Адам қарады: 7218 | Жарияланды: 2018-03-28 12:12:49

Сен жайлы

Өкінішпен өрілген тағдырымда

Ойды зарға көмдіріп,жанды мұңға

Мен өмірге келгенмін есіміңді

Бұл әлемге өлең қып қалдыруға

 

Себебі, сен күн едің,көктем едің

Көңілімді көтерген көкке менің

Менің қатем екен-ау сені сүйіп,

Ал өзімді сүйікті етпегенім

 

Несіне енді бұлай деп ақталамын

Көздеріңнен күнәсіз бақ табамын

Сені қалай жырлаудың керектігін

Мен ешкімнің жырынан жаттамадым

 

Оны маған үйреткен өзің ғана

Сенім-қайғы,көңіл-мұң,сезім-нала

Енді менде қалғаны үміт қана

Енді маған керегі төзім ғана

 

Шаттығымды шарасыз кез ұрлайды

Өзіңді әйгі қыламын,сезімді әйгі

Ғашықтардың гимні боп жер бетінде

Бір ұлы өлең қалады өзің жайлы

Қазақ тілінде жазылған