі ашық екен. Үйге кірсе, өз көзіне өзі сенбеді. Үй іші тап-таза, шашылмаған. Жинаулы күйі.   Тек қабырғада тұрған Айханның суреті жоқ болып шықты. Ары қарады бері қарады. Жоқ. Сөреде тұрған Айханның  студенттік кезіндегі альбомына көзі түсті.  Дереу ашып, Айханның бейнесін көре бастады. Сағынып, жылады.  «қарақұрт кінәлі емес» деген соңғы сөзі, құлағына естіліп, альбомды құшақтап отыр.  Гүлханмен ілесіп келген Жандос  оның жан дүниесін түсініп, үндемеді. Тек көзі сүйіктісі құшақтап отырған  Айханның жансыз бейнесіне түсті.  Гүлханның қолынан жұлып алды да, басын шайқады.

-Не істеп тұрсың, бер альбомды,-деді жасы кеппей ыңырсыған Гүлхан.

-  Бұл не сұмдық, сен бұны білуші ме едің, демек сен білдің ғой

- Нені, Жандос, не шатып тұрсың, Бұл Айхан менің сыңарым, білесің ғой

- Жоқ, оны емес, мына суреттерді айтамын, қарашы міне.

- Ол не,-деп Айханның бейнесіне үңілген Гүлхан көзі алайып отырып қалды. Бұл қалай болғаны. Мұны қалай байқамағам, бұл-бұл...,-деп Гүлхан тағы бір –екі суреттерді көрді. Барі солай. Бұлар шошып кетті.  Барлық Айханның сүреті бейнеленген қағаздарды көріп шықты.

- Бұл қалай болғаны, сене алар емеспін, мен бұны қазір көріп тұрмын, рас айтамын.

- Гүлхан Айхан сенің сыңарың. Және бұл  жерде кім сен, кім Айхан екенін ажырату мүмкін емес. Бірақ мынау Айханның альбомы.  Сонда Айхан бұл қарақұрттардың бар екенін білген бе?,-деді Жандос Гүлханды жұлқылай.

-Білмеймін, Жандос, білмеймін, Айханым өмірден озғанына міне бес –алты жыл болды. Бұл студенттік кездегі суреттер. Одан кейін  мен бұл суреттерге қараған емеспін, білмеймін, көрген емеспін.  Жандос,-деп жылап жіберді. –

- Жоқ, сен білесің, біле тұра ешкімге айтпадың. Қарақұрттың уын дәруменге айналдырам деп жүргенің де, бекер емес екен. Сен бұл жәндіктерді білесің ғой, сені де біледі, өткен кезде сені неге шағып, жемеді. Тек үстіңе шығып алып қана жүзіңе қарап тұрды. Неге? Неге? Біз қаруды кезеп атқанда ғана, біз жаққа жалт қарап, сенің қолыңдағы құтыны алып кетіп қалды. Жылдамдығы соншалық, оқ дарытпады.  Сен кімсің, саған енді сенбеймін, ешкімге айтпа дегенімде маған қарсы шыққаныңның себебі, демек осы екен ғоой. Сен тек өзіңді ғана ойладың. Өз мақсатыңа жету үшін мені пайдаланып, әлемді  тозаққа айналдырдың, сен қарақұрттан да улы екенсің,-деді де Жандос Гүлханды итеріп жіберіп, кетіп қалды.

- Олай  емес Жандос, маған сенші, мен ештеңе білмеймін ғой,-деп Гүлхан жылап тізерлеп отырып қалды. Жерге құлап түскен Айханның альбомынан суреттер шашылып кетті. Бұл суреттегі бейнеде Айханның қиылып наздана отырып, жатып, теріс қарап түскен кездегі суретінде ылғида бір қарақұрттың бейнесі ілесіп жүріп,бейнеге түсіп қалған екен...

 

 

 

                                  2 бөлім.

Қарақұрттың бір атауы- қара жесір деп те аталады екен. Оған себеп, шағылысып болғаннан кейін, өз аталығын жеп қоюы.Ұрғашы қарақұрт ұрпақ өрбітеді, ал аталығы өмірін тоқтатады...

Әлем қарақұрт патшалығының құрсауында қалып, аман қалған адамдар, жер асты әлеміне еніп, ұрпақтарын сол жерде өрбітіп, тіршіліктеін істеп жүр. Бұл жер асты қала- қарақұрт дәуірі басталмай тұрып, әр елдің басшыларымен келісіп салынған қала. Ішіне миллионнан аса адам орналаса алады. Өз ауруханасы, зертханасы, пайдалы қазбалары бар. Тіршілік үшін керекті нің бәрі бар. Жер бетін жайлаған адам бойындай қарақұрттар әлі де адам етінің дәмін аңсап, уын шашыратып жүр. Олар ендігі әбден еркіне мініп алған. Бұрынғысынан да ашулы, аш, құбыжық. Олардың ары-бері жүргендері жер асты қаланың төбесінен естіліп тұрады.  Аракідік, күн көзі көрінбегендіктен, жағылған жарық шамдар, өшіп-жанып, жер асты дүниелер сілкініп қалады. 

Гүлханның жер асты зерханалық орталығында жүргеніне екі жылдай уақыт болып қалды. Жандостан айырылғалы бері, бар сүйеніші кішкене Айдосы. Жандос сол кеткеннен қайта оралмады. Қала қаңырап, үйлер қирап, өртеніп жатқанда Гүлханның алдына келген қарақұрттар бұдан теріс айналып кете беретін. Содан кейін ақ ол аман қалғандармен бірге  осы орталықтан орын тепкен. Гүлхан алға қойған мақсатынан әлі де бас тартпады. Әр химиялық зерттеуден кейін,  іске аспаған эксперименті,  төгіліп, қайта іске асатын тәжірибе жасап жүр.

Сенің кесіріңнен әлем талқан болды,  қарақұрт, қарақұрт, пәлі, сенің тіршілігіңді жоятын кез келер,-деді Мирас қолға түскен, арнайы зерттеу бөлмесіне қамалып қалған,ең үлкен өрмекшінің біріне. Бұл  қарақұртты арнайы әскермен арнайы өрмекшінің  торына да ілікпейтін құралмен ұстап алған еді. Тұры адам бойындай үлкейіп кеткен. Күн сайын үлкейген бұл қарақұртты ұстап алып, оның уына қарсы тәжірибелер жасалынып жатыр. Зертхана меңгерушісі болып осы Мирас тағайындалған. Жандостың қазасынан кейін, ең алғыр деп көмекшісі Мирас келді. Мираспен бірге Гүлхан да өз зерттеулерін жүргізіп жүр. 

Маған, сірә айтпағың бар-ау, бірақ сен сондай көріктісің,-деді тағы Мирас қарақұртқа қарап тұрып. Әр тамырын анық көрсететін шыны ыдыстың ішінде тұрған қарақұрт ары бері қозғалақтап, Мирасқа қарап, аузынан жабысқақ суын атып жібереді. Онысы шыныдан шыға алмай, созылып келіп төмен қарай сырғиды.  Адамның тістеріндей тісі бар қарақұрт расында да сөйлейтін секілді. Тек онысы өзіне тән нәрсе ғана. Бұл ысылдап, құлақты жаратын дыбыс шығарса,тағы бір шыны ыдыстарда қамалып отырған басқа қарақұрттар да ысылдап, шулап, ары бері қозғалақтап, ашуға бұлығып кетеді. Мирас айтқандай, бұл қарақұрт шынымен де сұлу. Өзіне ғана тән, оюлы қып-қызыл ноқаттары, жүн басқан аяқтары, тіпті аузының екі бүйіріндегі мүйізіне шейін жалтылдаған қап-қара . Ол қозғалғанда үстіндегі ноқаттар әртүрлі түске боянып, шағылысып тұрады. Жүндері ұшқындап, самал жел тербеткен нәзік гүлдей теңселеді.

