Адам қарады: 4585 | Жарияланды: 2018-05-07 14:16:21

 Алаш жолымен

Мызғымайтындай көрінген Кеңес Одағының шаңырағының ортасына түсуіне, социалистік жүйенің қирауына қазақ жастарының қосқан үлесі зор. «Жас тұлпар дүбірі» ,«Азаттық аңсаған Сарыарқа» ,«Қашқын суыр» атты  үш тараудан тұратын романда ХХ-шы ғасырдың 60-80-ші жылдарындағы жастардың Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресі туралы айтылады.Бірінші тарау   жастардың санасын серпілтіп, болмысын оятқан, Алаш зиялыларының күрес жолын жалғастырған  «Жас тұлпар»  қозғалысына  арналган. «Азаттық аңсаған Сарыарқа»  тарауында Алматы қаласы студенттерінің астыртын құпия ұйымының іс-әрекеттері көрсетіледі.

Ал «Қашқын суыр» тарауында Желтоқсан көтерілісінен кейінгі қазақ жастарының қилы ғұмыры мен тұрлаулы тағдыры, рухани-адамгершілік қасиеттерінің ашылуы сипатталады.

ОҚЫРМАНҒА

Өркениетті елдердің көшіне ілігіп, дамыған 30 мемлекетпен тереземізді тең етеміз деп ұмтылып жатқанымызда негізсіз емес. Бүгінгідей  Тәуелсіздігіміздің көк байрағының желбіреген  күндеріміз үшін талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қанды жолға тәуекел етіп басын тікті. Сондықтан да бүгінгіні - кешегінің жалгасы, өткеннің салдары, болашақтың себепшісі деп біл- ген жөн. Өмір диалектикасына жүгінсек, ғайыптан пайда бо- латын ештеңе жоқ: кешегі мен бүгінгі, бүгінгі мен ертеңгі - бәрі де бір-бірімен табиғи да, тарихи тұрғыдан да байланысты.

Тарихымыздағы тәуелсіздік үшін болган 300-ден аса қан төгілген ұлт-азаттық қозгалыстар мен көтерілістер бір-екі күндік ісәрекет емес, халықтың көп жылдар бойы ішінде жүрген Ұлы арманы - Тәуелсіз ел болудың ұмтылысы. Өлі разы болмай, тірі байымайды. Тарихқа қиянат жүрмейді. Халқымыздың бостандығы, еліміздің тәуелсіздігі үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, халқым, ұлтым деп отқа түскен боздақтар ұлтымыздың мақтанышы, ар-ұжданы, бүгінгі күннің айнасы.

Кез келген халықтың маңызды ескерткіші - оның тари- хы. Ал 1465 жылы Қазақ хандығының құрылғанынан бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы тарихымыздың ақтаңдақ қалған жерлерін анықтап, оның ақ-қарасын айыру біздің міндетіміз. Шындап келгенде 1991 жылы Тәуелсіздікті аса үлкен шы- ғынсыз жариялауымыздың түп-тамырында 1721-1757, 1837­1846, 1916, 1979, 1986 және басқа жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар, көтерілістер жатыр. Жалпақ жұрттың мүддесі үшін шындық пен қатердің бетіне қаймықпай тура қарап, дұрысын, ағын айтпасақ, керанау кемшіліктерге кездесе бе- реміз. Ұлттық зейненің күш-қуатын күшейту де, жаңа қазақ тәрбиелеу де, еліміздің болашағы үшін парықты пайым, па- расатты пікір айту да күмәнға айналады.

Осындай ақтаңдаңқтың бірі - қазақ жастарының Тәуелсіздік үшін күресі. Ал жастардын азаттық үшін кү- ресінің көш басында «Жас тұлпар» қозғалысы тұрды. Ұлттық идея көрінісін Алаш идеясынан іздеген жастұл- парлықтар қазақтың жаңа өмір сүру философиясын қалып- тастұрушы күшке айналды. Қазақта көзі ашық, көкірегі ояу жастардың бар екенің, рухы өшпегенін көрсетіп берді. Алаш идеясын қайтадан жаңғыртып, өзіміздің ел екенімізді, өз тегіне үңілетін тамыры бар тұтас ұлт екендігімізді дәлелде алды. Ұлтына деген сүйіспеншілік оларға ертеңгі күнді дұ- рыс болжаудың көрегендігін сыйлады. «Жас тұлпар» дүбірі қазақ жастарының санасын біржолата серпілтіп, азаттық кү- ресіне жетеледі. Дүбірден оянған жастар Қазақстанның бар аймағында жасырын үйірмелер ұйымдастырып, өз шама- шарықтарына қарай, ұлт-азаттық көтеріліске араласты. Құр- бы-құрдастарының ой-өрістерін кеңейтіп, ұлттық зейненің күш-қуатын күшейтті. Қарағандыда «Жас қазақ», Қостанай- да «Жас түлек», Өскеменде «¥лттық мамандарға әділеттік тобы», Семейде «Тайшұбар», Гурьевте «¥шқын», Павлодар- да «Жас ұлан», Целиноградта «Тың тұлпар», «Оян қазақ», Шымкентте «Адыр қасқырлары», Алматыда «Сарыарқа» ұйымдарының болғаны соның айғағы. «Жас тұлпар» қозға- лысы тарихымыздағы азаттық үшін күресіміздің үлкен бір белесі. Ол неміс автономиясының құрылуына жол бермеген, Желтоқсан көтерілісінде ұлтымыздың намысын жанып, жас- тарға рухани азық бола алған күш!

Халық тарихы қатпар-қатпар. Қай халықтың болсын, өт- кен өмір жолы, әлеуметтік-экономикалық өрбуі, рухани ке- мелденуі, сайып келгенде тарихи тағдыры бар.

Адам өткенге қарап өседі, бүгінгіге қарап бой түзейді, болашақты болжап күн кешеді. Шындықты, азаматтық қасиетті қадірлей білу өмірдің көрсетіп келе жатқанындай жеке адамның тағдырына ғана емес, бүкіл ұлттың рухани дамуына, адамгершілік пен парасаттың салтанат құруына тікелей қатысты.

Тәуелсіз ел болуға деген ұмтылыстың қаншалықты қым- батқа түсетіндігін біз білеміз. Маркс айтты екен деп тоқта- рым жоқ деп қатулана 1915 жылы-ақ “Аллаға шүкір, алты миллион қазақ бармыз” деп қуанып, дүниеге жар салып ұлт- шылдығын көрсеткен, ұлтының болашағына көз жібере біл- ген Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш зиялылары айдалып, атылып кетпегенде қазақтың ой-санасы қай дәрежеде болар еді...

Тарихтағы ұлы оқиғалар ұлттық идеяның сарқылмас қай- нар көзі. Ал Ұлттық идея - мемлекеттің қозғаушы, алға итер- мелеуші күші. Ол тарихи қажеттіліктен қоғамдық болмыс болып қалыптасатын құдіретті күш.

Қазақ жастары қашанда саяси күрестің алдыңғы қата- рында болды. Халықтың аузын құлыптап, ойын көгендеп, еркін шідерлеп ұстаған тоталитарлық коммунистік режимге алғашқы соққы беріп, негізін шайқалтқан да осы жастар. Біз тарихымызға жастұлпарлықтардың, сарыарқалықтардың, желтоқсандықтардың көзқарасы, іс-әрекетімен қарасақ қате- леспейміз. Бұдан бүгін ғана емес, болашақта да адалдықтың, патриоттылықтың, тазалықтың, зиялылықтың құйындысы ретінде қарастырып үлгі аларымыз сөзсіз.

Болашақта қазақ болу, қазақша сөйлеу, қазақтың ән-жы- рын айту, қазақша жөн-жоралғы өткізу әлеуметтік мәртебе болсын десек, жастардың тарихтан алатын өз орнын көр- сетіп бағалауымыз керек. Біз сана-сезімімізді, ұлттық мента- литетімізді құрсаулаған ұзына ғасырлық отаршылдық жүйе үйреткен жалтақтығымыздан неғұрлым тез арылсақ, солғұр- лым ұлттық болмысымыз шыңдала түседі.

Өткенді білмесек, болашаққа қалай барамыз? Кеткенімізді қадірлемесек, жаңа ұрпаққа не дерміз? «Жас тұлпар» қозға- лысы, желтоқсан көтерілісі жөніндегі ақиқат, оның тарихи орны, сипаты шындап келгенде өлгендерге емес, тірі біздер- ге де емес, болашақ ұрпаққа керек. Бұл жастардың жігерін күшейтуге, ұлтттық болмыстың шыңдалуына қажет.

"ЖАС ЬҰЛПАР" ДҮБІРІ

Осыдан 50 жыл бұрын 1963 жылдың қараша айында Мәскеу қаласында қазақ студент- жастарының «Жас тұлпар» ұйымы ресми құрылды.

Өмір диалектикасына жүгінсек, ғайыптан пайда болатын ештеңе жоқ: кешегі мен бүгінгі, бүгінгі мен ертеңгі - бәрі де бір-бірімен табиғи да, тарихи да тұрғыдан байланысты. Тарихқа қиянат жүрмейді. Осыдан 550 жыл бұрын шаңырақ көтерген Қазақ хандығының құрылғанынан бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы тарихымыздың ақтаңдақ болып қал- ған жерлерін анықтап ақ-қарасын айыру, оны жас ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Шындап келгенде, 1991 жылы Тәуелсіздікті жариялауымыздың түп-тамырында көптеген жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістер жа- тыр. XX ғасырдың 60-шы, 70-ші жылдарында қазақ жас- тарының санасын серпілткен «Жас тұлпар» ұйымы болды. Бұл қозғалыс жастұлпарлықтардың өмір жолы, жастардың Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күресі ғана емес, бұл қазақ қауымының үлкен бір тарихи белесі. Бүгінгі жастарымыз, болашақ ұрпақтарымыз мақтанышпен айтар, үлгі-өнеге алып, жадында сақтар, ұлт рухының асқақтығын көрсетер тарихи алтын кезең.

Тарих толқынында туған «Жас тұлпар»

Адамзат тарихындағы әлемді билеген барлық империя- лардың ерте ме, кеш пе ыдырауы, күйреуі заңды құбылыс. Дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекеттер Ислам халифаты, Рим империясы, Шыңғыс ордасы да объективті, субъективті жағ- дайларға байланысты бірі өздері, енді бірі жаугершілік нә- тижесінде жер бетінен кетті. Барлық империялар биліктік құрылымда қатаң тәртіп сақтау үшін диктатуралық, жеке бастық билікті ұстанады. Ол билік бірде қатаң, бірде жұм- сақ икемді саясат құралына айналады. Ал Кеңес Одағын- дағы пролетариат диктатурасы қанды биліктің ең сорақы көрінісін айқындап берді. Ең үлкен, ең соңғы империя осы Коммунистік партия басшылығындағы Кеңес Одағы болды. Кеңес Одағы да қоғам дамуы заңдылықтарынан тыс қала алмады. Кез келген мемлекет - тірі организм - ол туады, дамиды. Даму, құлдырау және жаңару кезеңдерін басынан өткізеді. Бағына да, сорына да қарай қазақ халқына Кеңес Одағы құрамында өмір сүруіне тура келді. Өкінішке орай, қазақ халқы соңғы 300 жылдық тарихында өтпелі кезеңнен арыла алмай-ақ қойды. Хандық тұрақталып, әлеуметтік, сая- си-экономикалық құрылым нығая бергенде жоңғар шапқын- шылығы басталды. Қырық жылғы қырғыннан енді ес жия бергенде Ресей бодандығы келіп, Кеңес өкіметінің билігімен жалғасты. Адам тарихи өмір сүреді, өркениет тудырады. Бі- рақ өз тіршілігін жақсартудың орнына қитұрқы саясаттың кесірінен адам айтқысыз дәрежеде күрделендіреді. Дәл осы- лай «жердегі жұмақ» коммунизм қоғамы үшін Кеңес өкіметі әлемнің алтыншы бөлігін қамтыған өз халқын азапқа салып, жалғандағы тозақтың отын «жақты». Кеңес өкіметінің сөзі мен ісінің арасындағы алшақтық жалғандылыққа, ал ол өтірікшілікке әкелді. Өз халқын көзбояушылықпен алдау үй- реншікті іске айналды. Өтіріктің арты бір тұтам, біртіндеп халық биліктің сырын ұқты, сөйте тұра күні үшін бетпер- делік сайқымазақ ойнын ойнауына тура келді. Ең бастысы аз ұлттардың рухани жан дүниесі күннен-күнге былықпен лас- тыққа тола берді. Ал өтірікпен, көзбояушылықпен өмір сү- ретін қоғам ешқандай кісілік пен ізгілік туғыза алмайтын ру- хани бедеу күйінде қалары сөзсіз. Мұндай қоғамдағы саяси құрылыстың ерте ме, кеш пе түбегейлі өзгеріске түсері айдан анық еді. Кеңес өкіметі сөз жүзінде бостандық, теңдік, со­циализм, коммунизм, бақытты балалық шақ, ұлттар достығы ұранымен халық санасын тізгіндеп, ауыздықтап отырды. Бір партия, бір билік, бір депутат саясаты көпшілікті тобырға айналдырды. Полицейлік - шоқпарлы билік ойына келгенін істеп, саяси сенімсіздермен аяусыз күрес жүргізді. Барлық империялардың мақсаты бір. Ол жаулаған халықты бағын- дырып ұстау. Ал ол үшін оның рухын сындыру керек. Бұл жердегі ең басты құрал идея болғандықтан, сол жергілікті бодан ұлттың зиялысын құрту қажет болды. Адамзат тари- хындағы ең үлкен қылмыстар XX ғасырда Кеңес Одағында компартияның басшылығымен жасалды. Елдің халықтар түрмесіне айналуы былай тұрсын, жаппай қырғынға ұшы- ратты.

Кеңес өкіметі сөз жүзінде халық деп, ал шындығында оны қорлықта ұстады. 1920 жылы В. И. Лениннің тапсыр- масымен коммунист С. Берзин Соловецкі аралында әлемдегі бірінші концлагерді ұйымдастырды. Кейін осы тәжірибе- ден неміс фашистері үлгі алып концлагерлер салды. Тарих білмеген, көрмеген сорақылық жасап, «халық жаулары жан ұясы» деген желеумен әйелдер үшін, балалар үшін түрме- лер ашты. Коммунистер мен неміс фашистерінің мемлекет басқару билігі өте ұқсас болып шықты. Жалғыз ғана айыр- машылығы неміс фашистері жаулап алған халықты қырса, коммунистер өз халқын қырды.

Ең басты қылмыс -социалистік жүйенің тоталитарлық өктемдікпен екі жүзден астам ұлтты қасақана мидай ара- ластырып негізін жоюы болды. Осы саясаттың нәтижесінде аралас некеден туғандардың саны артты. Қаншама ұлттар мен ұлыстар жойылып кетті. Жүзге тарта мыңжылдық та- рихы бар төлтума мәдениет жоғалды. Қоғамның өткені мен бүгінгісін саралаудың шебері неміс жазушысы Томас Манн Кеңес Одағының өткен шағын түпсіз құдыққа теңеген бола- тын...

XX ғасырдың 50-60-шы жылдары Кеңес Одағының тари- хында ерекше орын алады. И. В. Сталиннің өлімі, Кеңес Ода- ғының ішкі және сыртқы саясатындағы кемшіліктерді көрсе- ту, «жеке басқа табыну мен оның салдарларын» сынау кеңес саяси жүйесі мен қоғамдық өміріне үлкен сілкініс әкелді. Жаңа басшылар социалистік жүйенің негізгі қағидаларына тимей елде саяси реформа жасауға талпыныс жасады. Эри­не, бұл либерализациялық үрдіс тиянақты жалғаспады және тоталитарлық санасы қалыптасқан қоғам да, элита да үлкен өзгерістерге, қайта құруларға дайын болмады. Әйтсе де, капиталистік Батыс елдерімен қарым-қатынастар біршама түзеліп, «темір шымылдық» ашылды. Елдегі саяси қуғын- сүргін тоқталуымен бірге Кеңес өкіметінің өз халқына істе- ген зорлығының, қайғы-қасіреттерінің беті ашыла бастады.

«Хрущевтік жылымықтың» басталуына елде пісіп жетіл- ген объективті де, субъективті де алғышарттар толығымен болды. СОКП-ның XX съезінің «жеке басқа табыну және оның салдарлары» шешімінің қабылдануының да негізі бар. Шындықты балта шаппайды. Съезде Орталық Комитет мү- шелерінің бәрінің шешімді бір ауыздан қолдауының өзі көп дүниеден хабардар етеді. Тарихтың бұралаң жолы жеке бас- қа табынудың сұрқия бетін ашты. Шынында, бұл Сталиннен бұрын Ленин салған қызыл террорлық жол болатын. Енді міне, осы саясат мемлекет деңгейінде әшкереленді. Компар- тияның ХХ съезі шешімдері биліктің бетін бұқара халыққа бұрып, әділеттілік орнатпақ ниет көрсетті. Деспоттық, тағы- лық биліктің қалың сеңі жібиін деді.

1939-1945 жылдар аралығындағы екінші дүниежүзілік соғыс, өлім-қиыншылық пен бірге кеңес солдат-офицер- лерінің болмысына әсерін тигізіп, дүниеге көзқарастарын өзгертті. Батыс елдерінің тұрмыс-жағдайын көрген Кеңес азаматтары өз өмірлеріне сын көзбен қарауға айналды. Со- ғыстан елге оралғандардың арасынан социалистік жүйеге, ұлттық қарым-қатынастардағы кемшіліктерге мән беретін адамдар шықты. Әсіресе, орыс интеллигенциясы қатарынан соғысқа қатысқан А. И. Солженицын, А. Рыбаков, В. Аксе­нов сияқты ақын-жазушылар шығып, өз шығармаларында кеңестік жүйені ашық әшкереледі. Мұндай жағдай Ресей тарихында 1812 жылғы соғыстан кейін де болған. Онда да Наполеонды жеңген орыс армиясындағы алдыңғы қатарда- ғы дворян офицерлері монархиялық құрылысты өзгертпек ниетпен көтеріліске шығып «декабристер» атанған.

10

1921-1954 жылдар аралығында Кеңес Одағы өзінің 3 мил­лион 777 мың азаматын «халық жауы» деп соттап түрмеге отырғызды. Оның 642 мыңы атылды. 1929-1933 жылдары Қазақ АССР ОГПУ саяси өкілдігінің үштігі 9805 іс қарап, 22933 адам жөнінде шешім қабылдады, соның ішінде 3386 адам атылды. Атылғандардың арасында біртуар Жүсіпбек Аймауытов, Иманжүсіп Құтпановтай ұлтының қамын жеген Алаш зиялылары мен ақын жыраулары болды.

Қазақстанда 1937-1938 жылдары 100 мыңнан аса адам сотталып, 27 мыңы атылды. Бұл сотталып, атылғандар негізінен қазақтың оқыған білімді, ұлтының болашағын ой- лаған алдыңғы қатарлы зиялы қауымы болды. Жалпы «ха- лық жаулары» 953 лагерьде қамауда ұсталынды. Тек бір Қазақстанда ГУЛАГ-тың 11 лагері орналасты. Олар Алжир, Карлаг, Дальний, Степной, Песчаный, Камыслаг, Ақтөбе, Петропавл, Кенгір және Өскемен лагерлері.

Миллиондаған әр түрлі ұлт өкілдері Қазақстан және басқа да Орталық Азия республикаларына жер аударылды. Кешегі аштықтың қырғынынан қансырап, боздақтарынан айырылып, көз жасы енді тиыла берген қазақ елі мен жеріне жаңа қасірет келді. Адам айтқысыз хайуандық-азғындықтың іс-әрекеті жалпылай көрініс алды.

Өмірі түрме көрмеген қазақ жері «халықтар түрмесіне» айналды... Бір ғана «Карлагта» 200 мың жуық адам қуғын- сүргін көрді. АЛЖИР-де әйелдер зонасы жұмыс істеді. 1937 жылы Қиыр Шығыстан 100 мыңнан астам корейлер, Ресейдің Еділ өңірінен 361 мың неміс, 1943-44 жылдары Солтүстік Кав- каздан 507 мың шешен-ұңғыш, қарашай-балқар, Месхетиядан ауған күрдтер мен месхед түріктері, одан қалды, қалмақтар мен татарлар қазақтың кең даласына тоғытылды. Қазақ қашан да өзі де еркіндікте өмір сүрді, басқаның да бостандығын шектеме- ген. Оның түрмесінің болмауы азаттықтың қасиетін қадірле- генінде жатыр. Адам өлтіруді қазақтың азғындыққа теңеуі шынайы парасаттылық белгісі. Ешбір дәлел өлімге бару- ды ақтай алмайды. Өйткені қан қанды тартады. Жамандық өздігінен өршіп жалғасын таба береді.

11

Кеңес өкіметі қазақтың ұлттық ерекшелігі - кеңпейілдігін ездік, жасықтыққа балап ойына келгенін істеді. Малын қыр- ғанымен, зиялысын қамап өлтіргенімен қоймай, ата мекенін қайғы қасіреттің көз жасына толтырды.

И.В. Сталин өлгеннен кейін 20 күннен соң 1953 жыл- дың 26 наурызында НКВД басшысы Л. П. Берия дайында- ған «Кешірім жөніндегі» (об амнистии) өкіметтің шешімін Жоғарғы кеңесі Президиумы бекітті. Сөйтіп, осы шешім негізінде түрмедегі бас бостандығынан айырылып, соттал- ған 2 миллион 526 мың 402 адамның 1 миллион 183 мыңы босатылды. Мұндай кешірім жасап, осыншама адамды бір мезгілде түрмеден босату адамзат тарихында бұрын соңды болмаған. Әрине бұл шараның іске асуына Л. П. Берия мен Н. С. Хрущевтің арасындағы таққа таласы да себебін тигізді. Екеуі де өткен күннің көлеңкесінен алшақтағылары келді...

Қалай дегенде де, азаматтық құқықты қорғау, либерал- дық саяси өмір жанданды. Кеңес Одағында Коммунистік партия социалистік жүйеге сай мемлекеттік органдардан жоғары тұрғандықтан, оның көшбасшысының ұстанған ба- ғытына көп нәрсе байланысты болды. Уақыт қажеттілігіне сай заманның талабын орындайтын саяси тұлға Компартия- ның саяси бюросынан табылды. 1953-1964 жылдары Кеңес Одағын Н. С. Хрущев басқарды. Бұл он жыл - Кеңес Одағы тарихында «ұлы жылдар» деп аталды.

«Хрущевтік жылымық» ерекше оқиғаларға байланысты үш кезеңге бөлінді.

Бірінші, И. В. Сталиннің өлімі, 1953 жылдың наурызынан - 1955 жылдың басына дейін Маленков бастаған антипартия- лық топпен күресу кезеңі.

Екінші, 1955-1957 жылдар, Н.С. Хрущевтің И.В. Ста- линнің «жеке басқа табынуын» әшкерелеу кезеңі.

Үшінші, 1957 жылдың желтоқсаны мен 1964 жылдың қазаны. Ішкі және сыртқы саясаттағы дағдарыс, Н.С. Хру- щевтің билік басынан кету кезеңі.

Бір сөзбен айтқанда, 50-60-шы жылдар Кеңес қоғамын- да бұқара халықтың саяси болмысын өзгертті. «Хрущевтік жылымықтың» әсерімен «таптық социализм» деген термин де шықты.

Қоғамда рухани бостандықтың көзін ашуға мүмкіншілік туа бастады. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды жаппай ақтау басталды. Б. Пастернак, М. Зощенко, И. Эрен- бург, тағы басқа ақын-жазушылардың еңбектерінің жарық көруіне жағдай жасалды. А. Твардовскийдің «Новый мир» журналы әділдіктің, шындықтың көзіне айналды. А. Солже­ницын, Б. Слуцкийлердің шығармалары кеңінен шығарыл- ды. Ұлттық аймақтарда ояну басталды.

Кеңес Одағында тұрып, Сталиннің «жеке басқа табыну» саясатының зардаптарын тартқан ұлттар әділдік іздеп, іске кірісті. Адам құқығын қорғау, тарихи шындықты айтуға біріккен «Родина» сияқты жалпыхалықтық ұйымдар пайда болды. Қызыл империяның тоталитарлық жеке басқа табыну зардаптарынан арылу кезеңін жәй «Хрущевтік жылымық» жылдары деп айтқанымызбен, бұл кеңестік болмыс-сана- да ақжол толқын атқан керемет заман еді. Саяси ағымдағы биліктің де беті бұқара халыққа бұрылды. Коммунистік дик­татура кезеңінде сіресіп қатып қалған қара түнек ыдырайын деді.

1953-1964 жылдардағы «Хрущевтік жылымық» Кеңес Одағында шешімін таппай, күн тәртібіне қойылмай, ондаған жылдар бойы жабулы жатқан ұлт мәселесін шешпекші бол­ды. Бірақ «жылымық» кезінде ұлтаралық қатынас керісінше шиелене түсті. Батыс Украина, Қап тауы аймағы республика- лары ұлт мәселесіндегі қуғын-сүргін мәселесін көп көтерді. Ұлттық мәдениет, ана тілі, ұлттық саяси мәселелерді шешу туралы іс-әрекеттер жасалды. Күрес нәтижесінде жер ауда- рылған ұлттар ақталып, туған жерлеріне қайтуға мүмкіндік алды.

Кеңес Одағындағы саяси мүмкіншіліктер барлық ұлт- тардың сана-сезімін оятып, ұлттық болмыстарын жаңаша қалыптастыра бастады. Ұлттық автономиялық республи- каларын құру үшін Қырым татарлары, Поволжье немістері ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Барлық республика, ұлттық автономиялық құрылымдарда ашық, жасырын ұйымдар құ- рылып, өз ұлттық мүдделерін қорғай бастады.

Балтық жағалауы республикаларында тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық көтеріліс кеңінен орын алды. Бұған 1956 жылғы Польша мен Венгриядағы көтерілістер де өз әсерін тигізді. 1956-1959 жылдары Балтық жағалауы республикаларында социалистік жүйеге, компартияның диктатурасына қарсы шыққан шерулер көбейді. Олардың қатары күннен-күнге кө- бейіп, шеруге мыңдаған халық шықты. Барлық шерулер ұлт- тық мәдениет пен ана тілін дамыту, тәуелсіз мемлекет құру жөнінде талаптар қойды.

Бұл саяси реформалар мен бостандық үрдістері Қазақс- танға кешігіп жетті... Ерте ме, кеш пе шындықтың бет-пер- десі ашылатынына қазақтар да сеніп, тірлік қамын жасауға кірісті.

Республикалардағы ұлт наразылығы әр түрлі сипатта өтті. Балтық жағалаулары республикалары, Украинада ше­руге шығу кең өріс алса, Қазақстанда сайлау бюллетендеріне наразылық жазу кеңінен етек алды. Ресей ғалымы Александр Пыжиковтың зерттеуінше, Мәскеудің ұлттық саясатына келіспеушілігін бюллетенге жазып білдіруден Қазақстан әр- дайым алда болды.

Қоғам дамуында әр ұлт өзіне ыңғайлы мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан құндылықтар негізінде саяси жүйе орнатқанда ғана ұлт жан-жақты дұрыс дами алады. Ұлттық мұрат іске асады. Капиталистік қарым-қатынастар күшті да- мымаған, жартылай көшпенді, шаруашылығының ұлттық ерекшелігі бар қазақ халқы ешқашан социализмге құштар болған емес. Өзіндік өмірлік ерекшелігі, таптар арасындағы қайшылықтың жоқтығы социалистік қоғамды қажет қыл- мады. Ұлттық құндылықтары негізінде өмір сүріп отырған қазақ еліне өз ырқымен, өз жолымен ұйымдаспаған социа- листік жүйе пайдадан гөрі орны толмас орасан қиыншылық әкелді. Қазақы қоғамның қаймағы сылынды, рухы бұзылды.

Әрине басқаның несібесін тартып алып бақытты қоғам құрмақшы мемлекеттің болашағы күмәнді болатыны сөзсіз.

14

 

Кеңес Одағының ерте ме, кеш пе құлайтыны жөнінде Алаш зиялылары өз кезінде көрегендікпен ашық айтты.

Мағжан Жұмабаев:

«Қалың елім, қалың қара ағашым,

Қайраты мол, айбынды ер Алашым,

Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл,

Ақымақтар, байқамаған шамасын, - деп, ойдан туған, қиялмен жасалған қисын-жүйелі Кеңес өкі- метінің құлайтынына Алаш зиялыларының сенімді екенін көрсетті.

1929 жылдың қаңтарында Міржақып Дулатов ұрпаққа өсиет хатында:

«Совет өкіметіне қарсы күрес деп шуласып жүрген- дері - қазақ ұлтын өз бетінше өмір сүрсін деген мүддеден туған ниет қана. Өз отанымыз өзімізге бұйырсыншы де- геніміз... Ғұмыр болса, дәм жазса - ұлтымның келешегі үшін күш-жігерімді аямай еңбектене беруге борышты- мын. Адассам - халқыммен бірге адастым, сәулесі жарық жолға ұмтылсам - ұлтыммен қосыла ұмтылып бағамын» деп көрсетті.

XX ғасыр қазақ халқына өмірі көрмеген нәубет жылдар әкелді. Бұған бірнеше объективті жағдайлар эсер етті.

Біріншіден, 1919-1921, 1931-1933 жылдардағы Қеңес өкі- метінің қолдан жасаған ашаршылығы кесірінен қазақтардың саны екі есеге кеміді.

Екіншіден, соғыстар ұлттық менталитетті әлсіретті. Үшіншіден, өтпелі кезеңдер қырғындарының құрбанды- ғына Қызыл империя жоспарлы түрде қазақтың зиялы қауы- мын түгелдей дерлік шалды. Қазақ халқы көшбасшылары- нан айырылды.

Төртіншіден, Кеңес өкіметі тап күресін желеу қылып, қа- зақтың ат төбеліндей аз зиялы қауымын екі бөліп, бір-біріне қарсы қойып жау етті.

Бесіншіден, социалистік идеология ұлт, ұлтшылдық де­ген дүниедегі ең асыл сөздерді құбыжық қылып халықтың санасына сіңдірді.

15

 

Осындай себептерден қазақтың ұлттық генофонды тап- тық, коммунистік идеологияға қарсы күресу иммунитетін құра алмады. Ұлттық сананы қайғының қара бұлты жапты. Ал ұлттану - қазақ даласында бағзы заманнан, мәңгілік өш- пес болып әр қазақтың сүйегіне сіңген қасиет еді.

Қоғам дамуының тарихына көз салсақ, өтпелі, қиын- қыстау соқпақты кезеңдерде ұлтын адастырмай қараң- ғы түнектен алып шығатын алып тұлғаларының дүниеге топтанып келетінін көреміз. Ұлт көшін бастар сегіз қыр- лы бір сырлы тұлғалар неғұрлым көп болса, елдің даму үрдістері соғұрлым жылдамдайды. Қазақ халқы дарынды, ұлты үшін жанын қияр ұл-қыздарына ешқашан кенде бол- ған емес. Осы өтпелі кезеңде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын заманауи үрдісіне сай жаңа арнаға бұрған, жүз жылда бір туатын Алаш зиялыларының тарих сахна- сына шығуы ерекше құбылыс. Бір мезгілде Әлихан Бөкей- ханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай және тағы басқа да саяси қайраткерлер; Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғы- ров, Мұхтар Әуезов сияқты талант иелерінің дүниеге ке- луі үлкен феномен. Әттең не керек «қолдағы алтынның» қадірін біліп қорғап, сақтай алмадық. Тәңірім бізге ат тө- беліндей аз зиялыны көп көрді.

«Хрущевтік жылымық» жасаған жағдай қазақ болмы- сына да төңкеріс әкелді. 1950 жылдың соңында басталған саяси ой-пікір қозғалысы билікке қарсы жекелеген адамдар- дың күресімен басталып, жаппай қарсылық жасап қоғамдық тәртіпті бұзушылықпен жалғасты.

Ояна бастаған ұлттық сана меңіреу ұйқыдағы қалың жұртқа ой салды. Елдің жанды жерлерін сыздата бастады. Халық, әсіресе алдыңғы қатарлы болашағын ойлаған зия- лы қауым бірде ашық, бірде жасырын іске кірісіп, күреске шықты. Үнпарақ жазып тарату, өкіметке, Компартия коми- теттеріне шағым хат жазу қалыпты іске айналды. Көбіне жоғарғы мекемелерге жекелей, ұжым болып хат жазды. Қа- зақстанда да ұлт саясатындағы кемшіліктерді ашық сынап, наразылықтарын білдіретін адамдар шыға бастады. Олар со- ғыс кезінде жанқиярлық ерлік көрсетсе де батыр атағын қа- зақ болғаны үшін ала-алмағандардан бастап, ауылдағы, әсі- ресе колхозшылардың тұрмыс-жағдайларының мәселелерін көтерді. Сол кезде Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлының ерліктері ел аузынан түспеді. Ал Қазақстандағы колхозшылардың тіпті еңбек кітапшасының болмағаны өз алдына, өз еріктерімен ешқайда кете де алмай құлдарша өмір сүрді. Халық өзгерістерді, жаңаша өмір сүру- ге мүмкіншілік жасауды талап етті. Бірақ көбіне көпшіліктің күңкілі жылы пештің қасынан, жайылған дастарқанның ба- сынан әріге бармады. Дегенмен жүзден жүйрік, мыңнан тұл- пар туып, биліктің әділетсіздігі, қарапайым халықтың мұқ- тажына ешкімнің бас ауыртпайтындығы кейбір аймақтарда жәй сөзден іске жалғасты. 1951 жылы Қарағанды қаласында соғыс ардагері К. Жақсылықовтың ықпалымен Б. Исқақов, А. Нарешев, К. Теміров және тағы басқалар астыртын «Елін сүйген ерлер партиясы» (Есеп) атынан үгіт-насихат жасап, жастарды ұлтын сүюге, халқына қамқорлық жасауға шақыр- ды. Өкінішке орай, топтың жұмысы көпшілік арасынан қол- дау таппай, тез арада тоқтатылды. Соғыстан әлі есін жинап болмаған ел санасы - қарынның тоқтығы, қара бастың аман- дығынан әріге бара алмады...

Кеңес Одағындағы билік пен еңбекші халықтың арасын- дағы қарулы қақтығыс алғаш рет 1959 жылы Қазақстанның Теміртау қаласында орын алды. Бұл көтеріліске болат қо- рыту комбинатын салып жүрген қазақ жастары түгелдей қа- тысты. Азаттықта өмір сүріп үйренген, қанында бостандық рухы бар Арқа азаматтары биліктің әділетсіздігіне бұқпа- ланбай қарсы шықты. Сөйтіп, Отан соғысынан кейінгі Кеңес Одағындағы компартия саясатына қарсы алғашқы қарулы көтеріліс интернационалдық кейіпте қазақ жерінде көрініс тапты.

Қоғамдық қозғалыстар көтерген мәселелерге өкімет тара- пынан жауап берілмеді, шешілмеді. Қозғалыстардың барлық талаптары айналып келгенде, егемендікке, ұлт мәселелеріне келіп тіреле берді. Ал ұлттық мәдениет пен ана тілді дамы- ту, қалыптасқан әдет-ғұрыпты сақтап қалу коммунистік жү- йенің қағидаларына қайшы келді...

Отан соғысынан кейін тап жауларын жою саясаты жа- ңаша деңгейде өріс алды. Енді ұлтын ойлаған зиялыларды социалистік идеология тұрғысынан сарсаңға салу бастал- ды. Компартия Кеңес өкіметі халықтарын ұлтсыздандыруды жаңа белеске көтерді.

Қазақ ұлтшылдарын әшкерелеу 1951 жылы қазан айында өткен «Қазақстан Республикасы партия ұйымындағы идео- логиялық жұмыстың жағдайы және оны жақсарту» деген тақырыптағы пленумнан кейін күштеп қолға алынды. Бур- жуазияшыл ұлтшыл аталып, сотталған тарихшы-ғалымдар Е. Бекмаханов пен Б. Сүлейменовтердің жақтастарын әш- керелеу күшейді. Бекмахановтың лекциясын тыңдаған Каз ГУ-дің тарих факультеті студенттерінің бәріне Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық қозғалысын сынап қайтадан дәріс оқып, емтихан тапсыртты. Партия басшылығымен қоғамдық кафедралар жиналыстарын өткізу көбейді.

1954 жылы Жазушылар Одағының ІІІ съезінде Компартия идеологы Н. Д. Жандилдин жолдас Қ. Бекхожин, Қ. Аман- жолов, Қ. Шаңғытбаевтың шығармаларын ұлтшыл, зиянды деп атады. Тіпті Қ. Сатыбалдинның «Әлия», М. Хакімжа- нованың «Мәншүк» поэмаларын ұлтшыл шығармаға жат- қызды. Сөзін жоғалтқан жұрттың өзі де жоғалатыны сөзсіз. 1959 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің жабық қаулысымен: «Жоғарғы оқу орнына түсу емтиханы тек қана орыс тілінде тапсырылсын» деген талаптар қойылды. Соның нәтижесін- де қазақша оқыған бала оқуға түсе алмады, оқуға түссе, ары қарай оқу қиынға соқты. Қиындық көрген адам өз баласын орысша оқуға беруге мәжбүр болды. Қазақ өз ана тілінен безді. Адам қай тілде сөйлесе, қай тілдің мәдениетін мең- геріп, салт-дәстүрін ұстанса, сол ұлтқа жатады. Ресей им- периясында 1897 жылғы жалпы халықтық санақта, кім қай тілде сөйлесе, сол ұлтқа жатқызған. Ел қайтадан қасіреттің қою қара бұлтына оранды.

18

«Хрущевтік жылымық» ойлағандай нәтиже бермегендік- тен, жекелеген азаматтар өз шамалары, саяси деңгейіне қа- рай, социалистік жүйемен күресті күшейтті. Ойларын ашық айтып, үнпарақ таратып, социалистік жүйенің кемшілігін әшекереледі. Қазақстанда да басқа республикалардағы- дай тығырыққа тірелген ұлт мүддесін қорғау үшін кеңестік билікке қарсы күресуге жекелеген диссиденттер шықты. 1962 жылы Қостанайдың Рудный қаласының тұрғыны Махмет Құлмағамбетов саяси көзқарасы үшін қылмыс ко- дексінің 58-бабымен 10 жылға сотталды. Ол мерзімді уақы- тын түрмеде отырып шығып, кейін «Азаттық» радиосында қызмет істеді. Махмет Құлмағамбетов Мұстафа Шоқайдың «Біртұтас Түркістан» ұстанымын басшылыққа алып, «Азат- тық» радиосының Түркістан редакциясын құрған Қарыс Қанатбай, Мәулікеш Қайболдыұлы, Дәулет Тағыберді, Жә- кебай Бапыш және Хасен Оралтайлармен қызметтес болып, ұлтының жоғын жоқтады. Ол философ, жазушы Германияда неміс тілінде шыққан «Жұмақтан жеткен жансауға үні» ро- манының авторы Мәулікеш Қайбалдыұлымен бірге Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Мағжан Жұмабайұ- лы, Жүсіпбек Аймауытұлы және тағы басқа Алаш зиялы- лары еңбектерін радио арқылы насихаттап, көпшілікке та- ныстырды. «Азаттық» радиосы «Түркістан» редакциясының алғашқы директоры болған Мәулікеш Қайболдыұлымен өте жақын болды. Мәулікеш Қайболдыұлы (Асан Қайғы) кезінде Ленинград университетінің философия факультетін тәмәм- даған дарынды ақын, ұлтшыл азамат еді. Оның 1969 жылы Мюнхен қаласында белгісіз біреулердің қолынан қаза та- буы да кезіндегі Шәкәрім, Әміре, Естайлардың қазасындай жұмбақ жағдай. Ол Қазақстандағы зұлымдықтарды Батыс елдеріне жеткізіп, хабардар етті. Алаш зиялыларының жоқ- таушысы болды. Ал Махмет Құлмағамбетов Алаш зиялыла- рынан кейінгі ұлтшылдығы үшін сотталған жаңа буындағы бірінші қазақ азаматы болды, оның есімі Хельсинкидегі сая- си тұтқындар тізіміне кірді.

Адамның тұлғалық мәні - рухани дамуында деп есептеледі. Коммунистік басшылықтағы социалистік идеология «халықтар түрмесіне» айналған Кеңес Одағында ұлттардың рухын жоспарлы түрде әлсіретіп отырды. Бұл соққыны ең көп жеген қазақ ұлты болды. Социалистік идеологияның жеңісі мәңгүрттік кезеңнің өріс алуына кеңінен мүмкіншіліктер жа- сады. Ашаршылық пен соғыстан азып-тозып, қажып, зиялы қауымынан түгелге жуық айырылып, геноцидке ұшыраған қазақ ұлтының рухани дамуы ондаған жылдарға тежелді. Ұлттық құндылықтарды сақтау қиындыққа соқты.

Компартия ең алдымен өткенді білетін, қазіргіні саралай алатын зерделі ұлт зиялыларына қарсы науқан ұйымдастыр- ды. Алаш зиялыларының ұшқыр ойына, сан-салалы білімі- не, ұлттық рухына қарсы тұра алмаған Кеңес өкіметі оларды жаппай қырды. Жеті атасын, үш жұртын жастайынан біліп өскен, рулық шеңберде өмір сүрген бауырмал қазақ тығы- рыққа тіреліп елдігінен айырылайын деді. Өткенді ұмытқан, бүгінгіні байыптамайтын, келешекке көз салмайтын жаңа ұрпақ өмірге келе бастады. Ғылыми коммунизм ілімімен сусындаған, жалғандықты біліп тұрса да соған құрандай сенетін жаңа адам қалыптасты. Өткеннің тереңіне бармай, бетіндегісін қалқып ішіп соған мәз болатындар көбейді. Та- рихи жады, көкірегінде көзі жоқ, бірақ интернационалистік ағымдағы шала сауаттыларға даңғыл жол ашылды. Ел билеу- ге табандарының бүрі жоқ, тайғанақ, рухсыз, ұлтынан безген адамдар тағайындалды. Революцияшыл социализм идеясын қолдаушылардың саны көбейді. Діл күйреуге, мәдениет күй- зелуге айналды. Өткен тарихымыз түгелдей феодалдық сар- қыншақ аталып, ата дәстүрінен жерінетіндер пайда болды.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда Ер Түрігім туып-өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер өткен,

- деп жырлаған Мағжан Жұмабаевтың бүкіл түрік әлемі ха- лықтарының гимніне айналған «Түркістан» өлеңі жолдары ұмытылды. Тоталитарлық, социалистік жүйе қазақ қауымын көйлектің көктігі, тамақтың тоқтығы мен соғыстың жоқтығынан әріге жібермеді. Қазақ - арқа қағар жалған мақтаныш- қа мәз болды...

Ұлтының болашағын ойлап, оның тарихын зерттеп, білім беруге оқулықтарын жазып, ұлттық болмысты жаңаша қа- лыптастыра бастаған Алаш зиялыларының жоқтығынан халық қорғансыздың күнін көрді. Егер Мағжан Жұмабаев сияқты ақындар қазақты алаламай жырласа, революция- ның жалған әуеніне еліккен тап ақын-жазушылары шығып, социалистік-интернационалистік идеяның жаршыларына айналды. Қазақ халқын қасіреттің қанына шомылдырған компартия көсемі Сталинді мақтауға «халық ақындары» сөз таба алмай қиналды.

Кеңес өкіметі, саясатқа қатысы жоқ, қазақ мәдениетінің халық арасындағы өкілдерін де қуғынға түсірді. Тірі пен- денің ала жібін аттамаған, жаны нәзік Әміре Қашаубаевтың өлімі, халықтың сүйіктісі Естай ақынның белгісіз біреу- лердің қолынан қаза болуы жан түршіктіреді. 1925 жылы Парижде болып, ән салған сапарында Мұстафа Шоқаймен кездескені үшін талай НКВД соққысына жығылып, бір түн- де Әміре Қашаубаевтың белгісіз жоқ болуы ізделінбеді. Әмі- ренің зираты 1974 жылы ғана табылды. Ал халқымыздың дана ақыны Шәкәрім 1931 жылы атылып, отыз жылдан соң 1961 жылы ғана сүйегі аруланып жерленді.

Кеңес өкіметінің, И. Голощекин билігінің кесірінен қазақ халқы 70 мың зиялысынан айырылды. Француздарда бір ғұ- ламасынан мезгілсіз айырылған мемлекет 1 ғасыр артта қа- лады деген сөз бар екен. Біз бар ғұлама, зиялымыздан бір мезгілде айырылдық. ХХ ғасырдың 20-шы жылына дейін қазақты өз тарихи атымен атамай, 200 жылдан астам қырғыз деп келуінің өзі отарлық саясаттың дәлелі болса керек.

Социалистік идеология Кеңес Одағы дәуірінде қазақ халқының талғамын да түбегейлі өзгертті. Ұлттың та- ным-түсінігі сол кеңестік идеология шеңберімен шектелді. Көшпелі өмірден туған еркіндік қазақ үшін басқа елдердің құндылықтарын жылдам қабылдауға мүмкіндік берді. Кез келген қоғам өркениеттің белгілі бір формасын қабылдап жетістіктерге қол жеткізгенімен, өзінің құнды нәрселерін жоғалтатыны заңдылық. Кеңестер Одағының басқа ұлтта- рымен салыстырғанда қазақтар өздерінің салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын көбірек жоғалтты. Оған қолдан жасалған тап күресі қосылып ұлттық сана әлсіреді. Аумалы-төкпелі заманның көптігі қазақтың ұлттық санасын қилы-қилы ке- зеңдерден өткізді. Өзгеге кіріптарлық қазақ қауымын алты- бақан алауыз етіп, ауыр зардабын тарттырды. Бірақ ұлттық рух әлсірегенімен тарихи сабақтастық үзілген жоқ.

Қазақ халқы басынан қандай да қилы-қилы замандарды өткізсе де, ел болуды әрдайым аңсады. Бас бостандығын, ата мекенін, жері мен малын өмір бақи қорғай білді. Қазақтың әйелдері елін қорғайтын ерлерді, жауына шабар батырларды жүздеп, мыңдап дүниеге әкелді. Бір XVIII ғасырдың басын- дағы 40 жыл ішінде қазақ халқына жоңғарлар, Еділ қалмақ- тары, башқұрттар жан-жақтан шабуылдап, халықтың үштен екісін қырды. Бірақ сонда да олар қазақтың жерін алып тұ- рақтап тұра алмады. Қазақтың қашан да ұлттығын, ата-ме- кенін сақтауға құдіреті, қаһары жетті.

Әр ғасыр халыққа өмір ағысында сәтті кезең «алыптар дәуірін» сыйға тартады. Қазақ тарихында XVIII ғасырда «жау жүрек» елім деп аттан түспеген батырларды сыйласа, ХХ ғасырдың басы «зиялы қауым» Алаш азаматтарын дү- ниеге әкелді. Рухани қажеттіліктің ұлттық болмысты тарих сахнасына итермелеуі де диалектикалық заңдылық. Бұл процесс халықтың бүгіні мен ертеңі сарапқа түскенде ар на- мысы, ел болашағы үшін күресуге дайын ұлтшыл, қаншыл, білікті, батыр жандарды жарыққа шығарады.

Қазақ «Атаға тартып ұл туса игі, ата жолын қуса игі», - дейді. Ата-баба жолын жалғастыру арқылы ғана қазақ ұлты қырық жыл қырғын болғанда да елдігін сақтап, парасатты- лығымен ұрпағына үлгі бола алды.

XX ғасырдың 60-шы жылдары «Хрущевтік жылымық- тан» мүмкіншілік алып оянған ұлттық болмыс ұлттық са- наны жаппай қозғалысқа итермеледі. Кеңестік Одақтың республикаларында ұлтшылдық жаппай үлкен белең алды.

22

Әсіресе, ұлттық интеллигенция мен студенттік жастар қауымдастықтары ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі күшіне айналды.

Ата данқы, баба салты, өнегелі дәстүрі, айбарлы күші болған халықтың бұл жылдарғы жағдайы Қазақстаннан тыс қалаларда білім алып жүрген жастарды бей-жай қалдыр- мады. Мәскеуде өткен ғасырдың 60-шы жылдары бір мың екі жүзден аса қазақ жастары бір мезгілде білім алды. Рухы бай адамдардың үндестіктері қай жерде жүрсе де бірге шы- ғады. Қазақ жастары Кеңес Одағының түпкір-түпкіріндегі арасы алшақ республикаларда жүрсе де, бірін-бірі көрмей, естімей-ақ ой-армандары бір жерден шықты. Ұлтына деген сүйіспеншіліктері жастарды көп іс тындыруға, ізгілікті іс қалдыруға жетеледі. Білім алып жүрген жастардың бірігіп бас қосуы заман талабы, тірлік қамынан туды десек қателес- пейміз.

Заңғар жазушы Мұхтар Мағауиннің айтуынша, ХХ ға- сырдың 60-шы жылдарының ортасында қазақ руханиятын- да жаңа серпіліс басталды. Ұлттық танымға, рухани өмірге дұрыс көзқарас туды. Мәдениет, әдебиет, тарих салаларында қазақ қауымы жөнінде құнды еңбектер дүниеге келді. Ұлт- тық болмыс көрініс тапты. Ашаршылық пен соғыстан есін жинап, тұрмыс-жағдайы түзеле бастаған ел-жұртта ұлттық, отаншылдық сана оянайын деді.

Тарих ағымы кез келген халыққа өз даму барысында мүмкіншіліктер жасайды. Тарихта «кіндік кезең» деп санала- тын тұстар болады. Бұл кезеңде ұлттық сана оянып, серпіліс- ке түседі. Осындай тарихи мүмкіншілік белесін дұрыс, сәтті пайдаланып, қалған ұлттар үлкен табыстарға жетеді. Ой-са­на, діл, мәдениет тағы басқа салалар да жаңа үрдіс жолына түседі. Ұлт бойындағы жақсы қасиеттер сыртқа шығады. Зиялы, білімді, ұлтшыл азаматтардың жұлдыздары жанып, көш бастайды. Сол кезеңдегі ұлттың даму деңгейі, ой-бол- мысы, менталитеті, жоғары ұмтылысы екпінді болса, халық өз дегеніне жетеді. Дербес мемлекет болып, ұлттың көкейін- дегі армандары орындалады, экономикасы дамып, әл-ауқаты жақсарады. Ал ең бастысы, ұлттық рух оянып, халық етек- жеңін жиып, алдына үлкен- үлкен мақсаттар қояды.

Арман асулары 

Азаттық қозғалысы жөніндегі ойлар жастұлпарлықтарға сол 60-шы жылдары келді. Елдегі саяси өзгеріс ұлтын сүй- ген жас жігіттер мен қыздарға өз ықпалын күштеп тигізді. Әсіресе, «Жас тұлпар» ұйымының болашақ басшысы Әуе- зов қоғамдағы саяси өзгерістердің негізін ерте түсінген бола- тын. Бұл жерде жаппай қырғыннан жалғыз тірі қалған Алаш зиялыларының соңғы көзі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің тарихи орны ерекше болды. Ұлы жазушының тарихи-көр- кем шығармалары әсіресе «Қилы заман» повесі жастарға үлкен ой салған еді. Мұхтар Әуезов пен ұлы Мұраттың ара- сындағы ел өмірі, ұлт болашағы, мәдениет, тіл тағдырлары жөніндегі пікірлер «Жас тұлпар» қозғалысының идеялық алғы шарттары болды. Мұхтар Әуезов Алаш идеясының нәрін ұлы Мұратқа 1961 жылдың шілдесінде өзі дүниеден өткенге дейін беріп үлгерді.

Қазақстанның экономикалық дамуының сыртында кө- леңкеленіп мәдениет, тіл ғана емес, жалпы қазақ ұлтының құндылықтарымен бірге өзінің тарих сахнасынан жойылып кетуі тұрды. Тілі мен ұлттық ерекшелігінен айырыла бас- таған қазақтың төлтума мәдениеті социалистік идеология әсерімен интернационалистік, тексіз бағыт алды.

Мұхтар Әуезов ұлы Мұраттан көп дүние күтіп, ұлтына істер еңбектеріне сенгендігін ғұлама жазушының елдегі досы Кәмен Оразалинге жазған өсиет хатынан көруге бола- ды. Семейдегі достарынан ұлы Мұратты елмен таныстыру- ды өтінуінде үлкен саяси астар бар. Шындық тек халықпен шынайы араласып, соның мұң-мұхтажын, қажетін өз көзі- мен көргенде ғана ашылады. Семей - Алаш азаматтарының қаласы. Ұлы Абайдың рухы сақталған, зиялы үлгілі мекен. Ұлт тағдырының кешегісі мен бүгіні айдан анық көрінетін жер. Ел іші - қашан да өнегелі шежіре. Әкесі Мұхтар Әуезовпен көзі тірісіндегі әңгімелер, ой саналар енді жас Мұ- ратқа өсиеттей көрініп, нақты іс-шараларға жетеледі. 1961­1962 жылдар - Мұрат Әуезовтің әке арманын іске асыру жолдарын іздеу кезеңі. Бұған Мәскеудегі әлеуметтік орта, елдегі саяси реформалар да қолайлы жағдай жасады. Мәс- кеудегі жастардың өзара пікір алмасулары біртіндеп нақты істерге итермеледі. Елмен байланыс жасап, үгіт-насихат жүргізуге де мүмкіншіліктер туды. Абай мен Махамбеттің өлеңдері жастарға күш берді. Елуінші жылдардың соңында қазақ мәдениетінің көгінде жарық жұлдыз пайда болды. Бұл Олжас Сүлейменов еді. Оның «Арғымақтар» өлең жинағы Қазақстаннан тыс жерлердегі жастардың жастанып жататын кітабына айналды. Мұрат Әуезов бастаған Мәскеу қаласын- дағы қазақ жастарының Олжас Сүлейменовпен қоян-қолтық араласуы да жастардың ұлттық рухын көтерді. « Қазақ қа- шан еңселі ел болып, өрдегі өркениетті жұрттың қатарына қосылады?Адамзат көш -керуеніне қайтсек, еңсесін көтеріп ере алады? Неге қазақ елі артта қалды?» деген ойларын ор- таға салды. Тығырықтан шығатын жол іздеді. «Батыр баба- лардың ұрпақтары азғындаған аз топ коммунистерге, оның шолақ белсенділерінің бірі И. Голощекинге халқының жар- тысын аштан қырғызып қойып қалай қарап отырды? Әкесі- не қарап ұлы оқ жонған, шешесіне қарап қызы тон пішкен, аруаққа сыйынып рухтанған ер жүрек ұлттың осынша қасі- ретке шыдап отыра беретініндей не болды? Халқы, туыста- ры, бауырлары ашығып, қырылып жатқанда ел билігіндегі қазақтардың өңештерінен тамақ қалай өтті екен?! Неге біз көне мәдениет көздерінің иесі бола тұра, тарих көшінен қа- лып барамыз ?» деген ойлар жастұлпарлықтарға жатса да, тұрса да маза бермеді...

Өз пікірі жоқ адам ұлттық құндылықтарды танып біліп, қастерлей алмайды. Рухани деңгейі төменнің жан дүниесі олқы. Міне, неге коммунистер ана тіліне, дінге, ұлттық құндылықтарды жоюға бар күшін салды. Ұлттық ерекшелігін жоғалтқан адам тұлға болып, халқына қызмет жасай алмайды.

25

Алаш зиялылары ғана ерте замандағы батырлардың ерлігін жалаң айта бермей, бүгінгі таңда ұлтқа қалай қыз- мет жасау керектігін көрсетті. Ұлтты сүйді. Рухты шың- дады. Қазаққа көзсіз батырлық емес, ұлт болып ұйысудың жолдарын ұсынды. Жастұлпарлықтар Алаш зиялыларын осындай ұлағатты, ерекше көзқарастары, болашақты дұ- рыс болжай білгендіктері үшін пір тұтты. Рухы жоқтың болашағы жоқ екенін біліп, рух көзін мәдениет пен тарих- тан іздеді.

Қазақ жастары ұлттық ерекшеліктеріне тән Мәскеу- де жүрсе де ән-күйге көп мән берді. Мәдениет көзі ән мен жыр қазақтың қанына ұлттық ерекшелік болып сіңген. Ән елге, туған жерге деген сағыныш. Студенттер қалт еткен мүмкіншілікті бос өткізбей бір-бірлеріне барып, бас қосып ел жөніндегі әнгімелерін, әнмен жалғастырады. Ән мен күй елге деген сағынышты басады...

Туған елге деген сағыныш та қазақ үшін өмірдің бір ға- нибеті... Бұл сезім -мәңгілік. Ол өлгенде көрге бірге кетеді...

Жастар көбіне Абайдың әндерін айтып, қазақша сөйлеп үйренуге әдеттенеді.     «Абай жолы» эпопеясынан үзінділер

оқиды.

Дәрменнің монологын, І. Жансүгіровтің «Гималай» өлеңін жаттайды. Қазақ жастары Мәскеу қаласының сырты- на шығып, Правдинское көлінің, Пахра өзеннің жағасына се- руендеп, ақ сүйек ойнап, мақал мен мәтелден жарыс ұйым- дастырып, дастархан жайып, өлең-жырмен шер тарқатады. Ұлт болашағы жөнінде әнгімелер кеңінен етек алады. Қала сыртынан келе жатқан пойыз -электричка ішінде Әсия Мұ- хамбетова, Қорлан Рахимбекова тәрізді қыздар жол бойы қа- зақтың әндерін айтқанда, вагон ішіндегі халық ұйып тыңдап, қазақ жастарына ілтипат көрсетуді әдетке айналдырыпты.

Ал Мұрат Әуезовтің саяси тұлға болып, ерте шыңда- луына анасы Фатима Ғабитованың еңбегі өте зор. Фатима Ғабитова өте білімді кісі екен. Қазақтың үш бірдей біртуар азаматтарының жары болған Фатима апай өмір жолында көп айдауға ұшыраған, бірақ ешкімге намысын таптатпаған, ірі азаматтық дүниетанымда болған жан. Қазақ халқының асыл буыны - Алаш азаматтарының бел ортасында жүріп, солар- ға сай бола білген және қилы заманда оларды рухтандырып отырған. Ол әрқашан ұлы Мұратқа рухани күш беріп, әр адымын қадағалап, саяси көзқарасын, іс-әрекетін қолдапты. Мәскеудегі қазақ жастарының мақал-мәтелден жарыс өткі- зетінін естіген Фатима апай машинкаға 5 дана қылып 100 мақал -мәтел басып жіберуі соның дәлелі.

Жастұлпарлықтар саяси реформа берген қоғамдық жү- йелік мүмкіншіліктерді өз мақсаттарына дұрыс пайдалана алды. Бұл ретте МГУдің физика факультетінің студенті Ға- лым Әбілсейітов туралы айта кеткен жөн. Ол сол жылдары Бүкілодақтық студенттер құрылыс отрядтарының командирі болды. Студенттік құрылыс отрядтарының қасынан жастар- дың мәдени топтары құрылады. Мұндай мәдени, үгіт-наси- хаттық бригадалар конкурсқа қатысып, елді мекендерге ба- рып жұмыс істеуге жолдама алатын болған. Ол үшін мәдени шаралардың деңгейі, оқылатын дәрістердің бағыты, мазмұ- ны жоғары дәрежеде болуы ескертілетін.

Сөйтіп 1963 жылдың көктемінде Ғалым Әбілсейітов- тың кеңесімен болашақ жастұлпарлықтар «Жас тұлпар» ансамблін құрып, жолдама алу үшін байқауға қатысады. Мәскеу қаласының халық творчествосы үйінің комиссия мүшелері бағдарламаларында көп ұлттың әндері бар өнерлі жастарға бір ауыздан қолдау көрсетіп ансамбль I орын иеле- неді. Концерт жүргізуші Әбділдә Ботбаев, ән айтқан Қорлан Рахімбекова, Н. Байбулаева, Ерсайын Тапенов, Жамбыл Бас- паев, Жеңіс Қойшыбаев, Мырзағали Шотбаев, Алдар Тұң- ғышбаев, Марат Сейдалин және басқа да жастар көпшіліктің көңілінен шығады. Бұл жастұлпарлықтардың алғашқы жеңісі болды. Өкімет тарапынан қолдау табу, материалдық, қаржылану мәселелерін шешуге мүмкіншілік берді. Кон­цертик бағдарламалармен бірге, дәріс оқуға, үгіт-насихат жүргізуге жағдай жасалды. Жастұлпарлықтар өздерінің кон­цертик бағдарламаларын Жамбыл облысынан бастады. Ол жерде олардың қатарына Ташкенттен әнші Пулат Илдаров қосылды. Әсия Мұхамбетова сол алғашқы жеңіс күндерін бүгінде ұмытпайды:

«... Наша агитбригада из 14 студентов московских вузов заняла на отборочном смотре в райкоме комсомола первое место (представьте наш восторг и удивление москвичей других бригад)и была допущена к поездке. Этот волную­щий день я в деталях запомнила на всю жизнь. В программе концерта были казахские, русские песни и даже английские спиричуэлс (я аккомпонировала на семиструнной гитаре, которую пришлось срочно освоить), незамысловатые сати­рические сценки, стихи, Мыразгерей играл на домбре кюи. Конечно, это была программа самодеятельная, но очень иск­ренняя и задорная. Нас направили в Джамбулскую область.

Мы общались с аульной молодежью, днем играли в во­лейбол, футбол и казахские народные игры, о которых мы и не слышали в городе. Концерты шли вечерами, встречали нас на ура. Мурат после концертов проводил свои лекции. Интерес к его лекциям был огромный, приходили люди всех возрастов, практически все население аула, общение дли­лось часами. И вот тут-то открылось то главное, ради чего он организовал эту поездку. Он разумеется, рассказывал людям о международном положении, о произошедшем разрыве с Китаем, который тогда еще не был объявлен официально. Но основное время Мурат посвящал совсем другим проблемам. В1961 году был отменен запрет на выдачу паспортов кол- хозникам( т. е произошла своебразная отмена крепостного права), но на местах частенько старались оставить молодежь в аулах, и сельсоветы паспорта не выдавали. Информация для читателей, не живших в СССР. Без паспорта сельский человек не мог прописаться в городе, а без прописки невоз­можно было устроиться на работу или поступить в учебное заведение. Мурат объяснял молодым людям, что получение паспорта -их законное право, призывал никого не бояться, добиваться своего и обязательно ехать в города, продолжать учебу в ВУЗах. И эти призывы давали немедленный резуль­тат. К нему подходили за советом молодые, куда пойтти учиться, люди зрелого возраста обсуждали с ним свои проб­лемы. Были и уникальные случаи, когда подошел парень, с детства обученный арабскому языку дедом, но не знавшим, как продолжить образование. Мурат помог ему поступить на факультет востоковедения в МГУ. Тогда же мы встрети­ли молодого Амангельды Сембина, обладателя уникальной красоты тенора, который с нашей подачи поехал поступать в Московскую консерваторию. К сожалению, после консерва­тории его артистическая карьера рано оборвалась, но многие до сих пор помнят его редкий голос и удивительное пение. Многим Мурат помог в дальнейшей учебе и судьбе. И эту миссию сознательного служения людям он принял на себя уже в двадцать лет!!!»

Қазақ халқының «кіндік кезеңінде» 1963 жылдың қара- ша айында Мәскеу қаласында «Жас тұлпар» ұйымының ресми құрылып, тарих сахнасына шығуы - осындай рухани қажеттіліктен туды. Жастұлпарлықтар Кеңестік өкімет қол- данған интернационалистік идеологияның қазақ ұлтының тамырына балта шауып жатқанын жәй біліп отыра берген жоқ, оған ұлт құндылықтарын, қазақ өнерін қарсы қоюға ұм- тылыс жасады. Өмірдегі қасіретті өнердегі көркем дүние ар- қылы көпшілікке жеткізу қазақтың сүйекке сіңген ата салты.

Сол күндерді Аймұқан Таужанов былай еске алады: «1963 жылдың алтыншы қарашасында біздің институттың (Мәс- кеу энергетикалық институты) асханасында қазақстандық студенттердің тұңғыш рет бас қосу кеші ұйымдастырылды. Осы кеште «Жас тұлпар» ұйымы құрылып, оның жетекшісі болып Мұрат Мұхтарұлы Әуезов тағайындалды. Мен ұйым- ның оқу секторы Мәскеудегі қазақ жастары оқитын бірне- ше институттың кураторы болып бекітілдім. Ол кезде қа- зақстандық жастарды ешнәрсенің анық-қанығына бармай жатып, оқу орындарының басшылары оп-оңай институттан шығара салатын. Қазақ студенттерінің тағдыры олар үшін ойыншық сияқты болатын. Менің міндетім осы мәселенің түйінін шешу еді. Іс нәтижесіз болған жоқ. Мәскеудегі Қа- зақстан өкілдігіне барып, онда істейтін Ғалым Сүлейменов дейтін ағамызбен ақылдастым. Қазақстандық студент тағдыры талқыға түскен кездерде ол іске өкілдіктің де іске араласуын өтіндім. Бұл ұсынысымыз ағаларымыздан қолдау таппай қалған жоқ. Нәтижесінде Қазақстандық студенттерді өкілдіктің келісімінсіз оқудан шығаруға болмайтындығы жөнінде заңды талаптарға қол жеткізгенбіз. Бұл бір жағы- нан бізге өкілдікпен тығыз байланысып тұруға мүмкіндік жасады. «Жас тұлпар»ұйымының атынан жағдайы төмен студенттерге материалдық көмек сұрау жөніндегі өтініш қа- ғаздарды өкілетке жеткізіп отыру да менің міндетіме кірді. Қуантарлығы өкілдікте істейтін азаматтардың қазақ жаста- рына деген ықыласы ерекше болатын. Өкілдік орналасқан ғимарат - кішкентай Қазақстан сияқты еді. Онда біздің «Жас тұлпар» деп аталатын қабырға газетіміз үнемі ілініп тұрды».

Тәуелсіздікті аңсаған тұңғыш жастар қозғалысының көш басында Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжанов, Алтай Кадыр- жанов, Әнуар Сартбаев, Болат Хисаров, Темірхан Бектібаев, Серік Байкенов, Мақаш Тәтімов, Советқазы Ақатаев, Марат Балтабаев, Базар Дамитов, Жеңіс Өмірбеков, Бекен Дүйсе- баев, Құтжан Құнапина, Жәмилә Аухадиева, Қалқаман Ті- леуханов, Өмірсерік Қасенов, Алдар Тұнғышбаев, Әсия Мұ- хамбетова, Ағлаш Жалдыбаева, Дәмелі Машанова, Арлоп Ахметов, Сара Тыныштығұлова, Дәмеш Белесарова, Аман- гелді Сембин, Мұқан Орынбеков, Бекеш Шәкірбаев, Аймұ- қан Таужанов, Раушанбек Абсаттаров, Роза Бердіғалиева, Нұрлан Әбішев, Сағынтай Тойтанбаев, Шұға Алдабергено- ва, Шарапат Жапаров, Қазбек Тәттібаев, Марат Сейдалин, Мырзағали Шотқалиев тағы басқалары болды. Жастұлпар- лықтардың бәрі дерлік өз ойларын жетер жеріне жеткізе алатын, сөздері өткір, топ жарған Ресейде оқитын қазақтың жайсаң ұлдары мен қыздары еді.

Қорқыт ата, Асан ата, Бұхар жыраудай ұлтымыздың ал­тын діңгектерінің жалғасы Алаш зиялылары болса, солардың барлықтарының ой-армандарын өздеріне ту қылған жаңа ұр- пақ тарихқа «Мен қазақпын» деп атойлап кірді. Орнында бар оңалар. Тәуекел түбі жел қайық, өтерсің де кетерсің. Нар тәуекелге бармасқа амалдары жоқ. Күш-жігер, ар-намыста- ры кеуделерін қысқан қазақ жастары күреске шықпай тұра алмады. Жастұлпарлықтар Алаш зиялыларындай басшысы дана, қоғамы дара, ел еңсесі биік, ердің бағы жанып, ұлты бақытты болатын кезеңді аңсады.

Ұлттық мүдде, болашақ ұрпақ қамы болатын ой-арман Мәскеу, Ленинград және басқа Ресей қалаларында оқитын қазақ жастарының басын біріктірді. Олар жас болса да ұлт тағдыры үшін өздерінің жауапкершіліктерін сезді. Қазақ қоғамының өткен асылдарын жоғалтпай өркениет көшінен өзіне тиесілі орын алуын көкседі. Адамзат тарихында не іс- телсе де ұлттық мүдде үшін істелетінін көрсетті.

Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастыруда- ғы ең биік белес болған Алаш қозғалысы десек, 40 жылдан соң сол Ұлы арманды халқына жеткізуге талпынған «Жас тұлпар» ұйымы болды. Мұрат Әуезов өз естеліктерінің бірінде «Жас тұлпардың» құрылуын былай сипаттайды:

«Біз өзіміздің кім екенімізді, тарихымызды білгіміз келді. Қазақ ұлтына жасалып отырған әділетсіздікті көрдік. Сол уақыттарда қазақ мектептері жабыла бастады. Семей по- лигонында ядролық жарылыс жүргізілді. Қазақстанның бес облысын қамтитын Тың өлкесі құрылып, оған сырттан неше түрлі адамдар әкелінді. Бес облыс үшін бір ғана қазақ газеті шығарылды. Оның өзі орысша басылымның аударма- сы. Ашаршылық туралы естігеніміз бар. Ешқандай деректер жоқ, бірақ ата-аналарымыздың, үлкендердің әңгімелерін тыңдағанбыз. Ақиқаттың ашылмай жатқанын ішіміз сезіп жүрді. Қазақтың атылған ақын-жазушылары, Алаш зиялы- лары ол тағы бар. Осының бәрі біз сияқты жалындап тұрған жас жігіттерді ойға қалдырды. Біздің ой-пікіріміз қалыптаса бастады. Екінші-үшінші курстан бастап экономиканы оқы- дық. Қазақстанның шикізат базасы екендігіне, отарлау сая- сатының құрбаны болғанына көз жетті.

Болатхан Тайжан, Алтай Қадыржанов, Әнуар Сартбаев және мен төртеуміз бір жарым айдың ішінде 46 жатақхананы аралап үгіт-насихат жүргіздік. Барған жерде Болатхан мен

Алтай қазақ әндерін айтады, Ілияс Жансүгіровтің «Гималай» деген өлеңін оқиды.

Тоқ қарыны басылған,

Аш қарыны ашынған,

Тұман әдет, қар сәлде,

Арылмаған басынан.

Құлғанасы құл жайлап,

Ғасырдан шіріп сасыған,

Дертке дене толғандай...

Сол бір дертке ем қонбай,

Жаны жара, тәні ауру Гималай сорлы, сормаңдай...

* * *

Гималайда қуат бар,

Қозғалды оны құрауға.

Гималайда ұлы от бар,

Таянып тұр, тұтауға.

Гималайда улы оқ бар,

Құл атады құдайға.

Болса болар, болғандай...

Көксеп күн мен көк орай,

Дейтіндерге неге олай?

Айтар сонда Гималай!

Бұл өлең қазақ жастарының рухын көтеретін өлең болды. Сөйтіп, Мәскеуде оқитын қазақ жастарының басын қостық. Ең бастысы, біздің қазіргі жастардан айырмашылығымыз - жауымыз анық болды. Ол - отаршыл Қызыл империя. Ке- ңес одағын өзге халықтарды қанап отырған отарлаушы деп түсіндік. Сөйтіп, оған қарсылық білдіруге тырыстық. Әсі- ресе шет елдерде болып келген алғыр ойлы, саяси сауатты дипломат Болат Тайжанның қосылуы «Жас тұлпар» ұйымын жаңа сатыға көтерді».

Әр заман әркімнің алдына өз сұрақтарын қояды. Өмір, тәжірибе, мақсат та әр түрлі болады. Жастұлпарлықтардың Отанының тағдырына байланысты мақсаттары айқын бол­ды. Тұманды күнгі дүниедей әлдебір буалдыр ұғымға мал- данып жүре беретіндердің саны көбейген заманда жастұл- парлықтардың саяси аренаға шығуы Ұлттық рухымыздың барлығының көрінісі. Қазақтың бойында қашан да ұлттық рух сөнбеген.

Жастұлпарлықтар басқа қалаларда ұйымның бөлімше- лерін ашудан басқа үш бағытта жұмыс жасады. Бірінші бағыт, Қазақстаннан тыс жерде оқитын қазақ жастарына көмек көрсету. Ұйымшылдық, бауырмашылық және қол- қабыс мәселелері. Екіншісі, қысқы-жазғы демалыс кез- дерінде қазақ ауылдарын аралап, елмен танысу, бұқара халықпен тікелей байланыс орнату. Үшінші бағыт - бұл ұлт мәселесі. Кітапханалардағы ұлттық мәселеге байла­нысты кітаптарды зерделеу. Ұлттың өткені мен болашағы тағысын тағылар жөнінде кең көлемдегі пікір алысулар. Жалпы бағдарлама үш бағытта ғана болғанымен олар ал- дарына үлкен көп салалы, жан-жақты мақсаттар қоя алды. Ең бастысы, тарихымызды түгендеуге, рухани болмысы- мызды бүтіндеуге жол іздеді.

Жастұлпарлықтар Алаш ақын-жазушыларының еңбек- терімен бірге Махамбеттің творчествосына үлкен мән беріп, құрметпен қарады. Олар Махамбетті ел атынан сөйлеген ер, азаттықтың жаршысы деп санады, өлеңдерін жаттады. «Исатай-Махамбет» көтерілісін ұлт-азаттық көтеріліс деп үлгі алды. Махамбеттің азаттық ой-танымын танытар жан тебіренісі, бостандықты аңсауы жастұлпарлықтардың арман -мақсаттарымен ұштасып жатты.

Ұлтының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, болашағын бол- жап, сол жолда қандай да қиыншылықтарға шыдаған Алаш зиялыларының өмір жолдарын өздеріне үлгі тұтқан жастұл- парлықтар «тәубе» деп іске кірісті. Осы кезеңдерде қазақ қоғамында түрлі мамандықтарды кәсіби деңгейде игеруге ұмтылған жастардың легі көбейді. Ауылдың балалары Ал- матыға, қала берді облыс орталықтарына ұмтылса, қалалы жердегі қазақ зиялыларының балалары Мәскеу, Ленинград, Киев, Рига қалаларынан білім алды. Әсіресе, Мәскеу және Ленинград қалаларындағы университеттерде талантты жас- тар көптеп оқыды. Білімді жастар ұлт тағдыры үшін мо- йындарындағы борышын атқаратын заман келгенін түсінді. Жастұлпарлықтар Мәскеу, Ленинград, Киев және басқа қа- лалардағы ең күшті, демократиялық үрдіс ертеден қалыпта- сып, жалғасқан атақты университеттерде оқыды. Олардың білім алған, араласқан орталары 60- шы жылдардағы ең білімді, демократиялы, озық орта болды.

Мәскеу қаласындағы жоғары оқу орындарының ішінде МГУ, Бауман техникалық училищесі, байланыс және мәде- ниет институттарында оқитын қазақ жастары белсенділік көрсетіп, «Жас тұлпар» қозғалысын құруға көп еңбек сіңірді. Бауман училищесінен Болат Хисаров, Байланыс институ- тынан Анвар Сартбаев, Мырзағали Шотқалиев, Мәдениет институтынан Марат Балтабаев сияқты талантты жастар шығып, ұлт тағдырына байланысты іс-шараларға ұйытқы болды.

«Жастұлпарлықтар» Алаш зиялыларының ұлттық идея- ларын ту қылып ұстады. Өнер атаулының барлығы ұлттық рухтың көрінісі деп есептеді. Қазақтың өмірі мен өнері егіз! Өздерінің ой-мақсаттарын бұқара халыққа жай жалынды сөздерімен ғана емес, ұлттың жан сарайынан шыққан ән мен күй арқылы жеткізуге тырысты. Парықсыз құлдық санадан тезірек арылудың бірден-бір жолы ұлттық мәдениет пен ана тілінің дұрыс дамуына байланысты деген тұжырымда бол­ды. Концерттік нөмірлер арасында Қазақстанның кешегісі мен бүгіні, болашағы жөнінде сөз қозғау ыңғайлы және нә- тижелі болды. Мәдениетті көрсету барысында өздерінің сая- си мақсаттарын насихаттай алды. Биліктің шектеулерін бұ- зып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз істерін Кеңес Одағының түкпір-түкпіріне жеткізе алды.

Жастұлпарлықтардың көркемөнерпаз үйірмелері алғаш- қы концерттерін Мәскеу, Ленинград қалаларында студенттік ортада берді. Қазақ жастарымен бірге басқа ұлт өкілдерінің студенттері де қазақ елінің асқақ әнін тыңдап, аса бір күшті сезім құшағына енді. Айтылған әндердің мазмұнын орыс- шаға аударып, түсініктеме берумен бірге, шығу себебіне, маңызына тоқталды. Міндетті түрде елдің тарихына шолу жасалып, өлеңді шежіремен байланыстырып отырды. Сол күндерді Сара Тыныштығұлова «Бір үйдің балаларындай едік», - деп былай еске алады: «Ол кездерді ұмытуға бола ма?!Мәскеуде эстрадалық студияда оқыған жылдарым әлі күнге есімнен кетпейді. Қазақ жастары соншалық ұйымшыл тату еді. Біз бір-бірімізбен туған бауырлардай араластық. Жекелеген жігіттердің жетістіктеріне бір үйдің балаларын- дай бірге қуандық. Желігіп қызық қуып жүрген біраз жігіт «Жас тұлпардың» арқасында есею жолына бет бұрды, архив- тер мен кітапханаларды қопарды. Біз - қыздар өзге ұлт өкіл- дерінің алдында жігіттеріміздің қажет жерінде қол бастар көсем, сөз бастар шешен де бола алатындығы үшін мақтана- тынбыз. Ауылдан ұзап шықпаған біздер үшін «Жас тұлпар- дың» белсенді азаматтары туған ағамыздай жанымызға жа- қын болды. Мен Марат Балтабаев басқаратын «Жас тұлпар» ансаблінің әншісі болдым. Репертуарыма көптеген ұлттың әндерін еңгіздім. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып », ха- лық әні «Қарғаш», Шәмші Қалдаяқов пен Әсет Бейсеуовтің сол жылдары дүниеге келген әндері біздің ұранымыз секілді болатын, жиі орындалатын. Мәскеуде жүріп екі бірдей те- лефильмге түстім. Студент әнші үшін бұл өте үлкен табыс еді. Бұл үшін менен бұрын «Жас тұлпарлықтар» қуанып, жиын-кештерде құрмет пен қошаметке бөлейтін еді. Олар- дың ниеті мен пейілі сағынып жүрген өз туған ауылыңды Мәскеуге көшіріп әкелгендей эсер қалдыратын. Жат жер- де қазақ қыздарына қамқор болған сондай азаматтармен бірлесіп жұмыс жасағаныма әлі күнге мақтанамын. «Жас тұлпар»ұйымы маған туған халқымның дәстүр-салты- на, өнері мен әдебиетіне зор құрметпен қарауды үйретті. «Жас тұлпар» арқылы мен халқымның қадір қасиетін та- ныдым ». Сара Тыныштығұлова Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін өз репертуарынан сонау сту­дент күндерінен түсірмей орындап келе жатқан халық

35

 

әншісі. «Менің Қазақстаным» әні айтылуының астарында Тәуелсіздік үшін күрес рухының шыңдалуы жатты.

«Жас тұлпарлықтар» Тәуелсіздіктің басы сонау ата-баба арманында жатқанын, олардың ой түйсіктерін Алаш зиялы- ларының іске асырмақшы болғанын жақсы түсінді. Азаттық үшін болған көтерілістер мен шайқастағы азаматтардың не үшін құрбан болғанын жадыларына сақтай білді. Өс- кен орталарына сай, жастайларынан ұлттық сана мен сана тәуелсіздігін бойларына қалыптастыра алды. Халқының та- рихын біліп, басқа ұлттардан артық болмаса кем еместігі- не көздері жеткендіктен батыл болды. Ерте ме, кеш пе хал- қының тәуелсіз жеке мемлекет болатынына сенді. Ұлтына сенімі армандарымен ұштасқан білімді ұлтшыл жастар еш- теңеден тайынбады. Ана тілін, дінін, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін күрес құралының көзіне айналдырды.

Ұлттық идея - ұлттың еңсесін көтеріңкі ұстап дамуы бол- са, жастұлпарлықтар Ресейде жүріп, «Мен қазақпын» деген мақтаныш сезімін қалыптастыра алған жастар. Отаршыл- дықтан көзін ашпай қырылып, езіліп, өткені қараланып, бо- лашағы мүшкіл елдің жастарының бұл қайсарлығының өзі ерлікке пара-пар еді.

«Жас тұлпарлықтар» өз ұлтының мәдениетінің, әде- биетінің, әдет-ғұрпының тарихын, ана тілін кемітіп қаралап отырған мемлекеттік саясатпен келіспейтіндерін ашықтан- ашық білдірді. «Қазақ елі», «Қазақ жері» деген ұғымдарды жоюға жол бергілері келмеді. 40 ғасырлық тарихы бар қа- зақ ұлтын Кеңес өкіметінің жоққа шығаруын әділетсіздік, барып тұрған сұрқиялылық деп тапты. Қазақтың қалыпты, мәдени ерекшелігін сақтауды ата-баба аманаты деп түсінді. Басқа ұлттардан тереземіз кем болмасын, ел-жұрт болайық, бұл - бабалар алдындағы киелі міндетіміз, мойнымыздағы парызымыз деп іске кірісті. Жастұлпарлықтар алдарына қойған мақсаттарына ерте ме, кеш пе жететіндеріне сенді. Әділеттілік, жақсылық қашан да үстемдік құрады. Егер жақ- сылықтың мерейі үстем болмаса, адамзаттың өз деңгейінде өркендеуіне қабілеті болмас еді. Өзіндік ерекшелік сақтап

36

 

ұлт болып қалыптасып, адами құндылықтар жасай алмас еді. Ағысқа қарсы жүру ниеті қай қоғамда болсын өте қауіпті екенін ескерсек, «Жастұлпарлықтарды» өз дәуірінің батыр- лары деп мақтанышпен айта аламыз.

Адам санасындағы ең жоғарғы саты - ұлттық болмыс. Ұлт болу мыңдаған жылдарда қалыптасатын ұзақ процесс. Ал адамзат тарихындағы ең әділетті күрес - ұлт азаттығы үшін күрес. Азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, тәуелсіз мем- лекет құру - халық арманы. Бұл арман «ұлт» деген ең қа- сиетті, ең киелі сөздің құдіретінен туады.

«Жас тұлпар» ұйымының басқа ұйым, қозғалыстардан ерекшелігі де, артықшылығы да оның ұлт болашағы көзін басқа ел, басқа ұлттан емес өз халқынан іздеп, соған сен- гендігінде. Жастұлпарлықтарды ұлттық болмыстың пісіп, сананың оянуы төл тарихымызды білуге ұмтылдырады. Ол міндетті түрде қолымызды Тәуелсіздікке ерте ме, кеш пе, жеткізеді деп сенді.

Тарихты бұрмалап, халықты қаралаған саясатқа осыдан 50 жыл бұрын қарсы тұруға тырысқан жастардың басының бірігуі ұлттық рухтың, жігердің күштілігі. Социалистік идея- мен уланған елде өссе де жастардың ұлттық сезімдерін жо- ғалтпауы таңғажайып қасиет. Мұндай ғажаптылық жастұл- парлықтардың қанына сіңген ұлтшылдықтарынан, шыққан тектерінен еді.

Зиялы қауым ұрпағы қаны су болып кетпесе, қашан да текті. Тектілік адам бойындағы жақсы қасиеттердің, пара- саттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани са- бақтастылықпен беріледі Тектілік құбылысы жаны жақ- сы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, ділдік, психологиялық адами қа- сиеттер. «Тектен нәр алған тозбайды».

Ұлт мүддесі үшін бірлік ұстанымын жастұлпарлықтар мызғытпай берік ұстады. Мысалы, ұйымның «Жас тұлпар» деп аталу төңірегінде де көп ұсыныстар болыпты. Алаш идеясын ту қылып ұстаған жастардың біразы Алаш зиялы- ларының көп шоғырланған өңірі, қазақ жерінің батысы мен

37

 

шығысын, солтүстігі мен оңтүстігін бір-біріне байланысты- рып тұрған өлке - Сарыарқа сондықтан Сарыарқа болсын депті. Бірақ Сарыарқа аталса бөлінгендей, тек бір өңірмен шектелгендей болармыз, идеямыз, ұранымыз Алаш болса да жылқы мінезді қазақтың сүйікті атауы Тұлпар, біз жаспыз сондықтан «Жас тұлпар» болайық деп шешіліпті. Біз бұдан жастұлпарлықтардың жершілдіктен, рушылдықтан әу бас- тан-ақ жоғары тұрғанын көреміз. Ата-бабаларымыздың бөл- шекке емес, бірлікке сенген, бөтендікке емес, туыстыққа бас ұрған қасиеттеріне сүйенді. «Бір қазақтың баласымыз, ұра- нымыз Алаш» деп бөлінбеді, бірлікті биік ұстады. Ел намы- сы, бүкіл қазақтың мерейі, болашақ ұрпақтың мүддесі үшін алдарына ұлы мақсаттар қойды.

Қазақ үшін «Ер қанаты - ат». Жылқы қазақ даласының екінші есімі. Ұлы даланы меңгеру үшін, осынша шалғайлық- ты қаусыру үшін қазаққа тек аттың ғана жалы мен белі, тұя- ғындағы желі керек болды. Өзінің ұлттық тарихында бүкіл тұрмыс тіршілігі тек қана атқа байланысты, жылқы малына қатысты ұлт - қазақ ұлты. Тарихтағы қиян-кескі жорықтар, дала үшін ұзақ қантөгіс қырғындар ат арқасында өткен. Қа- зақтың: «Адам - жылқы мінезді» дейтіні өмір философия- сынан алынған. Ана сүті мен жылқы сүті - біздің тарихы- мыздың басы. Жабыдай сүрінбейді, арғымақ ат. Тұлпарлар - өнер тарихымыздың ұлы тарауы. Ол тарауларсыз даланы, туған жеріңді тану, сүю мүмкін емес. Жастардың ұлтының азаттығы үшін күрес ұйымы «Жас тұлпар» аталуы - тарих- ты, қазақтың болмыс-сана, ұлттық ерекшеліктерін жақсы білгендіктің дәлелі.

Ағылшын ғалымдары жылқының алғаш рет Қазақстан- ның солтүстігінде қолға үйретілгенін және қымыздың пайда болғанына бес жарым мың жыл болғанын дәлелдеді. Жылқы малының алғаш қолға үйретіліп, тұрмыстық қажеттілікке пай- даланылуы адамзат тарихын жаңа белеске көтеріп, қоғамдық саяси дамуға түбегейлі өзгерістер әкелді. Ботай мәдениет қаз- баларынан мыңдаған жылқы сүйегі табылуы - біздің ата-баба- ларымыздың өмір сүру деңгейінің жоғары болғанының дәлелі.

38

 

Ал санасы тұнық, зердесі ашық «жастұлпарлықтар» қа- зақ халқының Еуразия даласындағы түркі халықтарының негізін қалаған ең көне тайпа екендігін біліп қана қоймай, білдіре жүрді.

Жастұлпарлықтар қазақ жерінің түкпір-түкпірлерінен шыққан аса дарынды, жан-жақты талантты жастар. Бұ- лардың бәрі де ұлтшыл болды. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны істейсің. Әр адам өзінің балалық әлемінен, жанұя тәрбиесінен тамыр тартқан танымына байланысты қуа- ныш-жұбаныш дауасы, ой түбінің тереңдігі, қиялының шарықтау аясының болатыны белгілі. Жастұлпарлықтар- дың барлығы дерлік зиялы, оқыған, текті жанұядан шық- қан жастар еді. Замана ағымына сай олардың ой-пікірлері мен іс-әрекеттері ел арасына тез арада кеңінен тарады. Қазақ ұлтының тарихы, мәдени-рухани өміріндегі ке- леңсіздіктер кімді болсын жайбарақат қалдырмады. Ұлт арманы сана тәуелсіздігіне жетелеп «ұзын құлақтан»жет- кен жастұлпарлықтардың іс-әрекеттері елді елең еткізді. Жастұлпарлықтардың сөздері шын, істері әрдайым нық шықты. «Жас тұлпар» ұйымының кең ұлттық көлемде мәдени-ағартушылық, саяси қозғалысқа айналуы қазақ ұлтының өз болашағына немқұрайлы қарамайтынын көрсетті. 1963 жылдың қысында жастұлпарлықтар мә- дени-ағартушылық іс шараларын Ресейдің Омбы облы- сындағы қазақтар шоғырланып қоңыстанған мекендер мен Жамбыл облысынан бастады. Тек бір Жамбыл об- лысында 90 концерт беріп, 50 дәріс оқыды. Ықылас, ыж- дахат болса бәрі де болады.

Өлең айтып, би билеп өнер көрсеткен жастар көпшіліктің ризашылығына бөленді. Орталарынан Жәмилә Намазбаева сияқты әнші қыздар шықты. Концерттерге училищелерде оқитын Рамазан Бапов, Дүйсенбек Накипов, Раушан Бай- сейітова сияқты жас таланттар да қатысып, жастұлпарлық- тардың мерейін өсірді. Жамбыл облысында жастұлпарлық- тарға халықтың сүйіктісі - вальс королі Шәмші Қалдаяқов жанашырлық көрсетті. Қанаты қатты заманның жас ұл мен

39

 

қыздарының халқының қамын жеп, Алаш зиялыларының ізін қуып, тағдырларын қалап алулары қатты толғандырған Шәмші Қалдаяқов Мағжан Жұмабаевтың «Сен сұлу» өлеңі- не ән жазды. «Әйтеуір сол қыз бір сұлу» - деп Алашшыл ұлы ақынды өзін іздеген ұрпақтарымен етене жақындатқы- сы келді. Мағжанның өлеңін «халық әні» деп, музыка жазып елге тарату ол жылдары тұтқынға өз еркіңмен түсумен бір- дей болатын.

