Адам қарады: 394 | Жарияланды: 2018-04-19 16:54:09

Түнгі елес

болған оқиға желісімен...

90 – шы жылдардың басы. Қазақстанға келген өзгеріс, көп адамды кәдімгідей абдыратып тастаған. Ауылдағылар қалаға, қаладағысы далаға безген заман туды..

Колхоз-совхоздар жаппай жабылғандықтан жұрт әуелі жұмыссыздықтан, содан соң «күнді қайтіп көрем»- деп далбаса күй кешкен.

Көктем еді. Еріктің үй - іші жаңа жерге қоныс аударды. Әкесі осы күнге шейін қой бағып, мына жерде кіші-гірім ақы үшін сайман күзетіне орналасқан. Ерікке әкесінің өзінікін даулаудың орнына, қолындағысын-ей, мынау менікі ғой десе болды, бере салатын ашық ауыздығы ұнамайтын.

Точка басынан 7-8 қарамен көшіп келген. Бірақ, одан не пайда? Кұндер өте әкесі малға қарамақ түгілі арақ ішіп, лағып кеткен. Содан болар мал бит буғаннан қырылып қалады. Өзінен кейін 4 бала.Негізі осы үйді де бір малға сатып алған. Ең алғаш көшіп келгенде, үйдің бұрыш-бұрышы толған айыр құйрық тарақандар...Қыста бір бөлменің қабырғасын тұтас мұз қатып қолданысқа келмей қалатын...Өзі ғұмыры жылынбайтын тастай суық мола дерсің...Есіктен кірсең, кел жұтіп жіберейін деп тұрған аждаһаша түнеріп тұрғаны... Әлде Ерікке ғана осылай көріндіме, кім білсін осы бір үй ең алғаш кіргеннен ақ жақпады бұған.

Анасының басы қатса -ақ қолына дорбасын ұстап көшеге шығып үйге талғажау болатын ұн іздеуші ед..

Бір күндері қазақтың айт мейрамы келді. Анасы баурсақ шелпекті майдың атқылағанына қарамастан мың мәрте әуреге түсіп әйтеуір пісіріп алды. Ертесін үйге молда келіп құран оқып кетісімен, көнцерттің көкесі басталып кетті.. Еден астынан күңірене оқыған құран дауысы түс ауғанша тоқтамай қойды. Бұдан зәресі ұшқан анасы мен бесеуі еріксіз кешке шейін далада отырды. Бірақ, қайда барады?Еріксіз үйге кіреді.Күн өте бере бұл жайт ақырындап ұмыт бола бастады.Анасы түнде ұйқыдан қалған еді, күндіз ұйықтайтын. О басында Ерік әкемнің үйде жоқтығынан болар деп топшылаған.Десек те анасы

  • Балам бүгін менің жаныма жатшы деді
  • Жарайды, анашым, алдымен әлгі ақымақтарды ертегі айтып ұйықтатып тастайын деді.

Сонымен сол түні ол күтпеген жайға куә болды. Түкпіргі бөлмеден шыға бергені сол еді,анасы төсек үстінде қалшиып отырған күйі

  • әне бала, бала кетіп барады деді.

Расымен де ортаңғы бөлмеде тұттай жалаңаш кіп кішкентай бала сақ,сақ күліп домалап барады. Ерік өзіне өзі келе алмай тұрған орнында мелшиіп қатып қалған.

Осыдан соң бұл үй, неше түрлі өнер шығара бастады.Бала,қызыл көйлекті әйел, ұзын бойлы қап қара ер адамның сұлбасын аппақ кебін киген ақ сақалды шал Т айта берсең бір бітпейтін түнгі елестер қаптап кетті.... Шынымен де мына дүние мен анау дүниенің арасын әлсіз бір нүкте ғана бекітіп тұрған болар. Ол тылсым дүниеге ерік берсең сен одан, ол сенен ажырамайтын сынды.. Еріктің сабағы да кілт төмендеп кеткен.Анасының ауыруы да жиілей бастады.. Ол аздай әкесі күнде үйге ішіп келіп, анасына қол көтереді, өзіненн өзі түсініксіз сөздерді айтып былжырйды. Әбден береклері қашты.