Гүлхан бірнеше күннен бері ұйқысыз түндер өткізіп, бір тәжірибе соңында жүр. Талмай еңбек еткен ісі сәтті аяқталарына да сенімі жоқ. Қарақұрттың уы салынған құтыдан бір тамшысын алды да, үстел үстіндегі әйнекке қойды. Одан кейін өзінің жасаған сарысуын қасына орналастырды. Екеуін жылжытып қосып жіберді.  Екі су бір бірімен араласып, жалма-жан арпалысқан екі қасқырдай, біресе үстіне біресе астына түсіп, қарақұрт уы әлсірей бастады.

Бітті, бітті, таптым,-деп қуанды Гүлхан өзі жасаған сарысуы қарақұрт уын жоқ қылып жұтып қойғанда. Гүлханның айғайлап жіберген дауысына жетіп келген Мирас таң тамаша болды. Гүлхан жасаған сарысу қарақұрттың уын жоқ етіп, өзі тып тыныш сол қалпында тұр. Анықтап, тағы бір екі рет жасап көрді. Сол қалпы. Қарақұрт уын сарысу жеп қойды.

Демек, енді уын қанша шашса да оған қарсы дәрумен пайда болды. Енді жер бетіне шыға аламыз,-деп қуанды Гүлхан.

Әлі ерте, Гүлхан, бұны тағы бір зерттеуден өткізу керекпіз, қарақұрт  пен адам керек. Түсінемісің, адам керек,-деді Мирас Гүлханның екі иығына екі қолын қойып.

Кешір. Оны ойламаппын, дұрыс адам керек. Бірақ кім өз еркімен бұл затты ішеді. Адамға әсері керісінше болса ше?

Менде соны ойлап тұрмын, қарақұртың уын тежеді, ал адамға қалай әсер етеді, өзің айтқандай адам өмірін ұзартады ма әлде қысқартады ма екен?

Оны ойламаппын, бірақ қайткенмен де, бұл тәжірибені жасау керек. Әзірше қарақұртқа жасаймыз.

Ия, дәп солай, оның уын жоқ етсе, өзін де жоқ етер. Алдымен осыны жасайық...

Үлкен шыны ыдысқа симай қамалып тұрған қарақұрттың бүйіріне үлкен ине арқылы Гүлханның жасаған сарысуын құйып жіберді. Алғашқыда қарақұрт ышқынып, аласұрып, ары бері шыңғырғандай ысылдап, теңселіп кетті. Жалт етіп, Гүлханмен жанары тоғысып, көзі қып-қызыл болып жанды да, артынша жиырылып тұрып қалды. Сол қозғалмаған күйі жатып алды.

Мен патшайым, сенің шамаң келмейді, мен әлемді билеймін,-деді Патшайым тағы да. – менің қарақұрттарымды ешкім де ешнәрсе де жеңе алмайды, қарақұрт дәуірі басталды!-деп қарақұрт Патшайымы қарқ-қарқ күледі де, Гүлханды тағы көтеріп алып, топтасқан өрмекшілерге лақтырып жібереді. Гүлхан атып тұрды. Қасында пысылдап Айдосы ұйықтап жатыр екен. орнына тездетіп тұра, өз бөлмесінде жасап жүрген зерттеу жұмысын көрді де шошып кетті. шыны ыдыстағы қарақұрт жоқ болып шықты. Бәрлық жері тығыздалып жабылған, шығуға мүмкіндігі де жоқ. Ары бері әр бөлмелерді қарап шықты. Жоқ. Қайда кетті екен? шығып кетіп, адамдарға қауіп төндірмесе игі еді деген оймен үстіне көйлегін кие сала, Мирастың бөлмесінің есігін ұрды. Есінеп, ұйқысырап шыққан Мирас мән жайды түсінбей, абыдрап тұр.

Сонда қалай, сен бізге айтпай өздігіңнен қарақұртты бөлмеңе сақтап келгенсің бе, неге олай еттің, енді не істейміз, ол өрмекші бостандыққа шығып, біздерге шабуыл жасап қоюы ықтимал ғой

Ол шығуы мүмкін емес еді, бәрі жабық күйінде, қалай жоқ болып кетеді, түсінсем бұйырмасын,-деді Гүлхан жалынышты үнмен Мирастан көмек сұрап.

Сенің мәселең кейін қаралады, ал дәл қазір тездетіп, әлгі немені табу керек. Дабыл қағыңдар. Бөлмеден ешкім шықпасын, ,-деп Мирас үстіне киімін іле сала, зертханаға қарай жүгірді. Зертханаға кіріп келген бұлар, өз көздеріне өзі сенбей, тұрып қалды. Өздері жасаған ең үлкен қарақұрт та жоқ болып шықты. Үшті күйлі жоқ. Есі аузы мығымдалып жабылса да, қайда кеткені белгісіз, өрмекші жоқ.

Бұл қалай болғаны, қарақұрт қайда? –деді Мирас шошынып.

Дәл солай, менің бөлмемдегі қарақұрт та жоқ болып шықты.

Тұра тұр, сен бөлмеңдегі қарақұртқа өз сарысуыңды инеледің бе?

Иә,

Ал мына жоғалған қарақұрт та кешегі біз экперимент жасаған өрмекші еді ғой, демек, демек,-деді де Мирас шыны бөлмеге барып, төменге қарады. Аяқ жақта, Гүлхан жасаған сарысу ғана төгіліп жатыр. Микроскоппен көріп еді, сол сарысу тек ішінде қарақұрттың бірнеше малекулалары сарысудағы малекулалармен байланып тасталыпты.

Эврика, эвриа. Гүлхан құтты болсын, сен жеңдің. Сенің дәруменің қарақұртты түп тамырымен құртатын болады. Қарақұрт қашып кетпеген, оларды мына сарысу іштей жоқ еткен,-деді Мирас Гүлханды көтеріп алып.

Сонда, демек, демек, менің тәжірибем сәтті болғаны ғой,-деп Гүлхан да қуанып жатыр.

Гүлханның құрметіне дастархан жайылып, тәжірибе жүргізген адамдар, алғыс алды. Енді жер бетіне шығып, қарақұрт патшалығын жоямыз деп кәрі құртаң, бала шағалар да мәз. Алдыда тек бір үлкен іс бар. Ол адамға жасайтын тәжірибе еді.

Ешкім келіспейді,-деді Гүлхан Мирасқа.- кім өз еркімен ажалға аттанады? Бұл бір қиын  сұрақ болды. Расында өздері бой тасалап жүргенде, ажалдың аузына кім барғысы келеді. Ешкім. Гүлхан ұзақ ойланып, Айдосынан көзін алмай қарады. Былдырлап, ойнап отырған баланың жүзі Жандосқа ұқсағанымен, кейде өз бейнесін де көретін секілді.

Гүдхан, қарақұрт кінәлі емес еді, неге, неге олай еттің?-деп сыңары Айханның жылаған бейнесі тағы түс болы келіп тұр.  Көзін ашып оянып кетіп еді, дәл бетіне төбеден жіпшелерге асылып келіп тұрған өрмекшіні көрді. Кәдімгі қарақұрт. Айханды шағып кеткен қарақұрт. Гүлхан  үн шығармай жатыр. Ақырын сол жағын сипалап, баласын іздеді. Орнында жоқ. Көзінен жас парлап, төсек сипап жатқан Гүлхан тыпыр ете алар емес. Бірақ кіп-кішкене болғандықтан, Гүлхан ақырын жастықты алды да, шап беріп әлгі қарақұртқа лақтырып жіберді. Орынынан ытқып тұра, қарақұртты жастықпен мыжып-мыжып тастады. Ашуға бұлыққан ол, есін жиып жастыққа қараса, өрмекші де жоқ оның торы да жоқ. Айдос та жоқ. Бүкіл жер асты қаланы қарап шықты. Бала табылмады. Гүлхан құсадан қайғырып, жылап-жылап еккі көзі домбығып ісіп кетті. Ол ұзақ жатты. Баласын таппаған соң, өмірінің мәнін жоғалтқандай, аласұрды. Орнынан атып тұрып, зертханаға қарай жүгірді.