Жастұлпарлықтар елдегі ниеттес, рухтас талантты жас- тарды өз қатарларына тартты. Мұндай талантты жастардың алдыңғы шебінде кереметтей сезімтал домбырашы Мүлка- ман Қалауов жүрді. Ол «Жас тұлпар» тобымен ел аралап қа- зақтың киелі домбырасымен Брамстың «Венгерский танец» шығармасын асқан шеберлікпен орындап, үнемі халықтың шынайы сүйіспеншілігіне бөленді. Көпшіліктің көңілін кө- теретін талантты әнші-күйшілердің қатарында Бейсен Нұр- пейісов, Жеңіс Қойшыбаев, Марат Бітібаев, Әсия Нұрмат, Лидия Тулешева, Әсия Жансеитова, Сардар Татубаевтар жүрді. Бұл мәдени іс-сапарларды Мұрат Әуезов, Болатхан- Тайжан, Алтай Қадыржанов, Хорлан Рахимбекова, Әсия Мұ- хамбетова, Клара Ашықбаева, Аймұқан Таужановтар ұйым- дастырды.

«Жас тұлпар» ресми 1963 жылдың қарашасында құры- лып, жұмысын бастағанымен кең көлемдегі белсенділігі 1964-1965 жылдары арта түсті. Екі жылдың ішінде Ресейдің қазақ жастары оқитын қалаларының бәрінде және Рига, Киев, Харьков қалаларында «Жас тұлпардың» бөлімшелері ашылды. Ол жердегі ұйымдастыру жұмысын жастұлпарлық- тардан тұратын комитеттер басқарды. «Жас тұлпар» ұйымы Мәскеу қаласында орналасқанымен оның Ресейдің басқа қа- лаларындағы бөлімшелері де жақсы жұмыс істеді. Әсіресе Ленинградтағы студенттер Сәрсенғали Қоспанов пен Марат Сембин басқарған ұйым белсенділік көрсетті. Олар Ленинг­рад пен Қазақстан арасындағы достық мәдени байланыстар- дың тарихының тереңге кететінін, Кеңес Одағына дейін де байланыстардың күшті болғанына тоқталып жүрді. Ленинг-

40

 

радтағы «Арай» ұйымының құрылуы жөнінде тарихшы-ға- лым Марат Сенбі былай еске алады:

«...1964 жылы қарашаның төртінде Ленинградқа «Жас тұлпардың» біраз жігіттері келеді деген хабар алдық. Бұл ұйымның атқарып жатқан істері жөнінде хабарымыз мол бо- латын. Содан қойшы, қазақ студенттерінің барлығы оларды күтіп алуға қам жасадық. Күткен күннен кешікпей Мұрат Әуезов бастаған Алтай Қадыржанов, Болатхан Тайжанов, Мақаш Тәтімов сияқты бір топ азамат Ленинградқа келді. Біз жоғарғы оқу орындарының бәрінде кездесу өткіздік. Нәтижесінде «Жас тұлпардың» Ленинградтағы бөлімшесін ашу жөнінде ұйғарымға тоқтадық. Атын «Арай» деп қой- дық. Оның жетекшісі болып Сәрсенғали Қоспанов дейтін үлкенмен де, кішімен де тіл табыса алатын өте пысық азамат тағайындалды. Ол досымыз әлі күнге Ленинградта тұрады. Жастық шақтағы күш-жігер екпінмен қазақтың жыртысын жыртып, ұпайын түгендеуден жалығар емес. Қазір Санкт- Петербург және Ленинград облысындағы қазақтардың «Ата мекен» мәдениет орталығын басқарады.

Біз жұмысты ән-би ансамблін құрудан бастадық. Көп уза- май Ленинградтағы жоғарғы оқу орындарынан қазақтың ән- дері естіле бастады. Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлері күмбірлеп жатты. Біздің бойымызда қазақ болғанымыз үшін мақтаныш сезімі күннен-күнге ояна бастаған-ды. Тіпті тілге деген құрмет дәл сол жылдары айырықша мәнге ие болды десем, артық айтқандық емес. Орыс тілді құрдастарым ана тілін үйренуге бет бұрды. Тіл проблемасын көтергендер де солар болатын. Неге десеңіз, олар барынан, байлығынан айырылып бара жатты ғой. Жанталасуы заңдылық. Қазір оған ешкімді сендіре алмайсын. Қалай десек те орыс тілді қазақ достарымда орыстарға деген өкпе, империялық саясат- қа қарсылық сол кездің өзінде басым болатын. Оны өз басым аяқ астынан пайда болған құбылыс деп есептеген емеспін. Мен орыс мектебінде оқыдым. Тілім орысша шықты.

Біздің сыныпта Олег дейтін орыс баласы бар еді. Бір күні сызу сабағынан үйге берілген тапсырманы орында-

41

 

май келіпті. Жанталасып жүріп менің сызбамды көшіріп алды. Сабақ үстінде мұғалім оған бес деген баға қойып, маған төрттің төңірегінен орын сайлады. Күйіп кеттім. Көшірме - көшірме, түпнұсқа - түпнұсқа ғой. Олегке қойылған баға менікі болуы керек емес пе? Мұғаліммен айтысқанымнан түк пайда болмады. Бәрібір жеңді. Орыс болғандықтан жеңді. Осындай нәрселер біздің бала жү- регімізге «ұлы халыққа» өкпе-реніштің ұрығын сәт санап сеуіп жатқан-ды.

Бір күні әлдебір азаматымыз Голощекиннің тірі екенін біреуден естіпті. Оның тірі екеніне кәдімгідей иланып қал- ған Ленинградтың политехникалық институтында оқитын Жақып дейтін азамат: «Жігіттер ол иттің баласын қалай- да өлтіруіміз керек. Оның жер басып жүруге хақысы жоқ» деп, отырғандарға сұраулы жүзбен қарады. Бәріміз Голоще- киннің тірі- тірі емес екендігінде шаруамыз жоқ, Жақыптың ұсынысына түрлі -түрлі жауап бергеніміз есімде. Мұны ал- бырттық десек те, әйтеуір жастардың жүрегінде, қанында ғаламат рух буырқанып жататын. «Толыққанды білім алмай қазақ жігіттері Қазақстанға бармайды» деген ұранымыз да болды. Үлгерімі нашар студенттерге ұстаздық жолда жүрген ұлты қазақ ағаларымыз арнайы қосымша сабақ өткізетін еді. Уақыт бізді сондай рухта тәрбиеледі».

Сәрсенғали Қоспанов Ленинград қаласында оқитын Бо- лат Тұрсынов, Ерік Садықов, Орынбасар Ысқақов, Аман- гелді Нұрпейісов, Сәния Шайхина, Тимур Сүлейменов, Мейрам Тұманов, Эдуард Садықов, Амангелді Сатпаев сияқ- ты талантты жастарды төңірегіне топтастыра алды. Сәния Шахинасыз бірде- бір ойын-сауық өтпейтін болған. Пиа­нист Сәния жастардың мақтанышына айналды. Ал матема­тик Болат Тұрсынов атақты ғалым Лев Гумилевтің шахмат ойнайтын сүйікті әріптесі болған. Болат Тұрсынов арқылы жастұлпарлықтар Лев Гумилев пен кездесіп пікірлескен, тәлім алған. Жастұлпарлықтардың осындай мүмкіншілігін Ақселеу Сейдімбек те пайдаланған. Ол әдейі барып, бірне- ше рет Лев Гумилевпен кездесіпті. Көне түркі мәдениеті,

42

 

көшпенділер өмірі жөнінде пікір алысыпты. Ленинградтық- тардың «Арай» ұйымы да Қазақстанға келіп, өнер көрсетіп, үгіт-насихат жүргізді.

Ресей империясының астанасы болған бұл қалада оқы- ған қазақ жастары ерекше саяси күйде болды. Бір жағынан Ленинград «революция бесігі» болса, екінші жағынан үлкен мәдениет орталығы, зиялы қауымы өткенмен сабақтастығын үзбеген, тарихын мәпелеп сақтай білген қала. Тіпті патшала- рының еңбектерін әділ бағалап, ескерткішін бұзбай қорғап, өткеніне тағзым қылып, мұражайлар салған қала. Мәдениеті мен әдебиетін аспандата ұстап, басқаға үлгі болған қалада жүрген жастардың көкейіне күндіз-түні «біздің хандарымыз, жиғанымыз, ата-бабаларымыздан қалған мұралар қайда» деген ойдың келгені де сөзсіз. Жастұлпарлықтардың ішін- де Мәскеу мен Ленинградтағы жастардың белсенділігінің негізі, шоқтығының биіктігінің де өз заңдылығы бар. Мәскеу жәй орталық - астана емес, бұл ғылым-білім ортасы. Кешегі Әлихан Бөкейханов, Санжар Асфендияровтар универси- теттерде дәріс беріп, кітап жазған жер. Смағұл Садуақасов, Ғани Мұратбаевтар білім алған, ғылыми еңбектерін жазған қала.

Ал Ленинградтың қазақ ұлты үшін ерекше орны бар. Бұл кешегі Шоқан Уәлиханов жүрген, Ғұбайдолла Жәңгіровтың ІІ Александр Императордың адъютанты болып қызмет істе- ген жер. Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұландар білімін ұшта- ған қала. Кешегі Отан соғысында ленинградтықтар Дмитрий Шостаковичтің симфониясын тыңдап, Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім» өлеңін оқыған ел. Әлия Мол- дағұловадай Шығыстың батыр қызының шыңдалған жері. Әрине, Мәскеу, Ленинград қалаларының тұрғындары да қазақ халқының кеңдігін, батырлығын бәрі білді. Қазақты қазақ еткен Мағжан Жұмабаевтай, құдіретті талант иелері Күләш Байсейітовадай бұлбұлдарымыз жүріп өткен жер- лердің ізсіз қалуы мүмкін бе? Алаш зиялылары рухының иісі бар қаладағы қазақ жастары да сол шоқтыққа сәйкес дәреже- де болуға тырысты.

43

 

Шынында, Ленинград қазақ зиялыларының демо-кратия- лық болмысы қалыптасқан ерекше қала. Мұнда Мұстафа Шоқай, Әлихан Бөкейханов, тағы басқаларының білім алуы- мен бірге саяси тәжірибе жинап, өмір мектептерінен өткен жер. Ленинград Қазақстанға үш толық генералдың екеуін берген қала.

Оның біріншісі - Балқан соғысының батыры, орыс ар- миясының байланыс бөлімінің іргетасын қалаушы Импе­ратор ІІ Александрдың сүйікті адъютанты Ғұбайдолла Жәңгіров - Шыңғысхан. Бұл тарихи тұлға қазақ жерінің талан-таражға, жеке меншікке беріліп сатылып кетуіне жол бермеген. Императордың жер комиссиясының мүшесі болып, генерал Скобелев сияқты қанды көйлек достары- мен бірге қазақтың жерін бөлшектеуге қарсы тұрып, мем- лекет құзырына өткізбеген.

Петербург қаласындағы мұсылман мешітін салу коми- тетінің белсенді мүшесі. 1884 жылы Ғұбайдолла Жәңгіров- тың араласуымен Қазақстандағы іс-қағаз татар тілінен қазақ тіліне ауысты.

Екіншісі - толық генерал Лавр Корнилов. Қарқаралының тумасы, анасы Күлшара - қазақ қызы. Орыс армиясының Бас қолбасшысы, ақтар қозғалысының көсемі.

Ал үшіншісі- армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов.

Толық генерал түсігіні, «генерал от инфантерии», «гене­рал от кавалерии» бүгінгі күнгі дәреже бойынша армия гене­ралы атағына сәйкес келеді.

Қазақ жастарының көптеп шоғырланып білім алған қа- лаларының бірі Украинаның астанасы Киев болды. Көне мәдениеті бар, кезінде Киев Русі аталып әлемге танылған қаланың жастарға тәрбие берер өзіндік ерекшілігі болды. Украина қашанда Мәскеу билігіне өз наразылығын жасыр- май көрсете білді. Қазақстан мен Украина қарым-қатынасы- ның жақсы болуы жастарға қатты эсер етті. Тарас Шевченко- ның қазақ жерінде көп жыл болып творчествосында үлкен із қалдыруы да екі республиканы жақындата түсті.

«Жас тұлпар» қозғалысының Киевтегі филиалында Қа-

44

 

шақпай Елеуов, Серік Шартықов, Орынбасар Қашқынбаев, Қыдырғали Байбеков, Алтынай Бертілеуова, Тұрдыбек Са- дықов, Майдан Сатқалиев, Бақыт Жексенбиев тағы басқа- лары сияқты қазақтың ұл мен қыздары белсенділік көрсетіп жұмыс істеді. Киев қаласындағы жастұлпарлықтар тек Қа- зақстандағы қазақ жастарын ғана емес, шет елдерде тұратын қазақтарды да бауырларына тартты. «Бесігіміз бір- қазақ- тың баласымыз» ұранын ұстанды. Олардың арасынан мон- голиядан келген Тұрысбек Аятхан, Жақсылық Құсманқызы сияқты қайратты жастар топ жарып шықты. Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күреске өз үлістерін қосты.

Кезінде Қазақ зиялыларының Мәскеу, Ленинград, Киев, Рига қалаларындағы білім алып, еңбек етіп өмір сүрген, ауасын жұтқан жерлерінде жүрген жастардың шоқтығы өте биік болды. Әсіресе Сталиндік «темір шымылдық» алынған жылдары бұл орта Кеңес Одағында реформа жасап, қоғамды өзгертпек болып әрекеттер жасады. Ең бастысы - Сталиндік жеке басқа табынушылықты әшкерелей отырып, шындық, демократиялық үрдіс қағидаларын төңірегіндегі халық са- насына сіңіруге ұмтылған орта. Бұл әрекеттер коммунистік диктатура қыспағындағы республикадан келген жастардың да ұлттық болмыстарының жаңа деңгейге көтерілуіне эсер етті. Ұлттық қозғалыстардың қажеттілігін туғызды.

Жастұлпарлықтар Алаш идеяларының мұрагерлері, Алаш зиялыларының істерін жалғастырушы ретінде социа- листік қоғамдағы мүмкіншілік шеңберінде жұмыс жасады. Олар Кеңес өкіметі, социалистік идеологияға тікелей саяси тұрғыда қарсы тұрмай, тоталитарлық жүйедегі рухани, мә- дени-ағартушылық саласындағы кемшіліктерді көтеріп бет- пе-бет келді. Әрине, билік те зиялы қауым да ашық айтылма- ғанымен түпкі мақсаттың тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанын түсінді.

«Жас Тұлпар» басшылары жас болса да, қозғалысты ұйымдастыру, бағыт-бағдарын анықтау барысында орасан зор саяси көрегендік жасады. Ең алдымен жылдан-жылға рухани дүниесі құлдырап, жік-жікке бөлініп, ұлтсызданып,

45

 

тілінен айырылып, ыдырап бара жатқан ұлтына мәдени- ағартушылық іс-әрекеттер арқылы эсер етуді көздеді. Олар өткеннің шындығының шымылдығы ашылса, ұлттың көзі ашылып, санасының оянатынына сенді. Мәскеу қаласын- да жүріп «жылымық» кезеңінің мүмкіншіліктерін кеңінен пайдаланды. Бүкілодақтық Лениндік комсомол комитетінің Орталық аппаратына, Мәскеу қаласы компартия комитетіне «Лениндік саясат негізінде ұлттық мәдениетті дамытамыз» деп, хаттар жолдады. Аталған ұйымдар мәдени-ағартушы- лық жұмыстар жасауға кедергі жасамай, рұқсатын беріп, көмек көрсетті. Орталық газет-журналдарда «Жас тұлпар» ұйымының мәдени іс-шаралары жөнінде мақалалар жария- ланды, теледидардан ақпараттар берілді. Мәскеу қалалық комсомол ұйымымен «Жас тұлпар» ұйымы атынан Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжанов және Сәбит (Советқазы) Ақа- таев тұрақты өкіл ретінде байланыста болып, жұмыс істеді.

Мәскеу қаласында қазақ студент жастарының «Сту­дентик кеңесі» құрылып, оған Мәскеу қаласындағы жоғар- ғы оқу орындарының өкілдері мүше болды. Олар негізінен оқу үлгерімі мәселесімен айналысты.

Жастұлпарлықтар Мәскеуге мәжіліске келген Қазақстан өкіметі басшысы Д. А. Қонаевпен кездесіп, қазақ жастары- ның әлеуметтік жағдайын көтеруге көмек көрсетуін өтінген. Д. А. Қонаев қаржы министірлігіне нұсқау беріп, әлеуметтік тұрғыдан жағдайы төмен студенттерге бөлінетін қаржыны Қазақстанның Мәскеудегі өкілдігіне аударып бергізген.

Жастұлпарлықтар «Студенттік кеңес» шешімімен қазақ жазушыларының шығармашылығына кештер ұйым-дастыр- ды. Б. Майлин, С. Сейфуллин, І. Жансүгіровтің мере-келік тойлары кеңінен аталды. Қазақ тіліндегі баяндамаларды Со- ветқазы Ақатаев, орыс тілінде Мұрат Әуезовтер жасап отыр- ды. Көбіне ұлт болашағына бағытталған дәрістер әр түрлі та- қырыптарды қамтыды. 1965 жылдың 9 майында студенттік кеңес мәжілісінде «Государственный суверенитет и внешне­политические полномочия Казахстана» деген тақырыпқа Б. Тайжанов баяндама жасаған. Мұрат Әуезовтің ұсынысымен

46

 

Мәскеу қаласындағы қазақ студент жастары кеңесі төрағасы болып сайланған Советқазы Ақатаев көрер көзге көп жұмыс атқарды. Ресейдің басқа қалаларындағы қазақ студеттері- мен тығыз байланыс жасап, қарым-қатынасты жақсартты. Бірігіп, тәрбиелік маңызы бар мәдени шараларды іске асыр- ды. Мәскеу каласында қазақ студенттері кеңесінің жұмыс есебіне қарасаң, олардың атқарған істерін, істелетін жоспар- ларының ұшан-теңіздігін көріп қайран қаласың. Студенттік кеңес қазақ жастарына тәлім-тәрбие беруде, оқу жүйесін өң- деуде бір министрліктің қызметін атқарған.

Қазақтар өз ата мекенінде өсіп дамуы үшін ұзақ мерзімге ұлттық идея жасауы керек, ал оның көзі мәдениет пен өнер деп есептеді. Ұлттық ерекшелікті көрсететін де, әдет -ғұрып пен салт дәстүрді сақтайтын да мәдениет пен өнер делінді. Елдегі бостандық пен теңдіктің шынайы не жасанды екенін ұлт мә- селесі көрсетеді. Ал Қазақстанда қазақ өз ата мекенінде өмір сүрсе де әділетсіздікті басынан кешіруде екеніне мән берді. Жастұлпарлықтар өз жұмысын неден бастаймыз деп көп ойланған жоқ. Ұлтымен бірге болу үшін елге, ауылға бет бұрды. Қаласынан моласы көп қазақ халқының көне тари- хы оның киелі топырағында, әрбір қазақтың көкірегінде, қа- нында, жанында екенін білген жастар ауылға сағынышпен аңсап ұмтылды. Ата-жұртты, ауылды ұлттық құндылықтар- дың қайнар көзі, сарқылмас бұлағы деп санады. Көне заман тарихының шындығын да, тәрбиелі аңыз-әңгіме, шежіренің дұрысын да халық аузынан өздері естігілері келді. Елдің тұрмыс-жағдайын өз көздерімен көріп, пікір алысқанды жөн көрді. Жастұлпарлықтар ауыл -ауылдағы көргендері, тоқығандары көп деген ақсақалдарды іздеп барып, лебіз- дерін естіп, салиқалы сұхбаттар құрды. Ақсақалдардың бойларындағы ұлағат, жүріс-тұрыстарындағы тұнып тұр- ған шежіре, өнеге тағлымдарынан сусындады. Ең басты- сы сол көнекөз шалдардың арғы аталарының қыстауы мен жайлауының қай өзеннің бойында, қай сайды жағалайты- нын, көл суларының ащы-тұщысына дейін дәл айтқандары көңілдерінен шығып қуантты. Қазақта шекара жоқ, мемле-

47

 

кеті болмаған деген білімсіздердің былжырағына жауапты ауылдан іздеудің дұрыстығына көздерін жеткізді. Қазақтың қасиеті оның өнерінде. Сүйінші - кәде қашанда ән мен күй- ден басталған. «Жастұлпарлықтар» елге құр алақан келмей, өнері мен өлеңін, жүрегінің түкпіріндегі жан айқайы - Ұлт- тың болашағы жөніндегі ой-толғауларын ала келді. Түркі тілінің маманы Клара Ашықбаеваның естелігінен: «Басқа ұлттардың төмен етектілерімен салыстырғанда қазақ қызда- ры қоғамдық жұмыстарға араласуды кеш бастағанын екінің бірі білетіні анық. Алайда олар аз ғана уақыттың ішінде өз- дерінің қабілеттілігін дәләлдеп үлгірген-ді. Өнерде де, ғы- лымда да қазақ қыздары алпысыншы жылдары ер азаматтар- мен бәсекелес болуға жарап қалғандығы байқалатын. Мен Мәскеудің мемлекеттік университетінде оқып жүрген жыл- дары басқа да оқу орындарында білім алып жатқан қазақ қыздарын көрсем, кеудемді мақтаныш сезім билейтін. Дала- ның иісі бұрқырап, тоқпақтай бұрымын сүйреткен құрбыла- рымның қазақ ұлты үшін тірлік жасап жүрген азаматтарға қара көбейту үшін емес, бар жан -тәнімен қолдау көрсету тұрғысындағы іс -әрекетіне тәнті болатынмын. Біз -қыздар «Жас тұлпардың» мақсаты қазақ деген ұлтқа кір келтірмеу деп ұғындық. Жат қалада жақсы жүріп тұруға тырысатын- быз. Қазақ жігіті қазақ қызымен, қазақ қызы қазақ жігітімен мақтануға тиісті сияқты болатын. Мен «Жас тұлпар» құрған ансамбльдің әншісі болдым. Міндетіміз насихат жұмысы. Талай аймақтарды аралап, қазақ әндерінің көпшілікке тара- луына мұрындық болдық. Жырлар мен дастандар оқылатын еді. Студенттер жазғы демалысқа кетіп жатқанда, ансамбль құрамы жаңа бағдарлама әзірлеп, ел аралауға дайындалып жататынбыз. Рас, біз «Жас тұлпармен» мақтандық. Курсы- мызда оқитын басқа ұлт өкілдерінің студенттері қазақтар- ға қызыға қарайтын. Ұйымшылдығымызға тәнті болатын. Олар да осындай іске құлшынып көрді. Алайда нәтиже шы- ғара алмағанын білемін».

Ән - халқымыздың ғасырлар бойы там-тұмдап жинаған рухани қазынасының төл басы, құтты тұяғы.

48

 

Жастұлпарлықтардың елге әнмен келіп, әннің қыр-сыры- на ден қоюлары - халықтың рухани әлеміне зер салуы еді. Олар ән мен күйді қазақ халқының ғұмырнамасының шежі- ресі деп біліп, ғасырлар төрінен қатталып, қордалана келе байтақ қазынаға айналған деп есептеді. Қазақтың ұлттық құндылықтары көбіне көп тарих қойнауының шырғалаң қат- парларында шырмалып, өркениет дамуының сарабдал жол- дарынан түрлі себептермен тыс қалып қойды. Сондықтан ұлттық мәдениеттің дамуы -ұлттық сананы жаңа биіктікке көтеріп, ел мәртебесін оздырады деп түсінді. Ән қасиетін қастерлей білетін ел де жастұлпарлықтарға құрмет көрсетті.

Ғасырдан ғасырларға адам ауыса алмайды. Алайда олар- дың айтқан әні мен күйі қалады, ұрпақ пен ұрпақты ән жал- ғастырады. «Жақсы ән - жан азығы» деп қазақтың жақсы ән естілсе, ішкен асын жерге қоятынын білетін жастұлпарлық- тардың ауылға әкелген сәлемдемесі ән мен күй болды. Өйт- кені ән арқылы қазақтың әр буыны табысып жатады, арызы мен арманын, тілегі мен мұратын ортақтастырады, бүкпесіз сыры мен көкейкесті мұңын тоғыстырады, кейінгі ұрпаққа ән арқылы өсиет айтылады. Ән - халықтың өшпес рухы, жан серігі. Қазақша концерт ұйымдастырып, жұрт алдында ұлт мәселесін көтеру бүгін бізге үйреншікті, қарапайым, жәй ән- шейін нәрсе болып көрінуі мүмкін. Бірақ қылышынан қан тамған Кеңес өкіметінде 60-шы жылдары ұлтшылдығыңды жасырмай айтып көрсету, арыстанның аузына басыңды сұқ- қаныңмен бірдей еді.

«Жас тұлпар» ұйымының бағдарламасындағы басты са- лалардың бірі - қазақ халқының өз тарихына өзі үңіліп, жо- ғалтқанын тауып, еңсесін көтерсін дегені. Халықтың әсіресе жастардың тарихи санасын ояту өздерінің парызы деп есеп- теді. Ресейдің қазақтар тығыз қоныстанған Омбы, Орынбор облыстарын, Қазақстанның тың игерудің кесірінен есеңгі- реп қалған солтүстік «Тың» аймақтарын аралап, концерттер қойып, арасында ел тарихы жөнінде әңгімелер өткізді.

«Жас тұлпар» ұйымының белсенді мүшесі Қалқаман Ті- леухановтың естелігінен:

49

 

«Мен «Жас тұлпарға» Мәскеудің архитектуралық инс- титутына оқуға түскеннен бастап, мүше болдым. Бойда қазақтың қаны бүлкілдеп, жүректе жастыққа тән рух жа- лындап тұрған кез еді. Қылышын жалаңдатқан, танауы иіс сезгіш қызыл империяның қасапханасынан біз қалай аман қалдық? Бұл сауал кейінгілерді қызықтырмай тұрма- сы анық. Оңың жауабын өз басым ұйым жетекшісі Мұрат Әуезовтің білімділігі мен біліктілігімен байланыстырамын. Жастығына қарамай ол жан-жақты ойлай білетін. Біз тіпті Мұраттың басшылығымен Бүкілодақтық комсомол ұйымын «Жас тұлпардың» жұмысының жандануына пайдаландық. Ол кезде студент- жастардың көркемөнерпаздар үйірмесіне байқау жариялап, озып шыққандарды іс-сапармен ел-елді аралап, концерт беріп қайтуға мүмкіндік жасайтын. Қара- жатын аямайтын. Біздің ансамбліміз осындай мүмкіндікті пайдаланып Мәскеудің жолдамасымен Қазақстанға келіп бірнеше мәрте концерт берді. «Жас тұлпар» жоспарлы түрде жұмыс жасады. Бағдарламасы да айқын еді. Мақсаты -қа- зақы рухтағы жаңа ұрпақты тәрбиелеп шығу болды. Өнер, білім, ғылым саласында жан-жақты қалыптасқан тың ре­зерв дайындау бірінші кезекте тұрды. КПСС Орталық Ко- митетіне Омбы облысында тұратын әлдебір қазақтың бала- сынан шағым түсіпті. Шағыммен Бүкілодақтық комсомол комитеті айналысты. Істің анық-қанығын тексеріп қайтуға Мәскеудің жоғарғы оқу орындарында оқитын 5-6 жігіт ірік- теліп, тапсырмамен жолға шықтық. Омбы облысының 3-4 ауданын араладық. Қазақтар біршама қалың шоғырланған аймақ екен. Таза қазақ ауылдарын аралап көрдік. Шағым берушінің айтқанындай ақ, сол ауылдардың жағдайы тым ауыр болып шықты. Балалар оқитын мектеп сын көтермейді. Электр желісі тартылмаған. Ал орыстар шоғырланған ауыл- да жағдай мүлде бөлек. Осы уақытқа дейін бұл өңірде бір- де-бір қазақ азаматы жоғары орындарға көтерілмеген көрі- неді. Қызметі өсе бастаған әлдебір қазақ азаматын жергілікті басшылар түрлі-түрлі айыптар тағып жұмыстан қуған да, трактордың рөліне отырғызып қойған. Бұл бір ғана мысал

50

 

ғой. Айтпағым -осындай әрекеттер бір ұлттың екінші ұлтқа деген өшпенділігін оятпағанымен жаныңа кәдімгідей қаяу салатын. Біз әлдінің тілін таба отырып, аяқ-қолы тұсаулы өз қазағымыздың мүддесін қорғағымыз келді. «Жас тұлпар- дың» төңірегінде топтасқан барлық жігіттер бас қосып, осы мәселені жиі талқылайтынбыз. Әрине, албырттық жасаған кезіміз де болған шығар. Алайда адаспаған сияқтымыз. Мәс- кеуде жүріп қазақы рухтың түлеуіне қызмет еттік. Бізді за- манның өзі топтастырды. Уақыт өткен сайын түсінігімізге қайшы келетін ел өмірінде түсініксіз жағдайлар болып жат- ты. Мәселен, ауыл- ауылда «шопандар бригадасы» құрылып, оған мектепті жаңа бітірген жастар мүше болып «кіріп» жат- ты. Олардың дені мектепте үлгілі тәртібімен, сапалы білімі- мен көзге түскен оқушылар болатын. Байғұстардың қолына мәжбүрлегендей етіп шопан таяғын ұстатып жатты. Ал бұл кезде өзге ұлт өкілдерінің балалары жоғары оқу орында- рында оқып жүрді. Өз басым қойшы болған бір орыстың баласын көргенім жоқ. Қазақтың жалындап тұрған қабілетті жастарын ауылда тұншықтыру емей немене бұл. Әйтеуір ұлтымызды сауатсыздандырудың айла-амалын Мәскеуіңіз осылай жүзеге асырып жатқанын іштей сезетінбіз».

«Жас тұлпарлықтар» кездесулер барысында елдегі кө- некөз қариялардан Алаш зиялылары жөнінде көп мағлұмат- тар алды. Орынбор, Семей қалалары Алаш зиялыларының оқып-білім алып, кейін қызмет еткен қасиетті жерлер еді. Ол қалаларда Алашордалықтардың тұрған үйлері, жүрген жерлерімен бірге оларды көріп тәлім алған, сөздерін естіп қанаттанған адамдар бірен-саран болсын бар болатын. Жастұлпарлықтар өкіметтің өз халқына қарсы жасаған зұ- лымдықтары жөнінде айтпай жүре алмады. Кездесулер- де «Жас тұлпар» ұйымы мүшелері тарихқа тағлым жасап, 1937-ші жылдардағы қазақ зиялыларының жазықсыз атыл- ғаны жөнінде, колхоздастырудан кейінгі ашаршылық тура- лы бүкпелемей ашық айтты. Қазақ білімділері қыршыны- нан қиылмаса, ашаршылық халқымызды қырмаса, біз бүгін қандай деңгейде болар едік. Ана тіліміз, мәдениетіміз төл

51

 

қалпында сақталар еді деп тыңдаушыларына ой салды. Қа- зақ болашағын, ұлттың ертеңін жастұлпарлықтар Алаш зия- лыларының көзімен көріп, солардың ой-арманы мен жүрек сезімдеріндей қабылдады. Қазақ халқының отаршылдық сойқаны салған рухани мүгедектік көрінісі, ұлтсыздану мен мәңгүрттену таңбасынан арылу, жаңару жолдарын көрсетуге тырысты. Олар «хрущевтік жылымықты» пайдаланып, за- мана мүмкіншілігіне сай-кіріптарлық шеңгеліндегі жұрттың қайта жаңғыру бағытын нұсқады. Өз қаны, өз нәсілінің та- рихтан өзіне тиесілі орнына ие болу үшін күресті.

Жастұлпарлықтар үлкен ғылым және мәдениет орталық- тарына айналған қалалардан алған білімін, ұлттық тәлім-тәр- биелерімен ұштастырды. Бар жастық шақтың күш-жігерін ата-баба арманының орындалуына жұмсады. Жастұлпар- лықтардың саяси саналығы ғана емес, сана тәуелсіздіктері де ерте оянды. Ұлтының ертеңін ойлаған Ұлы істер толқыны оларды тарих сахнасына алып шықты. Өткені мен бүгінгіні жалғастыратын алтын көпірдің саф қиыршықтарына айнал- ды. Өздері де өсті, халқының ұлттық сана-сезімін оятуға да әсерін тигізді.

Ұлт рухы - рухани күш

Тарихтың өз заңдылығы бар. Өсу, өну, өшу. Қоғам тарих- тан дұрыс тағылым алса, даму процестері қарқынды болмақ. Ал керісінше жайбарақаттық жасап, даму желісін бәсеңдет- се өткен күндердің қасіретті қателіктерін қайталай береді. Тарихқа тағылым -болашаққа негіз.

Ел тарихы - әр адамның тағдыры, ұлттық рухтың бет- пердесі. Жастұлпарлықтар ежелгі тарихты, ұлттың өткенін үлкен мән бере зерттеп, ерінбей тағылым алды. Олар Мух­тар Әуезовтің «Ел боламын десең -бесігінді түзе, халық боламын десең-қалпыңды сақта», - деген сөзін өмірлік кре- доларына айналдырды. Өздері оқитын қалалардағы орта- лық кітапханаларды жағалап, Қазақстан жөнінде жазылған кітап, мақалаларды оқып, түйсіктерінен өткізіп, білімдерін

52

 

толықтырумен болды. Білім жүйесі, рухани мәдениет, салт- дәстүр, тіл саясаты, этика өмірдің өзекті саласы екенін ес- керген жастұлпарлықтар аталған құндылықтарды жалпылай қамтуға тырысты. Әсіресе, Мәскеудің Ленин атындағы кі- тапханасы олардың сүйікті орнына айналды.

Жастұлпарлықтар қазақтың шежіре тарихына терең бой- лаған сайын, олардың ұлтына деген сүйіспеншілігі арта түсті.

Мәскеу қаласында жастұлпарлықтар әр бейсенбіде Ке- ңес Одағы Ғылым Академиясының жатақханасындағы бөл- месінде кезекті жиындарын өткізіп тұрды. Әңгіме, пікір ал- масулары бағдарлама негізінде - қазақтың санының аздығы, ашаршылық, тың игерудің кесірі, қазақ тілі мен мәдениетінің, ұлттық рухының әлсіздігінің себептері төңірегінде болды. Оларды Кеңестік Одақтың демографиялық және ұлттық сая- сатының қазақ халқы үшін «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейінгі екінші трагедия болғаны қинады. Қазақ халқы өз тарихында туып өскен жерінде азшылықта қалды. 1959 жылғы санақ бойынша қазақ ұлты республикада 30 па- йызды ғана көрсетті. 1915 жылы 90 пайыз құраған халық 40 жылда 30 пайызға дейін кеміді. Кезінде қытай көп пе, қып- шақ көп пе дейтін мақал да айтылған. Мадиярлық бір ғалым қазақтың саны кұммен тең деген екен.

Ежелден элем тарихында көшпелілердің тұрағы Орталық Азия белгілі роль атқарып келді. Көшпелілер Персия, Қытай сияқты құдыретті көрші мемлекеттердің зәре-құтын алып отырды. Әбден запы болған Қытай империясы біздің ата- бабаларымыздан қорғану үшін қисапсыз күш жұмсап «Ұлы Қытай қорғанын»(Ақ қорған) тұрғызған. Ал сасанидтер дәуірінде соғылған «Александр дуалы» солтүстік Иранның құнарлы алқабын көшпелілерден қорғауға тиіс болды.

Көне грек данышпаны Платон: «Жер бетінде сақтардан өткен мерген жоқ. Сақ сарбаздары жебені оң қолымен са- лып, адырнаны сол қолымен тартады, бірақ садақ атқанда екі қолы бірдей ойнайды,» - деп тамсанған.

Он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қазақтың ұл мен

53

 

қыздары Мәскеу, Петербург, Киев, Рига және басқа қалалар- дағы сән қуатын жеңіл өмірге қызықпай халқының болаша- ғын ойлап, уақыттарын бос өткізбей, мамандық игерумен бірге көрген-білгендерін көкейлеріне түйді. Жастұлпарлық- тар қазақ халқы мыңжылдық тарихы бар этнос ретінде жаңа заманда өзіне тиесілі орынды қалай алу керек деген сұраққа жауап іздеді. Ұсақ түйек емес, ұлттық миссияны ата-бабалар жетелеген Ұлы армандарға бағыттауды көздеді. Академик Мұрат Ғылмановтың естелігінен:

«Мұрат жатақханада тұрғаннан бастап, аптасына 1-2 рет жиналатын семинар ұйымдастырды. Семинарда еліміздің экономика, мәдениет және тарих мәселелері талқыланатын. Бұл семинардың жұмысына атақты философ Георгий Гачев қатысып, еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы баяндама- ларды үлкен қызығушылықпен тыңдайтын. Семинарларда Мәскеудегі ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс іс- тейтін көптеген аспиранттар баяндама жасайтын. Мұндай отырыстар қызу пікірталастармен өтетін. Көбінесе Қазақс- тан мәселелері көтеріліп, еліміздің тәуелсіздікке жету жол- дары талқыланатын. Өкінішке қарай, әлдебіреу бұл семи- нарлар туралы біздің республикамыздың тиісті органдарына жеткізіпті. Алматыдан Қазақстан КП Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі келіп, семинарға қатысып жүрген әрқа- йысымызбен жеке сөйлесті. Семинар жұмысына қатысуға болмайтынын ескертті. Бұл сөзге құлақ аспаған жағдайда оқудан шығарыласындар деп қорқытты. Осыдан кейін семи­нар жұмысы тоқтатылды. Алайда Мұрат өзінің ұйымдас- тырушылық жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Ол Мәскеудегі Қазақ ССР-нің тұрақты өкілдігінде мәдениет мәселелері жайлы жиі дәрістер оқыды. Мұраттың ұйымдастырған іс-шараларының ішінде 1967 жылы желтоқсан айын- да Мәскеу қаласындағы мәдениет институтының акт залында өткізген кешін айырықша айтуға болады. Бұл кешке қазақтың 500-дей студенттері мен аспиранттары жиналды. Кешті ұйымдастыруда мәдениет институты- ның студенті Марат Балтабаевтың еңбегі ерекше болды.

54

 

Мунда Мұрат үлкен баяндама жасады. Осы баяндамада Сталин және оның қызметкерлерінің қолымен уйымдасты- рылған қазақ халқының улы қасіреті жайлы баяндалды. Осы сумпайы саясаттың нәтижесінде еліміз қырғынға ушырап, халық саны екі есе азайғаны айтылды. «НКВД» әскерін жу- мылдыру арқылы қолдан уйымдастырылған ашаршылыққа халықтың малын конфескелеу себеп болғаны ашық айтыл- ды. Малсыз қалған халық аштықтан қырылып, қазақ даласы өлікке толды. «НКВД» қызметкерлері ашыққан қазақтарды қалаларға кіргізген жоқ. Осының салдарынан қала қақпала- ры маңында аштан өлген адамдардың мәйіттері тау болып үйіліп жатты. Бул трагедия әлі күнге дейін өзіне лайықты тарихи бағасын алған жоқ. Осы теріс саясат қазақ ултының моральдік тамырының күйреуіне әкелді. Трагедияның ау- қымды болғанына байланысты буны қазақ халқының «Хо - локосты» деп айтуға болады. Бул трагедияға тарихи баға берілмей, қазақ халқының өркендеуі жайлы айту қиын мә- селе. Мен Мураттың осындай мәселелер көтерілген баянда- масынан кейін Коммунистік партияның қатарына кірмеймін деп серт еттім».

Студент жастар Ресейдің қыпшақ даласына тәуелді, Алтын Орда хандығының бодандығында болғанына көз жүгіртті. Орыс мемлекетінің турақты шекарасы болмауы- ның себебін іздеді. Бір мезгілде мемлекет қурған қазақ пен орыс улттарының тарихи даму жолдарын саралады.

Жастулпарлықтардың қоғамдық ғылымдармен көп әуес- тенуі де улт тарихына үңілуден туған қажеттілік. Ұлтының өткен күндердегі жетістіктерін білу олар үшін қажеттілік, өмірлік мурат болды. Өз ултының кешегі тарихын білмеген, болашағын ойламаған адамның қоғамнан дәрежелі орын алуы күмәнді екенін түсінді. Кешегісін жоғалтқан, келешегі- не несімен бармақ. Өткенін мансуқ көрсе, өркені неден өс- пек?!Жастар болашағын бағамдау үшін төл тарихымыздың тағлымына жүгінді. Жүздеген жыл бодандықта отырып, зер- десінен айырылуға таяу қалған ел есін жиып, етегін жинағы- сы келсе тарихтан басқа барар жері бар ма?!

55

 

Жастұлпарлықтар тарихтан тағылым алу барысында ежелден ұлы дала төсінде болған ұлықты ұлт, қонысы құт- ты халықтың ұрпағы екендеріне көздері әбден жетті. Л. Гу- милевтің, О. Сүлейменовтің зерттеулеріндегі түрік әлемі тақырыбының сабақтастығы жастұлпарлықтар үшін де бай- қаусыз қалмады. Түрік тілдес ұлттардың өткені мен бүгіні, тарихи да мәдени сабақтастығына, үндестігіне үлкен мән берді. Әсіресе Қазақстан мен Өзбекстанның Орта Азиядағы орнына ерекше тоқталып, олардың болашақта біртұтас эко- номикалық, мәдени-ақпараттық одақ құрып, басқа түркі ұлт- тарын өз төңірегіне жинайтынына сенді.

Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік тарихын, Абылай- ханның дипломатиясын, «далалық демократияның» қа- лыптасу жолдарын зерттеді. Осы салада зерттеу жүргізуге жастарды үгіттеп, көне тарихтың көздерін ашуға жастарды жұмылдырды.

Оларды Л. Н. Гумилевтің «Көне түріктер» жөніндегі зерт- теулері қатты қызықтырды. Оның 1961 жылы тарих ғылымы бойынша «УІІ-УІІІ ғасырлардағы ежелгі түріктер» тақыры- бына докторлық диссертация қорғағанынан хабардар бол­ды. Әсіресе Чех ғалымдарыңың 1958 жылғы археология- лық экспедиция кезінде Күлтегін мен Күлтегіннің әйелінің мүсіндерін тауып, көне жазуларды оқып оны әлемге паш етуі жастұлпарлықтарды бір көтеріп тастады. Әл-Фараби, Дулати, Ахмет Яссауи, тағы басқа бабаларымыздың еңбек- терімен таныса отырып, басқа ұлттардың інжу-маржандары- нан да нәр алды. Алты алаштың баласы ел басына күн туған қилы кезеңдерде әрқашан ауыз бірлікте болып, төрт құбыла- сын түгендей біліпті.

Жастұлпарлықтар бабаларымыздың дәуіріне сай дамыған мәдениеті, төл жазуы болғанын «Орхон -Енисей» жазулары- нан білді. Тасқа қашалған көне руна жазуларындағы көпте- ген көркем бейнелер, қанатты сөздер, ұтқыр тіркестер қазақ тілінде күні бүгінге дейін қолданылып сақталуы жастұлпар- лықтардың абыройын өсірді. Көрнекті этнограф -Жағда Ба- балықұлы тапқан таста домбыраның және онда билеп тұрған

56

 

бес адамның суреті бейнеленген. Ал ол тастағы суретті ға- лымдар неолит дәуіріне жатқызды. Яғни осыдан алты мың жыл бұрын қазақ халқының өнерінің дамығанын қара дом- бырасы да дәлелдегені мәлім.

XV ғасырдағы Алтын Орданың құлауы - Қырым, Қазан, Астрахан, Сібір, Қазақ, Өзбек және Ноғай ордалары тәрізді тәуелсіз хандық мемлекеттердің құрылуына негіз болғаны ақиқат. Қазақ елі хандардың айрықша ақыл-парасат, күш қайраттарының арқасында үлкен мемлекетке айналды.

Еділден Алтайға, Батыс Сібірдің түстік шалғайынан Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньға дейінгі кең байтақ аймақ- ты иемденді. Қазақ хандығы көп жылдар Орталық Азияда маңызды саяси-әскери роль атқарды. Қазақ мемлекеті тарих бетінен жойылып кетпес үшін өзін қоршаған жауларымен арпалысты күндер өткізуіне тура келді. Оңтүстіктегі Қоқан, Хиуа хандықтары, Қызылбас, Қытай, Ресей империялары аралығындағы Ұлы дала қашанда жау шабуылына тойтарыс берумен болды. Әсіресе, қазақтың хандары орыс пен Қытай- дан сақтанып, ерекше саясат жүргізгенін тарих дәлелдейді. Қазірде Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Ұлы мемлекет- тер қыспағына түсіп, көп векторлы саясат жүргізіп, алаңдап отырған халі бар.

Ал кезінде Александр Македонский, Парсы патшалары бағындыра алмаған Ұлы дала осылайша қайта жаңарып, біртұтас елдік үлгісін көрсеткен екен.

Қазақтың құзырлы мемлекеттік құрылымының куәсі ретіндегі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» атты ел билеу ережелері мен Тәуке ханның «Жеті Жарғысының» болуы -дамығандықтың көрінісі, мемле- кеттік Тәуелсіздігінің белгісі.

Әр ереже, көшпелі қоғам жүйесін - тұрмыстық әдет- ғұрыпты, ұлттық дәстүрді реттеуімен бірге елдік, мемле- кеттіліктің бірден-бір тіреуіне айналды. Қазақ халқының арасында көп жұмыс істеген және қазақ тілін жете меңгерген орыс зерттеушісі А. Е. Алекторов өз бастауын көне заманнан алатын, бірақ XI X ғасырға дейін сақталған билер сотын таң-

57

 

дана суреттейді. Сот әділдігінің көне дәстүрлерін сақтаған билер, оның айтуынша, ежелгі демократия үлгілерін жүзеге асырған. Ол : «Істі қарастыру кезінде би мен ақсақал даула- сушыларға асқан әділдік танытуды өзінің қасиетті парызы санайды. Ол екі жақтың да дәлелдемелерін әбден тыңдап болған соң ғана өзінің әділ шешімін жариялаған және ол шешім міндетті түрде орындалған», -деп жазды.

Ал Ресей өкіметі қазақтардың ереже заңдарын жоққа шы- ғаратын «Сібір қазақтарының жарғысы», «Орынбор қазақ- тарын басқару туралы» ережелер қабылдады. Бұл жаңа ере- желер «бөліп ал да, билей бер» саясатына сәйкестендірілді. Қазақ хандарының билігі шектелді, ел біржолата бодандыққа көшті. Бұл саяси құрылымды қиратып, ұлт ерекшеліктерін еске алмайтын ережелерді Шоқан Уәлиханов та 1864 жылы жазған «Сот реформасы жайындағы хат» атты еңбегінде сы- нады.

Патша өкіметінің отаршылық саясатына қазақ зиялылары қашан да қарсы шығып отырды. Бірақ Ресей Империясының бодан ұлттардың тағдырында жұмысы болған жоқ. Шекара- сын кеңейтіп, билігін күшейту саясатын ғана жүргізді.

Жастұлпарлықтар көне тарихқа көз жүгірту барысында Қазақстандық Әлкей Марғұлан, Алан Медоев, Валентин Ба­син сияқты ғалымдармен көп пікір алысты. Ежелгі тарихқа, саяси тұлғалардың өмірі мен істеріне мән берді. Ал оқыған білгендерін кездесулер барысында бұқара халыққа таратты. Кеңес өкіметі тұсында жазылып жатқан тарихи еңбектерге күмәндана қарап, көне тарихты нақты археологиялық, этног- рафиялық деректермен салыстырып оқуға тырысты. «Ұлтын жойған ел болмас» ұранын ұстанды. Алтын орда хандығы кейін жер жағдайына қарай 4 ұлысқа ыдырағанда соның үшеуі Қазақстан аумағына орналасып, одан Ақ Орда ханды- ғы пайда болып, соның негізінде Қазақ хандығының құрыл- ғанын мақтан тұтты. Ресей ғалымдары қазақ тарихын түбе- гейлі жоққа шығарғанын, ал жалған тарихты Кеңес өкіметі коммунистік идеология принципінде саналы түрде ондаған жылдар бойы халықтың болмысына сіңдіргенін білді.

58

 

Қазақ өзінің ұлттық төл-тума діні тәңірлікті ислам діні- мен ұштастырды. Біз Ислам дінін Тәңірлік негізде ұстанған ұлтпыз. Табиғаттың заңдылығын өмір заңымен ұштастыра алған халықпыз. Табиғат аясы біз үшін ұлттық құндылықтар негізі. Жаратқан мен арамыздағы байланысты Аруақ рухы жасайды. Бізді Аруақ қана қолдайды... Көшпенділер мәде- ниетіне ислам діні қайшы келе қоймады. Қазақтар қабыспай- тын, өз мәдениетіне кедергі болар жат нәрселерден қашық болды. Ислам дінін өз мәдениетіне бейімдеді. Ата дәстүр, әсіресе аруаққа құрмет сол төл-тума қалпында, сана - сезім- де өзгеріссіз қала берді. Тәңірдің жарылқауын, аруақтың қолдауын ешқашан жадынан шығармады. Тек социалистік жүйедегі материалистік көзқарас дінмен бірге тарихи қа- лыптасқан сенім -танымды ұлт түйсігінен ығыстырды.

Жастұлпарлықтар қазақтың елдігі мен мемлекеттігі- не тарихи тұрғыдан күмән келтірушілерге қарсы күресу үшін көне тарихқа, ежелгі мәдениет пен ауыз әдебиетіне көп көңіл бөлді. Сақ, ғұн, көне түріктердің түбінің бір екеніне өздерінің ғана емес, көпшіліктің көзін жеткізу- ге тырысты.

Жастұлпарлықтар халықшыл болды. Олар қазақ билігі жүйесіндегі төрелердің, қожалардың өз орны болғандығы- мен қалың халықтың қызметшісі болғанын да естен шығар- мады. Шынында хандық-сұлтандық биліктегі төрелер де, рухани-діни биліктегі қожалар да қазақ қауымымен келіс- пейінше өзіндік шешімдер шығармаған. Даналық түсініктегі бірлестік салиқалы нәтижелерге қол жеткізген. Ел билеген қазақ хандарының көбі ұрыс даласында қаза болды. Қазақ халқы қанша төре тұқымы болса да батыр болмаса, соғыс алаңына шығып қол бастамаса хан сайламаған. Хан билігі лауазым ғана емес, биліктің көрінісі. Кеңес өкіметінің хан тұқымын аяусыз қыруының көзі қазақтың елдігінде, мемле- кеттігінде жатыр. Шыңғыс әулеті Өзбекстанда да, Қырғыз- станда да өмір сүрді, бірақ олар Қазақстандағыдай қуғын сүргін көрген жоқ. Қазақстандағы төре ұрпақтары Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанға барып, бас сауғалады.

59

 

Талай ғасырларға созылған ата-бабаларымыздың қан- ды жорығының, дабыл-дауылды күресінің арқасында қа- зақ улан-ғайыр жерге ие болды. Тәуелсіздік үшін сан урпақ алысты, арпалысты. Ердің елі - туған жері, отан - жан азы- ғы, пенденің түп қазығы екендігі қазаққа қанмен дарыды. Осы турғыдан алғанда патша өкіметінің қулап, Ресей импе- риясы ыдыраған алай-дүлей өтпелі кезеңде Алаш партиясы- ның улттық автономия қурып, тәуелсіздікке умтылуы дина- микалық заңды қубылыс. Жалпы Алаш идеясы 1917 жылға дейінгі он-он бес жылдың ішінде улт мүддесін қорғай ала- тын, қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсы білген, саяси күресте жан-жақты сынақтардан өтіп, тәжірибе жинап шыныққан негізгі саяси күшке айналды. 1917 жылы тарихи мүмкіншілікті пайдаланып, Алаш арыстары Алашор- да үкіметінің негізін қалап еді, оны Кеңес үкіметі тағы қират- ты. Мустафа Шоқай Қоқанда Түркістан муфтариатын қурып еді, оны да қуғындап, жоқ қылды. Бастан бақ тайса, қорқау қасқырлар қамайды. Қазақ жеріне көз алартқан көршілер біздің алауыздығымызға, улт-азаттық көтерілістер кезіндегі қыңырланып бір-бірімізге қырғиқабақ кездерімізге шоқ-шоқ десті... Қазақ ойының ушқырлығы, рухының күштілігі отар- шылардың бас ауыруына айналды. Еркіндікте өмір сүрген, далалық демократиялық үрдістер салт -дәстүрінде тәрбие- ленген халық бодандық буғауына оңайлықпен көне қойма- ды. Орталық Азиядағы басқа улттар мен билік тәртібі бір де, қазақтарды билеу ерекшелігі мүлде басқа болды. Ресей билігі қазақтардың рухани дамуына барынша кедергілер жа- сап бақты.

Қазақ тіліндегі алғашқы газет «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882), «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастаған. Газет кеңінен тарап, ондағы елдің турмысы, тарихы жөніндегі мақалалардың таралуынан қорыққан ге­нерал-губернатор 1883 жылы газеттің қазақ тілінде шығуы- на тыйым салды. Өзбек, орыс тілдерінде газет 1917 жылға дейін шығып турды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан

60

 

кейін Қазақстанның көптеген елді мекендерінде қоғамдық - саяси ұйымдар пайда болды. Мысалы Омбы қаласында «Демократиялық оқушы жастар кеңесі» мен «Бірлік»ұйы- мы, Ақмолада «Жас қазақ», Спасскіде «Жас жүрек», Мер- кеде «Қазақ жастарының революциялық одағы», Семейде «Жанар», Қызылжарда «Талап» тағысын-тағылар.

Жас тұлпарлықтар Асан қайғы мен Қорқыт атаны Ресей Империясының ұлттық идеясының негізін салған правосла­вие дінінің өкілі Феофанмен салыстырып біздің бабалары- мыздың рухани, адами дүниетаным деңгейінің, ой-түйсік- терінің жоғарылығын көрді.

Жастардың жүректері сезіп, өздері толық біле бермеген замана шындығы олардың көздерін ашып қана қойған жоқ, қандарын тасытты. Қазаққа тарихтан тиген несібесі запы- ранды, өте өкінішті екенін білді.

Ең бастысы Алаш Орда өкіметі құлап, Алаш зиялыла- ры атылғаннан кейін қазақ халқы ұлттық идеясыз қалды. Оның орнын мән-мағынасынан жұрдай болған утопиялық социалистік идея жайлады. Жастұлпарлықтар қайда жүрсе де Қазақстанның Ресей Империясының отарына айналып, сол құлдықта 300 жыл ғұмыр сүргенін естерінен шығарма- ды. Отар болу - бағыну, бостандығынан айырылу. Кезінде жеңілген, бағынған ел жөнінде Бисмарк: «Как бы мы не лу­кавили - побежденному победитель оставляет только глаза, чтобы было чем плакать», - деген екен. Қазақстанда 1731 жылы Әбілхайыр хан Ресей билігін мойындап, қол астына кіргеннен бастап қазақ халқы осындай күн көре бастады.

Жастұлпарлықтар тарихты сана-түйсіктерінің сүзгісі- нен өткізіп, қазақ халқының 1456 жылы хандық мемлекет құрғаннан бастап 1821 жылы толықтай жойылғанға дейінгі жылдарды ұлттың «алтын сара жолы» деп санады. Құлы, түрмесі болмаған, ұрысы мен қарысын сөзбен тәрбиелеп, рухани тазалықта, азаттықта өмір сүрген кездерді дәріптеді. Қазақ хандығының тарихы - біздің Ұлы халық екендігіміздің айғағы. Ата-бабаларымыз үсті бейіш, асты кеніш әлемнің то- ғызыншы жер көлемін ұстап тұруы күш-қуатының, рухының

61

 

күштілігінде екеніне көздері әбден жетті. Қазақтың ұсақ-тү- йек емес, тарих көшінде ерекше орынға ие боларлық істерге бейім екенін көрді.

Тарих тағлымынан нәр алған жастар ханы халқын ойлап, өтірік айтпай, әділ болуға тырысқанын, батыры елін жаудан қорғап, ат үстінен түспегенін бұқара халықтың санасына сіңіруге тырысты.

Қамал бұзған батырлардың, топты жарған шешендердің, ел бастаған көсемдердің ұрпағы екендерін мақтан тұтты. Абылай хан дәуірінің асқағы оларды шыңдай түссе, Бұхар, Үмбетей сияқты жыраулардың «Аттан», «Аруақ», «Ел бол- сайшы, қайран қазақ» деген айбынды сөздері рухтарын кө- теріп қанаттандырды. Алаш зиялыларын ұстаз тұтып, бағ- дарламаларына бағыт қылып, істерін жалғастырды. Ұлттық саналары асқақтап, шалқақтады.

Жастұлпарлықтардың саяси аренаға шығуы - қазақ ұлты- на тән жалпы саны аз болса да жекелеген интеллектуалдар мен пассионарлық тұлғаларға бай екендігінің бірден-бір дә- лелі. Қазақ даласының қасиетті топырағынан қашан да жүз- ден жүйрік, мыңнан тұлпарлар туып отырған. Ұлы даланың әлемді дүрліктірген тұлпарының соңғы тұяғы осы жастұл- парлықтар.

Ресей империясы 1821 жылы ереже қабылдап, саяси ре­форма жасағансып, қазақ хандығын біржолата жойды. Ре- сейдің бодандығына кірген қазақ қоғамы әлеуметтік-саяси және территориялық тұтастығынан айырылды. Ресей импе­риясы Қазақ елінің билігінің шаңырағын 1800 жылдардың басынан бастап шайқай бастады. Сөйтіп, Ресей өзінің бас- қару жүйесін қазақ даласына жоспарлы түрде енгізді. Содан Қазақ даласында 1831жылдардан бастап -Аягөз, 1832 ж. -Ақмола, 1833ж. - Баянауыл мен Үшбұлақ, 1834ж. - Аман- қарағай, Көкпекті, Құсмұрын, Алатау сияқты жаңа округтік приказдар бірінен соң бірі ашыла бастады. Олардың құры- лысы мен күзеті орыс казачествосына тапсырылды. Орыс казактары салықтан босатылып, жергілікті жұрттан тартып алғандарын қанағат етіп, қазақтын шұрайлы жерлеріне иелік

62

 

етті. Ресей Империясы 1824 жылы Хан билігін, 1868 жылы Сұлтан билігін жойды. Қазақ даласы дәстүрлі мемлекеттік сипатынан бір жолата айырылды.

Аз ұлттың азабы таусылған ба? (Кейін, 1945 жылы Ста­лин, Черчилль, Рузвельт қатысқан Ялта конференциясы- ның «Шығыс мәселесі бойынша шешімі» қазақтың елі мен жерін біржолата бөлшектеді). Енді қазақтар үш мемлекетте - КСРО, Қытай, Моңғолияда тұрып, бөлек тіршілік жасауына тура келді.

Бөліп билеу саясаты күшейтіліп, бір қазақты үш жүз- ге жіктеу кеңінен қолдау тапты. Қазақты үш жүзге бөлудің өзі бас бірліктен айырып, жекелеп бөліп алып, жырымдап билеу үшін жасалған арамза пиғыл еді. Жүз деген тек сан ұғымы ғана. Жер, тайпа, ру ұғымында жүз термині қазақта XX ғасырдың басына дейін ешбір дерек, аңыз-әңгімелерде кездеспейді. Яғни билеуші топтың, өз іс-әрекетіне сай қол- дан жасаған түсінігі. Қазақта руын мақтаған ақын -жыраулар болды, бірақ жүзді өлеңге, не сөзге қосқан ақын -жырау да, би - болыс та болған емес. Ру сол әлеуметтік ортада ерек- ше орын алуы, өмір салтымен, тұрмыстық қажеттіліктен туды. Ру адамдары тең праволы болды. Сондықтан адамның қандай бір айрықша қасиеті болса да, қауым оған ешбір ар- тықшылық бермеді. Кейде ақылды, батыл адамдар соғыс- тар кезінде басшылыққа сайланған. Алайда ол өз міндетін атқарған соң қайтадан жұртпен бірдей болған. Ал жүздік сана қазаққа жат сипат. Бауырмал, ағайыншыл қазақ қаны су болып кеткенінше алысты жақындататын туысшылдықтан көзі тірісінде айырылмады. Қотан арасының кикілжіңі, мал барымтасы болмаса, шарт кетпек, бет жыртыспаққа барма- ды. Қазақтың құдасын құдайдай көріп, тәңірдің, жаратқан- ның дәрежесіне көтеруі жәй туысшылдық емес, өмір мәні, ұрпақ қамы. Құдалардың сыйластығы - отау тігіп, отбасы құрған балаларының шаңырағының биіктігінің, босағасы- ның беріктігінің, дастарқанының берекелілігінің кепілі. Ал тонның ішкі бауындай байланып, аралас - құралас отырған туыстарда жәй қырғи-қабақтық, өзімсінген өкпе-наз болса

63

 

да, сүйек сату болған емес. Ағайыннан жарыместер ғана бе- зеді. Қазаққа тасбауырлық қашан да жат қылық. Туысына со- ғымынан омыртқасын беріп араласпайтын, оразада ағайын- ды жинап аруағына құран оқытып, ауыз аштырмайтын қазақ бүгінде де кемде-кем...

Қазақтың көрнекті этнолог- ғалымы Ақселеу Сейдімбек бұл жөнінде: «...қазақтың кез келген ру-тайпасының құра- мында үш жүздің де этникалық аралас-құраластығының бар екеніне, жүздік бөліктің өзі этникалық бөлік емес, ең алды- мен әкімшілік-территориялық бөлік екеніне, қазақтың тілі мен діліндегі біртұтастық олардың рушылдық бөліктігінің емес, ұлттық бүтіндігінің нәтижесі екендігіне көз жеткізеді» - дейді.

Қазақты жүзге бөлудің ешқандай ғылыми негізі жоқты- ғын академик Оразақ Смағұлұлы да дәлелдеп берді. Ол:

- Қайран қаласың! Мен Кеңес одағы дәуірінде Шығыс Қа- зақстандағы наймандарды зерттеп, әкесі де, шешесі де най­ман болып келетін 300-ден артық адамның қан жүйелерін ал- дым. Сосын бір жылдан кейін Батыс аймақтағы 400-ге жуық таза адайлардың қан жүйелерін зерттедім. Нәтижесінде не болды дейсіз? Мәскеудегі мамандар ренжіп: «бір облыстан жинап әкелгеніңіз қалай?» дейді. Мен «кешіріңіз, аталған екі облыстың арасы - 3, 5 мың шақырым» деймін. Есімде қалған бір қызық жай, шығыстан жазда арнасы кеуіп қалатын «Же- меней» деген өзен көрсем, адайлардың ішінен Жеменей руы- ның адамдарын кездестірдім... Жалпы, мұндай биология- лық, генетикалық тұтастық алысты қойғанда, қасымыздағы өзбектің де, орыстың да, қытайдың да бойында жоқ. Тіпті біздің тіліміздің өзі, бірді-екілі ғана диалекті сөздер болма- са, біртұтас. Ал Қытайда 6-7 диалекті бар. Бейжіңге жинала қалса, бірінің айтқанын бірі түсінбей, әуре-сарсаңға түседі. Сөйтіп отырып, олар «Қытай - мәңгі бөлінбейтін, біртұтас ел» деген саясатты тастай қатып ұстанып отыр. Оның қа- сында ат төбеліндей қазақтың жүз-жүзге, ру-руға бөлінуін не деуімізге болады?!» - дейді. Қазақ жүзге бөлінгеннің жүзі қара деуі тегін емес...

64

 

Шынында, қытайлар өз мектептеріндегі тарих пәнінде тұтастай Жетісу жерін Қытайдың жері деп оқытады екен. Осындайда болашақта болуы мүмкін территориялық дау- дамайдың алдын алуда Оразақ Смағұловтай білімді қазақ ғалымының болғанына шүкір дейсің! Академиктің жоғары- да айтқаны әркімнің өз руын ғана дәріптейтін көзқарастың заманы әлдеқашан өткенін дәлелдеп тұрған жоқ па! Ұлты- мызға тән бір ерекшелік - жеті атадан аспай ешқашан қыз алысып, беріспегендігіміз, қанымыздың тазалығын сақта- ғандығымызда. Рушылдық бізге осы тұрғыда ғана керек! Ал жүзге бөлінудің шығуы, территориялық басқарудың нә- тижесінде қолдан жасалынғаны ғылымда әлдеқашан дәлел- денген. Үш жүздің бір-бірімен қыз алысып, қыз берісуінің арқасында қазақ ықылым заманнан біртұтас бөлінбейтін ха- лыққа айналған.

Тәуелсіздікті, бостандықты сақтау қашан да оңайға түс- пеген. Жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру, Қоқан, Хиуа хандықтарынан қорғану, Орыс отаршылығына қарсы күрес ұлттық ерекшеліктерді сараптап нығайтты. Отаршы- лыққа қарсы қүрестегі басты фактор ұлтшылдық. Ұлт болып қалыптпсудың өзі тарихи дамудағы қажеттіліктің көрінісі. Осыған сай өмір сүру жүйесі, әдет- ғұрып, діл, мәдениет, дін, рух қалыптасады. Ұлт ұғымы, шындығында, мемлекет деген ұғым баламасы. Қазақ отаршылдыққа түскенімен қырылса да, ашықса да ұлттық менталитетін, әдет-ғұрып, мәдениетін сақтап қала алды.

Тек, қазақи ұлт ой санасы, мемлекеттігі Кенесары ханның өлімімен тоқтады. Бірақ біз қазақ халқы болып қала берсек те, ұлттығымыздың құндылықтарын жоғалта бастадық. Ұлт- тық мемлекеттік деңгейде ойлаудан қалдық. Қазақ халқы Ке- ңес өкіметі, Қызыл империяның қанды балағына ілігіп, ұлт- тық рухын бәсеңдетіп алды.

XX ғасырдың басында түрік тілдес халықтардың ішіндегі екінші, ал Орталық Азия ұлттарының ішіндегі сан жағынан да, сапа жағынан да алдыңғысы қазақтар болды. Әлихан Бө- кейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов бастаған

65

 

Алаш қозғалысы ултты оята бастап еді. Қазақы болмыстан айырылып, елдіктен-журтшылдықтан кетіп бара жатқан ул- тына тоқтау айтты. Олар қолайлы жағдай болса, біраз жыл- дардан соң дамыған елдер қатарына енетініне сенді. Тіпті, Смағул Садуақасов жапон журты сияқты деңгейге жетуге тарихи да, рухани да мүмкіншіліктердің барлығын дәлел- деді. Тек жапондар мен қазақтарда ғана өздерінің төл діні сақталды. Таным, сенім, улттық қундылықтарда уқсастық көп. Табиғатқа, аспан мен күнге табынушылық аруақты ар- дақтауға әкелді. Тәңірі мен Синнің түп-тамыры бір.

Жастулпарлықтар улттық психология, көшпелілер мә- де-ниеті туралы жазылғандарды көпшілікке насихаттады. Басты мақсаттары тарихи негізде рухани қундылықтарды жандандыру болғандықтан Алаша хан жөніндегі аңыздарды, қазақ хандарын, хан ордасының билік сипатын дәріптеді.

Алаш ураны, Алаш идеясы - улттық мемлекеттің көрінісі деп білді. Қазақ шежіресінің осы Алаша хандығынан бас- талатынын, оның көзінің көнеде екендігін насихаттады. «Елдің тарихы өкіметтің тарихы емес, ол ең алдымен халық- тың тарихы», - деп халықтың мүддесін елдің мүддесімен қарастырды.

Беғазы-Дәндібай археологиялық қазбасының нәтиже- лері жастулпарлықтардың мерейін одан әрі өсірді. Алаша хан күмбезі мен Беғазы қорғандарындағы айналмалы бас- палдақ - саты стилдері таң қалдырды. Алаша хан кесенесін қазақ халқының бірнеше мың жылдық тарихындағы ең басты ескерткіші, бул елдіктің, мемлекеттіктің белгісі деп білді. Қасым ханның Алаша ханға кесене турғызуын улт- тық символ деп халыққа түсіндірді. Олар Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі тарихи жерлерді, аңыз әңгімелерді, археологиялық жетістіктерді буқара халыққа насихаттау- дан жалықпады. Ұлытаудағы Алаша хан кесенесіне, Көк- шетаудағы Кенесары мекеніне әдейі арнап экспедициялар уйымдастырды. 1969 жылы Мурат Әуезов «әулиелер ме- кені» Маңғыстауға экспедиция уйымдастырып, үстіртке,

66

 

жер асты мешіттеріне барып, тағзым етті. Елеусіз, еске- русіз, күтімсіз жатқан тарихи ескерткіштерді жөндеуге ат салысты. Ескерткіштерді қорғау комитетіне хат жазып, Маңғыстау өңіріне мән бергізді. Осы істерді мемлекет қаржыландырған жоқ, отаншыл жас қыз бен жігіттер бәрін өздері істеді. Көпшілік халықпен де танысты, өздерін де танытты, тағлым алды. Музыка зерттеушісі, профессор Болат Қарақұловтың ата жұрттағы тарихи ескерткіштер, ел ауызынан естіген қисса жырлар мен ән - күйлер біздің, қалада өскен қазақ жастарының өмірге деген көзқарасы- мызды түбегейлі өзгертті деуі сондықтан.

Жастұлпарлықтар «Біз Ұлылар ұрпағымыз, соған ла- йықпыз, әрдайым алда боламыз» деп ниет етті. Шынында, адамзат өркениетіне қазақ мәдениетінің қосқаны аз емес. Жастұлпарлықтар - әрдайым көкіректерін көтеріп, қазақ де­ген атты мақтан тұтқан жастар.

Елдік мұрат - халық көкейіндегі мәңгілік құбылыс. Ұлт бар жерде «елдік мұрат» бар. Қазақтың елдік мұраты көне заманнан басталып, тайпалық, рулық мемлекеттік құры- лымдар кезінде шыңдалып, Қазақ хандығы дәуірінде даму деңгейінің тұғырына көтерілді. Әрине, бұған жоңғар-қалмақ шапқыншылығы, әлемдегі саяси-экономикалық қайта бөліс, жаугершіліктер де әсерін тигізді. Қазақ хандығы кезеңінің ең басты жетістігі ұлт болмысына мемлекетшілік ой-санасын сіңдіруі. Тәуелсіз, еркін көшпеліліктегі, далалық демократия салтымен жүрген елде бір орталыққа біріккен ел атрибутын жасау, арман - мақсат бірлігі мен мемлекетшілдікті ұштас- тыру ұлан - ғайыр қазақ даласында оңай болған емес. Қазақ хандығы - арғы-бергі тарихымыздағы мақтанышпен айтар, үлгі алар ерекше дәуіріміз.

Қазақ тарихын, әсіресе соңғы хандықтағы Кенесары Қа- сымовтың азаттық қозғалысымен жастұлпарлықтар Ермұхан Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарын- да» атты кітабы арқылы танысты. Патшалық және больше- виктік тарихнаманың қазақтың мемлекеттік дәстүрлерін са- надан, жадыдан өшіру үшін тарихты бұрмалап жазғандарын

67

 

білді. Әрине Е. Бекмаханов, Б. Сүлейменов сияқты ғалым- тарихшыларды жастар үлгі тұтты.

Кеңес өкіметі қазақ тарихын бұрмалап қана қойған жоқ, ол сонымен бірге қазақтың тарихи этнос екенін, жеке мем- лекет болғандығын жоққа шығарды. Шындығында қазақ эт­носы осыдан төрт мың жыл бұрын Қазақстанда өмір сүрген тайпалардың тікелей ұрпағы. Еш жақтан көшіп келмеген, ешкімге жерін бермеген. Жалпы, қазақтардың еуропеоид пен монголоид тектестердің араласуы нәтижелерінен өте ерте заманда пайда болған тұраноид нәсіліне жататындығын АВО қан жүйесі бойынша да, резус-фактордан да айқын аң- ғаруға болады. Кеңес өкіметінің социалистік идеологиясы мемлекеттің тек материалдық нәрселерде ғана сақтайлмай- тынын, оның адам жадында, мәдениетінде, ауызша дәстүр- лерінде қалатынын ескермеді.

Қазақ ұлтын кемітіп көрсету үшін көзі ашық білімділер саны 1, 5-2 пайыз ғана деді. Арабша, парсыша білімділер есепке алынбады. Шындығында 1897 жылғы Ресейдегі са- нақта қазақтардың еуропалық білімі бар азаматтары 8, 0 па- йыз болды. ХХ ғасырдың басында Кеңес өкіметі орнағанға дейін қазақ балалары Петербор, Қазан, Уфа, Орынбор, Ыс- тамбұл, Шам және тағы сондай үлкен-үлкен қалаларда білім алды. Жәй сауатын ашып қойған жоқ, білікті маман иелері болды. Шет елдегі жоғарғы оқу орындарында қазақ қызда- ры да оқыды. Солтүстік Қазақстаннан Ұмсынай деген қыз 1906 жылы Мысыр университетінің ағылшын тілі маманды- ғын игеріп елге оралған. Асфандиярова Гүлсім Петербургта дәрігерлік диплом алған. Ал Қостанайдағы Сейдалы төренің қыздары мен келіндері Петербургтегі «ғибратты қыздар институтын» бітірген. «Далалық демократия» еркіндігінде тәрбиеленген қазақ қыздары өнерде де, білімде де әрдайым алдыңғы қатардан көрініп, өздерін ер -азаматтармен тең ұс- тады.

Қазақтың қасиеті оның арлылығында. «Малым - арымның садағасы» деп арын, адамгершілік қасиетін бәрінен де жоға- ры ұстанған ұлт. Осы қасиеттің арқасында елдігін, бірлігін

68

 

парасаттылықпен сақтай алды. Шалқайса, тарихи шыңы бар, еңкейсе, иен елі бар қазақ арлылығының арқасында жерін де қорғай білді, ешқашан ұлын құл, қызын күңдікте ұстауға жол бермеді. Бірақ Патшалық Ресей Империясы ыдырап, Ке- ңес өкіметі орнауымен қазақ халқының басына бұрынғыдан да сорақы ауыр хал-жағдай келді. Еселеп өсуге тиіс халық жаппай қырылып, ал қалғанының тоз-тозы шықты.

Алаш идеясын арқа тұтқан жастұлпарлықтар Кеңес өкі- меті кезіндегі ұлт болашағы үшін істелген істерге де көп көңіл бөлді. Соның бірі - 1920 жылдардағы қазақ автоно- миясының құрылуы мен оның алғашқы жетістіктері еді. Жастұлпарлықтар сол 1922-1925 жылдары Халық комис- сарлар кеңесі төрағасы Сәкен Сейфуллиннің ұлттық тал- пыныстарын зор бағалады. Әсіресе Сейфуллин төраға бола тұра 1923 жылы «Қазақ, қазақ дейік, қатені түзетейік» деген мақала жазып, Киргизия болып келген елге Қазақстан атын қайтарғанын, ең бастысы қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе алуына, кеңсе істерін қазақша жүргізуге шешім қабылдауын ерлік, ұлтжандылық деп бағалады. Біз бүгін Сәкен Сейфул- линнің қажырлы еңбегінің арқасында 1923 жылдың 22 қара- шасында қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беріліп, оның 1924 жылдың 1 шілдесінен бастап республикалық деңгейдегі ме- кемелерде кеңсе ісі қазақ тілінде жүргізіле бастағанын та- рихтан білеміз.

Ұлт болып сақталып дамудың екі тірегі бар: оның бірі жер, екіншісі ана тілі. Жердің терең ұлттық мәні бар. Қазақ үшін жер ең қасиетті ұғым. Себебі ол қазақтың ұлт болып сақталуы, тұтас қауымдастық болып қалыптасуының көзі.

Жалпы, қазақ халқының елдік-пассионарлық бірнеше дәуірі ғана болды. Негізінен сыртқы жаудың қауіп-қатерінен қорғану үшін бастары қосылды. Осылай Абылай ханның заманында жоңғарларға қарсы соғысу үшін бірікті. Содан кейін Алаш идеясы негізінде ұлттық табандылық көрсетіп, ұлы мақсат - тәуелсіздік үшін күреске бірігіп шықты. Ұлт тағдыры үшін Алаш зиялылары жанкештілік әрекеттерге барды.

69

 

Тәуелсіздікке қол жеткізу, бостандықты сақтау қашанда оңайға түспеген.

Ал кейін Кеңес Одағы ыдырағанда қазақтар 10 мемлекет қурамында қалды. Қазір әрбір 3-ші қазақ шетелде турады. Кеңес Одағы улттарды бөліп билеп, біртіндеп ассимиля- циялады. Кеңестендірудің зорлық-зомбылығынан көптеген шағын улттар жерін, мәдениетін, тілін жоғалтты. 1926-1939 жылдардағы Кеңес Одағындағы 194 улттан 100-ге жетпейтін улт қалды.

Жастулпарлықтар ел бірлігін көздеп, қазақтың жүзге бөлініп, ыдырап, жерінен айырылуының себебін бодандық- тан көрді. XX ғасыр қазақ халқына нәубет жылдар әкелді. Алаш идеясының мурагерлері - жастулпарлықтар Кеңес одағындағы социалистік идеяның кесірінен зардапты ең көп тартқан қазақ улты болғанын білді. Столыпин рефор- масында басталған Қазақстанға Ресейдің басқа өлкелерінен көшірілгендерге жер беру «талапай - талау» саясаты жалғас- тырылды. Кеңес өкіметін зорлық-зомбылықпен орнату, аза­мат соғысындағы ақ пен қызыл әскерлерінің кезекпе-кезек тонауы елдің шырқын кетірді. Қолдан жасалған 1919-1921, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, 1931-1932, 1937-1938 жылдардағы улт зиялыларын қыру, Ұлы Отан соғысы жыл- дары басқа улт өкілдерін Қазақстанға жер аудару салдары- нан қазақтар санының азаюы улттық трагедияға айналды. Мақаш Тәтімов пен Айтан Нүсіпханулының зерттеуінше Қазақстандағы миграциялық ағымдар төмендегідей болған.

 Бос жатқан жерлерге келімсек казактарды қоныстанды- ру (200 мың адам).

 Орыс әскерін қоныстандыру. (100 мың адам).

 Шаруаларды жер аудару (1 млн. 300 мың адам ).

 Мал мүлкі тәркіленген кулактарды айдау (250 мың адам).

 Индустрияландыру кезінде жіберілгендер (1 млн 200 мың адам).

 Қуғындалған «жарамсыз» халықтарды қоныстандыру (1млн 500 мың адам).

70

 

 Соғыс кезінде қоныс аудару (350 мың адам).

 Тың игеруге келгендер (1млн 450 мың адам).

 Жалпы стихиялық миграция (900 мың адам).

 Ведомствоаралық миграция (200 мың адам).

 Вахталық ағымммен(50 мың адам).

1690-1990 жылдары аралығында ұйымдастырылған және стихиялық миграция нәтижесінде Қазақстанға келген адам- дардың жалпы саны 7 млн 500 мыңға жетті. Ал енді, сол бір тарихи кезеңде қазақ халқының өз жерінде қанша шығынға ұшырағандығы жөнінде мәліметтер келтірейік:

 «Ақтабан шұбырынды» атты ұлы күйреу кезінде (1 млн адам).

 Жаугершілік кезеңде ел-жұртты қорғаған (250 мың адам).

 Сарытабан үркіншік-отаршылдық, қысымшылдық ке- зеңінде елден біржола көшіп кеткендер саны (300 мың адам).

 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тікелей және жа- нама әсерінен (150мың адам).

 Азамат соғысы кезінде шаруашылықтың күйреуінің ті- келей және жанама әсерінен (800 мың адам).

 1928 жылғы байлардың мал-мүлкін тәркілеу кезеңінде жер аударылғандар(10 мың адам).

 1931-1933 жж. ашаршылық пен эпидемиядан қырыл- ғандар (2 млн адам).

 1930-1934 жж. коллективтендіру мен жаппай отырық- шыландыру кезінде алыс жаққа қоныс аударып, қайтып оралмағандар-қызыл табан босқыншылық (615 мың адам).

 Сталиндік саяси қуғын-сүргін жылдарында атылғандар (27 мың адам).

 11-ші дүниежүзілік соғыс майдандарында қаза тап- қандар (400 мың адам).

 1986-1989 жж. «процентомания» науқаны кезінде миграцияға ұшыраған жастар. (50 мың адам).

Негізінен 1645-1945 жылдар аралығында дүркін -дүркін болған халықты ыдыратудың салдарынан қазақтар жалпы алғанда 5 миллионнан аса адамынан айырылды. Ал Қытай,

71

 

Моңғолия, Иран, Түркияға 200 мыңнан астамы кетті. Жол- да тоналды, бейнет көрді. Түркімения арқылы Иранға көшіп бара жатқан адайлар құмда адасып қырылды. Ел аузында бұл қайғы-қасірет «тақыр қырғыны» деп есте қалды.

Жастұлпарлықтар 1465 жылы Қазақ хандығының шаңы- рағы көтерілгеннен бастап бүгінгі күнге дейінгі біздің тари- хымыз соғыс пен ашаршылықтың зардаптарын жою жолы деген тоқтамға келді. Ашаршылықтың болуына Кеңес өкі- метінің солақай саясаты, большевиктердің арнайы жоспар- мен істеген зорлық-зомбылығы кінәлі деп есептеп, оны «ға- сыр қылмысы» деп атады.

Жастұлпарлықтар Кеңес одағында бір емес, екі аштық- ты бастан кешкен ұлттың ұрпағы екенін естерінен ешқашан шығармады. 1919-1922 жылдардағы аштық кезінде 1, 5 мил­лион, 1931-1933 жылдары 2, 5 миллион қандастарының қы- рылғанын нақты білмесе де, қазақ халқының 50 пайыздан астамы аштан қырылғанын білді. Өйткені өздері сол аштық- ты бастарынан кешкен әке-шешенің балалары еді.

Жаны мен малы талауға түскен, құла медиен далада тігер- ге тұяғы қалмай, өзегі талған қанша адам аштан өлді. Жан- ұясының ашыққанын көргісі келмеген ата-ана балаларынан безіп, айдалаға тастап кетуге мәжбүр болды. Большевиктік өкімет қазақ халқының миллиондаған малын кәмпескелеп, қазақ даласына екінші «Ақтабан шұбырындыны» әкелді. Ға- лым-демограф, жастұлпарлық Мақаш Тәтімовтің «Мен боз- дақтарды түгендедім» естелігінен:

«Жас тұлпар» біздің жастық шағымызды қамтитын ке- зеңдегі алғашқы бейресми қозғалыс болатын. Жасыратын несі бар, осыдан 15-20 жыл бұрын -ақ қазақ зиялыларының арасында Қазақстан тәуелсіз ел болуын армандаған немесе тәуелсіз ел болатындығын болжай білген азаматтар көбейе бастады. Қатарынан озып туған оғыландар қазақта қай кез- де де болған. Ашығын айтсақ, біздер - «Жастұлпарлықтар» Кеңес Одағын құлату үшін күрескен жоқпыз. Өз басым ол алып империяның жұлыны түбінде осылайша үзіледі деген- ге сенген адам емеспін. Рас, жігіттер ұлт мәселесін көтерді,

72

 

рух мәселесін қолға алғысы келді. Сол үшін біріктік. Алайда төңкеріс жасау үшін емес. Біз қазақ ұлтының өзіне ғана тән құндылықтарды қорғап қалуды армандадық. Талауға түскен қазақтың малын да, аштықтан қырылған жазықсыз боздақта- рын да өзімізше түгендей жүріп, Мәскеудің назарын өзімізге аудармақ болдық.

Мен 1964 жылдың көктемінде Хрущевқа хат жаздым. Ол кезде екінші курс студенті едім. Өз бетімше ізденіп, 1897, 1926, 1939 жылдардағы халық санағының нәтижелері жөнін- дегі мәліметтерді қолға түсіргенмін. Көзімнің жеткені - 1939 жылғы санақта қазақ халқының санын айтарлықтай асырып жазғандығын аңғардым. Неге?

Өйткені озбыр саясат «орыс емес» ұлттарды аяусыз қы- рып-жойғандығын жасырып қалғысы келген. Оның астарын- да қазақ халқы жойылып кетпейді, қамқорлыққа зәру емес деген пиғылдың жатқаны анық. Хрущевқа хатымда осы нәр- селерді жаза отырып, 1939 жылғы санақта қазақ халқының санын өз есебім бойынша көрсеткенім есімде. Мал шығыны жөнінде де қосымша мәліметтерді келтіре отырып, алдағы уақытта нәубет жылдарында табиғи өсіміне орасан зор нұқ- сан келген қазақтарға оң көзқарастың қажет екендігін жаз- дым.

Әлде аңкаулық, әлде албырттық, мен жазған хат тиісті адамның қолына тиеді деп ойлағанмын. Бір күні маған Ор- талық комитеттен шақырту келді. Себебін іштей сезсем де, үлкен үйдің есігін ашып көрмегендіктен бойымды кәдімгі- дей қорқыныш жайлаған. Мені Мездяков деген ЦК КПСС-тің жауапты қызметкері қабылдады.

«Сіздің хатыңызға байланысты Қазақстаннан жауап келді», - деді ол. Менің хатымды неге Казақстан асырып жібергенін әлі күнге білмеймін. Мездяков жауап хатты су- дыратып оқып берді. Менің есімде : «Нельзя писать о ги­бели людей, но можно писать о потярях скота» деген бір ауыз сөз ғана ерекше сақталып қалыпты. Мен оны ескерту деп қабылдадым. Алайда зерттеу барысында табылған жаңа деректер мен мәліметтердің дұрыс-бұрыстығы жөніндегі

73

 

көзқарастарымды, «Жас тұлпардың» бас қосу жиындарында үнемі айтып жүрдім. Ол жөнінде Мәскеу мен Ленинградта оқитын қазақ жастарының алдында да талай мәрте баяндама жасадым. «Жас тұлпардың» үгіт бригадасымен бірге Қазақс- танды аралай жүріп, біршама оқу орындарында сөз сөйлеп, демография саласы жөнінде өз пікірімді студент әріптес- теріммен бөліскен кездер аз болған жоқ.

Мен «Цифрлар шежіресі» деген зерттеуімді студенттік жылдары жазып бітірдім. 1968 жылы аспирантурада оқып жүргенде, ол еңбегім «Қазақстан» баспасынан жарық көрді. Маған сол еңбек «Жас тұлпарлықтардың» ортақ жемісі ретінде жаныма өте жақын. Ол жылдар қазақ демография ғы- лымының қалыптасу кезеңі болып қалды. «Жас тұлпардың» аясында демография ғылымы дүниеге келді». Кеңес өкіметі қазақ халқын қан қақсатты. Қалың қазақ амалсыздан тоз- тоз болып ата-қонысынан көшуіне тура келді. Шыңғыстау мен Жетісу адамдары Қытайға қашса, Маңғыстау мен Сыр қазақтары Ауғанстан, Иранға беттеді, батыс жұрты кавказ, орыс, татар жерлеріне барып пана іздеді. Сарыарқалықтар Сибкрай, Сібірге ауды. Барар жер, басар тау таба алмай, мил- лиондаған адам ажал құшты. Мағжан Жұмабаев осы кезді:

Алды жау, арты да - жау, жан-жағы жау,

Дағдырған қазақ енді қайда бармақ? - деп жырлаған.

Аштық кезінде қоғам да жеке адам тәрізді азады, тозады. Аштық пен індетке азамат соғысының зардабын, Кеңес өкі- метінің зорлық-зомбылығын қосыңыз. 1918 жылдың 23 қа- рашасында «Известия ЦИК Туркреспублики» ақпаратында Түркістан халқының 25-тен 50 пайызы аштықтан, суықтан өлді деп көрсетілген. Ал «Новый Туркестан» газеті сол кезді былай жазған: «Янгикорган селосында бір аптаның ішінде аштықтан 35 адам өлді. Будал селосында 43 адам, Бәке село­сында аштан 37 адам өлді».

Қазақстандық тарихшы А. Н. Алексеенконың зерттеуін- ше: «...әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде, 1930- шы жылдарғы қазақ халқының аштан қырылуы 1 миллион 840 мың немесе қазақтың 47, 3 пайызын құрайды».

74

 

Ал академик М. Қозыбаев: «1930-1933 жылдардағы ашар- шылықта халықтың 52%-ы қырылды» деп көрсетеді.

Қоғам қайраткері, зерттеуші Сағат Жүсіптің айтуын- ша тек қана 1931 жылдың өзінде 1 миллион 30 мың адам өз жерінен ауып босып кеткен, оның 616 мыңы қайтпаған. Жүздеген мың қазақ Қытай ауып, кейін 1954 жылы Қытайда Іле-қазақ автономиялық округі құрылып, орталығы Құлжа қаласы болып белгіленді. Елдегі ашаршылықтың зардабы, қасіреті жөнінде Ғ. Мүсірепов, М. Гатауллин, М. Даулетқа- лиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышовтардың И. Сталинге хат жазғаны белгілі.

Ашаршылық синдромына шалдыққан адамның болмысы тұманданып, есі кете бастайды. Ессіз адамға еріктіктің, бос- тандығыңның да құны бір тиын. Оған шындықтың да қажеті жоқ. Ең қиыны - адам әдет-ғұрпынан, ұлттық ерекшелігінен, саналы өмір сүру категорияларынан айырылады. Аштықты көрген адамның сана-сезімінен ашаршылық синдромы өле- өлгенше кетпейді. Қайта қанымен бірге ұрпағының бойына сіңеді. Аштықтың салдарынан адамның кісілік қасиеттері мен рухани келбеті өзгереді. Аштықтың сандырағы адамның психологиясын өзгертіп, мәңгілік қорқыныш-үрей әкеледі. Қазақтың «тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болсын» дейтін сөздерінің астарында қанға сіңіп, болмысты өзгертіп, сана- сының күйзелісінің өзгергенін көрсетеді. Шүкіршілік, тәу- башылық, қорқыныштық салдары, ой ағысының тежелуі. Аштық адамның бет-пердесін жалаңаштап қана қоймай, ол сонымен бірге қоғамды да аздырады. Аштық пен соғыста көп шығынға душар болған ұлтта жалпы даму процесі те- желеді. Қоғамның әлеуметтік жүйесіндегі өзгерістер ұлтсыз- дануға, салт-дәстүрдің жойылуына, ұлттық психологияның әлсіреуіне әкеледі.

Кісілік пен ізгілік туғыза алмайтын қоғам қай заманда да рухани күйзеліске ұшырарын білген жастұлпарлықтар өткеннің кемшіліктерінің беттерін тырналап ашты. Ұлты- на ашаршылық әкелген, даму процесін тежеп отырған өкі- меттің саясатына қарсы шығып, өткенге көз салып, ойлының

75

 

сезімін оятты. Жастулпарлықтар барлық кездесулерде улт- тық мәдениеттің дамуы қажеттілігімен бірге ашаршылық- тың халыққа тигізген зиянын тілдеріне тиек қылып отырды.

