Адам қарады: 35 | Жарияланды: 2018-04-17 16:19:21

Қасиетті қайың

аңыз-ертегі

Бірінші бөлім

Ерте, ерте, ертеде өткен заманда,
Көп нәрсе өткен беймәлім бұл адамға,
Көктем келді, май туды да жер жүзі,
Жап-жасыл боп гүлденген ед табанда.

Бұл дүниеде хан өтіпті Бек деген,
Кешкен ғұмыр қызық болды көппенен.
Бір басына артқанымен дәулеті
Жалғыз перзент қыйнап болды жетпеген.

Алған әйел гареміне сыймады,
Оттай үміт хан көңілін қыймады.
Күн соңынан күндер өтті қаншама,
Желге ұшып уақыт пен бар шара.

Бір күні ол бас уәзірі Мұхитті,
Бір білгірге бірге ертіп келгенді,
Амал қанша айтқан сөзге күмәнсіз
Байғұс патша бар ынтамен сенгенді...

Білгір айтты;
гареміңдде бір қыз бар
Маңдайыңа бақыт болып туылған
Бірақ оның әкесі бар қарақшы,
Пәтуәға келе бермес жуырман.

Той біткен соң, ол келеді еліңе
Сынға алады күйеу бала сені де
Жоқты сұрар,сұрағанын бер оаған
Ол адал дос,әділ жауың сен оған!

 

Жолай патша сан арманға берілді
Көңіл тыншып, мақсатына сенімді
Бірақ,айтұан уәзірдің уәжі 
адастырып, бәрі күмән көрінді...

Уәзір айтты;
О, хан ием, дос жылатып айтады,
Жау күлдірер іштей қозып сайтаны.
Білгір айтқан сөздерге еш сене алмай
Келе жатырм өз өзіме келе алмай

Мен пақырың ақыл айтар кім едім,
Бірақ сізбен бірге соғад жүрегім.
қарақшының қаны бұзық қашанда,
Шеше орнын алмастырсаң білерім
Ақ сүйектен ана тауып балаңа,
өз парқыңды осылайша бағала...

 

Орда есігі ашылды да қыз кірді,
Аққу мойын, нәзік бойы сызылды,
Адам емес, пері сынды сияқты,
Патшамыздың түр әлпеті құбылды...

Хан ішінен

сені қалай көрмегем,
Көрігіңнен қайтіп қалдым кенде мен?!
Сені туған айналайын анаңнан,
Адам емес, перизаттан жаралған?!

Содан соң
Бақытымнан кенде еткен де Құдайым
Жарым болшы, айқаныңды қылайын.
Дүниенің бар аслын алдыңа
Тарту етейін, ең бақытты жан қыла 

Хош, сонымен күн соңынан күн өтті,
Көптен күткен хан басына күн жетті.
Алла берген перзентін ол Хақнұр деп,
Тебірентер той жасады жүректі.


30 күн ойын, 40 күн тойын жасады,
Кңііл шіркін арнасынан тасады.
Дегенмен хан білгір айтқан атасын
Дайындалып іштей ғана тосады

Дарбазасы кең ашылып сарайдың
Орындалды күтіп жүрген талай күн
40 салт атты еріп келіп соңынан
Меймандықты бұйырды алла алайда

3 күн жатып кетем деді қонағы,
Хан дайын ед, естімекке талабын

Зәңгүр айтты;
қасиетті сан 7-ке жұгініп,
Мен сұрайын, сен сөзімнің түбін ұқ!
Жеті қару, жеті қара, ол балаң
Жеті жасқа келген кезде бер маған!...

Осынау сөз осып өтті ашуды, 
Ашу деген білмес керек тосуды...
"Ей, қарақшы сыйлағанды білмесең,
Тым болмаса қояр болар бөсуді"...

Қарақшының тәрбиесін алардай,
Менің балам жан отыр ма бағалмай.

Бірақ, Зәңгүр артыз  сөзге бармады,
Сұрағаннын бірін кері алмады...

Есігінен аттай беріп патшаның
Соңғы сөзін тек шегелеп қалғаны;

Уа, патша берген күні үшеуін,
Біз ашармыз араздықтың кісенін.
Бірақ, сол күн кеш бола ма деп қорқам,
Үміт үзбей сол бір күнді күтемін...