Мен, мен ішемін, тәуекел,-деді жалма-жан жүгіре басып кіріп. Қарақұртқа баяғыша ойланып қарап тұрған Мирас селке ете түсті де, аң-таң болып Гүлханға бір қарақұртқа бір қарайды.

Сенімдісің бе?

Иә, енді өзім жасаған сарысуды өзім ішпесем, елде қалай сендіремін. Қарақұрттың көзін қалай жоямыз. Жер бетіне шығу үшін, адамдар да қарақұртқа төтеп беретіндей күшті болу керек. Бүгіннен қалмайық,-деді Гүлхан. Гүлханды арнайы шыны бөлмеге кіргізіп, арнайы киім кигізді. Ине арқылы тамырына өзі жасаған сарысу дәруменін жіберді. Тұла бойы бір күйіп, бір жанып, жүрегі дүрсілдеп, қол аяғы өзіне бағынбай, аласұрады. Қаны зуылдап біресе басына біресе аяғына шабып,  бет аузы ашып барады. Күлкілдеп еті мен терісінің ішіне су толып, Гүлхан лезде көпіршік қаптаған адамға айналды. Бір сәтке тыныш қалып, талып түсті...

 

Жер бетін жайлаған қарақұрттар енді жер астында орналасқан зертхана қаласына шабуылын үдете түсті.  Тым ақылды болып кеткені соншалық, олар енді адамға қимылдап, адамның ақылындай ойлайтын болған. Тілдеседі, өздерінше бір тілде. Тістерімен темір есікті кеміріп жатыр.  Қала жұрты шегініп бара жатыр. Әскерилер мен қарақұрттар қақтығысып, бірнеше жандар мерт болды. Гүлхан жасаған химиялық дәруменді де атқылап жатыр. Бірнеше қарақұрттар одан сіресіп қатып қалып, жоқ болып кетіп жатыр.  Миллиондаған қарақұрт жер асты қаласына кіріп алды.

Мен бұларды түсініп тұрмын, бұлардың сөздерін,-деді Гүлхан, бірнеше күннен бері жасалынған эксперименттен кейін енді оянып.  Жанары қып-қызыл шоқтай жанып, бет-аузында көпіршіктен қалған іздер бар. Түрі сондай сұсты.

Не деп тұрсың, не сезініп тұрсың,-деп Мирас елпектеп қалды.

Қарақұрттар, оларды түсінемін, сөздерін, аналық, аналық дейді, ұрпақ, ұрпақ,  ия дәл осылай айтып жатыр.

Гүлхан, жағдайың жақсы ма, бірнеше күннен бері ес түссіз жаттың. Не сезінесің?

Аналық, аталық, ұрпақ, олардың айтар сөзі осы. Гүлхан бір сөзін қайталуын қоймады. Қарақұрттар шабуылын үдетіп жатыр.  Жас баладан кәріге дейін шегіне -шегіне, жер асты қаласының ең шеткі бұрышына келіп қалды. 

Тоқта, тоқта, -деді Гүлхан жыпырлаған қарақұрттардың алдына шығып. – сендерге мен керек, елге тиіспеңдер,-деп ысылдап дыбыс шығарды Гүлхан. 

Аналық, аталық,-деген сөзді түсінді Гүлхан өрмекшілердің ысылынан. Гүлхан қарақұрт тобырын қақ жарып, жер асты мен жер үстін байланыстыратын қақпаға қарай жол тартты. Қарақұрттар да үнсіз Гүлханның артынан еріп барады. Мыңдаған қарақұрт  Гүлханның  артынан еріп жер бетіне қайта көтерілді.

Жер бетінде тіршілік келбеті жоқ, түнеріп тұман басқан жапан далаға айналыпты. Ағаштар құрап, ұшқан құстар да жоқ. Сұп-сұр тұманнан өз қолыңды да көре алмайсың. Қираған үйлер, қырау басып, жартылай мүжіліп, түнеріп жатыр. Гүлханның артынан ерген қарақұрттардың соңғысы шығысымен жер асты қақпасы тарс жабылды. Гүлхан жер әлемінде қарақұрт патшалығына келді.  Өрмекшілермен жалғыз бетпе-бет қалды.

Аналық, аналық,-дейді олар.

 Ұрпақ, ұрпақ,- дейді екіншілері. 

Гүлхан сұр тұманда жалғыз келеді. Артында мыңдаған қарақұрттар. 

Не істеймін, қайда барайын,-деп айғайлады Гүлхан жыламсырай,- неге, неге, әлемді жоқ еттіңдер, не керек еді сендерге, ал жеңдер мені, жеңдер, менің ішімдегі дәруменге тойыңдар, не қарап тұрсыңдар?,-деп Гүлхан жерге отыра қалып еңіреп жылады.

Айхан, Айхан, қайдасың, неге мені өзіңмен алып кетпедің, сені сағындым ғой, Айхан, қиналып кеттім, бар жақын адамдарымнан айырылдым, енді сенің жаныңа барғым келеді, Айхан, естимісің,-деді тағы жылап, аспанға қараған күйі.

Аналық, аналық, патшайым, -деді қарақұрттың біреуі.  Оны қоштаған мыңдаған қарақұрт ысылдап бұл сөзді қайталап жатыр.

Кім патшайым, кім, қане көрсетіңдерші маған, тілдесейін

Аналық,аналық, ол- сенсің!

Гүлхан өрмекшілердің жүзіне анықтап қарады. Көзі шарасынан шығып кетті.  Өрмекшінің жүзі адам бейнесіне ұқсап кеткен. Қарақұрт жүзінен өзінің Айдосының түрін көрді. Айдос-  Айхан мен Жандостың есімдерінің қосындысы еді...

Қара жесір аталып кеткен қарақұрттың бір түрі бар. Өз аталығын жеп қояды.  Ұрпақ көбейту үшін шағылысып, артынша ұрпақ беруші аталықты мылжа-мылжасын шығарып, қара жесір асайды екен. ...

 

 

                                        3 бөлім.

 

Бес ай бойы тоқтамай толассыз жауған қар жер бетін орап алды. Ысқырынған боран зуылдап, жер бетінде біреуді іздейтіндей ары-бері теңселіп келе, құйындатып, бір орнында тұра қалып, жоғарыға қарай өрмелейді. Аппақ қар, қалың тұман, ысқырынған боран болып, аласапыран күй. Қар беттерінде оқтын оқтын іздер байқалады. Адамдардың емес, белгісіз бір мақұлықтардың ізі. Қалың қарға түскен іздер бірде көрініп, бірде жел ұшырып, жасырынып жатыр. Алыстан аяғын сүйрете біреу келеді. Беті-қолын үскірік шалып, бір құлап, бір тұрады. Бет аузына өсіп кеткен сақалы қырау шалып, қаспен кірпіктері мұз болып қатып қалған. Үстіне аюдың терісінен тігілген ішік киген. Қолында ұзын таяғы бар. Арқасына асылған үлкен жолсөмкесі де бар. Үілдеген боран аяғын бастырпай, теңселтіп, құлатып, шалындырып жатыр. Желге қарсы тұрып, сүйретіле келе жатқан адам- Мирас екен.