Олар қазақтың санының аздығын, санасының қурдымға кетуін ултымыздың қанына сіңген пассионарлық ерекшелік - көзсіз батырлық деп білді. Әрине, Отан қорғау - әр адамның азаматтық борышы. Ерлік урпақ тәрбиесі үшін де керек. Де- генмен, соғыстардағы көзсіз шығын улт болашағының та- мырына балта шабатын кесепат екенін умытпаған жөн.

1941-1945 жылдардағы Отан соғысында қазақтар батыр ата-бабаларының аруағына тіл тигізген, сөз келтірген жоқ. Намысты қолдан бермеді, керек кезінде тайынбай елі үшін қыршын жандарын қиды. Кеңестік тәртіпке қарсы тура ал- маса да, Отан қорғауға келгенде парасаттылығын көрсетіп, рухтанса, қолынан көп дүниенің келетінін көрсетті. «Пас- сионарлық улт», «Ұлы істер», «Үлкен мақсаттар» үшін жа- ратылған халық екенін дәлелдеді. Жаппай ерлік көрсеткен де қазақ. Халық санының пайызына шаққанда улттар арасында Кеңес одағының батыры атағын ең көп алғаны да қазақтар. 102 қазақ Кеңес одағының батыры атағын алса, Отан соғы- сындағы ерліктері үшін 3 азамат Халық қаһарманы атағына ие болды. Түрлі себептермен, идеология сурқиялығының кесірінен ерліктері бағаланбай қалған қазақтар қаншама. Рейхстагқа Ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев болса, Берлинді бірінші болып 1941 жылдың 16 тамызында бомбылаған уш- қыш - Біләл Қалиев.

Өкінішке орай, Біләл Қалиевке Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, кезекті әскери тапсырмадан оралмағандықтан тутқынға түсуі мүмкін делініп, батыр атағы жарияланбаған. Ол кездегі уйғарым бойынша, Кеңес Одағының батыры тут- қынға түспеуі керек екен. Шындығында, кейін белгілі бол- ғандай Біләл Қалиев ушағымен жарылып қаза болған.

Соғыс кезіндегі идеология әсерімен көп шындық дурыс айтылмады. Бірінші болып жауға жанған самолетін бағытта- ған да Гастелло емес, Масловтың экипажы екен. Ол самолет- те жерлесіміз Бақтыораз Бейсекбаев та болды. Отан соғы-

76

 

сындағы 1-ші нысанды мерген Төлеуғали Әбдібековтың 395 фашистің көзін жойғанын білеміз. Соғыс уақытындағы заң бойынша 100 фашист өлтірген мергенге Кеңес Одағының батыры атағын беру керек екен. 255 неміс өлтірген В. Зай­цев, 187 неміс өлтірген Ф. Смоячковтар батыр атағын алды, Әбдібеков атақ алмады. Ал Кеңес Одағының батырлары Ра­сул Есетов, генерал Сабыр Рахымов өзбек, Біліс Нұрпейісов орыс деп жазылып келді. Мәншүк Маметова мен Әлия Мол- дағұлованың ерліктерін қайталаған Хиуаз Доспанова сияқ- ты қазақтың батыр қыздары қаншама. Әрине ерлік жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бірақ соғыста ұлттың он екі мүшесі сау, жас, моральдік тұлғасы, кісілігі биік жас­тар өледі. Себебі олар Отан алдындағы борыштарын өтеуге парасаттылықпен ұмтылады. Бұны ерлік десек те, ұлттың даму эволюциясы тұрғысынан бұл үлкен апат. Мысалы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде 40-50 мың қазақ атқа мініп, шоқпар, шиті мылтықпен орыс әскерінің пушкасы мен пулеметіне қарсы шапты. Нәтижесін білеміз...

Торғай өңірінде сол азаматтардың шығынының орны әлі күнге дейін толған жоқ...Алаш зиялылары 1916 жылғы 25 маусымдағы «Қазақтарды қара жұмысқа алу жөніндегі пат- ша Жарлығына байланысты үндеуінде қарулы әскерге қар- сы соғысу апат дей келе, «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», - деп жазды. Олар Ресей өкіметінің кез келген көтеріліске қатысқан, әсіресе шет аймақтағы ұлт- тарды аяусыз жазалайтынын білді. Көзсіз шығынға барғы- лары келмеді. Алаш зиялылары елді қантөгістен сақтағысы келді...

Олар ұлт - азаттық күрес жүргізу тәсілдерінде де, қару- лы қақтығыстан гөрі ұлт рухына негізделген, бейбіт жолмен халықтың сана сезімін ояту арқылы мақсаттарына жетуге тырысты. Шындығында ұлт - азаттық күрес қазақ жерінде бірнеше бағыттан тұрды. Академик Манаш Қозыбаев ол жөнінде былай тұжырымдайды: «Ұлт - азаттық қозғалыс XX ғасырда көптеген ағымдардан тұрды. Оған жұмысшы қозғалысы, зиялы қауым қозғалысы, мұсылмандар қозғалы-

77

 

сы кірді». Зиялы қауымның өзі екіге бөлінді. Орыс әдебиеті мен Еуропа мәдениетіне сенген топ батысшылдар болып, ал ұлттық діни өзгешеліктерді жоғары санаған топ түрікшілдер болып, панисламизм бағытын ұстанды. Батысшылдар «Қа- зақ» газетінің маңына топтасып, болашақ Алаш зиялылары- ның негізі қаланды. 1916 жылдың екінші жартысына дейін қазақ зиялылары қалай болғанда да тұтас толқын болды. «Оян қазақ!» ырғағына түсті. Алаш қозғалысы Ресейде бол- ған екі революция кезінде өз бағдарламасымен жеке толқын, жеке ағын болып шықты. Ал Алаш партиясы, Алашорда ав- тономиясы, Алаш Халық Кеңесі болып қалыптасып, боль- шевизммен жекпе-жек айқасты.

Қазақ зиялыларының бір тобы (Т.Бокин, Ә.Жангелдин, Ә.Жүнісов, Ә.Майкотов, С.Меңдешев, Б.Кұлманов, Ж.Нияз- беков, Т Рысқұлов сияқты) еркіндікті білектің күшімен, най- заның ұшымен алуға, қару ұстап, күреске шығуға шақырды және өздері оған тікелей қатынасты.

«Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан ұлттық либераль- дық-демократиялық зиялылардың басшылары (Әлихан Бө- кейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар) қазақ халқын жарлықты орындауға шақырды. Өйткені, олардың ойынша, жарлық орындалмаса, патша өкіметінің қарулы әскері нашар қаруланған көтерілісшілерді қырғынға ұшыра- туы мүмкін деп санады.

Іс жүзінде солай болып та шықты. Көтерілісшілердің каһармандық пен күресіне қарамай, олармен салыстыр- ғанда жақсы қаруланған патша жазалаушы әскерлері кө- терілісті басты. Патша өкіметі көтеріліске қатысқандарды және оған қатысқан ауылдарды қатты жазалады, куғын- сүргінге салды.

Американдық зерттеуші профессор Марта Брилл Ол- коттың пікірінше, 1916 жылғы көтерілісте, әсіресе ауыр зардап шеккен -қазақтар. Далалық аудандарда көтерілісші- лерді қолға түсірудің қиындығын білген жазалаушы әскери бөлімдер «Таз ашуын тырнадан алады» дегендей, көтеріліс- ке қатысы бар деген ауылдарды қырып-жою әрекеттерін

78

 

жүргізгенде, көшпенділердің басты өмір сүру көзі - олардың малдарын айдап әкетіп отырған. Соның салдарынан мал шы- ғыны Қазақстанның алты облысы (Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария) бойынша;жылқы -50, ірі қара мал- 39, түйе-55, қой мен ешкі-58 пайызға кеміді.

Сол 1941-1945 жылдардағы соғыста 18-бен 30-дың ара- сындағы 400 мыңнан аса қазақтың қылшылдаған жігіттері қаза болды. Бұлар дендері сау, білімді, өнерлі, ұлттық гено­фонды жаңартатын күш еді. Олардың көбі үйленіп арттары- на ұрпақ қалдырып та үлгермеді.

Бір қанды шайқас орнын аралап жүрген Наполеонға мар- шалдарының бірі «Император, мына өлген солдаттардың ор- нын қалай толтырамыз?» - деген екен. Сонда Наполеон көп кідірмей: «Париждің бір түні бәрінің орнын толтырады», - депті. Ал қазақтың XX ғасырдағы аштықтан қырылып, со- ғыста қаза болғандарының орнын толтыруға ондаған жыл- дар аздық етті. Бізде Париж де, парықтылық та жоқ болып шықты...

Қашанда Отанын қорғауға алғашқылардың бірі болып тектілер мен намыстылар кетеді. Қорқақ, ынжық, қаны су- ланғандар жан сауғалап үйде қалады. Олардың ұрпағы бей- нет көрмей өседі, оқиды. Соғыстан қайтпағандардың, елге жараланып оралғандардың балаларының тұрмысы қиындап, болашағы күмәнданып, рухы әлсірейді. Жетімдік көреді. Ал соғыста болмаған әкенің баласы өсе келе ел билер, бірақ Отан қорғаудың, ар-намыстың қадірін білуі екіталай...

...Қазақ халқы - қырғыннан көз ашпай өмір сүрген ха- лық...

1897 жылғы санақта қазақтар 5 млн. болса, арада 42 жыл өткен соң 1939 жылғы санақта қазақтар 2 млн. 300 мың бол­ды, яғни екі есе азайды. Ал өзбектер 3 млн. 900 мыңға неме- се 5 есе көбейген. Тәжіктер 900 мың - 3 есе, қырғыздар 750 мың - 4 есе, түрікмендер 700 мың - 3 есе өсті.

Осыған қарап отырып, 42 жыл ішінде қазақтар азамат со- ғысы, байларды кәмпескелеу, жаппай колхоздастыру, 1932­33 жылдардағы аштық, 1937-38 жылдардағы репрессия

79

 

салдарынан миллиондаған адамынан айрылған деуге әбден болады. Осы екі санақ арасында орыстар - 30, өзбектер - 24, қырғыздар - 16 пайызға көбейсе, қазақтар - 22 пайызға, ук- раиндықтар - 21 пайызға кеміген.

Қазақтар 1960 жылы ғана бастапқы мөлшеріне зорға ілікті. Сөйтіп, 1925-1939 жылдар аралығында қазақ халқы- ның саны өспей келді. Ғасыр тауқыметін басынан өткізген қазақтар 1950 жылдың соңы мен 1960 жылдардың басында ғана демографиялық өсу кезіне ие болды. Қатары селдіреп, қасіретке тұмшаланған халқымыз бұған бала туудың көбеюі- мен бірге Қазақстанға басқа республикалардан, әсіресе Қы- тайдан көп қазақтың тарихи отанына оралуымен жетті. 1959­1970 жылдары қазақтардың өсуі 52%-ды құрап, 1, 5 миллион адамға жетті. Халқымыздың демографиялық өсімінде де оң өзгерістер бой алды.

1970 жылы ғана қазақтар 1926 жылғы деңгейдегі халық санын толтыра алды. Егер әлгі аштық, қырғын, зорлық- зомбылық болмаса, қазақтар саны 1939 жылы 10 миллион, бүгінде қазақтың саны 40-45 миллион болар ма еді? Қазақ ұлты халық санының көптігінің арқасында ғана жер беті- нен жоңғарларша жойылып кетпей аман қалды. Қеңес өкі- метінің отарлық, геноцидтік саясаты болмағанда, біздің санымыз күрт кеміп, өз жерімізде аз халыққа айналмас едік.

Алаш рухының жоқтаушысы, тарихшы Мәмбет Қой- гелді Кеңес Өкіметінің қазақ халқына жасаған зорлығы жөнінде: «Мәселен, салыстырмалы түрде алсақ, 1917 жылы өзбек халқының саны 3, 5 миллион болса, біз 5, 5-6 миллион болатынбыз, яғни екі есе көп, ал қазір кім қан- ша? Сол өзбектер өз елінде - қазір 30 миллион болса, ал біз өз ортамызда 10 милионнан енді асып отырмыз. Бұл не деген сөз? Кеңес өкіметінің бізге көрсеткені осы. Біз қазір өзіміздің қандай тұңғиық шыңыраудан өрмелеп-еңбектеп, тізерлеп, қан - жоса болып әйтеуір өлермендікпен шығып келе жатқанымызды сезсек қой, шіркін. Бізді биік құздан сол шыңырауға еш аяусыз итеріп құлатқан өкіметке еме-

80

 

шегіміз иімек былай тұрсын, лағынет айтар жөніміз бар», - деп ашына жазды.

Социалистік дәуір қазақ халқының ғасырлардан келе жатқан жер, мекен атауына дейін өзгертті. Қазақтың санасы- нан тарих атауларын мүлде ұмыттырмақшы болды. Облыс, аудан, елді мекен аттары жаппай өзгертілді. Қызыл Октябрь, Социалистік, Коммунизм, Партсъезд атаулы мекендер әр жерде қайталана берілді. Төл атын төреге де бермеген қа- зақтың жер-су аты тұрсын, адамның да есімін өзгертті. Адам аттары да коммунистік идеологияға сай Мэлс, Марлен, Ком­мунар, Совхозбек, Совет, Поезбай, Ким деп атала бастады. Ой-тұжырымның өзінде де «совет халқы», «совет әдебиеті», «совет мәдениеті», деген жаттанды сөз тіркестері пайда бол­ды. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру жыл­дары құрылған барлық совхоздар, аудандар Володаровка, Урицкий, Ворошилов, Буденный, Чапаев тағы да басқа ре- волюционерлердің есімдерімен, қала берді Изобильный, Пя­тилетка, Коминтерн, Капитоновка деп тағысын тағы атады. Жер, көл - өзен аттары да адам танымастай өзгертілді. Өз ата жұртында қазақтың ерекшелігін сипаттайтын еш нәрсе қалмауға айналды. Кеңес өкіметі, халық санасынан ұлттық болмысты өшіріп, интернационалистік тұрғыдағы дүбәрә адамды сезімсіз мемлекеттік машина тетігіне айналдырғысы келді.

Тың игеру патшаның отарлау саясатының жалғасына айналды. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігінің сақта- луына мүмкіншілік қалмады. Бұл саясат жөнінде Никита Хрущев былай деді: «Если царь не мог заполнить людь­ми этот регион используя царские методы, то нам удалось это сделать применяя советский метод». Қазақстанға 2 милионнан аса түрлі ұлт өкілдері әкелінді. Бұған соғыс кезінде депортацияланған неміс, шешен, инғуш тағы бас- қаларын қосыңыз. Хрущев 20 жылдан соң коммунизмге жетеміз деген сандырақ идея негізінде ұлттарды мидай араластырғаны өз алды, ұлттық республикаларды жоюды көздеді. Қазақстанды бөлу үшін тың өлкесіне қоса Батыс

81

 

Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан өлкелерін ашпақшы болды. Республика араларындағы шекараны жою үшін Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бас- шыларынан Орта Азия бюросын құрды. Манғышлақты Түркменстанға, Оңтүстік Қазақстанды Өзбекстанға қосу жолдары қарастырылды.

Тың игерушілердің көбі уақытша паспорттармен 1 жылға келіп, кейін түпкілікті қалып қойса, біразы құжатсыз қаш- қан - пысқан, қылмысты тұлғалардан тұрды. Бұл мәселеде де жастұлпарлықтар жауапты Алаш зиялыларынан, әсіресе Әлихан Бөкейхановтың жер мәселесі жөніндегі зерттеулері- нен тапты. Алаш зиялылары жер мәселесін шешуде Ресей Мемлекеттік Думасын пайдаланғанын білді.

Отарлау Қазақстанда кең көлемде жүргізілді. Сто­лыпин жер реформасын негізінен қазақ жерін талан-та- ражға салу арқылы іске асыруды көздеді. Патша өкіметі 1916 жылы 40 млн. гектар шұрайлы жерден қоныстану қорын құрды. Қазақтар шөл далаға ығыстырылды. Тек 1916 жылы Қазақстанның ең жақсы егістік жерлері мен жайылымдарының 45147765 десятинасы тартып алын- ды. Жер бөлуде де әділетсіздіктер көзге көрініп тұрды. Орыс поселкелеріндегі әрбір келімсекке 3, 17 десятина жер берілсе, қазақтарға 0, 21 десятина өңделетін жер тиді. Малы жоқ, жері жоқ қазақ батырақтары пайда бол­ды. Олар таңның атысы, күннің батысы жұмыс істеп, өлместің күнін көрді...

Әлихан Бөкейханов қазақ жері үшін Мемлекеттік Дума- ның мінбесін пайдаланды. Өкіметті, губернаторды сынады. Бөкейхановтың нақты дәлелдермен көрсетуі - патша өкі- метінің қазақтың жерін тартып алу саясатының бетін ашты. Премьер-министр Столыпин, Дала өлкесі генерал губерна­торы Сухотиндер Бөкейхановты өздерінің жеке бастарының жауы деп есептеді.

1908 жылдан 1917 жылдар аралығына Ә. Бөкейханов Са­мара губерниясында айдауда болса да, Петербургте шығатын

82

 

газет-журналдарға Қазақстандағы келеңсіздіктер жөнінде жазып, қазақтардың мүдделерін қорғай берді.

«Санкт- Петербургские ведомости» газеті Столыпин ре- формасының басқа улттардың қунарлы жерін тартып алып отырғаны жөнінде былай жазды:

«... егер мемлекет мүдделері қырғыздарды (қазақтарды) қурбан етуді талап етсе, буған қарсы шығудың керегі жоқ, бірақ екінші жағынан, бір қолымызбен жасай отырып, біздің екінші қолымызбен күйретіп жатқанымызға көзді жума қа- рамай, қайта ашық мойындауымыз керек».

Әлихан Бөкейханов бастаған топ алдымен жергілікті ха- лықты жермен қамтамасыз ету керектігін дәлелдегенінен жастулпарлықтар үлгі алды.

Жастулпарлықтар улттық идея көзін және Отан, ел деген уғымды алашордашылардай тікелей жер мәселесімен байла- ныстырып қарады. Жер мәселесіне ата-бабаларымыздың қа- лай қарағанын білеміз. Ата қоныс - қазақ үшін өмірдің мәні. Жер қазақ үшін тек өмір сүру қажеттілігі емес, әдет-ғурып, салт-турмыс, шежіре, дүние-таным. Жесір дауы таусылса да, жер дауы қашан да таусылмаған. Жер батырлыққа, ерлікке туғыр болар тәрбие көзі. Ата қоныс қасиеті аруақ сыйлаумен жалғасады. Аруақ қазақ үшін - діл мен сенім. Ал сенім бар жерде, болашақ бар.

Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихы туған жерге де­ген сүйіспеншілік және оны қорғаумен тікелей байланысты. Ата бабаларымыздың сан жылдардағы арман- сағынышы елінің көркеюі, туған жерінің амандығы.

Генерал Ғубайдолла Жәңгіровтың патша өкіметінің жер комиссиясы жумысында ерекше пікірде болып, қазақ жерін қорғауы да улттық мүдденің қажеттілігінен шыққан. Мың- жылдықтар бойы қалыптасқан тегімізді, мінезімізді бір ға- сырдың ішінде жоғалтуымыздың өзінде осы жер мәселесі бар.

Ал 1954 жылы басталған тың игеру саясаты І Петрдің Азияға жорығы жоспарының жалғасы еді. Қазақстанға тың игеру кезінде келгендерінің саны сол аймақта ту-

83

 

ратын жергілікті халықтан әлдеқайда көп болды. Олар- ға ерекше жағдайлар жасалды, тіпті қылмыстары үшін жауапқа да тартылмады. Келімсектер жергілікті халыққа менсінбей жоғарыдан қарап, әдет-ғұрып, ұлттық психоло­гия ерекшеліктерімен санаспады. Ақша тауып, тұрмыста- рын жақсартпақшы болған көптеген этнос өкілдері ішін- де ұры-қарысы, түрмеден шыққандары бар қазақ жерінің апай-топайын шығарды. Мәдениеті, менталитеті басқа адамдардың бас-көзсіз мидай араласуы қазақты амалсыз- дықтан ұлтсыздануға итермеледі.

Қазақстандағы тың игеру - тек экономикалық мүд- деліктен жасалған жоқ, бұл Столыпиннің орыстарды шет аймақтарға қоныстандыру саясатын одан әрі іске асыру қажеттілігінен туды. Бұл жерде аз ұлтты ассимиляция - лау саясатын жүргізуге барлық оңтайлы жағдай жасалды. Әсіресе Кеңес Одағы жергілікті халықты қырып, санын азайтып, оның генофондын бұзып, санасын улап, ұлттық рухын сындыруды көздеді.

Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қазба байлы- ғы көп, жері құнарлы Целиноград, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Торғай облыстары бір Тың өлкесіне біріктірілді. Болашақта бұл өлке Ресей федерациясына қо- сылуы керек еді.

Тың игеру барысында ұлтсыздандыру саясатын жүргі- зу кеңінен өрістеді. Бұл бағытты Коммунистік партия ұйымдары қолдап, нақтылы көмектер көрсетті. Ұлтсыз- дандыру саясаты негізінен жергілікті қазақтарға қарсы жүргізілді. Социалистік идеологияның бар күші, айла- тәсілі халықтарды интернационализм рухында тәрбиелеу- ге жұмсалды. Компартияның нұсқауларын орындау бары­сында жергілікті ұйымдар шектен шығып, көзге көргісіз, көңілге жағымсыз істерге барды. Тың өлкесі Компартия ұйымының 1-ші хатшысы Т. Соколов жергілікті қазақтар- ды жер аударылған немістермен будандастырып жаңа со­циалиста азамат жасауға кірісті. Бұл сынақты жасау үшін қазақ қызы Дәмелі Жақсылықованы әуелі неміске тур-

84

 

мысқа шығарып, кейін шошқа бақтырды. Бұл саясат ұна- ған өкімет органдары Жақсылықоваға үлгілі істері үшін Социалистік Еңбек Ері атағын беріп, Алтын Жұлдыз бен Ленин орденін тапсырды. Бүкіл Кеңес Одағының газет- журнал, теледидарлары Қазақстандағы ұлттық саясатты даурықтыра дәріптеп, басқаларға үлгі етті. Қан аралас- тыру арқылы қазақ пен немістің ортасынан «Социалистік интернационалист қазақ» ұлтын жасау күн тәртібіне қо- йылды. Аралас некедегі жастарға ерекше жағдайлар жа- салып, пәтер, жұмыс мәселелері кезексіз шешілді. Жан- жақты қолдау, құрмет көрсетілді. Аралас некедегі жастар әрине интернационалистік тұрғыда болды. Ұлттық тіл, діл, әдет-ғұрыптан бірден адаланған советтік жас отау со­циалиста идея, коммунистік моральға сәйкес келді...

Қазақтың тарихы мол Ақмола қаласы Целиноград деп өз- гертілді. Ал Павлодар қаласы Хрущевоград болсын деп об- лыстық атқару комитеті, обком бюросымен бірігіп шешім де қабылдады. Осыдан бұрынырақ 1954 жылы Қазақстан Ком- партиясы бюросы істеген еңбектеріне қарамай тың жерлерді игеру саясатын қолдамағаны үшін 1-ші хатшы Ж. Шаяхме- товты жұмыстан босатты.

Жер мәселесі қазақ үшін, ата-баба үшін ең қасиетті нәрсе. Батырларымыз ол үшін қан төкті, ақындарымыз жыр-өлең- деріне басты тақырып қылып алды. Жастұлпарлықтар бар- лық кездесулерде қазақтың жерден басқа еш байлығының жоқ екенін халыққа жеткізіп отырды.

«Жас тұлпар» ұйымының мүшелері бағдарламаларында- ғы мәселелерді өзара бөлісіп, жан-жақты зерттеуге тырысты. Кездесулерге жиналған жұрттың деңгейі, жас айырмашы- лықтарына қарап, баяндамаларын сол ортаға бейімдеп жа- сады. Мұрат Әуезов «Жастұлпар» ұйымының алдына қой- ған мақсаттары жөнінде қазақтың ұлттық мәдениетінің, ана тілінің жоғалып бара жатқанына тоқталды.

Ол бір XX ғасырдың 50 жылының ішінде қазақ халқы үш үлкен қайғыны басынан өткізді деп, соған ерекше мән берді :

біріншісі: 1916 жылғы қантөгіс кезіндегі қырғын;

85

 

екіншісі: 1932-1933 жылдардағы елді ендеген өкіметтің қолдан жасаған ашаршылығы;

үшіншісі: 1937-1938 жылдардағы қазақ зиялы қауымын жаппай қыру.

Мұрат Әуезов: «Кешегі кер заман алдыңғы қатардағы озық ойлы, ұлтына жанашыр Алаш зиялыларын қырып-жой- ды, қуғындады. Біз енді, ел боламыз десек, сол азаматтары- мызды толықтай ақтап, жазған еңбектерін жарыққа шыға- руымыз керек. Қайда бара жатқанын анық білмейтін адам, қайда келгенін түсінбей дал болатынның біз кебін кимеуіміз керек» деді. Арыстары атылып, ел-жұрттың ашыққан кезең- дерін жиынға қатысушылардың есіне салды. Көкейлерінде айтылмай шер болып жүрген жоғалғандарын көз алдарына елестетті.

Ол кезде Алаш зиялылары жөнінде, ашаршылық жөнін- де айту - ерлікке пара-пар батылдық еді. Әрине бұл жалғыз Мұрат Әуезовтің емес, барлық жастұлпарлықтардың ұлт ал- дындағы тарихи жауапкершілікті толық сезінуінің жарқын көрінісі. Сталиннің елді дамытқаны мен Отан соғысында- ғы орасан табыстары адам құрбандықтары мен қайғы-қасі- ретінің қасында түк емес екенін жастұлпарлықтар алғаш- қылардың бірі болып білді, сол жөнінде батыл айтты. Олар тартынбай Сталин-Голощекин дәуірі - Қазақстанның бөлін- бес күрделі қайғылы-қасіретті тарихы екенін айтып әшкере- леді.

Ал Болатхан Тайжанов ұлттық идея мәселелерін көтеріп: «Халық тарихын кесіп, бөлшектеуге болмайды». Қазақ хан- дығы, Алашорда өкіметі мемлекеттік құрылым белгілері. Қалай оларды ұмытып қазақ халқының мемлекеттілігі бол- ған жоқ делінеді. Ұлт тарихы қалай болғанда да біртұтас, ол қайталанбайды және де түзетуге келмейді деп ұлттық идеяны мемлекеттіліктен іздеді. Сәрсенғали Қоспанов, Ал­тай Қадыржанов, Марат Сембин, Советқазы Ақатай, Мақаш Тәтімовтер көпшілік ұйымды шыңдайтын насихатшы ше- шендерге айналды.

Олардың : «Рухани тоқырау адамгершілікті аздырып,

86

 

шынар шыңына жеткізді. Өтірік пен жалғандық өзімізді ғана емес, жас ұрпақтың қанына сіңіп, күнделікті әдеті- не айналып барады. Ал біз болсақ, ештеңе болмағандай мәзбіз. Несіне мәзбіз, қарнымыздың ашпағанына, соғыс- тың жоқтығына ма? Біз өзімізге-өзіміз өтірік айтудамыз. Біз өтіріктің, жалғандықтың құлымыз. Бүгінде біз шын- дықты айтып, рухани дүниелеріміз, айналып келгенде жа- нымызды кірлетпей қорғауға күшіміз жетпей тұр. Біз өт- кендегі қайғы-қасіретімізді, аштықты, жоғалтқанымызды айтудан да қорқамыз. Ол жөнінде айтатын болсақ, сол жа- маншылық тіріліп қайта келетін сияқтанады. Ал өткеннің шындығын айтпай, әділеттілікке қол жеткізу мүмкін емес. Біз бүгінде әділеттілікке қол жеткізгіміз келсе, алды-арты- мызға жалтақтамай, жүрегіміз қалаған шындықты айтуы- мыз керек. Өтірік пен екіжүзділік ешкімге ешқашан опа әкелмегенін естен шығармауымыз керек. Адам алдымен ұятын сақтап, абыройынан айрылмауы тиіс. Ең бастысы, бұл өзіңе ғана емес, сенен үлгі алып отырған бала-шағаңа, ұрпағыңа керек. Халық КГБ мен заң органдарынан қорық- паулары керек, қайта олар сендерден қорқулары керек», - деген жалынды сөздері тыңдаушы жұрттың құрсауланған жан-дүниесін жібітті. Алаш идеясынан нәр алып сусында- ған жастұлпарлықтар ештеңеден тайсалмады. Алды - арт- тарын ойлап жалтақтамады. Бұл - қазақ халқының басты құндылығы - шыншылдығы мен тазалығы, «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтатындығының» көрінісі еді.

Жастұлпарлықтар кездесулерінде «Біз тарихи кезеңде өмір сүрудеміз. Қоғам оянуда. Ол өзінің жауапкершілігін сезіне бастады. Сең жібіді, енді оны ешкім де тоқтата алмай- ды», - деп, елді ездіктен безіп, ерлік жасауға шақырды.

Ұлттық сананың оянып, жастардың белсенділігінің артуы Кеңес Одағы өкіметін жәйбарақат қалдыра алмады. КГБ со- циалистік жүйеге қарсы адамдармен күресті күшейту үшін арнайы бөлімдер ашты. Қоғамның бар саласында өздеріне тыңшы ұстады. Қазақстанда жастармен күрес «Жас тұлпар» ұйымына байланысты басталды. Асыл тастай ұлтының бо-

87

 

лашағын ойлаған талай қазақ азаматтарын қайыстырған Кеңестік жүйенің бар дүлей күші енді жастұлпарлықтарға бағытталды. Жастұлпарлықтардың арасына тыңшы жіберіп, бақылауға алды. Барлық кездесулерде кімдер болды, не делінді бәрі-бәрі жіпке тізілгендей керек жеріне жеткізіліп отырды. Қазақстанның КГБ қызметкерлері істеген жұмысын Мәскеуге хабарлап, бірігіп жастарға қарсы шаралар, аранда- тушылықтар жасады.

1966 жылдың 28 наурызда Қазақстанның КГБ-сынан Мәскеуге жіберілген ақпаратта «Жас тұлпар» ұйымы жөнін- де былай делінген:

«... в период зимних каникул, в начале февраля 1966 года в г. Алма-Ата находились некоторые участники творческого объединения «Жас тулпар», состоявшего из казахской моло­дежи, обучающейся в вузах Москвы, Ленинграда, Украины и Прибалтики. В частности, Ауэзов Мурат - аспирант вос­точного факультета МГУ, председатель «Жас тұлпар»; Тай- жанов Болатхан - студент Института международных отно­шений; Ибраев Шамиль - студент Рижского авиаинститута; Сулейменов Тимур - студент одного из ленинградских ву­зов; Қоспанов Сарсенгали - студент Ленинградского элект­ротехнического института; Сембин Амангелды - студент Московской консерватории; Сматаева Сона (Сматаев Софы) - студент Московского института связи. В г. Алма-Ата ими были проведены три встречи с представителями казахской молодежи города, в которых так же принимали участие не­которые алматинские писатели, журналисты, художники и студенты прибывшие по инициативе М. Ауэзова, из городов Караганды, Чимкента, Семипалатинска и из других городов Казахстана.

Из выступлений М. Ауэзова в этих встречах:

«В 1937 году и раньше были уничтожены лучшие люди, лучшие представители казахской интеллигенции, которые могли бы создать огромную культуру.

В 1932 году погибло миллион казахов, среди них погибло много талантливых людей. Молодежь наша должна обо всем

88

 

этом знать и помнить. Все традиции и обычаи наших отцов и дедов забыты. Жизнь современной казахской молодежи не интересна».

... На другой встрече М. Ауэзов заявил, что до нынеш- ного нашего поколения у казахского народа не было своей национальной интеллигенции в полным смысле этого слова и только теперь национальная интеллигенция может вести свой народ. Он утверждал, что в народе накопилось много недовольства».

1967 жылы 7 майда Қазақстанның КГБ қызмет орны Ке- ңес Одағы КГБ төрағасының орынбасары С. Г. Банниковке төмендегідей ақпарат жібереді:

«... в марте группа казахских аспирантов, обучающихся в Москве (М. Ауэзов, Б. Тайжанов, Б. Аманжолов, М. Гиль­манов, М. Жусупов и другие) систематически собиралась по четвергам и обсуждали вопросы демографического положе­ния казахского народа и о том, что положения Конституции о государственности в настоящее время не применяются на практике. Заострялось внимание на том, что полезные ис­копаемые Казахстана, в основном, вывозятся в Россию, а промышленные предприятия не строятся, нет национальных кадров и их не готовят», - делінген.

Мәскеуде оқып жүрген «Жас тулпар» уйымы мүшелерінің арасына Қазақстанның КГБ-сы өз тыңшыларын жіберіп, олардың істеген істерін Мәскеудің КГБ-сына жеткізулері ба- рып турған сатқындық еді. Сол тыңшылардың да қазақ жас­тары екенін ескерсек, әлі де улттық намыс, сана-болмысы- ның қазақ қауымында әр түрлі деңгейде болғанын көреміз...

Әлемде ешбір қоғамның халықты күшпен мәңгі устауы мүмкін емес. Кеңес Одағының сенгені өз халқын қорқы- нышта устауында. Қорқынышта өмір сүрген халық шындық- ты айта алмайды, жүйенің ойыншығына айналып улттық болмысынан, кейінірек адамгершілік, парасаттылығынан журдай болады. Парасаттылықты қалыптастыра алмаған тулға, адамгершілік қасиеттерін сақтап қалуы күмәнді. Адам сезімінің пәктігін, рухының тазалығын сақтағанда ғана пен-

89

 

дешіліктің тұсауын үзіп, тұтқыннан босап еркіндікте өмір сүре алады.

Ұлттың бар зиялы қауымын «халық жауы» деп соттап, атып жатқанда бұқара халықтың араласпауы, арашашы бола алмауы жәй қорқыныш емес, адамгершілік құндылықтар- дың қалмағандығында.

Бірақ қандарында ұлы даланың еркіндік рухы бар жас- тар КГБ бұғалығына мойымады. Жүректіліктеріне білім- дері сай келіп, үлкен мақсаттар үшін ештеңеден тайынба- ды. Өткір жанарлы 18-20 жастағы ұл-қыздардың ұлтшыл, қаншыл болуына замана тауқыметі, халқының дүрбелең аласапыран кезеңдердегі өмір қиыншылықтары себеп болды. Сондықтан да олар өткенді танымаған, бүгінгіні байыптамаған, келешекке көз салмаған мемлекеттің жаң- сақ саясат көрінісін қорықпай әшекереледі. Казармалық социализм қоржынынан шыққан аға буын зиялы қауым пендешіліктің бесігіне бөленіп жатқанда, жастұлпарлық- тар Ресей жерінде «Мен қазақпын» деп асқақтап жүрді. Елде кімнің жемісі піссе, соның торғайына айналғандар- ға қарсы соққы беріп, көпшіліктің мүлгіген болмысын сілкіндірді. Дені күншіл, сүлделерін әншейін сүйреткен, заман ағымының жапырағына айналғандарға ой салды. Ұлтының тарихын тұжырымдап, болашағын халқының тағдырының жалғасы деп есептеді. Ұлттық рухтарының, алға қойған мақсаттарының күштілігінің арқасында қан- дай да болсын қиыншылықтарды жеңе білді. Ұлт мүд- десі үшін адам айтқысыз қиындықтарға қарсы тұра алды. Өкімет тарапынан қысым, қуғын күшейген сайын олар бірліктерін, тірліктерін көрсетіп, Ұлы идеялар жолында жаңа істерді бастады.

Ұшқан құстың қанаты талар кең байтақ қазақ даласының қалалары мен ауылдарында ХХ ғасырдың 60-шы жылдары «Жас тұлпар» қозғалысы жөнінде естімеген, білмеген қазақ баласы кемде-кем болды. Бұл ұйым ұлттық болмыстың қа- жеттілігінен, халықтың аңсаған арман-тілегінен туды. «Жас тұлпар» деген сөз бодандық шеңгелінде ұлтсыздануға ұры-

90

 

нып, этнос есебінде жоғалып кетуге қарсылық көрсетудің символына айналды.

Алаш идеясы - қазақ идеясы

Жастұлпарлықтар үшін - ұлттың болашағы жөнін- дегі ой-тұжырымдар «Керегеміз - ағаш, ұранымыз - Алаш» сөзінен басталып, ұлттық құндылықтарды ұмыт- пай қастерлеп, рух асқақтығын жаңғыртудың жолдарын іздеумен жалғасты. Алаш идеясы - қазақ идеясы болып шеңберлене берді. Ұлт тарихы - халықтың өмір жолы, оның мұңы мен мақтанышы екеніне көздерін жеткі- зе түсті. Оларды мыңжылдықтар бойы қалыптасқан тегімізді, мінезімізді, парасаттылығымызды Кеңес Ода- ғының жермен жексен еткендігі қинады. Қазақ халқы мыңжылдық тарихы бар этнос ретінде әлем тұғырынан өзіне тиесілі орынға қалай жетуі керек деген сұраққа жауап іздеді. Отарлық, социалистік тәуелділіктен құты- лу үшін ең алдымен рухани бостандыққа қол жеткізу, ұлттық сананы қапастан шығару керек деді. Жастұлпар- лықтар мың ойланып, жүз толғанып, естіп-білгендерін зерделерінің сезігінен қайта-қайта өткізіп, «ұлт мұра- ты», «ұлт арманы» Алаш зиялыларының еңбектері мен істерінде деген тұжырым жасады. Алаш көсемдерінің өмірімен, еңбектерімен танысты, көбі олардың тікелей ұрпақтарымен араласып тұрды. Алаш идеясын елге та- ратушы ақын Хамза Абдуллиннен Мағжан Жұмабаев пен Мұстафа Шоқай жөнінде толық хабардар болды. Мағжан Жұмабаевтың творчествосымен Хамза арқылы танысып, өлеңдерін оқыды. Әсіресе, оларды Мағжан Жұмабаевтың Мұстафа Шоқайға арнаған «Алыстағы бауырыма» өлеңі қатты толқытты.

Алыста ауыр азап шеккен бауырым,

Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым.

91

 

Қаптаған қалың жаудың ортасында,

Көл қылып көздің жасын төккен бауырым!

Алдыңды ауыр қайғы жапқан бауырым,

Өміріңше жапа көрген жаттан бауырым.

Түксиген жүрегі тас жауыз жандар,

Тірідей жеріңді тонап жатқан бауырым!

Бауырым, сен о жақта, мен бұ жақта,

Қайғыдан қан жұтамыз, екі жақта.

Лайық па құл боп тұру? Кел, кетелік,

Алтайға - ата мирас алтын таққа!

Жастұлпарлықтарды Алаш зиялыларының бауырма-шы- лық - туысшылдықтары, парасаттылықтары таң қалдырды.

Хамза Абдуллиннен Мұстафа Шоқайдың негізгі мақса- тының Ресей империясында тұратын күллі түркі ұрпақта- рын біріктіріп, «Үлкен Түркістан» одағын құрғысы келгенін білді. Шынында Мұстафа Петербург университетінің заң факультетін бітіре сала, 1916 жылы Қазан қаласына келіп «Түркістан бірлестігі» деп аталатын құпия ұйым ашқан. Па- рижде 1924 жылдан түрік тілінде «Яш Түркістан» журналын шығарған. Жастұлпарлықтардың Алаш зиялыларын жақсы білулеріне негіз де бар.

Озық ойлы, кеудесінде ұлтының оты бар жастардың шық- қан тегіне, өскен ортасына мән берген жөн. Бұлар кешегі Алаш ұрпақтары, әке-шешелері сол Алаш идеясымен тәр- биеленіп, балаларының сүйегіне де ұлтшылдықты сіңірген әулеттерден шықты. Тарихпен сабақтас өмірді бастарынан өткізген қазақ зиялы қауымы шаңырақ астында, отбасында Алаш азаматтарының жақсы қасиеттерін айтып, еңбектерін өсиет етіп ұрпағына жеткізді. Жастұлпарлықтардың көбінің әке-шеше, ата-әжелері Алаш зиялыларын көріп, ұлағатты сөздерін естіп, жадына тоқыған көзі ашық, зиялы қауым болатын. Әке-шешелері Алаш зиялыларын көріп, солардың жазғандарын оқып, жаттап өскендіктен жастұлпарлықтар

92

 

алаш идеясымен жастайынан қоректенді десек, қателес- пейміз. Тоталитарлық жүйе қазақты қанша қырып жойса да, қанында еркіндік дәстүрі бар халықтың санасында сүйекке сіңген еркіндік, кеңдік сақтала береді. Бостандық идеялары қазақ халқында ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен сана­сында мәңгілік өмір сүрді. Бұл тарих тағылымы. Алаш қоз- ғалысы, Алаш Орда өкіметі Алаш арыстарын қазақ халқы ешқашан естерінен шығарған емес.

Алаш зиялылары қиындығы көп қысқа өмірлерінде қа- зақ жұртына айтатынын айтып үлгерді. Оны естір кұлақ жоқ шығар дегенде 40 жылдан соң Кеңес өкіметінің көгін дүбірлетіп «Жас тұлпар» дүниеге келді. Жәй емес, «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген. Тамырым терең, кұлашым кең», - деп екпіндей келді. Сұрауға емес, алуға, өзінің қа- рымтасын қайтаруға келді...

Туған ел, шыққан шаңырағына қайта орала алмай, ізі- жо- ғалып кеткендерді, зым-зия құрып бара жатқандарды іздеді. Қазақтың орны қайраңда, апан жағасында емес, жазира шұ- райлы кең дала, асқар тауда деп жар салды.

Алаш қайраткерлері туралы шет елдерде қазақ Мұстафа Шоқай, башқұрт Зәки Уәлиди Тоған, өзбек Баймырза Хайт, орыс, неміс ғалымдары еңбектері басылды, бірақ ол Кеңес Одағына жетпеді.

Қазақта «тұлпардың - тұяғы, асылдың - сынығы» деген асыл сөз бар. Бұл мақал тектілікті, ұлтын сүйіп, соның бар- лық қасиеттерін бойына жиған, айтқанынан қайтпайтын, сегіз қырлы - бір сырлы жандарға арналған. Ұлтының бола- шағын ойлап, соның жолына басын бәйгеге тіккен Ресейде оқыған жастардың алдыңғы қатарлары «Жас тұлпар» ұйы- мына мүше болды. Мойындарына ұлтының ұлы мақсат-ама- наттарын артып, «шу, жануар» деп атқа қонды. Абайдың сөзімен айтқанда: «Серт бергем, еңбек етем деп, алдағы атар таң үшін... ».

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің». Эр адам өзінің балалық әлемінен, жанұя тәрбиесінен тамыр тартқан та- нымына байланысты іс-әрекеттер жасайды. Ой түбінің те-

93

 

реңдігі, қуаныш-жұбаныш дауысы, арман-қиялыңның ша- рықтау шегі.

Алаш идеясына жастардың көп көңіл бөлуіне «Жас тұлпар» ұйымы басшыларының бірі Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұраттың болуы да әсерін тигізді. Өйткені Мұхтар Әуезов Алаш зиялыларының соңғы көзі, идея үрдісіндегі сабақтастықтың негізі еді. Оның «Алаш» партиясының белсенді мүшесі болғанын және Алаш идеясынан бас тартпағаны белгілі. Кеңес Одағында Мемлекеттік және Лениндік сыйлық алған Компартияда жоқ жалғыз жазу- шының Мұхтар Әуезов екендігін ескерсек - бұл ұстаным- да алашордалық жатыр. Мұхтар Әуезов «Қилы за- ман» повесімен «Хан Кене» пьесасында Алаш идеясын жәй дәріптеп қойған жоқ, ол қазақ халқының Тәуелсіздік- ке жетер жолын көрсетті. Ұлттық болмыстың шыңдалуы- на түбегейлі эсер етті. Алаш азаматтарының соңғы тарихи тұлғасы Мұхтар Әуезов қаламымен зиялылар қауымы- ның аманатын орындап, жаңа ұрпаққа салауат қылды. Алаш идеясын «Қилы заман» повесі арқылы жас ұрпаққа жеткізді. «Қилы заман» - ұлттық сананың қозғаушы күші, халықтың көкірек көзін оятар, Алаш азаматтарының бола- шақ ұрпаққа сәлемдемесі. Повесть Мұхтар Әуезовтің ұлт тағдырына толғанысы ғана емес, бұл тарихи шындықты алаш идеясымен суара отырып, ұлттың рухын көтеруге арналған шығарма.

Қазақтың өршіл рухын көрсеткен шығарма, ұлттық сана-сезімнің оянуына орасан зор эсер еткені сөзсіз. Ке- ңестік жүйенің бұл шығармадан қорқатын да жөні бар. Сондықтан да елу жыл бұл шығарма қайта басылмай қа- мауда ұсталды.

Мұрат Мұхтарұлы Әуезов өзінің жас кезінде «Қилы за- манмен» қалай танысқанын былай әңгімелейді:

- «Мұхтар Әуезовтің «Қилы заманы» 1928 жылы жарық көрген. 1916 жылғы Жетісу албандарының отаршыл патша өкіметіне қарсы соғысы бейнеленген бұл кітапты жазуда әкеме қазақ поэзиясының құлагері Ілияс Жансүгіров қолын-

94

 

да бар материалдарын беріп, көмектеседі. Бұл кітап жарық көрісімен кеңестік цензураның қаһарына ұшырап, жаппай кітапханалардан алынып, өртелген.

Сол кітаптың Ұлттық кітапханада (ол кезде Пушкин атын- да) бір ғана данасы сақталып қалыпты. Сары ауыз бала кезім- де шешем Фатима Ғабитова мені аталмыш кітапханаға ертіп апарып, араб әрпімен басылған «Қилы заманның» сақтаулы жалғыз данасын алдырып, оқып беретін. Міне, жарты ғасыр- дай құлыптаулы жатқан сол повесть 1972 жылы Шыңғыс Айт- матовтың алғы сөзімен «Новый мир» журналының 6-санында орыс тілінде «Лихая година» деген атпен жарық көрді. Содан кейін барып қана қазақшасы шықты.

«Қилы заман» - Әуезов шығармашылығында ерекше орын алатын тарихи туынды, уақыт озған сайын айтар ойы мен маңызы артпаса, кемімейтін, жаңаша қырынан түрлене беретін мәңгілік шығарма». Ал«Хан Кене» пьесасының Қа- сымның асынан көрініс алып, онда Нысанбай ақынның ұлт- тық бірлікке шақырған жыр жолдарымен басталуы азаттық идеясымен байланысып жатыр.

... Екі тізгін бір шылбыр Ұстат енді Кенеге Тас қорғанын бұзатын Ақ алмастан жебеге...

Ал жастұлпарлықтар Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан дәстүрлі тіршілік қалпы мен өмір салтының өзгеріске ұшырағанын, ұлттық рухтың қалай бәсеңдегенін оқып білді. Алаш зиялыларының қазақы болмысты сақтап қалу мақсатын іске асыруға тырысты.

Тәуелсіздіктің басы мың өліп, мың тірілген ата-баба- лар арманында, бергісі Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шо- қай бастаған Алаш зиялыларында жатқанын түсінді. Олар азаттық идеясын ту етіп ұстаған Алаш зиялыларының өмір жолы, күресі, таным-түсінігі қазақ санасын ашады деп сенді. Қазақтың жетпегенін жетілтіп, жамандығын жасырып, жақ- сылығын асырған да Алашорда зиялылары. Алашорда өкі- метін құрған ұрпақтың көш басында тұрған 15 азаматтың

95

 

түгел дерлігі жоғары білімі бар қазақтар еді, тек жалғыз Отыншы Әлжанов қана мұғалімдер гимназиясын тәмамда- ған. Ал Кеңес өкіметінің құрамы Алашордадан анағұрлым төмен болды. Сталиннің өзінің небәрі үш-ақ сыныптық діни білімі болса, жалпы халық комиссарларының көбінің жоға- ры білімдері болмады.

Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда өкіметі, Алаш идеясы қазақ ұлтының оянуының шырқау шыңы болса, жастұлпарлықтар сол ой-арманды жалғастырушылар, халық пен Алаш зиялылары араларын байланыстырушы көпірге айналды. Сондықтан Абайды бар қазаққа таныстарған Алаш зиялылары мен Мұхтар Әуезов десек, Алаш идеясын қайта жаңғыртып, елімен қауыштырған «жастұлпарлықтар» десек қателеспейміз.

Қазақ ұлтының күші мен жігері ұлы мақсатқа бағыттал- ғанда ғана идея болып қалыптасып, күшейіп жанданады. Ұлы мақсат - бұл ұлт болашағы. Ал қазақ ұлтының болаша- ғы - Абайдың арманы, ұлы ұстаздың ойлары.

Абай қазақтың келмеске кетіп бара жатқан көшпелі ғұмы- ры мен енді қалыптаса бастаған отырықшылдықтың шека- расы іспеттес. Ол мәдениет пен өркениет заңдылықты шай- қасқа кіріскен заманда өмір сүрсе де, Алаш зиялыларының ұстазы, хакімі бола алды. Замана тұрғысына қарай мәдениеті таза ұлттық негізден нәр алса, өркениет интернационалистік кейіптен күш алып, алға шапты.

Абайдың жан дүниесін, рухани болмысын жақсы түсін- ген Алаш азаматтарының іс-әрекеттері - арттарына қал- дырып кеткен мол мұралары. Жас тұлпарлықтар Мұхтар Әуезов арқылы Абайды қалай білсе, Алаш зиялыларын сол үрдісте сабақтастырып таныды. Қазақтың болашағын Абай және Алаш идеясы деп түсінеді.

Алашорда қайраткері Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы «Абай» журналында «Ұлтты сүю» деген мақаласында «Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресте тең түсіп, басқаларға өзін елетіп отыр. Ұлты үшін қызмет қылмай, бас қамын ойлап жүр-

96

 

ген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Жапония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жа- сынан «ұлтым» деп өседі. Есейген соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне жұмсайды. Олардың әр адамы - мемле- кеттің керегі, қызметкері: Оқығандар! Бұл уақыт жан тыныш- тық іздейтін, қызық уақыт емес, қызмет қылатын, еңбек сіңі- ретін уақыт. Ойлаңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғамыз, олай болса, мойнымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр, - деп еді. Абайдың «Біріңді қазақ, біріңді дос көр- месең істің бәрі бос» дегеніндей Алаш идеясының тағы бір ерекшелігі оның елшілдігінде, туысшылығында. Бұны ғұла- ма жазушы Мұхтар Әуезовтің емханада жатып, ең соңғы рет қолына қалам алып елдегі достарына ұлы Мұратты тапсырып жазған өсиетінен көруге болады.

Қымбатты Кәмен!

Мынау Мұрат Әуезов менің тузан балам. Москва универ- ситетінде оқушы еді. Қазір жазза Семейге, содан әрі Абай ауданын - әкесі тузан жерді, елді көруге бара жатыр. Өзіне сазан, Балташқа бар дедім. Осыны ауданды аралатып, елді, жерді көрсетіп танытуза өзің бар, Балташ бар көмек ету- леріңді сұраймын. Өзін сен өз үйіңе түсірсең деймін.

Мен ауырып, Москвада больницада жатырмын, жайым- ды Мүрат айтар. Үйіңе көп-көп сәлем. Мүхтар Әуезов.

Елдегі бар азайынза мың сәлем! Балташтікіне жайды үзындырът өзің алып барарсың.

25. 06. 1961

Мұхтар Әуезов ақтық демінің аз қалғанын сезді ме «жан пида» арманы болуы керек, операция алдында туған жерін, өскен ауылын еске алады. Ұлы Мұратты Семейдегі елмен тереңірек таныстырып, Алаш зиялылары бас қосып, Орда құрып, ту тіккен жерлерді көрсетіп, содан рухани нәр ал- ғызғысы келді. Бұл өсиет хатта тағы бір сыр бар. Ол кешегі жайсаң жердің бүгінде «ядролық сынақ» жарылысы мекені- не айналғанын көріп ұлын ойлансын дегені. Ел қамы, ауыл

97

 

тірлігі - ұлт болашағының негізі екенін меңзейді. Ал оның ұлы Муратты ата - жұртымен табыстырып кетуді достарына өсиет қылуының көзі әке арманы, қазақшылықта, алаштықта жатыр.

Алаштық ой - саналарды арман тілекке балап, мойнына жүк алған жас тұлпарлықтар өз замандас құрбыларын ұлт қамын ойлап, халыққа жаны ашып, қызмет қылуға шақыр- ды. Облыстарда үлгілі іс-әрекеттерімен көпшіліктің ықы- ласына ие болып, көңілінен шығып ұлтымен бірге болуға үгіттеді. Жастұлпарлықтар көздеген мақсаттарына бірден жеткен жоқ. Бірақ олар елдің сана-сезімін тербетіп, ұлтты оята бастады. Ұлттық ерекшеліктерді ұмытпай, оны орын- ды, заманға сай, қиюын келтіре пайдаланып, жетуге болатын жолын көрсетуге тырысты.

Олар XX ғасырдың басында шыққан «Қазақ», «Сарыар- қа», «Абай» газеттерінің болғанынан хабардар болды. Ал Кеңестік қызыл идеология - Ұлт, Ұлтшылдық деген ұғым- дарды біздің санамызға ондаған жолдар бойы құбыжық қы- лып сіңдірді. Ұлтымыз үшін аянбай еңбек етіп, арын-жанын садақа етіп халқымыздың болашағын ойлаған Әлихан Бө- кейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мус­тафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев және тағы басқа жүздеген Алаш зиялыларын жау етіп көрсетті. Соғысы, кәмпескесі, ашаршылығы бар, өмірінде көрмеген азап пен жоқшылық- ты, жаппай қырылуды көрген қазақ қауымы ұлт, ұлтшылдық ұғымын қасіреттің баламасы ретінде қабылдап ұлтсыздан- ды. Ұлтсыздану - рухсыздыққа әкелді.

Алаш идеясының басты нысандары жастұлпарлықтар- дың саяси бағдарламасының негізі десек, қателеспейміз. Алаш зиялыларының ұстанымдары:

а) экономикада - жер мәселесі, жердің асты-үстіндегі бай- лықтың иелігі, қазақ жерінде өндірілген бар зат бұқара ха- лықтікі;

ә) руханиятта - қазақтың ана тілінің, дінінің, ділінің үс- темдігі;

б) саясатта - замана жетістігін пайдаланып, салт-дәстүрді

98

 

жоғалтпай, Жапония үлгісіндегі улттық демократиялық мемлекет қуру болды.

Алаш зиялыларының улттық идеясын негізге ала отырып, Жастулпарлықтар уақыт талабына сай, оған өз түсініктерінше толықтырулар жасады. Көрсетіліп келген улттық қундылықтарға қосымша тарихқа тағылым жа- сап, ашаршылық, алаш зиялыларын ақтау, демография мәселесін түзеу үшін шет елдегі қазақтарды ата-журтқа қоныстандыру және улттың санасын өсіріп, улт муратына жауапкершілігін арттыруды көздеді. Бул көтерілген мәсе- лелер улт дамуының ең өзекті іс-салалары делініп, барлық уйымдастырушылық үгіт-насихат жумыстарын осы мәсе- лелер төңірегінде өткізді.

Алаш идеясы Жастулпарлықтардың бойына күш-қуат және сенім берді. Идеядан нәр алған олар ең алдымен улт- тық сананы көтеруді мақсат етті. Ұлттық болмыс негізінде қазақтың тілі мен мәдениетін жас урпаққа жеткізгенде ғана ултсызданудан арылатынын түсінді.

Жастар тарихтың тереңінен бастау алып, тағылымына шөлін қандырып, улттық психология аясында қалыптасқан сана ғана өміршең деп есептеді. Мәдениеттің улттық ерек- шеліктен нәр алатынын, соған негізделетінін умытпады.

Бул жөнінде академик Д. Кішібеков «Ұлттық идея және идеология» атты еңбегінде: «Ұлттық идея тамырын терең- нен алады және этностың болмыстық табиғатын түзеді, оның тарихымен және мәдениетімен байланысты болады. Ұлттық идея этникалық сезімдердің негізінде пайда болады, - дейді.

Ұлттық идеяны ешкім арнайы жасамайды. Ол стихиялы түрде жүздеген жылдарда біртіндеп қалыптасып, пісіп жеті- леді. Оның негізі улттық психологиялық және генеология- лық ерекшелікте жатыр.

«Ақтабан шубырынды - Алқакөл сулама» жылдарында Отан қорғау, ел-журт, ата-мекенді аман сақтау Ұлт мура­ты болса, Сырым, Кенесары, Амангелділер улттық идеяны қарулы күрестен тапса, Шоқан, Абай, Ыбырайлар ағарту- шылықтан тапты. Ал Алаш зиялылары өздеріне дейінгі

99

 

барлық рухани, ұлт мұратымен толық сусындап одан әрі барды. Ұлттық идеяның қайнар көзі де, түпкілікті мақсаты да Тәуелсіздік екенін түсінді. Алаш автономиясы қазақ хал- қының арман-мұңын іске асыратын ең дұрыс ұлттық идея екенін тарих дәлелдеді.

Жастұлпарлықтар - Алаш идеясын жалғастырушылар. Олар Тәуелсіздікке нысаналы даярлықпен келгілері келді. Кеңес Одағындағы әлеуметтік қозғалыстың негізінде Алаш идеясын арқа тұтып, тұтас қазақ қауымын қамтитын елдік идея жасауға тырысып, оны нақтылы іс-әрекеттермен пы- сықтады. Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді жан-жақты қорғауды алдарына мақсат етіп қойды. Сөз жүзінде Кеңес Одағының ішкі және сыртқы саясатын қолдағансып, ұлттық мүддені таптатпай, күн тәртібіне қойып, қорғауға кірісті. Алғашқы қарлығаштар болып, ұлт мәселесін көтеріп, ашық жиналыстар, кездесулер өткізді.

Жастұлпарлықтарға Алаш зиялылыарының тағдыры жөнінде академик Сайым Балмұханов көп мәліметтер бер­ген. Ғалым, ұстаз Германияға барғанда «Милли мәдениет» деген журнал әкеліп те берді. Жастұлпарлықтар сол жур- налда басылған Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқиды. Өзбектің, қырғыздың атылған ақын-жазушыларымен таны- сады. Түркістан легионының құрылу тарихынан хабардар болады. Сайым Балмұханов бұл журналды заман қатты бол­са да тәуекелге бас тігіп, ұлтарақ қылып, аяқ киімінің астына салып алып келіпті...

Олар алғашқылардың бірі болып Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы жөнінде шындықтың бетін ашты. Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағынан екі миллионнан астам әс- кери адам немістердің тұтқынына түсті. Олардың миллион­нан астамы неміс өлім лагерьлерінде азап пен аштықтан, әр түрлі аурудан ажал құшты. Ал тірі қалу үшін амалсыздан солдат пен офицерлердің біразы Власов армиясына, Түркіс- тан легионына кірді. Бірақ Түркістан легионы ешбір соғысқа қатыспады, қазақтар өз Отанына қарсы оқ атқан жоқ. Олар- ды жау қылып көрсету, барып тұрған жала, майданда сол Ре-

100

 

сейді қорғап қаза болған қазақтардың аруағын қорлаған үгіт- насихат еді. Мұстафа Шоқайға келгенде оның қазақ халқына қарсы іс-әрекет жасамағаны үшін немістердің у беріп өлтір- гені белгілі. Соғыс басталысымен Мұстафа Шоқай басқа эмигранттармен бірге Компьен замкына қамалды. Немістер оны уландырды. Шоқай 27 желтоқсанда, Берлинде аурухана- да жатып қайтыс болды. Ал Түркістан легионы ресми 1 942 жылы құрылды.

Түркістан легионында болғандарға соғыс біткенімен, көрген азаптары бітпеді. Олар соғыс тұтқыны емес, сатқын атанды. Ең өкініштісі түрлі жағдаймен Түркістан легионы- на кірген қазақ азаматтары бүгінгі күнге дейін мемлекет тарапынан ақталмай отыруы. Олардың біразы партизан от- рядтарында болып, Кеңес армиясы қатарында жүріп неміс басқыншыларына қарсы соғысқандарымен елге оралған соң сотталды. Соғыста аман қалып, Отанына келгенде қайтадан азаптың отына күйді. Қоғам мен ортаның, қала берді көрші қолаң, ағайынның қағажуына түсті. Көзге түрткі болып, дұ- рыс жанұя құрып, бала-шаға өсіре алмады. Адам айтқысыз жағдайда өмір сүріп, көбі Сібірде шіріп өлді. Біразы амал- сыздан туған елінен жырақта қалып, ес-түссіз қаңғырып кетті.

Әрине, кездесулердегі мұндай ақпараттардан кейін өкі- меттің тапсырмасымен КГБ «Жас тұлпар» ұйымын ерекше «қамқорлыққа» алды. Қазақтың қанау мен тонауда болған шындығын айту Кеңес өкіметі билігіне ұнамады.

«Жас тұлпар» ұйымы іс-әрекеттері алаштық мақсат пен ұлттық рух көрінісінің үздік үлгісі деп айдарлауға толық мүмкіндік бар. Олар коммунистік партиялық идеологияның қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихын жоққа шығарып, қазақ тарихы «Ұлы октябрь революциясынан» бастау алады деген тұжырыммен келіспеді.

Жүректеріне ұлттық сана сезім ұялап, бойларына ұлттық сана сіңген, ойларын ұлттық патриотизм кернеген жастұл- парлықтар қандай да бір қиындыққа да бас тігуге әзір болды. Арзан ұранға ермей, ұшпа сезімге ерік бермей не істесе де

101

 

алды - артын ойлайды. Жастұлпарлықтардың алдындағы ең негізгі кедергі коммунистік идеологиялық қысымынан ұлт- сыздануға жақын қалған, езіліп есі кеткен, тойғанына, тірі жүргеніне мәз, қалың ұйқыдағы халқын ояту болды. Кеңес кезінде қазақ қарттары дәстүр ұстаушы емес - коммунист, белсендіге айналса, саяси элита комсомолдық, коммунистік номенклатурадан пісіліп-жетіліп шыққан адамдар еді.

Қазақ ұлтының мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұру «Жас тұлпардай» қоғамдық ұйымға оңайға соққан жоқ. Кемітілген, езгіден есі кеткен елдің болмысындағы ой-сана- ны ұлттық арнаға бұру инемен құдық қазғандай болды.

Жастұлпарлықтардың алдында бұл ұстанымдарға қоса ең қиын мәселелер - қазақтың рухсыздануымен, ұлтсызда- нуымен және ұлттық құндылықтарды ұмытуымен күресу тұрды.

Жастұлпарлықтар Алаш идеясы негізінде қазақ ұлтының біртұтастығын қолдады. Алаш зиялыларының парасатты- лығы мен ұлттық болмыстарының күштілігі ауызбірлігінде болатын. Жіктелу, рулану, жүздену Алаш зиялыларына жат қасиет еді. Алаш Ордасы да Орталық, Батыс және Түркіс- тан болып сөз жүзінде бөлінгенімен іс жүзінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды. Ең аяғы қиын-қыстау кезең- дердің өзінде де Кеңес өкіметіне қызметке кірген Алаш зия- лылары шет елдегі Мұстафа Шоқайды қажет құжаттармен қамтамасыз еткен. Ұлт мүддесін қорғау үшін, Батыс Еуропа мемлекеттері хабардар болсын деген ниетпен Жас Түркістан газетіне Қазақстандағы кемшіліктерді әшкерелейтін құжат- тар жіберіп отырған.

Жастұлпарлықтар Алаш зиялыларының халықшылды- ғын, ұлтшылдығын өздеріне үлгі тұтты. Әсіресе, олардың мемлекеттік қызметте болмаса да өз еріктерімен 1921-22 жылдарғы ашаршылық кезіндегі істеген істерінен үлгі алды. М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Ғ. Бірімжанов, А. Юсупов, М. Әуезов, тағы басқа Алаш зиялылары ашыққан елге көмек- тесу үшін елге шығып жылу жинап, халқына себін тигізді. Бұл науқанның басында Жүсіпбек Аймауытов тұрып, тек

102

 

бір Торғай уезінің ашыққан халқына 9 мың мал жиып, та- ратып берді. Қолында малы бар қазақты бауырмашылдыққа шақырып, ағайынмен бөлісуге үгіттеді. Ал өкімет билігінде отырған Әліби Жангелдин, Сейтқали Меңдешевтер халқы апатқа ушырап, қырылып жатқанда үнсіз отырғанымен қой- май, Мәскеуге ашаршылық жоқ деп өтірік ақпарат берумен болды. «Ашаршылық туралы қауесетті таратып жүрген улт- шылдар. Олар қарапайым шаруаның муң - муқтажын жоқта- ғансып еңбекшілердің назарын өздеріне аудару үшін қасақа- на байбалам салуда» - деп, зиялыларды қаралады. Ғалымдар Т Журтбай, Қ. Даркеновтардың зерттеуінше, дәл осы кезде С. Меңдешевтің туған ауылында түтіні тік шығатын бірде - бір үй қалмапты. 1921 жылы Орал губерниясында тура- тын халықтың 446536-сы яғни 99%-ы аштыққа ушырады. Олар Ашаршылыққа шалдыққан халқына көмектесіп жүр- ген Алаш зиялыларын ултшыл деп қаралап, соңдарына түсіп куғындады. Жүсіпбек Аймауытов бастаған зиялыларды қа- ралаған «Торғай ісін» уйымдастырды. Қаратаяқтарға (зия- лыларды қыр қазақтары осылай атаған)қарсы газет-журнал беттерінде жалған атпен жала жапты. Адамның парасатты- лығы ултының басына қара түнек орнағанда айқын көрінеді. Жастулпарлықтардың өздеріне ерекше үлгі еткен тулғала- рының бірі - Смағул Сәдуақасов. Оның ашаршылық кезін- де Ф. Голощекин мен О. Исаевқа қарсы шығуын, «Торғай ісі» жөнінде Ж. Аймауытовқа арашашы болуын улт сүюдің көрінісі ретінде бағалады. Шындығында, С. Сәдуақасовтың Оқу комиссары, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы бола тура сотта ултшыл жазушы Ж. Аймауытовты ашық қор- ғап, басын бәйгеге тігуі ерлік еді. «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде Ж. Аймауытовты «Торғай ісіне» байланысты қорғап, мақалалар уйымдастырды. Сотта өзі сөйлеп, Ж. Аймауытов- ты «Қазақтың Вересаевы», Алексей Толстойы, ол «Интерна- ционалды» аударды, бул сот процесі - «Алашорданың» үсті- нен жүргізілген сот, одан басқа ештеңе емес», - деп ақтады.

1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеуде Бутырка түрмесін- де Ж. Аймауытов, Д. Әділов, Ғ. Бірімжанов, А. Юсупов

103

 

төртеуі ултын сүйіп, соған қамқор болғаны үшін атылды... Жастулпарлықтар Алаш зиялыларының ашаршылыққа қар- сы істеген еңбектері жөнінде елде жүргізген үгіт-насихатта- ры кезінде әрдайым айтып жүрді. Мурат Әуезов, Болатхан Тайжан, Мақаш Тәтімов, Советқазы Ақатаевтар ашаршылық жөнінде Мәскеудегі студенттер арасында пікірталас уйым- дастырып, дәріс оқуға тарихтан хабары бар адамдарды ша- қырған.

Жастулпарлықтарға өздерінің ой-санасы, білім дең- гейлігі, парасаттылықтарына - рушылдық, жершілдік, жүзшілдік деген кесепаттар уғымы мүлде жат болды. Ұлттық мурағатты, мемлекеттілікті алдына өмір мәні, мақсат қылып қойған адам ішкі жікшілдіктерге барар ма! Үш жүзге бөліну қазақ халқы үшін феодалдық бытыраң- қылыққа әкеліп, бірлігімізді әлсіреткенін, бодандықтың, рухсыздығымыздың осы жүзге бөлінуден бастау алғанын олар жақсы білді.

Жастулпарлықтар идеяның қайнар көзі ел қойнауында, халықтың аузы мен қолында деп есептеді. Бағдарламала- рындағы «ауыл жолы» бағыты - халықшылдықтың ата-ба- ба сабақтастығының нәтижесі. Олардың болмысындағы «улттық идея» жүре-келе оқу-білім барысында қалып- тасқан үрдіс емес, ол жастулпарлықтардың кең мағынада тектіліктерінде. Қеңес Одағындағы тоталитарлық жүйеге қарсы қозғалысты кешегі «халық жауларының» балалары, туыстары бастады десек қателеспейміз. Қуғын-сүргіннен аман қалған урпақ өмірден өзіне тиесілі сыбағасын алып, әкелерінің арман - аманаттарын орындағылары келді. «Ха- лық жауы», «Халық жауының баласы» деген ауыр сөздің салмағын жастайларынан жүректерінен өткізіп өскен Ол- жас Сүлейменов, Санжар Жандосов, Болат Жансүгіров, Мереке Майлин, тағы басқаларымен Мурат Әуезов бас- таған жастардың қоян-қолтық араласуы да әсерін тигіз- бей қоймады. Мурат Әуезов «Атылған ақын» жануясында Фатима Ғабитовадай анадан тәрбие алды. Қазақтың намы- сы - ананың ақ сүті, аяулы алақаны, тәлім-тәрбиесі мен

104

 

сезімінің құдыреттілігінде. Анасының мейірімінде өсіп, өмірге деген сүйіспеншілікті бойына сіңіре алды.

Кеңестік демократия мен кеңестік патриотизм өтірік пен алдамшылыққа белшесінен батып, жалған үгіт-насихаттың арқасында халықтың санасын улаумен болды. Ал шынында, елдің күні өлместің қамы еді. Әсіресе, ауылды жерде тұрмыс өте төмен, өгіз өлмес, арба сынбаспен ит тіршілікке мәз етті.

Кеңестік алдамшы идеологияның күштілігі сондай халық өкіметке ризашылықтарын білдіріп, сайлауларда бір адам- дай жүз пайыз дауыс беріп, тірі жүргендеріне мәз болысты. Компартия басшыларын пайғамбардан артық көрді. Орыс- ша оқымасаң, адам болмайсың деп, тіл түсінбейтін баласын орыс мектептеріне сүйреді.

Жастұлпарлықтардың халықтың қалауына ие болуының басты себебі, олардың жігерлілігінде, намысшылдығында. Ұлт тағдырын ойлаған жастарды ешқандай қиындық мұқал- та алмады. Намысқа шаппайтынның - алысқа шаппайтынын білеміз.

Алаш зиялыларын өздеріне үлгі етуі олардың қаншама қылкөпірден өтсе де адамдық арларын биік ұстауға, пара- саттықтарын пендешілікке айырбастамауына әсерін тигізді. Жастұлпарлықтар қауіп-қатерден қаймықпай, шындықты айтты. Өкімет пен партияны тынымсыз мадақтап, билік кө- семдеріне бас иіп табынбады. Өткенді бұрмалаған, бүгінді дұрыс байыптамаған, келешекке дұрыс көз салмаған мем- лекеттік жаңсақ саясаттың кемшіліктерін қорықпай әшкере- леді.

Біртіндеп жастұлпарлықтар ұлттың ынта-жігерін арт- тырды, коммунистік идеологиядан шелденген көзін ашуға кірісті. Өздері кездесу жүргізген елді мекендердің өнерлі жастарының басын қосып, көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастырды. Өлеңдер оқып, халықты қазақша өлең кі- тапшаларымен қамтамасыз етуге көмектесті. Өнерді аңсаған жұрт жиналған жерде Шәмші Қалдаяқовтың әндерін қосы- лып айтуды әдетке айналдыра бастады. «Менің Қазақста- ным» халықтың гимніне айналды.

105

 

Қазақ - арманшыл халық. Бұған әдет-ғұрып, ұлттық дәс- түр ерекшеліктері негіз болады. Ұлттық психологиядағы кеңшілдік, ақ көңілдік - арманшылдықтың екпіні.

Жастұлпарлықтардың рухани деңгейі, күштілігі сонша- лық, олар «Ұлт арманын» қалыптастырып, түйіндеп, соған жетуге ұмтылыс жасады.

Ұлт арманын - ұлт көкейіндегі мақсатты - Тәуелсіздік пен бостандықтан іздеді. Қазақстанда ұлттық мәдениетке, ана тіліне ерекше мәртебе берілуін қалады.

Кеңес Одағының ең басты кемшілігі социалистік идея негізінде халықтардың ұлттық құндылықтарын жою бола- тын.

Ұлт жою саясаты Кеңес Одағының басты мақсатына айналуы ерте ме, кеш пе бұл саясатты құрдымға кетірері сөзсіз еді.

Жастұлпарлықтар ұлттық арманға социалистік идея ая- сында орын болмайтынын түсінді. Сөйтіп, Кеңес өкіметі мен ұлт арасы күннен күнге алшақтай беретініне сенімді болды.

Ұлттық идея ұғымына сол кездегі жас дипломат Болат- хан Тайжан 1960-шы жылдары-ақ көп мән беріп, жұмыс, үгіт-насихат барысында күн тәртібіне қойып отырған. Олар- дың ішіндегі басты мәселелері Қазақстандағы қазақтардың тең құқылығы, завод-фабрикаға жұмысқа орналасу, тарихи шындықты айту, шет елдегі қазақтармен байланыс, Қазақс- тан шикізат өндіретін елден өнеркәсіпті индустриялы рес­публика болуы тағысын, тағылар. Жастұлпарлықтар осыдан 50 жыл бұрын ұлттық идея қажеттілігіне аса зор мән берді.

Олардың қорықпай, бастарын қатерге тігіп, Алаш идея- сына көп көңіл бөліп халыққа жеткізудегі іс-әрекеттері қазақ тарихында бұрын болмаған ерлік. Жастұлпарлықтар өкімет қаһарынан қорықпай алғашқы болып Алаштануды баста- ды. Ұлт мақсаты үшін күресу, өткеннің асылдарын ұмытпай өркениетті нысана тұту Жастұлпарлықтардың өмірлік кре- досына айналды. Жастұлпарлықтардың ұлттық мүддесін қорғауды мәдениет пен тілден бастауы, оның жетістіктерін бұқара халыққа паш етуінде Алаш үлгісі жатыр. Жаратылы-

106

 

сында әнмен туып, әнмен жерленетін қазаққа өнер - әрқашан өзегін өртеп, мен мұндалап тұрады. Ұлы Абай «Өлең - сөздің патшасы», - деп айтуы тегін емес қой.

Тіл - қазақ үшін жәй өмірлік қажеттілік емес. Ол - өмір тынысы, әдет-ғұрып ерекшелігі. Ұлт болып қалыптасып, өсіп-өну - ұрпақпен рухани-сабақтастық байланысының негізі. Бас кеспек, тіл кеспек жоқ.

Ана тілін білмеген адам - ұлттық мәдениетінен аулақ жан. Ұлттық тілі жоқ жерде ұлт та жоқ. Алаш зиялыларының ана тілін ардақтап, оған үлкен мән беруі ұлттық қажеттіліктен туған. Ұлттық рух ана тілінен бастау алады. Алаш азамат- тарының «ұлт мұратын» іске асырудағы бірлігінің негізі де ана тілі десек қателеспейміз. Олар замана қажеттілігіне сай ғылымның бар саласына арнап оқулықтар жазып, ғылыми тұжырымдар жасады. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынов «Оқу құралын» жазып, қазақ грамматикасының негізін салса, Мағжан Жұмабаев - педагогикадан, Жүсіпбек Аймауытов - психологиядан, Халел Досмұхамедов - зоология мен физио- логиядан, Жұмахан Күдерин - ботаникадан, Әлімхан Ерме- ков - математикадан қазақ тілінде оқулықтар жазды. Алаш зиялыларының осынау шексіз еңбегін Мұхтар Әуезов, Қа- ныш Сәтбаев, Әлкей Марғұландардың жалғастырғандарын да жастұлпарлықтар үгіт-насихат құралына айналдырды.

А. Байтұрсынов «... Қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілдету, ауырын азайту жолына жұмса- масқа мүмкін емес», - десе, Мағжан Жұмабаев:

« Елдік, бірлік, ерлік, қайрат, бақ ардың- Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз -Баба тілі, сен қалдың!» - деп жырлаған.

Қазақтың ақын - жазушыларының қай-қайысы да халық пен тілді, тіл мен елдің арасын бөлмей бірге қараған. Оған Мағжан Жұмабаевтың із басары, қанатты ақын Мұқағали Мақатаев жырлары дәлел. «Ең бірінші бақытым -халқым менің», - деп келіп былай жырлайды:

107

 

Ал екінші бақытым- тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім!

Қазақстанда ұлтсыздандыру саясаты советтендіру сая- сатымен қатар жүрді. Әсіресе, тың игеру науқаны кезінде қазақ мектептері жаппай жабылып, жоғарғы және арнаулы білімді жастар тек орыс тілінде алуға мәжбүр болды. Сов- хоздарды құру кезінде ұсақ қазақ ауылдары таратылып, 600-ден аса мектептер жабылды. Шағын ауылдың балала- ры түгелдей совхоз, аудан орталықтарындағы мектеп-ин- тернаттарында тұрып, оқуларына тура келді. Өзінің ұлт- тық ортасынан, әке-шеше тәлім-тәрбиесінен алшақтады. Әдет-ғұрып, мәдени ұлттық ортадан айырылған жас түлек дүбәраланып, болмысы пышырап, тез ұлтсызданып орыс- танды. Жастұлпарлықтар Қазақ тілсіз ұлттық идеяның бо­луы мүмкін емес екенін түсінді. Ұлттық идеясы бұлыңғыр мемлекеттің болашағы күмәнді. Қазақ мектептері жабыл- ғаннан кейін, ұлттық құндылықтар бірден құлдырай бас- тады. Тілдің ауқымы тарылумен бірге ұлттық болмыс та шектелді.

Жастұлпарлықтар ана тілінің қазақ үшін қаншалықты қажет екеніне көздерін ерте жеткізді. Бағдарламаларындағы студент қазақ жастарына көмек көрсету бағыты тек мате- риалдық, оқу үлгеріміне ат салысу ғана емес. Ең бастысы Қазақстаннан тыс жүрген жастарға қамқорлық жасаумен бірге ұлттық мәдениет, ел тарихы, ана тілін білсін деген қа- жеттіліктен туған. Сана мен тілдің үндестігі мен үйлесімі бұзылған елде Ұлт рухын көтеру инемен құдық қазғандай болды. Өкіметтің «Хрущевтік жылымығына» да жұрт сене қоймады. Тоталитарлық өктем дүлей күшінің тоқпағын жеп, аузына қақпақ қойылған қазақ өзіне-өзі көпке дейін келе ал- мады. Социалистік идеологияның әсерімен бойын жайлаған бодандық уыты тарамады. Не керек, коммунистік мораль- мен, интернационалистік тәрбиені жастайынан көріп өскен буынның ұлттық болмысы бірден оянбады.

108

 

Адамның ұлттық психологиясы қалыптасуымен бірге оның сана-болмысында өзіне ағайын-туыс, еліне деген көз- қарас қалыптасады. Табиғат, заңдылығына сай өмір сүрсе де болашағын ұзартқысы келеді. Бұл тек жәй жалғас, сабақтас- тық емес, саналы, мазмұнды ғұмыр болса деп тілейді. Сон- дықтан бауыр, жақын-туыс, қандас түсінігі болмысымыздың түкпіріндегі мәңгі нәр. Жарқын, жақсы өмірге ұмтылу гене- тикалық, психологиялық құбылыс. Кез келген ұлттың бола- шағы жастарға аманатталатыны осыдан шығады.

Ал бұл мақсаттарға жету үшін материалдық және руха- ни-мәдени жағдайлар жасалуы шарт. Қазақ халқы Кеңес өкі- метінің қырғындарынан кейін осы «ұлттық арман» тілегінен айырылуға шақ қалды. Қазан революциясы, колхоздастыру, ашаршылықтан кейін ересек адамдардың ойлау қабілеті, оқушылардың үлгерімі күрт төмендеп кетті. Жеке басқа табынудағы саяси қатігездіктің қасіреті үрей болып санаға сіңіп, қанды суға айналдырды. Ең басты қасірет - ұлттық ерекшеліктің негізі ана тілінен айырыла бастады.

Халқына қасірет көрсеткен, өтірік пен жалғандықтан сусынданған алаяқтардың билігінен тұратын қоғам қанша түрленіп боянса да рухани бедеу күйінде қала берері сөзсіз. Бірақ еркіндік пен мүмкіндік шектеулі қоғамнан әділдік із- деудің өзі ғайыптылықпен пара-пар болса да жастұлпарлық- тар мойымады.

Сталиннің жеке басына табынушылықтың құрбандары, ашаршылық жөнінде Мұрат Әуезовтің ұйымдастырған се- минарында Мұстафа Шоқай жөнінде Советқазы Ақатаев, ал Болатхан Тайжанов атылған ақын-жазушылар жөнінде баяндамалар жасады. Мәскеуде оқитын қазақ жастары өз ұлтының шынайы тарихынан тағылым алды. Енді сол се- минарларда Мұрат Әуезовтің жасаған баяндамасынан үзінді келтірейік :

«... Казахстан не велик, казахи малочисленны. Но это народ, который может поведать миру о том, что такое древность, радость побед и созидания, скорбь потерь, годы трагедий, прекрасное весеннее чувство возрождения,

109

 

сможет рассказать, что такое торжество самоутверждения. В новый, двадцатый век самоутверждение тождественно равенству. Равенство не дар, оно завоевывается и дости­гается. Казахам еще предстоит добиться культурного ра­венства с другими народами. Духовное развитие народа происходит за счет связей с духовным богатством других народов, но закрепляется и формируется как националь­ное лишь за счет его собственных, внутренних, сил. Никто не сможет для нас создать великолепные полотна худож­ников и литераторов, никто не сможет развить за нас нашу философскую и общественную мысль, никто со стороны не сделает нас развитыми и культурными в высшем смыс­ле этих слов-всего этого мы должны добиться сами. Эта цель осуществится, если наш разум и наше чувство будут едины, если будут едиными в каждом из нас знания и пат­риотизм...».

Өткен қатесін қайталамаған ғана дамудың дурыс жо- лынан адаспайды. Өкінішке орай, шындықты бірден біле бермейміз, кейде оның қаншалықты мағыналылығын түсі- ну үшін көптеген жылдар керек. Жастулпарлықтар улттық мәдениет, тіл мәселелерін көпшілік алдында көтергенде жәй даурықпа мысалдарға арқа сүйеп қойған жоқ, Компар- тияның нақты қаулыларын негізге алды. Қазақтың тілі мен улттық мәдениетін дамытпай отырған Кеңес өкіметі екенін дәлелдеуге тырысты. 1938 жылы 10 наурызда Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясының Орталық Комми- теті және КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі қабылдаған «Ұлттық республикалар мен облыстарда орыс тілін міндетті түрде оқыту туралы» қаулысын орындау барысында Қазақс- тандағы асыра сілтеушілікті сөзге тиек етті. Өнер мен тілді үйрен де жирен. Бірақ ғасырлар бойы қалыптасқан өзіне тән қундылықты, өмір салтын, мінез-қулқы, мәдениетін әр улт сақтауы керек деді.

Жастулпарлықтар Кеңес Одағының интернационалистік идеологиясына Алаш зиялыларынан кейін қарсы шыққан алғашқы топ. Олар улт саясатын күн тәртібіне қойып, қызыл

110

 

империяның қанды ақпаратына тосқауыл қоюға умтылды. Ұлты үшін жанын салып, қазақтың мәдениетін, тілін, рухын аяққа бастырмауға тырысты.

Қазақ тілінің қоғамдық өмірдегі орны жөнінде ғалым Хангелді Әбжанов: «Қазақ тілісіз улттық идея сыңар қана- тымен жер сабалаған дәрменсіз қустай», - деп дурыс айта- ды. Ұлттық идеяның улттық қундылықтардың жиынтығы, улт муратының, улттық мемлекеттің негізі десек, басқалай түсінудің еш қисыны болуы мүмкін емес.

Қазақтарды орыстандыру саясаты тіл арқылы жүргізілді. Қазақ мектептері жаппай жабылып, жоғары және арнайы білімді тек қана орыс тілінде алуға мәжбүр болды. Қазақ тілі қоғам өмірінен мүлде ығыстырыла бастады.

Ұлттық психологиясы мызғымаған елде ғана рухани бай- лықтар сақталады. Ұлтыңды, еліңді сүю улттық психология болмаған жерде өте күмәнді. Анаңның әлдиімен, сүтімен бойыңа, санаңа кірмеген нәрсенің өміршең болуы екіталай. «Қулақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» тек ана тіліңде ғана сені ерекше сезімге бөлейді. Жаныңды тербетіп, сүйегіңді сырқырата алады.

Жастулпарлықтардың жан айқайы - ана тілін білу, улт- тық мәдениетті бойыңа сіңіру устанымы бүгінгі күні де өз қажеттілігін жоғалтқан жоқ.

«Жас тулпар» уйымының идеологы Болатхан Тайжанов ана тілінің улт тарихындағы орны жөнінде тіл саясатына мынадай тужырымдама береді:

«Тіл саясаты - жалпы ой-пікір, идеяларды, мемлекетті қуру тәсілдерін, жолдарын, қабылданған шешімдердің іске асыру бағыттарын, жалпы қоғамды біріктіретін қурал-тәсіл. Ұлт, мемлекет, тіл уғымдары бір-бірімен тығыз байланысты, біртутас екенін білу қажет және бул жаңадан егемендік алып жатқан елдердің саяси-философиясының іргетасы екенін де жақсы білу керек. Тіл - сол халықтың рухани, бірлігінің негізі болып табылады», - деді

Жастулпарлықтар насихат жүргізу барысында нақты, ха- лықтың көкейіне бірден қонатын мысалдармен басқа улттар-

111

 

дың жетістіктерінде көрсетіп отырды. Әсіресе, тіл мәселесіне келгенде оқу жүйесін өз тілінде жүргізетін республикалар- ды үлгі етті. Бұл бағытта жастұлпарлықтардың ішінен өте ерекшеленіп көзге түскен Рига авиация институтының сту- денті Шамиль Ибраев болды. Ол өзі оқитын институттың мысалымен оқу жүйесінің ұлт тілінде қалай жүргізілетінін, ол үшін жергілікті билік өкілдері, институт басшыларының қалай жұмыс істейтінін үлгі етті. Ригадағы жалғыз авиация институты емес, барлық оқу орындарында, әсіресе қиын деп есептелетін техникалық оқу орындарының бәрінде ұлттық топтардың бар екеніне тоқталып жүрді. Шамиль Ибраевтың үлгісінде басқа да жастұлпарлықтар өздерінің халықпен кез- десуінде ана тілінің орны жөнінде ұдайы мәнді әңгімелер ұйымдастырып отырды. Институт-техникумда ана тілінде дәріс жүргізу ұлттық маман дайындау, елдің болашағын ой- лау деп түсіндірілді.

Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың: «Егер жеңсек бір төбеде жиналамыз, жеңілсек - бір шұңқырда көмілеміз», - деген сөзін жастұлпарлықтар өздеріне ұран етті.

Алаш қайраткерлерінің басты арманы қазақ елінің тәуелсіздігі, бостандығы еді. Сол арманға жету үшін олар аянбай тер төкті, үлгілі ғұмыр кешті. Алаш идеясы, Алаш мұраты - қазақтың мүддесін, құқын қорғау деген сөз. Алаш идеясының өзектілігінің күштілігі сонша, қанша қуғын- сүргін болғанның өзінде де сабақтастық жалғасып өмір сүрді.

Ұлы мақсаттарына жету үшін алаштықтар замана талабы- на сай амалсыздан кеңес өкіметін мойындады, қызмет етті. Бірақ басты міндеттерін ұмытпай, 1920-1929 жылдар аралы- ғында көптеген азаматтарды тәрбиелеп шығарды. Ұлттық танымның тұқымын шашып үлгерді. Мұхтар Әуезов, Қа- ныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратпаев, Бей- сембай Кенжебаев, Ермұхан Бекмаханов, Бек Сүлейменов, Қайым Мұхаметжанұлы, Бүркіт Ысқақұлы, Бауыржан Мо- мышұлы және басқа да көптеген зиялы қауым өкілдері Алаш идеясы ықпалында өсті.

112

 

Ата-баба тарихы қандай жағдайда болмасын, келешек ұр- пақ үшін аса тағлымды да қызықты дәуір болып қала береді, өйткені ол барлық кейінгі жетістіктердің негізін жасайды. Жастұлпарлықтардың Алаш зиялыларының қазақы болмыс- ты сақтап қалу мақсатын іске асыруға тырысуының көзі де осында жатыр.

Халқының ұлт-азаттығы жолында күрестен еш қажы- маған Алаш азаматтарының өмір жолдары кімге болса да үлгі. Жастұлпарлықтар тағдырдың тәлкегіне айналған Алаш зиялыларын өздеріне жәй ұстаз, үлгі алар аға буын ғана емес, қазақ болмысының көрінісі, ұлт жетістігінің шыңы деп білді.

Қазақ жастарының санасын серпілткен «Жас тұлпар»

«Жас тұлпар» ұйымы бұқара халықпен тығыз байланыс жасауының арқасында ел сеніміне ие болды. Жастұлпарлық- тар ары үшін арпалысатын, елі үшін жан қия алатын қазақ- тың балаларының әлі де бар екенін дәлелдеді. Әрине, олар социалистік идеямен уланған қалың ұйқыдағы, күнкөрістің күйбеңімен көлеңкеге айналған көпшіліктің есін жинатқызу оңайға түспейтінін білді. Әлемді қаптап тұншықтырып тұр- ған социалистік идеядағы мемлекеттік жүйені бірден қирата алмады. Бұл мүмкін де емес еді. Бірақ өз елі, өз жерінде тұ- рып мәңгүрттеніп бара жатқан ұлтының санасын сілкіндіріп, зердесін ашуға бар күш-жігерін салды. Жастұлпарлықтар- дың еңбектері еш кетпеді. Істеген істері елді біржолата құл- дық, бодандық санадан арылтуға негіз болды.