 


Зәңгүр шықты, Мұхит кірді соңынан,
Күні туып әзізілдің оңынан
Жайлап қана патшамызға таяу кеп,
Мүсәпір хәл, бет-жүзінде аяу көп

Айттым сізге осылай деп, баяғы,
Айтқанымдай болып шықты аяғы.
Еркежанның бауырына сал оны,
Ол хан қызы, анасы деп қал оны..

Дегені сол еді ақымақ  патша, құлдарына бүгіннен қалдырмай Бибіні жоқ қылуларын бұйырды, қызға берген тау-тау уәде, алға қойған мақсат пен асқақ арман әдірам боп,  ол сол күннен бастап қазақ даласын билейтін Мансұр пашаның қызы Еркежанды ұлына ана етіп қабылдады...


Екінші жыр

Біреуге кем, біреуге кең дүние

Көз тастаймын кейде өзіңе сүйіне
Іштен тынып, кек ойлайтын дұшпандар,
Ұқсайтындай бүріп алар бүйіге.

Кәрі есірсе аұқырзаман орнады,
Жас есірсе, мынау жұртым сорлады
Жарлы есірсе, бір Алласын қорлады,
Хан есірсе сұрапылдың болғаны....

Бір күндері Бек жорыққа аттаны,
Бұзамын деп дұшпан қойған қапталды
Солтүстікке бет алған бұл сан мың қол
Шоғырланып бір жерге кеп топталды...

Ақ шатырды тізіп қойып түгелі,
Дереу ара ас қамына кіреді..
Сол бір күні патша кімнің кімдігін,
Абайсызда біледі....

Бүкіл әіскер әбден тынығып, мәре -сәре әң
гімелер айтып , ұйқыға жатарды ойлап жан жақтарын бекіте сақшыларын қойғаннан соң, айнала тып-тыныш мүлги қалды. 
Бектің көңілі өз өзінен алабұртып, көз ілінер емес.
Осынау өлі тыныштықты сыбдыр еткен әлде бір дыбыс елең еткізді.Анау көлеңкеде тұрған бәз біреулерді күбір сыбырына куә болды.
Мұхит айтты

Келісілген күні бұрын бұл соғыс,
Кімге керек өзің айтшы қан төгіс?
Әлгі ақымақ әйелінен айырдым,
Ендігі ұлын жоқ қылуға дайынмын..

Өз заңымды орнатамын әманда
Аман-есен ора алсам сарайға,
Жау жағына тастаған соң кепілдік,
Дегеніме мен жетемін қалайда...


Патша келіп орнына енді жайғасты,
Сана дал-дал бойын бітпес ой басты
Неге, неге, қай бір күні, қай жерде
Құрғыр ойым орны толмай алжасты?

Ол өзінен көп нәрсені сұрады,
Жауабы жоқ, қаптап кетті сұрағы
Не істей алмақ, жар астынан жау шықты,
Сыналмақ па, осы жолы шыдамы?.

Оның мазасызданып, әрі дөңбекшіп, бері дөңбекшігенінен қасындағы бір жігіт оянып кетеді де

О, хан ием! неге сонша қиналдың,
Көкірекке сыймады ма жиған мұң?!
Басыңызға түскен болса бір қайғы...

болмайды, деді патша
өз алдымда не боларын білмедім,
Бір мехнатқа айналардай күндерім,
өзегімді тепкілейді өкініш,

\Енді маған шынымды айтсам бәрібір
Көмектесші Хақнұрымның халін біл!
Зәңгүр деген қарақшыны тап балам,
Одан басқа көмек болар жоқ маған.

Таң атысы жорыққа әскер аттанды,
қыр астынан жау әскері тап болды
Айқыш-ұйқыш айқас кетті басталып,
Аспанымнан қан аралас жас тамып.

Соғыс осы күйреу-түйреу азабы
Маңдайыңа бес батпан сор жазады.
өкініші Мұхиддиннің сол күні
Орындалды бүкіл қойған талабы.

Бәрі бітті, бітті соғыс, бітті шу
құзғын үшін өлексені шұқысу
Достық десед, ашқарақ бір нәпсімен 
өз жемтігін түбегейлі құртысу.