Қарақұрттар Гүлханды алып кеткен соң, жер асты қаланың басшысы, Мирасқа кінә артып, бірталай адамдардың қырылғанын бетіне басып, айыпқа тақты. Гүлханның жасаған зерттеуінің нәтижесінде, бұлар енді сол сарысуды көптеп шығарғысы келген. Бірақ оған Гүлханның жасырған бір сыры қажет. Ия, Гүлхан бұл тәжірибені ешкімге айтпай жасағандықтан, не, қандай элементтерді қосу керек екенін айтса да, Мирастың қолынан келмеді. Бір элемент жетіспейді. Өйткені тәжірибе сәтсіз шығып жатқан.

Сәтсіз, сәтсіз, қап әттеген –ай, болар емес,-дейді Мирас ашулы кейіппен санын соғып.

Гүлхан, сен бір нәрсені жасырдың, әйтпесе, сәтті болар еді ғой,-дейді тағы, басын жоғары көтеріп, ары-бері шайқап. Қала басшысының Гүлхан жасаған тәжірибелік суды қалыпқа келтіріп, қарақұрттармен соғысқа шығып, қайта жер әлеміне шығу керек деп бұйрық түскен. Өйткені жер асты қаласында адамға белгісіз ауру тарап, тұрғындар шет-шетінен өлім құшағына кетіп жатыр. Бұл жалғасын тапса, әлемде адам қалмай, жер деген планета тіршіліксіз қалар  деп қорықты.

Мирастың жерге шыққанына екі күн болды. Қар басқан әлемде ешбір қарақұртты кездестірмеді. Аязды далада қарақұрттар да жойылып кеткен болса керек деп топшылады. Қаңыраған үйлердің шатырынан асқан қар, үйдің тек қылқиып көрінген түтін шығарын ғана көрсетеді. Ешбір трі жан, тірі қозғалыс жоқ. Қарақұрттар жойылып, енді әлемді қара аяз бен аппақ қар басып, тіршілік жойылып кеткен. Екі күннен бері жолы қайда тартқаны белгісіз, қарны ашып Мирас келеді. Адасып ақ кетті. Жан жағына көз тастап еді, ұшы қиыры жоқ жапан дала ақ қарға батып, көз шағылыстырады.  Әлі кетіп, қол аяғы үсікке шалынғандай. Көзі тұманданып, ащы қырау кірпік қақтырмайды. Үілдеген боранның дауысымен ілесіп, ысылдаған, шытырлап, сыбыр-сыбыр еткен дауыстар келеді. Оны Мирас анық естіді. Ия сол дауыс. Қарақұрттардың дауысы. Бірақ бұрынғысынан басқаша, анық естілетін сияқты. Жақыннан естілген сайын, Мирастың құлағын шыңылдатып барады. Алыстан қарауытып бір нәрсе жылжып келе жатқанын байқап қалды. Таяп қалғанда ғана үлкен бір екі қарақұрт құбыжықтар ентелеп Мирасқа қарай жүріп келе жатқанын көріп, артқа қарай шегіншектей берді.

Бұлар өлмеген екен. Тым құбыжықтанып кеткен бе, сірә. Гүлханның бұларға шамасы келмеген екен ғой,-дейді Мирас іштей күбірлеп, артқа қарай шегеріле беріп.  Тым жақындап қалған құбыжық өрмекшілер Мирасты байқап қалып, жүрістерін үдете, жүгіреді кеп. Мирас артқа бұрыла сала, қаша жөнелді. Аяғын баса алмай, шалынып, құлап, қайта тұрып, қайта жүгіреді. Қайда қашатыны белгісіз, жүріп келеді. Қарақұрттар да аяқтарынмен жедете жақындап қалды. Мирас сонадайда қылқиып тұрған мұржаны көргендей болды. Соған қарай жүгіріп, мұз болып қатып қалған үй мұржасын теуіп, ішке қарай еніп кетті. Мұржаға сиып кеткен Мирастың артынан, бастары сиса, аяқтары симай, ауыздарынан жабысқақ қоймалжың сілекейін атып, қарақұрттар қалып кетті.

Мұржадан түсіп үйге ентелей кірген Мирас жан жағына қарады да, біраз ентігін басып дем алғандай болды. Үйдің іші қап қараңғы. Арқасына асқан дорбасында қалған оттықты жағып қалып еді, дәл алдында тұрған құбыжық қарақұртты көріп айғайлап шошып кетті. Тұра көз алдында төніп тұрған қарақұрт еш қимылсыз тұр. Оттықты қайта жағып көріп еді, құбыжық қарақұрт қатып қалған ба, белгісіз көзі ойылып, денесі құрап қалғандай. Ақырын аяқтарын ұстап көріп еді, жерге үгітіліп шашылып қалды. Оттықпен шам жақты да, үйді тімпіскіледі. Үй әбден шашылған, адамның сүйек саяқтары домалап жатыр екен.  Ескі үй тәрізді. Ары қарады бері қарады. Сөрелерді ашып қарап, жеуге болар темір ыдыстағы тағамдарды тіске басты. Жүрегі сәл жалғанып, ыстық тер шыққан соң, ойланды. Енді қалай шығады бұл үйден. Жалпы неге шықты жер әлеміне. Өз өзінен ашуланды. Егер жер асты қаланың басшысы бұған талап қоймағанда, бұл өз тәжірибесін жүргізіп, экспериментін сәтті аяқтар еді ғой.

Екі күнде тәжірибең бітпесе, онда жазаң абақты болар. Қарақұрттарға жем болып, жер астында мәңгіге қырылып, адамзат атауы жойылады, бір шешімге кел,-деген басшы. Ары ойланып, бері ойланып, Гүлхан тірі қалса, соны тауып келуге уаде етті. Гүлханның жасаған сарысуының мәнін табу керек. Гүлхан құбыжық қарақұрттардың тілін түсінді. Оларды өзімен ертіп әкетті. Сонда қалып кеткен кішкене құтыдағы сарысудан бір тамшысын ішіп алған еді. Көп әсер етпеді. Тек үсті басына суланып шыққан борпылдақ жаралар ғана пайда болған. Ол да екі күннен кейін жоғалып, тек іздері ғана қалды. Сол іздер, қызылдан рең тартып, әлі де тұр.

Мирас қараңғы үйде  шамның жарығымен есік жаққа барды. Ішке қарай ашылатын есікті ашып еді, үйге төгіліп кірген қар бұны басып қалды. Қар құрсауынан шығып, орнынан тұрды да аяғымен қарды бір тепті.