Алаш идеясы жастұлпарлықтарды дүниеге әкелді, ал олар қазақ жастарын оятты. Тәуелсіз, бостандықтағы ел болу үшін ұлтының көзқарасын өзгертіп жаңа болмыс, ойлы са- наға жетеледі. Жастұлпарлықтар әсіресе, Мұрат Әуезов пен Болатхан Тайжан қазақ жастарын мектептен кейін сыныбы- мен ауылда қалдырып мал баққызуды геноцидтің бір түріне

113

 

санады. Салпаңдап мал соңында жүре берсе аштан өлмес, бірақ көштен қалып қоятыны айдан анық.

«Ой еңбегін ұршықша иіретін қазақта қабілет же- теді» - деп, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезовтерді мысал- ға келтіріп жүрді. Ұлы Далада сонау сақ замандарынан бүгінге дейін ұрпақтар сабақтастығы, бабалар жалғастығы үзілмеген, ата-тек тумысы ажырамаған қазақты бұратана, білімсіз, мал бағудан басқа ештеңе қолдарынан келмейді деген қағидамен жастұлпарлықтар келіспеді. Әсіресе Бо- латхан Тайжан барлық кездесулерде ауылды жерде мектеп бітірген балаларды сыныбымен комсомол ұйымдарының қой бағуға жіберетінін әшекерелеп «бұл адам құқығын бұзу» деп айтып та, дәлелдеп те жүрді. «Бәріміз бірдей қойшы болсақ құл болармыз, бәріміз бірдей тойшыл бол- сақ жын болармыз»деп айтудан жалықпады. Шынында да жас түлекке аттестатын бермей қой баққызып қою барып тұрған надандық еді. Бұндай көрсоқырлықтар ұлттың да- муын тежеу үшін әдейі істелінді.

Жастұлпарлықтардың жастарға жасаған жанашырлық істері «ұзынқұлақтан» ауыл-ауылға тез тарап, ата-аналар- дың балаларын қорғауға себепші болды. Жастұлпарлықтар көпшілік қауым, әсіресе жастар арасындағы кездесулерге жауапкершілікпен қарап, жоғарғы деңгейдегі дайындықпен келді. Тарихи оқиға, ұлттық ерекшеліктерді бүгінгі күнмен салыстырып, жастарға ой салды.

Жастұлпарлықтар ұлтының бақытты болашағына өз- дері ғана сеніп қойған жоқ, басқаларды да сендіре алды. Қоғамнан өзіңе тиісті орынды алу үшін табиғат берген ақылмен бірге ұлы сезімге жетелейтін жүрегінің бар екенін көрсетті. Далада өскен қазақ баласы жан дүниесінің таза- лығы арқасында ғана өзін еркін, бостандықта сезінетінін айтып түсіндірді. Бөтеннің ала жібін аттамайтын, жанын арының садақасы қылған ұлттың өмірге көзқарасының басқа екенін дәлелдеді. Бұндай болмыстағы халықтың ұлт болуға міндеттілігін көрсетіп бере алды. Қазақ болаша- ғының бақыты үшін жан сала ізденіспен ұмтылысқа толы

114

 

еңбек етті. Жастұлпарлықтардың жүректерінен шыққан қуатты ойлары жастарға кәусар боп құйылып, қанына сіңіп жатты.

Олардың өмір жолдарындағы талпыныстары зерделі жас- тардың кеудесінен саңлау ашты. «Мен кіммін?» деген сұрақ туғызды. Өз қасиетін өзі бағалап, өз тізгініне өзі ие бола ал- маған, өз жоғын өзі жоқтай алмайтын халық тарих сахнасы- нан түсетінін білуіне себепші болды.

« Егерде қоғамды өзгерткің келсе өзіңнен баста, жам- бастап жатып қиялға беріле берме» деген ұран да жастардан қолдау тапты. Кеңес өкіметі қанша қатаң тәртіп ұстанса да, ерте ме, кеш пе әділдік орнайтынына сенді.

Жастұлпарлықтар оятқан ұлттық болмыс қазақ жерінде өз нәтижесін бере бастады. Тәуелсіздікке жетелейтін іс- әрекеттер жастарды рухтандырды. Жастұлпарлықтардың үгіт-насихаты негізінде бірлестіктер, жасырын ұйымдар құрылды. Жастар өздерінің өмірлерінің мәнсіз, қызықты емес екенін, ауылдарда мәдениет ошақтарының, кітапха- налардың жоқтығын ашық айтуға кірісті. «Нантабарлық» енді жастарды қызықтырмады. Есесіне тарихқа қызығып, өткенге көз салуы, мәдениетіміздің ұлағатты жақтарын білуге ұмтылуы көбейді. «Жас тұлпар» ұйымының Қа- зақстаннан тыс жерлерде оқып жүрген қазақ жастары- на тигізген әсерінің күштілігі сондай, елдеріне келген жастұлпарлықтар үгіт-насихат жүргізумен шектелмей, жасырын ұйымдар құруға тырысты. Жастардың сана- сезіміне ұлтшылдықтың дәнін септі. Алаш зиялыларынан кейін қазақтың санасына ұлтшыл ұғымның тарихи орнын, өз бағасын қайтарған жастұлпарлықтар болды. Олар ұлт- шылдықтарын жасырмай мақтан тұтты. Бастың аманды- ғы, жанның тыныштығы, қарынның қамын ғана ойлаған- дардың қасіреттің қара жолы рухсыздануға, ұлтсыздануға түсері сөзсіз екенін батыл айтты.

Мұндай іс-әрекеттер XX ғасырдың басында алаш зия- лылары ұйымдастырғаннан кейін қазақ жерінде болып көр- меп еді. Алаш қозғалысынан кейін жастұлпарлықтар жалпы

115

 

қазаққа «Аттан!» салып, улттық бірлікке, жаңаша тірлікке, азаттық үшін күресуге шақырды.

1966 жылы мектеп реформасының нәтижесінде 10-шы сынып пен 11-ші сынып балалары мектепті бірге бітірді. Қа- зақ мектебін бітірген түлектердің білімін әрі жалғастыруы екі есе азайды. Бул да отқа май қуйғандай эсер етті.

Жастулпарлықтар осы тірліктердің бәріне қарсы шықты. 1963 жылдың қараша айынан 1965 жылдың шілде айлары аралығындағы екі жыл көлемінде «Жас тулпар» идеялық, қурылымдылық жақтарынан толық қалыптасып, Қазақстан- нан сыртта оқитын студенттер арасында филиалдар қурып болып, елмен тығыз байланыс орнатып үлгерді. Жастулпар- лықтар туған ауыл, өскен жерлерінде жәй үгіт-насихат жасап қоймай, Қазақстанның барлық жерінде болашақ қурылым- дарға негіз жасады. 1965 жылдың күзінен бастап 1966 жылы ақпанда Алматыда өтетін «Жас тулпар» уйымының респуб- ликалық мәжілісіне дайындықтар жүргізді. Елді мекендерде «Жас тулпар» уйымының жақтастары, қолдаушылары жар- тылай қупия жиындар өткізіп, өздерінің Алматыға баратын өкілдерін дайындады.

Бул жылдары Кеңес Одағының саяси жүйесінде де өз- герістер болды. 1964 жылдың қазан айында Никита Хрущев экономикалық кемшіліктері үшін қызметінен босатылды. 1961 жылғы ақша реформасы, одан кейінгі екі жыл астық- тың шықпауы ауыл шаруашылығында қиыншылықтар ту- ғызды. Хрущевтің өзі де Сталиннің «жеке басқа табынуын» әшкерелеу бағытының желісін азайтып, авторитарлық билік жүйесіне бет алған еді. Бул саясатқа елдегі шығармашылық зиялы қауым қарсы шықты. Елде коммунистік жүйеге қарсы «диссиденттік» ағым пайда болды. Хрущев биліктен кетісі- мен қуқық қорғау органдары жоғалтқан билік қузырларын қайтадан қолдарына алды. КГБ тіріліп қайтадан тарих сах- насына шықты.

Жастулпарлықтарға «коммунистік аға буынды» арқа тут- қан, улттық санадан журдай, өліп-өшіп билікке умтылған «комсомолдық буын» қарсы турды. Жаттанды сөздер айтқан,

116

 

ұлттық, рухсыз жастар легі «Жас тұлпар» ұйымының іс-әре- кеттеріне кедергі жасап бақты. Бұл комсомол беделділерінің ақыл-кеңесшісі, құдіретті КГБ еді. Мемлекеттік қауіпсіздік арнайы шешім қабылдады, Мәскеуге ұйым мүшелерінің жи- налыстарына қатысуға арнайы тыңшылар жіберді. Қазақс- танда жиналыстар, кездесулер өткізуге кедергілер жасады. «Хрущевтік жылымық» дәуірі болғандықтан үндеместер жастұлпарлықтарға қарсы ашықтан-ашық репрессияға бара алмаса да, ұйым мүшелерінің аяқтарын қия бастырмай аң- дыды. Құпия деректер жинап, шабуылға шығуға ыңғайлы сәтті күтті.

Ел билігіне Л.И. Брежневтің келуімен демократиялық үрдіс саябырлап, «хрущевтік жылымық» тарих сөресіне көшті. Бірақ қозғалған саяси сең өз жүрісін баяулатқанымен, тоқтаған жоқ.

«Жас тұлпар» ұйымының ұлттық мүдде, ұлттық мәдениет, қазақ тілі жөнінде жүргізген жұмыстарын бұқара халық та әр түрлі қабылдады. Кейбір зиялы деген ел ағалары Компар- тияның Орталық комитетіне алашордашылардың ұрпақта- ры Кеңес өкіметін құлатуға шақырып жатыр деп «домалақ арыз» жазды. Енді біреулері бұны әдейі, істелініп отырылған арандатушылық деп, үрейленіп ат-тондарын ала қашты. Бұл интернационалистік тұрғыдан тәрбиеленіп қалған, бойында өткеннің үрейі бар дүбәралар саны күннен-күнге көбейген кез болатын.

Тек, ұлттық сезімнің құндылығынан нәр алған қазақ жас- тары «Жас тұлпар» ұйымының мақсат-бағдарын болмыс- тарына сіңіре алды. Жастұлпарлықтар айтып жүрген қазақ халқының тарихи ұлт екендігіне сеніп, оларды жаппай қол- дады. Бұл қазақ ұлтының ерекше көріністері мыналар еді: біріншіден, қазақтардың ерте заманнан тұрақтаған ата- қонысы бар;

екіншіден, қазақ, мемлекет құрған ұлт; үшіншіден, тарихи-мәдени құндылықтар жасап, мате- риалдық қажеттілігін өз жерінде, өз күшімен қамтамасыз еткен;

117

 

төртіншіден, ата дәстүр, әдет-ғурпы қалыптасып сабақ- тастығы жалғасқан улт;

бесіншіден, рухының күштілігі, сөз қудіреті, далалық де- мократиялық үрдісінің күшті дамуы;

алтыншыдан, бауырмалдық, батырлық қанға сіңген қа- сиет;

жетінші, кеңдік, еркіндік, улттық ерекшеліктер негізінде Ұлы істерге бейімділік.

Жастар улттық ерекшеліктен қазақ халқының улылы- ғын көрді. Ауыз әдебиетіміздің, шежіре тарихымыздың, тіліміздің, өнеріміздің байлығы оларды шаттандырды. Ұлт сана-сезімдеріне серпіліс әкелген жастулпарлықтарға жәй сеніп қойған жоқ, қолдап, соңдарынан ерді.

«Жас тулпар» уйымының беделін, уйымдастырушы- лық қабілетінің қаншалықты болғанын 1966 жылы ақ- пан айында Алматыда өткен ашық мәжілістен көреміз. Жастулпарлықтармен кездесуге Қазақстанның барлық облыстарынан жастардың арнайы өкілдері қатысты. Бул жәй кездесу емес, улттық сананың оянып, жаңа белеске жеткені еді. Жастулпарлықтарға Қазақстанның Орталық комсомол комитетінің хатшысы Ибрагим Аманғалиев көп көмек көрсетті. Жастардың жол қаражаттарын айырды, материалдық көмек көрсетті. Ол кейін осы іс-әрекеттері үшін жумыстан куылды.

Қазақстандағы ақын -жазушылардың арасынан Жастул- парлықтар өздеріне жақтастар тапты. Елдегі келеңсіздік, улттық қундылықтардан айырылу қазақ зиялы қауымына да ой салды. Жазушылар Одағының басшылары жастулпар- лықтарға жанашырлық жасады. Шамаларынша қолдау көр- сетті. «Жас тулпар» қозғалысының екі күндік жиналысын Жазушылар Одағы аясында өткізбекші болды. Ұлтшылдық бағыттағы қозғалыстың жиналысы жазушылылардың қара шаңырағында басталуы қазақ рухының әлі де қуатының бар екенінің көрінісі.

Жазушылар Одағындағы жиналыстың бірінші күні Му­рат Әуезов пен Болатхан Тайжановтың өте мазмунды улт

118

 

тағдыры бағытындағы баяндамаларымен басталды. Жастар- дың сөздерінде ой деңгейлерінің жоғарылығы, жан-жақты терең білімділіктері, ең бастысы ұлтының болашағы үшін отқа да, суға да түсуге дайындықтары айқын көрініс тапты. Баяндамашылардың репрессияға ұшырап, атылған ақын- жазушыларды ақтау, ауылдағы жастардың жағдайы, қазақ мектептерінің жабылуы туралы келелі мәселелерін қолдап Әнуар Әлімжанов, Сәкен Жүнісов тағы басқа жазушылар сөз сөйледі. Жиналысқа қатысушы қөпшілік қауым жастарды бі- рауыздан қолдады. Бірақ, қазақтың кертарпалығы таусылған ба, жастарды «Бүлікші, Алашорданың күшіктері өсіп, Кеңес өкіметін құлатпақшы», - дегендер де болды. Белгілі классик жазушымыз сол жиынның аяғына қарамай шыққан бетімен алаңды қақ тіліп, жүгіре басып өкімет үйіне барып арыз айтты. Бұл ол кісінің 1937 жылдан қалған бойындағы үрейінен де болар. Бірінші болып естігенімді тиісті орнына жеткізбесем, өзім де қармаққа ілініп қалармын деп қорыққан сияқты.

Тиісуге сылтау іздеп отырған билікке керегі де осы еді. «Айт!» дегенде арс етіп қабатын КГБ-ның иттерінің тұ- мылдырығы алынып басы босатылды. КГБ қызметкерлері керекті ақын-жазушылармен түні бойы «тәрбие» жұмысын жүргізді. Нәтижесі бесенеден белгілі. Келесі күні жастұл- парлықтарға Жазушылар Одағының есігі жабылды...

КГБ талабы орындалып, жастұлпарлықтардың жиналы- сының екінші күнгі мәжілісі тоқтатылды. Бұл іс-әрекет жі- герленіп намыстың атына мінген жастұлпарлықтарға кедергі бола алмады. Жиналыстың жұмысын жалғастыруға шарқ ұрып мекеме іздей бастады. Қазақтың атар таңын жоқтаған Алаш зиялыларын ұзақ жылдар бойы датталып, қараланып келгенімен келіспеген. Жан дүниелерінде жас болса да, со- циалистік жүйенің ұлт зиялыларына қара жағуына іштей жиркеніш қалыптастырған. Алаш азаматтарының тұлғала- рынан үлгілі өмір өрнегін тоқыған жастұлпарлықтар КГБ қызметкерлерінің құзырынан қаймықпады. Елінің ертеңі үшін ештеңеден тайынбай ерлік жасай алатын азаматтарға

119

 

қазақ топырағы бағзы заманнан бері кенде болып көрмеген. Жүзден жүйрік, мыңнан тулпар қашанда шығып отырды. Жастулпарлықтардың ақсақалдардың кесірінен тығырық- қа тіреліп қиналып турғанын көрген КазГУ-дің аспиранты, кәсіподақ төрағасы Мырзатай Жолдасбеков жауапкершілікті өз мойнына алып, жиналысты университеттің үлкен мәжіліс залында өткізуге усыныс жасады. Бул нағыз көзсіз ерлік еді. Ұлтының болашағы сөз болғанда қара бастың қамымен шек- теліп буғып қалмай, жумыстан шығып, тамырыма балта ша- былады-ау деп жалталақталмай, жауапкершілікті мойнына алу кім болса соның қолынан келетін іс емес. Социалистік жүйенің қамшысы төбеңнен үйіріліп, КГБ аяғыңды аттат- пайтын заманда улшылдарды ашық қолдау жау қолына жал- ғыз шапқандай жүректілік болатын!

Мырзатай Жолдасбеков қай жерде, қандай қызметте жүр- се де сол жастулпарлықтарға деген ой-сезім, көңіл қалауын кейін де өзгертпеді. Өзі де «Жас тулпар» қозғалысының Қазақстандағы белсенді мүшесі болды, улттық болмыстың шыңдалуына ат салысты.

Жиналыс кешеулетіп КазГУ-дің 500 адам сиятын үлкен мәжіліс залында жалғасын тапты. Сөз жарыстар зулматты күндердің бет-пердесін аямай ашты. Жиналысқа қатысу- шы жастар халқының қасіретін сезініп, ғибрат алды. Рес- публикалық кең көлемдегі саяси шараға Жастулпарлықтар Мәскеуден, Петербургтен, Киевтен, Рига, Харьков, Одесса, Саратов қалаларынан келді. Олар студент жатақханаларын- да, суретшілердің устаханаларында, зиялы қауым арасына барып өз ойларын ашық айтып, журтты әділдік үшін бейбіт күреске шақырды. Жастулпарлықтар екінші күнгі жиналыс- тың алғашқы сөзін Алаш зиялыларының соңғы көзі Хамза Абдуллин ақсақалға берді.

Хамза Абдуллин тарихи тулға. Мағжан Жумабаевтың немере інісі, ең соңғы серіктес-атқосшысы, шәкірті болған азамат. Абдуллин Отан соғысы кезінде Берлиндегі Түркіс- тан улттық комитетінде қызмет атқарған. Ұлтшылдығы үшін неміс фашистері өлім жазасына кескен, бірақ атылмай

120

 

Демблин қамалында концлагерьде жазасын өтеген. Соғыс- тың аяғында Америка әскері тұтқыннан құтқарып елге орал- ған. Елге келген соң Түркістан ұлттық комитеті мүшесі, жау ретінде 10 жылға сотталып, Сталин өлгесін ақталған.

Хамза Абдуллин университеттің үлкен дәріс залының төрінде тұрып:

Не көрсем де, Алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.

Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін,

- деп, өз сөзін Мағжан Жұмабаевтың өлеңімен бастады. Ха- лық жауы аталып атылып кеткен сүйікті ақынының өлең жолдары 30 жылдан кейін қазаққа қайта оралды.

Хамза арасында Демблин қамалында түрмеде отырған кезінде өскен елін, қазақ жерін сағынып жазған өз өлеңдері- нен де үзінді оқыды:

«Ашшы - мынау қараңғылық сарайын,

Бой жазайын, бостандыққа барайын.

Қайда менің еркін өскен кең далам?

Көз жіберіп, биік шыңнан қарайын».

Жастұлпарлықтар 1966 жылы Алматы қаласында қа- зақ зиялы қауымы және студент жастармен өткізген кезде- сулерінің бәріне Хамза Абдуллинді бойтұмар қылып ертіп жүрген. Алаш идеясының соңғы көзі, тірі азаматы ретінде алғашқы сөзді беріп отырған.

Олар ұлттық идея нәр алатын мәдениет пен өнер, тіл мен діл, салт пен дәстүрді жандандырайық деп үндеу тастады. Алаш зиялыларын ақтау, ашаршылық жөнінде шындық- ты айтуды талап етті. Ұлы Абайдың «Адам бол!» принципі негізінде рухани-адамгершілік жағынан жетілген, білімді, озық ойлы, ұлтына жаны ашитын жаңа қазақ тәрбиелеу ке- рек деді.

Жастұлпарлықтардың бір ерекшелігі көпшілік зиялы қауым өкілдері сияқты қазақтың ұлт ретінде жойылып ке-

121

 

туінен қорқып жәй байбалам салу болмады. Ұлтына деген сүйіспеншілік оларды рухтандырды, халқының болашағына сендірді. Қазақтың соңғы дауылпазы Махамбет те, қазақтың соңғы ханы Кенесары да азаттық үшін басынан айырылса да бүгінге дейін ұлт рухының біз жете алмай жүрген алып шыңы екенін де кездесулердің бәрінде баса айтты. Әр қала- дан келіп өз пікірлерімен бөліскен жастұлпарлықтардың сөз- дері өтімді болды, келтірген мысалдары тыңдаушылардың көкейлеріне жақты.

Бұл - жастұлпарлықтардың маңдайларына жазылған тарихи мүмкіншілікті мүлт жібермей, өз өсу деңгейі, мә- дени биіктігіне сай заманы арқалатқан жүкті межелі жер- леріне жеткізгенінің нақты көрінісі болды. Мұрат Әуезов естелігінен:

«Жиналыс екі күнге жоспарланған болатын Бірінші күні менің баяндамам тыңдалды. «Жас тұлпардың» Ленинградта- ғы бөлімін басқаратын Сәрсенғали Құспанов дейтін азамат сөйледі. Сол сияқты біраз жігіттер сөз алып, алдағы уақытта не істеу керек деген сауал төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Қазақтың тағдыры хақында көптеген мәселелер кө- терілді. Бұл нәрсе біреулерді риза етіп, енді біреулерді қат- ты шошындырды. Әнуар Әлімжановтың «Нас мало, но мы в тельняшках» дегені әлі күнге есімнен кетпейді. Әлдекімдер- ге назаланғаны ғой...

Екінші күні қайтадан жиналдық. Қаладағы студенттер біздің бір күн бұрынғы басқосуымыздан құлақтанып үлгір- ген екен. Жазушылар одағын басып қалды. Алайда жиын өтетін зал есігіне қара құлып салынды. Белсеңді жігіттер жай іздеп жан -жаққа шауып кетті. Бізді бұл тығырықтан Мыр- затай Жолдасбеков алып шықты. Бұл азамат ол кезде Каз- ГУ-дың аспиранты, кәсіподақ төрағасы екен, оқу орнының басшыларымен келісіп, барлық жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, студенттер аудиториясында бас қосуымызға үл- кен азаматтық көмегін берді. Кешкі алтыда басталған жиын қызу пікірталаспен түнгі сағат он бірден өткенде барып тар- қады. Ең соңында жиналғандар орнындарынан тұрып бірне-

122

 

ше қазақ әндерін орындады. Олардың бар дауысымен жаң- ғырта салған әндері мүлгіген түнгі Алматының аспанына сіңіп жатты. Біз сол жиында мәдениетімізбен тарихымызға қатысты 20 шақты мәселені қағазға түсіріп, оны Өзбекәлі Жәнібековтың қолына тапсырдық. Ол кісінің жылы шырай- мен қолымызды қысқаны әлі күнге есімнен кетпейді».

Жазушылар Одағында өткен жастұлпарлықтардың жина- лысына «Лениншіл жас» газетінің тілшісі болып қатысқан жазушы Дулат Исабеков алған әсерін былай сипаттайды: ««Жастұлпарлықтар» Жазушылар одағындағы кездесуге тың өлкесін аралап, ондағы кәриялармен, жергілікті қазақтармен сөйлесіп, олардың ұлттық тұрғыда мүшкіл хәлін көріп, ойға түйгендерін ерекше күйінішпен тізіп шықты. Мұраттың сөзі әр адамның көңіл түкпірінде сары сем болып қатып жатқан ар мен намысты оятты, іште қамалып келген ұлт болашағы жайлы уайымына қозғау салды. Оның ойлары мен өткір топ- шылауларын жиылған жұрт уыздай жас жігіттің албырт эмо- циясы деп қабылдаған жоқ, мейілінше ақыл тоқтатқан, ұлт болашағын білімдарлықпен батыл қозғай білген толысқан азаматтың сөзі деп айрықша қабылдады. Ұлттың ассимиля- цияға түсіп, ертеңгі болашағы бұлыңғыр екенін ол кезде три- бунадан ашық айтпақ түгілі сыбырлап сөйлесуден жасқана- тын кезеңде Мұрат Әуезовтің сөзі билік басында отырғандар үшін ашық күнгі найзағайдай қабылданды. Көлеңкесінен қорқып үйренген кейбір жазушылар осы сөздерді үреймен тыңдап, кейбір ақсақалдардың залдан шығып кеткенін де көрдік.

Мұраттан соң Болатхан Тайжанов сөйледі. Оның сөздері де ыстық ықыласпен қабылданды. Қазақстанның ен бай- лығы, қазақ игілігіне емес, өзгелердің игілігіне жұмсалып отырғанын, тың игерудің салдарынан Арқадағы қазақ ауыл- дарының жойылып, қазақ мектептерінің жабылып жатқаны- на күйзеле тоқталды. Жазушылар жағынан да сөйлеушілер көп болды. Ұлт мәселесі тұнғыш рет ашық айтылды. Оған мұрындық болған - Мұрат Әуезов, «Жастұлпарлықтар» еді. Бір ғажабы, ұлт мәселесін осында жүрген қазақ тілді «ұлт-

123

 

шылдар» емес, қазақы ортадан алыста, барлық білім мен тәрбиені орыс тілінде алған өрімдей жас жігіттердің алғаш рет батыл көтергендері кеудесінде намысы бар барша қазақ- ты жігерлендіріп, уйқылы-ояу жүргендерін оятып, өздерінің кім екендерін, ертең кім боларын ойлауды естеріне сап, көңіл көздерін ашып кеткендей болды».

Адамзат тарихында не істелінсе де Ұлттық мүдде үшін істеледі.

Жас тулпардың туяғының дүбірінен оянған Ұлы дала төскейіндегі қазақ жастары ештеңеден тайынбауға айнал- ды. Әділеттілік жөніндегі пікір-ойлар, жастулпарлықтарды көріп, сөздерін есту елдің түкпір-түкпірінен келген жастар- ды бурынғыдан да қатты рухтандыра түсті. Адам өз еркіндігі үшін талпынып, аянбай күреспесе болашағының күмәнді, көмескі бола беретіндігіне көздері әбден жетті. Қазақ жаста- ры жастулпарлықтардың ықпалымен қоғамдық өмірге бел- сене араласып, болашақтары үшін күреске шықты.

Қозғалыстар бейбіт түрде студент жастардың әр түрлі ми- нистрліктер мен ведомстволарға, партия-кеңес органдарына кемшіліктерді айтып арыз-хат жазуымен басталды. Сту­дент жастар институттар мен техникумдарда дәрістер қазақ тілінде жүргізілуін сурады. Министрлік пен ректораттары- на тарих, химия, физика, биология сабақтарын қазақ тілінде өткізуін болашақ дәрігерлер көптеп талап етті. Алматы дәрі- герлік институтының 1 курс студенттері жастулпарлықтар- мен кездесулерінен кейін талаптары орындалғанша сабаққа бармай қойды. Бул іс-әрекетті Қарағанды, Целиноград, Ақ- төбе дәрігерлік институттарының студенттері қолдады. Қа- зақ тілінде дәріс жүргізу тілек-талаптарының көптігі сонша ректорлар саяси ахуалдың шиеленісінен қорқып, жекелеген пәндерді қазақша өткізуге талпыныстар жасады.

Қазақстанның барлық аймағында, журттың жиналған жерлерінде улт мәселесі, ана тілі, оқу мәселесі жөніндегі пікірлер ашық айтыла бастады. Әсіресе, тың игерудің әсері- мен орыстандыру саясаты күшті жүргізілген солтүстік, ор- талық Қазақстанда улт мәселесі шиеленісуге дейін барды.

124

 

Қазақ мектептерінің жабылуы, институт, техникумдарда қазақ бөлімінің болмауы былай тұрсын, билік орындарында көрер көзге қиянаттықтар жасалынды. Қазақ ұлтының өкілі бірінші басшы бола алмады. Жұмыс, кезекпен пәтер алу та- ғысын тағылардан қазақ жастары шектелді. Тың игеру де- мографиялық ара-қатынасты өзгерткеннен соң қазақтың сан көрсеткіші азайғаны басты сылтауға айналды. Өрескел кет- кен кемшіліктердің орнын толтыру үшін орыс тілді, аралас некелі қазақтарға көп мүмкіндіктер жасалды.

Басшылық қызмет, партия совет ұйымы жұмыстарына қазақ болып жазылған, орыстілді азаматтарға қолдау көр- сетілді.

Қазақ болмысы «тың және тыңайған жерлерді игерудің» құрбандығына шалынған Орталық және Солтүстік Қазақс- тан облыстарының жастары арыз-хаттардан еш нәтиже шығара алмағандықтан өздері әрекеттерге кірісті. Жастұл- парлықтардың ықпалымен Алматы дәрігерлік институты студенттерінің қазақша дәріс алу туралы жеткен жетістіктері студент-жастар қауымына қатты эсер етті.

«Жас тұлпар» ұйымы үлгісіндегі бірлестіктер студент жастар арасында құрыла бастады. Целиноград дәрігерлік институтының 2 курс студенттері «Оян, қазақ!» атты ұйым құрды. Бірлестікті құрған қазақтың 18 жасар қызы Гүлжан Ғазизқызы Бейбітова еді. Ақмола облысы Бестөбе кенішін- дегі жанұядан шыққан намысты, өр мінезді қыз группалас құрбыларымен студенттер арасында беделге ие болады. Қа- зақ және орыс тілдеріндегі «Оян, қазақ!» атты үндеуді бөл- мелес құрбысы Сәлима Қасымова екеуі қолдан көшіріп кө- бейтіп, Целиноград қаласындағы студенттік жатақханаларға таратады. Үндеудің мәтінін Гүлжан Бейбітова өзі жазады. Енді «Оян, қазақ!» ұйымы үндеуінен үзінді беріп көрейік:

«Қазір қазақ халқын толық орыстандыру саясаты жүріп жатыр. Қазақ мектептері жаппай жабылуда. Балабақшаларда бүлдіршіндер таза орыс тілінде тәрбиеленеді. Барлық жерде бірдей қазақ тілінің қолданыс аясын қасақана тарылтып, бір- те-бірте ұлттық тілімізді мүлде жойып жіберу науқаны белең

125

 

алған. Ұлттық дәстүріміз бен мәдениетіміз өгейсіп барады. Ұлт өкілі ретінде партия, совет және комсомол қызметінде жүргендер халық мүддесі үшін бір ауыз жылы сөз айта ал- майды. Қазақша қойылған есімдерінен бас тартатын балалар көбейді. Бізге ұлттық болмысымыздың болашағы үшін, ту- ған тілімізді сақтап қалу үшін күресетін кез келді. Консти- туциялық құқығымызға сәйкес талап етеміз: қазақ тілі мен мәдениетіне, ұлттың дәстүрі мен діліне қысым көрсету тоқ- татылсын!.. »

Осындай мағынадағы үнпарақтардың студент-жастар арасына таратылуына «Оян, қазақ» ұйымының белсенді мү- шелері Жақсылық Сәрсембаев, Ақбаян Малдыбаева, Жібек Байтышқанова және басқалары ат салысты.

Бұл жерде Гүлжан Ғазизқызы Бейбітованың өскен, өнген жеріне, тектілігіне тоқтала кеткен жөн.

Өнегелі, ұлтшыл жанұяда өскен Гүлжан Бейбітова қар- шадайынан бойына халқының ұлттық құндылықтарын сіңі- ре білді.

Қазақ КСР түсті металлургия министрлігіне қарасты кен орындарында ғұмыр бойы партиялық және басшылық қыз- мет атқарған әкесі Ғазиз Бейбітовтің жұмыс бабына байла- нысты Бестөбе, Жолымбет, Ақсу сияқты алтын өндірісі кент- теріне қоныс аудара жүріп, ол өз жерінде өздері өгей ұлтқа айналған қазақ халқының қасіретін бала көңіліне түйіп, жас жүрегіне тоқып өсті.

Елуінші жылдардың басында Бестөбе кентіндегі балалар бақшасының табалдырығын алғаш аттағалы тұрған Гүл- жанға әкесі: «Балам, балалар бақшасының тәрбиешілерінің барлығы басқа ұлт өкілдері. Олар сенің есіміңді өзгертіп, басқаша Галя, Гуля деген сияқты орысша атайтын болса, келісіміңді берме», деген еді. Айтқандай-ақ, ертеңіне бала- бақша тәрбиешісі Людмила Александровна Шпанберг Гүл- жанды оңаша шақырып алып: «Давай мы тебя в садике бу­дем называть Гулей. Гуля очень хорошее имя» демесі бар ма! Нет, мне не надо никакая хорошая имя. Меня зовут Гулжан», - деді қаршадай қыз тәрбиешіге тура қарап. Тура қарсылық-

126

 

тан тосылған тәрбиеші қайта-қайта басын изеп, тутығып қа- лады.

Жасырын уйымдар жастар арасына Конституция негізін- де улттық қуқықтарымызды қорғайық, орыстануға тосқауыл қояйық деп үнпарақтар таратып, үгіт-насихаттар жүргізді. «Жастулпар» уйымы мүшелерінің сөздерінен нәр алып, қа- наттанған Алматы қаласында оқитын студенттер елдеріне барып, жастардың басын қосып, жасырын уйымдар қурды.

Алматыдан келген заң факультетінің студенті Ж. Кемел- ханов Гурьев облысындағы жерлестері арасында «Ұшқын» жастар уйымын қурды. Ұйым мүшелері үгіт-насихат бары- сында қазақ жерлерінің тарихи атауларын өзгертуге, меке- мелерде іс-қағаздарының орыс тіліне көшуіне қарсы шықты. «Ұлттық мүдде қорғалмаса Конституция негізінде Қазақстан Кеңес Одағы қурамынан шығуы керек», - деп есептеді. Мәс- кеуге Компартияның Орталық комитетіне хат жазып Консти­туция баптарының бурмаланып жумыс істемеуін, өкіметтің жергілікті халықпен санаспауы, қазақ тілін дамытпай отыр- ғанын айтты. Хатта: «... нет никакой Казахской Республики. В учреждениях делопроизводство ведется не по-казахски, а по-русски. Учеба в высших учебных заведениях - на русс­ком языке. Переименовываются по-русски названия казахс­ких земель». Хаттың соңында Кемелханов Жаңабай болашақ заңгер, Конституция негізінде Қазақстанды Кеңес Одағының қатарынан шығарыңдар деп талап қойды.

Қызылорда қаласы педагогикалық институтының сту- денті Ш. Садықов Алматы қаласына барып, «Жас тулпар» уйымы мүшелерінің сөзін естігеннен кейін, өзінің курстас- тарының арасында жасырын уйым ашпақшы болып үгіт-на- сихат жүргізіп жүрген кезінде КГБ тутқындады.

Ташкент байланыс институтының студенті Мырзабеков Қостанай қаласында «Жас түлек» улттық уйымын қурды. Ұйым мүшелерін КГБ талқандады. Жастар өздеріне тағыл- ған ултшылдық айыбының басты себебін «Орыстың отар- шылық шовинизміне қарсы іс-әрекеттен» шықты деп жауап берді.

127

 

Ресейдің Горький қаласындағы Су көлігі инженерлері институтының студенті С. Абылханов, Мәскеудің Мунай институтының студенті У Орынбасаров және Қарағанды қа- ласы дәрігерлік институтының студенті М. Кейін жастулпар- лықтар үлгісіндегі жасырын уйым уйымдастырып жүрген кездерінде усталып, оқуларынан шығарылды.

Ал Павлодар қаласының мектеп муғалімі Р. Нурбасаров деген азамат Павлодар және Ермак қалаларында қурамында 29 мүшесі бар жас балалардан жасырын «Жас улан» уйы- мын қурады. Ұйым бір жыл бойы үгіт-насихат жүргізіп, Павлодар, Ермак қалаларының атауын өзгертуге шақырады. Ермактың шапқыншылық-жаугершілік жорықтарын әшке- релейді. «Бабалар туын көтерейік» деп үнпарақ таратып, өкіметтің саясатына қарсы шығады. Ұйымның жарғысы, жумыс жоспары болды.

«Жас тулпар» уйымының ықпалында тек студенттер ғана емес, қазақтың жас маман, жумысшы ул-қыздары да болды. Олар да бірігіп, өз мүдделерін қорғай баста- ды. 1969 жылдың күзінде Өскемен, Лениногорск және Семей қалаларының зауыт - фабрикаларынан жумыстан қуғындалып, шығып қалған 75 жас маман бірігіп, «Ұлт мамандары қуқығын қорғау әділет тобын» қурды. Бул өз қуқықтарын қорғау үшін қурылған қазақ техникалық жас мамандарының бірігуі болды. Халыққа таратқан үндеу- лерінің бірінде орыс тілінде: «Мы столкнулись с рядом фактов, когда руководители предприятий нагло оскорбля­ли и смеялись над нами и в настоящее время не трудоуст­раивают нас. В связи с этим мы решили сами вести работу, поэтому решили организовать подпольную типографию, дать политический бой», - деп жазды.

Жастармен бірге зиялы қауым арасында, әсіресе твор- честволық қауым ақын-жазушы, музыканттар, суретшілер, институт муғалімдері арасында өз пікірлерін ашық айтатын адамдардың саны көбейді.

1969 жылы Қостанай облысының жас бухгалтер маманы К. Ажибаев қазақ ултының мүддесін қорғайтын, жеке Қазақ

128

 

мемлекетін құратын жасырын ұйым құруға талпынып, КГБ қызметкерлерінің құрығына ілікті.

Сонымен бірге Целиноград қаласында Кеңес Одағының «тың және тыңайған жерлерді игеру» саясатына және Тың өлкесінің Ресей Федерациясына қосылуына қарсы жастар- дың «Тың Тұлпар» жасырын ұйымы жұмыс істеді. Семей қа- ласындағы «Тайшұбар» ұйымы «Тарихқа әділеттік керек!» деген ұранмен Шәкәрім мен алаш зиялыларына творчест- волық ақтау жасап, еңбектерін кітап қылып басып шығару керек деп үгіт-насихат жүргізді. Атом қару-жарағын сынауға да қарсылықтарын білдірді.

Тәуелсіздік алуды мақсат етіп бір жылдай жұмыс істеген жастардың «Жас қазақ» ұйымы Қарағанды қаласын ғана емес, облыс төңірегін қамтып, кезіндегі ЕСЕП партиясының мүшелерімен байланыс жасады. Ұлттық мұратқа тарихи са- бақтастық негізінде жеткілері келді. Бірақ сол 60-шы жыл­дары құрылған ұйымдардың ғұмыры ұзаққа бармады. Олар- дың аяқтарын КГБ қия бастырмады.

Жастардың жасырын ұйым ұйымдастыруын, ұлттық мүд- де, ұлттық мәдениет, қазақ тілі жөнінде жүргізген жұмыс- тарын көпшілік жұрт та әр түрлі қабылдады. Студенттер институттан шығып қалу қаупінен қорықса, үлкендер жағы бала-шағаның қамымен бас сауғалады.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының екінші жартысы 70-ші жылдардың басында ұлттық болмысқа әсерін тигізген ғылы- ми зерттеулер, ақын-жазушылардың тарихи тақырыпқа жа- зылған шығармалары жарық көрді. Бұл тарихи сабақтастық- ты үзбей, жаңаруға ұмтылған ұлттық серпілу кезеңі болды. Әсіресе қоғамдық ғылымдар тарих, археология, әдебиет са- ласында үлкен жаңалықтар ашылып, айтылмай келген тақы- рыптар жария етілді. Әлкей Марғұлан «Беғазы - Дәндібай» мәдениетінің көзін ашса, Кемел Ақышев «Алтын адамды» тапты. Ілияс Есенберлин, Мұхтар Мағауин, Софы Сматаев- тардың тарихи тақырыптағы шығармалары жарық көрді. Кы­зыл империяның алып күшіне қарсы тұрып, жастардың са- ғының сынбауына ұлт зиялылырының тарихи шығармалары

129

 

тірек болды, жігер отының қайнар көзін де сол шығармалар- дан алды. Қандарына сіңдірді, нәрімен бойларын қатайтты. Қазақ болмысы жаңа белеске көтерілді. Бүкіл түркі әлемінің тарихи - рухани мүддесін қорғаған Олжас Сүлейменовтың атақты, қазақты қазақ қылған - «АЗиЯ»-сы дүниеге келді. Түркі халықтары мәдениетінің тамыры бір, сарқылмас көне көзінің бар екенін дәлелдеген бұл кітап ұлттың іздеп жүріп оқитын кітабына айналды. Халық рухани азыққа қарық бол­ды. Болмыс серпіліп, сана оянды.

Әсіресе «Жас тұлпар» ұйымы іс-әрекеттерінен үлгі алып азаттық үшін күреске шыққан қазақ жастарына ғалым-жа- зушылардың еңбектері жәй рухани азық болып қана қойған жоқ, астыртын жұмыстарында пайдаланатын күрес құралы- на айналды. Жастар бұрын сақ, ғұн, түркі, үйсін, қаңлы, қып- шақ, керей, найман, жалайыр тайпаларының қазақ жерінде көне мемлекеттік құрылымдары болғанын оқулықтарға сү- йеніп айтса, енді ғылыми зерттеулермен дәлелдеп айтты. 40 ғасырлық тарихы бар көне халық екенімізді, жер бетіндегі ең көне музыкалық аспаптың бірі - қара қобыздың бізде сақ- талғанын мақтан тұтты.

Қазақстан үшін жетпісінші жылдар табысты кезең болып есептелді. 10 жыл бойы орта есеппен жылына Кеңес Одағы мемлекет қорына бір миллиард астық тапсырылып отырды.

Байқоңыр космос кешені, Семей атом полигоны, уран өндіру саласындағы жетістіктер, қару-жарақ жасауға ке- ректі түрлі-түсті металдар және басқа да көптеген шикізат пен ауылшаруашылық өнімдері Мәскеудегі Қазақстанмен есептесуіне мәжбүр етті. Кеңес Одағы экономикасында Қа- зақстанның орны ерекше зор болды. Хрущев Қазақстанды бөлшектеп біраз аудан-облыстарын Ресей, Өзбекстан, Түркі- менстанға қосуды мақсат етсе, Брежнев билігі бұл әрекеттен бас тартты.

Дегенмен, ел басшылығы, мамандармен жұмыс істеу сая- саты сыңар жақты, әділетсіз болды.

Қазақстандағы өнеркәсібі дамыған үлкен облыстар- ға бірінші басшыларды Мәскеу өз адамдарын жіберіп, тек

130

 

қана соларды тағайындады. Жергілікті мамандарды есепке алмады, сенімсіздік көрсетті. Бұл басшылар билікте кемінде он бес, жиырма жылдан қозғалыссыз отырды. Қостанайда - Бородин, Целиноградта - Кручина, Шығыс Қазақстанда- Протозанов, Павлодарда - Исаев, Солтүстік Қазақстанда - Степанов және басқа да обкомның 1-ші хатшылары тікелей Кремльмен жұмыс істеді. Қазақстанға формальды түрде ғана есеп берді.

Қазақстандағы атом өндірісіне КСРО-нің Средмашстрой министрлігі басшылық етті. Степногорск, Приозерск, Төре- там, Семей полигонындағы Курчатов сияқты жабық қалалар Мәскеуге ғана бағынды.

Республикада қазақтардың саны 40 пайызға жетпеді. Солтүстікте жағдай мүлде мүшкіл болды. Облыс орталықта- рында қазақтардың саны 20 пайыздан аспады. Бұған жасы- рын нұсқаулар эсер етіп отырды. Ұлттың ара салмағы үйге тіркеу - прописка арқылы реттелді.

Қазақ ұлтының саны Петропавл қаласында 15 пайыз, Це­линоградта- 18, Өскеменде -11, Степногор қаласында 3 па­йыз ғана болды.

Сондай ақ, қару-жарақ зауыттарына қазақ ұлты басшы- лық қызмет тұрсын, жәй жұмысқа да алынбады. Баспана мә- селесі де мүсәпірлік деңгейде болды. Отырсаң опақ, тұрсаң сопақсың. Қазақ шет жақтағы үйдің бірінші, бесінші қабаты тигенге ғана мәз болды.

Өмір тауқыметі көп нәрсені өзгертеді. Қаттыңды жұм- сартады, иіңді илеп, сағыңды сындырады. Заман талабына сай көндігіп, көмпістікке айналу, кімнің тарысы піссе, соның торғайы болу да бар. Бірақ қазақ ертеңін ойламай қалған емес. Ең бастысы баланы жақсы көріп, жақсылыққа тәрбие- леу көпшілік үшін әкелік міндет те, аталық мәртебе.

Осы жылдары жастұлпарлықтар оқуларын аяқтап Қазақс- танға оралды. Олардың көбі Алматыға келіп еңбек жолда- рын бастады. «Жас тұлпар» ұйымының жұмысы жаңа дең- гейде, ұлттық сананың оянып, ұлттық рухтың көтерілген кезіне сай жалғастырылды. Алматы қаласы саяси күресте

131

 

ұлттық болмысты шыңдаудың қайнаған қазанына айналды. Қазақ болғысы келген адам Алматыда тұруды армандады. Жетпісінші жылдары ұлттық сананың оянғаны Алматы қа- ласының әлеуметтік-мәдени өмірінен анық көрініс тапты. Абай ескерткіші, Әуезов мұражайы, Медеу мұз айдыны, Көктөбе - ұлттық мақтаныш символы болып көрінді. Саяси өмірдегі «Жас тұлпар» ұйымының Қазақстанды толық қам- тып, құлашын кең жайған серпілісі - бәрі-бәрі жиылып келіп ұлттық сана теңізіне ағын болып құйылды.

Кезінде Семей Алаш азаматтарының орталығы болса, енді елу жылдан кейін Алматы қаласы жастұлпарлықтар- дың, бар қазақтың жүрегіне айналды. Алматыда баласын оқытуды қазақ арман қылды. Әр қазаққа Алматыны көру, өз ұлттылығын сезіну - болмысындағы енді оянған ұлттық психологияның қажеттілігі болды.

Көктөбе мен Медеуді күндіз аралап қазақшылығыңды биіктетсең, кешкісін Абай, Әуезов театрларының біріне ба- рып, ана тіліңнің шұрайына қанығасың. Алматының сыл- дырлап аққан арығындағы суы да, ағашы да, иісі мұрын жарып өсіп тұрған апорты да «мен қазақтыкімін» дейтін. Алатаудың басы ағарып, ауылдың ақсақалына ұқсап мейір- лене қарағандай еңсеңді көтереді. Қазақтың студент жаста- ры Алматыда өздерін Қазақстанның басқа жерлеріндегідей емес еркін сезініп, намыстарын жоғары ұстай білді. Сондық- тан да шығар қандарында еркіндіктің лебі қалған ата-аналар екі сиырының бірін сатып, аузындағысын жырымдап бала- ларын Алматыға оқуға жіберді.

Алматыда оқитын бір студенті бар ауыл сол төңіректің мақтанышына айналып, аты бәйгеден озып келгендей жас баладан, еңкейген кәріге дейін қуанатын. Өйткені Алматы қазақтың жайсаңы мен жақсысы жиналған, елдің болаша- ғының қайнар көзі саналды. Ол жерде білім алған бала ұл- тына қызмет ететін болашағы жарқын азамат болатынына жұрт сенді. 1970-ші жылдары Алматы қазақ жастарының арман қаласына айналды. Ұлтым, жұртым, елім дейтін бар қазақ Алматыны мақтаныш тұтты. Әсіресе студент жастарға

132

 

пейіштей эсер етті. Алматыны көрмеген елдің адамы өзін қа- зақпын деп санай алмады. Абай ескерткішін көріп оның ру- хына бас имеген, Алаш зиялылары жүрген жерлермен жүріп ой -пікірін өңдемеген бірде-бір жас қыз бен жігіт болмаған шығар. Шыңын аппақ қар басқан кәрі Алатаудың аясында жүру де бір ғанибет...

Алматыда оқитын жастар ғана емес, жәй демалыста, не жолай бола қалған адамның өзінде ішін кернеген улттық сезім пайда болады. Жастардың көз жанарларынан айтпаса да «мен қазақпын» деген мақтаныш отын көресің. Алматыға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар жастулпар- лықтардың демалатын мекені Аққу кафесіне соқпай тағы кетпейтін. Өкімет Алматыдағы қазақтың санын көбейтпеу- ге қанша шара қолданғанымен улттық даму үрдісін тоқтата алмады. Үйге тіркеу, баспана жоқтығы да жастардың сағын сындырып, Алматыдай бас қаласынан кетіре алмады. Өйт- кені Алматы қазақ рухының шыңдалатын, улттық сана- сезімнің қалыптасатын жер уйығы - жүрегі болды.

Жастулпарлықтардың талай жылдан жастарды білім алу- ға, зиялылыққа, ултты сүюге шақырып жүргізген үгіт-наси- хаттары өз жемісін республика көлемінде бере бастады.

70-жылдардың басында «Жас тулпар» қозғалысының ық- палымен қазақ студент жастарының арасында Тәуелсіздікті мақсат еткен жасырын уйымдар көбейді. Алматыда «Са- рыарқа», Шымкентте «Адыр бөлтіріктері» және тағы бас- қа астыртын студенттік уйымдар бостандықты, азаттықты насихаттап үгіт жүргізді, үнпарақтар таратты. Жастарды Тәуелсіздік үшін күреске шақырды. Бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ушымен қорғаған жер-анамыздың бай- лығын урпақ игілігіне жаратуға үгіт жүргізді.

«Жас тулпар» уйымының ықпалы, салған ізін КазГУ- дің тарих факультетінің студенттері жалғастырды. 1972 жылдың күзінде 1 курс студенттерінің комсомол жина- лысында жастарды елең еткізген оқиға болды. Бір топ студенттер жиналыста қазақ тілінде дәріс берілмейтінін, оқулықтардың жоқтығын, қоғамда әділеттіліктің орнық-

133

 

пағанын айтып, осы мәселелерді шешуді талап етті. Бірақ, жиналыста айтылған бұл мәселелер шешілмеді. Қайта осы сұрақтарды күн тәртібіне қойғызып, дауысқа салғызған 1 курс студенттері қуғындалып, жатақханадан шығарылды. Әділдік іздеген жастар, социалистік идеологияның тоңмо- йын саясатының дәмін татты. Жалпы наразылық біразға дейін басылмай, таң атқанға дейін жатақханада пікір та- ласулар болып біртіндеп саябырлады. Қызыл қырғынды, жеке басқа табынудың сорақылығын, сұрапыл аштық пен соғысты көріп, ой-саналары үреймен уланған ата-әже, әке-шешелерінің қорқынышы ұрпағының бойында оянды. Көпшілік студенттердің бойын үрей биледі. Бірақ, бір топ сағы сынбаған жігерлі студенттер оңашаланып, қайта бас қосты. Қазақтың болашағы қандай болуы керектігі жөнін- дегі құпия әңгімелер көбейді. «Жас тұлпар» ұйымындай топ немесе бірлестік құру жөнінде ұсыныстар жасалды. Жас тарихшылар Лениннің ұлттық саясат жөніндегі ең- бектерін бірігіп оқып, пікір алысты. Өткен тарихқа көз салды, қазақ ұлтының ұлттық құндылықтарынан айыры- лып бара жатқанын айтты. 10 студент бірауыздан: « өкімет ұлттық саясатты дұрыс жүргізбей отыр. Сондықтан ұлт мәселесін шешу үшін республика -Тәуелсіз Қазақ мемле- кеті болуы керек!» - деген шешімге келді. 1972 жылдың қараша айында құрамында тарих факультетінің 10 сту- денті бар «Сарыарқа» ұйымы құрылды. Бұл ұйымға 1-ші курс студенттері - Б. Төлебаев, Т Сұлтанова, А. Тоқпанов, Б. Нысанбаев, В. Китонова, Р Шүленова, Ә. Әлпейісов, А. Қалиев, Б. Тойшыбеков және Қ. Лесбековалар мүше болды. Ұйымның жарғысы, бағдарламасы жазылып қа- былданды. Екі бөлімнен тұратын бағдарламада түпкілікті мақсат Тәуелсіз қазақ мемлекетін құру, ана тілге, ұлттық мәдениетке, әдет-ғұрыпқа ерекше мән беру, Біріккен ұлт- тар Ассамблеясына мүше болу, дүние жүзіндегі қазақтар- ды өз тарихи отанына көшіру басты мәселелер деп көр- сетілді. Біртіндеп Виноградов көшесінің 88-ші үйіндегі тарихшылар жатақханасы саяси айдын аренасына айнал-

134

 

ды. Уақыт толқыны сол айдынның бетіне жастулпарлық- тардың ізін қуған жаңа буын жастарды алып шықты.

Сарыарқалықтар Алматыдағы Орталық кітапхананың көне фондына арнайы руқсат алудың жалын тауып, жиырма- сыншы-отызыншы жылдардағы газет-журналдардан Алаш зиялыларының мақала-шығармаларымен танысты. Алаш азаматтарының қызыл империяның қуғын-сүргініне қара- май, көне тарихты зерттеу арқылы улт санасына шежірені қуйып, кімнің кім екенін кейінгі урпаққа айтып кеткендерін үгіт-насихаттарында пайдалана білді.

Ұйымға мүше, ой жосығы өрістес бір курстағы жас та- рихшыларды Тәуелсіздіктің арманы жақындатып, күрес жо- лына әкелді. «Сарыарқа» уйымының мүшелері Қазақстан- ның түкпір-түкпірінен келген жастар еді.

Бул уйымның ерекшелігі - көп ултты қурамда болды. Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күрескен жасырын жастар уйымының ішінде басқа улт өкілдері осы «Сарыарқа» уйы- мында ғана болды. Татар қызы Талима, бурят қызы Вера Қазақстан тәуелсіздігі Орталық Азиядағы барлық улттарға азаттық алуына көмектеседі деп сенді. Бірақ бул қыздар бас- қа улт өкілі бола тура Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күрес- кендіктен, КГБ тарапынан қуғын-сүргінді көп көрді. Кейін бурят қызы Вера саяси көзқарасы үшін Улан-Удэ қаласында жүйке аурулары емханасына жатқызылды. «Сарыарқа» уйы- мы мүшелері Алматы қаласының студенттік жатақханала- рында, қоғамдық көпшілік орындарында театрларда қазақ халқына үндеу үнпарақтарын таратты. Қазақстанның басқа қалаларындағы студенттік жасырын уйымдармен байланыс- тар орнатуға тырысты. Шымкент қаласындағы «Тулпар» уйымымен бірігіп жумыс істеді.

«Сарыарқа» уйымының жумысы жөнінде Қазақстан Ком- партиясы Орталық Комитетіне КГБ-ның берген ақпаратында былай айтылады:

...что 3 января 1973 года в Казахском драматическом театре им. М. Ауэзова в г. Алма-Ате перед началом спек­такля были распространены среди зрителей листовки под

135

 

названием «Обращение к казахскому народу» от имени ор­ганизации «Сарыарқа», в которых указывалось, что казахс­кий народ подвергается русификации, его язык, культура и обычаи подавляются. Все листовки были отпечатаны на пи- щущей машинке». Осы үнпарақ негізінде КГБ «Сарыарқа» ұйымы мүшелеріне сырттай қылмысты іс қозғады. Жас та- рихшылар құпия жұмыстың қыр-сырына қанығып, әккіленіп іздерін жасырып жүрді. «Сарыарқа» ұйымы мүшелерін КГБ тек 1977 жылдың маусымында ғана ұстап, тергеу жүргізді. Іс сотқа жетпей уақытша тоқтатылды. Бұған екі себеп бол­ды. Бірі уақыт өтіп кетті және ол кезде «Сарыарқа» ұйымы жұмысын тоқтатқан. Ал екіншісі, ең басты себебі компар­тия Қазақстанды «ұлттар достығы лабораториясына» айнал- дырып, басқаға социалистік интернационалистік тәрбиенің нәтижесін үлгі қылып отырғанда, ұлтшылдық ұйымының болуы жат нәрсе.

«Организация «Сары Арқа» в составе 10 человек была создана осенью 1972 года по инициативе студентов 1 курса исторического факультета Каз

ГУ Тулебаева Б. К. и Алиевой Т. Т. Программой и уста­вом организации предусматривалось проведение культур­но-просветительской работы в среде казахской молодежи, пропаганда казахского языка и культуры, в конечном ито­ге отделение Казахстана от СССР, указывалось на необ­ходимость создания аналогичных группировок в других городах республики. Студенты Тулебаев, Султанова и Токпанов входили в так называемый «Центральный коми­тет» этой организации. Их участники выработали прог­рамму и устав: цель группы - отделение Казахстана от Со­ветского Союза. Группой было проведено 8-9 заседаний, где обсуждались вопросы политической системы в нашей стране и в западно-европейских странах, международные события, национальный вопрос. Розыск участников орга­низации велся до 1977 года»

1973 жылы қылмысты іс қозғалған «Сарыарқа» ұйымы- ның мүшелері елдегі саяси жүйенің өзгеруіне байланысты,

136

 

Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, 1992 жылы ғана толығымен ақталды. Бұл жөнінде Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін Бас Прокуратура төмендегідей шешім қабылдады:

Постановление об изменении основания прекращения уголовного дела

25 июня 1992г          г. Алма-Ата

Прокурор отдела по надзору за исполнением законов в органах КГБ, таможни и особо режимных объектах старший советник юстиции Орумбаев И. М., рассмотрев материалы уголовного дела №19Ф-Т6

УСТАНОВИЛ:

 ЯНВАРЯ 1973 г. в зрительном зале Казахского театра драмы имени М. О. Аууэзова в г. Алма-Ате, после начала спектакля, неизвестное лицо распространило среди зрите­лей листовки под названием «Обращение к казахскому на­роду» от имени организации «Сары-Арка»(«Золотая степь»)

В листовке содержались высказывания о недостаточном уровне подготовки национальных кадров ввиду нехватки учебников на казахском языке, национальных начальных средних и высших учебных заведений, содержались при­зывы к сохранению культуры и обычаев казахского народа, созданию независимого государства Казахстан. Все листов­ки были отпечатаны на пишущей машинке на русском языке.

 января 1973 г. по данному факту было возбуждено нас­тоящее угловное дело по признакам преступления, предус­мотренного ст. 170-1УК Каз. ССР.

В процессе расследования дела установлено, что в октяб­ре-ноябре 1972года группа студентов 1 курса исторического факультета Казахского государственного университета соз­дала кружок под названием «Сары-Арка» в которую входи­ли: Тулеубаев Б., Нысамбеков Б., Султанова (по мужу Алие­

137

 

ва Т.) Китонова В., Лисбекова Х., Токпанов А., Чуленова Р., Тойшибеков Б., Альпеисов А., Калиев А.,

Участники кружка имели выработанную програму, предусматривавшую изучение ими трудов К. Маркса и В.И. Ленина по национальному вопросу, экономической и социологической литературы, создание независимого го­сударства Казахстан. Было проведено несколько занятий, на которых рассматривались вопросы изготовления лис­товок, проводились диспуты. Некоторые занятия оформ­лялись протоколами.

22 ноября 1977 года ст. Следователем по особо важным делам СО Абеновым, рапсследовавшим данное уголовное дело, дело было прекращено на основании ст. 45УК Каз. ССР, т. е. вследствии изменения обстановки.

Основание прекращения данного дела подлежат измене­нию т. к. возбуждение уголовного дела по факту изготовле­ния и и распространения листовок под названием «Обраще­ние к казахскому народу» носило неправомерный характер и его прекращение по ст. 45УК Каз. ССР, в соответствии с ст. 14-2 УПК КССР требовало на это согласие прокурора, что СО КГБ получено не было.

Более того, диспозиция с. 170-1УК Каз. ССР. предусмат­ривало изготовление или распространение в письменной или иной форме заведомо ложных измышлений, порочащих советский государственный строй. Из содержания «Обраще­ние к казахскому народу» этого не усматривается.

Установлено, что участники группы «Сары-Арка» обос­нованно констатировали в листовках недостаточность в рес­публике национальных школ, учебников на казахском языке, необходимость бережного сохранения культуры казахского народа, ставя своей задачей создание независимого госу­дарства Казахстан.

Указом Президиума Верховного Совета Казахской ССР от 14. 04. 89г. ст. 170-1УК Каз. ССР исключена из кодекса.

На основании изложенного, руководствуясь ч. 1 ст. 179 УПК РК.

138

 

ПОСТАНОВИЛ:

Уголовное дело № 19Ф-Т, возбужденное по факту изго­товления в г. Алма-Ате листовок под названием «Обращение к казахскому народу» в январе 1973г. прекратить на основа­нии п. 1ст. 14УПК РК., т. е. за отсутствием события преступ­ления.

Прокурор отдела по надзору за исполнением законов в органах КГБ, таможни и особо режимных объектах старший советник юстиции Орумбаев И. М

Қуғын-сүргін көрген сарыарқалықтардың қолына Қазақс- танның Тәуелсіздігі үшін күрескені жөніндегі қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы прокуратура шешімінің көшір- месін ғана берді. Кешірім сурағаны былай турсын, не «мә», не «жә» деуге жарамады. Қазақстанның Тәуелсіздігі жолын- дағы әрекеттері үшін 19 жыл КГБ-ның буғалығы мойында- рында болып, қуғын-сүргін, азапты айлар мен жылдарды бастарынан өткізген жастар бүгінде ортамызда жүр...

Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология инсти- тутының студенттерінен қуралған «Адыр бөлтіріктері» кейін «Жас тулпар» уйымынан уқсастық іздеп «Тулпар» атанды. Мектеп қабырғасында жүрген кездерінен бастап саяси ас- тыртын жумыс істеген бул топ, бірнеше жыл Қазақстанның оңтүстік өңірінде үгіт-насихат жүргізді. Ұйым мүшелері «Сарыарқа» уйымымен тығыз байланыста болып, Алматы және Шымкент қалаларында бірлескен мәжіліс кездесулер өткізді. «Тулпар» уйымының бірнеше жылға дейін усталмай жүруіне «Сарыарқа» уйымының «қупиялық сыры» тактика- сының әсері тиді. Шымкенттік жастар, «Тулпар» атына сай қоғамдық қозғалыста замандастарының естерінде қалатын- дай істер атқарды.

Жастулпарлықтардың ықпалымен уйымдастырылып, жа- сырын жумыс істеген қазақ жастары уйымдарының ішінде асрыарқалықтар мен тулпарлықтар 1972 жылдың өзінде бағ-

139

 

дарламаларында Қазақстан тек Тәуелсіз мемлекет болғанда ғана қазақ ұлтының барлық мәселелері дұрыс шешіледі, ұлт- тық құндылықтар қайта жанданып, заманға сай дами алады деп көрсетті. Бұл екі ұйымның басқалардан ерекшелігі де, артықшылығы да осында.

Жетпісінші жылдардың тағы бір ерекшелігі саяси ре- жиммен жекелеген азаматтардың да күрескендігі. Әлі де компартияның әділдігінен үміттерін үзбеген жеке азаматтар өз ойларын, қоғамдағы келеңсіз кемшіліктерге көзқарасын Орталық Компартия комитетіне арыз етіп жазды. Бұл арыз- дар қайта айналып, шағымданған адамдарға таяқ болып тиіп жатыр. Енді бір азаматтар қызыл империя диктатурасына қарсы үнпарақтар жазып, халық арасына таратты. Әрине бұ- лардың бәрі де КГБ-нің құрығына ілікті. 170 - статья, яғни саяси жүйеге қарсы шыққаны үшін қуғындалды, сотталды. Кейін осындай азаматтардың арасынан белгілі қоғам қай- раткерлері шықты. Елге белгілі Xасен Қожахметті мысалға алып, айта кетсек артық болмас. Xасен Қожахмет Есік қала- сынан арнайы келіп, жастұлпарлықтармен тікелей байланыс жасаған. Мұрат Әуезовпен жақын араласып, саяси көзқара- сын шыңдаған азамат.

Қанында қасиет, кеудесінде рухы бар азаматтар қа- зақ топырағында қашанда дүниеге келіп отырған. Кейін Xасен Қожахмет Кеңестік жүйеге қарсы күресте екі рет сотталған «диссидент» ретінде Xельсинкидегі саяси тұт- қындар тізіміне кірді. Мұндай тізімге кірген екі қазақтың біріншісі Махмет Құлмағамбетов те, екіншісі осы Xасен Қожахмет болды.

Жетпісінші жылдардағы жастардың астыртын жұмыс- тары негізінен бірге оқитын, өздері жақсы білетін дос жа- рандардың бірлескен тобы болды. Елдегі келеңсіздіктерді себеп қылып пікір алысулар біртіндеп саяси іс-әрекеттерге әкелді. Бірге оқитын студенттер арасында үгіт-насихаттар жүргізілді. Техникалық мүмкіншіліктердің жоқтығынан өз қолдарымен үндеулер жазып, үнпарақ таратты. Социалистік жүйенің ұлттық саясатын отаршылыққа теңеп әшкереледі.

140

 

Жастарды, жалпы қазақ халқын Тәуелсіздік үшін күреске шақырды.

Жастардың жасырын үйірмелері ұзаққа бармады. Үнпа- рақ таратылу кезінде, не болмаса соған дейін-ақ бәрі де КГБ- ның құрығына ілікті. Студенттер бірден оқудан шығарылып, істі болды, саяси сенімсіздердің қара тізіміне ілініп, қатаң бақылауға алынды. Қазақстан Тәуелсіздігін алғанға дейін мұндай студенттерге қоғамнан өздеріне лайықты орын алу- ларына жол берілмеді.

Қазақ жастары жаппай көркем әдебиет оқып, өмірдің кейбір көлеңкелі тұстарына жауапты кітаптан іздеді. Комму- нистік идеологияның ықпалында болса да қоғамдағы жағ- дайға көзқарасын өзінше қалыптастыруға тырысты. Ал кітап шығаруға мемлекет тарапынан бақылау қатаң сипат алды.

Олжас Сүлейменовтың «АЗиЯ»-сын жұрт оқып үлгерсе, Мұрат Әуезовтің басшылығымен шыққан «Көшпенділер эс- тетикасының» барлық данасы бірден жойылап оқырманға жетпеді. Бұл мақалалар жинағы көшпелі халықта мәдениет те, тарих та жоқ деген Компартия идеологиясына қайшы келді. «Көшпенділер эстетикасы» Алаш ұлтшылдарының кі- таптарымен бірге қара тізімге ілікті.

Мұрат Әуезовті жастар «Жас тұлпар» ұйымын құрушы, азаттық қозғалысының жетекшісі ретінде білсе, енді ғалым- күрескер ретінде таныды. Олжас Сүлейменовпен бірге Му­рат Әуезов те студент жастардың кумиріне айналды. «АЗиЯ» мен «Көшпенділер», «Древняя культура Казахстана», «Ко­чевое общество казахов», «Древний Отрар», «Этнический состав и расселение казахов Среднего Жуза», «Этническая генегеография Казахстана», «Кочевое общество», тағы бас- қа да кітаптар кеңестік идеологияға қайшы делінді. Мұндай кітаптың авторлары, редакторлары да КГБ-ның бақылауы- на алынды. КГБ өзінің бір ақпаратында «Аз и Я» кітабына мынадай баға береді: «... в книге, основной идеей которой является попытка ревизовать всю древнерусскую и славянс­кую культуру, доказать, что истоки ее зародились в тюркских племенах, что именно тюркская цивилизация наиболее древ-

141

 

няя, допущены существенные идеологические и методоло­гические ошибки. Как исследование она научно несостоя­тельна, написана с внеклассовых позиций, идейно порочная и может нанести ущерб интернациональному воспитанию молодежи».

Әрине, барлық авторлар мен редакторлар жұмыстан боса- тылды. Ғылым, білім, әсіресе жастарды тәрбиелеу салалары- нан алыстатылды.

Мұрат Әуезов «Көшпенділер эстетикасы» кітабын құрас- тырып шығарғаны үшін қуғындалғанда жас-тұлпарлықтар бірліктілерін көрсетіп, намыстарын аяққа бастырмады. Олар қалыптасқан әдеттеріне басып, елге, халық арасына бет алды. «Мұрат Әуезовті жалғызсыратпаймыз» деген Марат Сембин бастаған жастұлпарлықтар жұмыстарынан шығып, Көкшетау облысы Уәлиханов ауданындағы Чапаев совхозы - на барып, үш ай жаз мәдениет үйін салды. «Жас тұлпардың» өте дарынды сәулетшісі Бекеш Шәкірбаев безендіру жұмыс- тарымен айналысты. Қалғандары оған көмектесті.

Жастұлпарлықтардың Көкшетау облысының түкпіріндегі Чапаев совхозын таңдаулары тегін емес еді. Бұл Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстарының тоғысқан, бір-бірімен аралас-құралас отырған Абылай аспас Арқаның асыл белі болатын. Уәлиханов ауданы бас біріктірген әдет - ғұрпы- нан әлі де толық айырылмағанымен, жақсы жаманы аралас өзіндік жаңа дәстүр қалыптастырған мекен. Арқаның салдық дәстүрін көрген, ән-күймен бірге бабалар батырлығы туралы жырлармен сусындаған елдің ұрпағы. Өткенді қаз- қалпын- да сақтай алмасада көргенін істеп, естігенін ұрпағына жеткі- зе алған жұрт. Эр адам бір ғұмыр болса, Көкшетау, Ертіс, Сілеті оңірі сапырылысып араласып, алысын жақындатып, жақсысын қадірлегенінен береке тапқан ел.

Сексен көлді Бурабайды, Ертіс пен Сілеті өзендерін жа- ғалай орналасқан қалың ел тың игерудің зардабын тартса да, әлі де ұлттық рухын жоғалта қоймаған.

Бұл Кенесарыдай ханының, Бөгенбай, Жантай, Атандай батырларының рухынан күш алып, Үмбетей, Бұхар жырау-

142

 

лардың жырлары мен Қазбек, Саққұлақ, Мәшһүр Жүсіптей даналардың сөздеріне, Біржан сал, Ақан сері, Иманжүсіп, Естайлардың әндеріне шөлдерін қандырып өскен ел бола- тын. Бірақ соңғы он бес, жиырма жыл ішінде тың игерудің қасіреті елдің құндылықтарын жойып, ұлттық қасиеттерін кетіре бастаған.

«Жас тұлпарлықтар» жұмыс арасында ел аралап, қазақ тарихы мен мәдениетінен дәріс оқып, әңгіме айтып, төңі- ректегі ән салып, күй тартатын жастардың басын біріктірді. Бестөбе, Бөгенбай, Изобильный, Қайрат, Чапаев, Ертіс, Краснокут, Степняк елді мекендерінде өнерлі жастардың үйірмелері пайда болды. Ұмытылып, көзі көмескі тартқан ұлттық өнер қайта жандана бастады. Ұлттық сілкініс, қаң- сырап қажыған жүректің түбіндегі ұлттық сезімді оятып, болмысты шыңдауға кірісті. Тың игерудің топалаңынан есін жинай алмай, қазақ мектептері жабылып, әбігерленген елде қайтадан қазақтың ән-күйі шалқыды. Елдің еңсесі көтерілді. Жастұлпарлықтардың елмен етене араласуларына сол елдің тумасы әдебиетші -ғалым Серік Негимовтың да орны ерек- ше болды. Жастұлпарлықтар ата-дәстүр салтымен мәрттік жасап, қастарына ерген елдің әнші жігіті Нәсиполла На- зарұлына «Ақан серінің мұрагері екенсің» деп тапқан жала- қыларынан жүйрік ат та мінгізді. Олардың сол Уәлиханов ауданында із қалдырып салған мәдениет үйі бүгінде халық игілігіне жарауда.

Ұлтжанды азаматтардың істері көпке үлгі болды.

Сол жылдары Абылай ақ туын тіккен Арқа елінің үлкен- кішісі жастұлпарлықтарды ауыздарынан тастамай, аңыз қы- лып айтып жүрді. «Жас тұлпар» деген сөз арманшыл жастар- дың болашаққа деген қанатына айналды.

«Жастұлпарлықтардың» іс-әрекеттері ұлттық намыс- ты оятып, қанды қыздырып, көне дүниенің күңгірі мен күрсінісін, дабылы мен дауылын Арқа жастарының жадына мәңгіге сіңдірді. Көпшілік ұлт болып ұйысуға, жұрт болып жұмылуға ұмтылды.

Көкшетау, Ақмола, Павлодар облыстарының қазақтары

143

 

шоғырланып орналасқан аудандарында ашылған көркемө- нерпаздар үйірмелері ел санасын оятып, қазақы рухты кө- теруге көп әсерін тигізді. Осы елдің жастары негізінен төңі- ректегі білім ордасы Ақмола қаласындағы институттарға оқуға түсіп, елдегі қазақы рухты қалаға әкелді.

Ал Кеңес өкіметі Қазақстанның бес облысынан қурылған Тың өлкесін Ресейге қоса алмағанымен бундай сурқия ойла- рынан әлі де арыла қоймаған. Қазақ жерінің тутастығын бу- зып, болашақта Федеративтік қурылым жасау үшін «Неміс автономиясын» ашпаққа шешім қабылдады. Бул сурқиялық саясат іске асса, қайтадан Ұйғыр автономиясын қуру, оң- түстіктегі Мақталы аудандарды Өзбекстанға қосу оңайға тү- сер еді.

Аштығына да, жоқтығына да көнген қазақ халқы сонау бағзы заманнан бері найзаның ушымен, білектің күшімен қорғалып, ата-бабадан мура болып келе жатқан жер-анасы- на ауыз салғанға шыдап тура алмады. Көп зулымдық, көп қорлықтан мына зорлық улт ішіне тас шемендей қатып, ел жүрегін ыза кернеді.

Қазақ жерінен неміс автономиясын ашу жөнінде ЦК КПСС-тің жасырын қаулысы 1979 жылдың 31 май күні шық- ты. Жалпы Кеңес Одағында 1979 жылғы санақ бойынша 2, 5 миллион неміс улты болды. Оның 900 мыңынан астамы Қа- зақстанда шоғырланып турды. Ол кезде қазақтардың жалпы саны 6 миллион екенін, неміс автономиясы ашылатын жер- лерде тың игеруден кейін өзгерген арасалмақтың кесірінен 20 пайыз ғана болғанын ескерсек, улт болашағының қиын- дайтыны сөзсіз еді.

Қазақстан басшылығы қаулыны орындауға шуғыл кірісті. Неміс облысын уйымдастыру комиссиясының төрағасы болып Қазақстан Компартиясының 2-ші хатшысы Коркин сайланды.

Бул шенеунік 1959 жылы Теміртау көтерілісі кезінде қа- тыгездікпен көзге түскен, «Металлургстрой» тресінің бас- тығы болатын.

Неміс автономиялық облысының ашылатыны жөнінде қа- зақ халқының пікіріне қараған ешкім жоқ. Ол жөнінде қупия

144

 

қаулымен ЦК КПСС-тің мүшелері ғана алдын-ала танысқан.

Қазақ жерінен неміс автономиясын ашу жөніндегі шешімді ЦК КПСС Қазақстан басшыларының келісімінсіз- ақ өздері шешті. Орталық аппараттың ұйымдастырушылық және үгіт-насихат бөлімдері Бас хатшы Брежнев атына мы- надай ұсыныс жасаған:

Предложения

о порядке образования

Немецкой автономной области

в составе

Казахской ССР

 Подготовить Указ Президиума Верховного Совета Ка­захской ССР об образовании Немецкой автономной области.

За 7-8 дней до сессии Верховного Совета СССР

 Рассмотреть вопрос об организации Немецкой авто­номной области на сессии Верховного Совета Казахской ССР и внести соответствующее предложение в Верховный Совет СССР.

За 5-6 дней до сессии Верховного Совета СССР

 Подготовить соответствующие материалы для рассмот­рения вопроса об образовании Немецкой автономной облас­ти на сессии Верховного Совета СССР.

 Принять на сессии Верховного Совета СССР постанов­ление об утверждении постановления Верховного Совета Казахской ССР об образовании Немецкой автономной об­ласти и внести соответствующие изменения в ст. 87 Консти­туции СССР.

 В связи с образованием Немецкой автономной области внести необходимые изменения в Конституцию Казахской ССР.

После сессии Верховного Совета СССР

 Избрать депутатов Совета Национальностей Верховно­го Совета СССР от Немецкой автономной области.

Одновременно с выборами в Верховный Совет Казахской ССР и местные Советы народных депутатов 24 февраля 1980 г.

145

 

 Подготовить состав оргбюро по Немецкой автономной области, утвердить его на бюро ЦК Компартии Казахстана.

Пригласить членов оргбюро по Немецкой автономной об­ласти, для беседы в ЦК КПСС.

До опубликования Указа Президиума Верховного Совета Казахской ССР

 Провести совещание партийного, советского и хозяйст­венного актива районов, входящих в состав Немецкой авто­номной области, на котором рассказать о целях создания об­ласти, стоящих перед ней задачах.

Провести аналогичное совещание комсомольского актива с участием руководителей партийных работников.

Перед опубликованием Указа Президиума Верховного Совета Казахской ССР

 Провести партийные собрания, районные партийные конференции с выборами делегатов на областную партий­ную конференцию Немецкой автономной области. На кон­ференциях обсудить вопрос о ходе выполнения решений XXV съезда КПСС.

До конца 1979 года

 Провести областную партийную конференцию Не­мецкой автономной области.

До конца 1979 года

 Подготовить предложения по структуре и штатам об­кома партии, отделов и управлений исполкома областного Совета народных депутатов Немецкой автономной области, профсоюзных и комсомольских органов.

Отдел оргпартработы ЦК КПСС

Отдел пропаганды ЦК КПСС.

15 маусымға дейін Коркин Қазақстандағы барлық ми- нистрліктер басшылықтарымен Ерейментау-Ассельборн қаласында болып, қурылыс жүргізу, әкімшіліктерді орналас- тыру жумысын бастап та кетті.

1979 жылы 15 маусымда Д. Қонаев ЦК КПСС-ке неміс автономиясының шекарасы және басшы кадрлары жөнінде Қазақстан Компартиясының усынысын жолдады.

146

 

Ата-бабасынан қалған қасиетті жерінен айырылатынын естіген жастар 16 маусымда Целиноград қаласында ереуілге шықты.

«Жас тұлпардың» тұяғының дүбірінен оянып рухтанған жастар 1979 жылы Целиноград, Көкшетау, Қарағанды, Пав­лодар облыстарының жері есебінен ашылатын Неміс авто- номиясының құрылуына қарсы шықты. Бөгенбай батырдың қыстауы Ерейментау қаласының Ассельборн аталуына жол бергісі келмеді. Жастұлпарлықтар сепкен ұлттық сана дәні жарылып жарыққа шықты. Қазақ жастары «Менің елім», «Менің жерім», «Менің Қазақстаным», «Ата-баба жерін бөлгізбейміз, ешкімге бермейміз», - деп бірі қалмай жаппай көтерілді. Биліктің қорқытқан өктем сөзі де, милицияның шоқпар таяғы да жастарды тоқтата алмады.

Елінің амандығы, жерінің бүтіндігі үшін қазақтың ұл мен қыздары ештеңеден қайтпады. Жігерленді, ұлты үшін отқа түсуге дайын екенін көрсетіп, майданға шықты. Қар- шадай қазақтың жас қыздары қайтпас қайсарлықтың, көзсіз ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақ қыздары қашанда қанына тартпай тұрмайды. Олар көтеріліс барысында жігерліліктің, табандылықтың үлгісін көрсете алды. Қазақтың батыр ана- ларының өмірлерінің жалғасы екенін танытты.

Облыс басшылары, Мәскеу мен Алматыдан келген жауап- ты қызметкерлер тұрған мінбеге барып, Ерейментау ауданы- ның тумасы студент Алтыншаш Бейсембаева «Ерейментау - священный регион. За эту землю наши предки во главе с Богенбай батыром воевали с джунгарами, язычниками, про­ливали кровь. Эта земля - наследие предков. Пока жив казах, он никому ее не отдаст. Почему немцам не разрешают выезд на историческую родину? Пусть организуют им свою госу­дарственность там, в Поволжье. Когда появится указ об об­разовании немецкой автономии, в тот же день приду на пло­щадь, обольюсь бензином и сожгу себя! Смерть моя - жертва за землю мою», - деп Отанына, еліне деген сүйіспеншілігін білдірді.

Целиноград қаласына жастар көп шоғырланған болатын.

147

 

Қаладағы төрт институт, жиырма шақты техникумдарда Қа- зақстанның түкпір-түкпірінен қазақ жастары келіп оқыды, Целинсельмаш, Казсельмаш, Газаппаратуралары зауытта- рында жумыс істеді. Жазушы-журналист Амантай Кәкеннің айтуынша, 16 және 19 маусым күндергі ереуілдерге «Қазақ жерін бөлуге жол бермейміз», «Бөлінбеген, тутас Қазақстан жасасын!» «Жалпыхалықтық референдумды талап етеміз», «Халықтар достығы жасасын!» деген урандармен 5 мыңға жуық жастар көшеге шықты. Ереуіл көп ултты мән алды. Шымкенттік Рысқулов, павлодарлық Рымжановтармен бір- ге Оралдан келген Копылова деген орыс қызы белсенділік көрсетті.

Көкшетау, Павлодар, Қарағанды облыстарынан жастар келіп, ереуілшілерге қосылды. Жастар қолдан көшіріп жа- зып үнпарақтар таратты.

Қазақ жастарының қарсылығын көрген көптеген неміс ултының өкілдерінің өзі неміс автономиялық облысының ашылуына қарсы шықты. Кондрат Вагнер деген жігіт: «Мы против такого решения. В 1941 году, когда переживали сва­лившиеся вдруг на голову трудности, казахи помогли нам выжить. Относились как к кровному родственнику. Бог не простит злоумышленных действии против казахов! Мы не имеем права просить автономию в Казахстане. Если русские действительно хотят помочь нам - пусть восстановят автоно­мию в Поволжье», - деді.

Көтерілісті тарқату жөнінде Қазақстан Компартиясының басшылығында екі пікір болғаны анық. Қонаевтың ойы - партия уйымының күшімен ереуілді бейбіт жолмен тоқта- ту болса, Коркин ереуілшілер тарқамаса, күш қолдану ке- ректігін Целиноград облысының 1-ші хатшысы Морозовтан талап еткен.

Д. Қонаев Мәскеуге берген мағлуматтарында 1980 жылдың 19 ақпанына дейін Қазақстанда неміс автономия- сының ашылуына партия комитеті бар күшін салып, ЦК КПСС-тің қаулысын булжытпай орындайтынына сендіріп келді.

148

 

Ақмола - Ерейментау көтерілісіне қатысқандарды ұстап, жазаға тартуды Кеңес Одағы КГБ төрағасының бірінші орынбасары, армия генералы Ф. Бобков пен Қа- зақстан КГБ-сының комитет, төрағасы, генерал-лейтенант В. Шевченко басқарды. Мәскеуден арнайы топ келіп тек- серулер жүргізді.

Целиноград қаласынан кейін Неміс автономиялық облы- сын ашуға қарсы ереуілді жастар Атбасар, Ерейментау, Көк- шетау қалаларында ұйымдастырды.

Целиноград қаласында ғана емес, көтеріліс болған Атба- сар және басқа жерлерде партия ұйымдары үгіт-насихат жұ- мысын күшейтсе, КГБ мен милиция тарапынан көтерілісті ұйымдастырушыларды іздеу басталды. Белсенділік көр- сеткен жастар қамауға алынды. Ашылған істер саяси емес, қылмысты статьяларға бейімделді. Көтеріліске қатысып өз пікірлерін айтқан студенттердің барлығы дерлік «оқу үл- герімдері нашар» делініп оқудан шығарылды. Педагогика- лық институт студенті Сағынаев жүйке аурулар емханасына орналастырылып, күшті дәрі-дәрмекпен емделінді.

Қазақ даласында әлемді сұлулықтарымен, даналықта- рымен таңдандырған аналар мен үкілі қыздар аз болмаған. Қазақ тілінің ана тілі деп аталуы тазалықтың, арулықтың аққа теңелуі де бізді көп нәрседен хабардар етіп, түйсікке ой салады.

Кир патшасының басын алған патшайым Тұмар ханым, Шыңғыс ханның жары Бөрте ханым, Низами ғашық болып жыр арнаған қыпшақ қызы Әппақ сұлу, Ұлы жүздің анасы Домалақ ана, Пугачев соғысында аты аңызға айналған ба­тыр қыз Сапура Мәтенқызы, азаттық соғыста топ басқарған Бопай Қасымқызы және басқалар ұлт мақтанышы. Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұловалардың Шығыс қыздары ара- сында алғашқы рет Кеңес Одағының батыры атағына ие бол- ғаны өз алдына. Жас қыздар аналарының салған жолын Ақ- мола қаласында қайтадан жаңғыртты. 1979 жылғы Ақмола - Ерейментау көтерілісінен кейін қазақ өзінің өшпеуге, өл- меуге тырысқан ұлт екеніне көзі жетті. Отыз тістен шыққан

149

 

сөз отыз рулы елге тарап, неміс автономиялық облысының ашылмағанына журт тәубә десті. Қазақтар бастары қосылса ата қоныстарын әлі де болса қорғай алатындарына көздері жетті. Бірліктің күшін көрді...

Қазақ - аттандап аруақ шақырылған жерде ағайынға, өкпе, араздыққа қарамайды, жанын салысады. Осылай ел- журт халықтың бірлігін көрсетті. Рудан, аталық деңгейден әлдеқайда жоғары турғанын дәлелдеді.

Қазақ үшін жер атадан балаға қалған жәй байлық қана емес, тіршілік толқыны, өмір мағынасы.

Жастулпарлықтардың патриот болу үшін - «ана тіліңді, әдебиетіңді, тарихыңды және мәдениетіңді білу шарт принципінде жүргізген көп жылдарғы еңбектері өз жемісін берді. Жастардың оянған улттық санасы оларды тарих сахнасына алып шығып, Ұлы істерге жетеледі. Жас- тарды бар қазақ қолдады. Ақмола мен Ерейментау қалала- рының көшелері ереуілшілдерге толды. 1916 жылғы Ре- сей патшасының маусым жарлығына қарсы дүрбелеңнен кейін Қараөткел мен Ерейментау төңірегінде бір мезгілде осыншама қазақ жиналып көрмеп еді. Қазақ қауымының улттық болмысы шыңдалды. Буқара халықтың ой-өрісі, ойлау деңгейі, жаңа сатыға көтерілді. Халық жастардың неміс автономиясын қуруға қарсы күресінің нәтижесінен кейін өзгерді. Социалистік жүйе қанша күшті болып көрін- генімен идеологиялық, экономикалық дағдарыста екенін сезе бастады. Кеңес Одағының кіршіксіз әділеттілігі оның күшті, жан-жақты дамып, халыққа қамқорлық жасап отыр- ғандығы жөніндегі мақтаулар журттың ішкі жан дүниесін кірлетіп ластандырды. Кімбіз, қайда барамыз, урпағымыз- дың болашағы не болады деген сурақтар көпшілік қазақ- тың көкейін жегідей жеді. Сенген қойы - Кеңес өкіметінің беті ашылып, сорақылығы көрінді. Тең емес, төмен екені- не, қазақпен өкіметтің санаспайтынын білді. Халықтыкі деген Кеңес өкіметі де, оның социалистік жүйесі де қа- зақты оңдырмайтынына көздері жетті. Керісінше адамның қоғамдық өмірдегі белсенділігі оның ішкі жан дүниесін

150

 

өзгертіп, өзіне деген сенімділігін арттырып, күнделікті күнкөріспен шектелмей, үлкен мақсаттарға жетуіне бола- тынын көрді.

Жастұлпарлықтар санасын серпілткен қазақ жастары Атақоныс арқа жерінен Неміс автономиясын ашуға жол бермеді. Рухтанды. Ер Едігенің ұрпағы екенін дәлелдеді... Болмысты торлаған қорқыныш пен мүсәпірліктен құты- лып, ұлттық болмысы біржолата оянды. Егер де жастұл- парлықтардың ықпалымен рухы көтерілген жастар Ақмо- ла-Ереймен көтерілісіне шықпаса, бүгінгі жер тұтастығы, ел бірлігінің болуы күмәнді болар еді. «Қазақтың қамал қорғаны, қазақ деген халқынан, қазақтың абырой ары үшін, сарып қылған бар күшін» делінген Бөгенбай батыр- дың елді мекені Ассельборн аталса, сүйекке таңба түсіп, ұлттық рух әлсірейтіні сөзсіз еді.

1970 жылдардың соңы 1980 жылдардың басында елдегі келеңсіздік, рухани күйреу күннен-күнге өршіді. Ең басты- сы қазақ ұлтының қеңестік билікке сенімдігі азайды. Билік пен халық арасының алшақтауына көрер көздегі жалғандық пен өтірік отқа май құйғандай болып тұрды. Әділетсіздік көбейген сайын, билікке қарсылық та көбейді. Жел тұрма- са, шөптің басы қимылдамайды. Көп жылдары еленбеген, шешілмеген мәселелер сыртқа запыран болып шығып, рево- люциялық ахуал туғызды.

Елде біртіндеп ұлт азаттық көтеріліске саяси ахуал қа- лыптаса бастады. 1979 жылғы Ақмола - Ереймен көтерілісі 1986 жылғы Желтоқсан революциясына тарихи негіз салды.

Ақмола-Ерейментау көтерілісімен Желтоқсан револю- циясында саяси да, тарихи да сабақтастық жатқаны анық.

Алаш идеясымен қаруланып, елге үгіт-насихат жүргізіп, мәдени-әдеби салт-дәстүр негізінде ұлттық болмыс пен са- наны оятып, жаңа жас буынға тәрбие берген «Жас тұлпар» ұйымының бұл көтерілістерге қосқан үлесі орасан зор. Тіке- лей басы-қасында болып көтерілісті басқармаса да жастұл- парлықтар жастардың, зиялы қауымның болмысын тәуелсіз ел, мемлекет болуға тәрбиелегені сөзсіз.

151

 

Егер де біз Неміс автономиялық облысының құрылуына қарсы көтеріліске қатысқан жастардың ұлтжанды болуына, «Жас тұлпар» ұйымының әсері болды десек, 1986 жылғы Желтоқсан революциясының алғышарты осы 1979 жылғы Ақмола-Ереймен көтерілісінен бастау алды. 1979 жылы күш алған, рухтанған жастар 1986 жылдың желтоқсанында ұлт мүддесін қорғауға дайындықтарын білдіріп, Брежнев алаңы- на еркін шықты.

Жастарға жастұлпарлықтар көрсеткен үлгі, салған жол ұлттық ағынның ұйтқысыз санасын оятқан серпілісі болды.

1986 жылдың 16-18-ші желтоқсанында Алматыда бас- талған революция 20-22-ші желтоқсан күндері Целиноград, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды қалаларында жалғасын та- буы осының дәлелі.