Бекті салып темір құлып торына
Жау әскері сайланады жолына
Жаралы хан, жаны тәні жаралы
Айқай салды М ұхиддиннің соңынан;

Ей, Мұхиддин иттігіңді жасадың,
Бишаралық кейібіңде тосамын.
Сол күн жетер, тірі болсам көрермін,
Сол бір күні сыбағаңды берермін.

Мқхит болса сақ-сақ етіп күлгенді
Атын теуіп бұрылмастан жүргенді
өйткені ол патшамыздың жақында
өз еліне оралмасын білгенді...


Үшінші жыр

Алла пана, қиналғанда сол пана
Түзу жолды көрсететін сол ғана
Пендең үшін бес күндік бұл фәниің
Сол алладан берілетін жолдама.

Бибі болса бұйрығымен патшаның,
Тасталған ед адам баспас аралға.
Түні ызғарлы, күні аптап далбаса,
Пенде жаны тіршілікке жарар ма?

Шөл де қысты, қарын ашты, шаршады,
Ол жоғалтты төзім менен мұршаны
Табан тілген қатты тастар қарулы,
өңін қойды жаман түске жоруды...
Әрі сандалып, бері сандалып  жүрген Бибі кенет аяғының астындағы бір дөңкейген қырлы тасты итеріп жіберіп, түпсіз апанға түсіп кетеді. Апан іші қап-қараңғы. Бұның түскенін күткендей айналасынан түрлі түсті шамдар жарқырап шыға келеді де, сол апаннан көзге көрінбес бір зор дауыс шықты

қорқпа қалқам, жақсылықтан түңілме
әз Хизрустың еліндесін бүгінде
Бұл мекенде елес, сағым, жаңғырық,
Мүлгіп жүред, көз алдңда мәңгілік.
Саған олар пана болад аманда,
қош келдің сен, сыйқырлы бұл аралға.

Бұл не өзі, ол ойнан жаңылды,
Ол бәрінен өз баласын сағынды,
Екі көзден моншақтады мөлтек жас,
Омыраудан ана сүті ағылды...

Осы сәтте бір құдірет басталып,
Ана сүтті ағып жатты тас жарып.
Сұп-сұр әлем жылуы жоқ дүние,
Мейіріммен жауап қатты қасқайып.

Гұлге оранған өзгеше аймақ әрленіп,
Көбелектер қанат қаққан сәнденіп.
Ағаштарда ойнақтайды тиіндар,
Жан-жануар айналаға мән беріп...

Жасыл әлем, мәуелі ағаш жемісі,
Деп тұрғандай басын иіп, "сен үшін!"
құстар шулап, мұхит тулап, таң ата
ұйқысынан Бибі оянды еріксіз...


Ал, айтайын ханзадамыз не болды,
Сол бір күні ол сарайдан жоғалды.
Мінгестіріп жеткетеген атына,
Жігіт келед қарайламай артына.

Бірде үміт, бірде күдік алмасып,
Ол келеді бір сенімге жармасып
Зәңгүрді іздеп көп жүрдіме кім білсін
Арып шаршап шалдыққандай жүргіншім...

Иен дала, орман мен көл, қала бар,
Санасында жалғыз ғана бала бар,
Бір жерге кеп сорлы жігіт жығылды,
Көз алдына елестеп тек молалар...


Жау келеді арбалары сартылдап,
Маңдайында бақ жұлдызы жарқылдап,
Тәні сыздап темір торда еріксіз
Бек келеді, ашу буып қалтылдап.

Жарасынан қан сорғалап, көзі қарауытқан патша күннің шыжи ысығанын көтере алмай есінен танып қалады. Біраздан соң қасында отырған шошаө бөрік киген біреуді байқайды. Сөйтсе ол да өзі сияқты тұтқындағы емші екен. Ол бұның сандырақтап жатып айтқан әңгімелеріне еріксіз куә болғандығын айтады. 
"Жақында жау әскері тағы да бір жерге тоқтар, сол кезде сізді мына жерден қалайда құашырамын" - деп, уәде берген ол, ханға үміт ұшқынын сыйлап кетеді.