Қарғыс атқыр, қарғыс атқыр,-деді ашуланып, сілкіне-сілкіне. Қолымен қарды қазып-қазып көріп еді, қар одан сайын үйге қарай төгіліп, мұны көме берді. Шаршап шалдықты. От жағатын пешке жанар от болатын заттарды тастап, от тұтатты. Жанған оттың жылы лебі тарап, терезе жақтауындағы қарлар ери бастағандай болды. Үйдегі бар затты жағып, үйді ыстып жіберген Мирас жеңін түре, есіктен келген қарды жинап жинап пеш жанына таси берді. Жиналған қар еріген сайын суға айналып, тобықтан келді. Мирас сонда да тоқтамады, құлшына кірісіп, есіктен шығып кетті. Қара жер көрініп, алдындағы қарларды үйге таси берді. Су тізеден келіп қалды. Су ағып барып, сырттағы қарды еріткендей, жылан тәрізді сумаңдап кетіп барады. Еріген қар суы жорғалай ағып, басып қалған қардан жол жасады.  Қар астында көмілген үйде енді дем жетпей, біраз тынысы тарылды. Ыстық моншада қалғандай, судан шыққан булар, ауаны қысып, өкпесі өшіп барады. Амалын тапса қар да жанар. Мирастың көзіне күн шағылысқандай болды.  Есіктен шығып, біраз жерді қазып тастаған Мирас төбеге қарады. Тесіліп,тесіліп қалған мұзды қарлардан күн сәулесі сығалап, тап таза ауа кіргендей болды. Аспанға қарап ұзақ тұрды. Таза ауамен тыныстап көзін жұмып тұрған Мирасқа күн жарығын тосатын көлеңке сезілгендей болды. Көзін ашып қалып еді, мұз тесіктерінен құбыжық қарақұрттардың аяқтары салбырап, бұны ұстамақ болып тұр. Мирас жерге отыра қалды. Құбыжықтар қарды қазып жатқан секілді. Мұздар сынып, қарлар еріп жерге түсіп жатыр. Үйге ентелей жүгіріп кіріп, есікті жапты. Гүрс еткен дыбыс есіктің ар жағына естілгендей болды да, есікті ұрғылап, сындырардай сарт-сұрт етеді. Мирас бұл қапастан шыға алмасын білді. Шықса да құбыжықтарға жем болады. Не болса да өлетін жерім осы ау деді. Олардың аузына түсіп талқаным шыққанша, осы жерде жан тәсілім етермін деген шешімге келді.

Гүлхан, сені таба алмадым, әлемді құтқара алмадым,-деді ұрылып, соғылып, енді кішкенеден кейін сынып кететін есікке қарап. Есік сынған сәтте, қанжарым дайын деп тұрған Мирастың құлағына нәзік Гүлханның даусы келгендей болды:

Мирас, Мирас, бұл мен ғой, Гүлхан. Мирас, Мирас,-дейді әлгі дауыс.

Гүлхан? Бұл қалай болғаны, сен қайдасың?

Мен осындамын, сенің қасыңда, тек мына есікті ашсаң болды!

Жо-жоқ, бұл жай қорқыныш болар, естіліп тұр ау шамасы, әзірейіл жанымды алар кездегі қорқыныш қой,-дейді құлағына сенбеген Мирас бетін шапалақпен ұрып-ұрып.

Мирас, мен Гүлхан

Жоқ, жоқ деймін,

Мен Гүлхан!

Жооооққ,-деді де қолында тұрған тапаншамен есікті атып атып тастады. Дауыс сәл саябырсығандай болды. Есікті ұрғылаған құбыжық қарақұрттар да үнсіз қалды.  Ақырын есікке таяу барып, тың тыңдамақ болып, есікке құлағын тақады. Тым-тырыс. Бір кезде, тарс етіп құлақ шекесін сызып өтіп, өрмекшінің аяғы есікті жарып жібердіде, ұзын аяғымен Мирастың мойнына орап, есікке тақап қысып тастады. Екінші, үшінші,төртінші аяқтары есіктің әрбір жерінен тесіліп шығып, Мирастың қолын, аяғын, денесін мығымдап байлап алды. Қыбыр ете алмай, байланып қалған Мирас тұншығып, барады. Бетінің көктамырлары едірейіп, көзі қызарып, қап-қара тамырлары жыбырлап, аяғынан бастап басына шейін қызартып барады. Көзінен жас емес қып-қызыл қан ақты. Құлағынан, мұрнынан да қан сорғалады. Есінен танып бара жатқандай...

Денесі тым мұздап, дір-дір етеді. Қайда жатқанын біле алмай жан жағына қарайды. Қап-қараңғы, өлі тыныштық. Көзіқараңғыға біраз үйреніскен кезде, қара қоңырланып айнала көріне бастағандай. Сипалап денесін ұстап көріп еді,ешбір лыпасыз жалаңаш жатыр екен. Тәжірибелік сарысудыішкеннен қалған үстіндегі еоқталардың үстіне жүн шығып кетіпті. Үстін ары бері сиапалап тағы көрді де, орнынан тұрмақ болды. Тұра алмады, аяғынан байланған жіп ұзын болып шұбатылып тұр. Жіп те месе, арқан да емес, жылан сияқты жабысққн сілекейлі бірдеңе. Бір жиырылып, бір ұзарады. Жауыннан кейін қара жерге щығатын шылаушынға ұқсайды. Бірақ тым үлкен. Тым ұзын. Басы не аяғы жоқ. Мирас әлгі құбыжықтардан қалай аман қалғанын түсіне алмай тұр. Түс пе еекен? Әлде, тозақтық болғаны ма екен. Сонша жаурап бара жатқаны несі? Құлағына әлдебір дауыстар келетін  секілді. Адамның ба әлде жануардың ба. Адам болса бұлай сөйлемеу керек, жандік не жануар болса олардың тілін  қалай түсінеді. Құлағына келген дауыстыр шыңылдап, құлақ қалқанын жарып бара жжатқандай. Зың-зың. Зың-зың. Ыс-ыс, шиқ-шиқ. Не дейді сонда? Мирас түсініп тұр ғой! Мирас әлгі сарысуды ішкен кезде-ақ, түсінді. Құлақ түрді де, түсінуге кірісті.

Патшайым, шағылысатын кез!

Жемтігім жоқ!

Ол келді ғой!

Дайын емес!

Ұрпақ керек!

Сендер барсыңдар!

Азайып кеттік!

Жетеміз

Патшайым!

Уақыт керек!

Аппақ қар кетпейді!

Әлем менікі!

Мирас бұл дауыстарды анық түсінсе де, байыбына бара алмай тұр.

Бұл қалай, не мағына?-дейді ойланып. Мирас ұзақ отырды. Аяғын ораған ұзын тірі сілекейлі арқан жыбырлап келе мұның аяғын босата, ақырын жылжып қараңғы бұрышқа кетіп жоқ болды. Жалаңаш денелі Мирас жан жағын зерттеді. Қараңғы болса да, көзі қызауратып көріп тұр. Айнала қызыл реңді болып сезіледі. Аяғын ораған сілекейлі басы не аяғы жоқ ұзын жыландар қаптап жүр екен. Бір-бірімен шатысып, оралып, ысылдап қабырғаларды жайлап алыпты. Есік жоқ, жан жағы тек ұзын жыландармен қоршалған екен. Шығар есік те тесік те жоғын көрді Мирас. Қолға алар бұйым да жоқ. Ақырын барып, әлгі жыбырлақ жыландардың бірін ұстап алып, тартып қалды. Сілекейі созылып, жерге түскен жыланның ұзындығын көре алмады. Шатысқан жыландармен қосылып кеткен, ұшы қиыры жоқ мыңдаған метрге созылған сияқты...

Мирастың денесіндегі түктер тіріліп, қимылдап, самал леп соққандай ары бері теңселетін  секілді. Өз денесіне әмірін жүргізе алмай тұр. Жүрегі лүп-лүп соғады. Біреуді ұнататын секілді. Ынтықтығы артып келеді. Бірақ кімге? Қараңғы тас қапаста қалып, кімді аңсап отыр?

Уууффф,-деп үфіледі, ұзын жыланшалардың біірін ұстап. Олардың қимылы, созылып аққан сілекейі, бір-біріне жанаса ары бері қимылдағандары Мирасқа ұнап барады. Ынтықтығын шақырып тұрған осылар секілді көрінді.