Ерікте бір тылсым күштің белгісі пайда болды,Ішкі дауыс.

Бірде әкесі колходан еңбегінің өтіліне бір қара бас алған болатын. Сол жылы бұларға мектепке баруға аяқ киім, дәптер - қалам тағы тағылары керек болды.

Сол сиырды сатып, пұл қылуға тура келді.

Заманына қарай адамы демеуші ме еді, әлгі сатып алушы да бір алаяқ екен

-ойбай мыналарың арық, еті қызарып кеткен, салмағы жоқ

деген қырқ сылтауды айтып, айналдырған 800 теңгені қолдарына қыстырып кете барды.

Сонда ерікке ішінен біреу;

- Мынау бүгін өледі деді

Селк ете түсті.Ол ішкі дауысқа жауап қатпауға тыртысатын.Өйткені сұмдық қорқушы ед.Өкінішке қарай сол күні әлгі адам жол апатынан көз жұмды.

Анасы бірде «көршіден қарызға тұз әкелші» - деп тағы да бұны жұмсаған. Сонда сол үйге кіргені сол еді, ішкі дауыс;

-Мынаның баласы өлі туады дегені айтты

Сенбеген. Бірақ, ол да осылай болды. Әлгі әйелдің баласы шынымен де өлі туды.

Қыс.Жұрттың баласы дала безіп қар лақтырып, сырғанақ теуіп,балалықтың бал дәмін татып болса, бұл өз еркінен тыс дүниеден шошып, ұрлық жасаған адамша өзінен өзі қуыстанып, «тағы да кім өлер екен?» деген күдікпен күн кешті. Осы құпиясын тағы да анасына айтты. Осы жерден, осы үйден көшейікші деді. Қайда, кімді барып паналамақпыз, үй аларға ақшам да, беретін малым да жоқ деді анасы.

Көктем де ауылдарында өмір бойы қояншық ауыруымен ауырған бір адам бар еді, сол кісі аяқ астынан әулие әмбиелердің басын аралап, емші болып қайтыпты мыс. Ойбай оның алдына барған адам сауығып, бойындағы дертті дәл айтатын көрінеді деген жұрттың алып қашпа әңгімесінен соң, Ерік те сол молдаға барып көрінуді жөн көрді.

Бірінші күні ол кіс бұны қамшымен оқыды. Сол түні арқасынан келіп қадалып тұрып алған сұлба;

-Сен бұны бекер істедің?

Дегенді айтқанда, зіл дауысы құды көрдің астынан шыққандай Ерік қара терге түсіп, қалшылдап қоя берген.

Екінші күні молд ада құран аятын оқып түрып, өз өзінен қылқына жөтеле берді.

Үшінші күні бұл екі көзін тарс жауып, енді не болар екен деген оймен болған. Кенет молданың; астапыралла деген дауысымен гүрс етіп құлаған дыбысы естілді. Бұдан кейін бұл да не болғанын білмейді.

Есін жыйса, айналасын қоршаған тобыр. Өзін аппақ кебінге орап, табытқа салып қойған.

Түсім деп ойлаған бұл орнынан атып тұрғаны сол еді. Шошып кеткен жұрт дүр етті. Бұның қайта тірілгенін көрген ең кенже інісі 5 жасында осының кесірінен тілмен - түстен айырылды. Ол мәңгілікке мылқау болғандай еді. Әлгі тылсым, бұдан туған бауырының болашағы мен сайрап тұрған тілін алып қойды. Сол оқиғадан соң Еріктің от басы бұл ауылдан көшіп кетті. Ал, әлгі үйде кейін белгілі болғандай, моланың орнына орнатылған болып шықты. Сол үйдің кірпішін бұзып жүрген бір жігітті үстіңгі бетон басып қалып, қаза тапқан екен. Бүгін Ерік 32 де, мылқау інісі 24 келген. Сол бір күндерді де, сол бір үйді де есіне алғысы келмейді...Мүлдем

 

Қазақ тілінде жазылған