Төртінші жыр

өмір жалған, жалған елес тәрізді,
Адамдардыің болсын десең жаны ізгі
Ең бірінші қызғанышһтан  аулақ бол,
Ізгілікке апаратын саңылақжол 

Мұхит болса ордасына оралған,

Ісіп- кеуіп, қабақ қатып қабарған
өзі қожа, өзі құдай,өзі би
Бұрынғышақорқу үрку жоғалған...

Күнде думан, арақ-шарап бітпес той
Шегірткеше қарекетсіз сүрмек ой
Әнші-биші дөңгелеенген қасында
Сайрандаған бақыт құсы басында

Ел жағына көңілін де бөлмеді
Оларды ойлапқиналғысы келмеді
Бар болғаны салықты алып көбейтті
Бермегенді соғып қалып сілейтті

Ел қорғансыз кетіп болды құрдымға
Келешегі айналды әбден бұддырға
Осыдан соң бұл шаһарды мынау ел
Атап кеткенг Бұқтырма деп, Бұқтырға

Уәзірлер не бітірсін тындырма
Олар басқан түлкі бұлаң, жылдымға
Ханды мақтап жыр айтады ділмәрләр
хан көңілін тауып болды құлдар да

Мұхит әбден хан баласын іздетті
Іздеп жүріп сынаптайын күн де өтті
Үшті күйлі жоғ,алған соң амалсыз
Доғарған ед енді қайтып білмекті...

 

Жігіт бір кез көзінашып оянды,
Жарық сәуле, бір қорқыныш бойды алды
Ажал құшып кеткен екем деді іштей

Ақ сақалды жебірейіл таянды

Жөніңді айт, қайда бара жатырсың?
Деді жігіт;
ата-анамды шақырсын
олар өлген арманым бар бір көру
өмірде олар болған еді ақылшым
Тағдыр маған ұзақ ғұмыр жазбаса
Ханзаданы жеткізуді жазсса ше.
Қазір онда Зәңгүрді де табар ем
Бір секундке бқыттырақ болар ем
Осы сөзден соң, әлгі ақсақал жөн жапсарды сұрастыра келіп, ат үстіндегі өз інің жиені Хақнұр екенін біліп, құшағына басты.

Бибі болса аралына байырғы
Отырғызды қасиетті қайыңды
Сырласатын жаны болды жас қайың
Бір сәт болсын ұмытуға уайымды

Бибі айтады;
Қайың, қайың, жас қайың
Бір күнімді бастайын
Бір күн өтсе үмітпен
Келесі таңды бастайын

Қайғымды жерге тастайын
Бекерден бекер саспайын
Жан жарым келер көңілім
қобалжымасыншы бос қайың

Ұлымның қайда екенін
Білетін күнім туар ма?
Менен де берші бір белгі,
Қалайда жаным соларға!

Осы жырды жырлаған сайын осынау аралдан қоскөгершін ұшып шығып бүкіл әлемді кезіп кететін......, Олар тыныстауға қонған әр жерге ал-қызыл түсті жас қайыңдар самсап шыға береті
 


Бесінші жыр

Байлық десең машақаты көп оның
Бәрі қайғы, ішкенің мен жегенің
Мансап десең алғысы емес, қарғысы көп
Ол да өзіңді азаптадым дегенің

Соныменен Бекке де кеп таядық
Хикаяны кеңнен бір жаялық
Қаштырам деп оны қырғыз жігіті
Оянған ед хан иемнің үміті

Түн. Айнала тым-тырыс. Ангда санда шегірткенің шырылы мен ормандағы үкінің гу-гу деп шығарған дауысы жетед құлаққа. Жау әскері тыныстайтын жерлерін белгілеп, ұйқыға жатқан. Осы сәтті күткен қырғыз жігіті Бекті соңынан ерте жөнелді. Шеткеірек шыққандары сол еді, аттандаған дауыстан екеуі де қалтиып тұрып қалды. Таң атысы ол жігітті жарға тартты. Бекті дүренің асиына алып темір торға қайта тыққан..

Желдей есіп дауыл күндер өтеді
Әз Зәңгүрге кәрілік те жетеді
Мынау аймақ, мыңғыра көшкен малы бар
9 жылда пайда болған деседі...