Неткен әдемі; иісі де керемет,-деді Мирас  былқылдақ дененің бірін ұстап. Ұзақ сипалады. Созылған сілекейін құмарта иіскеп қояды. Ынтықтығы өршіп бара жатыр. Шыдай алар емес. Ыңылдап, ахілейді. Мұрнына келген жағымды иіс басын айналдырып, есінен тандырып барады. Басын ұстап жерге жата қалды. Әдемі иіс тіпті мұрнының тұсынан келіп, Мирастың дені қозып, аласұрып барады. Тәтті иісті иіскелеп жатқанда, денесіне созылып келіп түскен бір денені байқады. Ештеме көре алмаса да әлгі иісті тарқатып отырған сол екенін сезді.

Кімсің?

Құтқарушыңмын!

Сенің даусың!

Гүлханмын ғой!

Мүмкін емес!

Сені қалаймын!

Менде! 

Екі дене аласұрып көкжалдар арпалысқандай құйындатып кетті. Тәтті иіске әбден тойған Мирас өз өзіне келе бастағандай болды. Денесі балқып, босағандай. Ерекше күшке еніп, шаршағаны, қорыққаны да басылды. Есін жиып атып тұрды. Сол жалаңаш күйде жатыр екен. Аяғына ұшы қиыры жоқ жыландар байлаулы.  Не болғанын түсінбей де қалды. Жан жағына қарап еді, жатқан жері әр түрлі әсем түстерге бөленіп, сілекейлі сұйықтықтар төгіліпті. Қатты терлеп кеткен сияқты...

 

 

                                                                       4 бөлім.

Туған күніңмен Айхан!

Туған күніңмен Гүлхан!

Ахахаха, туылған күнімізбен біздің,-деп екі егіз қыз бір-бірін құшақтап жатыр.

Арманың орындалсын, Айхан!

Орындалмайды ғой, Гүлхан!

Орындалады, шын тілесең. Арманың не айтшы, көмек беремін!

Ахахаха, қойшы, орындалмайды!

Айтшы енді,-деді Гүлхан тағы жалына, күлімсіреп.

Патшайым болу, әлемді басқару!

Ахахахха, патшайым, патшайым! Арманың асқақ екен! Орындалсын!,-деді Гүлхан мазақтай егізінің арқасын қағып. 

Бұл Айханның соңғы рет атап өткен туылған күні. Одан кейін Айхан қара жер қойнына тапсырылған...

Қарақұрттардың қоршауында қалған Гүлханның бойын ерекше жеңілдік биледі. Бәрі таныс, бәрі тың, айырықша ынтықтырады. Қарақұрттар жанына жақын бауыр еті Айдосына ұқсап, оларға қарап еміренеді. Аналық сезімі оянып бара жатқандай. Жайлап барып құбыжық қарақұрттың бірінің бүйіріндегі түк басқан аяғын ұстады, одан қала мүйіздері жыбырлап тұрған аузын ұстады. Еш жиіркеніш жоқ. Өз баласын құшақтағандай  еміреніп, иіскейді.

Мен патшайым ба? Сендер ше?,-деп тіл қатты Гүлхан жан-жағына қарап.

Жоқ, патшайым емес.

Онде кіммін?

Аналық патшайым. Жақында. Ол шаршады?,-дейді қарақұрттар ысылдап.

Кім, не? ,-деді Гүлхан таңдана.

Қарақұрттармен ілесіп Гүлхан келеді. Айнала тұманданғаны сонша, ештеңе көрінбейді. Тек жүріп келеді.

Келдің бе, сыңарым!,-деген Айханның дауысы Гүлханды селт еткізді.

Айхан, Айхан, қайдасың, -деді жүрегі жарылардай, не болғанның мәнісін түсінбей.

Осындамын!

Мен тозаққа тап болдым ба, бейішке ме? Сен қайдасың?

Мұндамын,-деді де Айханның дауысын салған ұзын денелі әйел патшайым Гүлханға жақындады. Гүлханның түсінен кетпейтін сол әйел қазір дәл алдында тұр екен. Басындағы тәж секілді жабысқан қарақұрттың көздері жанып, ары бері қимылдайды. аузынан шыққан ұзын тілі ары-бері сұмаңдап тұр. Бүйірлерінен тараған түкті аяқтары теңселіп, жерге тіреліп тұр.

Сен кімсің?

Мен қарақұрт патшайымы. Әлемнің патшайымы, Айханмын ғой.

Жо-жоооқ, менің Айханым бес жыл бұрын жер қойнына тапсырылған. Кіп-кішкентай қарақұрт шаққан.

Ахахаха, мен Айханмын, сенсең де сенбесең де? Айтпақшы, менің арманымды білуші едің ғой?,-деді қарақұрт әйел Гүлханға отты, қып -қызыл көздерін түйістіріп. Айханның патшайым болғым келеді деген қиялын тек Гүлхан ғана білетін. Бала қиял деп білген Гүлхан ол арманына мән бермеген-тін. Егер ол Айхан болмаса, екі егіздің арасында ғана болған бұл сырды қайдан біледі. Демек бұл Айхан өзі түсінде жиі көретін қарақұрт  патшайым болғаны ғой.

Менен не керек?

Ұрпақ өрбіту!

Қалайша?

Міне осыылай,-деп патшайым артқы жағында орналасқан шыны ыдысты көрсетті. Ол ыдысқа көзі түскен Гүлханның көзі шарасынан шыға жаздады.

Балам, менің балам! Мүмкін емес, Айдосым, жалғызым,-деп шыны ыдыстың ішінде қалқып жүрген балаға қарай жүгірді.

Болмайды, болмайды, сіңілім, ол ұрпақ,-деді Айхан патшайым ұзын түкті аяқтарымен Гүлханды итеріп.

Бұл қалай болғаны? Неге? Оның не жазығы бар?

Жазығы жоқ. Әкесінің кінәсі бар.

Жандос? Ол да енді жоқ қой!

Білем, менің жемтігім болған.

Ия, сол бір кезде өлген болу керек.

Бірақ бұл әлемнің не жазығы бар? Қай әлемге патшайым болдың? Неге әлемді жоқ еттіңдер?-дейді Гүлхан сұрақтың астына алып.

Адамдардың  арасында бақытты болдық па? Озбырлық, қатыгездік, кекшілдік, жемқорлық жайлаған әлемді айтасың ба? Ол кімге керек? Ешкімге. Енді қарақұрт дәуірі басталды. Ұрпақ жалғастыру ғана мақсат болмақ.

Махаббат, іңкәрлік, кішіпейілдік, адалдық ? оны қайда қоясың?,-деді Гүлхан.

Махаббат! Ахахха, махаббат. Махаббат жоқ. Етегіңді түріп, тұңғиығынды алған Жандос па? Мәңгілік бірге болғым келеді деген еді ғой! Ол қайда, сені қалай, қайда тастап кетті? Артына бұрылды ма? Жоқ! Махаббатты айтпа маған!

Оны сенің қарақұрттарың жеп қойды емес пе?

Жоқ, жоқ, жоқ Гүлханым. Ол сенен кеткен соң, менің шақыруымды қабыл алды. Менің иісіме мас болып, шыдай алмады. Маған ұрпақ көбейтуге ат салысты. Шаршады, терледі. Ыстық құшағы жабылмады.,-деді Айхан еш шіміркпестен.

Не деп тұрсың, Айхан. Бұның қалай, Жандос тірі ме?

Жооқ, қарақұрттардың патшайымы шағылысып болған соң өз аталығын жеп қоятынын білемісің?

Сонда, сонда...

Дәл солай!....

Мүмкін емес, Айхан, негге олай еттің?-дп Гүлхан жерге отыра қалып көз жасын төкті.

Енді патшайым сенсің, қабыл ал!,-деді қарақұрттар патшайымы Айхан.

Мен адаммын!

Енді адам емессің!

Қалай?