Сөйтіп, «Жас тұлпар» ұйымы ықпалымен тәрбиеленген қазақ жастары Кеңес империясының күйреуіне, социалистік идеяның жеңілуіне үлес қосты.

Замана сауалына - салиқалы аманат

Қазақ халқының Тәуелсіздігін аңсаған Алаш идеясын алғашқы болып жаңғыртқан жастұлпарлықтар оқула- рын бітіріп, мамандық алып ата-жұртқа оралды. Білімі- мен, көргені, көкейлеріне тоқыған өнегесімен ұлттық рухты жандандыра келді. Өздері пір тұтатын Алаш зия- лыларының өмірлерінен үлгі алып, оқу-ағарту, ғылым- білім, газет-журнал, өнер салаларына топтасты. Тарихи сабақтастықты жалғастырып, ұлттық болмысты жа- ңартуға ұмтылыс екпінін әкелді. Жастұлпарлықтардың көзқарастарына әлемдегі саяси-ахуал да әсерін тигізбей қоймады. Олар Қазақстанды халықаралық қатынастар дамуының бір бөлігі деп есептеді. Әсіресе 1969 жыл- ғы Чехословакия көтерілісі, Польшадағы 1970-1971 жылдардағы «Солидарность» кәсіподақ қозғалыстары социалистік жүйеге бұрынғыдан да бетер сын көзбен қарауларына эсер етті.

152

 

Ал 60-шы жылдардың соңы, 70-ші жылдардың басында Қазақстан Кеңес Одағының құрамында «мемлекеттік социа­лизм» бағытын ұстанды. Дүние жүзіндегі социалистік жүйе қарқынды дамуы үшін өз халқына шектеу қойылып, басқаға қамқорлық жасады. Бұл «Планетарлық қамқорлық» Кеңес Одағы халқына әлеуметтік әділетсіздікті күшейтті. Социа- листік идеология бодандықтың жаңа түрін, яғни, сананы құрсаулап, ойды шеңберлеп көпшіліктің жоғарғы жақтың тұжырымымен жүруін үйретті. Бұның соңы өзгенің айтқа- нымен санаспай ештеңе істемеуге, өзіңе сенбеуіңе әкеліп соқты. Адам өз мойнына ешбір жауапкершілік алмауға бейімделді. «Біреу не айтты екен», «Сен қалай қарайсың», - деп жалтақсыз өмір сүре алмады. Кеңес Одағы сырт қа- рағанда бостандықтағы демократиялық ел болып көрінгені- мен, шынайы өмірде «мәдениетті түрменің» тұтқыны болды. Барлық адам мемлекет есебінде. Он алты жасқа келіп төлқұ- жат алысымен тұрған жеріңде тіркеуде тұрасың. Тіркеусіз жұмыс жоқ. Жұмыс істемесең алаяқ-кезбесің. Оған статья бар. Ал жұмыс орнында сенің өмірбаяныңмен танысып, кім екендігіңе жауап беретін арнайы бөлім бар. Ол темір есік- терезелі, сенің өз қолыңмен жазған өмірбаяның, 3x4 сурет, еңбек кітапшаң сақталады. Ол кітапшаңа алған марапатың, сөгіс, қатаң сөгістерің мұқият жазылады. Өмірбаяныңда әке- шешең, туған-туысқаныңда сотталғандар бар ма, шет елде туыстарың тұра ма, өзің шет елде болсаң қандай мақсатпен болдың бәріне жауап бергенсің. Іс-қағазын мұқият шыншыл толтыру Кеңес Одағы адамының азаматтық борышы.

Жастұлпарлықтар елге келгенде өмірдің өрлі-қырлы, кедір-бұдыр кезеңдерін тағы да бастарынан өткізуге тура келді. Ойлаған қызметтеріне орналасу қиынға соқты. Кай­да барса да, КГБ олардың алдын орай берді. Әсіресе Мұрат Әуезовке КГБ тор құрып, аяғын ілгері бастырмады. Халқым, қазағым деп Отанына жүрегі алып ұшып келгенде, оң қаба- ғын беріп жұмысқа алатын бір шенеунік азамат табылма- ды. Қазақты әлемге Абай арқылы танытқан ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтың ұлы Мұрат Мәскеу университетінің дип-

153

 

ломы, ғылым кандидаты атағымен жұмыссыз жүрді. Құзыры күшті КГБ, білім саласының бар жолына тосқауыл қойды. Білім министрлігіндегі бір шенеунік Мұрат Әуезовке жаны ашығансып «әуре болма, еш жер сені жұмысқа алмайды, бұйрық солай» деп турасын айтып мүсіркеген де болады. Бірнеше тіл білетін, білікті маман, жас ғалым Республикада жұмысқа орналаса алмады. Мұрат Әуезов тек Михаил Есе- налиевтің көмегімен «Литературная газетаның» Қазақстан- дағы тілшісі қызметіне орналасты. Мұрат Әуезовты Михаил Есеналиев Мәскеудің Қоғамдық Академияда оқыған кезінен білетін. Олар пікірлес, сырлас болатын.

Туған жеріне асқақтап келген ұлын елі сағын түсіріп, жерге қаратты... Сұңқарды сұқсұр табалап, қыранның күні күйкентайға түскен, ынжық-тексіздердің мерейі асқан қу за- манның теперішіне шыдап бақты. Іштей налыса да, сыртқа сырын бермеді. Бірақ, текті - тегімен текті, Мұратты қиын- шылық қанша қыспаққа алса да ол шыдады. Алған бетінен қайтпады. Әрине көңіліне күдік түскен сәттері де болды. Ол өзінің қара басы емес, ұлтының болмысын өзгертудегі кез- дескен қиыншылықтардан туған көңіл-күйі жөніндегі жа- найқайын естелік күнделігіне былай жазады:

«Нет у меня гарантий. Ничего обещать не могу. Какие могут быть гарантии в затее поднять современного казаха против самой могущественной государственной системы? Какую перспективу можно обещать быть услышанным сло­ву, если взамен миру и сытости, интенсивному росту тела этноса предлагаешь такую эфемерную ценность, как нацио­нальное самосознание... в народе, жизненным принципом которого после катастрофических потрясений двух послед­них столетий не могла не стать выживаемость любой ценой. Прежде всего, ценой отказа от суверенной мировоззренчес­кой ориентации. Ценой утрированного подтверждения своей благонадежности... »

«...Избавиться от власти русской метрополии нам необ­ходимо, если не хотим остаться на задворках истории. Быть на задворках истории-обречь несколько поколений на прис-

154

 

пособленческое существование. Медленное, длительное убийство национального достоинства, достоинства челове­ка. Осуществление колонизаторских планов русских царей. Содействие одной из самых черных сил истории. Комму­низм - удобная вывеска. Запретили вечер Махамбета! Да не казахи это сделали, а секретари! Раковая опухоль разъедает казахское общество. Нет такого общества. Есть насмерть пе­репуганные, друг за другом следящие чиновники аппарата!»

Ал сенімсіздік тулғаның айырылмас серігіне айналған за- манда, қалыптасқан дағдыны бузып-жарып Тәуелсіздік үшін күреске шақыру жастулпарлықтар үшін оңай іс болмады.

Социалистік идеологияның жастардың санасын улаған тәрбиесі қазақ халқының улттық, отандық иммунитетін жылдан-жылға әлсірете берді.

Ертесімен теледидардан Кеңес Одағының гимнін естіп, Мәскеудің Қызыл алаңын көруден бастап, бар саладағы күні бойғы коммунистік үгіт-насихат өз нәтижесін берді. Ел ішінде өз ултының кім екенін айтуға уялатын, басқа улт өкілін туған бауырынан жоғары қоятын, аралас неке қиюға умтылған қазақтар пайда болды. Мундай мамандар билік тарапынан қолдау тапты, қызметі өсті, турмыс-жағ- дайы жақсарды. Жаман әдеттің өміршең екендігін еске ал- сақ, бул советтік интернационалистік ниет қу шөпке тиген оттай лаулады.

Кеңес Одағындағы тегін оқу, тегін денсаулық сақтау жүйесі, кәрілікке жеткілікті зейнетақы және турақты баға бір қарағанда үлкен жетістік болып көрінді. Халық соғыс пен аштықтың болмағанына шүкіршілік жасады. Рухани саланың социалистік қалыппен шектелгеніне көндіккен көпшілік айтқанға сеніп, биліктің айдағанына жүрді. Жылы- на 7 қараша мен 1 мамырда уран-транспорант устап шеруге қатысқандарына мәз болды. Сайлау болса бас шулғып дауыс беру сүйекке сіңген әдетке айналды. Социализм дәуірі то- қыраулыққа душар етті. Жалғандық адам жадын торлады. Еркіндік бар сияқтанғанымен екі иықтан зіл түспеді. Күн- делікті күйбеңнің арасында болашақтың булдыры ойды

155

 

сергітеді. Жайбарақаттылықтың сыртында белгісіздіктің жумбағы көлбеңдеді.

«Дамыған социализм» қоғамында өмір сүріп отырған Кеңес өкіметі халқы парасатты пайымдылықтан, улттық қундылықтардан журдай болды. Буқара халық ел билігіне қатыстырылмады. Тек сөз жүзінде ғана қуқылық, көзбояу- шылық кеңінен сипат алды. Көрер көзге әділетсіздік етек жая берді. Тіпті Бибігүл Төлегенова 1970 жылы Лениндік сыйлыққа усынылып, Людмила Зыкинадан артық дауыс жи- нағанның өзінде, Мәдениет министрі Фурцева Лениннің 100 жылдығында Лениндік сыйлықты орыс алуы керек деп Люд­мила Зыкинаға бергізген.

Билік коммунистік моральды үдетіп, интернационалистік тәрбиені күшейтті. Қазақ тілінің, улттық қундылықтардың дамуына ешбір жағдай жасалмады. Билікте улт маманы ретінде негізінен орыстілділер, өз мәдениетінен, тарихынан мағлуматы жоқ шала қазақтар отырды. Облыстарда ашыл- ған қазақ театрларының репертуарлары социалистік идея жүйесінің шеңберінен аспады. Есесіне Қазақстан «достық лабораториясы» аталып, оның, интернационалдық тәрбие- дегі жетістіктері басқа республикаларға үлгі есебінде усы- нылды. Қазақтың рухани жан дүниесі қапасқа түсті. Өресізді өрге, тексізді төрге сүйреген Кеңес өкіметіне білімдінің де, қабілетінің де қажеті болмады. Мәскеу өзінің қу қарақан басының қамын ғана күшейтіп, саяси мүддесін, отарлық қа- жеттілігін ғана ойлады. Халықтың аяғын шандып байлап, адымын аттатпай туқырта берді.

Кезінде американдық улы жазушы Амброз Бирс: «Ең қатерлі саяси ахуал - узаққа созылған интернационалдық достық», - деген болатын. Міне, енді осы жалаң достық Қа- зақстанда шексіз белең алды. Социалистік идеология - улт- тық қундылықтар, еркіндікке умтылу иммунитетінен айыру үшін мемлекеттің бар айла-тәсілін, керек кезінде күш-зор- лығын пайдаланып бақты. Салт-сана мен дәстүр - қазақ тіршілігінің жазылмаған заңы екенін ескерсек, сол салт - дәстүрден айырылу улттық қундылықтарды жоғалту болып

156

 

табылады. Көпшілік жұрт «Компартия айтса көндік, көп айтса болды» принципімен өмір сүрді. Заман ағымына сай бойларына сіңген жалған намыстық, өтірік қолдау, жағым- паздық сияқты жат қылықтар адамды аздырды.

Ал, жастұлпарлықтар творчестволық бірлестіктерде, көпшілікпен кездесулерде интернационалдық тәрбиеден айырылмайынша, ұлттық сана оянбайды деумен болды. Осы кезең, тарихи қажеттілік жан-жақты білімді, талантты ұйым- дастырушы, тектілігіне тән парасатты Мұрат Мұхтарұлын саяси тұлға етті.

Отты, жалынды жылдар тағлымы Мұрат Әуезовті шын мәніндегі «Жас тұлпар» қозғалысының көшбасшысына ай- налдырды. Оның өмір мәнін ұлт болашағынан іздеуі бас- қаларға үлгі болып, жол көрсетті. Өмірдің ұзақтығы сенің қолыңда болмаса да оның мәні мен мағынасы өзіңе байла- нысты. Шынайы шындықта өмір сүру - парасаттылық көзі. Ол туған жерге, халқыңа адал болып, соны сүюден туатын қағида. Мұрат Әуезов төңірегіне қазақтың талантты ұлтшыл жастарын топтастырды.

Идеология мен экономикада ғана емес, адамның жан дүниесінде де тоқырау басталды. Көңілді кір басып, пен- дешілік аспанда ойран салды. Ал адам қашанда табиғатында азаттықта, сезіміне сай еркіндікте өмір сүргісі келеді. Оның басқа мақұлықтардан артықшылығы да осы адамгершілігін- де, парасаттылығында. Адамның тұла бойын құрсаулауға болар, бірақ сезім мен жан дүниесі азаттығын мәңгі қапаста ұстау ешкімнің, ешбір жүйенің қолынан келмейді. Көпшілік жұрт «Адам - мемлекеттің ең басты байлығы - қазынасы» болатын саясатты қажет етті.

Осы жылдары Қазақстан Семей полигонындағы ядро- лық жарылыстан адам айтқысыз зардап шекті. Қазақтың зиялы ұл мен қыздары Қазақстан жеріндегі ядролық жа- рылыс сынағын тоқтату үшін күреске шықты. Қозғалыс- қа Олжас Сүлейменов басшылық жасап, «Невада-Семей» бірлестігін құрды. Бұл қозғалысқа барлық жастұлпар- лықтар белсене ат салысты. Жер тазалығы, рух тазалығы

157

 

үшін аянбай еңбек етті. Атом бомбасының сынақтарының азабынан халқын азат ету үшін белсенділік көрсетті. Ше- рулер ұйымдастырып түрлі билік өкілеттіліктеріне арыз- өтініштер арқылы ұлтының мұң-мұқтажын жеткізді. Ең бастысы газет-журнал бетіне атом бомбасы жарылысы- ның зардаптарын әшкерелеп жазды. Бұқара халықты атом полигонын жабуға шақырып үгіт-насихат жүргізді. Ел қамы мен халық тағдырына байланысты қандай да іс-ша- ра болса, жастұлпарлықтар оған белсене араласты. Жұрт алдында сөйлеген сөздерінде Тәуелсіздікті көксеген мұ- рат-мүдделері тұнып тұрды. Кеңес өкіметінің көрсоқыр саясатына деген бітіспес қарсылығы анық аңғарылып, мен мұндалап жастарды баурады.

«Дамыған социализмнің» қарқынды үдерісі ұлттық бол- мысты интернационалдық тәрбиемен тұмшалады. Қазақ халқына бар рухани қазынасынан айырылып қалу қаупін төндірген мәңгүрттік сана бой көтерді. Бодандықтағы ұлт қайткенде де рухани дағдарысқа ұшырамай қоймайтынына көпшіліктің көзі жетті.

Елдің табиғи, экономикалық байлығын талан-таражға салу өз алды, ең бастысы ұлттық сананы саналы түрде жою- ға кірісті. Социалистік қоғам өзіне ыңғайлы саясат жүргізу үшін жергілікті халықтың азаматтық деңгейін өзгертті. Ең бастысы қазақ тілі - қоғамдағы рөлінен айырылып, ұлттық бірліктің кепілі болудан қалды. Өкімет интернационалистік тәрбие негізінде ұлтсыздану, дүбәрәлану үрдісін күшейтіп мемлекеттік деңгейге көтерді. Ал өз ұлтының ұланы бола ал- маған адамда қаншалықты мәдениет болуы мүмкін. Біреудің қаңсығын таңсық етіп жүретін, сырты бүтін іші түтін, адас- қақ жігерсіз ұрпақтың саны көбейді.

Экономиканың дамуымен бірге ұлттық рух шарықтап биіктейді деген сенім ақталмады. Жан дүние, сана-болмы- сымыздың бетінің анық ашылуы, көп дүниені жалған іс- тейтінімізге көз жеткізді.

Кеңес өкіметінің қазақ тіліне деген көзқарасы Гитлер мен Левитанның ара-қатынасындай еді. Қазақ тілі мәселесі сөз

158

 

етілсе, Орталық Партия Комитетінен бастап, облыстық, ау- дандық деңгейдегі үлкенді-кішілі жауапты қызметкерлер шошынып естері шығатын.

Әсіресе тың игерген Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Сол- түстік Қазақстан облыстарында жағдай мүлде мүшкіл күйге түсті.

Қазақ мектептерінің жабылып, тіл өрісінің тарылуы білім беру деңгейінің төмендеуіне әкелді. Қала мен ауыл мектеп- терінің арасындағы алшақтық ұлғайды. Қазақ элитасы мен бұқара халқы әр тілде сөйлеуге кірісті. Бұл ұлттық, болмыс- тық бірлікті ыдыратуға айналды. Қазақ тілі қоғамдық өмір- де аударма тілі ретінде қосалқы ғана рөл атқарып, негізгі мазмұнынан айырыла бастады. Ал тіл жанданбайынша ұлт өресінің өсуі күмәнді.

Тілдің қоғам өміріндегі орны туралы ғалым Ақселеу Сей- дембек былай деді:

«... өмір ағымының қарқынына қарай бәріне де көнуге бо- лар, бәріне де шыдауға болар, ал кең мағынасында, ұлттың жаны болып табылатын тілге қағажау көрсету - ақтауға да, ақталуға да болмайтын тарихи қылмыспен тең құбылыс. Тіл жанды процесс - тұтынған сайын жетіледі, тұқыртқан са- йын кетіледі. Яғни, тіл тұқыртылған сайын халықтың рухы солады, ұлттың еңсесі басылады, елдің патриоттық сезімі сөнеді, сөйтіп, басқа саладағы оңға басты деп жүрген әре- кет-тірліктің бәрі зая кетеді. Бұл - тарихтың мың мәрте дә- лелдеген ащы шындығы».

Қазақ республикасындағы достық мәселесіне келгенде де жастұлпарлықтар компартиялық саясаттан өзгеше ба- ғытта болды. Қазақ ұлтының мәдени деңгейі көтеріліп, ұлт- тық сапасы артып, тарихи ата мекенінде өзін бостандықта, еркіндікте сезінбесе интернационализм жалған келбетте болады деп есептеді. Сондықтан олар «Қазақ тілінің, әдет- ғұрып дәстүрлердің дамуын ескеру керек, өз жерінде аздың күнін кешіп, төменшіктеп жүрмеуі керек», - деп жүрген жер- лерінде айтудан жалықпады.

Жастұлпарлықтар 60-шы жылдары жастарды еркіндік,

159

 

әділдік үшін күреске шақырса, 70-ші жылдары творчест- волық зиялы қауым арасында жұмыс жүргізді. Олар түрлі салаларда қызмет жасап, парасатты азамат, жақсы маман аталды. Қай салада болсын топ алдында, халық жадында, көз алдында еңбек етті. Әдебиетте аудармашылықпен, ғы- лым мен техникада жаңалық ашумен, институттарда білім беріп, жастарды тәрбиелеумен айналысты. Қаншалықты маман иегерлері болса да, өмірлік кредолары «қазақ ұлты- ның болашағын ойлаумен болды». Қоғамдық өмірден де алшақтамады. Төңіректеріне ғалымдарды, әдебиетшілерді, өнер-мәдениет майданында жұмыс жасап жүрген жастарды жинап, олардың творчестволарына ұлттық нақыштағы тақы- рыптарды ұсынды.

«Xрущевтік жылымықтың» тұсында дүр етіп көтерілген жаңа лек Олжас Сүлейменов, Сәтімжан Санбаев, Асқар Сү- лейменов және де басқа таланттар тобына жастұлпарлықтар қосылып, ұлтты жандандырды. Нұрғиса Тілендиев «Жас тұлпарға» гимн жазды. Кездесу кештерінде Мұқағали Ма- қатаев өз өлендерін оқыды. Сержан Ақынжанов, Кенжебай Ақышев, Жақан Модахметов, Майра Ақшалова, Тамара Таңа- тарова, Роза Жаппарова, Амангелді Іргебаев, Xалел Аханов, Әбсәттәр Дербісәлі, Болат Сарыбаев сияқты жастұлпарлық ғалымдар белсенділік көрсетті.

Морис Симашко, Әнуар Әлімжанов, Алан Медоев және басқа бір дүниетанымдағы достық, өмір мен болашақ жөнін- дегі пікір алысулар жастұлпарлықтарға рухани азық болды.

Қоғамдық ғылымдармен бірге басқа өнер салаларында да ұлттық құндылық негізіндегі ізгілікті істер жасалынды. Елді өз туындыларындағы тосын шешім, тың үрдісімен елең еткізгендердің көш басында суретшілер Салихиддин Айт- баев, Мақым Қисамединов, Бақтияр Табиев, қолөнер ше- берлері Дәркембай Шоқпарұлы, Жеңісхан Тілеуханов, сәу- летші Тимур Сүлейменов және басқалары тұрды. Бұл талант иелері өздерінің бақытын халқына қызмет істеп, ұлтының құндылықтарына өз үлестерін қосудан тапты. Социалистік жүйедегі жаттанды, дайын түсініктермен жүрмей, ұлтына

160

 

керек өзіндік өмір жолын іздеді. Жан дүние, таным-болмыс- тарымен улт болашағы үшін аянбай қызмет істеген бул та­лант иелерімен жастулпарлықтар қоян-қолтық араласты.

Ол жылдардағы қазақ зиялыларының басты ерекшелігі улты үшін қанша іс-істесе де айғай-шусыз, дабыра-даусыз, жан баласына міндетсімей іске асырды. Сол кезеңнің бір сәтін классик жазушы Сәтімжан Санбаев былай еске ала- ды: «Алпысыншы жылдардың ортасы еді. Бір күні Олжас Сүлейменов осы Алматыда Мағжан ақынның жары Зылиха апайдың туратынын айтты. Мурат Әуезов екеуміз әркімнен сурастырып жүріп ол кісінің мекен-жайы Тимирязев кө- шесінің бойындағы Ботаника бағы маңында екенін анық- тадық. Іздеп барсақ Зылиха апай ескі бір бөлмелі пәтерде жүдеу тіршілікпен ғумыр кешіп жатыр екен. Содан бастап Олжас, Мурат, мен үшеуміз ол үйге жиі-жиі барып, ақын- ның мурасын жинастыру, білетін адамдардың естелігін жа- зып алып қалу, Мағжанды ақтау туралы жоғары орындарға қужаттар дайындау секілді мәселелерді қолға ала бастадық. Мунымен қоса өз жалақымыздың бір бөлігінен ақынның жесіріне сырттай «пенсия» тағайындап, оны ол кісіге ай са- йын міндетті түрде почтамен салып жіберіп жүрдік. Біздің тарапымыздан жасалған бул көмекті Зылиха апай білетін. Оны ол кісінің үшеумізді көрген сайын қатты қысылатыны- нан, сосын мереке күндері қуттықтап барғанымызда қуыс үйден қур шықпаңдар дегенді сылтауратып біреумізге бет орамал, екіншімізге жейде, одан кейінгімізге галстук беріп шығарып салатын шағын сый-сияпатынан анық аңғаратын- быз. Жә, сонымен уақыт осылай өтіп жатты. Бул мерзім ішінде біз Мағжанның 10 мың жолға жуық өз өлеңін және ол тәржімалаған Вс. Ивановтың «Сәби», Г. Гейненің «Күннің батуы», Е. Кольцовтың «Шалдың үміті» сияқты шығармала- рын тауып, оларды № 1 кезектегі әзірлікке устауға уйғарым жасадық. Ол ақынның шығармаларын машинкаға бастыру және мүмкіндігінше орыс тіліне аударып қою деген сөз еді!»

Қазақ елінің қандай да үлкенді-кішілі жалпыулттық мә- селелерінен жастулпарлықтар шет қалып көрген емес. «Жас

161

 

тұлпар» ұйымының мүшелері енді уақыт өрісімен бірге ар- шындап өздерін ұйым шеңберіндегі жұмыспен ғана шекте- меді. Олар ұлт мүддесіне қатысты жұмыстарға тікелей ара- ласып, әрқайсысы өз деңгейінде, жұмыс істейтін, тұратын жерлерінде белсенділік көрсетті.

Әлем дамуындағы өзгерістерге сай Кеңес Одағы бедел- ықпалынан айырылып қалмауы үшін жекелеген республи- каларға халықаралық деңгейде шаралар өткізуіне рұқсат берді. Өкімет идеологиялық қажеттіліктен тәуелсіздіктерін жаңа алған Азия және Африка елдерімен қарым-қатынасты жақсартуға мүдделі болды. «Капиталистік емес», «Дамушы мемлекеттер» деген ұғым жасап, бұл елдерді Америка мен Европаға қарсы қойды. Осындай идеологиялық шаралар аясында Азия және Африка мемлекеттері ақын-жазушы- ларының симпозиумы Алматыда өтетін болды. Қазақстан Жазушылар одағының 1-ші хатшысы Әнуар Әлімжанов бас- таған комиссия құрылып, үлкен дайындықтар жүргізілді. Азия және Африка елдері ақын-жазушыларының У-ші кон- ференциясы 1973 жылдың қыркүйек айында Алматыда өтті. Бұл симпозиумда жастұлпарлықтар басқа қырынан көрініп, білімділіктерімен ерекшеленді. Конференцияға дайындық барысында да, конференцияның жұмыс кезінде де қазақ- та талантты, қабілетті жастардың бар екенін көрсете алды. Қазақ әдебиетінің мұратын, көркемдік-эстетикалық қуатын, рухани нәрін шет елдіктерге нақтылы айтты. Көшпелі елдегі «далалық демократиядағы» сөз өнерінің орнын жан-жақты көрсетті. Қазақтың сөз өнерінің мәдени-рухани деңгейін, та- нымдық-тағылымдық сипаттарын шетелдік ақын-жазушы- ларға толығымен жеткізді. Социалистік реализм ықпалында болсақ та бізде күрделі, мағыналы терең ойларға жетелейтін көркем шығармалардың бар екенін көрсете алды. Азия және Африка елдері жазушыларының жиыны қазақ халқының ең асыл сөздерін көздің қарашығындай сақтап, жан сарайын жауқазынға айналдыратын, ішкі тереңдікті танытатын көр- кем шығармаларды шет тіліне аударуға мүмкіншілік берді. Жастұлпарлықтар мәдениет пен әдебиетті бөле жармай,

162

 

тутас, шет ел әдебиеті деңгейінен қарады. Өздеріне улт мә- дениеті мен әдебиетіне деген үлкен жауапкершілік жүгін жүктеді. Ұлттық дамуына кедергі келтіретін рухсыз, интер­националист^ турғыдағы шығармаларды сынға алды. Бул істе Мурат Әуезов басқарған Жазушылар Одағының аударма бөлімі ерекше көзге түсті.

Конференцияда Индияға барып арнайы дайындықтан өтіп келген Мурат Әуезов пен Азия-Африка жазушылары ассоциациясының төрағасы Юсеф эс Сибайға тәржімеші болған Болатхан Тайжанның рөлдері зор болды.

Болатхан Тайжан жөнінде үлкен интеллект иесі, аяулы азамат, әдебиет сыншысы Сағат Әшімбаев:

«Юсеф эс Сибай сияқты терең ойлы, туңғиық білімді қаламгердің мінбелер мен теледидардағы араб тілінде сөй- леген сөзін ілеспе әдіспен орысша-қазақшаға аудару оңай шаруа емес. Ұлт намысы деп айтарлық осы сында Болатхан ерледі. Сөйтіп ол логикасы жүйрік, ойлау машығы жоғары интеллект иесі екенін көрсетті. Бүгінгі қазақ жастары міне, осындай болуы керек», - деп «Лениншіл жас» газетіне ас- пандата жазды.

Жастулпарлықтар шет елдік жазушылармен пікір алы- сып, араласу барысында отаршылдықтан қутылу тәжіри- бесін алды. Саяси күрестің жаңа жол-тәсілдерін үйренді. Ал ең бастысы халықаралық деңгейде қазақ әдебиет өнерін әлемге паш етуге ат салысты.

Шындық айтылмаған жерді жамандық жайлайды. Компартияның ғөй-ғөйіне елтіген елдің күні қараң, бо- лашағы булыңғыр. Тас бауыр боп, қатыгезденген адам дірілдеген жүрекпен сыр уғып, басқаның көңіл-күйін, жан сырын түсіне алар ма?! Жастулпарлықтар улттық рухты өсіріп, жігерін жану үшін елдегі ниеттес, санасы тунық, зердесі ашық талантты жастарды өз қатарларына тартты. Олардың ықпалымен, қолдауымен қазақтың қасіретті күн- дері жазылып көрсетілген қунды дүниелер өмірге келді. Жазушы Смағул Елубаев сол кезеңдегі тың тақырыптар- дың жазылуына Мурат Әуезовтың тигізген әсері жөнінде

163

 

былай дейді: « 70-ші жылдардың ортасында Жазушылар одағының бір пленумында Мұрат Мұхтарұлы мінберге көтерілді. Күтпеген жерде пленумнің күн тәртібінде жоқ 1932 жылғы қазақ қырылған ашаршылық туралы әңгі- ме қозғады. «Бұндай ұлттық апатты айналып өткен әде- биеттің болашағы жоқ! Ащы да болса ақиқат керек!» - деді. Бұл мәлімдемеден кейін құзырлы органдар онымен тағы да айналысқан. Өйткені, ашаршылық компартияның қазақ халқына жасаған тарихи қылмысы еді. Сондықтан ол қылмыстың бетін ашпақ болғандарды партия аямайтын. Ауызынан қақпақ, төбесінен тоқпақ айырмайтын. Бірақ айтылған сөз -атылған оқ. Мұрат Әуезовтің сөзі ауыздан ауызға тарап кетті. Мұрат Әуезов сынды айтулы азаматтың ашаршылық туралы әңгіме козғағанына алабөтен қуанған- быз. Себеп, бұ кез біз де ашаршылық жәйлі роман идеясы- мен «ауырып» жүрген кезіміз еді. Мұрат тәрізді тұлғаның бұл тақырыпты биік мінберден көтеру біздің сенімімізге сенім, қолтығымызға қанат бергендей болды. Ашаршы- лық жайлы роман жазуға шындап дайындала бастадық. Осынау идеяны көтергені үшін Мұқаңның қолын қыстық. Бірақ, Мұқаңның бізге назары 1986 жылы романның қол- жазбасын оқығаннан кейін түсті. Мұқаң қолжазбаны оқып шығып шын қуанды. Қолжазбаға осынау талғампаз сын- шы берген баға біз үшін кітап шықпай жатқан аттай 5 жыл бойы моральдік тірек болды. 1989 жылы киностудияның бас редакторы Мұқаң баспа жоспарына кіргізбей қойған «Ақ боз үйді» күресіп жүріп, кино жоспарына кіргізді. Бұдан біз бір нәрсені байқадық. Бұдан біз Мұрат Мұх- тарұлының Алаш идеясынан айнымаған, ұлттық идеяға адал азаматтық тұлғасын байқадық. Тіптен, тоталитарлық жүйе «басқа шауып, төске өрлеп» тұрған сол бір сұрапыл шақтардың өзінде Мұраттың мұраты Алаш азаттығы бол- ған отаршыл Одақ идеологиясына үнемі қарсы келген де отырған. Айтса ауызға ұрады. Айтпаса азаматтығына сын. Не істеу керек? Үнсіз қалу ма? Сырттай солай көрінді. Тілге тиым саларсың. Бірақ, Алаш, Азаттық деп соққан

164

 

жүрекке қалай тиым саларсың!? 70-ші, 80-ші жылдардағы үнсіз Мұрат мұңы тек күнделіктеріне ғана төгіліпті».

Жастұлпарлықтардың ұлтшылдығын, отаншылдығын көріп «пассионарлық ұлт» екенімізге көзіміз жете түседі. Қасиетті жерден қашан да рухты ұлдар шыққан.

«Сол қазақтың мен де бір жапырағы,

Арқасы бар, Алматы, Атырауы,

Ар-намысын аяққа таптатпайды,

Қашан да қазақтың топырағы», - деп Мұқағалидың өлең жолдарын сенің де қайталағың келеді.

Жалпы 70-ші, 80-ші жылдар Компартияның оң қолы КГБ- ның қаһарына мінген, шарықтау кезеңі. Бұл шындықты ай- татын адамның алды тұман, арты құз заман болды. Сонда да жастұлпарлықтар адамдықтың асыл қасиеті - жан дүниенің, тән мен сезімнің тәуелсіздігі, бостандығы үшін күрес екенін дәлелдеді. Кеңес дәуірінің идеологиялық иіріміне икемдел- меген, ноқтаға бастары сыймаған жастар Қазақстанның сая- си өмірінен өзіндік сипатқа ие болды.

Бодандық ұлттық намыстың тамырына балта шапты. Өр- кениет төрінің жолын бітеді. Осындай қиын - қыстау кезеңде жастұлпарлықтар саяси күрестің жаңа жол-тәсілдерін іздеді. Ғылыми-теориялық зерттеулерге көп мән берді, қазақ хал- қының тарихы мен ана тіліне тереңірек үңілді.

Ұлт тағдыры, оның болашағы үшін ана тілінде білім беріп, ұрпақ тәрбиеленбейінше салт-дәстүрдің сақталмайты- нын көрді. Қазақтың тілі дамымаса болашақтың күнінің қа- раң екенін, өйткені жас ұрпақтың бойында ұлттық сезімнің өзі де болмайтынын білді. Сондықтан қазақ тілінің құдірет- қасиетін, мақал-мәтелдердің философиялық мәнін ұлттық ой-сананың жетістігі деп пайымдады. Үлгіге Әлкей Марғұ- ланның қазақтың мақал-мәтелдерінің философиялық негіз- дері жөнінде Ленинградта докторлық диссертация қорғаға- нын мысалға келтірді. Қазақ тілінің қоғамдық өмірден өзіне тиесілі орнын ала алмай отырғанына жергілікті билік кінәлі деп санады. Әрине бұның арғы жағында социалистік идео- логияның, интернационалистік саясаттың құлағы көрініп

165

 

турғанын меңзеді. Барлық кездесулерде қазақ тілінің бай қоры бар екенін, оның көне тіл екендігін алға тартты.

Шынында Герольд Бельгердің зерттеуі бойынша, Шекс­пир шығармаларындағы қолданылған сөз қорының жиын- тығы 14000 да, ал Мұхтар Әуезовтің сөздік қоры 16 000-нан асады. Қазақ тілінің - түркі тілдерінің ішіндегі ең бай тіл екенін кезінде Шоқан Уәлиханов дәлелдеп кеткен. Қазақ тілінің қурамдас сөйлемі, әсіресе синонимді сөздерінің бай- лығы ерекше. Бір түйенің 40-тан аса бота, тайлақ, нар, бура, аруана деген сияқты атаулары бар.

Жастулпарлықтар улт белсенділігінің төмендігіне қа- рамай қазақ тілінің көркемдік-эстетикалық қуатын, рухани нәрінің дамуына мүмкіншіліктер жасау мәселелерін көте- руден жалықпады. Түркі тілдес халықтардың тарихи ортақ- тастығы, олардың дербестігі мен төлтумалығын зерттеді. Тілдің дәрежесі, оны қайта жандандыруда еврейлердің мың жыл бурын умыт болған иврит тілін үйренуін үлгі етіп ай- тып жүрді.

Бірақ күшіне енген тоталитарлық социалистік жүйе ха- лық пен тілдің, тіл мен елдің арасын алшақтатып туқырта берді. Ана тілі, улт деген сөздер індет ауруындай көрінді. Адамзат тарихында не істелінсе де, Ұлттық мүдде үшін іс- телінетінін еске алмады.

Ұлтшылдық мемлекеттің тірегі, мәдениеттің көзі. Ұлтта- ну адамзат дамуының ең жоғарғы сатысы. Ұлттық қунды- лықтар негізінде дамыған өркениет қана өміршең болмақ. Жастулпарлықтар ана тіліндегі мәдени даму біртіндеп улт- тық дамуға әкеледі деп есептеді. Себебі жаратылысында сезімтал, эстет, сауықшыл қазақ домбыраның күмбірін, ана тілінде шырқап салған әнді естісе есі шығатынын білеміз. Өнер қазақ үшін - өмір.

Өйткені, қазақтың ән мен күйлері халықтың тарихи- әлеуметтік, саяси-қоғамдық іс-әрекетімен, турмыс салт- дәстүрімен тікелей байланыса келіп, эмоциялық әрекеті- мен ерекшеленеді. Халықтың қатал өмір мектебі, басынан өткерген қайғы-қасіреті мен муң-шері туралы философия-

166

 

лық ой-толғаулары, лирикалық нәзік толғаныс-тебіренісі, өмірді бағалап, сезіне білу қуанышы - бәрі-бәрі осы ән мен күйінде өрнектеледі. Тарихи сабақтастық, дәстүрлі улттық қундылықтар тәрбиеде орын алуы керек. Жас ур- пақ өз тарихының күнгейі мен қоса көленкелі тустары жөнінде шынайы ақпарат алып өспесе, улттық өнерден бейхабар болса рухсызданып, жан сарайы жараланып мү- гедекке айналады. Ел іші - өнер кеніші. Жастулпарлық- тардың қатарында өнерлі жастар көп болды. Олар елге оралысымен мәдениетініміздің түрлі салаларында еңбек етті. Театр, музей, концерттік бірлестіктерді басқарып, ел- ден келген өнерлі жастарды тәрбиеледі. «Дос-Муқасан» ансамблі жастулпарлықтардың улттық бағыттағы ықпа- лының әсерімен дүниеге келді. Жастулпарлықтар халық әндері мен билерін жастар арасында дәріптеу үшін заман талабына сай, «Гүлдер» эстрадалық тобын, вокалды-ас- папты «Айгүл» ансамблін қурды. Бул талантты жастардан туратын творчестволық топты жастулпарлықтар Марат Балтабаев пен Серік Елеусізов басқарды. Ауылдан шық- қан жас талант иелері негізінен қазақ әндерін орындап, билерін биледі. Қазақстанда ғана емес, шет елдерде өнер көрсетіп, ултымыздың өнерімен таныстырды. Көкейді кернеген, көңілді тербеген әндерімен, мың буралған би- лерімен олар, қазақтың мәдениетін әлемге паш етті.

Қазақ жастарының еңсесін көтеріп, мақтаныш сезімін тудырды. Ұлттық салт-сана өзегін қурауға әсерін тигізді. «Гүлдер», «Айгүл» тобы өнерлі жастарының әндері Қа- зақстанның түкпір-түкпірінде жаңғырып, жастар халық әндерінен нәр алып өркендері өсті. Кейін Серік Елеусізов Жезқазғанда «Ұлытау» улттық ансамбілін қурып, ауыл мәдениетінің улттануына үлкен үлес қосты. Жастар улт- тық өнерге бет бурды. Дүниеге жаңа әндер әкелді. Бул жылдардағы жастардың унатып жазған, салған әндерінде қарапайымдылық басым да шығар, бірақ олар таза, сезім- ге толы, шынайылықпен айтылды.

Жастулпарлықтар өнер атаулының бәріне улттық мән

167

 

беруге ат салысты. Мурат Әуезов Қазақфильм студиясында бас редактор болып істеген жылдары қазақ жастарына ки- ноөнерінен жарқын жол ашылды. Киноөндірісіне талантты жастар шоғырланып, өміршең, улттық сипаттағы қунды дү- ниелер туғызды. Қазақ киноөнерінде жан-жақты, көп салалы бағыттарда жумыс істей алатын «Жаңа толқын» қалыптасты. Ардақ Әміреқуловтың «Отырардың күйреуі», Рашид Нуғма- новтың «Инесі », Серік Апрымовтың «Соңғы аялдамасы» сияқты жаңа бағытта түсірілген тарихи, әлеуметтік мәні бар көркем фильмдер дүниеге келді. Смағул Елубаевтың «Ақ боз үй» романы бойынша қойылған көркем фильм халықа- ралық деңгейде беделге ие болды. Бүгінде «Жаңа толқын» заман талабы деңгейінде көркем фильмдер жасап, қазақ ки- ноөнерін әлемге танытуда.

60-70-ші жылдары Кеңес адамының ішкі жан-дүниесі, наразылық көңіл-күйі улттық қундылықтарды қурметтеп, соның дамуына мүмкіншілік жасайтын әділ қоғамды аңсауы көбейді. Өткенге көз салып, тәлім алып, жоғалтқанымыздың орнын толтыруға әрекеттер жасады.

Жастулпарлықтар «Ақпыз, қара, сарымыз - ағайынбыз бәріміз» деген кеңестік саясаттың өткен күнде қалуын қала- ды. Оның орнына кезінде Алаш азаматтары көтеріп кеткен «Бір ултпыз, бір қазақпыз, бір елміз» уранын ту қылып ус- тады. Қазақстанның ең қунарлы үш ауданының Өзбекстанға берілуі, Неміс, Ұйғыр автономияларын ашу сияқты келеңсіз мәселелерге қарсы шығып, өз пікірлерін де ашық айтты. Жастулпарлықтар әлемдегі қазақтардың бір жерге жиналу мүмкіншілігі болмаса да олармен тығыз қарым-қатынаста болуды қалады. Қазақстанның жетістігі шет елдегі қандас- тарымызды да өз жетістігіндей қанаттандыратынына сенді. Шет елдегі ағайындардың Қазақстанға жалтақтап, бауыр- ларының езіліп, ата-журттағы қалың елден қамқорлық кү- тетінін білді.

Қытай, Моңғолиядағы қазақтардың хал-жағдайы, әлеу- меттік жәй-күйі жастулпарлықтарды елеңсіз қалдырмады. Кеңес Одағы мен Қытай арасындағы саяси суықтықты дурыс

168

 

пайдалана білді. Қытайдағы қазақтар қабылдай алатын аудан- дар үшін Қазақ радиосынан ұдайы хабарлар ұйымдастырып, тікелей арнадан сөйледі. Өздері ғана емес Қазақстанға келіп қоныстанған қандастарымызды радио жұмысына тартып үгіт- насихат жүргізді. Ата-жұрттың бар екенін, қандас бауырларға деген жылы сезімнің суымайтынын жеткізіп рухтандырды. Әрине, жастұлпарлықтарға «Тауына қарай түлкісі, заманына қарай күлкісі сай», - қоғамда жұмыс істеу оңайға түскен жоқ. Қызыл империяның тас бұғауында жүрсе де «Кдйтсек қазақ- тың қара қазанын ортайтпаймыз» деген міндетті мойындарына алғандықтан кейбір сәтсіздіктер, КГБ-ның арандатушылықта- ры оларды жасыта алмады.

Тағдырдың тауқыметімен жыраққа кеткен қазақтардың ата-мекенге көш беті 1955 жылы бұрылғанда қазақ елінің қуанышында шек болмады. Ал 1962 жылғы басталған сырт- тағы қазақтардың Отанына жаппай көшуі тарихта үлкен мән- ге ие. Сол тұста бір айдың ішінде Қытайдағы 200 мың қазақ Тарбағатайдағы, Шәуешектегі шекарадан өтіп елге оралды. Мұрат Әуезов бастаған «жастұлпарлықтар» 60-шы жылда- ры елге оралған Қытайдағы қандастарымызға жанашырлық көрсетті. Әуезовтің қытай тілін, психологиясын жақсы білуі қандастарымыздың құжаттарын түзетуге себепкер болды. Қытайда Қазақ ұлты үшін күрескен азаматтарға қамқор- лық жасады. Олардың жұмысқа орналасуына, Қазақстанға бой үйретулеріне ат салысты. Қытайда қуғынға ұшыраған, Шығыс Түркістан мемлекетінің ірге тасын қалаған қандас- тарымызға ерекше көңіл бөліп, құшақтарына алып, бауыр- ластықтарын көрсете білді. Ел атынан, өкімет көрсетпеген жылылықты сездіре алды. Солардың ішінде қазақтың азат- тығы үшін күресіп, Қытайда екі рет өлім жазасына кесілген «Жас күш» жастар ұйымының басшысы Айтан Нүсіпханұлы атты ағамыз болды. Айтан Нүсіпханұлы жиырма бес жыл- дан кейін Қытайдағы туған ауылында болғандағы көңіл- күйін былай білдіреді:

Талай-талай көрдік қой көрмегенді,

Талай достар талықсып түрмеде өлді.

169

 

Ширек ғасыр өткен соң оралғанда, Қайран ауыл бақытқа бір кенелді.

Иә, біздер көрдік қой көрмегенді,

Біреу құшты біз сүйген бүрме белді.

Тақламақан құмында қалған достарым, Армандарын өзімен бірге көмді.

Иә, біздер көрдік қой көрмегенді,

Тірі қалған жан олжа, өлген өлді.

Кей атаның үкілі отауынан,

Қалмағаны қинайды бір де белгі.

Бірақ мемлекет тарапынан ата-жұртына оралған қандас- тарымызға тиянақты көмек көрсетілмеді. Ата-жұртына ал- ғашқы болып оралғандар, негізінен зиялы, білімді, рухты азаматтар еді. Қытайдың түрмесінен қашып елге оралғанда, оларға «Жә» дейтін адамдар аз болды. Соғыстың біткені- не де көп болған жоқ. Тұрмыс та қиын. Біреу жетім, біреу жесір дегендей. Әйтеуір атасы басқаға айқара ашылған қа- зақтың құшағы қандас-бауырларына ашылмады. Жандары ашып илікпей, тас болып қатып қалды... Ал елге оралғандар Айтан сияқты ұлттық рухы сынбаған, Қытайдағы қазақтар- дың азаттығы үшін күрескен сегіз қырлы, бір сырлы абзал жандар еді. Елге оралған қандастарымыз қандай мамандық иелері болса да күн көріс үшін жұмыс таңдамады. Қалалы жерге орналаса алмағандықтан, ауылды жерлерде қара жұ- мыс істеп, мал бағуларына тура келді.

Екінші толқында Қытайдан тағы 100 мыңнан аса отан- дастарымыз оралды. Бұл кезде Кеңес өкіметі мен Қытайдың қарым-қатынасы қатты шиеленісіп тұрған болатын. Енді Кеңес өкіметі, келгендерге бұрынғыдан бетер сенімсіздік- пен қарап, КГБ-ның құрығына іліктірді. Шеттен келген қа- зақтардың бәріне тыңшы, жау, сатқын деп қарады. Ездіктен есі кеткен елде, сырттан ата-жұртына жүрек-бауыры езіліп сағынып келген қандас - бауырларына ешкім елжірей қой- майды. Қанына сіңіп қалған қорқақтық ата-дәстүр жолынан адастырып, жүрек-бауырын тас қылды. Қол үшін беріп кө-

170

 

мектеспек турсын, көрер көзге теріс айналды. Басқаға жуас қазақ өзіне қияңқылық мінез көрсетті. Сағыныштан сарға- йып, өзімсініп келген ағайынның көңілін қалдырып, өзегін өртеді. Бүгінде ата-журтына оралған отандастарымызды «оралман» деп тағы шеттетіп отырмыз. Шындығында улт- тық қундылықтарын, ана тілін сақтап, улттық рухын жоғалт- паған бауырларымыздан біздің аларымыз да, үйренеріміз де көп... Қытайдан келген қандас-бауырларымызбен бірге елге улттық қундылықтарымыз да оралды. Көне тарихымыз, қаймағы бузылмаған салт-дәстүріміздің бір шеті елге жетті. Әсет пен Таңжарық сияқты ақындардың белгісіз өлеңдері, Шәкәрімнің Қытайға өтіп кеткен улы Зияттың еңбектері белгілі болды. Ата көрген оқ жонар, Зият ақын-режиссер ретінде Алтай мен Үрімшіде қызмет істеп жүргенде, Мағ- жан, Міржақып, Ахмет, Жүсіпбектердің әндерін сол жаққа таратыпты. Үнемі жастарды жинап Алаш рухын, Абай мен Шәкәрім мураларын насихаттапты.

Тарихқа деген терең сезім иелері - жастулпарлықтар Қы- тайдағы қазақтардың улт-азаттық көтерілісі жөнінде көп мағлумат алды. Айтан арқылы Зият ақынның «Оспан батыр» жөнінде жазғандарын оқыды. «Көзден жасым» өлеңінде Зият ақын большевиктердің келуін былай сипаттайды:

Біздің ел Шыңғыстаудың жайлауында,

Көп жылқы жайылатын қойнауында.

Халықты қаңсыратқан большевиктер,

Әкелген зеңбірегін қойшы ауылға.

Осыдан үріккен ел оңбады,

Аштықтан сан жетпейді, жоғалғаны!..

Сеңдей боп, селмен кеткен сезімдінің,

Олардың отқа өртенді көп арманы!

Аз уақыт Шығыс Түркістан Республикасы улт-азат- тық көтерілісі жеңісінің нәтижесінде Тәуелсіз ел болғаны белгілі. Тек 1945 жылғы Ялта конференциясының шешімі-

171

 

мен шекара жабылып, Қытайдағы қазақтар Кеңес Одағымен байланысын үзді. Шынында, Шығыс Түркістан қазақтары- ның тарихы да, отаршылдық, опатшылық тарихы. Кеңес Одағы шекарашылары Оспан батыр көтерілісшілеріне қарсы әрекеттер жасады. Кешегі одақтастар бүгінде жауға айнал- ды. Көтерілісші-қазақтар Қытай әскерінің тықсыруымен Ти­бет арқылы Индия - Бангладеш - Пакистан - Түркияға жер ауды...

Басқа мемлекетке барып, сіңісіп кету кімге болса да оңай емес. Қоғам өмірінен өз орнын табу үшін аты-жөнін уақытша ауыстырып, амалсыздықтан басқа атпен белгілі болған қазақтар Қытайда қазір де көптеп кездеседі. Со- ның бірі найман текті генерал Хасен Рустемұлы. Ол Жан Жия Мин деген атпен үлкен лауазымды қызметтер атқар- ған. Мао-Цзе-Дунның оққағары, әрі көмекшісі болып, Қытайдың танк армиясының негізін қалаған азамат. Қы- тайдағы белгілі Хасен генерал өз ата-бабасының Тарба- ғатайдың найманы Кетбұқадай бабасының ұрпағы екенін мақтан етіп жүрген қазақ.

Сол кезеңдердегі жаппай аштықты, саяси-сұрқия жағ- дайды, халықтың қырылып, қалғандарының жан-жаққа тарыдай бытырап кетуін жастұлпарлықтар естіді, көңіл- деріне тоқыды. Ата жұртынан айырылып шетте қалған қазақтардың тек қана жан бағып жүре бермей ұлттығын ұмытпай жүргендерінен үлгі алды. Қазақтың еліне, жері- не деген сүйіспеншілігі қайда жүрсе де суымайтындығын жастарға үлгі етті.

Ақмола-Ерейментау көтерілісінен кейін қазақ халқы біртіндеп ой-санасындағы, тұрмыс-жағдайдағы қараңғы- лықтардан арылып, жарыққа, тіршілікке беттей бастады. Болмысты торлаған қорқыныш пен мүсәпірліктен құтылып, ұлттық болмысы оянды. Қазақстанның барлық жағынан ор- талыққа шексіз тәуелді болуымен келіспейтіндердің қатары көбейді. Социалистік идеологияға негізделген мәдени-ақпа- раттық жүйе интернационалистік тәрбиемен қоғамды қанша тұншықтырса да ұлттық сананың оянуын тоқтата алмады.

172

 

Тоқырау кезеңін Жұматай Жақыпбаев «Ақын өлтіру ойы- ны» деген өлеңінде былай жырлайды:

Еліне дауысын жеткізбей,

Аузы мен мұрнын тығындап.

Сыртынан сұмдар сыбырлап,

Ойнайды келіп той ұлы,

Ақын өлтіру ойыны.

Бұл замана көрінісі, ащы ақиқат. Табиғи потенциалы мол Қазақстанда экономика дұрыс жолға қойылса күшті дами алар еді. Ал Кеңес өкіметі Қазақстанның Украинадай эконо- микасының жан-жақты өскенін, ғылым мен техникаға негіз- делген өнеркәсібінің болғанын қаламады. Қазақстан шикізат (базасы) көзі, ауылшаруашылықты республика болып қала берді. Кеңестік идеологияның ұлт белсенділігіне қарсы ба- ғытталуының басты себебі де осы.

Елдік сана негізі азаматтық құндылықтарды қалып- тастыра алмаған, өтірік өмір сүруді дағдыға айналдырған қоғам саяси катаклизмге бейім келеді. Ұлтсыздану қазақ- тың әдет- ғұрпында жоқ шектен шыққан пендешілік пен сатқындық сияқты жаман қасиеттерді адам бойына тәнті етті. Мұрат Әуезов бұндай жандайшап, сатқындар туралы өзінің бір сұхбатында оларды кінәламайтынын айтты: «... КГБ- ның жансыздарының әбден маманданғаны сонша- лықты, семинарларымызға дейін қатысып, не айтып, не қойғанымызды бүгішігесіне дейін теріп жазған. Бізге де­рек жинаған жансыздар - сол жүйенің адамдары, сол жү- йенің құрбандары. Біз қанша қиналсақ та құрбан болған жоқпыз. Жанымыз қиналды, көп қиындық көрдік. Бірақ біз құрбан емеспіз, құрбандар солар - әділетсіз жүйенің жақсы қызметкерлері. Өмірдің өзі күрес. Солай бола бе- реді. Кезінде «Көшпенділер өркениеті» деген кітабымыз- ды өртегені белгілі. Сол іске қатысы бар адамдар қазір де арамызда жүр, қалада кездесіп те қаламыз. Амандасамыз. Бір жерде мақаламыз шықса, соны аңдып жүріп тауып

173

 

алып, « әшкерелейтіндер» де болды. Бізді ултшылдар деп кінәлағандардың арасында осы күні жер басып жүргендер де бар. Жеке басым оларға еш кінә артпаймын. Әркімге өз уяты, ары төреші. Олар да тарихтың бір көрінісі. Біз- тарихтың заңдылық жолымен келе жатқан бір көрінісіміз. Біздің жауымыз жеке адам емес, жүйе еді.»

Қазақ улты жерінің кеңдігінен, шаруашылық ерекшелігі- не орай табиғатпен байланыса өзіндік кең әлем жасаған ха- лық. Көпшіл, не істесе де берекелі, табандылықпен, істейді. Мақсат, арманы да ата-мекеніндей улан-ғайыр. Тойы тоқ- тамаған, іске кіріссе усақ- түйекпен араласпай, қулаштап, ғарыштап кетеді. Аяғының асты шашылып жатсада, аттап жүре береді, алға умтылады. Намыстың отына мінсе, жо- лындағысының бәрін қиратады. Албырттықпен артын ойла- мауы да кездесіп қалады.

Михаил Горбачев бастаған «Қайта қуру» саясаты елде тоқтатылған либералдық дамуға мүмкіншілік жасады. Бул - Никита Хрущевтің «жылымығының» үзіліп жалғасқан бағыты болды. Әрине арадағы 25 жыл «Брежневтің тоқтау- тоқырау» кезеңі Кеңестік қоғамды өзгертті. Социалистік жүйе, коммунистік басшылық қоғам дамуындағы қайшы- лықтарды одан әрі шиеленістіріп тығырыққа тіреді. Михаил Горбачевтің өзі мойындағанындай оның екі басты кемшілігі болды. Олардың бірі - жете көңіл бөлінбеген ауыл шаруашы- лығы болса, ең басты кемшілігі улт мәселесіне тиісті көңіл бөлініп дурыс шешілмеуі еді.

Қазақстанда улт мәселесі ушығып, бомба болып жары- лып, Желтоқсан көтерілісіне уласты. Азаттық идеялары мен улттық болмыстары шыңдалған қазақ жастары өтірікке бейім Кеңес Одағының бет-пердесін ашты. Алматы жастары бір күндік жолдасқа мың күндік рух сыйлады. Бір қудіреті күшті түйсік - бар қазақтың зейінін еркіндік өміріне жете- леді.

Мыңдаған жастарға қала, ауыл турғындары қосылды. Жастардың ултына деген жүректерінің ыстығы желтоқсан- ның ызғарын жібітіп, кеңестік жүйенің қурсауын сындырды.

174

 

Арман мен сенім бірікті. Кезінде тың игеру қасіретіне қар- сы шыққан Шәмші Қалдаяқоватың «Менің Қазақстаным» әні енді Желтоқсан революциясының ән-уранына айналды. Революция Целиноград, Көкшетау, Қарағанды қалаларында жалғасын тапты. Әлеуметтік ахуал узақ жылдарғы қоғамдық болмыстың көрінісі. Желтоқсан революциясы улттық психо- логияның Д. Қонаевті қызметінен алғандағы бір-екі көрінісі ғана емес. Ол көп жылдарғы қатпарлар, уақыт сеңінің көш- кені. Қазақстанға бірінші хатшыны жергілікті улт өкілінен сайламау салдар-сылтау. 1986 жылы революциялық ахуал қалыптасу деңгейіне жетті, ултттық сана төңкеріске дайын болды. Желтоқсан революциясы улт-азаттық кейіпте ба- ғыт алды. Революцияға қазақтан басқа бірде-бір басқа улт өкілдері қатыспады. Олар Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күрескілері келмеді. Қақпаларын жауып, ілгегін тас қылып бекітіп, өртеніп жатқан менің жерім емес, «бірің өліп - бірің қал», - деп отыра берді. «Қазақтарға ризамыз, қиын - қыстау репрессия кезінде бізді өлімнен, аштықтан қутқарып қалған солар», - дейтін шешен-ингуш, неміс, кәріс тағы тағылары- ның бір де біреуі жумған ауыздарын ашпады. Бір ауыз жылы сөз айтуға жарамады. Қайта Мәскеу, Санкт -Петербург қа- лаларының, Балтық жағалауы республикаларының зиялы қауым өкілдері көтерілісшілерге әділ бағасын беріп араша- шы болды.

Қазақ тарихында соңғы 300 жыл ішінде әр 70 жылда естен кетпес үлкен оқиғалар тізбегі орын алып отырған. Бул - тари­хи белес. 1776- Досалы, Сейдалы султандардың көтерілісі, 1846 жылы Кенесары Қасымулының тәуелсіздігімізді сақ- тау үшін күресі, 1916 жылы Ұлт-азаттық қозғаласы, ал 1986 жылы Желтоқсан революциясы болғаны аян. Желтоқсан ре­волюциясы - қазақтың улттық идеясының алып шыңы, сар- қылмас қайнар көзі.

Кеңес өкіметі қазақ халқына қарсы репрессияны кү- шейтті. Ұлт санының аздығын көзге түрткі етті. Пәтер алу кезегі, партияға өту мәселесі қайта қаралып, саяси сенімділікке, социалистік жүйеге берілгендікке сай елек-

175

 

тен өткізіліп, қазақтар тізімнен шығарыла басталды. Ер- темен жұмысына беттеген адам кешке дейін қызметін сақтап қала ала ма, жоқ па, оған сенімділігі болмады. Акутагава айтпақшы, адам өмірінің кейбір сәттері бір сіріңке сияқтанды. Қорқып қарауға -күлкілі, мән бермей жәй қарасаң қауіпті... Ешкім де осы ұстанған саясатымыз дұрыс па, бұрыс па деп ойланбады. Билік қазақтың рухын біржолата сындырып, қазақ ұлтын жоюды алдына мақсат етіп қойды. Ұлт араздығын күшейтті. Кейін бір тентектер өкіметтің идеологиялық-насихатының әсерімен қазақ зи- раттарындағы сүпі тастарды қиратты. Кешікпей орталық мешітке жұма намазы күні оқ атылды. Аруақтар қорлан- ды... Қазақ намысы аяққа басылды... Бірақ еш қылмыскер ұсталып, бірде-бір адам жауапқа тартылмады. Өткен күн- дер өкініші қайталанды...

Коммунистік партия бар қазаққа сенімсіздікпен қарап, кәмпитін беріп, қамшысын сілтеді. Ресейдің шағын Улья- новскі қаласынан әкеліп тағайындалған Қазақстан Компар- тиясының бірінші хатшысы Г. Колбин жергілікті ұлттық мамандарға сенімсіздікпен қарап, басқа республикалардан мамандар жинады.

Желтоқсан революциясы халықтың аузын құлыптап, ойын көгендеп, еркін шідерлеп ұстаған тоталитарлық ком- мунистік режимге алғашқы болып соққы беріп, негізін шай- қалтты. Қазақстаннан бастау алған азаттық дауылы Кеңес Одағын түгелдей қамтыды. Баку, Рига, Вильнюс, Тбилиси қалалары желтоқсан революциясы ықпалымен Қеңес Одағы жүйесіне қарсы көтеріліске шықты. Қайта құрудағы роман - тикалық ұмтылыс қатал шындықтың жартасына әкеліп соқ- ты. Коммунистік көзқарас тұтқынынан шыға алмаған М. Гор - бачев елде лаулаған революция отынан қорқып, өркениетті өмір бағытын өзгертті. Қараңғылық жолына түсіп, импе- риялық саясатқа қайта көшіп, шоқпарын оңды-солды сілтей бастады. Көпшілік болмысы социалистік жүйеден біржолата жиренді, М. Горбачевтің демократияландыруы мен қайта құ- руына деген сенім сағымдай сырғып жоғалды. Коммунистік

176

 

идея бұқара халықтан қолдау табудан қалды. Компартияның саясаты ағыл- тегіл жауған нөсерді сылқылдата сорып алып, ертесіне кебірсіп жататын шөлдегі шұқанақтай жан -жағын жайпап қуарта берді. Коммунистік тоталитарлық жүйе Жел- тоқсан революциясын аяусыз жазалап басты.

Жастұлпарлықтардың ар-намысының күштілігін Желтоқ- сан революциясы айқын көрсетті. Советқазы Ақатаев пен Мұрат Әуезов бірігіп «Неміс толқыны »(Немецкая волна) радиосына ақпарат ұйымдастырды. Мәліметтерді шет елге жіберу мәселесімен Советқазы Ақатаев айналысты. 70-ші жылдардың басында Мұрат Әуезовтің «Литературная газе- тада» жұмыс істеуі Кеңес Одағы зиялы қауымымен жақын араласуына мүмкіншілік жасады. Ол кезде бұл газет зиялы қауым газеті болып есептелді. Міне енді Қазақстандағы Желтоқсан революциясын компартия жаппай қаралап, қазақ- қа ұлтшылдық айдарын таққанда, осы орта арашашы болды. Жастұлпарлықтар өздері бірге оқыған Қеңес Одағының ал- дыңғы қатарлы зиялы қауымын ұлт мүддесіне пайдаланды. Олар Желтоқсан революциясы жөнінде оң жақты қоғамдық пікірлер қалыптастырды.

Балтық теңізі жағалауы республикаларында Мұрат Әуе- зовтің досы, болашақ Тәуелсіз Эстонияның Президенті Мери Леннарт-Георг желтоқсандықтарды ақтап, Кеңес өкі- метін қаралап, Батыс елдеріне пікір ұйымдастырды.

Желтоқсан революциясынан кейінгі репрессияға қарсы қоғамдық ұйымдардан гөрі жекелеген тұлғалардың күресі нәтижесін көбірек берді. Осындай жекелеген саяси тұл- ғалар қатарына Кәрішал Асанов пен Михаил Есеналиевті жатқызуға болады. Олар СОКП-ның ұлттық саясатын ашық әшкереледі. Кәрішал Асанов билікке қарсы саяси күресін тоқтатпай жалғастырып, шынайы диссиденттік бағыт ұстанды. Ал Михаил Есеналиев Сәбетқазы Ақатаев төрағалық еткен «Азат» қозғалысын ұйымдастырушылар- дың бірі болды.

СОКП-ның шешімімен қазақ халқы ұлтшыл аталып қу- ғын-сүргін заңдастырылды. Өкімет бір қазақты қайтадан

177

 

жүз-жүзге, оңтүстік пен солтүстікке қанша бөлуге тырысқа- нынан еш нәтиже шықпады. Қазақ қауымының арасына өзек қуртын түсіре алмады. Ел бірігіп, көкіректің көзі ашылып, қанына тартуға айналды.

Рухы шыңдалған қазақ халқы 1987 жылы Мухтар Әуе- зовтің 90 жылдығын жастулпарларша «Мен қазақпын» деп атап өтті. 1988 жылдың желтоқсанында Алаштың үш арысы Ахмет Байтурсынулы, Мағжан Жумабайулы, Жүсіпбек Аймауытулы толығымен ақталды. Бул 1986 жылғы желтоқсан революциясының тарихи жеңісінің алды болды. Осы тарихи сәттен қазақ қауымының рухани дамуының жаңа дәуірі басталды. Қазақ тарихының жаңа бетінің ашылуына жастулпарлықтардың еңбектері ерек- ше. Олардың ширек ғасыр Алаш идеясын жаңғыртып, ул- тын оятып, жастардың санасын серпітулері өз нәтижесін берді...

Ескі билік пен жаңа демократиялық, улт-азаттық ба- ғыт арасындағы қайшылық шегіне жетті. Мәскеу билік тізгінін босатуға мәжбүр болды. Одақ қурамында рес- публикалар экономикалық еркіндіктер алып, егемендік- терін жариялай бастады. Қазақстанның 1990 жылдың 25 қазанында қабылдаған «Егемендік жөніндегі» деклара- циясы шын мәнінде «де факто» Тәуелсіздігімізді жария- лау болды. Өзіміз «Ит үрген сайын қоянның бір тал түгі түсетініндей зәрезәп мінез, қанымыздағы қорқыныш салдарынан Мәскеуге жалтақтағанымыз болмаса, орта- лық билеп -төстеуін жоғалтты. Кеңес одағы формальды түрде ғана сақталды. Осы жылдары желтоқсан револю- циясы әсерімен улт рухында үлкен серпілістер болды. Көптеген улт мүддесін қорғауға бағытталған уйымдар, бірліктер, қозғалыстар дүниеге келді. Ұлтшыл қауым тарихи мүмкіншілікті тиімді пайдаланып қалуға умты- лыс жасады. Азат, Желтоқсан тағы да басқа қозғалыс- тарды буқара халық қолдап, үміт артты.

Ұлттық жағынан қурама империялар ерте ме, кеш пе ыдырауы заңды қубылыс екеніне тағы да көзіміз жетті.

178

 

Қазақ халқы тарихтың ең ауыр өткелдерінен жүгі қанша ауса да аман өтті. Қасиетті қазақ жерінде де азаттықтың ақ таңы атты. Алаш зиялылары армандаған Тәуелсіз ел болдық. Тәуелсіздік алуымызда азаттық үшін күрескен әр буынның үлесі бар. 1986 жылы Желтоқсан революциясымен Қазақ жерінен басталған коммунистік дағдарыс бес жылдан кейін - 1991 жылы Қызыл Империя - Кеңес Одағының ыдырауыме- нен құлады. Желтоқсанның ызғарында алаулаған революция оты Желтоқсанда социалистік жүйенің күлін ғана қалдырды. Коммунистік идея тарих қойнауы сөресінен орын алды... Ал­маты қаласының Брежнев алаңында төгілген қазақ жастары- ның қаны зая кетпеді. Ойдағымыз болды. Ортамыз толды. Төбедегі келді. Арманымыз орындалды. Аруақ ренжітпеген, азаттық үшін күресе білген елге ерте ме, кеш пе бақыт құсы қонады екен...

Тәуелсіздік есті кетіріп бақытты етті! Беймәлім бір қуа- ныш жан дүниені, бүкіл ықыласымызды еріксіз баурады. Көкіректі керіп кеудені отқа толтырып, еркін лапылдай- тын болдық. Бостандықтын буы қиындыққа қысылтпай, кемшілікке алаңдатпай еңсені көтерді. Теңеуі жоқ қуаныш -тауымыз шағылып, бетіміз қайтқан күндерді ұмыттырды. Көксегені көктен түсіп, армандары орындалған қазақ жұр- тының жарқыраған көз нұрлары жүздеріне төгіліп жасарып кетті.

Ұлт тағдырын, болашағын ойлаған жастардың көптілігі, саяси салмағының күштілігі сондай Ел Президенті Н. Ә. На­зарбаев қозғалыс мүшелерімен бірнеше мәрте ашық кездесу өткізді. Бұған кейбір жастардың жалаң ұлтшылдық, саяси таяздықтары да әсерін тигізді. Ұлтшылдықтың дауылына ілесіп, алды-артын ойланқырамай, жеңілтектіктің буына күмпигендер де аз болмады. Таза «Ұлттық мемлекет» құру бағытын ұстанушылардың саны көбейді. Олар ұлтының қасіретін тек келімсектерден көріп, өткеннің зорлық -зом- былығын өздеріне қайтарғысы келді. Отаршылық саясаттың кегін қайтармақшы болған біраз қызу қанды жастар «Қазақ елі - қазақтар үшін», «Окупанттар Қазақстаннан кетіңдер»

179

 

деген сияқты ұлт араздығын туғызатын ұрандар ұстады. Жастарды сабырлыққа шақырып, ақыл тоқтатқызу ауадай қажет болды.

Міне, осындай ерекше бір кездесу 1992 жылдың көк- темінде Алматы қаласында өтті. Президент жастармен Прав­да көшесі бойында орналасқан Студенттер сарайындағы ашық кездесуге келді. Студенттер сарайы жастарға, зиялы қауым өкілдеріне лық толды. Зиялы қауым қатарын негізі- нен жастұлпарлықтар құрады. Өмірдің көктөбесін белдеген жастұлпарлықтар Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен -ақ за- йырлы мемлекет құруды көздеп, «көзсіз, жалаң ұлтшылдық- қа» қарсы шықты. Жалаң ұран, жандайшап тірлік азаттық пен демократиялық үрдістерге қайшы келіп, кедергі жа- сайтынын жастарға түсіндіріп жүрген.

Президент өз сөзін «Тәуелсіздік жолы - тар жол, тай- ғақ кешу, бұл таңдауда өз тағдырының қожасы болу құқы- ғы үшін өмірін қиған миллиондаған қандастарымыздың ерік-жігері бар », - деп бастауы кейбір шалалықтың буына қайнаған жастарды суындырды. Көңіл-күйдің дауылы ке- неттен тынши қалды, ой сезіммен бірге тасыған қан да тоқтады. Мәңгіліктің тыныштығы орнап, бар қозғалыс- тың күңгірі ғана қалғандай. Табиғат тылсымы, уақыт ты- нысы адам арманына тәуелденді. Ой ұшқыны жылдамды- ғы шектен шықты.

Елбасы жастарына ашық әнгімеге келген, жастары ұлт- тың ішіндегі жан айқайын бүкпелемей айтып салған - сан жылда бір кездесетін ерекше сәт ... Ұлттың болашағына ұлттық мемлекет ғана жағдай жасай алады. 300 жылда 300 -ден аса көтеріліс жасап, жеңіліп, қанға боялып зорға жеткен Тәуелсіздікті дұрыс пайдалану жолдары туралы пікір-ойлар ортаға салынды.

Бұл Президент пен ұлтының жас ұландарының түсіністігі ғана емес, ата -баба арман -тілегінің тарихи сабақтастық арқылы халқына жетіп, сана- сезімге нұр болып құйылып, танымы мен даналығы ұштасқан жүз жылда бір келетін «Ал­тын сәт» еді. Нұры шашылып, бірлікке, түсіністікке жеткен

180

 

«сол бір ерекше сәт» қазақ мемлекетінің қурылым бағытын- дағы түсіністікте ерекше орын алғаны сөзсіз.

Жастулпарлықтар Қазақ елі Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін де өздерінің саяси белсенділігін бәсеңдетпеді. Қайта алдарына жаңа мақсаттар қойып, саяси күресте шыңдалған тәжірибелерін мемлекеттің іргетасын қатайтып, шаңырағын биіктетуге жумсады. Мемлекет қурылымы қандай болуы керектігі жөнінде парасатты ойларын ортаға салды. Халық- тың қайталанбас тірлігі, қуқығы, игілігі, кісілігі мен намы- сы басты қундылыққа айналатын мемлекет қуруға умтылыс жасады. Қоғам өмірінің бар саласында улттық уқсастық пен бірегейлік негізінде шындықтың үстемдік етуін қалады.

Дамыған, әділетті қоғамда кісі өлтіру қандай қылмыс бол- са, өтірік те сондай қылмыс болып есептелуі керек. Өйткені қазақ бағзы заманнан кісі өлтіру мен өтірікті тең көрген. Қа- зақ болмысында өлім, өсек-өтірік жаман уғым. Жамандықты шақыру - өтірік айту, алдаудан басталады.

Әлем тарихында өзінің өшпес сара жолын салып, қайта- ланбас төл мәдениетін қалдырған көшпелілер мәдениетінің мурагері қазақ халқы жалғандағы өмірдің мәнін бір-ақ ауыз сөзбен тужырымдаған. «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық», - делін- ген. Мундағы денсаулық - тән мен жанның тазалығын, сау- лығын айтса, «ақ жаулық» уғымы одан да кең. Ол жануя, урпақ, ағайын, ел, қоғам, деген мағынаны көрсетеді. Ал «он саулық» барлық материалдық дүниені, тіршілікке не қажет соның бәрін қамтиды. Міне, жастулпарплықтар өмірді осы- лай түсінген қазақтардың Тәуелсіз мемлекетін ата-баба му- ратына сай қурылуын аңсады.

Жастулпарлықтар Қазақстанның экономикалық және саяси тәуелсіздігімен қатар рухани тәуелсіздікті бірден күн тәртібіне қойды. Рухани байлықсыз Тәуелсіздіктің көріксіз, мағынасыз болатынын дәлелдеп, теледидардан айтып, газет -журнал беттеріне жазды. Жан толғанысы, сезім толқыны- сы, рухани өмір серпінін күшейту үшін улттық мураттың жаңа қундылықтарын іздеді. Тапты да. Тәуелсіздік туғырын

181

 

биіктетер жол бағыттарын көрсетті. Жастулпарлықтар тари­хи сабақтастықты жалғастыра отырып, қазақ елінің жаңаша өмір сүруін қалады. Патриотизм елді өзгертуі, ал еркіндік мемлекетілікті нығайтуы керек деп есептеді. Ұлтқа деген сүйіспеншілік Тәуелсіз мемлекетке, Отанға сүйіспеншілік деп түсінді. Ал демократияны халықтың билігі емес, халық алдындағы жауапкершілік екеніне ерекше тоқталды.

Қалыптасқан ғылыми көзқарастарда мемлекетті жалқы (моноулттық) деп санау үшін сол улттың бүкіл турғындар санының 67 пайыздық үлесі болуы керек. Бул халықаралық қуқық пен өркениеттік қағиданың тужырымдамасына да сәйкес келеді. Белгілі халықаралық қуқық қорғаушы «Фри­дом Хаус» атты уйым мемлекет жөнінде мынадай анықтама береді: «Турғындарының үштен екі бөлігінен астам үлесі бі- регей этнос тобына жататын ел жалқы улттық (моноултты), ал осы үлес үштен ек бөлігінен аспаса, ол көпултты (көпулт- тық) деп аталынады» делінген. Яғни, Қазақстан ғылыми да, қуқықтық жағынан да жалқы қазақ ултының мемлекеті екені күмәнсіз. Ұлт мүдделігін қорғаған ерекше саяси мемлекеттік қурылымдар да әлемде орын алады. Мысалы, Израильде ев­рей улты 60%-ды ғана, Біріккен Араб Әмірлігінде жергілікті араб улты 20%-ды ғана қураса да олар жалқы улттық мем- лекет.

Ғылымда «табиғи әділеттілік» және «тарихи әді- леттілік» деген уғымдар бар. Олар жүзеге асуға тиіс. Ал жүзеге аспаса, онда тарихтың доңғалағы өз жүрісінен жа- ңылып қырын кетеді. Жастулпарлықтар өз халқының да- налық қазынасын қалпына келтіру, дамыту, асқақтату мін- детін алдарына қойды.

Тәуелсіздік алған алғашқы күндерден-ақ улттық қунды- лықтарды қоғам дамуы процесіне үйлестіру, мемлекеттің бет-пердесіне, пішініне ғана емес, ішкі сапалығына да мән беру мәселелерін көтерді.

Ұлттық саясатта ең әуелі қазақтың бірлігі мен қоғамдағы орны анықталмайынша, ешбір мемлекеттік саясат қажетті нәтиже бермейді.

182

 

Ел аузындағы - «Кенесары ханның басы ата-журтқа әкелініп жерленбейінше, кіндік қаны тамған туған жерінен амалсыз кеткен қандастарымыздың урпағы елге оралып, бір қара шаңырақтың астына жиналмайынша қазақта бірлік, бе- реке бола қоюы екіталай...» деген сөздің де жаны бар. Аруақ (өлі) риза болмай, тірі байымайды.

Ал Қазақстанда ел билеудің жүйелік сабақтастығы үзіл- гендіктен, Кеңестік әдет жалғастырылды. Интер-национал- дық тәрбие сақталды. Қазақ ултына өз жерінде отырса да жағдай жасалмады. Тәуелсіздік алуымызбен өрлеген улттық рухты устап тура алмай төмендетіп алдық. Ел коммунистік дағдымен биленді. Билік басында улттық сезім-түйсігі жоқ, улттық қундылықтардан журдай азаматтар отырып қалды. Кеңестік жүйемен етене бітісіп кеткен кейбір қызметкерлер Кеңес Одағының ыдырауын трагедия деп санады. Өтірігі көп, ешбір жауапкершілігі жоқ жалған қоғамды көксеулерін қоймады. Ал шындығында бул улттық рухтың жоқтығынан, ана тілін білмеуден шыққан болашағы күңгірт жандардың қорқынышы еді. Басқаның сасығына қумар, өздігінен күн көре алар ма. Осындайлардың кесірінен намысты табыспен ауыстырып алған азаматтардың көптігі рухани күштің жан- дануына кедергі жасауда.

Кеңес Одағынан улттық рухын әлсіретіп шыққан тек қазақ улты болды. Ең арғысы Балтық жағалауы, Қап тауы республикаларын алмағанның өзінде Түркия, Қы- тай, Моңғолия, Иранда туратын қазақтардың ана тілін, улттық әдет-ғурпын білмейтіндері жоқ. Ал біз өз еліміз, өз жерімізде турсақ та ана тіліміздің өзін бәріміз біле бермейміз. Бір улт, бір тіл өскендіктің, өркениеттіліктің белгісі. Халықтың улылығы - оның ана тілінің улылығын- да. Ана тілін білмеген - білімсіз.

Жастулпарлықтар мемлекеттік қызметке белсене ара- ласты. Мурат Әуезов парламент депутаты болса, Болатхан Тайжанов Сыртқы істер министрлігінде басшылық қызмет атқарды. Олар ултын, мәдениетін, тілін, туған жерін сүйетін жастарды төңірегіне жинады. Тәуелсіздікті нығайту улттық

183

 

- идея көзі деп есептеді. Ұлттық мүддені ең алдыңғы қатар- ға қойды. Болатхан Тайжанов экономиканы жекешелендіру барысындағы өкіметің жекелеген саясатымен - келіспеді. Ал Мұрат Әуезов Мемлекттің мәдени-рухани саланы дамытуға жеткілікті көңіл бөлмей отырғанын сынға алды. Жастұлпар- лықтар барлығы дерлік мемлекет байлығы халықтікі деп, ол байлықтың ұстағанның қолында, тістегеннің ауызын- да кетпеуі үшін күресті. Бірақ замана ағымы өзінше үрдіс алды. Рухы әлсіреп, ұлттық мінезі өзгерген қазақ ұлты ата- бабасынан қалған байлық көзінен қайтадан біржолата айы- рыла бастады. Қазаққа ең қиыны жерден айырылу болды... Қорқақтан момын жаман болып шықты. Мұрат Әуезов пен Болатхан Тайжанов көп ұзамай түрлі себептермен екеуі де елшілік қызметке ауысты...

Олардың бір мезгілде шет елге кетуі жастұлпарлықтар- дың саяси белсенділігін бәсеңдетті. Болатхан Тайжанов пен Мұрат Әуезов Қазақстанның Тәуелсіздік туын халы- қаралық денгейде межелі жеріне жеткізіп, ұлтымызды әлемге танытуда қажырлы еңбек етті. Бұл саяси, дипло- матиялық тұлғалардың халықаралық дәрежедегі беделін Эстония Президенті Мери Леннарт -Георгтің Қытай Ха- лық Республикасына жасаған іс сапарынан анық көруге болады. Онда Эстония Президенті Қытайдағы мемлекет аралық іссапары күн тәртібіне Пекиндегі Қазақ елшілігін- де болуды арнайы енгізеді. Бұл Балтық жағалауы мем- лекеттерінің тәуелсіздік алуына қазақ жастарының Жел- тоқсан революциясымен сіңірген тарихи еңбегіне құрмет болатын. Желтоқсан революциясының екпінінен құлаған Кеңестер Одағы құрсауынан Эстонияда азаттық алып еді. Бұл құрмет тәуелсіз Қазақстанның Қытайдағы елшісі- не ғана көрсетілген құрмет емес, жалпы қазақ халқына, жастұлпарлықтардың көсемі Мұрат Әуезовке жасалған ишарат, ризашылық сипатының көрінісі!

Тек, Мұрат Әуезов 1996 жылы дипломатиялық жұмыстан елге оралып, бір жылдай Мәдениетті зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істегенде жастұлпар-

184

 

лықтардың жұмысы қайта жанданды. Осы аз уақыттың ішін- де Мәдени орталық «бостандық аралына» айналды. Көзі тірі «Жастұлпарлықтармен» бірге Алматының зиялы қауымы жиылатын жер болды.

Бірден «Тамыр» саяси-мәдени клубы құрылып, Қазақс- танның бүгіні мен ертеңі жөніндегі қызу сайыстар басталды. Әсіресе Мұрат Әуезовтың Қытайдың сыртқы саясатындағы «Си Юй» түсінігі сияқты Қазақстанның қауіпсіздігіне байла- нысты мәселелер көптеп қаралды. «Си Юй» экспансиялық саясаттың нақты көрінісі, таза қытайлық жаугершілік, арам- за бағыт екен. Клуб мүшелерінің арасынан С. Құттықадам, Н. Масанов, С. Ақатай, М. Балтабаев, С. Қарақұлов, А. Жов- тис, Г. Бельгер, М. Сембин, В. Воронов сияқты азаматтарды көрдік.

Жастұлпарлықтар қайтадан жиналып саясатпен айналы- са бастады. Басында 21 адамнан тұратын «Тамыр» клубы нәр көзі, жақсылық негізі, достық пен сыйластықтың жана- шырлық символы ретінде қалыптасты. Ашық пікір-сайыс алаңы зиялы қауымды елең еткізіп, елінің ертеңін ойлаған азаматтардың басын біріктірді. «Тамыр» клубының жұмы- сы көне мәдениет мәселелерінен басталып, Тәуелсіз Қазақс- танның болашағы туралы сан алуан пікір айтумен жалғасты. Клуб модераторы Мұрат Әуезов пікір сайысына әр саланың мамандарын шақырды. Жұмасына бір рет болатын кездесуге келушілер саны көбейді. Әрине сайысқа қатысушылардың көпшілігі ел ағасы атанып, самайлары бозарған жастұлпар- лықтар болды.

Бұл - нарық, ар мен бардың тайталасын күшейткен кезі еді. Сондықтан «Тамыр» клубы мүшелері экономиканы же- кешелендіру - болмысты ұяттан ауа етіп, сана-сезімді тұман- дандыруымен күресу жолдарын іздеді. Халық жазушысы Герольд Бельгер: «Совсем юным он организовал из талант­ливой казахской молодежи «Жас тулпар», что было в ту суро­вую пору сродни «безумству храбрых», то есть осознанным мужественным поступком уже не мальчика. Дерзновенный национально-интеллектуальный вызов Времени и режиму

185

 

власти «Жас тулпара» осмысливается и поныне. Невозмож­но переоценить значение этого движения в становлении и росте национального самосознания. Наслышан я был о том тогда. Помню, как неистовствовал по этому поводу один из ярых классовых борцов казахской литературы. Помню со- чуственное отношение к «Жас тулпару» и другого аксака­ла, композитора-академика. Однако молодой, задиристый, норовистый тулпар проскакал тогда мимо меня. Но многия годы спустя, когда уже закаленный в политических, идео­логических и житейских бурях Мурат Ауэзов затеял новый кружок под названием «Тамыр» я был удостоен участия на этом пиру интеллектуалов разных национальностей, т. е. я был принят в высокое тамырство страждущих духовной сво­боды казахстанцев.

Точное слово было найдено Муратом Мухтаровичем. Та- мыр-корень, основа. Тамыр-верный друг, побратим. Тамыр -братья среди братьев. Тамыр-сообщество единомышленни­ков, обьединенных высоким порывом, благородной целью.

Таковым и был у нас кружок, или союз как хотите. Под предводительством Мурата мы, человек двадцать, не равно­душных к тому, что происходит в нашем обществе, собира­лись регулярно два раза в месяц в течение нескольких лет и убежденно, искренне и открыто обсуждали злободневные политические, этнографические, государственно-гражданс­кие проблемы и ситуации, осмысливая по всем параметрам все, что творилось вокруг или только-только намечалось или проклевывалось. Со стороны наше тамырство, наши жаркие дебаты могли, возможно показаться чудачеством, донкихотством, сборищем романтиков-вельтфербессеров(- по немецки «улучшателей мира») забавой интеллектуалов, но к нам шли-текли люди, журналисты, писатели, историки, философы, политологи, обществоведы, наши суждения, ус­тановки, выводы понемногу расширяли круг единомышлен­ников. Тамыры знали, что их беседы не исчезнут бесследно, что семена рано или поздно дадут всходы, вольные слова будят чьи - то сердца и души. А наш идейный предводитель,

186

 

тамыр тамыров был абсолютно убежден -о чем он потом скажет в одном из интервью; «А мы жили своей параллель­ной жизнью, и это не есть пассивное состояние. Потому что наше параллельное бытие рождает особую энергию. Оно го­товит отдельные сознания способных людей, которые акти­визируют все то, что зарождается в наших разговорах... и, в конце концов получается какая- то энергия, которая ломает ту самую параллельную химерическую реальность ».

Он прав, Мурат Ауэзов! Тихие беседы интеллектуалов, преисполненные любви к своему народу и отечеству, по­немногу расшатывают твердыню режима, замешанного на опаре временщиков, на шкурническом интересе рыца­рей наживы, не желающих и не способных видеть дальше своего носа.

Біртіндеп «Тамыр» клубының арнасы кеңейіп, ол «Аза­мат» партиясына айналды. Бул саяси партия өз бағдарлама- сында зиялы қауымның мүддесін қорғады, әсіресе ғылым- білім саласындағы мәселелерді өзіне бағыт етті.

Мемлекеттің дурыс дамуы зиялы қауымның көңіл-күйі, болмысының деңгейімен жауапкершілігіне көп байланыс- ты. Елдегі өзгерістерді зиялы қауым бастағанда ғана қоғам мақсатына еш ауыртпашылықсыз жете алады. Жастулпар- лықтар улт болашағының қамы үшін зиялы қауымның орны зор екеніне үлкен мән берді. Билік пен буқара халық арасы- ның көпірі де, улт бірлігі, ел тыныштығын сақтаудың кепілі де солар екендігін түсінді. Зиялы қауымның белсенділігісіз зайырлы қоғам қуру мүмкін емес деп есептеді. «Азамат» партиясы ғылым мен білім саласын, зиялы қауым мүддесін қорғаумен бірге ең басты мәселелердің біріне - қоғамның орынсыз қаналуына жол бермеуді жатқызды. Тәуелсіздікті улттық идея негізіне алып Ұлттық идеология жасауды тез- детуді көздеді. Босаған коммунистік идеология аясына діни экстремистік, жалаң ултшылдық үрдісін еңгізбеуді мақ- сат етті. Біздің халықта феодалдық, капиталистік коғамнан «ащы», қанды болсын социализмге өту тәжірибесі болғаны- мен, социалистік жүйеден капиталистік қарым-қатынасқа

187

 

өту тәжірибесі болмады. Өтпелі кезеңде, улттық болмыс әлі шыңдалу тегіне жетпей жатып, түрлі-түрлі реформаларды халыққа тықпалай беруге қарсы болды. Батыстық үлгімен келген реформалар қалтарысын да улттық қундылықтардың күн тәртібінен түсіп қалмауын қалады.

«Азамат» партиясының ең басты ерекшелігі тарихқа тағлым жасай отырып, болашаққа дурыс бағыт табу бол- ды. Кешегі қасірет-қайғымызға кім кінәлі екенін іздемей, сондай қателіктерге келешекте жол бермейтіндей іс-әре- кеттер қажеттілігін тілге тиек қылды. Өткенді умытуға болмайды, бірақ оған шексіз шырмалып орала берудің қа- жеті шамалы. Жақсы іс, жақсы сөз - жарым ырыс. Партия улттық сабақтастық негізде басқаның қуқығын шектемей, мемлекттік патриоттық тәрбиені күшейтпекші болды. Олар ислам дінін мойындай отырып, дүмшелікке, біржақ- тылыққа жол бермеуді көздеді. Ислам діні Қазақстанда Тәңірлік сенім негізі аруақтың орнын мойындағанда ғана мемлекеттік дін бола алады деп есептеді. Аруақ сыйлаған адам ата-баба дәстүрін умытпай, улттық қундылықтарды жоғалтпай, отаншыл, елшіл, ултшыл келетіне ерекше мән берді. Аруақ сыйлап өскен азамат намысшыл, мінезді ке- леді. Ұлттық рухтың көзі де -мінез бен тектілікте жатыр. Намыстың атына мініп, рухтың туын көтеру - ата-баба та- рихын, улттық муратын дурыс тани білетін адамдардың ғана қолынан келеді. Мінезді, намысшыл тектілер ғана болашақтың сара жолы үшін көтерілістер жасап, қурбан- дыққа бара алады. Жан пида көтерілістер осындай отты жандардың көп жылдарғы өмір тәжрибесінің, ой-тағлым- дарының нәтижесі.

Жастулпарлықтар билікті, демократиялық үрдіс негізі, әртүрлі сипаттағы ой -пікірлерге көп көңіл бөлуге шақырды. Заңды, конституция негізінде қурылған саяси уйымдар өкі- метке қанша сын айтса да онымен санасу керек деп есептеді. Егер де зайырлы оппозиция саяси сахнадан кетсе, оның ор- нын міндетті түрде діни-экстремистік оппозиция толтыруы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Егер азаматтың оппо-

188

 

зициямен түсіністікке жетуіне болатын болса, діни-экстре- мизммен ол мүмкін емес.