Әз Зәңгүрдің оң қолы бар-Төреғұл
Төреғұлды айтарсың шын жебе бір
Соның ұлы Темір өсті Хақнұрмен
қос егіздей айырылмас бейнебір

Осы күнде жеті өнерге телінген
Хақнұр оқшау көрінеді өзгеден
Ән менен күй, қарулардыың шебер
Зәңгүр оған көп пайдасын береді

Әрі сұлу, әрі кербез,әрі ер
Адам емес алла берген жәдігер
О л Зәңгүрдің үмітіне айналды
Содан болар шал көңілі жайланды

Хақнұрға кеп, бір күн Темір бүй деді

Талай жерде Бұқтыр деген ел бар десед
Біздейлерге сол жерде төр бар десед
Сол елдің патшасының қызы бар дейд
Айдай ашық нұр төккен жүзі бар дейд

Сол бір қыз көптен бері жар іздейді
ұш сынақ өте алмасаң тағы іздейді
Хақнұр біз барсақ соның сарайына
Ол мүмкін келіп қалар орайыңа

3 ай,3 күн жол жүріп жетті олар
Сол жерге сынақ болған талайына
Осы елге жетісімен Ханзаданың
Біртіндеп оралады бәрі ойына

Күнменен мұнарасы шағылысқан
Сол аймақ, ойын қуып жаңылысқан
Сол гүлза, сол бір бақ, биік дуал
Еріксіз көзінде жас сағыныштан

Кезеектері жеткен күні бір топ жігіттердің қатарынан бұлар да табылды. Жамал Мұхиддиннің туған қызы еместін, ол Мұхиддиннің ағасы Сәмиддиннен қалған жалғыз көз ед. Бала жастан ел жұрттан ағасының қулық сұмдықтары эжайлы көп еститін. Және да бұрынғы ханның не өлі, не тірі екендігін білуі үшін ол жұмбақ жасыратын. Алдыңғы екі сынақтың бірі белдесу, екіншісі жамбыны дәлдеп ату болса үшіншісін де қыз жігіттің алдына үш табаққа бөлек бөлек салынған сынық қайрақ, сынық пышақ, сынық жүзік алдыртады.
Оны көрген жігіт;

Сынық пышақ өте алсын ба, қыны жоқ
Қыны жоқтың шыдай алмас жүзі көп
Өтпес пышақ қол кесер дейді, амал не
Тірі жүрміз көп адамның бірі боп

Сынық қайрақ ол жоғалтты бар құнын
Ол сақтамақ әркез ішке жарқылын
Пышақ қайрақ бір юолимаса бос болар
Керексіз боп күресімге тасталар

Сынық жүзік жалғанар ма кім білсін,
Іздеп келем осылардан бір қисын...
дегенді айтып, ол үшеуін де табаққа қайтара салып үстінен үш уыс топырақ салады. Бұл да бір мұқалған жігер мен шаншылған қайраттың белгісі еді


Бір күні Зәңгүр Хақнұрға бір сыр айтты
Жамал жайлы естіген болар сияқты
Деді, балам бермен қара, ақыл ал
Бала естуге әңгімесін құмартты

Шал сөйледді, сөйлеуге бар себебі
Немереге болып қалар керегі
Тыңда балам, артық болмас бұл сһөзім
Көп нәрсенің өзіндік бар себебі

40 жыл бұрын әкем менің хан болған
Жомарт жанды, салиқалы жан болған
Баласы едім, қарасы едім көзінің
Балғын көңілім дала кезіп сандалған.
Қай жерде той, сол бір жерден табылдым

Сауық іздеп, сайран қуып қағындым
Сөйтіп жүріп аңға шықтық бір күні
Ауламаққа тау басына бұғыны

Сол бір күні қиқу салып есірдік
Сай даланы достарменен көшірдік
Дәл сол күні бағыма емес, сорыма
Айғаншаны кезіктірдім кесір ғып

Ол жағада, қыздарменен жағада
Құрғыр жүрек бір туласа қоя ма
Сол бір күннен есім кетті тек соны
Жалбарындым көру үшін тобаға

Содан бері кездестік те бір талай
Көңіліміз кездесуге қолқалай
Серт беерістік бір болуға мәңгілік
Бұ махаббат біле-білсең әнгүдік

Осы жайлы әкеме де жетіпті
әрине оны наразылау етіпті
әкем мені өз алдына алдырып
Айтып салды білгенінің барлығын

әкем айтты;
балам, деді жан балам
өміріңді ойлаймын да сандалам
Айғанша ол дұшпаныңныңбаласы,
ұмыт оны, күдеріңді үз, қой балам!