Сен жасаған тәжірибе есіңде болар. Қарақұрттарды жойып жіберетін қасиет ойлап таптың. Айдосыңның жоғалуы, шыеы ыдыстағы өрмекшінің жоғалуы, бекер емес. Оларды мен алып кеткем. Және сен ішкен сарысу менің тәжірибем. Менің уым. Менің нәрім. Енді сен біздің қатарымыздасың. Енді сен патшайымсың. Мен ұрпақ жалғастыра алмаймын. Бас аналық - Гүлхан...сенсің! ...

 

 

                                                                                  5 бөлім.

 Мирастың жыландардың арасында жатқанына бірталай уақыт болғаны анық. Әрбір тәтті иіс келіп, Мирас аласұрған сайын Гүлхан келіп, екеуі арпалысып, терлеп, шаршап алады. Терең ұйқыға кетіп қалған Мирас оянғанда Гүлханды таппайды. Тек оның даусын естіп, денесіне тиген әйел құшағына кіреді де еш нәрсені білмей, жаны шығардай арпалысады. Бірнеше рет қайталанды. Әр келіп кеткен сайын, әр жері тілініп, бет аузында жара пайда болады. Онысы тызылдап, қанап, ісініп кетсе де,денесін балқытар жан келген кезде бар ауруын ұмытып, әсем дауыс пен  тәтті иіске құмартып, ләззатқа мас болады. Қараңғы кезде келіп кететін бұл ару ма әлде расында Гүлхан ба, мұны біле алмай әлек. Ол жоқ кезде көзі әжептеуір маңайын қызыл реңмен көреді. Жыбырлап, сілекейленген жыландардың ортасында жатқанын түсінеді. Тек жалаңаш жатады. Мұзда, қарын ашу деген жоқ. Қазіргі жағдайда Мирастың бар есіл дерті шағылысу болып тұр. Асыға бейтаныс аруды күтеді...

Еденде етпетінен жатқан Мирас тәтті ұйқыдан тұрып, бойы жеңілдеп қалғанын тағы сезді. Айналасы тағы әртүрлі түске боялып, арпалысқаннын ізі көрінеді. Ақырын жерде жатқан қоймалжың сұйықтықты қолына алып, иіскеп көрді. Иісі тым ерекше, нәзік. Дәмін татып та көрді, еш дәмі жоқ су секілді екен. Бірақ, құмарыңды ашады. Жерге шырт түкірді. Есіне Гүлханның жасаған тәжірибелік суы түсті.

Әлем, әлемді кім құтқарады? ,-деді орнынан атып тұра, аяғына оралып жатқан жыланды сілкіп. Жыландар шұбатылып, босатар емес.

Кет, кет деймін, мақұлық, -деп екінші аяғымен мыжғылағандай болды. Еш нәтиже жоқ. Оралған жыландар жүргізбейді. Қабырғалардың бәрі жыландармен торланған. Шығар есік жоқ. Тар қапаста қамалып отырған Мирас ұзақ тыныс алды да, ысылдаған дауыстарға құлақ түрді.

Шамам келмей жатыр!,-дейді Гүлханның даусын салған нәзік үн.

Ұрпақ керек, азайып барамыз!,-дейді ысылдаған үн

Әлі бес ай уақытым бар!

Болмайды. 

Сөздер мәнісін тағы түсіне алмады.

Гүлхан,Гүлхан қазір келмесең, мені бұдан былай көрмейсің. Көзіме көрініңдер. Мен бәрін естіп тұрмын,-деп айғайлады зор даусымен Мирас. Айнала бір сәтке тынышталып, жыбырлап қыбырлаған жыландар да қатып қалды. Танауына тәтті иіс келе бастады. Қаны басына шауып бара жатқанын сезген Мирас мұрнын қолымен жауып алды да, аузын ашып тынысын шығарды. Құлағына Гүлханның нәзік сыңғырлаған даусы жақыннан естілген сайын, дәл алдында тұрғандай көрінді.

Келдің бе, Гүлхан!

Келдім,-деді нәзік ысылдаған үн.

Қайдасың?

Осында!

Көрмей тұрмын!

Мұндамын,-деген дауыспен бірге денесіне жанасқан жұмсақ сүйір қолдарды байқады. Бір қолымен мұрнын басып тұрып, екінші қолымен қыз денесін сипалайды. Екі анары томпиып жалаңаштанып тұрғанымен, бөкселерін түк басып,арқасынан сүйірленіп шыққан, қыбырлаған ұзын аяқтарын сезді. Бөксесінен төмен қарай жалаңаш сандары түп түзу оқтай назданып тұр. Қап-қара толқынды шаштары аш беліне түсіп, басындағы көздері оттай жанған қарақұртқа ұқсас тәжді көрді. Аппақ төсі мен сазандай сандары қып-қызыл ноқаттармен көмкерілген екен. Ұзын сүйір саусақтарымен Мирастың мойнына асылып, ұзын сұмаңдаған тілімен оның бет аузын жалап өтті.

Мен сұлумын ба, Мирасым?,-деді құбыжық ару нәзік үнмен Мирастың құлағына сыбырлай. Абайсызда аузына сөз түспей, қорыққан Мирас арудың құшағында тұрып қалды. Мұрнын көлегейлеген қолын алса, ынтықтығы басына шауып, тағы шағылысып кететіні анық еді. Құмарлығы шегіне жетіп, шыдамай бара жатса да, өз-өзін әрең ұстап тұр.

Мен сұлумын ба?,-деді тағы

Иииә, сұлусың!

Онда неге көзіме қарамайсың?

Мирас аруға тіктеп қарады. Оның бет жүзін анық көрді. Көздері шоқтай, қып қызыл екен.  Алма беті күрең тартқан қызыл ноқаттардан көрінбейді. Қап-қара қасы қиылып, ұзын кірпіктері бір-бірімен айқасады. Дір-дір еткен алшадай қызыл ерні мен ұзын сүйірленген азу тістерінің арасынан қарлығаштың айыр құйрығындай ұзын тілі сұмаңдайды.

Расында Гүлханбысын?,-деді Мирас бұл құбыжық аруды Гүлханға ұқсатып.

Патшайыммын. Қарақұрт патшайымы.

Мүмкін емес!

Мүмкін,-деді де патшайым Мирастың мұрнын жауып тұрған қолын арқасындағы өрмекші аяғымен орап алып, тартып жіберді. Мирастың танауына шағылысқысы келетін иіс тағы келді. Құмартып, арудың қос анарын ұстамақ болды да, қайта есін жиып, мұрнын қалқалай қалды.

Мені қалайсың ғой, Мирасым.

Жоқ, сен адам емессің?

Ия қарақұрт патшайымы, сен патшайымның аталығысың.

Неге? Мен сендерге не берем?

Ұрпақ?

Қандай ұрпақ?

Мыңдаған қарақұрттар. Адам мен қарақұрттардың гибридін бересің;-деді Гүлхан Мирастың мойнына тағы асыла.  Мирас енді құлыққа көшкендей болды.

Неткен сұлусың! Адам мен қарақұрттың гибриді бұлай сұлу боларын білмеппін.

Рас па?

Рас.

Патшайым қуанып, арқасындағы өрмекші аяқтарын ары-бері теңселтіп, күлімсіреді.

Екеуміз әлемді басқарамыз, қазіргі қарақұрттарым саналы болып барады. Менен тараған ұрпақ саналы адам секілді ойлайды. Түсінемісің? Ұрпағымыз көп таралады,-деді патшайым қуаныштан жарылардай.

Иә, иә, мен тек сенікі боламын. Әлем біздікі!,-деді мұрнын қолымен көмкерген күйі Мирас екінші қолын арудың мойнына асып. Мирас пен патшайым ұзақ құшақтасып, аймаласты.