«Азамат» партиясының алғашқы жетістіктерінің бірі Ғылым Академиясының таратылуына қарсы жүргізген іс- шаралары болды. Ел басына, өкімет басшысына, қоғам қай- раткерлері мен академик ғалымдардың ашық хатын ұйым- дастырып Ғылым Академиясының жабылуына жол бермеді. Академиктер М. Қозыбаев, С. Зиманов, Т Шарманов және басқа ғалымдар «Азамат» партиясын белсенділікпен қол- дады. Партияның шерулеріне З. Нұрқаділов сияқты белгілі саясаткерлер қатысты. Бұл істердің басы-қасында сол бая- ғы «Жастұлпарлықтар» тұрды. Олар қазақ жандылығымен, жан-жақты білімділігімен ұлттық құндылықтарды толығы- мен меңгерген ұлт элитасының негізін құрады.

Ал «Азамат» партиясы бағдарламалық жағынан Алаш идея- сына негізделген бұрынғы «Жас тұлпар» ұйымының жалғасы болды. Партия жаңа саяси әлеуметтік, тарихи ортаға бейім- делді. Бағдарламасында «Азамат үні» деп аталатын екі тіл- де газет шығару да көзделді. Қазақ тіліндегі газетті Батырхан Дәрімбет, орыс тіліндегісін Сейдахмет Құттықадам басқаруы керек еді. Жалпы «Азамат» партиясы бұқара халықтың мүд- десін қорғай отырып, зайырлы қоғам құруды көздеді. Қандай мемлекет құратынымызды анықтайтын уақыт енді жетті. Ау- руын жасырған өледі. Запранды болсада шындықты айтқанға ештеңе жетпейді деп қоғам қажетіне жарап, жұмыс істемекші болған партияның ғұмыры ұзақ болмады. «Азамат» партиясын түрлі сылтаулармен Әділет министірлігі тіркемеді. Заңды түр- де ашық жұмыс істей алмайтын болғандықтан партия жұмысы тоқтатылды. Демократия үрдісі толық қалыптасып болмаған елде саяси- қоғамдық жұмысқа мүмкіншілік жоқ болып шық- ты. Билік әлсіздігін, саяси төзімсіздігін көрсетіп, шектеу мен тізе батырудың жолына түсуге айналды.

Мұрат Әуезов қандай тегеурін -теперіш көрсе де халқын сатпады, адамгершілігін сақтады, елін тастамады. Егер де сол 90-шы жылдары «Азамат» партиясының құрылып жұ- мыс істеуіне билік кедергі жасамаса, біздің мемлекетіміздің

189

 

саяси-рухани денгейі қандай болар еді. Бүгінгі күннің қо- ғамдағы көп кемшілігіне жол берілмейтіні айдан анық. Онда ертеңіміз не болар екен деген күмән көкейімізге оралмаста еді... Ұлтымыз тек утар еді...

«Азамат» партиясын Тәуелсіздік алғаннан кейінгі заман- ның талабынан жаңарған «Жас тулпар» десек қателеспейміз.

Елу жылда - ел жаңа, жүз жылда - қазан.

Тәуелсіздік жолы - узақ жол, талай ғасырлық ата-бабала- рымыздың ерлік жолы. Қазақ жерінде болған улт-азаттық кө- терілістер улттық шеңберден шығып, басқа улт өкілдерінің де мүддесін қорғады. 1916 жылғы улт-азаттық көтеріліс Ресей империясының ыдырауына, 1986 жылғы Желтоқсан революциясы социалистік жүйенің әлемдік саяси аренадан кетуіне эсер етті.

Адам мен арман егіз. Арман қашанда тың идеялар мен өмірлік мақсат-мураттардың қайнар көзі екенін білеміз. Ал Тәуелсіз мемлекет болу арманы - буған қоса ерлік пен ба- тырлықты, ултшылдық пен даналықты талап етеді. Мил- лиондардың көкірегін шыжғырған шоқ болады ғой, міне сол шоқтың себебін айтып, содан қутылудың көзін меңзе- ген жастулпарлықтар болды. Олар қасиетті қазақ жерінде де азаттықтың ақ таңының ататынына жәй сеніп қана қойған жоқ, соған өз үлестерін қосты. Тарих тағлымын бүгінгі күн- ге өнеге етті. Шежіре-тарихты, улы тулғаларды, ерек оқиға- ларды ел есіне салды. Қайғы-қасірет пен жоғалтқан асылда- рымыз туралы қаймықпай айта алды. Жастулпарлықтар өз дәуірінің тарих арқалатқан жүгін тиесілі жеріне жеткізуге тырысты. Бул саяси жүк - үзілген замана сабақтастығын жалғастыру, Алаш идеясын қайта жандандыру болды. Олар улттық сана, улттық тарих үшін күресті. Азаттық идеясын Алаш зиялыларындай өздерінің күнделікті өмірінде ту қы- лып устады. Алаш азаматтарының өмір жолдары, саяси күресі, таным-түсінігі арқылы өздерінің улттық болмысын шыңдады. Қазақ үшін - тәуелсіздік пен бостандық өмір кре-

190

 

досы деп білді. Ұлттық рух көзін тарихтан іздеп, ежелгі за- ман жетістіктерімен сусындап, оны жаңа замандағы қажеті- не жаратты.

Жас тұлпарлықтар тарихтың жеке адамдардың өмірі, іс- әрекетінен тұратынын дәлелдей алды. Мағыналы, мазмұн- ды, өнегелі-өнерлі ғұмырлар қашан да қоғамның қозғаушы күші екеніне көпшіліктің көзін жеткізді.

Ұлы тұлғалардың тарихтағы орны - қазақтың дәстүрлі таным-түсінігінде бағзы заманнан қалыптасқан үрдіс. Атаға қарап ұл өскен, анаға қарап қыз өскен елде халқына қорған бола алған азаматтарға әрдайым құрметпен қарап, үлгі ал- ған. Қадір тұтып, алақанына салып, сыйлай білген. Қоғамда қаншалықты саяси-идеологиялық өктемділік болып отырға- нына қарамастан, тарихтың қозғаушы күші халық екені ең түйінді ақиқат болып қала береді. Халық қаласа, ханы тү- йесін сойған. Ал елдің, халықтың мүддесін пассионарлық тұлғалардың қорғайтыны табиғи заңдылық.

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов бабалар батыр- лығы, ұлы тұлғалардың тарихтағы орны жөнінде 1944 жылы «Теміржолшы» газетінде былай деп жазған екен: «Ер - ел тарихының белі» дейміз. Ол өзі тірісінде бір танылады. Өзі өткен соң кейінгі ұрпақ қадірін біліп, қасиетін таныған са- йын тағы танылады. Бір кезде бел көрінсе, келер ұрпақ тари- хына өз тұсында көрсетіп кеткен көмегімен, орнатып кеткен туымен, тастап кеткен үлгісімен, нұсқап кеткен бетімен, енді бел ғана емес, биік тұғыр боп, асқар тау болып көрінеді. Та- рихта талай жақсының кейінгі дәуірлерде, талай-талай тағ- дыры бар. Замана деген ұста бар, адам алмасын сол дархан шығарады» - дейді. Ұлы жазушы тарихты тағылымдап, ұлы адамдардың ел өмірінде, халық тарихында алар орны жөнін- де осылай тебіренген.

Ал өмір толқынында ұлты үшін ұлы істерге бара алған жастұлпарлықтардай текті ұл мен қыздардың дүниеге келіп, тарих сахнасына шығуы халықтың тілегі, қазақтың ұлттық рухының көрінісі. Жастұлпарлықтар қазақ ұлтының өткені мен бүгінін саралап, жаңадан ұлттық сана қалыптастыру қа-

191

 

жеттігіне ең алдымен өздерінің көздерін жеткізді. Сезім мен сананың бар қасиет, қуатын көкіректеріне от қылып жинаған қызу қанды ұл-қыздардың жүректері «Мен қазақпын» деп дүрсіл қақты.

Ата-баба аманатын арқалап, ел аралап, қарапайым қазақ- тардың тұрмыс жағдайымен таныса отырып, ұлттық қасиет- терді бойларына сіңірді. Қаланың асфальтында өскен жас- тар, ауылдан армандарына жол іздеді. «Жас тұлпар» ұйымы мүшелері негізінен қалада өсіп, орысша мектеп бітірген, зиялылар жанұяларынан шыққан жастар еді.

Қазақ тілін жақсы білмесе де патриоттық тәрбиелері мықты, өз ұлтының болашағы үшін адал еңбек етсем деп, өскен ұрпақ. Олардың Ресейде, Балтық жағалауы республи- каларында, басқа ортада жүрсе де ана тілін ұштауы, біртін- деп толық меңгеруі бүгінгі жастарға үлгі.

Жастұлпарлықтар замандастарымен салыстырғанда көш бойы озық тұрған, ой-өрісінің, дүниетанымының, жалпы интеллектісінің жоғары дәрежеде болғанымен қоса ең бастысы ұлтшыл болды. Қалың ұйқыдағы маужыраған халқына серпіліс беріп, саналарын тербетіп, рухтарын көтере алулары да осы ұлтшылықтарынан. Ер мен елдің, халық пен батырдың, ерлік пен ездіктің диалектикалық сырын түсіне білді.

Олар намысшыл жастар болды. «Тәуелсіздік біздің маң- дайымызға бұйырмаған. Барымызға қанағат. Кеңес өкіметі аман болсын, бұдан жаманымызда да тойға барғанбыз, бір жөні болар» деушілер қатары көбейген заманда өмір сүр- се де, ұлттық намыстарын төмендеткізбей, ту қылып биік ұстады. Қайда жүрсе де, қай салада қызмет істесе де қазақ екені бесенеден білініп, иісі шығып тұрды. Білімімен, адам- гершіліктерімен көргеннің көзін тойдырып, жас ұрпаққа «мен де сондай болайыншы» деген ой салды. Жүрген жоқ, ұшты, қорқып бұққан жоқ, ұлты үшін қауіп-қатерге баста- рын тікті.

«Анадан шыққан тілімізді, атадан өрбіген тарихымыз- ды бірізділікке салып, халықтың ана тілін, тарихи сана-

192

 

сын қайтару, қаз қалпына келтіру бұдан артық игі тілек, игі мақсат болуы мүмкін емес», - деген сөздерді академик Манаш Қозыбаев жастұлпарлықтарға арнаған. Осындай игілікті істің басында, ұлы мақсатпен халқына ұлтым деп ұмтылған жастұлпарлықтар көпшіліктің көкейіндегісін айтты.

Ұлттық мемлекет болмайынша ұлттық құндылықтар сақталмайды. Ұлт ерекшелігі - өмір элексирі. Ұлылардың барлығы да ұлтын сүйген, нәр алып жетістіктерге жетті, жаңалықтар ашты. Адам жанының инженерлері Шекспир, Достоевский, Сервантес, Солженицын, Бунин, Жумабаев, Әуезов, тағы тағылары өз ұлтына деген махаббаттарының күштілігінен әлемдік деңгейдегі адамзат құндылықтарын дүниеге әкеле алды.

Ұлт - Мемлекет - Тіл. Бұл ұғымдар бір-бірімен байланыс- ты, тамыры да мақсаты да бір қоғамдық құбылыс. Осы үш бәйтерек саланың бір-бірімен тығыздығы сондай олар тең дәрежеде байланысып, сабақтасып дамымаса қоғам өмірінде үлкен келеңсіздіктерге ұрынамыз. Мемлекет ұлттық болма­йынша, сол мемлекет құрушы ұлттың діні жоғары деңгейде дамымайынша, қанша дамыдым дегенімен түпкі нәтиженің бұлдыр болары сөзсіз. Өйткені мемлекет құраушы ұлттың тілі қоғам тілі болмайынша ол сол мемлекетті мекендейтін басқа этнос өкілдерінің басын біріктіре алмайды. Бірігу- бейбіт заманда өмір сүрудің негізгі іргетасы. Бейбітшіліксіз қай қоғамда болсын, диалектикалық даму процестері бузы- лады. Яғни қазақ тілі - мемлекеттік тіл, бірігу, бейбіт өмір сүрудің басты құралы.

Жастұлпарлықтардың басты мақсаты еліміздің Тәуел- сіздігі еді, ол армандары орындалды. Қазақ халқының ұлт- тық санасы оянса деп шырылдап еді, оянды. Салт-дәстүріміз заманға сай жаңғырып жоғалмаса игі еді деп еді, қайта жаңғыруда. Халқымыз тамыры тереңге кеткен ата мұрасын ұмытпаса деп еді, қазағы ата мұрасымен қайта қауышты. Та- рих тек әділетсіздіктен тұрмайды. Оның өзінің заңдылығы, өмір кілті, алмасуы болады екен.

193

 

Өкінішке қарай, 20 жылдан аса Тәуелсіз мемлекет бол- сақ та, улттық рух қундылықтары әлі де ойдағыдай баршаға ортақ түйсік-танымы бола алмай отыр. Қазақ туысшылды- ғынан, бауырмашылдығынан айырылып, қатыгездікті бо- йына сіңіруде. Қайырымдылық қашан да қанында болған қазақ бүгінде мүлде басқа. Ғумыры түрме көрмеген қазақ даласында бүгін түрме көп, тастанды бала көп. Ұлт рухы күшінің көзі ауыл бүгінде басқа. Кезінде улттық қундылық- тар,, ерекшеліктер қалыптасып сақталып келген ауыл бүгін- де тозды. Ауылдың қирап, өзгеруі улттық нәрдің тамырын тасқа тіреді. Ауыл өзі ғана басқаша өмір сүріп турған жоқ, улттың бет бейнесі, психологиясы мен іс-әрекетін өзгертіп отыр. Ұлттық қундылықтар булағы көзінің біртіңдеп бітелуі этностық өркениет, діни таным, ой-болмысты басқаша қа- лыптастыруда. Өркениет ықпалы өкпектеп улттық болмыс- ты өз ырқына көндіруде.

Адам болмысы бір күнде өзгермейді. Тәуелсіз ел болып, өткеннің қатесін түзеткеннің орнына сол кешегінің көлең- кесінен әлі де қорқып жүргендер бар. Қоғамдық ортада, үйдегі тәрбиеде улттық қундылықтар еленбеген жерден па- расатты азаматтың өсіп жетілуі күмәнді. Өзіңдікі қалыптас- паса, басқаға бейімділігің сенің кісілігіңді жояды.

Рухсыз, жігерсіз, ултын сүйе алмаған адам, өзі мойында- мағанымен қулмен тең.

Бүгінде бізге «Қазақ болсақ, өркениетті елдің азаматы, адам боламыз», -деген уран жетіспейді. Бабаларымыздың еңбегін де бағалай алмайтын күйге жеттік. Жиделі бай- сын жеріндегі Мырзашөлдің қумынан бастап, сулу Сыр- дың бойымен Қаратаудың күнгей-теріскейін қатар алып жатқан қалың қоңырат елінің тумасы Алпамыс батырды алайық. Өзбек өкіметі ЮНЕСКО-ның: «Алпамыс батыр дастаны - өзбек халқының улттық эпосы» деген шешімін шығартып, бүкіл әлем деңгейінде атап өтті. Әзірбайжан- дар «Қорқыт ата» кітабының 1500 жылдығын тойлады. Тіпті ата-бабамыздан бері ішіп жеген улттық тағамдары- мыз да өзіміздікі болмай шықты. Қымыз башқурттыкі, қа-

194

 

зы-қарта, жал-жая қырғыздардың улттық тағамы ретінде қужатталып жеке меншікке айналды. Қазақтың еншісі- не тигені бауырсақ. Бауырсақты қай атам тағам деп дәс- түрлеп еді. Қазақ өзіне келгенде өзегі тарылатын дертке душар болды.   «Қыз Жібек» эпосының 500 жылдығын

тойлауда умтылыстар болғанымен, Алматы мен Аста- нада ғана спектакль көрінісінде шағын қауым атап өтті. Тарихи қундылықтарды дәріптеуге келгенде Тәуелсіздік тарихының шылбырымен ноқталанып, жиырма жылдың желісінің шеңберінен узай алмайтын халге жеттік. Та- рихқа тағылым жасалып, улт үлгі алатын дүниелерді әрі кетсе «Жетім қыздың тойындай» ғана қылып атаймыз.

Қозы-Көрпеш - Баян-сулу қиссасының 1500 жылдығын тойлағанда да «Қазақтың улттық лирикалық эпосы» демей, «Түркіге ортақ дүние» деумен болдық. Қозы мен Баян ара- сындағы сүйіспеншілікті қазақ жастарына тән ішкі жан-дү- ниенің ерекшелігі, тазалығы ретінде көрсете де алмадық.

Сол Қорқыт Ата, Алпамыс батыр, Қобыланды батырлар- дың туған жерлері де, мүрделерінің жатқан жері де Қазақ елінде емес пе.

Барымызға ие болатын, жоғалтқанымызды іздейтін, қира- ғанымызды бүтіндейтін уақыттың келгені қай заман. Бардың қадірін білмеген, жоқтықтың қалдығын қушады. Мәдениет ғасырлар бойы қалыптасады. Мәдениетпен бірге улттық сана мен болмыс шыңдалып, улттық қундылықтарға негіз жасайды. Біз бүгін түрік мәдениеті емес, қазақ мәдениетінің мурагеріміз. Көне түрік рухани, материалдық дүниесіне бар- лық түркі халықтарының ішінде қазақтың игілігі мол. Біз қарашаңырақ иесіміз, көненің көзін сақтаушымыз. Тарих - шындықта ғана тарих. Өткенді кемсіте де, былғанышқа орай да алмайсың.

Қазақ халқы табиғи даналығының арқасында елде ешбір ултаралық, дінаралық шиеленістерге жол бермегені жақсы-ақ.

Бірақ, өкінішке орай Қазақстан көп этносты емес, көп ултты ел атанды. Біртіндеп қазақ мәселесін күн тәртібі- нен алып тастадық. Сырттан қараған адам Қазақстанда

195

 

қазақ емес, басқа, жан-жақтан жиналған этностар туратын мемлекет сияқты көрінуге айналды. Шындығында қазақ кеңдігінен көп дүниеден қур қалып келді. Өз елінде, өз жерінде қашан да жалтақтықпен өмір сүрді. Көп ултты республикамыз деп улттық қундылықтардан безді. Тіпті «Түрікпен өз төріне, өзі отырады екен» - деп мысқылда- ды. Ал басқа республикаларда турып жатқан басқа улт өкілдері «біз осы мемлекетті қурып отырған халықтың үйінде, жерінде турып жатырмыз» деген уғыммен өмір сүреді. Бізде аз этнос өкілдері «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» дейді. «Ортақ үй» деген, «иесіз үй» деген уғымға жетелейтінін еске алмаймыз. Қазақстанда туратын басқа улт өкілдерін шөміштен қағатын, шетке ығыстыратын, қысым жасап отырған ешкім жоқ. Тек бір тілек бар. Олар қазақ жерінде, қазақтың қара шаңырағында отырғанын естерінен шығармаулары керек. Өзімшілдік, жабайы улт- шылдық қандай қатерлі болса, шамадан тыс ымырашы- лық та сондай қауіпті. Басқа улттың қамы үшін өз улттық мүддеңді қурбан ету қылмыстың бір түрі.

Адамның арман-тілегін артындағы урпағы жалғасты- рады. Сондықтан да адамзат әрқашан урпағының болаша- ғын ойлайды. Сол үшін өмір сүреді, урпақ бақыты үшін күреседі. Бүгінде Қазақстанда нақтыланған улттық идея- ны анықтауға мүмкіншіліктер жеткілікті. Ең бастысы жер тутастығы, улт муратының бірлігі. Бул екі меже бізге ішкі және сыртқы іс -әрекеттерімізді батыл жүргізуге негіз бола алады.

Ата-баба тарихи сабақтастығы мемлекет деңгейінде сая­си дурыс іс- әрекеттер жүргізуге мумкіншілік жасайды. Та- рихи сабақтастық болмаған жерде мемлекет мүддесінің ор- нын түрлі топтардың мүддесі иеленуі мүмкін...

Жалпы қоғам дамуынан өзіне лайықты орын алуға ум- тылған халық қана улт бола алады. Ал бул үшін шекара мен улттық қундылықтар қажет.

Ата-бабаларымыз мың өліп, мың тіріліп урпағына қал- дырған қазақтың қасиетті жерлерін келімсектердің ішіп-жеп,

196

 

қаннен қаперсіз ойран салатын мекен-жайына айналдыруға жол беру ұлт болашағының тамырына балта шабу.

Ал мемлекет құрушы ұлт, мемлекеттік идеология жасама- йынша қоғамдық даму кедергілеріне кездесе береді. Ұлттық идея болмаған жердегі жетістіктердің ертеңі күмәнді, күні уақытша. Ұлттық идеологиясы болмаған қоғам түрлі руха­ни, діни, мәдени қиындықтарға ұрынады. Мемлекет ұлттық идея негізінде өзінің басты мақсатын нақты қою керек. Діни экстремизмнің пайда болуы, тұлғаның рухани таяздығынан, жан дүние, таным түйсігінің олқылығынан. Шынайы таза сезім мен салиқалы білімге негізделмеген діни көзқарас өте қауіпті. Дін-құлшылықтың көзі болмау керек. Ұлттық идея -мемлекеттік идея болмаған қоғам ерте ме, кеш пе дағдарыс- қа ұшырауы сөзсіз...

Жастұлпарлықтар ұлттық идеяға Қазақ мемлекетінің Тәуелсіздігінен басталып, ынта-жігерді оятып, қазақ мақта- нышы бола алатын жетістіктердің бәрін жатқызды. Ұлттық идеяны тарихи қажеттілік деп есептеді.

Әрине заман талабына, шаруашылығына сай қазақтың тұрмыс-салты мен салт-дәстүрінің өзгеруі заңды құбы- лыс. Бірақ осы өзгерістер барысында ұлттық мүдде, ұлт- тық ерекшелік ұмытылмай даму процесі барысында өз орнын алу керек.

«Жас тұлпар» ұйымының басшылары Мұрат Әуезов пен Болатхан Тайжановтар қазақ болмысындағы абыздық деңгейге жеткен зиялылар. Мұрат Әуезов әке арманын абы- роймен орындаған адал азамат, ұлт мақтанышы болып отыр. Ол қазақ халқының рухани құндылықтарының қорғаушы- сы жанашыры. Мұрат Әуезов өзі жөнінде көп айтпаса да «Мерей тойы» - 70 жасқа толған күндері 1970 жылдардағы күнделігін жариялап, ой-толғаныстарын газет-журнал бет- терінде білдірді. Өткенін саралап, бүгінін тұжырымдап, бо- лашақтың өзекті мәселелеріне көзқарасын айтты. «Өмірдің өзі мейрімнен тұрады. Ол жақсы көру үшін жаралған. Адам- дардың бір -біріне жақсылық жасауы - өмірдің негізгі заң- дарының бірі. Адамды қолдайтын күштер толып жатыр.

197

 

Сондықтан сенімсіздік болмасын. «Үмітсіз-шайтан» деп аталарымыз текке айтпаса керек. Қазақ еш уақытта ұтыл- майтын халық. Менің кейбір достарым «Алдымен жүзге бөлінейік, сосын қайта қосылайық» деген жаңа теориямен шығып жатыр. Мен оған бірден қарсы болдым. Өйткені біз енді ұлт бола білейік. Ұлт болып ұйысуымыз, бірігуіміз ке­рек. Ұлт - ол жаңа сапа. Біз қазір бөлінсек, алдағы уақытта- тас талқан болып кетуіміз мүмкін.

Мен жастарға көп мән беріп қараймын. Үнемі олардың іс- әрекеттерін бақылап отырамын. «Нұр Отанның» «Жас отан» жастар қанаты бар, тағы да басқа ұйымдар «Жас тұлпардың» тәжірибесін пайдаланса, артық болмас еді. «Асыл - тастан, ақыл - жастан». Жастарға сырттан, билік, нұсқау болмауы керек. Олар еркін болуға тиіс. Қателессе де, сол тығырықтан өздері жол тауып шығуы керек. Олар шындықты таба біледі. Ал біреудің нұсқауымен жүрсе, онда олар жастық деген атын жояды, тек орындаушы болып қояды. Оларға бөгет жасамай, қолын қақпауға тиіспіз. Тек ақыл - кеңес беріп отыру керек. Өз өміріммен салыстырып қарағанда, 70-тегі Мұратпен 20- дағы Мұраттың ешқандай айырмашылығы жоқ, қайта 70-тегі Мұрат шаршанқыраған, жалпы ой сапасы жағынан 20-дағы Мұраттың ешқандай кемістігі жоқ. Сондықтан біз жастар- дың жұмыс жасауына еркіндік беруге тиіспіз.

Ұлтжандылық біздің әрқайсымыздың жүрегімізден орын алуға тиіс. Тағы «Жас тұлпарлықтарды» еске алғым келіп отыр. Мен оларға сондай сүйсініп қарайтынмын. Көбі ауыл- дан келген балалар. Мәскеуде жоғары оқу орындарында оқып жүр. Кейбіреуі қазақша түсінбейтін. Бірақ жүрегіміз қазақ деп соғып тұратын. Орманға барып ақсүйек ойнаймыз. Қазақтың мақал - мәтелдерін айтып жарысамыз. Кім орысша сөйлесе соған бес тиын айып салынатын. Ғажап бір кез бо- латын. Қыздар қандай әдемі, жігіттер бәрі дерілік спортпен айналысады. Ұлтжандылық деген бұл - ұлы сезім. Адамды ажарландырып, нұрландырып, жігерлендіріп жібереді. Қа- зақ халқының саны тым аз. Сондықтан біз ұлттың сапалы болуын ойлауымыз керек. Ол үшін нағыз білім болуы ке-

198

 

рек. Тек диплом алу үшін білім қуудың қажеті жоқ, білімнің ұшаң-теңіз тереңіне бойлай білуіміз керек. Алаштың азамат- тары «Сегіз қырлы, бір сырлы» болған. Сыры - осы ұлтжан- дылық. Олар нағыз қазақ бола білді. Біз қазақтығымызды жүрегімізбен сезінуге тиіспіз. Өйткені заман-қатал», - деді.

М. Әуезов мемлекеттік саяси жүйені биліктік, оппозиция- лық деп бөлмей, ұлт болашағына байланысты оң қадамдар- ды әр қашанда қолдап жүр. Мұрат Әуезовтің зиялы қауым- ның алдыңғы шебіндегі биік парасат иесі екенін бірге өскен досы Тимур Сүлейменов былай дәріптейді:

«Мы с 50-х годов жили соседями в одном районе Алма­ты, на соседних улицах. Старьевщики, очереди за хлебом и керосином, кампании по расчистке арыков, драки на улицах «улица -на улицу», футбольные и другие игры, воровство яблок и груш в садах друг у друга - это провода информации, это теле, фото и интернет алматинского разлива, которые за­полняли недостаток информации газет и телевидения, хлеба и зрелищ. На широких, пыльных, мягких как газонное поле, улицах, мы босиком до одурения играли в футбол, в лапту в асыки, лянгу, казаки-разбойники и вообще жили пацанами, одного и разного возраста, наций, сословий, все полуголые, полуголодные и интересные друг для друга.

Я учился в Питере, в тогдашнем Ленинграде, и естествен­но, мы создали Питерский «Жас тулпар», назвав его «Арай», и удивительные встречи московских студентов в Ленинграде в 1963-64 годах встают в памяти. Команда странных людей просвещенных в правде о том, что было и есть, и как надо искать свою сущность в истории, которую мы потеряли, язык, дух и все необходимое для умения читать, шевелить извилинами, видеть -в составе Болатхана Тайжанова, Алтая Кадыржанова, Мурата Ауэзова, красавицы Асии, гармонис­та Марата Балтабаева - тогда прибывала к нам в Питер. И мы, питерские казахи-студенты различных вузов, с интере­сом собирались, водили гостей в свои общаги и вели свои новые «университеты», которые стали дорогой традицией на долгие годы и продолжали быть в Алма-Ате и в других горо­

199

 

дах. Дружба, привязанность и нацеленность, всегда и везде, на познание истин национального, духовного, культурного, которые свойственны характеру и действиям Мурата, объе­диняют и раньше объединяли нас».

Болатхан Тайжанов улт сүюшілік пен улт қажеттілігінің көрігін басып, тың идея, утымды усыныстар жасаған, ақ- тық демі қалғанша ултым деп өмірден өткен жан. Теледи- дар арқылы Дода пікір-сайысына қатысып, қазақ елдігінің ертеңі жөнінде пайымды пікір айтып, барар бағытын, істер ісін көрсетіп берді. Ұлттық идея көздерін әлемдік тәжірибе- лермен салыстырып, демократиялық үрдістерге қалыптасу жолын көрсетті. Ол улттық идея мен мемлекеттік идеология жөнінде былай деді: «Мемлекеттік идеология улттық идея негізінде дамыса, билік пен халықтың үндестігі мен үй- лесімдігі жарасып, аралары жақындайды. Дурыс идеология қашанда өміршең келеді, оны халық қолдайды. Мемлекет қурушы халықтың улттық идеясы жалпыхалықтық идеоло­гия көзін жасай алады. Тәуелсіз мемлекет деңгейінде,

«улт» термині - сол мемлекеттің жеке этносына емес, бүкіл халқына, қүллі аумағына телулі уғым. Өйткені улт сөзі-мем- лекет, ел деген уғымдардың баламасы. Будан шығары мем­лекет азаматы шығу тегіне, дініне қарамай, сол мемлекет қурушы этносқа бейімделуі керек. Олай болмайынша, улт бірлігі, діни төзушілік, достық ара- қатынастардың шынайы болуы мүмкін емес». Болатхан Тайжан мемлекет қураушы улттың тіліне де үлкен саяси мән берді.

Ол\ү «Мемлекеттік тілі бірегей емес, елдің бірлігінің берік, патриотизмінің асқақ болуы өте күмәнді. Ал мемле- кеттік тілді қурметтемейтін адамның сол мемлекеттің өзін қадірлеуі екіталай. Кез келген улт міндетті түрде бір тілде сөйлеп, бір дінге сеніп, біртутас мәдениетті, ортақ салт-дәс- түрді устанатынын еске алсақ, Қазақстанда болашақта «Бір ел, бір тіл, бір улт» уғымы негізгі мақсатқа айналуы тиіс», - деп талай мінбелерден айтты. Сөзі дәлелді болуы үшін Ма­лайзия сияқты елдердің тіл мәселесіндегі қиыншылықтарды қалай жеңгені жөніндегі тәжірибелерімен ой бөлісті.

200

 

Жастулпарлықтар және олардың ізбасарлары Қызыл империяның күйреуіне, социалистік идеяның әлсіреуіне өз әсерлерін тигізді. Қазақстанның Тәуелсіздік алуына ширек ғасыр улан-асыр күш жумсап, жас урпақты күреске тәрбиеледі. «Жас тулпар» уйымы идеясы бүгінде улттық рухымыздың діңгегі іспеттес. Кеңестік тоталитарлық мо- делге қарсы шыққан алғашқы қарлығаштарымыз да солар. Жастулпарлықтар қазақ жерінде әлі де қуйса толмайтын, толса аспайтын, қайрамай өтетін, қимай кесетін ул мен қыздардың барлығын көрсетті. Ұлтым деген барша жасқа үлгі бола алды.

«Жас тулпар» қозғалысы мыңдаған жастардың басын қосып, санасын оятты. Жастулпарлықтардың қатарынан қа- зақ зиялы қауымының жаңа буыны өсіп шықты. Қазақтың ар- намысы, тіреуі, ақылы бола алған талантты азаматта- ры шыңдалды. Кезінде «ашаю-жабаю» деп мазаққа ілік- кен жастар қазақ тілін біліп қана қойған жоқ, оны қадірлеп мемлекеттік деңгейге көтерілуіне ат салысты. Саяси күрес барысында сарқылмас қайрат жинап, заманымыздың сали- қалы тулғаларына айналды. Ұлтшылдықтарының арқасын- да Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет болуына үлес те қосты, өздері де өсті. Әсіресе білім, ғылым, өнер және өнеркәсіп саласының талай көш бастар майталмандары шықты. Олар- дың ішінде Қазақстан Ғылым Академиясының Президенті, Лениндік сыйлықтың лауреаты Мурат Айтхожин, лазерлік қару саласының маманы, КСРО мемлекеттік сыйлығы лау­реаты, Казақстан Республикасы вице премьер-министрі Ға- лым Әбілсейітов, білім министрі Шайсултан Шаяхметов, Қазақстан улттық ядролық орталығы бас директоры Қайрат Қадыржанов, «Алматы энергия жүйесі» бас директоры Ал­тай Қадыржанов, Қазақстанның биотехнологиялық улттық орталығының бас директоры, академик Мурат Ғылманов, Ғылым академиясының биоинженерлік институты директо­ры, академик Ізбасар Рахымбаев, дефектология саласының уйымдастырушы академик Жәмилә Намазбаева, Қазақстан байланыс министрі орынбасары Алдар Туңғышбаевтар бар.

201

 

Ғұлама ғалым Мақаш Тәтім Қазақстандағы демография ғылымы саласын ұйымдастырып, қазақтың саны мен сапа- сын зерттеуде. Советқазы Ақатай ғылым мен қоғам жұмы- сын тең ұстап, халқына қызмет етуден жалықпады. Марат Сембі көне тарих көмбелерін ашып, ел ағасы болса, Тимур Сүлейменов сәулет өнері саласының майталманы аталды. М. Балтабаев, С. Елеусізов, Б. Қарақұлов музыка өнері сала- сында үлкен жетістіктерге жетті.

Жалпы жастұлпарлықтар ғылым мен білім, өнер саласын- да алтын әріппен жазылатындай мәңгілік істер қалдырды. Ойшыл-журналист Жанболат Аупбаевтың сөзімен айтқанда, жастұлпарлықтар сонау 60-шы жылдары Мәскеуде жүріп-ақ іс-әрекеттері арқылы өздеріне мәңгілік өмір сыйлаған аза- маттар.

Жастұлпарлықтар бүгінде саяси аренадан, қоғам-дағы өзгерістерден де тыс қалмай отыр. Олардың парасаттылық- тары, отан сүйгіштік қасиеттері әлі де өз күшінде. Елім, қа- зағым деген жас ұрпақ сусындай алатын үлкен мұхит. Ар- ұждандарын жоғары ұстап, елдегі үлкенді-кішілі оқиғаларға ащы-тұщысына қарамай әділ бағасын берулері де соның ай- ғағы. Ұлт болашағы ұйытып, армандарына жеткен жастұл- парлықтар әлі бірге. Бүгінгі таңда да қатарлары табиғат за- ңымен селдіресе де Мұрат Әуезов ұйымдастырып жүрген « Ұлы жібек жолы үстіндегі сұбхаттар» атты мәдени-рухани бағдарламаны іске асыруда. Орталық Азия мемлекеттерінің зиялы қауымның басын қосып, аймақтағы көне мәдени-ру- хани байланыстарды қалпына келтірудің жолын іздестіру- де. Түбі бір, бауырлас түркі тектес ұлттардың ортақ мәдени құндылықтарының тарихи сабақтастығының қажеттілігін дәріптеп жүр. Бағдарлама аясындағы «Ыстықкөл жағасын- дағы кездесулері» сияқты семинар кеңесінің бірнеше бас қосулары өтті. Қазақ, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік зиялы қауымының ортақ жобалары өз нәтижелерін бере бастады. Күн тәртібінде Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени, ру- хани, саяси бірлігінің негізінде әлемдік өркениеттен өзіне тиесілі тұғырлы орынға жету мақсаты тұр...

202

 

Жастулпарлықтар Көктөбеге шығып, қазақ зиялы қауы- мының ақсақалдарына айналса да көңілдері жас, рухта- ры биік. Бары бабына келсін, жоғының орны толсын деген ниетпен елінің болашағы үшін ерінбей еңбек етуде. «Еліңе еңбегі сіңбей атақ алғанша, еңбегің сіңіп атақсыз қалған абырой» деп жүріп жатыр. Ұлт болашағы жастулпарлықтар- дың көкейлерінен бір сәт те кеткен емес. Оған Қазақстанның Тәуелсіздігіне қауіп келуі мүмкін деген Мурат Әуезовтің Қы- тайдың, ал Болатхан Тайжанның Ресей саясатынан сақ болу керек деп алаңдаушылық білдіргендері дәлел. Тәжірибелі дипломаттардың қауіптері өмір тезінен өткізіліп, сыртқы саясаттың қупия, қыр -сырына негізделген. Шындығында, Қазақстанның жер қойнауындағы орасан-зор байлығы мем- лекет дурыс саясат жүргізбесе, «улттық трагедияға» әкелуі мүмкін. Жер шарында жылдан -жылға қазба байлық, шикізат азаюда. Ғылыми -техникалық даму жылу - энергетика көзін көптеп қажет етуде. Бул қажеттілік жыл сайын артып отыр. Әсіресе Қытай, АҚШ сияқты Ұлы мемлекеттердің арандары ашылуда.

Біз Бүгінде көп векторлы саясаттың арқасында елге көп инвестрлер тарттық, қауіпсіздігімізге Ұлы мемлекеттерден кепілдік алдық деп мәзбіз. Судың да сурауы бар. Шет елдік- терге иелікке берген дүниелерімізді қайтара аламыз ба?! Өз дүниелерімізге өзіміз қашан иелік етеміз?! Инвесторлардың өте қолайлы жағдай жасағасын келгенін, қауіпсіздік кепілін ядролық қаруға айырбастап алғанымызды умытпағанымыз жөн.

Егер сәті түсіп, АҚШ пен Батыс мемлекеттерінің қо- лындағы қазба байлық көздерін қайтаруға мүмкіншілік болса да, Қытайдың қолына түскен меншіктің қайтары- луы күмәнді. Батыста демократиялық үрдіс қалыптасқан, ал Азиялық Қытай байлықтан өлсе де тайынбайды. Қытай өз мемлекетінің мүддесі үшін кімді болса да қурбандыққа шалуға барады. Сондықтан да бізге қанша тиімсіз болса да шет елдік инвесторлардың енді Қазақстан жерінен ке- ту-кетпеуі екі талай.

203

 

Жаман айтпай-жақсы жоқ. Бүгінде қырғиқабақ ¥лы мемлекеттер мүдде бірліктеріне қолайлы жағдай туа қалса, өткенге көз жұмып ауыз жаласа қалары сөзсіз. У. Черчилль айтқандай«¥лы мемлекеттердің достары да жаулары да жоқ. Тек мемлекет мүддесі бар» екенін естен шығармау керек-ау.

Олар қолайлы сәт туса, байлыққа, геосаяси мүд- делікке қызығып, көздеріне қан толып, Қазақстанның Тәуелсіздігін құрбандыққа шалып, жерін бөліске сал- мастарына кім кепіл?! Ал жаугершілікке қитұрқы сылтау -желеу қашанда жеткілікті. Ирак, Египет, Ливия мемле- кетеріндегі қан-төгістер бізге ойтүрткі. «Жас тұлпар» ұйымының салған жолы елу жыл өтсе де өз жалғасын тауып отыр. Жастұлпарлықтардың үлгісімен тарихи са- бақтастықты жалғастырып, Қазақстаннан тыс жерлердегі қазақ жастары ұлттық-мәдени орталықтарын құрып жұ- мыс істеп жүр. Шет елдердегі қандастарымызбен бірігіп, қазақ тілі мен мәдениетін меңгеруге ат салысуда. Қазақс- танның Халық ассамблеясымен тығыз байланыс орнатып, қандас бауырларымыз бен ата-жұрт арасындағы байланыс көпіріне айналған. Бұл іс-шаралар да Санкт-Петербург қа- ласындағы «Ата-мекен» қазақ қоғамының «Достар» атты жас қанаты басқаларға үлгі. Олар «Нұр Отан» партиясы- ның «Жас Отан» жастар бірлестіктерімен тығыз байланыс жасап, бірігіп жасаған бағдарлама негізінде жұмыс жасап жүр.

Жастұлпарлықтар мақтануға тұрарлық, аз да болса мәр- тебесі биік аға буын. Әлі де «Жас тұлпарлықтардың» жүріс- тұрысы, сөйлеген сөздерінен өмірге деген өзіндік көзқарас- ты, ішкі жан-дүниелерінің тазалығын аңғарасың. Табиғат заңымен қатарлары сирегенімен, жылдар жылымына ілескен «Жас тұлпарлықтар» кеуделері мұң мен сырға бірдей отан- шыл, қазақшыл болып қала береді... Олар қазақ халқының алдында өз азаматтық борыштарын абыройымен орындап, армандарына жеткен жандар.

Біз тарихымызға сол «Жастұлпарлықтар», «Сары-арқа-лық-

204

 

тар», «Желтоқсандықтардың» көзқарасы, іс-әрекетімен қарасақ қателеспейміз. Біз олардан бүгін ғана емес, болашақта да адал- дықтың, парасаттылықтың, тазалықтың, зиялылықтың үлгі- өнегесі ретінде үлгі аларымыз сөзсіз.

Болашақта қазақ болу, қазақша сөйлеу, қазақтың ән-жырын айту, қазақша жөн-жоралғы өткізу әлеуметтік мәртебе болсын десек, «Жас тұлпар» сияқты қозғалыстардың тарихтан алатын өз орнын көрсетіп бағалауымыз керек. Біз сана-сезімімізді, ұлттық менталитетімізді құрсаулаған ұзақ ғасырлық отаршы- лық жүйе үйреткен жалтақтығымыздан неғұрлым тез арылсақ, соғұрлым ұлттық болмысымыз шыңдала түседі.

«Жас тұлпар» ұйымының жүріп өткен жолы Қазақ-стан- дағы Тәуелсіздік үшін күрес жылдарының үлкен бір тарихи кезеңі.

Мәскеу, 2012 қараша, 2013 сәуір

АЗАТТЫҚ АҢСАҒАН САРЫАРҚА

Абылай аспас арқаның алтын асыл белі. Ақселеулі күмістей жылтыраған кең жазық дала көсіліп жатыр. Са- рыарқаның күнгейінде алыстан мен мұндалап қарауытқан бұлдыр сағымданады. Бұл Бестөбе кенішінің шахта тер- рикондары.

Бестөбені былайғы жұрт тас тақыр дейді. Өйткені аяқ асты сеңсіген тас. Арқаның бар желі де осы жерден өтеді. Қыс боранды суық, жаз қапа ыстық. Жауған жауын жер- ге сіңіп үлгермей күн қызуымен тез буланады. Биыл да көктем ерте келіп қыстайғы көше-қотанға жиылған қар аз күнде еріп, жыра-жыраны қуалап жоқ болды. Маусым ыс- тық. Ашық аспан тазарып биіктеп кеткен. Төбеге келген күн қызуы тасты жерді ысытып, шақырайып тұр. Күн қы- зуы жайылған ауа дем алған сайын таңдайыңды кептіреді. Ауыр диірмендер ұнтақтап үгіткен тастар борай салады. Өндіріс көшелерінің ық жағын фабрика котлованынан ұшқан ақ тозаң да алып етеді.

205

 

Ерейментау, Сілеті өңіріне орналасқан алтын кенді Бестөбе қалашығының Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі елді мекендер сияқты атпар-қатпар сыңсып жатқан қат- қабат тарихы бар. Бөгенбай, Жантай, Атан батырлардың рухынан күш алып, Үмбетай, Бұхар жыраулардың жыр- ларымен Қазыбек, Саққұлақ билердің сөздеріне, Иман- жүсіптің, Естайдың әндеріне шөлін қандырып өскен ел. Бестөбе заман тауқіметі өмір соқпағының ерекшелігінен болар өзгеше бір ынтымағы жарасқан пейілдесті мекен. Үш облыстың: Ақмола, Көкшетау, Павлодардың қиылыс- қан түкпіріне тебіндене орналасқан қалашық өз басын ер- теден бастайды.

Кеніштің алтынын алғаш құдықтық-дудкалық әдіспен 13-ші ғасырда монғолдар қазыпты, кейін 19-ғасырда бұл жерлерде ағылшын-неміс компаниялары істеген. Ал совет өкіметі орнаған соң 20-шы жылдардың соңында бұл руд­ник жанданып, шахтерлер жетпегендіктен Қазақстанның солтүстік төңірегіндегі молла, қажы-қожаларды жан ұяла- рымен көшіріп әкеліп жұмысқа салыпты. Өкімет тарапынан жергілікті тұрғындарға сол кезден басталған сенімсіздік 60- шы жылдардың соңына дейін тәртіпті түрде тақтайдай бо­лып қатып тұрды...

Айына бір рет қаладан уәкілдер келіп, рудниктегі молла- ларды еңкейген кәрі жастарына қарамай милицияға шақы- рып ”намаз оқытпаймыз, жаназа шығармаймыз, балаларды сүндетке отырғызбаймыз” дегізіп, қорқытып қол хат алу жұ- мыстарын тиянақты істеді.

Ақпақтың да шақпағы бар. Кейде қызмет бабымен келген уәкіл заңшылар неміс-поляк діншілдеріне көбірек тиісіп, моллалардан жасқақтайтын. Өйткені жер айдалып келген моллалар, қажы-қалпелердің құранмен ауру емдей алатын ерекше қасиеттері бар кісілер еді. Шахма қалпе үйіне ғана емес, рудникке келген кісілердің пиғылын біліп отырса, Ләтіп, Жақып, Сабыр моллалар дұғамен есі ауыс- қан адамдарға ақыл енгізетін. Ал қағазға ішірткі жазып, ширықтап қыстыртып ауырған тісіңді бірден жазу, не бол-

206

 

маса ит болып шошыған нәрестелерді емдеу моллалардың бәрінің дерлік қолынан келе беретін. Бірақ мен ешқайсы- сының мен молламын, мен мынаңды істедім дегенін есті- мек турсын, сол кісілердің қатты сөйлегенін, не балағатын естіп көрмеппін. Екі үйдің бірінде не молла, не қажы-қо- жа турды. Жасынан намаз оқыған, рухтарының күштілігі- нен шығар, қанша қуғын-сүргін, жоқшылық-қиыншылық көрсе де ақсақалдар мойымай, 80-нен аспай 100-ге жетпей қайтыс болғандары жоқтың қасы. Бәрі де дәл сағаттарын білмесе де, қайтатын күнін жобалап, дәреттерін алып, қи- сайып жатып көздерін жумды ...

Бірде өкімет қажы-моллалардың беделін түсіру үшін ил­люзионист фокусникті балгер қылып рудникке жібермей ме?! Әлгінің істемейтіні жоқ, «ә» десе аузынан от жалын- дайды, «б» десе қулағынан жумыртқа шығады, стақан жей ме керек... Сөзге шешен, әсіресе, тәрелкені шамға қаратып айналдырып, жан уяңда жақсылық болсын десең не істеу керек екенін суша ағызады. Арасында дін апиын екенін, моллалардың дүмше екенін баса айтады. Журт гу-гу. Үй- реншікті тыныш өмір шынаяқтай сынды. Қотанды соғыс басталғандағыдай белгісіздіктің, үрейдің қара булты қап- тай қалды. Түсініксіздік, “бул ненің” күмәні күшейді? Әлгі көріпкеліміз көшелерді жағалай аралап, жорамалын күннен- күнге күшейтіп елді дүрліктіре берді. Кезек Шахме қалпе үйіне келді. Журт не болар екен деп анталауда. Шахма қал- пенің бәйбішесі Ақжарқын өте момын, қолы ашық, не бол- са соған сенетін ақкөңіл жан еді. Көріпкеліміз төргі қалпе отырған жаққа бармай, кіре берістегі ауыз үйдегі столдан шыныаяқ табасын ала сала, судырай жөнелмей ме. Ағызсын кеп. Дүниені төңкеріп, жетістіктің, тірі жүргеніміз, аманды- ғымыздың бәрін компартияның басшылығына әкеле береді. Бір кезде әлгі сабаз шыныаяқ табасын қос қолдап жоғары көтеріп айналдырған күйі қатсын да қалсын. Тілі де байлан- ған. Журт у-шу.

Мен өзім шамалас усақ балалармен бәрін көзіммен көріп таң қалғам. Шахма қалпенің үйінің қасындағы ертелі-кеш

207

 

бірден-бір апыр-топыр шу сол шығар. Ақыры не керек әлгі көріпкел есін жиып ақсақалдардан кешірім сурап, еңдігәрі кім сураса да, бундай сурқиялыққа бармайтынын айтып та- банын жалтыратты. Содан булай басқа жақтан не көріпкел, не емші, бақсы-балгер мүлдем келмеді. Дінге қарсы үгіт жүргізетін насихатшылар да орталықтағы парткомда жина- лыс өткізумен жумысын доғаратын болды. Мектептегі ораза устады ма, устамады ма деп балаларға су ішкізіп, тексерілу- де пышақ кескендей шорт тиылды...

Өзін саралап танымаган жан өзгенің қадіріне жеткен бе. Бестөбеліктер дүние танудың ұзақ жолының шетін өз- дерінен бастайды. Толғанады, көргендерін өмірден жинаган тәжірибе елегінен өткізеді, болашаққа дұрыс жол іздейді. Жылжып жатқан өгіз аяң, құмырысқа көшті советтік өмірді «сұбыхандары сүймесе де» басцага шара жоқ, амал- сыздан көндігеді. Күн шыга басталып қас қарая аяқтала- тын қыбыр-жыбыр ауылдың тірлігімен шырмалып жүреді де қояды.

Барды баламай, жоқты санамайтын ақкөңіл қолындагы барын бере салып өзі тақыр жүретіндер де кездеседі. Олар үшін өкіметтің сөздері құранның сүрелеріндей. Бәрі жақ- сы, бәрі тамаша.

Аштан өліп жатқан ешкім жоқ. Бұдан жаманымыз- да да тойга барганбыз. Согыс болмасын де, деп бірін-бір- ге жалғамалап күн көргендеріне мәз. Өкіметке иек сүйеп, біртіндеп кісіге де иек сүйеп жүргендер. Жабықса, тарықса «құдай жеткізер» жұбаныш қылады.

Қазақ жеріне кешігіп жеткен «жеке басқа табынушылық- ты» әшекерелеуге журт белсене кіріспегендерімен іштегі қалың сең біртіңдеп ери бастады. Басшылыққа есі кеткен есерлерді тағайындап, колхоздастыруын ашаршылықпен жалғастырып ултына жаны ашыр азаматтарын халық жауы қылып аттырған билікке журт әлі де сене қоймады.

Боздақтарынан айырылып сағы сынған халық күнделікті тіршіліктің қамымен әуреленіп жүргендей көрінгенімен орта игілікті ойлар мен іске тола бастады. Бастың аманды-

208

 

ғы, қарынның тойғандығы енді көпшілікті қанағаттандыра алмады.

Ел есін жиып, бағы замандардағыдай ертеңіне көп көңіл бөлуге айналды. Сыртқа көп шығармағандарымен урпағы- на дурыс тәлім-тәрбие, бағыт беріп мақсат-муратына жету көпшіліктің көкейіндегі басты арманы еді. Былай қарасаң жайын жатқан ел, ертеңгісін ойламайтын бала-шаға. Бірақ бәрі булай емес. Жалпы бестөбеліктер турмыс кейістігі жү- ректерін сыздатса да сыр бермей, мойымай жүруге дағды- ланған, әдет-ғурпынан арылмаған тынымсыз жандар. Барға қанағат, жоққа сабыр ететін бір бейуаз журт. Ұлың жақсы болса - қуат, қызың жақсы болса - шуақ деп балалары үшін жандарын беріп жатады.

Күнде қайталанатын әдетіне енген, үйреншікті көрініс- ке өзіміз онша мән бермесекте былайғы журт «жарайды кешегінің қаймағы бузылмаған әдеті бар екен, буған да шүкіршілік» дейді. Аты барда желіп жүріп жер танып, асы барда беріп жүріп ел таныған елдің ырысы, қуты болған ақсақалдар әлі де баршылық еді... Ауылдағы теледидар да, радио да солар. Үлкенге сый қурметті, кішіге ілтипатты бесігіңнен сүйегіңе сіңдіреді. Ақсақалдар кеш болса жина- лып алып, қисса-жырларды немерелеріне жарыстырып оқы- тады. Көршіге келген қонақ көшенің қонағы. Алыстан біреу ат айдап келіп ат басын тіреген үйге ақсақалдардың аяңдап барып жөн сурауы үйреншікті іс.

Атаммен ілесіп мен де барам. Бастапқыда ізет сақтап үңдеңкіремей тымырайысқандарымен әлгіндей болмай әңгіменің тамызығы тутанады. Ат көліктің, ел-журттың амандығы үйреншікті шүйіркелескен көл-көсір салиқа- лы отырысқа жалғасады. Үй иелері де қонақ сыбағасына көршілерді де қосып қотандастырып жібереді. Пейілі кең адамның дастарханының берекелі, майлы мол болатын әдеті емес пе. Қай үйге қонақ келсе де қан шығарылма- ғанымен қара табақты қайқитып сүр ет әкеледі. Қалтадан шыға қоймайтын насыбайлы мүйіз шақшалар жылпылдап қолдан қолға көшеді.

209

 

Біраз әңгімелесіп жөн сұраса келгенде әлгі қонақ өз ауы- лындағы біздің туыстарды білетін, сүйек шатыс құдандалы болып шығады. Атам туыстарға сәлем айтады, аманат қы- лып омыртқаға шақырады.

Келесі күні көршінің қонағы біздің үйдің сыйлы қона- ғына айналады. Омақаның түпкіріндегі апамның ұн салған кебежесі ашылып сүр ет, қазы-қарта шығарылады. Ысталған еттің иісі үйді алып кетеді.

Аумалы төкпелі кезеңнің қуанышын да, өкінішін де көп көргендіктен шыгар бестөбеліктер асып таспайды да, жоқ деп байбалам да салмайды. Қу тірліктің тынымсыз тынысы, бітпейтін әлегіне бой бермейді. Сыртқа шыгара цоймаганымен ұзақ жылдар көкіректерін сыздатқан өт- кеннің зыпырандары да жоқ емес. Оларда ұқсастық көп. Ең бастысы өмірге көзқарас, ішкі жан дүниелеріндегі аз да болса үйлестік. Мүмкін ол тагдырларының күрме жіптей байланып бір болганынан да шыгар... Дегенмен Бестөбеде әлі де қазақтың еркіндігін еске түсіретін ерекше бір жүріс- тұрыстар сақталған. Біздің ауыл да аумаған сіздің ауыл сияқты білмейтіні жоқ. Бір шетінде түшкіргеніне екінші шетіндегілер «жәрәкмәллә» десіп отырады.

Көп тауқыметті, қуғын сүргінді, ашаршылықты көрген адамдардың бастан өткен қиыншылықтарын айтпайтынын аңғарасың. Өз орталары, сыр шертетін ерекше бір сәттер болмаса жұмған ауыздарын ашпайды. Ал өткен күннің бе­лей көріне қалса, ана-мына ұсақ түйекпен сөздің басын бас- қаға бұрып жібереді. Үнсіз қалады. Көздеріндегі мұң мен ой сөзсіз ақ бірден жүрегіңе, жан дүниеңе шымырлап жетеді.

Бестөбенің балалары да ес білгеннен шалдардың сөзін естіп, үлкендерден үлгі алып, ісін істегеннен бе әйтеуір ерте есейеді. Ата баласы болып қасында жүргендіктен шығар, үлкендердің әңгімесін маған көп естуге тура келді. Қыстың дайындығы малға азық шөп шабуға шыққанда әңгімеге қарқ боласың.

Әсіресе жауынды-шашынды күндері шөп шабылмай қос- та қымыз ішіп жатқан шалдар гөй-гөйге басады. Онда да

210

 

соғыстағыларын айтса да, кәмпескенің кесірінен аштан қы- рылғандарын айтпайды.

Үкіметке, компартияға тіл тигізбейді. Әрі кетсе қабақ- тары қатыңқырап, түрлері бұзыла үнсіз қалады. Әңгіменің желісін жастық шақтарының қызықты сәттеріне бұра береді. Шалдардың әңгімесін тыңдай келе, кейде осылар оралма- сын білсе де жастық шақтарын бет алды аңсай береді екен деген тымырсық ой да келеді. Жаспын ғой не істеп жарыта қояр едіңдер деп миығымнан күлемін. Өзім мүлде кәртәй- майтындаймын. Көп әнгімеден есімде қалғаны «Сары ала бие бәйжігіттегі» Құлнияз деген байдың он мың жылқысы кәмпескеленіп кеткенде кемпірі екеуінің аштан өлгені ғана. Бар байлығынан айырылып, 12 қанат киіз үйінің ішінде аш- тан өліп жатқан кәрі шал мен кемпір талай менің де түсіме кірді...

Шалдардың ұшқыр әдемі теңеуі, ойлы да ойнақы әзілді әңгімелерінен өткеннің суретін көргендей боласың. Тарих пен шежіреге айызың қанады. Қанша аумалы-төкпелі, соқ- пақты бастан кешірсе де, цайгы-цасіреттің көлеңкелерін бүркемелеп, өмірдегі асыл әрекеттерді қадірлейді. Шама- лары келгенше сезімдерін жаңбыр тамшыларындай таза ұстауга тырысады. Адам деген атқа магыналы тіршілік қана жарасады деп есептейді. Ақсақалдардың бұнысы көздері жеткен жерден аргыны білгендіктен емес, дүние тірлігінің бояуы қанық цымгауыт, қиын-қыстау сырларын танып білгендіктен болар. Аза артып, бейнет тартық, қу- гын-сүргін, аштық көрдік деп өлімсіреп, мүләйімсіген біреуі жоқ. Керісінше, қысқа гұмырлы адамға сай мәнді өмір сү- рудің үлгісін көрсеткендей.

Елуінші жылдардың ортасынан бастап Қазақстан үшін рухани қасірет басталды. Тың игеру елдің экономикасын кө- тергенімен әлде болса да сақталып келе жатқан салт-дәс- түрді бұзды. Мемлекет тарапынан жасалган экспансияға коммунистік диктатура қыспагында отырган қазақы рух дұрыс қарсылық көрсете алмады. ¥лттықмәдени ерекшелік дагдарысца түсіп пышырады. Коммунистік идеология ұлт-

211

 

тық рухқа қарсы жігі білінбей зілдене жылжыды. ¥лттық мәдениетті қасіреттің қара бұлты жапты.

Колхоздастыруы, ашаршылыгы, соғысы жоя алмаған ұлттық ерекшелік ана тілінің өрісінің тарылуымен бір- ге азая берді. Салт- дәстүрдің азаюы, рухани дағдарыс әкелді. Біртіндеп ана тілін білмейтін балалар көбейіп, ұлт жіктеніп қалалық асфальттық және ауылдық болып екіге бөліне бастады. Атасы мен әжесінің сөзін түсінбейтін не- мерелер жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаулай өсті. Ал осының бәрін істеп, ызбарын төгіп түрган Компартия ту- ралы күдікті ойдың өзі қорқыныш әкеледі.

Рудниктегі 3 мектептің бірі - таза қазақ мектебі. Оған ерекше мән беруіміз 60-шы жылдардағы коммунизмге 20 жыл қалып, асыра сілтеуден төңіректегі аудан-қалаларда- ғы барлық қазақ мектептері түгелдей жабылған болатын. Қазақша оқыса орысшаны нашар біледі, ештеңеге жара- май, оқуға түсе алмай қой бағып далада қалады деп, жұрт бір-бірімен жарысып балаларын орыс кластарына жаппай берген. «Хрущевтік жылымық» Сарыарқа жері үшін тың игеруден басталып, ауылдың іргесіне дейін жүгері егу- мен жалғасып, ұлтаралық достықты күшейту үшін қазақ мектептерінің жабылуымен аяқталды. Жылқының бәрі ке- рексіздіктен сойылып, ауылдағы әр үй тек бір сиыр, төрт қой ғана ұстауға қақылы болды. Тамақты көп жейтіндік- тен ауылдағы иттер бір күнде қырылып атылды. Ауыл ант ұрғандай тып-типыл болып, көшеде үретін бірде-бір ит қалмады...

Бестөбеліктердің қашанда көңілін ашып шерін тарқатар ән мен күй ғана. Біржан, Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Естайдің әндерінсіз жиын-той өтпейді. Әсіресе Иманжүсіптің Ерей- ментауын жас баладан еңкейген кәріге дейін орындайды.

Абылай аспас Арқаның сарай белі,

Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі.

Қырық мың жылқы жалдаса лайланбас,

Нияздың Аюлы мен Қарай көлі.

212

 

Бұғылы мен Тағылы бүркіт салған,

Ұйпалақтап бауырынан түлкімді алған.

Есіл, Нұра, Ереймен, Қара қойтас,

Көзімнен бұлбұл ұштың дүние жалған.

Ішім жалын болса да, құр денем сау,

Маған десең, көз жасым, жаңбыр боп жау.

Бүркіт ұстап басыңа бір шығар ем,

Көзіме бір көрінші Ерейментау.

Әрбір тарихи кезеңнің өз әні өз өлеңі бар. Жұрттың мұ- ңына ортақтасып, жоғын жоқтайтын, рухының діңгегін берік ұстайтын тұлғаларды уақыт-өмір айдынына қалықта- тып алып шығады екен.

Рухсыздану саясатының ағысына қарсы Шәмші Қалдая- қовтың әндері дүниеге келді. Бұл әндер өткенді ұмытып жа- йылып бара жатқан жұртты туған жердің қасиеттері арқылы ұшқан ұяларына қайта қонуларына көмектесті. Ән арқылы жан дүние тазаланып, жаңа өмірге ұлттық ерекшеліктерді ұмытпай жетуге тәрбиелейді. Махаббат сезімін оятумен бірге азаттық жырын ала келді. Ұлттық рухты оятып, қай- та жандандырды, бостандықтың сағынышын халқына эн- мен жеткізді. Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындау отан сүйгіштіктің символына айналды.

Ғабит Мүсірепов айтқандай «көзге көрінбейтін, қолға ұс- тауға келмейтін ән мен өлең ғасырлар бойы ел ойында қала беріпті, қорлана беріпті, оята беріпті, сергіте беріпті».

Қазақ жастары 20-ғасырдың 70-жылдары жазушылардың тарихи романдары, Есік қаласының қасынан Алтын Адам- ның табылуының әсерімен тарихпен таңдарын атырып, күндерін батырып жүрді. Бұл оянған ұлттық болмыстың, сананың ондаған жылдардағы отарлық қанаудың Қазақ эт- носының тарихи негізі жоқ деген “қатпа идеологиялық” қа- ғидасына қарсы қаһар еді. Ұлтым, болашағым, атамекенім деген мектеп бітіруші ұл-қыздар ҚазГу-дің тарих факуль- тетіне түсуді армандады. Ал зиялы қауым ұрпағына ұлтының тарихын, ата-баба шежіресін білдіруге ұмтылды. Әсіресе соңғы уақыттағы ұзынқұлақтың елге жеткізген Мәскеу мен

213

 

Ленинградта оқитын қазақ жастарының істері көпшіліктің аузында жүрді. Олар қазақ өссін, өзінің мәдениетін дамы- тып, тарихын, шыққан тегін умытпасын деп жумыс істеп жатыр екен. Ұйымдарының аттарын да «Жас Тулпар» деп қойыпты. Басшыларының ішінде Мухтар Әуезовтың улы Мурат Әуезов те бар екен деген гу-гу сөз елге тез-ақ тарап, жастарды да елең еткізді.

Айтылмаса да журттың көкейінде жүрген мәселе болған- дықтан ел «Біз ойлағанды жастар жоғарғы жаққа жеткізіп жатыр екен ғой. Елдің ертеңін ойлайтын білімді жастар аман болсын»- деп желпініп қалды. Әй қайдам жоғарғы жағыңды, бізді туғыртып, басып отырған өздері емес пе. Ертең-ақ ол жастардың тамырына балта салып қуртпасына кім кепіл. Та- лай маңғаздардан айырылдық қой дегендер де болды.

Эй, не шықса да өзімізден шығады. Жастар қыршынынан қиылса соған кінәлі өзіміз. Бір бірімізге жанымыз ашымай- ды. Әркім өзімен-өзі әлек. Жақынға да, алысқа да қол ушын беруден қалдық. Кешегі ашаршылықты да, «халық жауларын да» түртпектеп көрсеткен өзіміз емес пе. Қара басымызға қунтымыз жоқ, басқаға қалай пана боламыз.

 Иә, иә, мың айдаған байымызды да, ултының болаша- ғын ойлаған зиялыларымызды да өзіміз устап бердік.

 Болды енді, қайдағы жоқты айтып, жылауларың таусыл- майды. Одан да кәне, Қажыкен домбыраңды алып әу деші. Өткенде Алматыдағы бір мықты қазақ, бізге домбыра не ке- рек, ол ескіліктің белгісі деп шатыпты. Домбыра ғой шіркін, шерді тарқатып, бізді ғасырлар бойы адам қылып келе жат- қан...

Әнші жігіт Естайдың Қусни-Қорланын шырқап кетті. Бундай әңгімелер ойын-той, өлім-жітім бар, бас қосылған жерлердегі әдетке айналды. Көпшілік өкіметтің ыңғайына көшіп өлімді жерде молда семіреді, біз маймылдан тараға- мыз деген ойдан біржолата арылып, қанға сіңген әдет-ғу- рып қасиеттерін қайта жандандыруға тырысты. Домбыра- шы муңды шертпе күйге басты. Күй әлдебір орны толмас өкініштің өксігіндей эсер етті.

214

 

Күй бітер-бітпесте ата-бабамыздың өзі болмаса да, көзін- дей болған қасиетті домбыраны ескінің қалдығы деп жүр- гендерде уят жоқ шығар тегі десті.

Жас тұлпар деген сөз арманшыл жастардың болашаққа деген қиял қанатына айналды...

Маусымның шаңқан ашық, желсіз тынық күндері шеке қыздырады. Сарыарқа шілдеге бет алғандықтан күні узарып, түні қысқарып қыза бастаған. Қолға мектеп бітірді деген аттестат та тиді. 1971 жылғы қазақ орта мектебін бітіруші- лердің басым көбі Алматыға бет алмақшымыз. Қат-қабат арман-сезімдер мектеп түлектерін әсем қала Алматыға же- телей берді. Жолға шығатын күн жақындаған сайын күндіз бір орында отырудан, түнде көз іліндіруден қалдық. Алға умтылған үміт-көксеу уйқыны қашырды. Асқақтаған арман дем беріп, көңіл көк дөнен болып шабады. Сарыарқаның саумал желі ушы-қиырсыз даланы шарлап өтіп біздің ауыл- ға да соғып қояды. Күн арқан бойы көтерілгеннен бастап, менің де көңілім күй сазындай сергіп тербелумен болады. Қоңыржай жулдызды түндер уйқыны қашырып, арман қиял- дармен алысқа сүйрейді.

Уақыт өтсеңші. Тосқанда бәрінің шабанданып тарты- нып қалатын әдеті емес пе. Тіпті күн де сағыздай созылып, уясына батпайды. Күндіз түні көкейде тек Алматы. Арман қала. Жер жәннаты. Алматының апортының өскенін көрсем деймін, дәмін татып қуштарланып иіскеп, қумарымнан шық- сам деймін.

Соңғы қоңыраудан бастап мектеп бітіруші ул-қыздар- дың бәрі дерлік кім қайда оқуға барадының дайындығында. Бірәзі унатқан мамандығын қаласа, көпшілігі әйтеуір бір институтқа іліксем дейді. Кейбіреулер қалалардағы туыс- тарын сағаламақшы. Енді біразінің ойы көппен көрген улы той оқуға түсуді сылтаулатып шерден шығып бір қыдырып, қаланы шулатып келу. Ата-аналарында да әбігерлік аз емес. Бірі балаларының мектеп бітіргенін ат шаптырып дүрілдетіп тойласа, енді біреулер тайша-туйша малдарын сатып балала- рының жолына қаржы дайындауында.

215

 

Мектебіміз Республикадағы алдыңғы орын алған, ұстаз- дарымыз тәжірибелі болғанымен жылдан-жылға институтқа түсушілер саны азая берді. Ең бастысы қазақ бөлімі бар инс- титуттар Алматыда ғана. Ол алыс кім болса соның жағдайы жете бермейді. Екіншісі мұғалім жоқтығынан шет тілі оқыл- мағандықтан үш деген баға формальды қойылды. Қалған са- бақтардан бес алғаныңмен әлгі үштің кесірінен конкурстан өтпейсің. Бестөбенің талай білімді өрімдей-өрімдей ұл-қыз- дары институтқа түсе алмай ауылда қалып жатты.

Ертең жол амандығы болса Ақмолаға бет алам. Ар жа- ғына самолетпен ушам, Алматы тиіп тұр. Ұлартқан үміт желпіндіріп, кешкісін үйге сыймай көше аралап кеттім. Бір- екі жолдастарымды ертіп қиял қызуымен өскен жерді қимай жүрдім де қойдым.

Тамыздың кеші жайымен тымырсып барып, жарық айлы тыныштығы мол түнге ұласты. Төңірек күндізгі тіршіліктің таусылмас күйбеңінен болдырып тастай қатып жым-жырт болды. Айдың жансыз жарығымен көкшілденген аспан- да сансыз жұлдыз самсайды. Оларда маған қарап «ақ жол болсын» деп жымыңдайды. Тұра қалсаң құлағыңа дүние тіршілігінің жұмбақталған мол үні келеді.

Кеншілер мәдениет сарайының қасындағы би алаңында- ғы музыка үні қалықтап естіліп қараңғылыққа сіңуде. Әннің әуені көңілге сай келіп, қиялыңды тербейді. Музыка қаны- ңа сіңіп, бойыңдағы қуатты күшейтіп, тұла бойыңа сиқыр болып тарайды. Амалсыз еркіңнен айырыласың, жан дү- ниеңнің түбіндегі жұмбағың есігі ашылып сыртқа шығады. Еліктетеді, еліктейсің. Музыкамен бірге сенің арманың ғана емес өзің де әуендеп қалықтайсың.

Біз үш қабатты мектеп ғимаратының ауласына келіп отыр- дық. Жастар түн ауғанша билегені билеп, билемегені орталық көшедегі «бестөбелік бродвей» аталған асфальт жолмен қол- тықтасып ерсілі-қарсылы жүр. Кей бозбалалардың кең балақ - колокола шалбарларының жиегіне салынған ұсақ шынжырла- ры асфальт сызады. Тар қысқа мини-көйлек киген қыздардың бөкселері бұлтыңдап, сандары ағараңдайды.

216

 

Бала кезден бірге өскен достардың әңгімесі біткен бе, уа- қыттың өте шыққанын байқамаппыз да. Әлгінде ғана төніп самсап турған көп жулдыздардың нуры қарығып биіктеп кеткен. Достарыммен түннің қабағы сейіліп, көк жиектің етегі сазды бауырлана бастағанда ғана, сәл-пәл көз іліндіру үшін үйді-үйімізге тарадық. Әр қайсымыздың алған жолы- мыз басқа. Бір-бірлерімізді қимаймыз. Досыңнан ыстық еш- теңе жоқ шығар бул дүниеде...

Ақмоладан түнделетіп Алматыға бет алған АН-24 ушағы Балқаш қаласының аэропортына жолай қонды. Күндізгі жер- көкті қуырған қапырық азайған. Ұшақтан түсіп қайта міну арасында қасымдағы Қайролла деген жолдасыммен буфетке беттедік. Журттың бәрі дел-сал. Ұшақта уйықтаған жолау- шылар мыж-тыж. Отырғыза бермей мазалап түсіргендеріне кеюлі.

Біз уақыт жеткілікті болғандықтан жолдасыммен аэро- порттың буфетіне беттедік. Келгеніміз сол еді, екеуіміздің де көзіміз бірден буфет қабырғасында өрмелеп жүрген та- рақанға түсті. Тарақан да тоқтай қалып таңырқай бізге қа- рады. Шарасының сыртына теріс айналған көзін төңкере түсіп, узын мурттарын қайшылай бастады. Біз жиіркеніп кезектен үн-түнсіз сыдырылып шығып кеттік. Сәл тітір- кеніп қалғандарымызбен арман буы, алып ушқан жүрек- теріміздің лебі бойымызды сергіте берді. Есілдертіміз Ал- матыға тез жету.

Әрине қиялдарымызбен әлдеқашан Алматы аэропор- тына жеткенбіз. Тек онда бурын болмағандықтан, көкей- леріміздегі Алматыны нақтылы көз алдарымызға елестете алмай әуреміз. Ұшаққа отырдық. Қайтадан жүректеріміздің дүрсілін ушақ моторларының дауысымен бірдей естуге ай- налдық. Уақыт өтсейші ...

Арман асқақтығы қандай ғанибет. Әттең тек ушарға қана- тымыз жоқ. Алматы бірден айналасына шағылысқан айдын көлдей дөңгеленіп жарқ етіп шыға келді. Қапсыра басқан қою қара түн астындағы алтын тас сияқты жарқырап от ша- шады. Жалғыз мен емес, Алматыға бірінші рет келе жатқан

217

 

кісілердің бәрі де иллюминаторға ұмтылды. Алматыға асық- қан адамдар бір мезгілде ерекше бір күйге түсе қалды.

Ұйқыларынан сілкініп, жайдары-шадыман көңіл-күй ұшақ ішін толқытып жіберді. Ұшақ айналды ма керек, әй- теуір жарық үстінде ұзақ ұшты. Ұшақтың дөңгелектері жер- ге тигенде, мотор дауысы құлақ жарардай күшейіп кетті.

Ұшақтан баспалдақпен түсе бергенде суық жел ұрып, дене мұздатты. Қайнап тұрады деген Алматы бойды тау етегінен жеткен салқынымен шымырлатты.

Аэропорт басы күндізгідей жарық. Ығы-жығы халық. Өзімен-өзі болған жұрт. Отырарға орын жоқ. Бастапқыда төңіректі олай-бұлай жүріп қызықтап қарағанымызбен қала- ға кете алмай, алып-ұшқан көңіліміз суыды. Жүретін эксп­ресс 92 автобусы 6-дан жұмысын бастайды екен. Аяқ асты чемодан, сөмке. Аэропорт іші араның ұясындай гуілдеген дауысқа қалықтап тұр.

Еңсесі биік болса да, кішкене аэропорттың осыншама адамды сыйдыруы таңғаларлық. Әлсін-әлсін көп жыл темекі тартқан шахтердей қырылдап ұшақ келіп қонады, арасында тіркеу басталды, не аяқталды деп бір әйел ескі дырылдаған микрофоннан баж ете қалады. Адамның көптігі, жолдың ұзақтығы бізді болдыртты. Ұшақтан түскен беттегі қарқын- нан мүлде арылдық. Оның үстіне буфеттен шәй алып ішпек ниетпен кезексіз өтіп кетеміз деп бір әйелден сөз естіп, сәл болмағанда екі-үш еркектен таяқ жей жаздадық.

Не керек денелеріміз ауырлады, ұйқы да басайын деді. Жұрттан көргендерімізді істеп, сырттағы ағаш арасындағы көгалға чемодандарымызды жастанып қисайдық. Кезекпен ұйықтамақшы болсақ та, шабадан, киім күзету жайына қа- лып, бірден ұйқыға кетіп жоқ болдық.

Қайролла екеуіміз мұрындарымызды жарған апорттың иісінен ояндық. Таң атыпты. Ерекше сезім, жүректерімізді алып ұшырып, кеуделерімізге сыйғызбай, көңілдерімізді ас- панға қалқыта жөнелді. Армандаған Алматы. Алатау да ақ басы ағараңдап, қол созым жерде тұр. Жеттіңдер ме деген- дей, сабырлы сары алтынды кейпімен күлімдейді. Сәлден

218

 

соң, апорттың иісі бас айналдыра бастады. Кешегі жолдың бейнетінен - ақ жауыннан кейінгі даладай тазарып сала бердік.

Жалма-жан шабадандарымызды сүйрете автобустың аял- дамасына жүгірдік. Есілдертіміз университетке тез жету. Аялдамада да автобус күткен узыннан-узақ кезек. Кешегі тэжрибе бар, кезексіз кимелемей сыпайыланып кезек тостық. Қаланың адамдарына уқсап, бәрін білетін адамша өзімізді еркін устауға тырыстық. Бір-бірімізге бірдеңе айтқан бола- мыз, негізінен журт не істер екен деп соларды аңдудамыз. Бізге қарап онша мән берген ешкім жоқ. Кезектің соңын су- райды, қол жүгін аяғымен жылжытып газеттерін оқып тура береді. Сөйлеспейді жөн сураспайды. Өңшең жарма бітеу біреулер...

Ауылдың адамына қаланың унамайтыны содан ғой. Инс- титутқа түсе алмай үйге қайтуға уялып жумыс істеп жүрген көршінің баласы айтқандай. Өңшең тоңмайын, арамза, іш- терінен мерезденген бірдеңелер дегені рас та шығар. Мо- йындары бурылмай өңештеріне таяқ тығып алғандай тікба- қай қақиғандар. Экспресс автобусына міндік-ау, әйтеуір.

Алматы жап-жасыл. Аспанмен тілдескен биік ағаштар әр жерлерде егілген гүлді өрнекті әшекейлер. Қайролла екеуімізде үн жоқ, көзіміз сыртта. Бір-бірлерімізге қарап қал- ғанда алаулаған жүздерімізден бақыт нуры қызарып жылт етеді. Алып ушқан көңілімізді басу үшін, көздерімізді тай- дырып әкетеміз. Автобус бағдаршамға тоқтады. Алдымызда көгалдан салынған Ленин тур. Көзіміз шарамыздан шығып кете жаздады. Автобус орнынан бажылдай күшене қозғал- ғанда Ильич көсем езу тартып күлімдеді. Автобус болмаған- да төбеміз көкке жетіп, кеудеміз қуаныштан жарылып кетер ме еді, әлде қалай.

Журт айтқан аялдамадан түскенімізбен КазГУ-дың ғи- маратын көп іздедік. Өткен-кеткен кісілерден сураймыз “әне” деп көрсетеді, көзімізге биік-биік ағаш арасынан үлкен мекеме, зәулім үй түседі. Шабадандарымызды ар- қалап барамыз, ол не Алматы қонақ үйі, не баспошта, не

219

 

Абай театры болып шығады. Осылай бір квартал жерді ай- налдық та қойдық. Күн ысыйын деді. Шаршадық. Алматы қонақ үйін тағы бір айналып алдында кішкене су шапшы- ған ескі фонтаны бар «Гүлдер» деген кафенің қасына келіп орындыққа отырдық.

Танымайтын қала, ешкімнің-ешкімде ісі жоқ. Қанша- ма пысықайланып, мектептегі балалардың алды болға- нымызбен киімдерімізден де, жүріс-турыстарымыздан да басқа жақтан екендігіміз білініп-ақ тур. Ауылдың сәлемін айта келгендей ескі дөкей шабадандарымыз тағы бар. Со- ғысқа баратындай қасық пышаққа дейін үйдегілер салып берген. Әйтеуір күн ыстық еріп кетеді деп май салмады...

Немересін қыдыртып жүрген үлкен ақсақал бізден көз алмай узақ қарады. Жақындап келіп байыпты жылы дауы- сымен амандасты. Шырайлы, ат жақты, жүзі жылы еңселі ақсары жуқаң кісі екен. Күлімдеген көкшілдеу көздері са- ғынып көрген адамдай жылы тартады.

Біз ауылдағы үйреншікті әдеттерімізбен орындары- мыздан атып-атып турып қол берістік. Ақсақал қоңыр дауысымен қайдан келгендерімізді, елдің жағдайын сурап өзіне тез-ақ үйірді. Бапты, қоңыр дауыспен биязы сөй- леген шал былтыр ғана қайтыс болған атама уқсап кетті. Әсіресе көк көздері күлімдеп сөйлеген сайын бас изегені аумайды атам...

Атамның тері сіңген көйлегінің иісі мурыныма кел­гендей болды. Бауырында өскен атам да институтқа түс- кенімді көре алмай кетті-ау деп ойладым. Тірі болса жүрер еді ғой мына шалға уқсап. Сөз арасынан өзіміздің универ- ситеттің ауласының қасында турғанымызды білдік. Қа- сымыздағы ғимаратты әлде-неше айналғанда КазГУ осы болады-ау деп ойларымызға кірмепті де. Үш қана қабат, көзге сүйкімсіз, өзі жөнделмеген алқам-салқам бірдеме. Есігінің алдында тым болмаса университет деген маңдай- ша жазу да жоқ. Ақсақалмен шала қоштасып, шабадан- дарымызды сүйретіп, университеттің есігіне бет алдық...

Абиур болғанда елден өтіп келген дәрігерлік қужатта-

220

 

рымызды іске асып, бір-ақ күнде айды аспанға атып Каз- ГУ-дің абитуренттері болып шыға келдік.

Абитуриенттік уақыт жанталас, консультация, емти- ханмен зымырап өте шықты. Емтихан күні жерлестер жиналып саған жанашырлық жасайды. Жақсы баға алсаң мерейлері өсіп, көңілденіп қуанып кетеді. Төмен баға не- месе екі алып құлап қалғандарымызды жұбатамыз. Келесі жылы міндетті түрде түсесің деп рухтандырамыз. Жылы сөз айтып жұбатқанымызбен көңілімізді кір шалып, ренжіп қаламыз. Жерлестердің ішінде бір-екі жыл студент болып ысылып қалған Қасымбекова Майра бізді туған інісіндей қамқорлыққа алды. Қаламен таныстырды, оң- солымызды танытты. Ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңып, емтихан тапсырған күндері барлық жерлестердің қасында болды. Ауылыңның баласын туған бауырыңдай көру қанға сіңген қасиетке айналды...

Азапты кезең конкурс болды. Бір орынға 22 адам. Бәрінің балы жоғары. Конкурс тәртібі өте қиын. Әуелі “льготниктер”, жеңілдігі барлар, жетімдер, әскерден кел- гендер, екі жыл жұмыс істегендер өтеді, содан соң барып балыңның санына қарайды. Институтқа түсе алмаған бір бала әжесіне құладым депті. Әжесі сонда байқап жүр- мейсін бе, сенің тұсауыңды Мәкәсияға текке кестіріппін деген екен. Соны естігенде мазақ қылып күлгенбіз. Өгізге туған күннің бұзауға да туатының ойламаппыз. Өз басы- мызға да келді.

Емтихандардың үшеуін де беске тапсырдым. Тек оқыл- маған шет тілінен үш қойып берді. Бұған аттестаттың орта балы қосылып бәрі 23 балл жинадым. Жаман емес сияқты. Жатақханада тұратын абитуриенттер тұра сала универ- ситетке жүгіреміз. Біз асықты деп комиссия асықсын ба, байқаудың шешілімі шықпай қинады. Деканмен кездесу болғанда спортпен айналысам, өлең айтам, би билеймін, оқуды жақсы оқып, тәртіпті боламын деп көпіртіп уәде де бергем. Уақыт өтпей, қорқыныштан жүректің дүрсілі кө- бейіп, ас батпауға айналды.

221

 

Көз майымызды ағызып тосқан тізімде шықты. Оқу- ға түскендердің арасында менің фамилияма тіпті ұқсас фамилия жоқ. Қайта қайта қараймын. Фамилиям жоқ. Сәтсіздіктің қара бұлты басып, көңіл-күй бірден тас-тал- қан болды. Жол болмай үміт үзілген деген осы. Не іс- терімді білмей күйінгенім сонша өмір сүргім келмей кетті.

Бәрі бітті. Жүрегім қысып бір орында тұра алмай ба- сым ауған жаққа жүре бердім. Қанша жүргенім белгісіз, есімді жисам аэровокзалдың кассаларының қасында тұр екем. Өзіме-өзім келгендеймін, бей жай болсамда бұлан-таланым тараған сияқты. Шекемнің салқындаға- нын, өзегімнің ашығанын сездім. Сарымайдай сақтап қатып ұстап жұрген бар ақшама самолетке келесі күн- ге билет алдым. Билетті қолыма ұстаған күйі «үйге қай бетіммен барамын, масқара-ай» деп тағы қиналдым. Бетіме ұяттың қаны теуіп, көңілім құлазыды.

Әжем әрі кетсе көзін бір сығып алып, үйге келгеніме қуанбаса ренжімес. Намысқой атам еді. Көршінің иттері- мен таласып жеңіліп қалса шоқпарымен «қалпитайын» деп Құтжолды ұрып, ас бермей жүрген атам тірідей жары- лып өлері сөзсіз. Көз алдыма атамның әлде неге ренжіген- де үндемей еңкіштеніп алып шоқпарымен насыбай үгете беретіні келді. Кеше түсімде атам күліп жүрген сияқты еді, мен түсті дұрыс жорымаған болдым. Әлде түсіңде көрген керісінше бола ма... Тығырыққа тірелдім. Не істеймін қай- да барам. Екі қолға бір күрек. Аштан өлмес қарынның қа- мының тұтқыны болам ба.

Түс ауа ұнжырым түсіп, қабылдау комиссиясындағы аттестат, мінездеме сияқты іс қағаздарымды алуға бар- дым. Бұнда да кезек. Байқаудан өтпеген ұл-қыздар жан- таласып басқа институттардың байқауына қатыспақшы. Мен сұлықпын. Қазақстандағы жалғыз университеттің менің маңдайыма жазылмағанына кеюлімін. Іс-қағаздар- мен айналысып отырған тарих факультетінің жоғарғы курс студенттері болатын. Меруерт деген қыз - «Сен тоқ- та, бәрі жақсы болады» - деп іс-қағаздарымды бермеді.

222

 

Ештеңе түсінсем буйырмасын. Қалай жақсы болмақшы, байқаудың шешімі шықты ғой. Байқаудан өтпегеніме әлі де тарамаған қазандай өкпем бар еді. Менің аттестатымды беріңдер, самолетке билет алып қойдым деп қырсықтым.

Қыз да шақар екен, мені дырылдатып деканға алып барды. Жолда мундай мүмкіншілікті жіберуге болмай- ды, ауылың қайда қашар дейсің деп ақылын орысшылап айтып келеді. Қазақша сөйлемейтін қаланың балаларын ит етінен жек көретін басыма мына сулу өткір қыз унап барады. Сөйтсек, Мәскеуге екі жолдама келіпті. Орталық жоғарғы оқу орындарынан Республикаға жоспарлы түрде орын бөледі екен. Ал байқаудың нәтижесі бойынша тізім маған жетіп тірелген. Енді мен заң бойынша бірінші бо- лып өтуім керек. Меруерт қыздың айтқаны сол.

Декан қарапайым, жуқа өңді тез сөйлейтін ақкөңіл адам еді. Бірден әй-дей жоқ: «Мәскеудің мурағат инсти- тутына барасың ба?»- деді. Сасып қалдым. Мә саған деп біреу төбемнен шоқпармен періп қалғандай болды. Орыс- шаға шорқақ маған Мәскеу не атамды алған, мурағаттық мамандықты не істеймін. Дегенмен елегізу умытылып, үміт дүниесі еселеніп өсе бастады. Ой мың қубылды.

Қаңғыбас қиялдың соңына еріп бармайтын жері бар ма, көз алдыма Мәскеу, ондағы «жас тулпардың» жігіт-қыз- дары елестей қалды. Декан: «Неге үндемейсің, барасың ба, жоқ па?» - дегенде, мен үшін Меруерт қыз: «Барады, барады!» - деп жауап берді. Декан: «Мынаның іс-қағазын дайындаңдар, Софияға айт» - деді. Мен мелшиіп турмын. Меруерт мені енді қолымнан устап әрі сүйрей жөнелді. Техникалық хатшы деген есікке кірдік. Қатар-қатар үйіл- ген іс-қағаздарын ақтарып жатқан көзілдірікті жас келін- шек Софья болып шықты. Олар екеулеп менің іс-қағазым- ды ақтара бастады. Бірі шет тілін оқымапты болмайды дейді, екіншісі алып кетеді жібере салайық деп болмай жатыр. Мен қиялыммен Мәскеуге кеттім. Мурағатшы ма- мандығын алып, ескі қағаз қоқысты ақтарып отыратын көзілдірікті кісіні елестеткенде денем тітіркеніп кетеді.

223

 

Әй бірақ Мәскеудің аты, Мәскеу ғой. Қыз бен келіншек: «Болмайды!»,

« Болады!», «Оқи алмайды!», «Оқиды, онда тұрған не бар, түссе, алып кетеді!» деп, біріне-бірі дәлелдер айтуда. Мені сыртқа шығарып жіберіп тағы бірәз дауласты.

Танып білмейтін адамдардың мен үшін осыншама қам же- геніне қарап, өзімде осал емес екенмін ау деп, бойым биік- теп көңілім көтеріліп қалды. Іс қағазыммен қыз келіншек деканға кетті. Ол күні мәселе шешілмеді. Жиған баллым жеткенімен орысшам шамалы, шет тілін оқымағанмын. Қайтадан көңіл күптілігінің сүркілі басталды. Ақыры не керек ниеттері дұрыс, жақсы адамдардың көмегімен Мәс- кеуге өтпегеніммен босаған орынға ілігіп КазГУ-дің сту- денті болдым.

Шама-шарқымызға қарай көсіліп, өзді-өзіміз болып жерлестер бас қосып Никольск базарының ішіндегі дөн- ген лапшасын жеп тойлап та тастадық.

Студенттік өмірдің ең қызықты шақ екеніне көз жетті. Жазғы таңдай жайнасқан, ұйқысыз, күлкісі көп студенттік өмір бізді шұрқ иіріп ала жөнелді. Бірден Еңбекші қазақ ауданына көкөніс жинауға ауылшаруа- шылық жұмысына кеттік. Көппен көрген қызыққа не жетсін, көңіл шалқалақтап ес шықты. Мәзбіз. Не істе- сек те күліп-ойнап істейміз.

Помидорда мұндай көп болама, күннен күнге титықта- та берді. Қаланың қыздарының тырнақтары сынып, мияу- лауы көбейді. Мінездерінен де биязылық кетіп, дауыстары шаңқылдап шығуға айналды. Жергілікті балалар да кеш болса килігісіп маза бермейді. Күні бойы тырбыңдап, бүк- шиіп жиғанымызды кешке басқа жаққа әкетіп жатады. Сол бізге бригадир болған жергілікті әйелдерді кейін көк ба- зардан көкөніс сатып тұрғанын талай көрдік. Жұмыс істеп жүргенде «жеріміз жоқ, егіс еге алмаймыз» деп жүретін. Жинағаннан жеп-шашқандарың көп деп күнде ұрысушы еді, қайдан келген көп көкөніс, бір құдайым білсін...

Айдың аяғында ақша айырғанда көбіміз жеген тамағы-

224

 

мызға қарыз болып қалдық. Ешкім тиын-тебен таппады. Біз ауылшаруашылық жумысының біткеніне мәзбіз. Итің- қыржың, салпақтап тырбаңдау таусылды. Шаршағанымыз умытылды. Алда университет, арықтан су ағып, апорты - ның иісі мүңкіген сүйікті Алматы. Топырлап шулап келіп, топырлап мәз болып кеттік.

Қыркүйектегі Алматы ерекше. Жеміс-жидегі әбден пісіп, марқайып шашылган кез. Қайда барсаң да алманың иісі кеңсірігіңді жарады. Алматының ауасының құрамы апорттың иісінен тұратындай. Тек агаштардың жасыл жапырақтары гана жасы келген қариялардай салбыр-са- лыңқыланып түстері күлкілдей бастаган. Кейбір саргыш тартқан жапырақтардың шеттері жиырылып үзіліп түсетін күндерінің жақын екенін меңзейді. Шацырайган күнді көресің, бір орында көп тұрсаң беліңді жел цуган аяз шымшиды. Жылы күні тұла бойың мұздап сала бе- реді. Қалың киінсең пысынайсың, жеңіл киінсең жауырын арқаң сыздап қалтырайсың. Никольскі базарының айна- ласындагы абыр-сабыр көбейе түскен. Жаздай дем алып, құрылыстан, комбайннан ақша тауып келген студент- тердің қарқындары қатты. Көңілдері көтеріңкі, сессия алыс...

Алғашында қала өмірінің желісіне, сабақтың лекция- лық, семинарлық түріне үйрене алмай қиналғаныммен жаңа жолдастар, студенттік жатақхана өмірі туңғиық иіріміне іліккендей бірден жетелеп үйіріп әкетті. Күннің атысы мен батысы университетке баруға ғана сәйкесте- неді. Ең артысы тамақ ішудің мерзімі қарнының ашқаны- на емес, қалтаңдағы ақшаның барлығына байланысты.

Тарих факультетінің қыздары да сулу. Жәйдің өзінде өткір көздерін аударып қарағанда бір түрлі іштегі жылы- лықты сезесің. Әлде бір қуаныш екпіні қаныңды тамыр- лай ала жөнеледі. Бетің дуылдап қызара қаласың. Үнсіз сөйлесу деп осыны айт. Ғалия деген тарихшы қызға да ғашық болып,

Айым да сен, Ғалия, - Күнім де сен,

225

 

Оң қабағым тартады күлімдесең - деп Балуан Шолақ- тың Ғалиясын да айттық.

Күнделікті аласурған жүгіріс қызықты хикаялар тіз- бегіне уласа берді. Қазақстанның түпкір-түпкірінен кел- ген балалардың мінез-қулықтары, салт-дәстүр, жейтін та- мақтары да әр түрлі. Ауылға 1929 жылы колхоздастардан қашып күнде кешкісін алтыннан ардақты, күмістен сал- мақты деп жақын туыстардың атын атап хат жазамыз. Аты аталған туыстардың кейбіреуі ақша салады. Міндетті түр- де күнде бас почтаға соғып аударма ақшаны тексереміз. Степендия алған күні шала байып, желдіре жүріп жерлес- терге жетеміз.

Бірде алғашқы стипендиясын алып Аман досым салып- урып университетке жетіп келді. Қасына екі-үш ауылдасы- мызды ертіп алған. Қуанып кеттім. Ауылдың жаңалығын естіп шер тарқатысатын болдық. Группалас студенттердің алдында да мерейім өсіп қалды.

Алматының қыркүйегі күндіз қапа, кешке қоңыр сал- қын. Түскі тамақ уақыты. Аққу мен Театральныйда ыстық тамақ болмайтындықтан Гүлдер кафесіне бет алдық. Адам көп екен, столдардың бәрі толуға жақын. Аман арқаланып, желпініп алған. Бәрін уйымдастырып, официант қашан ке- леді деп тыпыршып шыдамсыздануда. Қалтасында ақшасы бар екені анадайдан көрініп тур. Шүйіркелесіп, жарыса сөй- леп елдің жаңалығына кірістік.

Әңгімеміз енді қыза бергенде, сүп сүйкімді, ақ кофта, қара юбка киген талдырмаш сары шашты қыз келе қалды. Бәріміз кірпік қақпай қызға тамашалай қарадық. Жуқа ерінді сулу қыз күлімдей амандасқанда әңгімеміз шорт үзілді. Бәріміздің көкейлерімізден қумарлықтың көк елесі көлбең етті. Аман біріншіге бес борщ деді. Сулу қыз алжапқышы- ның қалтасынан блокнот пен қарындаш алып жазған күйі, екіншіге не аласыздар деді. Аман мүдірмей біз екінші алмай- мыз тек бірінші аламыз деп маңғазданып салмақтана қалды. Қыздың дауысының екіншіге не деп қайта-қайта сурағаны- нан сескендік.

226

 

Әлгіндегі қызға қараған ынтықтан тез арылып, басқалай қарай бастадық. Орысшамыз онша емес, бәріміз де қазақ мектебін бітіргенбіз. Кіп-кішкентай тұрымтайдай қыздың дауысы мұндай ащы, қатты болар ма. Аман да көтеріле мен екіншінің керегі жоқ тек бірінші керек дедім ғой деп еді- рейді.

Қызда қырғи қабақтана қырсығып, жарылып кетер- дей долдана ісініп, ал үшіншіге не аласыздар деді. Аман үшіншінің де керегі жоқ, бірінші керек, ең жақсысын әкел деп қызды менсінбей бізге қарады.

Официант қызымыз қолы дірілдеп жаза алмай қалды. Без- гек ұстағандай селкілдеп барады. Бір кезде залды жаңғырта есі кете күліп жіберді де, жүгіре жөнелді. Жынды адамша күліп барады. Аң-таңбыз. Отырған жұрттың бәрі бізге қа- рап қалыпты. Ыңғайсыздық туды. Бірдеңені бүлдірдік, не екенінің мәніне әлі толық жетпедік. Мен ақырын дауысым- ды шығара шықпас қылып «жатақхананың асханасынан дүн- ген лапшасын жей салу керек еді» дедім.

Аман енді маған едірейіп, не алсам да өз еркім, біріншісі- не, ең жақсысына тапсырыс бердім. Онда тұрған не бар, студент адам емес пе, біз кімнен кембіз деп килікті. Қиқар мінез неме еді, жанжалдасып қалармыз деп сөзімді қоя қой- дым. Жолдастар үнсіз. Ойымыз тездетіп тамағымызды ішіп кете қою. Борщ келді, іше бастадық. Аузымызға дәмді тамақ тиген соң түріміздегі қыртыс-тыртыс жазылып, бетке қан жүгірді. Аман досымыз иығын қозғап қомданған күйі «тырп етпеңдер ақша жетеді, бұларды осылай қатырам. Ішкесін біріншісін - ең жақсысын ішу керек, ас адамның арқауы, ке- лешекте студенттерге дұрыстап қарайтын болады» деп маң- ғазданды. Біз жымыңдасып құптай бас шұлғыдық.

Борщты ішіп бітірер бітірмесімізде әлгі официантка қа- сында жасаңдау бала бар тағы бес борщты алып келіп столы- мызға қоя салды. Қыздың түрінде бізді мұқатқан мырсиған кекесін бар. Біз тілден айырылып үнсіз қалдық. Мынандай- ды іштік деп айта алмадық. Көзіміз ақиып шарасынан шық- ты. Бәрінің беті ашылды. Ту сыртымыздан біреулердің мырс

227

 

етіп күлгендері, жөтелгендері естіле бастады. Ақырын жан- жағыма көз салып едім, отырған адамдар тамақтарын ішу- лерін тоқтатып бізге қарап қалыпты. Жамырай қараған сам- саған көздерден ұялыс таптық. Мысыққа ойын, тышқанға жан керек. Білдіртпейміз дегенімізбен қысылдық. Қапы- рық күннің ыстық ауасы бар бірден бырсыдық. Бәрімізден ағыл-тегіл тер кетті.

Мә, саған первый - ең жақсы. Не істерімізді білмей сас- тық. Бесеуімізде басымызды тарелкелерімізден көтермей аштан келгендей апыл-ғұпыл жарысқандай ішіп отырмыз. Мақсат тезірек первый - ең жақсы тамақты тауысып қашу. Жұрттың бәрі тамақ ішулерін біржолата тоқтатып көздері- мен енді бізді жеуге айналды. Тойынған еріккендерге қы- зық керек, жамырай қарап қалыпты. Құтты бір цирктегі аңдардың ойындарын көргендей естері шығып, орында- рынан тапжылмайды.

Бір кезде аспанды жарып жіберердегі жұрт қарқ ете түсті. Қыран топан күлкі, жан-жағына жалтақтай қарап күлмеген біздің стол ғана. Әлгі официант қызымыз бен бала тағы борщ әкеле жатыр. Жолдастарымыз сыртқа қа- рай тұра жүгірді. Столдың басында Аман екеуіміз ғана қалдық. Залдағы күлкі толастасыншы. Әкелінген тарелка- дағы борщтар столға сияр емес. Аманға дауысымды шы- ғара зеки есептес, ақшасын төле деуге шамам зорға жетті. Ол қанша екенін білмеймін 3-4 қағаз ақшаны ұмаждаған күйі столға тастай салды.

Артымызға қарамай жүре жүгіре сыртқа шықтық. Ка- федегі қыран-топан күлкі дауысы естілмей қалғанша арты- мызға бұрылмадық. Жон арқамыз су боп ақты. Түрлеріміз де өрт сөндіргендей. Жолдың екінші жағында іштерін басып күлкілерін баса алмай тұрған жолдастарымызды көрдік. Аман қатты ренжіп үнсіз қалды. Мен сол бірге келіп бізге күлген жолдастарымызды жек көріп, кейін ара- ласпай кеттім. Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады дейтіні рас екен. Біраз уақытқа дейін кафе-ресторандарды анадайдан айналып жүретін болдық.

228

 

Республиканың маңдайына біткен жалғыз универси­тет революционер С. М. Кировтың атымен аталады. Оқу негізінен орыс тілінде. Қазақ группалары бар, бірақ қазақ тіліндегі кітап тапшы. Әсіресе тарих факультетінің қа- зақ бөліміне түскен ауыл балаларына қиын. Багдарлама социалистік идеяга икемделген, лекция да көп. Студент- тер оқулық жетпегендіктен кезекпен күні-түні оқиды. Түсінбеген сөздерін бір-бірінен сұрап әлек.

Бірде көппен жәй өзара күңкілмен шектелетін көкей- леріміздегі көп мәселелердің біразы факультеттің жалпы комсомол жиналысында үлкен жарыс сөзге тиек болды. Даудың басы Дайрабайдың қасқа сиыры демекші, сөз қа- зақ группаларында оқитын студенттердің үлгерімінің на- шарлығынан басталды.

Осыған дейін деканатқа муғалімдер студенттерге ша- ғым жасаса, енді жиын үстінде студенттер қазақ тілінде дурыс лекция оқылмайтынын, ең бастысы оқулықтардың жоқтығын баса айтты. Сөйлеген студенттердің барлығы дерлік лекцияларға қанағаттанбайтындарын, универси- тетте көп дүниенің жасанды екенін, партия қызметкер- лері, басшылардың балаларының өрескел қылықтарына ешкім ештеңе демейтінін, көрер көздегі әділетсіздіктерге ашына тоқтады. Жиын піскен сүттей тасып, күн тәртібі мәселерінен әрі кетті.

Жиналысқа қатысып отырған декан, кафедра меңге- рушілері, кураторлар айналаларына жалтақтай қарап, шошиын деді. Күтпеген жағдай. Журт таң қалды. Үнде- мей, тәртіп сақтап жүрген студенттердің өздері өз ойла- рын ортаға салып белсенділік танытты. Ұстаздардың бі- разы шәкірттерінің усыныстарын іштей қолдап отырғаны сезілді.

Тарих факультетінде тарихи қиянатқа қарсы кезінде Бекмаханов, Сүлейменов сияқты ғалымдар салып кеткен «шындық күрес» мектебі бар еді. Профессорлар Бекма­ханов пен Сүлейменовтер 1949 жылы Сталин шешімі негізінде Қазақстанда Үлт-азаттъщ көтерілістерді, Ке-

229

 

несары Қасымов туралы жазғандары үшін 20 жылдан сотталган болатын.

Ақыры декан айтылған мәселелерге жақын арада анық- тығына жетіп жауап беретінін, ректорат алдында ұлттық тілде кітаптың аздығын жеткізетініне сөз берді. Шындықтың шегіне жетпекші болған студенттер, бастан қан шықты тоқ- таудың не керегі бар дегендей жиынды жапқанның орнына деканның жауабын күтпекші болып кейінге қалдырды. Бұл жалғыз тарих факультетін емес, университетті дүр сілкіндір- ген оқиға болды.

Кім не деді, қалай болды, жиналыс туралы сөз сол күні жатақханаларда шәй үстінде әр бөлмеде таң атқанша қызу талқыланып жалғасын тапты. «Жас Тұлпарлықтардың» идеясынан қаныққан жастар рухани серпіліс үстінде болды. Студенттер жиналыс екі-үш күн ішінде қайта жалғасып жағ- дайымыз жөнделеді. Университет басшыларына жеткен соң қойылған мәселелер шешіледі, әсіресе, ұлттық тілде оқу- лықтар көбейеді деп дәмеленді...

Тарихшы-студенттердің еңселері биіктеп, көтеріліп қалды. Жастардың сымсыз телефондары ерекше жаңалық- ты Алматы қаласындағы оқу-орындарындағы студенттер- ге сол күні-ақ жеткізді. Жиналыста көтерілген мәселерді барлық жатақханалардағы студенттердің қолдайтыны тез арада жаңалықтың шыққан жеріне жаңғырып келіп жатты. Кейбір қызбалау жастар жағы керек болса көшеге ереуіл- ге де шығуға дайын екенін білдіріп сәлем айтыпты. Ана тілінің орны, ұлттың болашағы туралы жатақханадағы таң атқанға дейінгі пікір алысулар көбейді. Сандықтың аузы ашылды. Іштегі запыранға айналған арман-қиялдар мен кіммін, қазақ басқадан несімен кем деген ойлар сыртқа шықты. Алаш зиялылары, халық батырлары еске алынды. Ашық айтылмаса да ел болу үшін Тәуелсіз болу керек де­ген ой көкейден мәңгілікке орын ала бастады. Жатқаннан кейін де студент-тарихшылар ұйықтай алмай, қиялдарына келген елестерден жүректері алып-ұшып, кірпік қақпай лекцияларына барып жүрді.

230

 

Екі-үш күннен кейін факультетте өзгеше бір жағдайлар орын ала бастады.

Жиналыста сөйлеген студенттер бір жаққа кезек-кезек кетіп қалып жатақханаға түрлері күлдей бозарып, бастыры- лып кешігіп келетін болды. Өздерінің мінездері өзгеріп, көп сөйлемеуге айналды. Әлде бір тұйықтық пайда болып, дұ- рыс байқаған адамға олардың жүріс-тұрыстарында осындай- да болады екен-ау деген үрей аралас дәрменсіздік көрінді... Саудыраған ақ көңіл мінезді ауылдан кеше келген студент- тердің бірден ұнжырғасы түсе қалды.

Көздерінен айтылмаған, жауабы табылмаған көп жұм- бақты сезесің. Факультет қабырғасында да, жатақханада да көрінбегенімен, әлде бір белгісіз қорқыныш елесі кезе бас­тады.

Жас тарихшы студенттердің жабырқаған көңілдерін жа- зылмас мұң басты. Жастардың сынған көңілін аулап, қиын- шылықтан шығар жол сілтейтін ешкім табылмады. Бақытты болашақтың бояуымен әшекейленген социалистік томырық мінез топастықтың машинасы қызыл қыршын жас ұланның, 1 курс студенттерінің сана сезімін уландыруға кірісті.

Қызыгына қанып болмас студенттік жан рахатының ауылы алыстады. Мұгалімдердің жиналыстагы сөздері жайшылықтагыдай шымыр шықпай, әйтеуір сөйлеудің мы- жымасына айналды. Біз көгендегі қозыдай жіпсіз байланып отырамыз. Сөздің бір түйірін түсірмей ұгът алатын құйма құлақ студенттердің жоқ. Көзіңді алмай тесірейе цараган боласың, көретінің ол емес. Дем шығармай тыңдаған бола- сың, ойың басқа жақта. Біз сарысагыз боп кеткен қайын- ның безіндей қатайдық. Тас бауыр, күніміздің, құлқынымыз- дың құлына айналдық. Пәк сезімді жан-дүниелері ластанған жастар біртіндеп еті өліп екі жүзділікке, жалгандыцца бейімделе бастады...

Жиналыстан, куратор сағаттарындағы жалған ақыл ай- тып, жаны ащығансыған мүшіркегендіктен жалықтық... Ке- лешектен үміт, сәуле, шара күту күмәнді іске айналды. Ай- тылған өтірікті амалсыз тыңдап, еріксіз ыржиямыз.

231

 

Отанды сүю, Компартияның рөлі туралы күн тәртібіне қойып өткізілетін класс сағаттары көбейді. Сөйлеушілердің аузына дайын, жаттанды сөздер салынуы әдетке айналды...

Көңіл-күлкі су сепкендей басылып, тәртіп сабырлық- тың сыртында сенімсіздік, бықсықтық елес алды. Әркім үрейін жасырғанымен, қара басын қорғалауы іштеріндегі пендешілікті көбейтті. Үлкендерден, әке-шешелерінен келе жатқан көмбістік, ездік көпшілік студенттердің бойларын биледі. Қызыл қырғынды, жеке басқа табынудың сорақылы- ғын, сурапыл аштық пен соғысты көріп, ой-саналары үрей- мен уланған ата-аналарының қорқынышы балаларының бо- йында оянды...

Ұйқысыз таң атқанша сөйлесіп, даурығып пікір таласулар бітті. Ешкім ештеңе демесе де, әлде бір суықтық, белгісіз үрей төңіректі торлауын көбейтті. Табиғатта еш өзгеріс болмаса да, студенттер қапаланып өздіктерінен бастырыла берді.

Уақыт өтіп жатты. Жиналыста қабылданған өтініштер- ге университет басшылары жауап қайтарған жоқ. Факуль- теттегі комсомол жиналысының жалғасы шақырылмады. Жиналыстардың бәрі тоқтатылды. Көпшілік жәй күңкіл- дегендері болмаса, ашып-жарып ештеңе демеуге айнал­ды. Жігерлі студенттердің сағы сынып, тура жауаптан сөз тайғақтаулары көбейді. Ренжістер іріп-шіріп іште қалып жаты...

Бәрі түсінікті болды. Студенттердің өтінішінен уни­верситет басышылары саяси астар тауып қажетті жеріне хабарлап, мүмкін көз-қулақтары көп мекеме өзі де білуі мүмкін, әйтеуір «сыпайы репрессия» басталды. Түрлі себеппен жиналыста белсенділік көрсеткен студенттер жатақханадан шығарылды. Кураторлар өз алдына, му- ғалімдер кезектесіп жатақхана бөлмелерін аралайтынды шығарды. Туған күн, не қонақ шақыру тек жатақхана ко- мендантының руқсатымен ғана өтетін болды. Осы оқи- ғадан кейін СССР-де бірінші болып тарих факультетінің негізінде ОКД (оперативная комсомольская дружина) қу-

232

 

рылды. Милиция мен КГБ-мен тікелей байланысты бұл ұйым университет басшыларынан ерекше қамқорлық тауып, оған есерсоқтаулар алынды. Олар жатақханамен, стипендиямен қамтамасыз етілді. ОКД мүшелері шаш ал десе бас алып, жатақханадағы студенттердің аяқтарын қия бастырмады. Кімнің не істегенінің бәрін деканат солардан біліп отырды. Кейін факультет үлгісіндегі ОКД универси- тетте құрылып, олардың биліктері бүкіл Фрунзе ауданын- дағы студент-жастар жатақханаларына жүрді. Универси­тет ОКД мүшелері 1973 жылы пасха кезінде Никольск шіркеуіне кісі жібермеудегі өрескелдіктерімен аты шық- ты. Сол ерекше қырағылықтары үшін Фрунзе аудандық партия комитетінен алғыс алып, ректораттың құрметіне ие болды.

Комсомол жиналысы өткеніне бір айдың шамасында та- рих факультетіндегі өмір сырт қарағанда өз орнына келген сияқтанды. Университетте түрлі конкурстар, әдеби кештер, белгілі артистермен кездесулер көбейді. Тіпті факультет қа- бырғасында Анжела Девис АҚШ компартиясы ОК мүшесі, СССР-дің Азия және Африка елдеріне ағалық қамқорлығы деген тақырыптарға диспут-кештер өткізілді. Барлық жер- де орынды да, орынсыз Қазақ республикасының халықтар достығы лабороториясы екені айтылып отырылды. Ал сен диспутқа қатысуға міндеттісің...

Өткендегі айғай-шу ұмытылғандай болды. Сөйтсе де, қозғалған тастың астына су бармай тұра ма. Бірен-саран студенттердің жатақхана фойесінде, көшеде, сыраханаларда қоғамдағы саяси ахуал, кемшіліктер, болашақтың қандай бо- луы керектігі жөніндегі құпия әңгімелері көбейді. Пікірлес- тер оңашалана бастады. Бұл кездесулерде жүрек түкпірінен шыққан болашаққа деген шынайы сезіммен бірге, нақты- лы ұсыныстар айтылды. Қазақ тілінің тағдырынан бастал- ған мәселелер КСРО-ның мәні және оның орнына ұласты. Бірігіп Лениннің ұлттық саясат жөніндегі еңбектерін қайта- қайта оқып, пікір алысты. Бәрі бір ауыздан өкімет ұлттық саясатты дұрыс жүргізбеуде және ұлт мәселесін шешу үшін

233

 

республика тәуелсіз мемлекет болуы керек деген шешімге келе бастады.

Қазақ тілінде кітаптардың жоқтығын сол тілді білмейтін қазақ жастары көбірек айтты. Мен қалада асфальт үстінде өскен балалардың ұлт жандығына таң қалдым. Керісінше ауыл балалары ана тілінде кітаптың жоқтығынан қиналып жүрсе де, көмбіскіленіп жұмған ауыздарын ашпады. Отырса опақ, тұрса сопақтың кейпін киді.

Не керек, қиялы мен арманы аралас болашақтың белесі сиқырдай шақырып, саналы жүректі тарихшы-студенттерді тынымсыз талпындырды.

Біртіндеп Виноградов көшесінің 88-ші үйіндегі тарих- шылар жатаханасы саяси айдын аренасына айналды. Уа- қыт толқыны саясаттың айдыны бетіне өз ортамыздан жаңа тұлғаларды алып шықты. Ұлтжанды азаматтар көзге түсіп, көпшіліктен қолдау тапты.

Бізден үш-төрт жас үлкендеу, өмірдің ащы-тұщысынан ха­бары бар Салық саяси додаларды ұйымдастырып, бәрімізді ұршықтай иіріп әкетті. Сөзімізден, мақсаттарымыздан ортақ үндестіктер таптық. Археолог болып қазақ тарихын әлемге таратуды армандаған қауға сақал Салық көшбасшымызға ай­налды. Ол өзгемізден гөрі еті тірі, туралықты айтуға тайсал- майтын. Намысқой, қабағын да түйе білетін, жүрегі жарыла күле де білетін. Бір сөзді, уағдашыл, істеймін деген нәрсесін алдында таудай бөгет тұрса да елемей істейтін. Тек жалғыз кемшілігі қазақша түсінгенімен сөйлей алмаушы еді.

Ал тәуелсіздікке жетудің жолына келгенде тарих фа- культетінің 20 шақты студенті әркім өз ұсынысын жақ- тап ырду-дырду басталды. Біреулері үгіт-насихат арқылы халықты ереуілге көтеру керек десе, біразы шет елдер- мен байланысты баса айтты. Қызбалар жагы террорлық іс-әрекеттерді де ұсынды. Не керек Салық бастаган 10 студент ішінде өзім бар, үгіт-насихат арқылы мақсатқа жетпекші болып 1972 жылдың қазанында жасырын «Са- рыарқа» ұйымын құрдық. Ой жосыгы өрістес бір курстагы жолдастарды арман оты жақындата берді.

234

 

Тәуелсіз Қазақстан болашағын бар сезіммен аңсап, аңсап қана қоймай сол өмірге бар көңіл қиялымызбен араласып та кетеміз. Батыс елдеріндегідей дамыган, көркейген Қазақс- танды көргендей боламыз. Көңіл шалқып, көкірегімізді күш кернеп еңсеміз биіктей береді.

Қайғы - зарын көз жасымен жуатын заманның қарасы үзілгені қашан деп ¥лы іске үлкен сеніммен құмарта, қызыга кірістік. Алды-артымызды ойламайтын жастық албырт- тыгымыз да жоқ емес.

Ұйымның екі бөлімнен туратын бағдарламасында түпкілікті мақсат тәуелсіз Қазақ мемлекетін қуру, ана тілге, улттық мәдениет, әдеп-ғурыпқа ерекше мән беру, Біріккен улттар Ассамблеясына мүше болу, дүние жүзіндегі қазақтар- ды өз тарихи отанына қайтару және тағы да басқа мәселелер ерекше айтылды...

Жасырын уйымның Сарыарқа делінуіне Ұлы Дала та- рихымен, Алаш Орда өкіметін қурған алаш зиялыларының еңбектерімен таныстық негіз болды. Сарыарқа қазақ елінің батысымен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін байланыс- тырушы бел омыртқа, арқасы ғана емес, улт болашағының қайнар көзі, алтын діңгегі деп есептелінді.

Ұйымдастыру қабілетіміздің аздығы былай, саяси біліміміздің жоқтығы да көзімізге оғаш көрінді. Біз енді бостандықтың қайнар көзі Алаш зиялыларының еңбектерін іздеп жүріп оқыдық. Тек сол жылдардағы газет-журналдар- дың төтенше жазу қаріпі қиындық туғызды. Араб қаріпін үйрену үшін қазақ көне дәуірі тарихынан дәріс беретін Му- сатай ағаны жағалаймыз. Төтенше жазуды үйретіңіз дейміз. «Оны не қыласыңдар» деп өзі кішкентай сары адам қисая булданады. Біз бірауыздан сіздің «Алтын сақа» пьесаңызды түпнусқадан оқиық деп едік дейміз. Шал риза болып маңғаз- данып үйіне шақырып араб қаріптерінің асты үсті нүкте-сы- зықшаларын үйретеді.

Біз Пушкин кітапханасының қызметшілеріне аш кенедей жалына жабысып 20-шы жылдардағы газеттерді ақтарамыз. Жолымыз болғандарымыз кітапхананың жерастындағы ескі

235

 

газет-журналдар жинақталған қоймасына енеміз. Сол жер- де отырып шаң басып сарғайған, беттерінің жыртылғаны бар түптеулі газеттер жинақтарын ақтарамыз. Газеттің қара бояуы қолға жабысады, көміскіленген шаң иісі қолқаңды толтырады. Есесіне жаның жадырап тарихпен қауышып, шындықтың пердесін ашасың.

Кейде газет беттерінен басы бірікпеген қазақ зиялысы- ның бай-кедей болып бөлініп алауызданғанын көріп жаның түршігеді. Ызы-қиқы өмірде кім не көрмейді. Көреді. Бірақ бәрінің бір тоқтамы бар ғой. Бірлігі жоқ уяның ала қарға жауы бар, ат төбеліндей аз топ зиялы қауымның неге баста- ры бірікпеді деп налисың. Бәрінен түңілесін. Қазіргі классик саналатын кейбір ақын-жазушылардың шығармаларын оқы- ғың келмей кетеді...

Сарыарқалықтар күнде кешкісін жиналып бағдарлама негізінде жумыс жоспарын жасаймыз. Қиялымызбен бола- шаққа шарқ урамыз. Бәрі түсінікті, журттың бізді қолдайты- нына сенімдіміз. Кімнің Тәуелсіз ел болып ана тілін, мәде- ниетін, әдет-ғурып, ултының асыл қасиеттерін дамытқысы келмейді. Келеді. Міндетті түрде Тәуелсіз дамыған қазақ мемлекетін қуруымыз керек. Қурамыз. Көңіліміз көтеріңкі, желікпелік те жоқ емес. Жора-жолдас көбейді, жерлестер де умыттырмайды.

Бірде узын бойлы, сыйдиғандау көзілдірікті жоғарғы курс студенті келіп өзін факультет комсомол бюросының хатшысымын деп таныстырды. Аты-жөнімді дурыстап сурап, қоғам жумысы жөнінде әңгіме қозғады. Деканат- тағы іс-қағаздарымен танысқан ғой дедім, Ерейментау аудандық комсомол комитетінде неше жыл мүше болға- нымды, қандай бағытпен айналысқанымды білді. Ақыры мені комсомол комитетіне мүше болуға көндірді. Қаланың әдепті интеллигент баласы орысша сөйлесе де қарапа- йымдылығымен баурап алды. Ойламаған жерден комсо­мол белсендісіне айналдым.

Күндіз жастарды патриоттық тәрбиеге баулу мәселесін қарайтын комсомол бюро мәжілісіне қатысамын, кешкісін

236

 

сарыарқалықтар жиналып Тәуелсіздіктің үгіт-насихаты жөнінде сөз қозғаймыз. Мен өстіп бір ұртым май, бір ұртым қан болып егізденіп университет қабырғасында жүріп жат- тым...

Сарыарқа жасырын ұйым мүшелері жұмыстарын сту- дент-жастар арасындағы үгіт-насихаттан бастады. Мақсат - жастарға тәуелсіз мемлекет болудың қажеттілігін түсіндіру. Бағдарлама негізінде үгіт-насихат жүргізуге кірістік. Бірақ студенттердің жәй тыңдағандары болмаса көпшілігі адырая қарап, мыналар не былжырап тұр деп бұрылып кетеді. Тө- менгі курс студенттері оқудан шығып қалам ба деп қорықса, жоғарғы курстағылар бізге ақыл айтатындай қайдан шыққан оқымыстысыңдар, мұрындарың жалпиып, ауыздарың қи- саймай тұрғанда зытыңдар деп қыр көрсетеді. Сәтсіздіктер күннен күнге көбейе берді. Сарыарқалықтардың үміттерін студенттер ақтамады. Ауылын, елін жақсы көрсе де, ұйымға мүше болып тәуелсіздік үшін күрескілері келмеді...

Енді ұйым мүшелері қоғамдық құрылысты өзгертуден ештеңе жоғалтпайтын, ең революцияшыл тап жұмысшылар, сондықтан үгіт-насихатты солардың арасында өткізу керек деп тактикамызды өзгерттік. Әуелі Алматы қаласындағы АЗТМ, Киров, электро-прибор және басқа да ірі заводтар- дың жұмыс тәртібін біліп, таныс адамдар ізделінді. Завод- тардың жекелеген цехтары қару-жараққа керекті жабдық- тар жасайтындықтан, үгітшілеріміз тәртіптің қатаңдығына кезікті. Тіпті Қазақстан мұхит жағалауында тұрмаса да, қа- ланың қақ ортасындағы Киров заводы атом сүңгуір қайық- тарына торпеда жасайтын болып шықты. Жұмысшылардың пәтерлері бар және мұндай заводтарда жергілікті ұлт өкіл- дерін қызметке алу шектелген екен. Совет өкіметі, мемлекет құрылысының асты-үстін, сыр-қырын жілік майына дейін қалай шағылатынын алдын ала ескеріпті. Завод аулаларына кіре алмаған сарыарқалықтар жұмысшы жатақханаларын айналдырды.

Тәуелсіздік идеясы азшылық арасында да, ұлттық жұ- мысшы табынанда қолдау таппады. Кедергілер көбейді.

237

 

Кейбір жатақханаларда милиция шақырылса, енді бір жер- лерде насихатшыларды желкелеп жіберді. Вагон жөндеу заводында ашыцтан-ашыцсөйлескенЖатқанбай таяқжеп, денесіне өткен тепкіден басын көтере алмай бір жұма тө- сек тартып жатты. Сонда да кейін ол: «Өмір күрес. Дүние- ге келген соң, өмірден жарақат аларың сөзсіз. Өмір сүргісі, алдына қойған мақсатына абыроймен жеткісі келген адам жарақатына қарамай күресуі керек. Адам қай заманда тууын таңдай алмайды, бірақ ол сол кезеңде өкінішсіз, сапа- лы, саналы, артындагыларга үлгі боларлықтай өмір сүруге міндетті ғой» - деп мойымай, үгіт-насихатын жалгастыра берді.

Бізді бір қолдаса, үйсіз-күйсіз жүргендер қолдар деп пә- тер жалдауға үй іздеуші жас жанұялар, студент-жастардың жиналатын жері Карл Маркс пен Пастер көшелерінің қиы- лысқан жеріне беттедік. Бұл жерді жұрт басқаша “жетімдер бұрышы” дейді. Алматы қаласындағы ең қиын мәселе бас- пана болды. Жұмысқа орналасу үшін прописка-тіркеу керек. Ал тіркеу-пропискаға үйің болмаса тұра алмайсың. Мемле- кеттен үй алу-қияметтің қиыны. Он бес, жиырма жылда ке- зегі жетіп үй алғандар өздерін бақытты санайды. Кейбіреу- лер өмір бойы кезекте тұрып үй ала алмай қаңғырып жүріп өледі.

Алматыда студенттерге жатақхана жетпейді, деканатта не стипендия аласың, не жатақханада тұрасың деп кесіп айтады. Жолдамамен жұмысқа қалған жас мамандардың да көретін күні осы... Әсіресе, күздің ызғарлы былығы мен қыстың аязында бүрсеңдеп кешке дейін сүмірейіп пәтер іздеген жастардың еңсесі түседі-ақ. Жеке пәтер өз алдына, подвал, сарай, кей үйлердің шатыры бәрі-бәрі ауылдан Алматыға келген жастарға толы. Бір бөлмеге 5-6- ға дейін студент қыстырылысады. Жертөлелер дымқыл, төсек орын былжырап, сыздың иісі киім-кешекке сіңіп, денең жылымай жаурайсың да жүресің. Жастардың көбі ангинамен күн ара ауырып, 39-40 градус дене қызуымен лекцияға, жұмысқа барып жүреді.

238

 

Баспанасы болмаса да, Алматысын қимай төсек орнын арқалап көшіп жүрген қазақ жастарына ешкім таңданбай- ды да. 70-жылдары аз күн болсын Алматының шет-шетін- дегі тауық қораларда турмаған студент кемде-кем шығар...

Сарыарқалықтардың үгіті бул жетімдер бурышында мүл- де орынсыз көрінді. Ашынып, қиялиланған біреуі әй-дүй жоқ боқтап салды. Есі дурыстауы жөндеріңмен жүріңдерші, кешке бала-шағамның қайда жатары белгісіз, барар жер, кі- рер тесігім жоқ, қайыршылап кетуге дайын турғанда жанды қинамаңдаршы деді. Бәрінің унжырғасы түскен, бейшара- лық күй басып кеткен. Үгіт-насихат бітті ...

Жігіттермен салыстырганда, «Сарыарқа» ұйымы қыз- дарының жетістіктері молырақ болды. Олардың сурет көрмелері, концерттерде, театрларда творчестволық зия­лы қауыммен жұмыс істеуі ауқымды нәтиже берді. «Ерен ерлер ісі бірлестігі», «Жас тұлпар» тагы басқа бірлестік- тер жөнінде мағлұматтар алынды. Тікелей іс-әрекеттер- ге барғылары келмегендерімен қолдап, өз ойларын ашық айтқан зиялы цауымга жастарризашылық білдірді. Театр­ларда ұйымның атынан “Қазақ халқына” үндеу таратыла бастады, әрине үндеу орыс тілінде болатын, нәтижесі де белгісіз...

Сарыарқа уйымы көп ултты қурам алды. Татар қызы Та- лима, бурят қызы Вера сияқты тарих факультетінің студент- тері белсенділік танытты. Бірақ, қалай дегенде де үгіт-наси- хат жумысы ойдағыдай нәтиже бермеді. Буқара халық совет өкіметіне қарсы шыққысы келмеді. Дәл осы кезде 7 ноябрь Октябрь революциясы мерекесіне дайындық басталып, жу- мыс бәсеңдеді.

Факультет деканы студенттер түгелдей демонстрация- ға бір адамдай қатыссын деген буйрық шығарды. Ол буй- рықты орындамаған студенттер университеттен қуылады деп кураторлар буйрықты өздерінше нақтылады. Мереке- де сап түзеп өтуге дайындық қауырт басталды. 1-2 курс студенттері жаппай сабақтан босатылып әскери, дене шы- нықтыру кафедраларының муғалімдерінің, кураторлар-

239

 

дың қадағалауларымен сап түзеп жүруді үйренуге кірісті. Бес-алты күнгі “айт - два” жер тепкілеуінен кейін КПСС саяси бюросы мүшелерінің портреттерін, мадақтау ұран- дарын көтеріп шынықтық. Бас хатшының портреті алдын- да, қалған мүшелер бір қатар, соңында мүшелікке канди- даттардың суреті. Партия басшыларының портреттерінің былғанып, кірлеп қалмауы ерекше қадағаланды. Саяси бюро мүшелерінің портреттерін оқуды жақсы оқитын, тәртіпті студенттерге бекітті. Сенім артылды. Маған мү- шелікке кандидаттың портретін ұстау жүктелді. Портретті аяқ асты қылып жерге қоюға, қалай болса солай ұстауға болмайды. Жұрт көретіндей биік, оңға солға қисайтпай тек алға қарату қажет. Оған қоса «жасасын компартия» деп бар дауысыңмен құлақ жарардай күшене ышқынып айғайлау керек...

Алматыда ерегескендей қар жауып-еріп, көшенің миы шығып былжырады. Ылғалды ауа денені қалтыратады. Қыс- тық киімдерін әкеліп үлгермеген ауылдың балалары аяқта- рынан су өтіп күркілдеп жөтелгендері былай, дене қызула- рымен жатып та қалды. Мұғалімдер жатақханадан шықпай, студенттерді дене қызуларына қарамай, аяқтарына тұрса болды сапқа қуумен болды. Студенттер амалсыздан айдауға көніп, оқудан шықпастың күні үшін сүйретіліп, Шевченко көшесі бойындағы КазГУ-дің стадионына беттеді ...

Жеміс-жидекті жылы күз, тұманды, дымқыл ауалы дене тітіркендірген бұлдыр күндерге біржолата ұласты. Кеш түс- кен жапырақтар тротуарларға жабысып, арықтар қарлы суға толды. Тек еш өзгеріссіз Космонавтар мен Шевченко көше- лерімен бір сарынмен ерсілі-қарсылы жүрген трамвайлар ғана. Кейде кешігіп, ойламаған жерден кешкі тыныштықты тарсылымен бұзып, селк еткізеді.

Космонавтар көшесі бойындагы жатақханада тұратын студенттердің күнделікті өмірі тарсылдап келіп, сықыр- лап тоцтаган трамвай, саңцылдаган кондуктор дауысы- мен таңдарын атырып, кешкісін Целинный кинотеатрына баруымен өтіп жатты. Жатақхананың араның ұясындай

240

 

сапырылысқан уілі, түнгі 12-ден кейінгі бірінің есіктерін бірлері цагып, нан мен шәй сұраган дауыстар, фойе-фойенің қуыс-қуысына оңашаланып аймаласқан ғашықтардың күн- делікті қылықтары сессиядан-сессияга дейін бір қалыпты еш өзгеріссіз жалгаса берді.

Виноградов көшесіндегі 88-ші үйде орналасқан үш қа- батты ескі № 1 жатақханада әр түрлі факультет студенттері турды. Бірінші қабатта дайындық факультеті тыңдаушыла- ры О-діктер жатады. Олар кешкі 10 нан кейін бала-бақша- дағыдай уйықтамаса да бөлмелерінен шықпайды. Себебі әлі студент емес, мектеп бағдарламасын қайта оқып бастары қа- туда. Екінші қабат жағрафия факультетінікі, олар өздерімен өздері, іштері пысқандары 1-ші қабаттағы тыңдаушыларды тәрбиелеумен айналысады.

Ең шуы көп, әңгімелері көл-көсір, таң атқанша сабылатын үшінші қабат. Бунда тарих және философия-экономика фа- культеттерінің студенттері турады. Әңгімелерінің тақыры- бы жатақхана асханасының котлетінің күйе беру себебінен космостағы қара тесіктің көлемін азайту үшін не керектігін қамтиды. Жаяуы жоқ, улы-қызы бірдей, шешен, ә десең мә дейді, ал бір-екі шөлмек Токай виносын ішіп алса тіпті бой бермейді, бәрі білгіш, бәрі данышпан...

Алматының кинотеатрлары да негізінен институт инсти- туттарға бөлінген. Целинныйға - КазГУ, дәрігерлік, шетел институттары студенттері; Октябірге - КазПИ, Сарыарқаға - халықшаруашылық; Арман мен Қазақстан кинотеатрына - ЖенПИ мен АЗВИ барады. Политех пен физкультурныйдың жігіттері қай кинотеатрға қыздар көп барса топ-тобымен бірінің артына бірі ілісіп, сонда шубатылады. Алматы қала- сындағы кинотеатрлардың екеуінің қурылысы мен өрнегін- де өзіндік улттық ерекшеліктері болды. Олардың бірі ескі ағаштан салынған жастар театрының кинозалы да, екіншісі Целинный. Алматы қонақ үйі қасындағы жастар театры ки- нозалына барғанда үлкен киіз үйдің ішіне кіргендей бола- сың, шаңырағы биік, уықтары ағаштан жасалып боялған, қару-жарақ асынған батырлардың суреті бар. Аспандаған

241

 

шаңырақ, саған қараған батырлар рухтандырып еңсеңді кө- тереді.

Ал Целинный кинотеатрының сырты да, іші де қазақ эпостарының кейіпкерлерінің бейнелерімен өрнектелген. Рельефті суретті суретші Сидоркин білімділікпен, ерекше бір толқыныс үстіндегі сезіммен салған. Барған сайын қайта- қайта қарай бересің. Кішкентай кезімізден қотандасып отыр- ған шал мен кемпірге пөзерек шамның жарығымен оқитын жыр-қиссаларымыздың көрінісі. Өрнектерге қараған сайын жүрегің лүпілдеп ауыл көз алдыңа келеді. Кеудеңді қуаныш керіп, армансыз өткеніңді мақтан тутасың. Студенттердің көбі осы рельефтерді көру үшін әдейі ерте келіп, қумарлары қанғанша қарайды.

Көркем фильм басталар алдында, 10-15 минут міндетті түр- де Компартияның кезекті съезінің шешімін, фитиль журналын көресің. Студент қыз-балаларға, журнал да, кино да емес, шам сөнген соң бірінің бірі қолдарын сипап отырғаны керек...

Жатақхана бөлмелерінен Досмұқасан, Айгүл ансамблдері- мен бірге Биттлз, Шокин Блю, Роунд Стоунздардың орын- дауындагы әндер жарыса шыгып, жастықты, махабатты жырлайды. Көңілденесің, сезімнің көк дөнені көз алдыңда көлбеңдей жөнеледі. Жанды әуез тұла бойды түршіктіріп, қат-қабат боп сеңсіп қалған өткен күндеріңнің мұңды да, қуанышты да ерекше сәттерін көз алдыңа әкеледі. Жүрегің елжірейді, жылагың келеді. Мәңгілік гұмырды аңсаган Қор- қыт атага ұқсап кетесің. Дертке шипа, денеге қуат бе- ретін арқаның қоңыр желі ескендей болады.

Ішті шымырлатқан керемет мелодия шалғайдағы сағым- дай толқиды. Енді бірде ән ырғағы октавасын өзгерткенде жүректің муңды нәзік тамыры да аяншақтана тітіркенеді. Жүрегің қақса да, дем алмастан қатып тыңдайсың...

Сыңсыған маһаббаттың ыстық сағынышындай назды, муңды әннің сөзіне түсінбесең де музыканы түсінесің. Жа- ныңа жылы тиіп мүлгітеді, баурайды. Қайтадан әнмен әуен- деп қалқи жөнелесің, биіктей бересің. Шексіз де шетсіз ға- ламға бет аласың. Барған сайын сағымдай шалқып, балдай

242

 

тамылжыған ән аяқталғанда сен де таусылғандай, біткендей боласың. Ештеңенің қажеті жоқтай сезінесің. Бәрі бітеді. Таусыласың, босайсың. Тек жаңа ән басталғанда сен де ән ырғағына ілесіп тіріліп алға жылжисың. Жүрегіңнің соғысы біртіндеп лүпілге уласып жан дүниең қайтадан рахатқа бө- лене бастайды. Баяу толқын бірқалыпты тербетіп әлдилейді, еркелетеді. Амалсыз езу тартып назданасың. Тән рахаты, жан рахатымен кезек алмасып, ляззаттың шырынына мал- тыта береді, малтыта береді... Досмуқасанның оранжиров- касындағы халық әндерінің жаңаша орындалуы көкейге қо- нымды-ақ. Ұлттық өнердің ерекшелігі жаңа леппен жастарға ой салады, намысын оятып болмысын тербейді.

Октябрь революциясының жеңіс күні де тойланды. Ленин алаңындағы өкімет үйінің алдынан сап түзеп, транспорант көтерген студенттер шубатылғаны жүгіре басып, дірдектеп тоңып өтті. Барлық жердегідей қолдау шеруі. Өзгерген еш- теңе жоқ...

Алматы күзі созылып аумалы-төкпелі болғанымен, бір күнде-ақ көрпесіне орантып қалың қысты әкеле салды. Кешкі уйқыға күзде жатқан қала, ертесімен оянғанда түні бой жауған қардан жүре алмай қалды.

Тынық күнде жапалақтап жауған қар, көңіліңді шалқақ- татып, ерекше сезімге бөлейді. Қар жамылған шыршалар ақ көйлек киген қыздардай қызараңдап, еріксіз қызықтырып көз тартады. Биік теректердің басындағы қарлар төменде өтіп бара жатқан қыздарды көрсе борай салады. Қыздар сың- ғырлап күледі, сулуланады, жігіттерге көз қиықтарын төңке- реді. Сенің де жүрегің алып ушады. Еріксіз соңынан ересің, көзіңмен узатасың... Қыздардың узын кірпіктеріне ілінген улпа, дүниені умыттырып, кеудеңе от салады. Жатақхана- лардан шыққан қыз бен жігіттер Никольск базары арқылы “Золото Маккены” фильмін көруге Целинный кинотеатрына ағылады. Қар атысқан, әзіл жарасқан, қол устасқан күндер бір-біріне жалғасады кеп.

XXгасырдың алпысыншы жылдарының соңынан бастап зиялы қауымның ұлт тарихын зерттеген гылыми еңбек-

243

 

тері жарық көре бастады. Әлкей Марғұлан Байғазы-Дәнді- бай мәдениетінің көне көзін ашса, Кемел Ақышев Алтын Адамды тапты. Ілияс Есенберлин, Мұхтар Магауиннің та- рихи тақыръттагы шығармаларына бүкіл түрік әлемінің тарихи-рухани мүддесін цоргаган Олжас Сүлейменовтың «АзиЯ»-сы қосылып қазақты қазақ қылды.

«АзиЯ» шығысымен-ақ қолға түспейтін кітапқа айналды. Түрік халықтарының тарихын Советтер Одағы мемлекеті тұрғындарына жәй айтып қана қойған жоқ, оның тамыры- ның тереңде екенін, сарқылмас көзінің бар екенін дәлелдеп берді. Мен «АзиЯ» кітабының құдіретіне Ленинград қала- сындағы зиялы жастар арасындағы пікірталас отырысында әбден көзім жетті.

Сарыарқа ұйым мүшелері тек Алматыда ғана емес, рес­публика бойынша үгіт-насихат жүргізуге міндетті еді. Қазақ студент жастарымен байланыс орнату мақсатында жүргенде таныс жерлестерді сағалап Ленинград қаласына жолым түсті. Әдеттегідей қанжығама Олжас Сүлейменовтың «АзиЯ-сын» байлап жүргенім жақсы болар ма, сурет ака- демиясының ескі жатақханасында Орталық Азиядан кел- ген студенттер кітапты қотандасып оқыды. «АзиЯ» кітабы қолға түсті дегенді естіген студенттер көзді ашып-жұм- ғанша жинала қалды. Іштерінде кітапты бұрын оқығандар да бар екен.

Әрбір сөйлем емес, әрбір сөзді баптап оқыған өзбек жігіті мағыналы жерге келіп қалғанда тоқтап, өзі ғана ойланбай басқалардың да айтылған сөздің астарына көз жіберткізіп отырды. Шыбын ызыңын естірткен үнсіздік, құлақтың құрышын қандырған мағыналы сөз, шексіз де, шетсіз ой түйсігі қатпар-қатпар көне тарихтың қойнауын қопарып жатты. Кітап таң атқанша оқылды. Қыбыр еткен жан болсашы. Кітап оқылып біткеннен соң да, қимылсыз үнсіздік тағы біразға созылды. Мен өзімнен жастары үл- кендеу, ұзын шашты, сақал-мұртты студентердің жүзі- нен шөліркеп келіп, бұлақтан кәусар су ішкендей қызара бөрткен жан рахатын көрдім. Өзім де суретшілермен бірге

244

 

сақайып сала бердім. Олжасты енді түсіндім, мақтаныш сезімі кеудемді керіп, бір аршын биіктеп қалдым. «АзиЯ» кітабы сарыарқалықтардың үгіт-насихат қорынан межелі орнын алды...

Тарих факультетінің студенттерін, әсіресе сарыар- қалықтарды тарихи тақырыпқа жазылған шығармалар қатты қызықтырды. Оқыдық. Талдадық. Пікір таластық. Сарыарқалықтар Пушкин кітапханасының көне фондына арнайы рұқсат алудың көзін тауып, жиырмасыншы-оты- зыншы жылдардағы газет-журналдардан Алаш азаматта- рының мақала-шығармаларымен де таныстық. Олардың қызыл империясының қыспағындағы қуғын-сүргінге қа- рамай, көне тарихты зерттеу арқылы ұлт санасына шежі- рені құйып, кімнің кім екенін кейінгі ұрпаққа айтып кет- кендеріне таң қалдық, табындық...

Жетпісінші жылдардың бір ерекшелігі халық үлкенді- кішілі болып жаппай көркем әдебиет оқып, өмірдің кейбір сұрақтарына жауапты кітаптан іздеді. Коммунистік идеологияның ықпалында болса да цогамдагы іс-әрекет- терге көзқарасын өзінше цалыптастыруга тырысты.

«Ұзынқұлақтан» жұрт компартияның орталық коми- тетінің «Көшпенділер эстетикасы» мен Олжас Сүлейме- новтың «Аз и Я-сын» «ескілікті көксеп дәріптейді» деп шығарған жасырын қаулысын тез-ақ естіді. «АзиЯ» мен танысуға мүмкіншілік болса, Мұрат Әуезовтың басшы- лығымен шыққан «Көшпенділер эстетикасының» барлық тиражы бірден жойылып оқырманға жетпеді. Бұл мақала- лар жинағы көшпенді халықтарда мәдениет те, тарих та жоқ деген Компартия идеологиясына қайшы келді. «Көш- пенділер эстетикасы» Алаш ұлтшылдарының кітаптары- мен бірге қара тізімге ілікті. Мұрат Әуезовты сарыарқа- лықтар бұрын «Жас Тұлпар» ұйымының басшысы, ұлт жанашыры, алпысыншы жылдардағы жастар қозғалысы- ның жетекшісі ретінде білсе, енді ғалым-күрескер ретін- де таныды. Олжас Сүлейменовпен бірге Мұрат Әуезовте студент жастардың кумиріне айналды.

245

 

Осы жылдары қазақ оқырмандарына шыншылдығы, көркемдігімен бірге саналы ойға шоқ салған, ұлттық мүд- денің болашағына көз жіберткен Қабдеш Жұмаділовтың «Соңғы көші» шықты. Бұл романда сарыарқалықтардың тол- ғау талғамынан өтіп, жастанып оқитын кітабына айналды. Шет елдердегі қазақтардың өмірі, тұрмысы жөніндегі шы- найы болмыс «Сарыарқа» ұйымы бағдарламасының өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, роман бірден үгіт-наси- хат құралына айналды. Студенттер кітапты іздеп жүріп, жатақханаларда кезектесіп оқыды.

Автордың кім, қайда тұратынын біліп алған біздер «Соңғы көш» жөнінде ашық пікір алмасудың жөнін қарас- тырдық. Саясат пен қауіпсіздіктің қыр-сырынан хабардар болып қалған жасырын ұйым мүшелері Қытайдан келген жазушыға үш әріп тарапынан күдік тумауы үшін универ- ситеттің доценті Байтұрсын Дәрішовтың беделін пайда- ланды. Екі аяғынан жарымжан ұстаз «Мен мүгедекке КГБ не істейді, кездесу ұйымдастырып берейін» - деп іске қызу кірісті. Ұлттың жанашыр азаматтарының бірі Байтұрсын ағай балдағын сүйретіп Жазушылар Одағына талай барып, ешкімнен тайсалмай, қытайдан келген тыңшы деген сөзге құлақ та ілмей, Қабдеш Жұмаділовты тарих факультетінің студенттерімен кездесуге көндірді. Жұмаділов сол жыл­дары Жазушылар Одағы ғимаратында қызмет істеді. Жас кезіндегі Мұхтар Әуезов тіріліп келгендей кең маңдайлы, бұйра шаш, маңғаз жазушымен өткізген пікір-алыс кезде­су ұзаққа созылды. Сарыарқалықтар стипендияларынан жиналған ақшаға алыстағы арып, шашылып жүрген қан- дастарымыздың мұң-мұқтажын, жүрек сырын, арманын ата қонысқа сәлемдемедей жеткізген талантты жазушы- ның иығына шапан жапты. Тарих факультетінің студент- тері университетте бірінші болып Қабдеш Жұмаділовпен кездесу өткізді.

Уақыт зымырап сала берді. Қорқынышы көп алғашқы сессиялар да өтті.

Біздің үгіт-насихатымыз жақтастар таба алмай,

246

 

кібіртіктеп жүрмей қойды. Театрларда таратылған үгіт қа- ғаздарынан да еш серпіліс, нәтиже шықпады. Дәл осы кез- де жатақханада тұратын қырғыз студенттері ұлтшылдық сарындағы үндеулерімен ұсталған соң конспирация үшін ұйым насихат жұмысын уақытша тоқтатуға шешім қабыл- дады. Сарыарқа ұйымының жұмысын уақытша тоқтатуға ашық айталмағанымен тағы бір себеп болды. Бұл өзара түсініспеушілігіміздің көбеюі мен ұйым жетекшісінің салбырттығына байланысты еді. Қайсар мінездің қазы- ғындай отан сүйгіш, айтқанынан қайтпайтын басшымыз Салық күрт өзгерді. Бізден қашқақтауы көбейіп, қосылмай саяқсып кетті. Бірде үйленейін деп жүрмін қолым тимейді десе, енді бірде ішімдік ішіп, бойына, ойына жат қылық- тар көрсетті. Аң-таңбыз, түкке түсінсек бұйырмасын.

Салықпен бір жатақханада тұрғандықтан ыңғайын тауып дұрыстап сөйлесу маған жүктелді. Әңгіменің реті бола қоймай созыла берді. Өзіңдей сүйек пен еттен жа- ралған адамды пір тұтудың қажеттілігі жоқтығына көзім жетті. Не керек ақыры бет ашылды. Салықтың өзі де іш- тен танып, тұншығып жүрген болуы керек бірден сөйлеп кетті. - Арман, арман ғой. Өмірдің ащысы да, тұщысы да бар. Қара басымның тыныштығын, қызығын ойлап жүр- генім жоқ. Ісіміздің нәтижесінің болмайтынына күн өткен сайын көзім жетуде. Әрине бастаған істі тастау қиын, сен- дерге қой дей алмаймын... өгіздің үрген тұлыбынан жас бұзау артық. Біздікі бос әуре. Оданда білім алып, үйленіп, артымызға ұрпақ қалдырғанды дұрыс деп шештім. Ауыл- да кәрі әке-шешем, жалғыз қарындасым бар. Бәрі маған қарап отыр, соларға көмектесу керек.

Көңілдің шері қозғалғанда ғана шындық тілден шыға- ды ғой. Салық ағынан жарылды. Мен оны түсінетінімді, дұрыс ұғатынымды аңғартып басымды изей отырдым. Бі- рақ ішім қан жылап, жаным құлази берді. Маған қауға са- қалын сыйпалай қабағын ауырлап түйілген Салықтың ең- сесін пендешіліктің қасіреті басқандай көрінді. Сөздерін нақтылап, дәлелді айтқанымен маған да, оған да бұл пікір

247

 

жат еді. Көз нуры булдырап, тура қарай алмай амалсыз- дықтың нышанын білдіргендегі жалпылай жаттанды сөй- леді.

 Қазақ аз көбею керек. Көп болсаң көлсің, сенімен са- насады. Жүзден жүйрік, мыңнан тулпар шығады. Көтеріліс- тен, революциядан біз ештеңе таппаймыз. Тәуелсіздік біздің маңдайымызға буйырмаған. Барымызға қанағат қылып, ты- ныштықты сақтайық. Өзіміз де аман боламыз, ертеңгі күннің еншісіне үлесімізді қосамыз.

 Сонда қалай, тарихтағы қаншама күресіміздің, кө- терілісіміздің қурбандары қайда қалады? Жер шарының то- ғызыншы территориясын білектің күшімен, найзаның ушы- мен қорғап урпағына қалдырып кеткен бабалардың аруағы атпай ма бізді.

 Дурыс айтасың, бірақ айтқаныңның бәрі кешегі, өткен тарих. Қазір заман басқа, уақыт басқа, бізді сондықтан ха- лық қолдамай отыр. Көпшілікте қажеттіліктің зәрулігі тумай ештеңе де істелінбейді. Жәй шығын, қайғы-қасірет кімге керек? 1916 жылғы улт-азаттық көтерілісі дейміз, ал соның пайдасы мен зиянын салыстырып салмақтап көрдің бе?

 Түсінбедім, 16-шы жыл Ресей империясының қулауына себебін тигізді емес пе?

 Дурыс айтасың, бірақ қандай шығынмен? Пулемет, вин- товкамен қаруланған әскерге шоқпармен шаптың, не тап- тың? Қырылдың. Азайдың. Эке болатын улдан, туатын бала- дан айрылдың. 1915 жылы 6 миллион болған қазақ, өскеннің орнына 1945 жылы 2, 5-ақ миллионы қалды.

 Күрессіз, шығынсыз өмір болуы мүмкін емес қой. Тәуелсіз ел болсақ осының бәрі басқалай болушы еді ғой.

 Әйтеуір айтасың да, гәп басқада. Соғысқа, көтеріліске аяқ-қолы сау, басы бүтін, есі дурыстар қатысады. Өлсе, от- тың ішінде жүрген жақсылар өледі, ал жамандар, мүгедек- тер үйде, пештің түбінде, бірақ аман қалады. Ертеңінде ит жоқта, шошқа үріп, солар мән айтып сөйлейді, ел билеп көш бастайды. Есесіне әлсіз, ынжық урпақ өседі.

Көз көргенді қулақ естиді. Мен Салықтың жүзінен «өлсе

248

 

басқа өлсін, мен өлмейін» деген сөзді көрдім. Таңмын. Абыр- жулымын. Басқадан болса бір сәрі Салықтан еститін сөзім бе еді. Тас балқып, темір ерісе де мыңқ етпей, қандайма деген де қиындығыңа мойымай шыдайтын нардай адам болады ғой. Міне Салық сондай жан еді. Не болды? Қандай қасірет өзі таңдаған улы жолынан бурды? Бәрі жумбақ түсінбедім. Салықтың күрсіністі демінен дәрменсіздік сезілді. Асыл тас- тай ерді қайыстырған қандай дүлей күштің дауылы...

Булт басқан түннің қараңғылығына өкініші көп, аяныш- ты әңгіме қосылып еңсені көтертер емес. Жатақхана тынши мүлгіген, көңіл жабырыңқы.

Әңгімеміз тәмәмдана бергенде Салық бастапқы жүдеген, жабыққан күйіне қайта түсті. Іші жалын болып жатса да, сыртқы сабырдың сары алтынындай болып көрінгісі келді. Күлген болды, күлкісі жәй ырсию, әйтеуір бір ишараттың белгісі.

«Үйлену тойыма шақырам, қаланың қызы, ЖенПИ-де оқиды» деді. Мен ішімнің ашығанын, көңілімнің қалғанын білдірмей жарайды дедім, өздігінен езуім тартылды. Бас- шымыздың ісіне жаным қиналды. Тән дауасы, тән шипасы табылар, жан дауасы, жан шипасы табылмайды екен. Көз ал- дымнан Сарыарқа уйымын қуру кезіндегі Салықтың жүріс- турысы, жалынды сөздері шубырып өтті. Ішімде әлде бір күдік қалды. Бундай шешімге неге тез келді, бурын қайда қалған. Жаманшылыққа, сатқындыққа жетекшімді қима- дым. Амалсыз сарсаң ойға қалдым.

Армандап ден цойган үгіт насихатымызды жарты жол- да қалдырдық. Қажыгандыгымыз бен бірге істелген ісіміз- ден нәтиже көрмеген соң сагың сынып, дәрменсізденіп бо- зөкпеленеді екенсін. Жастықтық буына пісіп жүрген күндер жазгытұргы мамық түсті бұлттай болып, қайта оралмас- тай жоғала бастады.

Бос уақыт көбейді. Барып жүрген шығыс спорт түрлері секциясы да кенеттен жабылды. Каратэ, Кунг-фу советтік қу- рылысқа қауіпті, коммунистік моральға сәйкес емес делініп, спорттың бул түрімен отан қорғаушылар, КГБ мен милиция

249

 

қызметкерлері ғана айналыса алатын болды. Қайда барсаң қорқыныштың көрі - алдыңнан КГБ-ы шығады. Ендігі қал- ғаны тек жанкүйерлік қана. Сол 70-ші жылдары қазақта бо- лып көрмеген допты хоккей, көгалдағы хоккей, судағы доп, волейбол сияқты спорт түрлерінен қазақстандықтар Европа, дүниежүзі чемпиондары бола бастады. Жолдастарымен ми- лиционерлерді субыханым сүймесе де, патриоттық сезімнен “Динамо” командаларының жанкүйерлеріне біржолата ай- налдым. Енді қолдарымыз босай қалса, Динамо стадионы қайдасың деп сонда турасынан тартамыз. Студенттік өмір өрісімізді кеңейтті.

Бауыржан досыммен семинарға дайындалу арасында Пушкин кітапханасы жабылғанша Батыс Европа және Жа- пон әдебиеттерін оқуға да әуестендім. Буған менің көне грек тарихынан «Эсхил трагедияларының» Шекспир мен Толс - той және Ғабит Мүсірепов шығармаларына тигізген әсері тақырыбына курс жумысын жазуым себебін тигізді. Ұлы адамдардың талғамдары да қызық Шекспир де, Толстой да Эсхилге табынса да, Толстой Шекспирдің талантын мойын- дамаған.

Алғаш рет Акутагава, Кабаватамен таныстым. Джеймс Джойстың “Дублиндіктері”, Ж. Сартрдың, “Тошнотасы”, А. Камюдің “Посторонний” жастанып оқитын кітаптары- ма айналды. Әсіресе, Джеймс еңбектерінің қарапайымды- лығы, сезімталдығы, жаныма жылы тиіп, уйытып алатыны таң қалдырды. Герман Гессенің “Дала қасқырын” бір кеш­ке алып оқып, соның әсерімен күй табақтан Пин Флойдтың орындауында “Айдың арғы беті”, “Иса пайғамбар”, музыка- сын таң атқанша тыңдап ерекше бір күйге түстім. Көкейімде жүрген Войничтің “Көбелегі” жайына қалды.

Әдеби кітап оқуды әдетке айналдырдым. Мухтар Әуе- зов пен Бейімбет Майлиннің повесть, әңгімелерін қайтадан басқа көзқараспен түгелдей оқып шықтым. Әдебиет клас- сиктерінің сөз салымы, сюжет қурастырулары, ой тереңдік- тері таң қалдырды. Қазіргі кезеңдегі прозаиктердің ішінен Сәтімжан Санбаевтың «Белая аруанасын» және Оралхан

250

 

Бөкеев, Ақселеу Сейдімбектің этнографиялық этюдтерін қызыға оқыдым. Көкейіме дүниелік бейне болып, өзім ұнат- қан жазушылардың шығармалары мәңгілікке қалып жатты. Өмірде өзіңнен талантты адамдардың барлығы да бақыттың бір түрі екен-ау!..

Мен ұйықтап жатқан жолдастарымды оятып алмайын деп есікті сықырлатпауға тырысып сыртқа беттедім. Жатақхана- ның ұзын биік коридоры аждаһадай бос. Фойе арқылы үл- кен колонналы балконға шықтым. Таң енді атып келеді екен. Көктемге не жетсін. Қолымды аспандата созып есінеген күйі бар тыныс тірлігіммен жұпар ауаны құмарта жұттым. Таза, салқын, дымқыл ауаға тұншығып қала жаздадым.

Алматының созылып ататын таңы, әдеттегі үнсіздігі дүние тіршілігінің мол үнін әкелуде. Тыныштықтың тұң- гиыгы менің жүрегімді алып ұшырды. Енді бір сәтте бүршік жара бастаган балауса агаш жапырақтарының май иісі мұрнымды тілімдеп қытықтай бастады. Ауада- ғы жауын иісі көбейді. Көзге көрінбегенімен тамшылардың жацындаганы сезілді. Көктемгі алгашцы жауын иісі, Ала­тау баурайындагы Алматының таң құпиясы екі өмірдің ор- тақ есігінің алды сияқтанып кетті...

Университет факультеттері бір-бірлерімен бәсеке. Әр декан оқу процесінен ғана емес, спорт сайысы, көрке- мөнерпаздардың жарысынан да алда болуға тырысады. Декандардың конкурс алдында абитуриенттердің іс-қаға- зымен мұқият танысып, спортшы, өнерпаздарға ерекше қамқорлық жасағандарының беті енді ашылды. Атақты спортшылар қалалық, республикалық сайыстарда уни­верситет намысын қорғап, сабаққа да қатыспайды. Олар- дың орнына сессия кезінде сынып пен емтихан бағасын қойғызу үшін спорт кафедрасының мұғалімдері жүгіріп жүреді. Спортқа неге екені белгісіз жаратылыстану фа- культеттерінің студенттері икемдеу келсе, гуманитарлық факультеттер ән-күйге, өнерге бейім болды. Бәсеке, әсі- ресе, тарих пен журналистика факультеттерінің арасында жүріп жатты. Университет қабырғасынан асып Алматыға

251

 

танымал болған журналистерде “Ләйлім шырақ”, тарих - шыларда “Армандастар” ансамблдері бар. ”Ләйлім Шы- рақ” халық әндерін орындаса, “Армандастар” әр тілде ән салып кейін университет ансамблі болды. Екі ансамбль- де қала жастарының сүйікті орындаушыларына айналды. Армандастықтар Қазақстанда бірінші болып, ағылшын тілінде Битлздің әндерін орындады.

Виноградов 88-ші үйдегі №1 жатақхана ғылым қара шаңырағы КазГУ сияқты 1934 жылдан бері талай ұрпақ- ты аяқтандырған баспана. Үлкен алты кереуеттік бөлме- де күні-түні ауыса 15-20-дан кем студент жатпай тұрмай- ды. Қонақ болып келіп жатып кететін студент жерлестер бәрінде бар. Тор астына тақтай қойылып ортасы қосылған екі кереуетке көлденеңінен жата қалғанда алты адам шал- қақтай жатады. Әйтеуір төбесі биік болған соң бөлме іші қоңыр салқын, үшінші қабатқа дейін таласа өскен терек жапырақтары күн көзін көлгейлеп салқындатады. Сту­дентке не, бірер сағат көз іліндірсе болды, жас денелері ширатқан қыл шылбырдай шиыршық атып шыға келеді. Тек мезгілсіз осы жатақханадағы жастардың мазасын ала беретін бір мұғалім болды. Ол жалпы тарих кафедрасын- дағы Өркендеу дәуірінен дәріс беретін Бақтажар Мекишев. Студенттерді өзі құрған “Жеті муза” қоғамының жұмысы- на шақырады да жатады. Мақсаты жақсы-ақ. Жастардың өнерден, оның ішінде бейнелеу өнерінен хабары болсын дейді. Бірақ күнде музей, кешке театр, артистермен кезде- су өзі уақыт жетпей жүргенде жалықтырып-ақ жібереді. Орта ғасырдағы өрлеу, қайта өрлеу кезеңдеріндегі бар- лық суретші, мүсіншілердің негізгі еңбектерін білмесең тарихшы емессің. Бақтажардың қатаңдығы сондай Қозы- Көрпеш Баян-Сұлуды оқымайтын студенттер сынып, ем- тихан үшін “Тристан мен Изольдадан” үзіндіні түнде оят- са да жатқа айтады. Одан қалды “Жеті музаның” жұмысы аздай, мен сендерді сұлу қыздармен таныстырам деп Жен- ПИ-дің “Қыз Жібек” эстетикалық клубына топырлатып апарып отырғызып қоятынын қайтерсің. “Данаянаның”

252

 

жалаңаш толықсып, ыңыранып жатқан суретін көрсетіп тұрып, оның қалай екі қабат болған хикаясын жырлайды, соның суретін салған Тицианды құдіретті деп мақтайды. Ал жастарды уақыт өтпей қинайды... Ұлдар қыздардан ыңғайсызданады, қыздар ұлдардан ұялып отырады...

Қазақ елінің маңдайына біткен жалгыз университет ұстаздары жалпы өз білімдері мен көзқарастары, пара- саттылықтарыменен басқалардан бір саты болса да биік тұрды. Сарыарқа ұйымы жөнінде білсе де, сол 70-ші жыл- дардағы тарих факультеті декандары студенттерін шек- тетпеді, қудаламады. Қайта шамалары келгенше жана- шырлық көрсетті...

Көркемөнерпаздарының факультет аралық жарысы аяқ- тала бергенде 1-ші май демонстрациясы да келді. Қайтадан парадқа дайындалу, айт-два, портрет көтеру. Көше толы ха- лық. Сап түзеп ұжым-ұжым болып орталық Ленин алаңына ағылған жұртта сан жоқ. Қызыл алау тулар, ұранмен қаптал- ған машиналар, гүл ұстаған оқушылар, айтқаны өлең айтып, билегені бар айғай-шумен жүріп барады.

Әр жерде биік мұнараларға орнатылған радио қабылда- ғыштан Компартия ұрандарын тастаған диктор дауысы, ком- партияны қолдап айғайлаған, өтіп бара жатқан кісілердің дауысы саңқылдап шығады. Саптағы адамдар тоқтап-тоқ- тап, жүгіріп қайта сап түзейді. Күннің көзі де жарқырап бас көтертпейді. Аяқ астында не жатса да аттап өтесің.

Алаңдағы трибуна қасынан өткенде ұрандаған айғай күшейді. Алаңнан шыға бергенде алдымдағы келе жатқан- дар легімен бұрылғанда менде бұрылдым. Дәл алдымызда транспоранттармен безендірілген үлкен машина тұр. Ма- шинаның дәл қасында ақ жейделі еркек қарақұсынан қан шыпшып етпетінен жатыр. Асфальт үстіне қан ағуда, бәтең- кесінің бауы шешіліп қалыпты. Тегі бәтеңкесінің бауын бай- лауға еңкейгенде ұрандармен безендірілген машина шофері көрмей қалып, қаққан болуы керек. Жұрт компартияны ма- дақтап айғайлаған диктор дауысын қайталап жасасын, жаса- сын деп өтіп жатыр. Музыка дауысы, той-думан көңіл-күйі

253

 

ауада қалықтап тұр. Мен жатқан мәйітке қараған күйі артым- нан итермелеген сап лебімен немқұрайлы топтың бірі болып кете бердім. Артыма бұрылып тағы қарадым, жатқан адамды әлде кімге ұқсаттым.

Мерекені пайдаланып сол күні-ақ ауылға тарттым. Екі- үш күн өтіп, лекцияға келгенде джемонстрацияда машина қағып Салықтың өлгенін естідім. Туыстары жерлеуге еліне әкетіп те қалыпты. Төбем шымырлап кетті. Туған-туыста- рына көмектесе алмадым-ау деп ойладым. Сумаңдаған сұм жазмыш... Тек ауырлаған аяғымды сүйрете басып, адамның басы Алланың ғана добы емес, идеологияның да ойыншығы екен-ау деп ойладым...

Күндер, айлар зулап өте берді. Өмір де, уақыт та сессия мен сессияның аралығымен мөлшерленеді. Жазғы сессия қысқы сессиядан қиындау тиді. Сынақ пен емтихан да көп, жұлдыздары жымыңдаған Алматының жылы түндері, жан- ды жадырататын түрлі сұлулықтар кітап оқытпай көшеге сүйрейді.

Көктемгі қызғалдақтармен жарыса, жартылай жалаңаш- тана күрт көбейген арулар есті кетіреді. Арасында Никольск базары айналасына орналасқан сыраханалар тағы бар. Каз- ГУ-дың жатаханаларының қасында Космонавтар, Шевченко көшелерінің бойы жастардың шоғырланған аймағы болды. Шетел, медицина, денешынықтыру мен спорт, әріректе, по- литехникалық, мал дәрігерлік институттарының жатаханала- ры орналасқан. Сапырылысқан, ығы-жығы студент қауымы. Қай институт асханасының асы дәмді және арзан барлығы соған шұбырады. Никольск базарының айналасында бір емес үш сырахана бар. Шашлык 22 тиын, сыра 24 тиын. Тек ең қиыны, сыра ішетін кружканың тапшылығы. Пысықтау, жоғарғы курс студенттері сыраханаға екі-үш литрлік шыны ыдыстарын ала барып, күндерін ағаштардың көлеңкесіндегі көкалдың үстінде өткізеді. Гу-гу әнгіме, бітпейтін қалжың. Жерлестер бірін-бірі осындай жерлерге шақырады. Қиын болса да, емтихан бағаларының бәрі де ойдағыдай шығады. Алда жазғы демалыс.

254

 

Жазғы демалысты Торғай облысының Жаңадала ау- данында өткізуімізге тура келді. Оған себеп айына 25 сом қосымша стипендия. Күзде университетте механизаторлар курсы ашылып, жазғы демалыста комбайншы болып, көп ақша тапқысы келген студенттер түгелдей соған жазылды. Қиындығы жоқ, жумасына екі сағат комбайын жөнінде лек­ция тыңдайсың соған саған қосымша ақша төлейді. Мундай напаханы қур жібересің бе?! Уақыт өте шықты. Енді емти- хан бітісімен штаб уйымдасып, факультеттерден отрядтар қурылды. Комбайнерлікке теория, сурет бойынша емтихан тапсырылды. Айлық жалақы кемінде 500-700 сом, ал егін шығып, жумыс жүріп кетсе, одан екі еселенеді деп жатты. Біз екі айға шартқа отырсақ та, тағы бір айға қалсақ екі-үш мың жалақы тауып қалармыз деп есептедік. Ол дегенің бір машинаның жарты қуны.

Студенттердің механизаторшылар отрядын республика бойынша Орталық комсомол комитеті басқарды. Бір эше­лон Қазақ Мемлекеттік университетінің студенттері кө- теріңкі көңілмен, оркестр үнімен, “Компартияның ауылша- руашылық саясаты жасасын”, “Бидайдың бір дақылында қалдырмай жинаймыз” деген урандармен Торғай облысына бет алдық. Поезд уақыт кестесінде болмаған соң тоқтатуды көбейтті. Тіпті Балхаш көлінің тусынан өткенде студенттер жапа тармағай жүгіріп суға да түсті. Тарих-философия фа- культеттерінің қурама отряды “Титово” совхозына көмекке бекітілді.

Механизаторлық өмір басталды. Комбайн дегенің таудай болады екен, үстіне баспалдақпен шығасың. Емтихан тап- сырғанда айтқан жауапқа бір де тетік сәйкес келмеді. Ком- байнның бәрі сынық, оңдауға бөлшектер жоқ. Студенттер берілген комбайндарын оңдау үшін бірінің бөлшектерін бірі алып, әуре-сарапқа түсті. Турмыс жағдайы да айтқандарын- дай болмады. Журт ауыз суға тапшы екен. Жергілікті халық- тың турмысы да күнделікті баршылық. Сиыры өрістен келсе қою шәй, ол келмесе қара су. Жақын арадағы емхана 100 ша- қырым жерде, жолдың аты бар, заты жоқ ...

255

 

Біз жергілікті бірен-саран кісілерді болашащ, тәуелсіздік жөнінде сөзге тартып көріп едік, әлгілер жындының сөзін естігендей адырайып шоши жөнелді. Есесіне жалащы алган күндері бүкіл совхоз тұргындары бұзауына дейін естерін жия алмай мас болып мөңіреп жүрді. Ал студенттердің тапщан табыстары ішкен тамагынан аспады. Су жащпай іштері ауырып берекелері кетті, жүдеп-жадап ауылдары- на щайтты.

Екі-үш ай көрмей Алматыға келгенде біз жумақты көр- гендей естерімізден таза адастық. Ерекше сезім, шалқыған көңіл жаныңды жадыратып бойыңды сергітіп жібереді. Әсі- ресе 5 институт, 3 техникум студенттері жатақханаларының тоғыз торабы, Космонавттар көшесінің бойы араның уя- сындай уілдеп жастарға толады. Өздеріміздің сүйікті көлік- теріміз трамвайға мінбей, оқу ғимараттарына табиғатты қы- зықтап жаяу тартамыз. Шынында тау суы арықта сылдырап ағып, теректері күнді көлеңкелеген көшелерімен жаяу жүру қандай ғанибет...

Күн щапырыщтанганымен, түнде таудан сощщан салщын самал бойды сергітіп, көңіл көтереді. Қыркүйек - Алматы- ның алтын діңгегі. Саргайып тротуарга түсе бастаган жапыращтар жыл мерзімінің адам өмірі сиящты тощтау- сыз екенін көрсеткендей. Еңселі кең, ерте салынган жатащ- ханаларды щалыщтап, Никольск шіркеуінен созылған щоңы- рау дауысы естіліп щояды.

Әдеттегідей ашық турған терезеден естілген көкек дауы- сынан ерте оянсам да өз ойыммен өзім болып қозғалыссыз көп жаттым. Кейде бәрі дурыс сияқты. Автобустар, поездар жүріп жатыр, самолеттер мезгілімен ушуда, жалақы алына- ды, зейнетақы күнкөріске жеткілікті, оқу бар. Не керек. Бі- рақ, бірақ...

Бүгін біз Сарыарщалыщтар үшін ерекше күн болмащ. Жүргізген үгіт-насихат жұмысы бір жылдан соң өз жемісін бере бастагандай. Өзіміздікіндегі сиящты жасы- рын студенттік ұйымдар Қарағанды, Шымкент щалала- рында да бар екен. Шымкенттен келген «Адыр бөрілері»

256

 

жастар ұйымы өкілдерімен кездесулеріміз керек. Алғашқы таныстық кездесу Аққу кафесіне белгіленді. Қасындагы ойма суда аққулар жүзген ашық алаңдагы Аққу кафесі Каз- ГУ-дің бас гимаратынан онша алыста емес, кездесуге өте ыңғайлы да. Өкімет үйінің алдындағы жазушылар одағы үйімен шектескен кішігірім демалыс паркінің шетінде тұр- гандыцтан, кафе төңірегінің шетіндегі агаштары күтімді, гүл аллеялары мол, 100 жылдық теректердің бауыры қоңыр салқын-жансая.

Кешкісін кафеде кісі көп болатындықтан, кездесу түс мезгіліне белгіленді. Келген үш жігітпен танысып, балмуз- дақ жей отыра әңгіме бағдарламалар төңірегіне көшті. Ой- армандарымыздың уқсастықтары бізді қауіпсіздік сақта- ну жөнін умыттырып, талай жылғы сырлас жан-достарша шүйіркелестірді. Тек судағы аққуларды қызықтаған адам- дардың шуы сөзді бөле берді. Әңгіме-кездесу жатақханада жалғасын тапты. Түпкілікті мақсат бір - ол Қазақстанның Тәуелсіздігі делінді. Ынтымақтасуға, бірігіп жумыс істеуге келісілді. Бірақ кездесу жалғаспады, байланыс көп узамай түрлі себептен үзілді...

Үшінші курс маған әлде қайда жеңіл тиді. Қолым да бос. Көркем шығарма оқу, консерваторияның Орган залына ба- рып музыка тыңдау әдетке айналды. Бах, Штраус шығарма- лары көкейге қона бастады. 1975 жылы “Сарыарқа” астыр- тын саяси уйымы өз жумысын біржолата тоқтатты. Зымырап уақыт өтіп, өмір өз арнасымен жүріп жатты.

Бес жыл бес күндей өте шықты. Студенттік өмірдің ең қызықты шақ екеніне көз жетті. Жатақхана мен сияқты сту- денттердің үйіне, оқу корпусы аудиториялары көзін жумып табатын жерге айналды. Диплом да қорғалды, енді ғылыми коммунизм пәнінен мемлекеттік емтихан тапсыру ғана қал- ды. Ғылыми коммунизм - үш қайнар көзден, үш қурамдас бөліктен қуралған ғаламдағы бар тіршілікті үлде мен бүл- деге орап мәңгі бақытқа бөлейтін идея. Сенгің-ақ келеді... Былай қарасаң бәрі түсінікті оңай, оңай болса да қиын сабақ. Социалистік идеяны сөзбен жалпылама дәлелдеп мақтасаң,

257

 

жақсы баға аласың. Ал күмәндансаң, не дұрыс мақтамай кібіртіктесең, күнің қараң. Бірде жәй отырмай табиғат та, адам да жалғасын табады, коммунизмнен кейін не болады деп мұғалімнен сұрағаным бар. Ұстаз да лекциясын тоқтата салып, ойланып қалып «бірдеңесі болар, біз ол кезге дейін өмір сүрмейміз» - деген. Хрущевтің әне деген коммунизмі де жеткізер емес...

Менің көңілім ерекше көтеріңкі :

Алматының алмасы Күннің қызыл гүліндей,

Ұсынғанда алмайсың,

Жүрмін сәулем түсінбей.

Кеткенің бе сәулем-ау Алма жүзің алаулап,

Менің дағы қалды ғой Жүрегімде ән ойнап ...

Апорттың иісінің, арықтағы сылдырлап ағып жататын су- дың азайғаны болмаса, табиғат баяғы. Суы бал, бағы гүлдеп көкегі сайраған, жастарды сезім құшағына бөлеген, сағыны- шы көп жұмақ қала. Арман қала - Алматы...

Казгуград - студенттік қалашығы салынып та болды. Алғашқылардың бірі болып № 6 жатаханаға философтар мен тарихшылар көшті. Үйреншікті Виноградов көшесін қимағанмен көшуге тура келді. Жаңа жатақхана салынып жатқан Университет қалашығының ортасында. Кең алқап- ты алып жатқан қалашықтың тротуарларына дейін біртін- деп үйреншікті жолымызға айналды. Жатақхана емтихан уақыты болғандықтан тыныш. Секциялы бөлмелердегі әркім өзімен-өзі. Баяғы топырлау, у-шу жоқ. Өркениет, жаңа жатақхана студенттерді басқалай тұруға бейімдеді. Соңғы 5-ші курс апыр-топыр болып тез өтті. Жанды жа- дыратқан май мемлекеттік емтиханға да дұрыс мойын бұрғызбайды.

Алматының ыстық күндері қанша ұзақ болғанымен

258

 

оттың жалынындай тез жанып, айлы қапа түндер ұйқыға жетпей барынша қысқарып алма кезек ауыса береді. Уни - верситет қалашығындағы 5-ші курс студенттерінде күнде айт пен той. Бірі емтихан тапсырса, бірі диплом қорғауда, бармай гөр...

Түннің біраз уақыты болды. Қасымдағы бөлмелес курс- тас досым Оразбай кешкісін ЖенПИ-дің жатақханасына кеткеннен әлі келмепті. Досымның кроватының үстіндегі қабырғадағы «мои студенческие годы» деген жазуы бар 1-ші курста түскен суретіне қарап «қайдасың, жүріп-жүріп бұзылдың ғой, досым -ау» дедім. Еріксіз езуім тартылды. Суретте жымиғандай болды. Көңіл көтерілді. Әлде бір қуаныш сезімі кеудемді кернеді. Жаныңды түсінетін ар- мандас жан досыңның қасыңда болуын Тәңір жаратқан өзінің ең сүйіктісіне ғана беретін шығар... Біз талапкер кезімізде 4-ші тамызда танысқаннан, міне, бес жыл жұп- тарымыз жазылған жоқ. Енді жолдаманы да бірге Ақмола облысына алдық.

Дос - жан дос. Қияметтік дос. Жан мәңгілік, яғни дос- тық та мәңгілік. Жалзанда тірі жүргендегі зана емес, о дүниелік болзанда да жалзасатын достық. Ойланбай гөр. Тілдің ерекшелігі - сөздің құдіреті. Қазақ құдасын құдайза теңейді, жақсылық пен тазалықты кэусэрга, ал достықты жанмен өлшейді. Жанның мәңгілігін ескерсек, адал достық та мәңгі!

Диплом алған группалас қыздар да көңілді. Жігіттерге дипломды әскери жиын-сбордан кейін, офицерлік атақпен бірге бермекші. Кеше группалас қыз-жігіттерімен Алма- тының сәнді-көрікті жерлерінде суретке түсіп, үлкен ес- телік фотоальбомын жасадық.

Гүл базы дархандықпен көмкерілген,

Келіп ек Қазақстанның әр жерінен.

Ақ Орда, тәрбиелеп табыстырзан,

Айналдым білім-жайым Казгуімнен,

- деп өлең жолдарын жазыстық.

Бәрі қуанышты. Алматыда жұмыс жоқ делініп, студент-

259

 

терді жолдамамен негізінен Қазақстанның түп-түпкірлеріне мектептерге, институттарға мұғалім қылып жіберілді.

Арман қуған, қиял қуған студенттік өмірдің соңғы күн- дері кезіндегі мектеп бітіргендегі сезімдей қайталануда. Бірақ сабырлылық, кейбіреулерінде бақай есеп те жоқ емес. Жүректерінде қобалжу да бар. Тек Алматыны жаңа көргендей айнала қарап, бұрын көңіл бөлмейтін көшенің арығына дейін көз салып тамашалайды. Бәрі де Алматы­ны қияр емес... Емтихан толығымен бітті, КазГУ-дің бар- лық әскери кафедрада оқыған жігіттері үш айлық жиын- сборға Қырғызстанның Ош қаласы қасындағы полигонға жіберілетін болды.

Алматы 1 теміржол вокзалынан кетуге дайындалып сап- та тұрғанда екі-үш жігітті түрлері суық бір адамдар жеңіл машинаға мінгізіп алып кетті. Кім, не, қайда әкетті ешкім оған мән бермеді... Бірақ, бір түсініксізі әскери адамдардың қолына уақытша болса да, біржолата түскенде бұл қалай жі- беріп қойды, тәртіптің болмағаны ма деп жігіттер ойланып та қалды...

Поезд үш күн жүрді. Жата - жата жігіттердің жанбас- тары тесілердей болды. Алматыдан алып шыққан тамақ, арақ-шараптарымыз бірінші күні-ақ таусылды. Күн ыс- тық, вагон іші моншадай, дем алғанда таңдайың кебеді. Ақыры өлдік-талдық дегенде 900 адам тиелген эшелон Ошқа да жетті. Эр факультет рота деп есептелініп, қа- ланың қасындағы Сүлеймен тауы бөктерінде орналасқан әскери гарнизондағы ашық алаңға тігілген палаткаларға жайғастық. Жігіттер тәртіп бойынша моншаға түсіп, раз- мерге қаратпай, жобасы болса болды, әскери киім алды. Ескі матрац, шұрық-шұрық тесік одеяло, бір уыс бүйіртік жастықшаны алдық деп қолдарымызды да қойдық. Келген бетте, мұрындарымызды шүйіріп жата алмап едік. Таң- ның атысы, күннің батысы әскери сүркіл басталған соң, бәрі орнына келді. Танауларымыз иіс сезуден қалғаны бы- лай, қисайған жерге қата қалып, отырып құс сияқты көзді ашып ұйықтауға үйрендік.

260

 

Студенттік өмірден кейін 40°-ыстыққа бес аспабы асу- лы, шулғауы дурыс оралмаған керзі етікпен жүгіру оңайға түспеді. Кешегі Алматының саябақтарындағы қыдыру да, қурбы қыздармен қоштасу да келмеске кетті. Ішсек тамаққа, жатсақ уйқыға қанбадық. Ең азабы аяқтарымыздың қажа- луы мен шегің шурқырап аяғыңды зорға сүйретіп жүрген- де сапқа турып асханаға өлең айтып бару болды. Қиналдық, көндік. Әйтеуір көппен көрген улы той, екі айға қоян терісі де шыдайды деген сөз көңілдерімізге демеу. Әскердің аза- бына да көндіге бергенде кешкі астың алдында: «Сені ко­мандир шақырып жатыр» - деп, кезекші курсант жетіп келді. Мен ойымда ештеңе жоқ, әскери тәртіппен штабқа жүгіре жөнелдім. Есілдертім асханаға кешікпеу.

Командир сақалау орта жастан асқан полковник бола- тын. Былай қарағанда жылы лебізді, артық сөйлемейтін, өз ісіне мығым ақылды кісі көрінген. Осы жолы: «Сіздің буйрығыңыз бойынша келдім», -деген рапортыма жауап бермей, әуелі: «Сендейлер осындай болады екенсіңдер ғой», - деген кісіше басымнан аяғыма дейін көзімен үнсіз шолып өтті. Сәл үнсіздіктен кейін мына кісілердің сенде сөйлесетін жумысы бар екен деді. Мен сол жа- ғымдағы стол басында отырған отыздар шамасындағы келбетті, бойшаң екі кісіні көріп, бас изеп амандастым. Олар орындарынан турып «рахмет сізге полковник» - деп біреуі маған басын есікке қисайта бізбен жүр деген- дей белгі берді. Мен барайын ба дегендей командирі- ме қарадым. Ол бірден қабағы сәл қатыңқырай қалып, бар-бар деп қолын сілтеп, әлде неге ренжігендей төмен қарады. Мен әлдебір қолайсыздықты іштей сезе сыртқа беттедім. Арқаммен ту сыртынан командирімнің көзін сезіп, желкем шымыр ете қалып, жоғарыдан төмен ар- қам ду етті. Есік алдында сырты брезент жабық маши- наның артқы орындығына мені орталарына ала, әлгі екі дәу отыра бере, машина бірден қозғалды. Не болғанын түсіне қоймаған мен көкейіме күдік пайда болып, іші- ме суық кіргендей болдым. Ойыма ештеңе келе қоймаса

261

 

да, бұрын көрмеген көктен түскендей бөтен адамдар- дың бас, көз жоқ дөрекі қылықтары мені құбыжықтар- дың қолына түскендей дәрменсіздендірді. Амалымның жоқтығынан қайда, неге апара жатырсыңдар деп сұрау- ға батпадым. Өздігімнен тұншыға бердім. Машинадағы үнсіздік тынысымды тарылта түсті. Көп жүрмей, үлкен аула ішіндегі жалғыз қабат шағын үйдің қасына тоқта- дық. Бейтаныс адамдардың бірі алдымнан, екіншісі ар- тымнан жүріп отырып, мені үлкен бөлмеге кіргізді.

Бөлмеде дөңгелек көзілдірікті түсі өзімді әкелген адам- дардан суық адам отыр. Әй-дүй жоқ, ол келген екі жігіттің біріне протокол жаз деді. Мен тұрған бойым, тізелерім дірілдеп, қорқайын дедім. Артық сөз жоқ. Әлгі жігіт үлкен денесімен арбаңдап қағаз-қалам алып столдың шетіне жай- ғаса бастады. Мен басымды түсіңкіреген күйі, жан-жағыма көз салып үлгердім. Бөлме шағын қонақ үйдің фойесіне ұқ- сайды. Бұрышта телевизор, ескілеу диван, екі кресло, ескі әйнектің шымылдықтары бар, бірақ терезелері жуан темір торлы екен...

Үстел басында отырган адам көзін сұқтана цараган бойы өзін КГБ-ның ерекше істер жөніндегі ага тергеушісі подполковник Сабеновпын деп салмақты, байсалды та- ныстырды. Мына жігіттердің кім екені енді белгілі бол­ды. Күдікті ой көбейіп, қобалжу басталды. Әлгінде келе жатқанда биязы, мәдениетті көрінген жігіттердің онша көп сөйлемеуінің беті ашылды. КГБ-ға аса икемді, ысқаяқ, жорга тілді, ымырашыл боп көрінетін жандар іріктеледі дейтіні рас екен. Жігіттер сайдың тасындай бірінен бірі өтеді, бой десең бой, түр десең түр бар. Құтты Голливуд- тың актерлеріндей.

Бөлме ішінде ұзақ үнсіздік орнады. Тыныштық бөлме ішіне сұрқиясы, запраны көп ауыртпалықты жинап жат- қандай.

Сабенов үнсіз суық көздерін өткірлей қысыңқырап маған ұзақ қарады, ол қараған сайын түршігейін дедім. Осылар қа- телесіп мені біреумен шатастырып тұрма. Әлде офицерлік

262

 

атақ берер алдындағы ерекше тексеріс пе деп, іштей өзімді демеп қоям. Бірақ КГБ-ның осыншама адамдарының келіп қолға алуы ойнайтын, қалжыңдайтын нәрсе емес. Сабенов «ал баста, өзің бәрін айт революционер жолдас»- деді. Дауыс ақырын шықса да төбеңді оятындай зілді естілді. Мен не айтарымды білмей жан-жағыма есім шыға жаутаңдай қара- дым. Қиын-қыстау кезеңде, адам қанша жасқа келсе де өзіне мейір төгер көздерді тосады, іздейді екен.

Түсінбегенімді білдіріп, иығымды көтере, мойнымды ішіне тықтым. Менің түрім, іс-қимылым әдейі сайқы-мазақ- танғандай көрінген болуы керек, Сабенов мырс етті. Жыми- ғансығанда шырайлы беті сұрлана қалып, суық көздері зәр шашты.

Мен аңырқап отырмын, не айтам. Қасым дірілдеп, көзім жыпылықтап, мазам кетті. Жан-жағыма алақтай қараймын. Пана болар, мені түсініп қайрысар кісі жоқ. Жүздері жылы, сұлу жігіттердің түрлері сазарып, сұстанып жеп қоярдай қарауда. Көз жанарлары өңшенімді өртеп жіберердей. Сөз арасындағы үнсіздік меңіреу тыныштыққа қосыла мазаны алып, өнебойым оттанып, қызуым көтеріле берді. Бұрын мұндайды көрмегендіктен есім кетейін деді. Өлтірсе де айтып-өлтірмей ме. Сабенов әлгідегіден де зілденіп, жігіт- тердің біріне «машинкаға бірден бас, бұл да қара жаяу емес, дегеннің өзі, аяуға тұрмайды” деді. Жігіт атып тұрып, “құп” деп арбаңдап барып, бұрыштағы кішкене стол үстіндегі ма- шинканың баспаларын күректей қолымен бір-бірлеп басып тарсылдата бастады. Мен ештеңеге түсінбеген бойы не айта- рымды білмей, әлі толық түсіне қоймай отырмын. Тек қолда- рымды қояр жер таппай, саусақтарымды алма-кезек сипап, қипылықтай бердім. Ес пен сезімім апыр- топыр. Ақты қара- дай, қараны ақтай сезіндім.

- Сөйле, -дедім ғой, - қалай совет өкіметін құлатпақ бол- дыңдар? Үйымдарыңның аты, қанша мүшелерің болды, істе- ген террорлық, үгіт-насихат істерің, түгін қалдырмай бәрін айт. От пен судың арасындағы көпірде тұрғаныңды ұмытпа. Қолға түскен екенсің біз бәрін айтқызамыз, біздің мекеменің

263

 

ерекшелігі сондай сөйле тез. Менде әлі үн жоқ. Сабенов әдеті ме, әлде қылмыскерге көрсеткен қуқы ма, түйсіне сыймай ашулана тутығып бөлмеде ерсілі-қарсылы жүре бастады.

Машинканың тырсылы да тоқтап, бөлмеде тыныштық орнады. Еденнің тақтайы Сабеновтың салмағын ауыр- сынғандай сыздана сықырлай бастады. Әрбір адым тер- геушінің күшін көрсеткендей. Сабенов терең ойланғандай көзін қысып, ернін дүрдиткен күйі арасында маған алайып қарап қояды. Танауын шүйіре мынандайларды түсінбейім деген кісіше жеркене қарайды. Өз қолымен быт-шыт қы- лып, жүндей түткісі келіп тур. Менің ойым астан-кестен болып әр жаққа кетті. Жүйкесі басылды ма, әйтеуір Сабе­нов орнына отырып, байыпты түрмен сурақ бере бастады.

Фамилияң? - Уақитов

 Атың?- Темір

 Әкең аты? - Мажит.

 Туған жылың? - 1954 жыл

 Қайда тіркелгенсің? - Жатақханада.

 Толық айт, қай жатақханада, мекен жайы? - КазГудің № 6-жатақханасы, Алматы қаласының Тимирязев кө- шесінде.

 Е, міне, жөнге келе жатырсың. Немен айналысасың, қызмет орның? - Мен студентпін, жоқ бітірдім, жолдама- ны ауылға, Ақмола облысына алдым.

 Оңдырасың ауылға барып. Ал енді нанның қоқымын- дай түк қалдырмай, Сарыарқа жасырын уйымы жөнінде бәрін айт. Бізде уақыт жеткілікті. Есіңде болсын жәй айт- қың келмесе, айтқызатын жер бар, көзіңді жылтыратып қамап, аштан қатырсақ буралқы ит сияқты өзің-ақ ули жө- нелерсің.

Менің денемді суық қарып өтті. Іс насырға шапты. Де- немді толығымен үрей биледі. Маңдай, мурнымның үсті- нен шып-шып тер шығайын деді. Сарыарқа уйымы деген сөзден кейін-ақ өткен күндер қоңырауының дыбысы қу- лағыма келіп, сол өзімді ерекше сезінген күндер жылжып көз алдымнан өте бастады... Бәрі енді түсінікті болды.

264

 

Көмескіленген өткенді біз сарыарқалықтар іздеген жоқпыз, КГБ-ы есімізге түсірді. Жай түсіріп емес жауап- қа тартып, сергелдеңін бастады. Ұзақтап алысқа кеткен ескі күндерге айналып қайта соқтық. Әлсін-әлсін ұрлана тергеушінің салқын сұсты жүзіне көз салам. Тура қарау- ға қауқар жоқ... Ұнжырғам түсіп, сұрақты мұңая тыңдап, күрсініп қойдым. Айласы, билігі көп адам, кімді болса- да мұңайтпай ма. Тергеушінің мысы басып, дегбірім кете берді. Бастығырылып, демім біткендей ернім дірілдеп дұрыс сөйлей алмадым. Булығып тұншыға бердім. Шақ- ша басқа, шарадай ой келді. Бағанағы биязы мінез, мә- дениетті сұлу жігіттер күрт өзгеріп сала берді. Өңдерін- дегі жылулық реңдерін сұрлантып, қандарын іштеріне тартып алған. Қолдарынан келсе барлық совет өкіметіне, Коммунистік партияға қарсы адамдарды айып-қиыбын қыл арқанға тізіп, мойнына орап-орап, тамұқ отына бір- ден тастап жіберер түрлері бар. Қарапайым сұрақтардың ар-жағында қатерлі қақпан бар екені белгілі. Аяғың шалыс басылса біттім дей бер. Бұлардың іздегені, көздегені осы. Оларға көрсеткіш керек, қылмыскер ұстап, алған жалақы- сын ақтап, марапаттанылуы қажет.

Мені көрші бөлмеге апарып, анфас-профиль, тура-бу­ра қаратып қылмыскерлерше суретке түсірді. Қолыма қара бояу жағып саусақтарымның белгі-таңбасын алды. Суретке түсірушілерде де, саусақтан белгі алушыларда да үн жоқ. Бір механизмді робот сияқты. Қимылдары шапшаң, әбден шы- нығып машықтанғандары көрініп-ақ тұр. Итермелеп басың- ды бұрып, жұлмалап саусақтарыңды арнайы қара майға ба- тырғанда сенің жаның бар-ау, адам екенсің деп есептемейтін сияқты.

Суретке түсіріліп, саусақ сызықтарымыздың таңбасын ал- ғаннан кейін тергеу тағы жалғасты. Жазғы таң рауандап тере- зеден сәуле кірді. Сабеновке білгенімнің бәрін айттым, ештеңе жасырғам жоқ. Ағынан жарылдым. Бәрі бұрын өткен іс, несіне қорқамын. Кісі өлтірген жоқпыз. Совет өкіметі орнында. Бізді ешкім қолдамады да. Қазақтарға тәуелсіздік не, бодандық не

265

 

бәрібір, аштан өлмей, көштен қалмаса болды. Сарыарқалық- тардың үгіт-насихаттары тулыпқа мөңіреген бузаудың дауысы сияқты қурдымға кетті. Бәрі өтті, кетті бітті деп ойладым.

Айтуын айтып бойым жеңілдегенімен денемдегі үрей қорқынышы кетпей қойды. Төмен қарап, саусақтарымда- ғы қара бояудың қалдығын уқалай бердім. Жауабымның аяқталғанына Сабеновтың көзі жеткен соң өзі толтырған қағаздарды менің алдыма қойды. Оқы да қол қой деді. Дауыс зілді шықты.

Алақтап, қипалақтап не істерімді білмей дарбықтым. Сабенов оқы, оқы деп ақырын қайталап айтсада дауыс төбемнен төмпештеп урғандай бойымды туқырта берді. Оқыған болдым. Жауапты қазақша бергем, мына жазыл- ған орысша. Түсінгенімнен түсінбегенім көп. Астан-кес- тен, бірі ойымда, бірі жоқ. Терім самайымнан моншақтап ақты. Ар жағы меңіреулік, дың-дың, зың-зың... Тыныш- тықта тағы біраз уақыт өтті. Тергеуден босап сыртқа шық- қанда иықтан бес батпан ауыр салмақ түскендей болды. Дене тыныштық алып жеңілдеп сала берді.

Жауап алу бір түнмен бітпеді. Күндізгі әскери дайын- дықтың сүркілі, кешкі тергеумен жалғасты.

 Сендердің жауаптарың бір-бірлеріңе уқсас. Келісіп алғансыңдар ғой. Солай ма?

 Жоқ, келіскен жоқпыз.

 Қалай келіскен жоқсыңдар, басқалар қалай жауап бер- гендері жөнінде айтпады ма?

 Айтты.

 Сонда келесі жолы мынаны айтайық, мынаны айтпа- йық жасырып қалайық деген жоқсыңдар ма?

 Жоқ олай келіскен жоқпыз.

 Енді қалай келістіңдер.

 Біз жәй сөйлестік, ештеңені айтпаймыз деп келіс- педік.

 Жәй. Сен сияқты Отанына қарсы шығып жүрген сү- мелектерде ештеңе жәй болмайды. Өкіметтің бергенін, тегін оқу, тегін медицинаны умытасыңдар. Қоғамды өз-

266

 

герткілерің келеді. Боқ мурындар. Бірдің кесірі, мыңға ти- ген. Сендейлердің кесірінен біздей күн-түн демей маңдай терімізді төгіп жүргендердің қызметі бағаланбай қалады деп ойланбайсыңдар. Сендерді соттап түрмеге жәй отыр- ғыза салмау керек. Бірден қурту керек.

Азапты күндер есігін айқара ашты... Тылсым ты- ныштықтың көкірегін тырмалап, күннің батуымен бір- ге бойга күдік кіре бастайды. Қалың түнекті қапастың қоршауына түскендеріне жалгыз мен емес, Сарыарқа ұйымының барлық мүшелерінің көздері жетті. Айтпа- гандарымен бәрінің ойы осы құрықтан, жоқ қыл бұрау бұғалықтан қалай босана, сытылып шыға алам деген үміт саңылауын іздеумен болды. Ештеңенің із-түссіз жогалът кетпейтініне, не істесең де сол іске ерте ме, кеш пе жауапкершіліктерімізді білдік. Тірліктің қамыты мойнын қажаған жанның көңілі жәй ала болса, тергеудің сергелдеңін көрген қияметтің қиыны, жүрекке түскен жарадай екен. Дүниеде адамның жүзінен жылы, одан ыс- тық ештеңе жоқ деп ойлайтын маган сұрқия жүздерді күнде көру ауыр соқты. Жақсылықпен жамандықты біле тұрып, құрдымга жіберер сұрақтарды қоя беретіндерін қайтерсің. Әжемнің жылтыраган әдемі бет итте де бар, қаражүректерден сацтангайсың дейтін сөздері ойы- ма жиі түсе береді.

Уақыт жүрісін баяулатқандай. Ымырт түсе Сарыарқа- лықтар сүйретіліп КПП-ға беттейтін болды. Сол жерден қайсысын шақырса сонысы артына қарамай әріректегі жауап алатын үйге үнсіз беттейді. Гарнизон шетіндегі қонақ үй КГБ-ның тергеушілерінің турағына да, жумыс істейтін орнына да айналды. Жауап алу кейде ерте, кей­де кеш басталады. Алғашқыдай емес, кейін, жауапқа ет үйренуге айналды. Сурақтар қайталанып, жауап алудың созылысы көбейді. Кейде жауапқа шақырылмай, біз таң атқанша КПП-да телефон шылдырын қалғып-мүлгіп то- сып, сергелдеңге түсіп казармаға қайтамыз. Үлгерсек уйықтаймыз, уйықтамасақ таңғы сапқа турып жүгіруге

267

 

кетеміз. Дүниенің қиыны аштық та, жалаңаштық та емес ұйқы екен...

Сарыарқалықтар бір жұмадан кейін бүкіл әскери гарни- зонның үлкен дәретханасы кезекшілеріне айналды. Бұрын кінәлілерді, самоволкаға қашқандарды, әскери жарғыны бұз- ғандарды сол жердің нарядына тағайындаса, енді ол сарыар- қалықтардың міндетіне көшті. Дәретхана тазаламаймын деген Мұратты үш күнге көрші десантшылар гаупвахтасы- на жіберді. Үш күннен кейін арып-шарып келген оны зорға таныдық.

Гаупвахтада тамақсыз отырғаны өз алды, бұзақы десантшы­лар ұйықтатпай, көйлек-шалбарын қолына ұстатып желдеткіш қылып айналдыртып ойына келгендерін істепті. Биліктің зор- лық-зомбылы, айла күшінің шетінен хабардар бола бастаған сарыарқалықтарға бәрі бірден түсінікті болды...

Достарымның пішіндеріндегі томсарзан кейісі, қабақ- тарының түксигенін көргенде мен де өздігімнен жүдеу- лене қалам. Бәрі уайымды, бойлары салбыраңқы. Жүрегі сезімді сарыарқалықтар ойын-күлкіден біржолата қалды. Айза созылзан тергеудің шер уайымы жүздерін сарзайтып, қиыншылық пен күмәннің қара бұлтын қоюландыра берді. Қалай болзанда да өмірбаянымызза тасқа түскен таңба- дай сенімсіз бен ұлтшыл ұгымының мәңгіге ңалганын білдік. Бұрыңзы арман-қиял, сенім, бұрыңзы талап-үміт бәрі, бәрі құрдымза кетіп, жапан түзде жалзыз қалзандаймыз. Үміт пен қатер біржолата безбенге түсті...

Сабақ өткізетін офицерлерде сөз арасында мұқатып, ал енді жауапты “революционерлер” айтсын деп тиісуге әдет- тенді. Отырсаң опақ, тұрсаң сопақсың...

Әскери жиынды басқарған офицерлер түгелдей шет ел- дерде инструктор-кеңесшілікте істеп келгендер. Араларында Египеттің, Эфиопияның, Сомалидің батыры атағын алғанда- ры да бар. Соғысқа қатысып қандары бұзылғандықтан ба, әйтеуір, шетінен есер, майдандағыдай қатаң тәртіпті аңсап жүреді. Қайтсем біреуге билігімді көрсетсем, қолымды ба- тырып мұқатсам деп сыныққа сылтау іздегендер. Бәрініңде

268

 

урсып-жекуден езулері қанатын сияқты. Айқайлаған сайын рахатқа батып, есерлене бастайды.

- Болашақтың булдыры көбейді... Екі айғы әскери жиын тамыққа айналды.

Секемшіл болып кеттім. Бурын мүлде еленбейтін заттар дене түршіктіре салады. Жәй сөз ғана емес, былайғы көзқа- растың өзі бойыңа инедей қадалады. Тексеріс, жауап күннен түнге ауысып созыла бергендіктен, қарадай шаршап еңсемді ауыр ойлар баса берді. Төбем шымырлап, көзім ілігіп кетсе жайсыз түстер еніп, қараңғы зындан елесі өкшелеп мазалай- ды кеп...

Бірақ жер бетінде адам турсын жәндік атаулы қалмаса да, дүние, әлем өз заңымен жүре береді емес пе?! Таң да атып, күн де батып уақыт жылжып өтіп жатты. Тек тас түскен жеріне ауыр...

Сарыарқалықтар азаптың торына шырмалып қысыла берді. Күндізгі сапырылыстан кейін түн цараңгылыгы жәй ауырлатпай, тылсым тыныштыққа қосылып үрейді көбей- те түседі. Уақыт жүректің дүрсілімен өлшенеді.

Міне, бүгінде күн қызарып уясына қона, ерсілі-қарсылы сабылған курсанттардың аяғы саябырлап, лагерьде өлі ты- ныштық орнады. Түнеріп төніп туратын үңгірлі Сүлеймен тауы да ымырт үйіріле көрінуден қалды. КПП-ға келіп күн- дегі әдетіммен шақыру күтудемін. Түн тыныштығы қулазы- ған жалғыздыққа қоса, қасіретін молайтып ішкі дүниемді жансыздандыра бастады. Тунжыраған меңіреу қара түн жан алғыштай көрінеді. Жусап жатқан түңгі тіршілікте ішін тар- тып болар істі тоса қалғандай.

Маған бар әлем, дүние өртене қалса, сонымен бірге бар қайғы-қасірет, үрей мәңгіге бірден кетсе ғой деген ой келді... Өзім де зым-зия жоғалар едім, бітер еді азаптың бәрі...

Адам көнбіс. Бірақ алай-дүлей көңілің ештеңемен санас- қысы келмейді. Ол өз бағытынан, толғанып піскен шешімнен қайта ма. Іштей өзін ақтайды. Тығырықтағы амалсыздықтан туған көнбістік пен үлкен істерге деген арман арасындағы айқас бас ауыртып, жүректі қанға туншықтырып бойға үрей

269

 

әкеле береді, әкеле береді. Күн өтіп жауап алу созылған са- йын үрей денеге, санаға, болмысқа біржолата сіңді. Жақсы- жаман. Әділ-арам. Патриот - қылмыскер бәрі ұйқан-тұйқан, қайсы дұрыс, қайсы қате. Оқу бітіріп, диплом алып таңда- ған мамандығымды игеріп елге еңбек сіңірем деген арман да сағымданып барады. Айтып ақтала алмайтын бойыңа, ар- ұятыңа жабысқан ластан тазарып, істемеген түсініксіз қыл- мысқа жауап беруің керек...

Бұрын халқым, ұлтым, Отаным, тәуелсіздігіміз десем, енді жеке бастың, әке-шешені, артымдагы іні-қарындас- тарымды ойлап, осы бір оттан аман шыгудың жолын күндіз-түні іздедім. Көңілім цүлазыган сәттерде ¥лы істер, мыңжылдық тарих желісіне жеке басымның тагдырымен де царауга айналдым...

КГБ-ның тергеушілерімен құдайдың құтты күні кезде- семіз. Сабенов өзін ірі оқшаулау ұстаса басқалары жылы сөйлеп, ақтағандай, қолдағандай әңгімеге көп тартады. Өмірдегі сырты сұлу, маймаң сөз таскөйлер КГБ-ға жинал- ғандай. Олар тілдерін майдалап жүздерін жылытып күле сөйлегенде, іш-бауырыңды езгенде өз сұрқия мақсаттарына жету үшін істейтінін білеміз. Біле тұра сенгендей боп көрі- неміз. Біз бір-бірімізді ыржиысып, қутыңдап алдағанымыз- бен көздеріміз «өтірік-өтірік» деп тұрады. Жалғаны көп бол­са да сыр шертіскен адамды іштей жақын тартатын әдетпен көңілімізді алдап, жақсылық дәметеміз. Қылмысты іс тоқ- татылады, ақталамыз деген үмітіміз көз алдымызда бұлдыр сағым болып ойнайды.

Студент-курсанттар бөлімше-бөлімше болып Отанға ант беріп, офицерлік курсты тамамдап қалды. Ант беруге сарыарқалықтарды жібермеді... Курс кураторы полковник Савков анда-санда әскери жиынды бітірмеген студентке ма- мандық дипломы берілмейді деп қоқан-лоққыны күшейтіп қояды. Бес жыл оқып, диплом жазып, оны қорғаған, мемле- кеттік емтихандарды тапсырғанның бәрі осы әскери жиын- ның қасында түкте емес сияқты...

Кетуге бір күн қалғанда мен тағы жауапқа шақырылдым.

270

 

Алғашқыдағыдай діріл қағып, жан ұшырған қорқу азайды. Дегенмен іштегі болмыстың түйсігіндегі үрей ара-тұра елес беріп көлбеңдеп өтеді. Жан тыныштығының мазасы мәңгі құрдымға кеткендей.

Баяғы сарын. Бір сұрағанын қайта-қайта сұрайды. Са- рыарқа ұйымы осыдан 3 жыл бұрын тарқалған десе де, Сабенов қадалған жерінен қан алардай болмайды. Қобы- зым не дейді, мен не дейміннің сыңары. Бүгін Сабенов- тың кейпінде өзгеріс бар. Бұрын зікіп атарға оғы болмай дөрекі сөйлеп гүжілдесе енді көзі жылтырай қулана жай- барақат отыр.

Бір жұмадай көрінбегеніне қарағанда, Сабенов жаңа нұсқау алып келді, немесе басқа бір пәлеге жетелемекші. Мүмкін біз бар шындықты айдай ақтарып тастаған соң жұм- сарды ма деп әлдебір жақсылықтан дәм ете қалдым. Сабенов созыла сөйлеп сөзді алыстан бастады.

 Бір мәселені білгің келе ме революционер жолдас, әлде мырзасың ба?.

 Мырза дегеніңізге түсінбедім.

 Неге түсінбей қалдың? Тегіңді ұмыттың ба? Сендердің қайдан шыққандарыңды бақайшақтарыңа дейін талдап тек- серуге тура келді маған. Инемен құдық қазғандай болса да іздегенімді таптым, бәрін таптым. Аталарыңның 1929 жылы Қазақстандағы колхоздастырудан қашып, Сибкрайға ауға- нын, ағаштың арасында тығылып жүріп көбейгенін, одан басқа фамилиямен елге келгендеріңе дейін білдік. Әкеңнің де Омбының Тәбіршен ауданындағы № 2 Үкібай ауылында 1930 жылы туса да, туған жылын 1932-ге өзгертіп Қазақс- танда тудым деп жаңа құжат алғаны да аян болды. Мен үн- түнсіз сазарып қалдым.

Адамды меңгіртетін тылсым тыныштық туды. Көкейді дәметкізген жақсылықтың ауылы сағымданып ұзай берді.

 Бұның бәрін қалай анықтағанымызды айтайын ба?

 Маған бәрі-бір.

 Жо-жоқ, неге бәрі-бір болсын. Аржағың қайнай бастады білем, көзің қанталауға айналды. Сабенов төніп келіп “аға-

271

 

йындарың айтты” деп дауысын мәйделеп муқатып ыржия қалды. Арсыз ыржыс...

 Біз білгенді кім біледі дедіңдер ғой. Құдайдың санаты- нан шыщсаңдар да, КГБ-ның санатында бәрің барсың. Біз бүрге тагалап жүрген жощпыз. Жеген нанымызды с гаком ащтап жүрміз. Тощта, тощта демесе, көрсетер едік сендер- ге. Талай контра-сілімтікдерді дірілдетіп-щалшылдатщан- быз...

 Біз жау емеспіз. Тек тарих ары таза адамдарды шын- дыщ пен уащыт бетіне щаймыщпай тура щарауды үйретеді.

 Сонда шындыщ сендерге ғана керек екен ғой. Біз мемле- кетті күн демей, түн демей күзетеміз, сендер оны щират- щыларың келеді. Кімсіңдер сендер, өңшең үрпік ауыз. Қолда- рыңнан не келеді. Ертең өздерің-ащ азып-тозып, бір-біріңнің беттеріңе щарай алмай, бейшара-байгұс, жолы болмайтын көптің біріне айналасыңдар да щоясыңдар. Есіңде сащта, біздің советтер елінде “уащыттан озғандар щашанда щұр- бандыщща шалынған ”.

Тарих, шындық, ар дейді міне гәп қайда деп жүре сөй- леп, маңғаздана қалды. Ерні шүртиіп, танауы шүйірілді. Көзілдірігін алып, қайта-қайта сүртіп киді. Сабенов өзіне- өзі риза. Кенет әлде не есіне түсіп кеткендей жалт бурылып, екі көзі ызадан шарасынан шыға “сендерді бурынан білеміз, көздеріңді сол 72 жылы ағызып соттау керек еді” деді.

 Біз кісі өлтірген жоқпыз ғой, не істедік сонша, - деп дауысым дірілдеп тутыға шықты.

 Істегенде қандай. Листовка тараттыңдар ма, тараттың- дар, уйым қурдыңдар ма, қурдыңдар. Мемлекетті қулатқы- ларың келді ме келді. Не керек енді сен иттерге. Әлін біл- меген әлек. Тарихтың дөңгелегін теріс айналдырғыларың келді-ау ә. Сүйекті жутпас бурын көтке қарау керек.

 Тарихтың дөңгелегін ешкім кері айналдырғысы келген жоқ. Біз тек тіліміз бен мәдениетіміздің дамуы үшін жеке тәуелсіз ел болсақ дедік. Басқа ештеңе.

 Басқа ештеңе. Өкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізген- дерің, улттар достығына іріткі салуларың ше. Ал жарайды,

272

 

жеке мемлекет бола қойдық делік, одан сендерге не пайда? Күндеріңді көріп, тойғандарыңа мәз болмайсыңдар ма, сен- дердің кесірлеріңнен бар қазаққа Орталық сенімсіздікпен қарайды деп ойламадыңдар. Мисыздар, қайтіп сендерді уни- верситетте оқытқан.

Мен іштей тергеушімен келіспесем де үнсіз, жылан ал- дында арбаланған көжектей дәрменсіздіктен еңкейіңкіреп сұлық отырған күйі ләм демедім. Сабенов менің басылып үнсіз қалғаным қолтығына су бүріккендей екпіндеп еліре түсті.

 Керек десе біз сендерді еш дәрісіз, ұрып соғусыз-ақ үреймен қирата_саламыз. Айтқанымызды жәй-ақ істетеміз. Есіңде болсын саясат зиялы, көзі ашықтырға емес, қараңғы, ашық ауыздарға арқа сүйейді. Міне былай 100 процент ере- сектің саясаттан ең әрісі 10 процентінің түсінігі бар. 25-30 процентіне газетке не жазылса, теледидар не айтса сол же- теді. Қалғандарының ештеңеге уақыты жоқ. Келетін қонағы, үйлендіретін ұл-қызы, құдасы, көршісі, қырт-сырт, әрі кетсе қыстай қатып-сынып жиып жазда Бурабайға барғанын сөз қылады. Халық күнін көру үшін таңның атысы, күннің ба- тысы күйбең-күйбең тірлік жасайды. Оларға сенің саясат, тіл-мәдениетіңнің құны қорасындағы тышқақ лағының баға- сындай. Тәуелсіз ештеңе болмайды. Бәрі бір-біріне тәуелді. Мемлекеттерде сондай Бостандық таңдаулы-сүйіктілерге ғана тән.

 Жұрттың бәрі таңдаулы емес қой.

 Міне сөзің дұрысталып келеді. Тағы ойлана түс. Жы- бырлат ана миыңның қабыршықтарын.

 Сізде соған жатасыз.

Мақтағанды кім жек көрсін. Сабенов орнынан тұрып кетіп, қарқылдай күле, әдетінше олай-бұлай жүре бастады. Советтер Одағының бір бұрышын өзі ұстап тұрғандай кекі- реңдей түсті. Арасында мойыны тұтасқан қасқырдай бар денесімен бұрылып, осы не істесем бәлем дегендей түнеріп қояды. Менсінбей қарайды. Тула бойы, омырауы мен жеңін- дегі түймелеріне дейін көздері бардай маған қадала қарайды.

273

 

Сабенов бүгін мүлде басқа адам. Қанша жауап алғанда қанын ішіне тартып сазарып отыратын шырақ, қазір сөзшең.

 Қозамды өзгертуге талайлар ұмтылзан. Қазақ тари- хында да 300 - ден аса көтеріліс болзан деп жүр зой. Кәне қайда соның нәтижесі. Текке қырылып, ит жеккенге айдал- заннан басқа ештеңе тапқан жоқ. Алашордашылар, Садва- касовшылар тазы тазылары советтерді дұрыс қолдамады. Енді міне олардың сүйектерінің де қайда қалзанын ешкім білмейді. Үрім-бұтақтары ит-құсқа жем болып, қаңзырып далада қалды. Әлихан Бөкейхановтарың «Егер жеңсек бір төбеде жиналамыз, жеңілсек-бір шұңқырда көмілеміз» де­ген екен. Кәне көмілгені, мүрделері жатқан молалары да белгісіз.

 Олар қазақтың болашағы үшін жандарын қиды ғой. Кітаптар жазды, тәуелсіз ел болуға күресті. Смағұл Сад- вакасов 25 жасында Адай уезін Түркменияға, Қызылжар уезін Ресейге бермей қырылысып, бар қазақ Сарыарқаға жиналса деп армандаған. Голощекиннің билігіне, істеген ісіне қарсы шығып елден қуылып, 33 жасында қыршыны- нан қиылды.

 Совет мемлекетінде білім алып, өсіп жетілесің, сөйте тұра халық жауларын пір тұтасың ә, сен шырақ. Әлде анау Садуақасов жерлесің, руласың болған соң жаның ашуда ма.

 Садуақасовтың кіндік қанының тамған жерін біледі екенсің ғой. Ақыл-ой, сана-сезім шырмаусыз, оралғысыз өтетін заманды аңсаған бар қазақ менің руласым, жерлесім. Ұлтының болашағын ойлап, соның жолында басын бәске тіккен адам қалай жау болады.

Ішкі қызу, албырт көңілмен көкейімдегіні айтуын айт- самда бетім қуқылданып, тұла бойым түршігіп, дауысым қалтырап шықты. Қорқыныш санамнан тыс бойымды билеп, өздігінен денем қалшылдап қоя берді. Біткен деген осы...

 Сен қара жаяу емессің. Ал біз бәрін білеміз. Жаулары- мыздың іші-сыртын, аяғының қия басқанын не сөйлегенін ғана емес, болашақта не істейтінін білуге міндеттіміз. Біз мемлекеттің сақшылары, қорғаушыларымыз.

274

 

Сәбеновпен салғыласу, өзіме ор қазғанмен пара-пар екенін еске алып, үнімді шығармауға тырыстым. Жас кезім- де атамнан естіген Мағжан Жумабаевтың түрмеде жатып ай- тыпты деген өлең жолдарын есіме түсірдім;

Не көрсем де, Алаш үшін көргенім,

Маган атақ ұлтым үшін өлгенім

Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін.

Сабенов сөзін екпіндете түсті.

-Мемлекет тәртіп үшін керек. Қатаң тәртіп болмасыншы мәшинә мәшинәмен соғысады, адам адаммен төбелеседі. Қазір Сталин анау, Сталин мынау дейтіндер көп. Өзің тарих- шысың білесің жеке бастың тарихтағы рөлі қандай екенін. Сол Отан соғысын біз Сталинсіз жеңер ме едік. Кім қазір Отан үшін деп оққа жанын байлай алады, ә ?.

 Ол идеология ғой, халық отанын қорғады. Солдаттарға ашқарынға 150 гр. спецпаек беріпті ғой соның да күші бар шығар. Мен үйдегі туыстарымның соғыстан жіберген сурет- терін көз алдыма елестеттім. Есепсіз қаза болған, пушка еті- не айналғандарды ойладым. Қай үйге барсаң да қабырғада- ғы соғыста хабарсыз кеткен көздер сарғайған суреттер қарап турар еді. 200 мың 18 бен 30-дың арасындағы қазақ жігіттері тек екінші дүние жүзілік соғыстан қайтпады. Көбінің жатқан жері де белгісіз. Үйленіп артына урпақ қалдыра алмағаны қанша .

 Міне көрдің бе сенің оңбағандығыңды. Өзіңше түріңе қарамай ултшылсың, тіпті соғыста шәйт болған адал жан- дарды арақ ішкіш, чуть ли алкаш деп отырсың. Сендер ата- бабалардың батырлығын қастерлеуді білмейсіңдер. Әттең қолымда үлкен билік жоқ, әйтпесе қаның ағып болғанша Канаристі қабырғасынан тірідей ілгізген Гитлердей бір там- шы қаның қалғанша асып қойғызар едім. Асырап, мәпелеп өсіріп отырған мемлекетіне қарсы шығып жүрген сендердей сілімтіктерді бірден атып, жермен жексен ету керек. Жоқ, мен медициналық лаборотория ашып, осы-осы мемлекет саясатына қарсы шығады-ау дегендерді күні бурын жобалап,

275

 

бірден піштірер едім, ха, ха, ха. Жүрсін сосын әтек болып. Әтектердің билікке қарсы шыққандарын көргенім жоқ, ха, ха. Сабенов мәз. Түрі қутыңдап, арқасын қасынғандай қоз- ғап, қалай таптым ә дегендей орнында тура алмай шыбжың- дады. Бетін өзіне тән арсыз ыржысы жапты ...

Іштей біз де адамбыз. Айыбымыз ултымызды сүйгеніміз бе? Тіліміз, қол-аяғымыз, жайнаған көзіміз бар, қайнаған қанымыз, жүрегіміз бар. Сен сонша неге қорлайсың дегім келіп, келіп үндей алмай туншыға бердім ...

Сәл үнсіздіктен кейін Сабенов сабасына түсіп, дауысын бәсеңдете көпшілік, тобыр мал сияқты. Қарнын тойдырып, аш - жалаңаш қылмай, бір-бірлеріне үймелестірсең айдауы- ңа көніп жүре береді. Өздерімен өздері сынасады, ілігіседі. Олардың жауы да, бәсекелесі де, әрі кетсе көршісі. Неге олай, себебі қандарында үрей бар, басылып-бастырылған, аштан қырылған адамдар ешқашан революция жасай алмай- ды. Олардың ойлау қабілеті болмыстары шіріп, үзілген жіп сияқты қысқа.

 Совет өкіметінің халықтікі екенін умытып бара жатыр- сыз. Отан үшін шәйіт болғандардың аруағының алдында қайтпексіз. Мен осы сөздерді айтуын айтсам да, шорт тоқтап қата қалдым.

Босаңсыған жүйке тамырларым да шыр ете жиырылды. Сабеновтен көзімді тайқытып алып кеткеніммен, оның көз- қарасын өн бойыммен сезіп, шекем дыз етті.

 Ы-ың, солай, солай. Біріншіден өлгендер ештеңе айт- пайды ... Ал сенің қара жаяу еместігіңнің себебі арғы атаң- нан келе жатқан Совет өкіметіне деген кегің ғой. Тыңда сен қасқырдың қуйыршығы. Тобыр тағы айтам қарнының қа- мын, үйінің айналасын ғана ойлайды. Оларда қасиет қалған емес. Өйткені бабаларының үзілген жулындарымен бірге көпшілігінен қасиет кеткен. Жулынның үзілуінің не екенін білесің бе.

 Адамдар жулыны үзілсе өледі.

 Осы сендер де университетте оқыдық дейсіңдер-ау. «Жулынның үзілуі» деген жәй өлу емес. Ол, ол Сабенов ули-

276

 

тын иттей дауысын алысқа созды. О-о- ол. Ұрпақ құриды. Адамдардың омыртқасы космостан, әлемнен энергия алатын антенна. Адамның белі сынып, жұлыны үзіліп өлсе, ата-ба- бадан келе жатқан жақсы қасиеттің жолы жабылады, келесі ұрпаққа жетпейді. Яғни ұрпағың жалтақ, көлеңкесінен де қорқар болар. Шыңғыс хан өзінің ең қауіпті сенбе, сенбе деген жауларының бел омыртқасын сындырып жүргені, ұр- пағы әлсіз нашар болсын дегені. Шыңғыс хан білген бәрін. Данышпан мықты ғой...

Сабеновтың сұсты көздерінің от ұшқынынан көз ата­сы шытынап кетейін деп тұр. Бар білімін, айла-қабілетін биліктің мүддесін цоргауга арнаған кекті көздер. Түймелері де көздей көрінеді. Ол орнынан керенау шұбыіла тұрып, менің ту сыртыма келді. Тұрып-тұрып бөлме ішінде баппен ерсілі-қар- сыілы жүре бастады. Мен қим^ілс^із отырмын. Артық-ауыс щмыгл тұрсын дем алмауға тырыстым. Ту сыртыммен өзіме шүйірілген жиіркенішті алакөзді сезем. Қозғалуға, лә деуге қауқар жоқ. Тек дем алған дыбысым күңгірленген құлаг^іма естіледі. Тынысым жиілеген сайын тұла бошт ысып-суып, суып ысиды. Талшықтанып жүрек те ашиды.

Қорқынышты қанша жан ұшырып жасырғаныммен үрей ішке сыймай бет әлпетімнен көрініп тұрғанын өзім де сезем. Қолымды сыйғызар жер таппай қипылықтай бердім. Сабе- нов те пісе түс дегендей көзін алмаған күйі үнсіз қарады да қойды. Қоян жыланға арбалса, адам адамға арбалынады екен. Көз жанары өңменімді өртеп жіберердей. Әлсін-әлсін өткір көздер шүйіліп, түйреп-түйреп өтеді.

Менің сөзім шабына тиді ме, әлде ойлағаны бола қойма- ғанға ма, ол өзінен өзі ашуға булығып, көзі шатынап кетті. Бағанағы жылтыраған маймөңке қутүлкілік жайына қалды. Адам бір әдеттеніп алса, өмірбақи солай бола берсін дейді ғой. Көкейіндегісінен басқаға беті бұрылар емес.

Менің тергеуде жүріп байқағаным КГБ-ның қызметкер- лерінің кірпіктерінің қағылмауы еді. Тура жылан көз бе дейсің. Кірпігін қақса жауап беріп отырған адам шындығын басып қалып, жалтарып кетеді деп ойлай ма кім білсін. Міне

277

 

Сабеновтің де кірпігі бір қозғалсашы. Шыңғысхан жаула- рын қалай өлтіргенінің маған қандай қатысы бар, Сабенов осының бәрін неге айтып отыр деп ойлаумен болдым. Тер- геу баяғы сарында өтті. Сабеновтың дәл мұрнының ұшына ызыңдап келіп бір шыбын қонды. Ол шыбынды қолымен қаққан бойы әзірше тергеу аяқталды деді. Алматыға келген соң Республикалық КГБ-ға келесің деп жауап жазылған іс- қағазға қол қойғызып алды. Дөрекілігін азайтып, сабасына түскендей сабырлылық ұстап әдеттегідей зекіп-жекірмей, көз алартпады.

Жалпы тергеу барысында күрт өзгеріс байқалды. Жауап алудың осылай біткеніне менің бойым сергіп, жүрегімнің дымкестігі ұмытылайын деді. Шығып бара жатып, Сабе- новпен қол алысып қоштасып езу тартып күлген болдым. Әрине ол күлкі емес, күлуге арналған кейіп, бет бояушы- лық өзімізді, айналамызды бір мезгіл алдауға керек сиқыр, берекесіз ыржың еді. Амалсыздық, реніш бетін жабатын ал- дамшы шымылдық. Өзім жек көретін сайқал келбеттің өзім- де де пайда болғанын сезіп, дірілдеп жиіркеніп кеттім.

Өтірік езу тартып күлімсіреу, өмір, уақыт өтумен жас ұлгая пайда болатын әдет қой. Бұган жастай душар болга- ныма кейідім. Атамның аққан су да агысын азайтар, емен де иілер, Бестөбенің террикондагы тасы да таусылар, ар- ұятқа да дақ түсер ең ауыры сол деген сөзі есіме түсті. Ка- зармаға жеткенше аяғымды басқан сайын шекем солқылдап Сабеновтың “уақыттан озғандар қашанда құрбандыққа шалынган” деген сөзі көкейімнен кетпей қойды... Алматы- ға барған соң КГБ-ға кел дегені - түрмеге қамаласың дегені шыгар...

Арып-тозып, құр сүлдерлері қалған сарыарқалықтар көптің ең соңында әскери ант беріп лейтенант атағын алды- ау әйтеуір. Әскери жиын аяқталды.

1977 жылғы КазГУ-дің түлектері тиелген арнайы поезд Ош қаласынан шығып сол баяғы жолмен кері қайтты. Сү- леймен тауы сәт сапар тілеп артта қала берді. Бұл жолы кел- гендегідей емес көпшілік үшін уақыт тез өтті. Тек сарыарқа-

278

 

лықтарды қорқынышты белгісіздік тосып турды. Олар ауыр ой кернеп, оқтасанда күрсінеді. Барлық уйым мүшелерінің сағы сынып, дегібірлері кетті. «Сарыарқа» жасырын уйымы мүшелеріне «сенімсіздіктің қоңыраулы қаңқуы» біржолата байланды. Енді қайда барсақ та алдымыздан күйелі анкета, саусағымыздың ізі бар картотека шығатынын білдік. Ертеңгі күннің кедергілерін ойлағанда өздігінен қуйқа шымырлап, ішің улиды. Ой мен жүрекке бірдей сіңген тергеу немен аяқ- талардың қоңырауы да күмбүрлеп қулақтан кетпей, еңсені баса берді. Бір-бірімізден қашқақтауға айналдық.

Поезд бірінші Алматы станциясына тоқтады. Вокзал алаңына түсісімен аспанға қарап едім ісінген күлді-күкірт түстес булт қол жетім жерде тур екен. Бірінші рет сүйікті қалама келгенде қуаныштан өздігінен алып ушатын жүрегім ештеңені сезер емес. Жігітттердің көбі поездан түсісімен автобустарға лек-легімен отырып өздерінің үйіндей болған КазГУград қалашығындағы жатақханаларына бет алды.

Мен мінген 30-шы нөмірлі автобус ең узын Сейфуллин даңғылының бойымен ыңырана жоғары көтеріліп өрлеп ке- леді. Жайда онша білінбейтін тас жолдың ойдымын маши- наның ресорының солқылы мен бажылдай күшенген мотор дауысы сездіреді-ақ. Терезе қасына жайғасып көзімді көше- ден ала-алар емеспін. Алматы толықсып, жеміс-жидегі піс- кен бейбарақат қалпы. Енді екі-үш күннен кейін қыркүйек. Журт абыр-сабырланып балаларын мектепке дайындауда. Үлкендердің тіл ашарға дайындықтары да жаман емес сияқ- ты. Алыста Алатаудың ақ басы ағараңдайды. Алматы, Алма­ты... Биік теректер, үйлерді жапқан ағаш жапырақтарының арасынан күн сәулесі жылт етіп шағылыса қалады.

Шофер іші толық болған соң автобустан кісілерді түсіру үшін сурап алып, аялдамаға жетпей немесе асып тоқтауда. Аялдамадағы көлік тосқан көпшілік жүгіріп, үлгергені мініп, үлгермегені әттең дегендей қолдарын сілтеп қалып жатыр.

Көңіл-күйім бей-жай. Сүйікті щаламның табиғатын та- машалап келе жатсам да ішімде әлде не кенеттен сынып, белгісіз ащщан бір заттай әлде не төгілуде... Түйсігімде сыл-

279

 

тылдап кешегі күндер өтіп жатыр. Ақты ақ, қараны қара деп бар шындықты айтып жарылсақ та, Сарыарқалық- тарға тергеушілердің сенбегені анық. Жауап алу жалгас- пақшы, арты немен бітері белгісіз. Әлсін-әлсін ішіме суық жылан кіргендей денем дір етеді.

Жігіттер жатақханаға жетісімен студенттік соңғы қиқуды бастады. Өздері тұрған бөлмелеріне уақытша жайғасып, сақтау қоймасына тапсырған заттарына ұмтылысты. У-шу жанталас арасында дүкенге барып келгендер жағы ыдыс-аяқ, стақан із- деп безектеуде. Мен тапсырған заттарымды алуын алсам да, ішін ашқанда фотосуреттерім, бума хаттарым мүлде жоқ болып шықты. Комендант та, қоймашы да ештеңе білмейміз деп ақ безер де, көк безерленді. Бұрын амандығы дұрыс кісілер күй- бүңжіңдеп теріс айнала берді. Әйтеуір киімдерім түгел. Мені қинағаны кішкентайынан бауырларына салып өсірген атам мен әжемнің ескі фотосуреті мен қалыңдығымның хаттарының буындысының жоқтығы болды. Неге хат, фотосуреттердің жо- ғалғанын іштей жобаладым. Біраздан соң басқа сарыарқалық- тарда заттарының түгел еместігін айтты...

Кешкісін бөлмелес жолдастарым жол дайындығымен туыстарының үйлеріне кетіп жалғыз қалдым. Жігіттердің бәрі ауылдарына қайтпақшы, тек сарыарқалықтар ғана кете алмай жіпсіз байланған. Жазғы емтихандардан кейін сәл бір тынышталатын өліара кезең болғандықтан жатақхана да көңілсіз. Көкейіміздегі ойларымыздың да шешімі жоқ. Ше- кем де сыздауық шыққандай солқылдап, ішім де ашығандай. Бөлмеде жалғыз қалып, қарадай жатып терге түстім. Түн ты- ныштығы молайып, қозғалған сайын ескі креуеттің сықыр- лауы көбейді. Көрпешемді ысырған күйі атып тұрып, балкон- ға шықтым. Төңірек тым-тырыс. Жатақхананың алдындағы орындықтар бос. Алыстан еміс-еміс қыз бен жігіттің анда- санда қатты күлгендері естіліп қояды. Күлкі естілген жаққа қарап едім, ештеңе көре алмадым. Жастар тегі ағаш арасында болуы керек. Ойымды-ой түртті. Шілденің тымырсық талма түсіндей шөгіп жатып алған қапырық қасіреті көп жылдан кейін сыртқа шығып бұрынғыдан бетер батпандай түскен-

280

 

дей. Өздігімнен ауыр күрсіндім. Оған бөлме ішінің ауасы да қосылып, қабырғаға сіңді. Іш алай-дүлей не істеу керек. Барлық сураққа ештеңе жасырмай, ағынан жарылып шынын айтып жауабын бердік. Жалғыз мен емес, сарыарқалықтар- дың бәрі сөйтті. Айтылды, істелді, қалды. Кейбір уйым мү- шелері Сарыарқа жөнінде алғаш жауап алғанда кинотеатрды білеміз, оған тек көркем фильм көруге барғамыз дегендері де болды. Тергеушілер әдейі айтпай бүркемеленіп тур делінсе де, шынында уақыт өтіп кезіндегі істер студенттік өмірдің күнделікті оқтан жүйрік ағысының екпінінен көмескіленіп еді. Енді міне, сарыарқалықтар умыта бастағанды өкіметтің оң қолы, аяқтарын қия бастырмай, 5 жыл бойы аңдып, ес- теріне салып қана қоймай, жауапқа тартып отыр ...

Ертең КГБ-ға баруым керек. Ойсыз-қамсыз жайбарақат жүретін күндер көзден бұл-бұл ұшты. Таң ұзап, ұйқысыз түндер мазаны алады. Көңіл үміті үзіліп, тірегім сынган- дай. Түн цараңгысы ой қугызады. Бас-аягы жоқ ала сапыран бірдеңелер санадагы қорқыныш жүректің қанын қойыта- ды. Таудан самал есті. Төңірек бозамықтанды. Жауырыным тоңазыды, сәлден кейін менімен бірге үйықтамаган адам- дай екі көзі қыпқызыл болып Алматының күні де шықты.

Республикалық КГБ-ны тез-ақ таптым. Бес жыл универ- ситетке лекцияға барғанда күнде қасынан өтетін Дзержинс­кий мен Виноградов көшелерінің қиылысына орналасқан зілділігі бар сур суық ғимарат. Қужат беру бөлмесіне жү- рексіне кіріп, әйнекшеден Сабеновке келгенімді айттым. Әс- кери киімдегі малжаңдап күйіс қайыратын сиырлардікіндей дүрдік ауыз келіншек ала көзімен атып, қанын ішіне тартып сурланған күйі “нешеге шақырылдың, повесткаң қайда?” деп саңқ етті. Дауысы күректің тасқа қатты тигеніндей, қуйқаны шымырлатып жіберді. Сасқалақтап, неге келгенімді зорға түсіндірдім. Әйел көзімен әлгіден де қатты жеп жіберердей атып, үн-түнсіз әйнекшенің есігін сындырардай тарс жапты.

“Булардың жумыс стилі сондай, қазір арғы жағымен ха- барласады”- деген дауысқа жалт қарадым. Енді байқадым. Руқсат қужатын беру бөлмесінің кішкене кіре берісінде 3-4

281

 

кісі үнсіз сулық отыр. Ұнжырғалары түсіп кеткен. Бір жас келіншектің түйіншекте тамақтары бар. Отырғандардың барлығы бастырылып ауырланғандай. Жүздеріндегі муң, біз көргенді ешкімнің басына бермесін дегендей. Мен де қысы- лайын дедім. Отыратын орындықтың жоқтығынан, аяғымды ақырын басып сыртқа беттедім. Есіктен узамай, қолымды артыма устаған күйі үнсіз турдым да қойдым.

Жайшылықта құйындай ұйытқып өте шығатын уақыт мүлгіп, сағыздай созылып тұрып алды. Аяғым талып сквер- дегі орындыққа отырдым. Көз майымды агызып, есікке қа- рай-қарай сабыр-тағатым таусылып жүрегім құлази берді.

Мең-зең күйі төңірекке көз салдым. Әшейінде күнде жүріп еленбейтін көшенің жасыл жапыраққа оранган көр- кемдігін көрдім. Агаштарга, үйлерге қараған сайын КГБ- ның гимараты цабыргасынан сызды суық ызгар согып, жауырынымды мұздата берді. Көз шылауланып, демалыс жиілей түсті. Ой быт-шыт қашан бітеді бұл пәле. Аш ке- недей жабысқан тергеу өлтірмей, қалжыратып, құртпай тоқтар емес. Жүйкеде жүйе қалмады. Сымдай тартыл- ган неменің бүгін ертең үзілері сөзсіз. Көз ашып жұмганша ұшқыр ой шарқ ұрып тынымсыз шарланды. Таптым, мені бүгін қамайтын шығар...

Ғұмыры түрме көрмеген қазақ даласында, бүгін түрме көп. Өкімет үй салмаса да терезесін торлап, есігін темір- мен қаптап түрме салады. Міне мына гимараттың асты да түрме. Түрме болғанда қандай асылымызды ақсатып, зиялымыздың тамырын қиған жер.

Арғы беттегі уйғыр театрының екінші қабатындағы ашық терезеден ойнақы музыка үні естілуде. Тымырси қалған ск- вердегі биік қарағайларға қарадым. Қарағайлардың бойы- мен жоғары қарап, басына көз салдым. Алматыдағы талай табиғи да, адами да тасқындардың куәсі жүз жылдық кәрі қарағайлар. Көзденген қабыршықтары бейнеттен шаршап кәртайып, өле алмай жүрген кәрі кемпірдің беті сияқты әжім-әжім. Тамырлары тасқа тиіп, әрі кете алмай білеуленіп жер бетіне шыққан. Амалсызғы тірліктің күйін кешіп, күнәсі

282

 

көп жерден алыстайыншы дегендей биікке тігінен құлаш ұрған. КГБ-ның ғимаратына ерегескендей, күннің сәулесін көлеңкелеп жібермей тұр. Естімей қалмаймынба деп жал- тақтай есікке қараймын. Еш қозғалыс жоқ. Тыныштық. Даң- ғылмен ағылып жүріп жататын машиналардың да дауысы естілмейді. Сұсты ғимараттың жаны бар сияқты. Менен көз алмай сырттан бақылап тұрғандай. Терезелеріндегі жуан ар- матуралардан істелген тордың өзі әлде неден хабар берген- дей. Қарағайлардың басы сусылдап шулағандай болды. Ды- быс маған алыста көп әйелдер мен балалар сыңсып жылап жатқандай естілді. Денем түршігіп кетті. Өздігімнен көзім жасаурап, кірпігім қағыла берді. Жүрегім де тілімденіп аши бастады...

Мені түсінсе, көңіл-күйімді дұрыс сезсе осы жүз жылдық қарағайлар ғана білетін шығар. Бұл ғимарат кімге қорқыныш әкелмеді, кімді жылатып, кімдерді қыршынынан қимады... Өзімнің жалғыздығымды, дәрменсіздігімді, тығырықтан шығар жолды таба алмайтынымды, қол үшін беріп қорғар ешкімнің, ештеңенің жоқтығына көзім жетті. Уақыт өтер емес. Жаһанда жалғыз қалғандаймын.

Түс ауып, күн ымырттанды. Сабенов кеш қабылдайтын болды. Құжатымды беріп толтырылған рұқсат қағазын алып, Дзержинский даңғылы бойындағы кірер бас есікке беттедім. Есік аузындағы екі прапорщиктің бірі қағаз-құжатты тек- серіп екіншісіне берді, ол тіркеп, құжатты стол тартпасына салып, салмақты түрімен енді бізсіз кете алмайсың дегендей бадырая қарады. Өздерінен басқаның бәрі совет өкіметіне қас екенін ойнақшыған көздері айтып тұр.

Денеден әлсіз діріл өтті. Күні бойы сарылып отырғанда ғимарат астының түрме екенін, жеке басқа табыну кезінде бүкіл зиялы қауымның осы жерде жауапқа тартылып, қи- налып, жазықсыз атылғандарын да еске түсіргенмін... Пра- порщиктің бірі жол сілтеп екінші қабаттағы кабинетке алып келіп, өзі кіріп шығып, мені кіргізді. Бөлме іші қараңғылау, стол шетінде жарық шам жанып, арғы жағында Сабенов отыр. Аға тергеушіге амандасып қолымды ұсына беріп едім,

283

 

сенің қолың керек еді дегендей иегін көтеріп, отыр деп сұқ саусағымен орындықты меңзеді. Сабеновтың обырлана қа- раған ызбарлы кейіпі «шәйнәмәй жұтып, жұтып жіберейін бе» дегендей қатаңдық танытып жиіркене қарады. Дауыс зілді, Оштағы бірінші жауап алған күндегіден де қатаң. Түрі де сұстанып, денесі де іріленіп кеткендей. Жауап алу бірден басталды.

Баяғы сарын сол сарын. Фамилиямнан кешегі күнге дейін не істедім, қайда болдым, кіммен кездестім, қайтадан айту. Тергеуші шамды маған қарай бұрыңқырап, өзі көмескі көрінгеннен бе дауысы өзгеріп, бөтен адам сияқты көрінеді. Күн ұясына қона бастағанда қоюланған кешпен бірге бойы- ма кірген үрей көбейді. Қараңғылықпен бірге жаманшылық келе жатқандай. Дене суықтанып, дірілдейтінді шығарды. Тұла бойдағы қорқыныш жүйкелерімді сыздатып бақайым- нан қара құсыма дейін үзік-үзік от болып өтіп қояды. Кешке дейін сарғайтып ұстағанының да мәні бар екен. Бөлме іші жарық болса, стол лампасын жағып бетіме қызу шаша ал- майды ғой. Жауап алу ұзаққа созылды. Арасында жауап алып отырған тергеушінің дауысы қарсы алдымнан емес бөлменің бұрыш-бұрышынан шығатындай сияқты болып кетеді. Қы- зулы шам бетіңді қыздырып, көзіңнің нұрын жуасытып қана қоймай ойыңды пышыратып, есіңді кетіреді. Адам алланың ғана ойыншығы, добы емес, КГБ-шниктердің де ойыншығы екен-ау. Сабенов сұрай-сұрай, арасында ойлана жазып, үнсіз қалады. Жазғанын қайта оқып, үтір қойып, тағы ойланады. Менің айтқаным аз, қалай көп жазуда деп ойланып, бір пә- леге ілігіп осында жатқызып қояр ма екен деп үсті-үстіне үрейленудемін. Тергеуді ертең жалғастырмақшы болып, кеш жіберді.

Бейбітшілік көшесінен жүретін 32 автобусқа мініп Каз- ГУградқа жеткенше түн ауа бастады. Ерегескендей вахтер жоғарғы этаждарға көтеріліп кетіп, жатақхана есігін қағып ұзақ тұрдым. Күні бойы нәр тартпасам да, шамды жағар жақпастан сүлдерімді сүйреткен бойы киіміммен кереуетіме етпетімнен құлай кеттім.

284

 

Шала туған қызыл шақа баланы адамның ба, малдың ба уйығына қайта салып жетпеген күнін тоқ арқылы беріп жаңадан тууы үшін эксперимент жасалуда. Күн, түн екені белгісіз, бірақ бәрі айқын, қол созым жерде, көз алдың- да. Нәресте шыңғырмақшы болады, дауысы бірде шығып, бірде шықпайды. Маңырағандай аузын ашады. Мен бул неге іңгәләп жыламайды деп таңмын. Эксперимент жасап жүрген адамдар негізінен бөтен-бөтен болса да, көрген жай таныс кісілер. Әлгі уйық қуыстанған сүйегі жоқ ет сияқты ма, әлде сүйегі сылынып алынып бүтін еті ғана қалғандай ма, әйтеуір қаны сорғыған көк ет, ағарған пы- шақ қыры май қыртысы бар. Экспериментті жасап турған адамның қолының сүйегінің тесіктері бар екен, тоқтың жарқылдағаны содан от шашып қояды. Қутты бір жоғарғы вольтті сварка жумыс істеп жатқандай. Енді түсіндім, үл- кен адамның денесінің ішкі қурылысын шек-қарны, өкпе бауырымен түгелдей алынып тасталып тек сәби жататын жерді ғана қалдырып соны эксперименттік уйық - лабора­тория көзіне айналдырыпты.

Жүріс-турыстарына қарағанда эксперимент жасаушылар бурыннан істеп әккіленгендей. Себебі абыр-сабырсыз істесе де, қимылдары ширақ-ақ. Өздері тоқ күшейген кезде туманданып жоқ болып кетеді. Нәрестенің бос жерін қалдырмай жіңішке сыммен орап, тоқтың жылдамдығын бурап азайтып, көбейтеді. Тоқ сым бойымен қып-қызыл от болып жүріп тоқтап, тоқтап жүреді. Қызыл шақа нәресте денесі піскендей ағарады, сосын қоңырсыған тері иісі, шіріген жумыртқа сасығымен алмаса қа- лады. Шықпаған қу жан...

Сәби сыммен қундықтаулы болғаннан ба аузын ашқа- нымен дауысын шығармайды. Тек көзі шарасына шығып, ернін ғана шиырып қозғауда. Таныс көз... Эксперимент жа- саушылар бір-бірлерімен ақылдасып, осы болды-ау деген кезде кісінің қаңқасының ішінен устайтын сабы бар таба- ға салынған шала жансар баланы тыр жалаңаш күйі алып шығып үңіліп қарап жетілді, пісті дегендей бастарын шул- ғысты. Нәрестенің денесі жаңа туған көжектікіндей қызыл

285

 

шақа, үлкен басы былқ-сылқ, денесінің сым оралған жерлері құрттікіндей аппақ буын-буын.

Тексеріске біреу келетіндей сияқты. Табаны көтерген күйі бірі кете бергенде, әлгі қызыл шақа балаға қалған екеуі: “біздің саған істеген экспериментімізді ешкімге айтпа”- деді. Табада бүрісіп жатқан шала-жансар бала еш қозғалыссыз дірілдеп жатқан күйі азабын тоқтатқанына ырза болғандай қалшылдап ерні-ерніне тимей жатса да “жарайды” - деді. Ол қазір өзін өлімге кескен шешімге де ризадай көрінді. Дауыс біркелкі. Үлкен адам әлде бірдеңеге көндіккенде, не амал- дың жоқтығынан иә дейді ғой, дәл сонда шығатын дауыс...

Менің түсінгенім жаңағы бала біраз жасқа келсе де, өс- пегендей, әлде біреулерге небір себептен ұнамай, оған іште жатырда жатып, химиялық электор шок алып, қайта туу-өсу процесі арқылы жазаның қинау түрі белгіленген екен.

Өзімнің бір орында қозғалыссыз тұрғаныма таңмын. Әлгі адам-дүрділер мені неге қумайды, әйтпесе неге ұстап қина- майды. Неге бұл жерден кетпеймін. Көзім бәрін көріп тұр, бірақ өзім жоқ сияқтымын. Жоқ бармын, бірақ денем жоқ. Нәрестені салған табаны ұстаған адам кетті, қалған екеуі отыра қалып, смена арасындағы забойға түсетін шахтерлер- дей үнсіз сораптап, шылым шеге бастады. Алдарында үлкен жұмыс тосып тұрғандай, үлкен қауырт жұмысқа кірер ал- дындағы дайындық. Үстеріне киген киімдері құрылысшы- лардың киіміндей. Комбинезон, жеңі шолақ жейде, аяқта- рында аңшылардың резина етігі, оның қонышы кеуделеріне дейін жетіп, иықтарына асылған. Бірақ етіктері резинадан емес, арасында мақта салынып қоңыр-қызыл матадан жол- жол тігіп жасалыпты. Бағанағы ағыл-тегіл шашыраған қан- ның етікте ізі де көрінбейді. Мен әлгі дүрділердің беттерін көре алмадым. Ұмтылып қайта қарағанда капишон бас киім ішінен теп-тегіс үнірейген қуысты көрдім...

Үрейден кірпігім қағылып орныма келгендей бола қал- дым. Сасқалақтап, көзімді үсті-үстіне қатты-қатты ашып жұмдым. Денем әлі сезілер емес. Маған осы кезде табадағы қызыл шақа баланың қозғалыссыз бұйыққан күйі, басқаға

286

 

шарасы жоқ экспериментке көндіккен ренжулі дауысын бу- дан бурын да естігендей көрінді. Өзімнің үстімде қара зіл бар. Жанымның қысылғаны сонша денемде бастырылмаған иненің көзіндей жер болса жаным содан шығып кететін шы- ғар. Кенет бастырылғып жәй туңшыққаным, ауырлығым қыл бурауға жалғасты. Әуелі балтырым, содан соң саным бурал- ды. Шыңғырдым, ашына, жалбарына байбалам салдым.

Тәннің ауырғаны, жанның қиналуына жалғасты. Босар емеспін. Жылағым келеді-ау, бірақ қыл бурау ет пен теріні сүйекке қысуы ауыр ештеңеге үлгертер емес. Қыл арқан енді шекені қара қуспен айналдыра басқа салынды. Көз. Көз. Көздің түбін суырып әкетіп барады. Аллай. Қиналдым ғой. Екпіндеп тыныс алу жиіледі. Қыл бурау қысылған сайын көзімнің түбі бытырлап ағаштың тамырының үзілгеніндей уясынан айырыла бастады. Әуелі сол көз, сосын оң көз уя- сынан шығып ушып барып сәйкестене қосылып үлкен бір көзге айналып ауада қалықтап тура қалды. Үлкен сусты көздің бағанағы балаға эксперимент жасап қинаған адам- дардың капюшон ішіндегі терілі тегіс беттеріне қатысы бар. Әлгі үлкен көз енді маған оқша қадалып сустанайын деді. Өзімді қинап, жаншып басып, қыл бурау салып жатқан кісі- лердің де осы көзге бір жақындығы бар.

Тесіле қарап турған көзде кірпік, қас жоқ. Кенеттен осы көздің кірпік-қастарының талшықтарынан мына өзімді қинап жатқан оңбағандардың жасалғанын сездім. Денем түршігіп кетті. Тек кірпік пен қастан осындай жан алғыш кісілер жасалса, денемдегі барлық шаш-жүн талшықтары- нан қанша адам жасалатынын ойлағанда иненің ушындай миллиондаған усақ қызыл шанышқылар денемді ду еткізді. Зәрем зәр түбіне жетті. Жан ушыра айғайлаған күйі оянып кеттім...

КГБ-ның сергелдеңі жанымды жабырқатып, жалғыз-сы- рауымды күшейтті. Көзбен көрмегенге бәрі өтірік. Ақтығың, әділдік, тәуелсіздік үшін күрескеніңді арашаламақ турсын, түсініп мүсіркейтін жан табылмады. Оймен жүрекке бірдей сіңген тергеудің немен бітуінің қоңырауы күмбірлеп қу-

287

 

лақтан кетпей, еңсені баса берді. Қайда жатырмын не бол- ды есімді бірден жия алмай, бір сәт мәңгіріп барып өзіме келіп, әлгінің түс екеніне қуана бере басыла қалдым. Есіме бүгінгі күні, студент достарымның бәрінің жан-жаққа үй- леріне кеткенде жалғыз қалғаным түсті ... Сабеновке берген жауабымды қайтадан есіме түсіріп, оқиғаны бастан аяқ көз алдымнан өткізе бастадым. Еріксіз бойымды үрей биледі, ой басып қозғалғым келмесе де, зәр қысқан соң әжетқана- ға барып жеңілдендім. Қолымды жуып тұрып айнаға көзім түсіп кетіп, мыж-тыж бетімді, сүлық-сүлтен көзімді көрдім. Шегім шұрылдап қарнымның ашқанын сездім. Сағатыма қа- рап едім түнгі үш жарым. Меңіреу тыныштық. Аяқ басқан өз жүрісімнің дүңкілі ғана естіледі. Кешегідей тағы балконға шықтым.

Балконда тұрып-тұрып бой жазу үшін сыртқа бет ал- дым. Баспалдақпен түсіп келе жатып, екі жыл тұрған улы- шулы жатақханамнан құлаққа ұрған танадай тыныштықты бірінші көрдім. Аяқ басысымның шолпысы бос қуыстарда жаңғырып, күңгіріп қайтып келіп бойымды шымырлатқан қорқыныш әкелді. Далаға тезірек шығуға асықтым. Бірінші қабаттағы кезекші кемпір қырындап қисайған күйі қорыл- ды соғуда. Өзі толық кісі қисайған күйі аяқ қолын бауырына жиып бүрісе домаланып қалған. Сыртқы есіктің ілгегін ақы- рын ашып сыртқа шықтым. Есік алдындағы шам өзін ғана жарық қылып өлермен болып сығырайып тұр. Сәл тұрыңқы- рап осым не дегендей аяғымды ілби басып, көрші жатақха- наны бетке ұстап ерсілі-қарсылы ұзақ жүрдім. Алматы жаз- ғы түн салқынындағы маужыраған тәтті ұйқының мұнарына батқан.

Аспан қара бұлт болып төніп, жерді бауырына бүрердей басып тұр. Тыныштықтан аяқ астындазы жердің басты- рыла дем алзаны сезіледі. Ауырлықты жермен бірге төңі- рек те көтеруде. Біртіндеп түн қараңзылызы бойза үрей болып ене бастады. Бөлмемде ойза тұншызып ауа жетпей қысылсам, енді үрей араласқан батпан салмақтан ауырлай тұншықтым. Жәйден жәй өкпем алқынып кеңсірігім аши

288

 

жөнелді. Тынысым тарыла бере әжемнің: «қу жан кейде қиналып өсітеді», деген сөзі болмысымның арғы жағынан көміскіленіп бой көрсетті. Жүрегім елжіреді. Өне бойымды шырмаған темір құрсау босаңси қалды. Бетімді өздігінен ыстық жас жуды. Тұншыққан күйі тоқтаусыз агыл-тегіл бола кеттім. Неге, неге осылай. Тым болмаса түсініп қол ұшын берер біреу болсашы, жаны ашыса ғой біреудің...

Кейде ұятсынбай осылай жылап-жылап алған да дұрыс шығар. Адамның көз жасының қайғы-қасірет пен мұңды жуып, әжептәуір сергітіп тастайтыны бар ғой. Көздің жасы көңілге де медет .

Сәлден соң бойымды жиып, қолыммен көзімді сүрткен күйі серги бастадым. Бозарып таң атайын деді. Таңның ақ қанаты етек жия Алатаудан асты. Алматы аспанының ақ- шыл көлеңке мұнары жұқарып, көмескі көрінген нәрселер, көзден көлегей тұрған көше бойы, төңірек айқындала берді. Шеке дың-дың. Біртіндеп төңірек айқындалып, жарықтан- ды. Мен сүйретіліп бастырылған күйі жүрдім де қойдым. Ентелей қарап тұрған Алатау сілемдері түнде біреу шомыл- дырып кеткендей тап-таза, көкпеңкөк. Төбесіндегі қардың ақтығы ап-айқын, сүттей. Жоғарыдан төмен құлаған келте самал жел, әлсін-әлсін екпіндеп қояды... Бірақ, табиғат бұ- рынғыдай мені тебіренте алмады...

Келесі күні де, одан әрі де жауап жалғасты. Баяғы сарын сол сарын. Сабеновтың өзі де шығырланды. Ертеңгі жауапты ойласам болды күздің қара суығына ұрынғандай тұла бойым өзінен-өзі қалтырап қоя береді. Ойламай жүре алмайсың. Тек болар іс болды, тағдырдың жазғанын талайымнан көрейін деген тәуекел ғана бар, басқа амал жоқ. Түрмеге қамалма- сам да әбден лажым бітіп қамығып, осынау кең дүниедегі өзімнің әлсіздігіме мойын ұсындым. Кейде сұс көрсетіп қақ- палай беру соғыс ашқаннан да жаман ба дедім. Қажу адамды тығырыққа тіреп, осыншама дәрменсіз етеді деп ойламап- пын-ау... Мен үшін дүниенің бәрі құрып, тіршілік қуарған сияқты. Аман жүрсең - заман сенікі деген сөздің жайына енді түсіндім.

289

 

Жатақханадан университетке Виноградов көшесі бойы- мен қасынан талай жыл күніне бірнеше өтетін КГБ-ның аж- даһадай суп-сур мекемесіне осыншама кіріптар боламын деп ойлаппын ба. Онда асыға басып Сейфуллин, Дзержинский, Бейбітшілік даңғылдарын қиып өтіп, Коммунистік даңғылға жеткенде жолды көрсетілген жерден өтуге ерініп, турасы- нан консерватория мен бас пошта ғимаратының арасында- ғы арқа арқылы өтіп, университетке шыға келетінмін. Тез жүрсем 10 минут, асықпасам 15 - 20 минут. Бірден қосалқы есіктен кірсең, бірінші қабаттағы аудиториядан бір-ақ шыға- сың. Бүгінде сол жолыммен бас поштадан ақшам таусылып, аударма алуға беттедім.

Ғимарат қасындағы ескі архитектуралы консервато- рияның екінші қабатындағы ашық үлкен айқармалы тере- зеден домбырада әуелі Огинскийдің Полонезі, Іле Түрік маршы ойналды да, шорт кесілгендей аяқталмай үзілді. Қайда асығып бара жатырсың, паузамен, бар ынтаңмен ойна деген дауыс естілді. Түрік маршы қайта басталып, домбыра үні енді басқаша шықты. Бурын университет­ке лекцияға келгенде күніне бірнеше өтіп, айлар жылдар жүрген жер бүгін басқаша. Ағылып жүретін таныс сту- денттер де көрінбейді. Бул жер әуелден жай тыныш емес, Алматының жан тыныштығын сақтаған шағын арал сияқ- ты. Бір жағы Алматы қонақ үйі, Абай опера балет театры болса, төменде жазушылар одағы, үлкен фонтанды аллея - бағы бар өкімет үйі. Лекцияға кешігіп, өткен - кеткен- дерге қарап зәулім теректер саясында талай уақытты еш уайым-қайғысыз өткізген жерлерім. Ақша шығындамау үшін осы аллея бойы тақтайшаға ілінетін газеттерден күнделікті жаңалықпен танысатынмын. Консерватория- дан жарыса шыққан әр түрлі кластың сан алуан әндеріне, жеке дауыста бір нотаны қайталаған әнші дауыстарына қулақ үйреніп елең қылмайды да. Ең арты бас поштаға ау- дарма ақша, сүйіктілерінің хатына асыққан студенттердің өзі осы жерден өткенде айғай-шусыз жүріп емес, қалқы- ғандай көзге көрінгенімен үнсіз өтуші - еді ау.

290

 

Жаманшылықтың қара бұлты қоюланған сайын, ке- шегі асцацтаган армандар төмендей берді. Арман - мақ- сат, арман - махаббат. Оган қиянат жасап, орта жол- да жәй тоқтай аларсың ба? Тоқтауын тоқтарсың - ау. Бірақ не боларсың. Өмір шоғының отының сөнбесіне кім кепіл. Өмір ұзақ жол, оның ең соңы сенің мақсатың, із- дегенің. Өз орның, өз жолың. Ол да бір ән сияқты. Ән аяқталмай қалар ма. Аяқталмаса, ол ән болар ма. Арман - мақсат, әркімнің ішкі жан дүниесі, жүрекпен байла- нысып, тамырласып жатыр ғой. Бірінен-бірі айырылса, олардың жарақаттанып, қансырап, жүректі тұншық- тырып, қалжыратары сөзсіз...

Жауап алу он шақты күнге созылды. КГБ-нің кіруге руқ- сат қужатын беретін кеңсеге жумысқа келгендей ертесімен келемін, содан қашан Сабенов шақыртқанша сарғая тосып отырам да қоям. КГБ-да сенбі - жексенбі, дем алу дегенің болмайды екен. Бүгінде күн жексенбі болса да жауапқа бет- тедім. Уақыт ерте болған соң, автобустан ертерек Сейфул- лин көшесіндегі жындыхананың қасындағы аялдамадан түсіп жаяу жүріп келем. Күн сурғылт. Бауырлаған булт не жаумай, не қоймай түнеріп тур. Абайдан Дзержинский даң- ғылына бурылдым. Анда-санда өткен жеңіл машиналар, бі- рең сараңғы өз жумысымен олай-булай өткен кісілер болма- са бәрі солыңқы, төңірек тынши қалған. Денемді ауырлап, бастырыла жерге қараған күйі ілбіп келем. Тротуардың ас- фальтының су тиіп ойылған жерлері опырылып, қисайып де- нені тітіркендіріп ыңғайсыздық әкелуде. Жарылған жерлері де өрмекшінің тузағындай тілініп әлде бір жаманшылықты меңзеп, аяқ басқан сайын тузаққа түсетіндейсің.

Буның бәрі менің көңіл-күйіме де сай. Өйткені, ой- түйсігімде сөз жетпейтін шаршағандық пен қажудың күңгірт көлеңкесі мен мундалап, бултты күнге сайма-сай келуде. Оң қолымды қалтама бір алып, бір салып, аяғымды зорға ілби басып, иығымда бес баттам ауыр жүгім бардай ой туңғиы- ғына батқан амалсыз күйдемін. Көкейімде не болса да, тек тезірек бітсе екен деген бір - ақ шешім бар. Бос көше, сыл-

291

 

быр уақыт, асфальты сызықтанып жарылған тротуар, адам өмірінің бірден-бір бет пердесі, мәнсіз өмірімнің негізіндей

Өлгенде бәрі ұмытылады. Сен де жогаласың, өлгендер жөнінде жаманшылық та айтылмайды. Мүмкін тезірек өлу керек шыгар...

Сабенов те шаршаган болуы керек, бірден цабылдаганы- мен жиіркене, ызалы қарады. Дәл осылай жердің сызында жатып - жатып көрден тіріліп шыққан аруаққа гана қа- райтын шыгар. Көзқарасы сен осы біздің, коммунистердің арасында, тірілердің ішінде сүйегіңді сүйретіп негът жүрсің дегендей...

Әдеттегідей жауап алудың басталар алдындағы тыныш- тық орнады. Тыныштықтың әр түрлі болатынын осы КГБ қабырғасында көрдім. Мынау даладағы тыныштық емес, ет пен теріңнен ине болып өтіп, сүйегіңді сырқыратып қа- далып, жүйкеңді құрсап дәрменсіздендіретін, қорқыныштан қозғалтпай тастайтын ерекше суық тыныштық...

Екі қолымды қоярға жер таппай сыйпалана бердім. Қол- дарымның қозғалуы, кейде дірілдеп терлеуі жауап басталар- да өздігінен өсітетін әдетке айналған.

Сабенов бет-аузын тыржита күлімсіреген болды. Бұл күлу де емес, күлімсіреу де емес, сықақ, кекетудей бірдеме еді. Өзі тісін ақсита езуленген күйі үнсіз, менен көзін алмай бедіреюде. Шүңірек көз өңменімнен өтіп кететіндей сұсты. Әлсін-әлсін лықсып шыға келген ашуын әзер тежеп, көзін сықсита қарап зәр шашуда. Бір кезде титықтады білем, ор- нынан тұрып ерсілі-қарсылы жүре бастады. Мойнын бұра сүзеген бұқаша ала көзімен атып қояды. Айдай ашық күнде жауын күткен шермендедей не істерімді білмей тыпыршып мен отырмын. Ақырын қабағымның астынан барлай қарап, тергеуші, жаналғышымның ішінде не ұлып жатқанын білуге құмартамын. Сұрағын неге қоймайтынына таңмын, бүгінгі жауап алу мүлде басқа.

- Сендер жәй сотталмайсыңдар. Сотталудың да өзіндік ерекшелігі бар. Бұл әсіресе саяси жүйеге қарсы әрекет

292

 

жасағандарға қатысты. Қауіпті қылмыскерлер есі ауы- сып жындаханаға, мезгілсіз жол апатына түсіп жатады. Ал енді біреулері өмір бойы тергеуде болады. Себебі сот- талған адам босайды, қылмыстық жауабын тартып өтей салады. Ол іштей сені кешіре ме, мемлекетке қарсы шы- ғуын тоқтата ма, әлде зығырданы қайнап, арам ойын іске асыруға тырыса ма. Міне гәп қайда. Бір рет саяси жолдан тайған адамға сенуге болмайды, - деп Сабенов сұрақты өз сөзімен бастады. Түсіндің бе дегендей сөзін бөліп, дауы- сын баптай соза сөйледі.

Бұл сөздерді Сабенов мені қорқыту үшін жәй әшейін айтып тұр деп ойладым. Жындыхана, жол апаты, өмір бой- ғы тергеудің болу мүмкін екендігі мың ұйықтасам түсіме кірер ме екен... Өзін мас па деп те қалдым. Түрі сау, бірақ сөзінде жүйе жоқ. Енді дұрыстап байқадым. Көзілдірігін қо- лына алып әйнегін сүрте бастаған Сабеновтың көзін анық көрдім. Қанталаған тарғыл суық көз. Бөлме іші тымырсық қапа болса да, денем дір етіп тоңып кетті. Айтқан сөздері- не сенбегенімді сезді ме, пішініндегі ашуы тарқар емес. Көзілдірігінің арғы жағынан ызаға булыға сығырайған көзі от шашады. Зілді дауыспен тістене тағы сөйлеп кетті.

Тоңғаның, ауырғаның, тамақ ішкіңнің келгені де тірліктің белгісі. Бәрі керек. Тіпті танаудың тесігі де керек. Ол бол- маса қалай сіңбіресің. Сіңбірмей қалай жүрерсің. Табиғатта бәрі өз орнында. Тек, сендейлердің кесірінен қоғамда тәртіп жоқ. Адамдар айтқанды істеп, қабылданған шешімді бұл- жытпай орындаулары керек. Жоғарыдағыларды тыңдағанда ғана мемлекет дұрыс дами алады.

Көпшіліктің пікірін қайда қоямыз.

Өй, сенде бір, көпшілік, демократия, құқық-мұқық, тәртіп болмаса кімге керек соның бәрі. Халық тобыр, топас. Оларға жөн сілтеп, жол көрсету керек. әйтпесе бәрі бас-басына би болып лағып кетеді.

Барлық сарыарқалықтардан ай жарым жауап алынды. Бірақ бізді беттестіру болған жоқ. Мүмкін бар шындықты ағынан ақтарылып, айтқандықтан жауаптарымыздың бір

293

 

жерден шыққанынан да шығар. Бәрімізде тергеуден шар- шап қамықтық. Әбден лажымыз бітіп, осынау кең дүние- дегі әлсіздігімізге мойын сунғандай аянышты халде жүрміз. Сабенов қасында тағы екі көмекшісі бар тергеудің түрлі қитурқысына салып бізді біржолата титықтатты. Қалжыра- ғанымыз сонша түрімізден муң көлеңкесі қарауытып кетпей қойды. Белгісіз туңғиық жүректі жаныштайды.

Бой десең бойы, ой десең ойы бар КГБ-ның цызметкер- лерінің бірі жылы сөйлеп күле цараганда баягыдан білетін жацсы танысыңдай баурап әкетеді. Ал енді бірі цабагы царс жауып, сұрланып тесірейе цараганда бар қаның басы- ңа теуіп, жүрегің цысылып, кеудең ашиды. Бәрі де Совет өкіметі үшін жандарын шүберектің ұшына байлап жүр- гендер. Тек аңгарган адам гана олардың көздерінің түбін- дегі цаптарланган цалың сұсты сезері аныц. Талай цырым- сырымнан өтіп іріктелгеннен шыгар үндеместердің бәрі дерлік сырцынды цу келеді екен...

Сабенов сөз арасында менің тула бойымды тінте алғаш көргендей зер салып қарап қояды. Бірақ тергеушінің сөз сап- тасы, өзін устауы іс-әрекетінде әлдебір түсініксіз, қиюына келмей жатқан амалсыздық бар. Сабеновтың сөзінен шы- мырлаған денем түршіге-түршіге қан қысымымды көтерді. Қулағым шулап, меңіреуленіп айтылған сөздердің мағына- сын шала шарпы естуге айналдым. Көзім де қарауыта бас­тады. Жүйкем тозып, мазамның кеткені сонша, қазір атып жіберсе де маған бәрі бір болды.

Кенет Сабенов әзірге бар, керек кезінде тауып аламыз деп нық сөйледі. Маған дауыс кекесінді естілді. Аң-таңмын. Үнсіздік орнады. Бадырайып қарап қалғанымды өзім де сездім. Сабенов: “бар, бар тергеу аяталды”, - деп руқсат қа- ғазыма қол қойып берді. Мен қаттым да қалдым. Өзіме-өзім сенбеген таңданыс сезімі еріксіз есімді кетірді. Күтпеген, өң мен түстің аралығындай бейне бір түсініксіз тосын жай.

Бар болғаны осы. Осыншама зәре-зәп қылған, шыбын жанның зығырданын шығарып бірнеше айға созылған тер- геудің біткені ме. Не сенерімді, не сенбесімді білмедім. Мыл-

294

 

қау адамдай мелшиіп, кірпік қағуға да шамам келмей Сабе- новке қарадым да қойдым. Өне бойыма ие бола алсамшы. Менің есімнен шала айырылған түрімді көрген Сабенов мейізі қана мырс етті. Езуі құлағына жете ыржиғанда бетінде өзінің күш-қуатын көрсеткен, содан рахат алған кейіп пайда болды. От шашқан суық көз, сұсты түрдегі мына кекесінді, қуаңқы жымию сұрқиялықтың бәрін бойына жиып мәңгіге есте қалдырғандай.

Жүрегім өрекпіп кетті. Аязым жерге тимей КГБ-ның зи- маратынан қалай шыққанымды байқамай да қалдым. Өзек талып, көз қарайзанда тергеу бітті-ау әйтеуір. Іште осы қулық емес пе деген күмән да бар. Салқын сабырымнан айы- рылмауза тырыстым. Жолза шызу үшін жатаханаза бет алдым. Тұла бойдазы қорқыныш іздері өте қоймады. Ту сыр- тымнан ала көздер сұқтана бақылап тұрзандай эсер етеді. Бәрі бітті деп өзімді жұбатқаныммен көңіл құрзыр елең- деп, жан-жазыма жалтақтай бердім. Жарық дүниеге кел- геннен бергі естіген бар дауысым бір төбе де, Сабеновтың кекесінді зұлымды үні бір төбе...

Алматының қоңыр кеші бойымды жеңілдетіп көңілімді көтерді. Алатаудың бөктерінен қалаға ескен самал желді қайта сездім. Алматыда бес жыл тұрып, күннің қай жағынан шығып, қайда бататынына мән бермеппін де. Әйтеуір арқа- дағыдай емес, ақшам болар болмаста күн ұясына тез-ақ қо- нады. Қаланы қоршаған Алатау сілемдері де, биік-биік көп қабатты үйлерде күннің тез кетуіне себепші-ақ. Тек кейде батып бара жатқан күн шұғыласы биік үйлердің арасынан сәулеленіп көрінеді де, тығылмақ ойнағандай жоқ болады.

Аспандағы күн жарығына, ақшылданған төбе-төбе бұлт- тарға ұзақ қарадым. Бұлттар сырғанай жылжып көшіп бара- ды. Ерік өздерінде, бастары бос, ешкімге тәуелді емес. Жү- регі құрғыр құлази түсті... Шексіз дүние, шексіз жол. Ал сен сол жолдағы жолаушысың. Бұл жолмен талайлар жүрген, жүреді. Біреу ол жолдан ерте, біреу кеш бұрылады. Әркім өз мақсатына өз жолымен жетеді. Жетеді ме... ? Бүгінгінің бәрі ерте ме, кеш пе тек естелік болары да сөзсіз...

295

 

Ауробиноның «устаз қалай осы күйіңізде, осынша жас- қа келгенше кәртәймай сақталдыңыз деген сураққа - Мен жас күнімнен-ақ бүгінгі күнгі қиыншылық, кедергіге ертеңгі күннің көзімен қарауды үйрендім, бүгінгінің қайғысы ертең басқаша болатынына көзім жетті» деген сөзі есіме түсті. Бі- рақ бүгініңе ертеңгі күнімен қалай қарарсың...

Ерте болғанымен, күн тез өтіп төңірек ала көлеңкелене қалды. Көше шамдары сығырайып, әлі жарық бере қой- май, елең-алаң болды. Түнделетіп Целиноград қайдасың деп, жолсерікпен келісіп билет алмай-ақ поезға міндім. Жол бойы терезеден көз алмай сыртқа қарадым да қой- дым. Ойым әр жаққа кетіп, тарыдай бытырады. Алматы- дан алыстай берсем де Сабеновтың: «Ия революционер шырақ, не айтасың», - деген кекесінді дауысы зердемде өшпестей мәңгіге қалды. Поезд ушы-қиырсыз сары дала- ны зуылдап тіліп келеді. Кішігірім станциялар жарқ етіп көрініп, жыпылықтап артта қалады. Таңата бере, аспан ала бауырлатты. Алматыдан узай елді мекен азайды. Көзже- терлік көкжиек барып-барып қою қараңғылықтың қойны- на сіңді. Сарыарқаға жутаң жаз өтіп, қуаң күз келіп жет- кен екен. Қоңыр күздің салқын желі де ызыңдап сарғайған ақселеуді толқындатып, арасында иіріп қояды. Селеудің қатайған дәндері тікенектенген. Жол бойы жүдеу тартып, жумырланған боз төбелер суыққа урынып, қыстың шерін тосып сазарғандай. Тунжыраған ала булттар да бауырлай жылжиды. Мен жол бойы өткен күндердің бәрін амалсыз сарсаң ой елегінен өткізумен болдым. Жалғызсырауым бар жылуымды жаным жабырқап шығармай, қаным кеуіп тунжырап, торыға бердім.

Қарағандыға жақындай сағым шалған сілем дөңдер, қы- раттар көбейді. Сағым көмген көкжиек бірде дөң үстінде ту- нып қалған түтін сияқты, енді бірде адыр-адырдың арасын- дағы көл тәрізді.

Суық жаңбыр сілбіп көк иық қылуда. Журт қыстың қамы- на қызу кіріскен. Жол бойы егін орағының қарбаласы көрі- неді. Целиноград қаласына да жеттім-ау, әйтеуір. Өзімнің ба-

296

 

сым еркін екеніне әлі де сенбеймін. Жүгім де көп, студенттік кезімде жи