Жеті атадан келе жатқан жауымыз,
Жеті атадан таусылмаған дауымыз
Мен сен үшін оған барып бас исем
Білем балам шағылады тауымыз

Болды, бітті дегенімнен қайтпадым
Бар да жолық қақсағаным, айтқаным
қайда барсын, дәті жетпей әріге,
әкем кетті қолын сілтеп бәріне.

Ол оралды, қабағы тым қатыңқы,
Ауырлау сөз тиген болар батыңқы.
Балам деді, Ай?анша?а жолы?тым,
Ол да ынтызар, шынымды айтсам соны ұқтым
қайда жүрсең аман болғай, қош балам,
Түннен қалмай Айғаншаңмен қаш балам!

Ойламаппын әкемнңде жағдайын,
Ойлап тұрсам, ойлағаным өз қамым.
Сарайдағы күң арқылы хат жазып,
Сүйгеніме осы жайлы қозғадым


Дәл сол күннен бастап бір-неше ай жүріп бір кішкентай ауылға тап болдықүй қамын жасау еркектің міндеті болғандықтан үнемі аң аулап кетуші едім. Бірде үйге оралсам Айғанша жоқ, соңынан сұрастыра келе әкесінің адамдары тауып алып кеткен екен. Тұратын мен де, соңдарынан қуа шықтым Пәуескені тоқтатқаным сол еді, күтпеген жайға тап болдым
Пәуескені күтіп алып, тоқтаттым,
қарап тұрсам сорлы басым бос қаппын.
әйелімінң тас мүрдесін көрсетті,
О, қасірет, амал бар ма, десек те...

Бәрінен де тірі қалған сәбиі,
Анасының естімеген әлдиін
Тек сол үшін өмір сүрдім аман боп,
Бұл жалғанға айтар әттең, налам көп,
Енді тыңда Жамалдың да әкесі
қас жауымыз, әңгіменің төтесі....

Алтыншы жыр

Баяғыдай Мұхит отыр Ордада,
Есік ашып кірді уәзір Ордаға;
үш күн болды есік алдын күзетіп,
Біреу кетпейді, сізді болар білетін

Дегенді айтты, іла-шала соңынан бір алба жұлба, кір қожалақ диуана кірді сарайға
Бейтаныс
 

Уа, Мұхит көмегіңе зәрумін,
Мені мүмкін осы жерде тануың,
Кеше ғана саған көмек берген ем,
Содан болды алтын таққа қонуың

Мен емес пе әскер басы өз досың,
қиындықта қалдырмас жан жолдасын
 

Хақнұр-Темір деген бір оңбастар
Бұл халыққа болып алды жол бастар
Дәуде болса Бектің болар ұрпағы,
Еш алаңсыз отырсыңдос сен босқа.

Мұхит оны елегісі келмеді,
Менің досым кекесінмен, сенн деді
Жоғал әрі, ит талаған бишара,
Аманың да кете қалсаң жөн деді.

Хан бұйрығы заң, күзет әлгі бишараны сүйреп апарып далаға лақтырып жіберді. Оның сөзінен секем алған Мұхит дереу ақылшысын алдырып Хақнұр жайлы жайытқа қанық юолды.

Оралайық біз Бибіге тағы да
Ол келеді қос қайыңнын жанына
Бір қайыңнан жас тамады білекке,
Біреуінен қан тамады, ойына

Не болды екен,
деген күдік оралды,
Енді үмітін күдік алып жоғалды
өлу керек, еш бір қызыққалмады,
Оны тағдыр аямады, алдаады

Ол жағаға ұмтылады, болды енді,
Күдері де үзілгендей соңғы енді...
Бірақ, кенет көзі шалды біреуді,
Соған қарай аяңдады бұл енді....

Жақын келсе жағада жатқан бейтаныс, қозғалар емес. Осы күнге дейін бір пендені көруге зар болған Бибі төбесі көкке жеткендей қуанып, қайғысын бір сәтке ұмытқандай еді. Күндер өте келе ол оның өзінің жан жары Бек екендігін біледі. Көрінген жерге құлдыққсатылып кете беретін Бек, көп азап көреді. Бұл жолы оны Біріккен Араб әиірлігіне өткізбек болады. Жолай мұхитты кезіп өтпек болған кеме,апатқа ұшырап бұл жағадан шыққан...Екеуінің ендігі арманы туыс туған, ел жұртққа қалайда аман есен жету болды..


Мұхит болса Жамалға кеп жолықты,
Ол өзінше қамқор бола қалыпты,
"Елден естіп, сол жігіттің жағадайын,
өз алдыңда менің кініәм бар ма айым?!"

Сарайға әкел танысайын дегенді,
Жөн көремін жүздесуді, көргенді
Бірақ Жамал ағасына сенбеді,
Ішкі сырын сыртқа тағы бермеді..


Ертеңгісін жігіт келді сарайға,
Оны күзет күтіп алды қалайда
Мұиддинніңтөбесін де көрмеді,
қауіптің сол болған еді келгені...


Ашық алаң, дар ағашы көлденең
Суынады, түршігеді өр денең
үкімші тұр, жендет пенен күқет нық,
Хан міз қақпас, рақымшылық бермеген.

Жігітті әкеп тастады алға, баста қап,
Ол өзінше бүгін асып тастамақ
Ал, Бек күшігі соңғы күнің шешлді,
Деді әзәзіл, өлік күтіп ашқарақ.

Соңғы сөзің айтылсын да, құрт көзін
Деді патша тағы қадап дік сөзін 
Ашылғанда жігіт жүзі дә" бұны
аң таң болған патша бүгін күтпеді

қарындасы асырыпты айласын,
Ойламапты ол зынданға бармасын.
Күзетті алдап Хақнұр шығып, орнына
Бір түн бойы бүл отырған сонда шын...

Жігіт емес Жамал отыр орнында,
"өлтіріңдер, дәл бүгіннен қалдырма"
Деп ызадан жарылардай қалшылдап
Бұйрық бергені сол еді, топ ортасынан қақ айырыдды да алдында Хақнұр, Темір, Төреғұл, Зәңгүр қалтиып тұр. Өз көзіне өзі сенбеген патша аң-таң.  Жізіттер жендеттерге тап бергенін пайдаланған Мұхит атына міне сап, басы ауған жаққа қарай тұра шапты...Ол жан далбасалап қашқан сайын соңынан түскен қуғыншылар да қалар емес. Бір мезетте аты сүрініп кетіп ол мертікті. Сол қашқаннан алдында ағып жатқан мұхитқа жалғаса ағатын тарғыл өзенге келіп бірақ боқтайды ол. Қараса әнеу жерде сал үстінде келе жатқан бір екеуді байқап қалып, өзенге қойып кеткен..

Отты жанар өңменіңнен өтетін,
Уыт сөздер көңіліңе жететін
Бәрі қалған орнында бір бишара
әне-міне арғы жаққа кететін.

Бек таныды, Мұхитты ол таныды,
Тұтанғандай ыза-ашудың жалыны.
Деді,
Мұхит сол күнгі сөз есте ме,
қайда әкелді тағдырыңның ағыны?!

Мұхит айтты
құтқар мырзам, өкінем
құлың болайын, жалынамын, өтінем!
Бірақ аппақ шынар таңға ұмтылған,
Бек Мұхитты кері қарай серпіген.

Жағада оларды Хақнұр, болашақ келіні Жамал, қайын аталары мен бүкіл халқы тосып тұрған еді. Еліне аман есен оралған Бек өз орнына хан етіп Хақнұрды сайлайды, оның ақылшысы етіп, оған кезінде көмектескен кедей жігітін тағайындап, бас уәзірі етіп Темірді қойған екен. Олар осылайша мұраттарына жетеді. Ал, , сол аралда өскен қасиетті қайың әлі күнге шейін қазақ елінің түкпір-түкпірінен кезігіп қалатын көрінеді. Сондай қайыңды көрген адам, басына апарып құрмалдық шалып, ата- баба рухына құран бағыштаған і. Сондай қайыңды сен де жолықтырған жоқсың ба, достым?!...

Қазақ тілінде жазылған