Есіңде ме, сен тәжірибе жасап, оның сырын ешкімге айтпадың. Неге олай еттің. Енді ол сарысудың керегі де жоқ. Адам мен қарақұрттың гибрид әлемді билесе, маған сырыңды айтшы. Өз аталығыңа айтарсың?,-деді Мирас біраз арудың артқы аяқтарын аймалап, сипап қойғаннан кейін, қап-қара толқые шаштарын ұстап.

Сол ма білгің келгені? Артық ештеме жоқ, өзіңе айтқан химяилық қоспалардың қосындысынан кейін, бір ғана қоспа керек. Ол қоспаны ешкімге айтқан емеспін.

Сонда не болды ол, айтшы жаным?

Мирасжан, оны қойшы, алшы қолыңды танауыңнан, айтамын, тек қазір емес,-деді де құбыжық ару Мирастың қолын қағып түсіріп, ерніне жармасты. Көкжалдар арпалысы басталып кетті...

Мен «қара жесір» атанғым келмейді,-деді ару қыз Мирастың құшағынан сытылып шыға.

Аналықтың уы, аталықтан есе көп. Аталықтың адамдарға шамасы келмейді. Бірақ аналық шақса, адам өліп кетеді.

Маған сырыңды айтшы, қоспалардың соңғысы не?

Мирас, неге түсінбейсің, мені мақсатым ұрпақ өрбіту. Ол үшін сенімен шағылысқаннан кейін сеніңжаның шығып кетуі керек. Бірақ олай болмай жатыр. Менде де ұрпақ болмай тұр. Патшалық ордасындағы қарақұрттарым менің ұрпақ әкелмей жатқаныма ашулы болып жатыр. Аз уақыт қалды, болмаса басқа патшайым сайланбақ!,-деп патшайым, теріс қарап, қабырғадағы шұбатылған жыландарды сипалады.

Гүлхан, сонда мен өлуім керек пе?

Ия, бірақ ұрпақ қалдырған жағдайда ғана сен өле аласың. Сенің тірі тұрғаныңа қарағанда, ұрпағыңды маған бере алмай жатырсың. Қарақұрттардың ашуы осыда. Мен сені қимаймын.

Бірақ күнде келіп...

Болмай жатыр

Сонда қалай?

Сен қарақұрт патшайымының адамдардан алған соңғы аталығысың. Осыдан кейін ұрпақ шықса, адам мен қарақұрттардың гибриді саналы адамға ұқсап, тіршілік ететін болады. Сол ұрпақтардан аталықты ала береміз. Маған ұрпақ керек,-деді Гүлхан мұңайып, артқы өрмекші аяқтарына сүйене қалып.

Мен не істеуім керек?

Аналық бір қарақұрт бар. Әзірге адамға ұқсамайды. Сонымен шағылыссаң?

Бір шартым бар, маған қоспаның соңғысн айтасың!,-деді өрмекшімен шағылысуды ойлап жиіркеніп кеткен Мирас.

Әрине, тек қарақұрт келсін...

Аяқтарымен тез жүріп жеткен қарақұрттың түрі сұсты еді. Тым ірі, құбыжық. Адамға келмегенмен, құрсақ жағы адамның екі аяғыны келеді. Ұрғашы секілді. Жыландар қоршаған ортада ұрғашы қарақұртпен жалғыз қалған Мирастың мұрнына сол иіс тағы келді...

Мирас ыңырсына оянды. Әлсіз. Денесі қимылға көнбейтін секілді. Тәні сыздап ауырып барады. Тұрайын десе басы айналып, қайта жатып қалды.

Не болып кетті? Гүлхан? Бармысың?,-деді ыңырсына сыбырлап

Бармын, мұндамын,-деді Гүлхан.

Көрмей тұрмын.

Мирас шалқалай жатқан күйде басын оңға, солға бұрды. Шұбатылған жыландар көрінбейді. Қабырғалар бос, кірпіштен соғылған секілді. Аяғын байлаған жыландар да жоқ. Басы сынып барады, тым әлсіреп, жүрегі айнып, құсып жіберді. Бірнеше күннен бері аузына нәр алмаса да, қайдан келгені белгісіз, лоқсығанда аузынан сұйық сілекейлермен бірге миллиондаған уылдырықтар түсті. Қақалып, шашалып, одан сайын лоқсып, орнынан атып тұрды. Аяқ жағында Гүлхан отыр екен. Әсем күлкісі ойнақшып, сүйір аппақ тістері көрінеді. Арқасындағы түкті аяқтарын ары бері серпіп, миына жабысып тұрған қарақұртқа су беріп қояды.

Ояндың ба?,-деді оның жанына ақырын жылжып келе,

Болды!,-деді.

Не болды, Гүлхан?

Ұрпақ қалатын болды!

Қалайша?,-деді Мирас таңқала. Гүлхан тек мәз болып жымиып қана тұр.

Онда, маған уаделескенімізді айтарсың?

Ахахаха,-дейдіқарқылдай күліп Гүлхан, Мирасқа жалт қарады.

Мирасжан-ау, мені ақымақ көре дедің бе? Мен сенің ойыңды оқимын ғой. Мен патшайым, аталығын жемтік ететін жәндіктің патшайымы.

Түсінбедім, екеуміз әлемді басқарамыз дегенің қайда? Саған мендей аталық керек қой. Аталықсыз ұрпақ өрбімейді емес пе?

Мирасжан, қазір ғана лоқсып шығарған уылдырықтардың саны миллиардтан асады. Мен оны өзіме ас етемін. Әрқайсысын бір-бірден жеген сайын, менің құрсағымды адам мен қарақұрттың қосындысынан туылған нәресте пайда болады. Енді сенің аталық ретінде рөлің аяқталды. Сен қазір әлсіреп тұрсың, бірер сағатта жан тәсілім етесің. Бұл табиғат заңы.

Жоқ, бұл жолы емес,-деді де Мирас орнынан түре келе жерде шашылған жұмыртқаларды мыжып, мыжып тастады. Ұрпағына қарай жан ұшыра патшайым жүгіріп келді. Қап-қара шаштарын ұстап алған Мирас патшайымды ары-бері жұлқылап итеріп жіберді. Ашуға бұлыққан құбыжық ару арқасындағы аяқтарымен Мирасқа шабуыл жасады. Найзасын атып ұрғандай, әр атқан сайын, Мирас сытылып шығып, тигізбей жатыр. Ащы дауыспен айғайлап, аузынан сілекейлі уын шашып жіберді. Мирас сонда да тигізбей, құтылып кетті. Мирас  жүгіріп келіп арудың арқасына жабысты да түкті аяқтардың екеуін сындырып тастады. Бір кезде мұрнына әлгі иіс келе бастады да, Мирас тұрған орынан тәлтіректеп, көз алдына ару Гүлхан елестеп тұрып қалды. Мирасқа жақындап келген құбыжық қыз оны ұзын аяқтарымен ұстап алып төбеге көтерді де, лақтырып жіберді. Ыңырсып, есін жиа алмай Мирас біраз дөңбекшіді. Патшайым тағы жақындап келіп, сәл иіліп, ұзын тілімен Мирастың қан болған бетін сипап өтті де

Табиғат заңы, ұрпақ керек,-деді.

Бұл жолы емес,-деген Мирас орнынан атып тұра, қолына түскен патшайымның сынып қалған аяқтарының бірін алып патшайымның құрсағынасұғып алды.

Жооқ, Мирасжан.

Ия, патшайым. Соңғы қоспаны айтадың ғой?

Ол, ол, ссссууу,-деді де патшайым жерге құлап түсті.

Су, жай ғана су дейсің бе? Мүмкін емес!,-деп таңырқап тұрған Мирас, оны айнала қоршап алған құбыжықтарды байқамады да...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған