Адам қарады: 246 | Жарияланды: 2018-05-20 07:09:16

Қайсы шапшаң

– Әке–  е– е –л...Жібе –е  –е –р!

Мыр –р –р– ... мыр –р  – р...қыр –р – р– қыр –р – р...

  • Жібер деймін! Жауыз. Қане аш тісіңді! Қарашы пәлесін өзінің. Жібер енді!

Апамның бір қап –қара бірдемені ұйпалап жатқаны ұйқылы көзіме бұлдырап көрінді. Дауысы еміс–еміс естіледі.

–Бер деймін, аш тісіңді!... Өй оңбаған жауыз!

–Мыр –р –р– ... мыр –р  – р...қыр –р – р– қыр –р – р...

  • Қарашы мынаның қасарысуын. Жібеер...

Сытырлаған, пысылдаған, тықырлаған дабакстар күшейіп, алпарысқан екі жанның пыш– пыш, қыш–қыш еткен дыбыстары естіледі.

Ұйқыдан әрең оянған інім екеуміз көзімізді уқалап, басымызды көтердік.

–Апа, о не қырылдаған, –деді інім.

  • Көрдің бе мына жауызды апам қорлындағы қарлығаштың майысқан қанатын тізесіне қойып аялап сипайды. Қарлығаштың бір–екі қауырсыны жұлынып, түбі қанап қалыпты.
  • Байғұсай, ұясалам деп жүріп мынаның қанды тырнағына ілініп қалды апам мысыққа жұдырығын жаңсап қойды:

Өй, жауыз! Отыр! Қозғалма орныңнан! – дейді оған.Мысық төбемнен қойып  қалама– дегендей, көзін жыпылықтатып, құлағын жымырайтып, жерге жапырылады.

Ызалы дауыспен күйіне мияулайды:

  • М–э –х –х – еу – дейді, сазды дауысын қатты шығара алмай жасқанып.
  • Мұны қалай ұстап алған– деймін мен таң қалып,–қарлығаш өте шапшаң ұшатын шамдағай құс–қой.

Мен от  тамызайын деп шырпы іздеп жүргенмін. Қара мысық екеуіңнің ортаңда ұйықтап жатқан. Бір уақытта бірдеңе  «сарт» ете түсті де, жерге

«топ »етіп құлап түсті. Қарасам, мына жауыз– апам мысыққа тағы да жұдырығымен жаңсады– аузында қарлығаш. Ол жалт бергенде, мен де шәп беріп желкеден ала түстім. Бермейді таласып. Аузынан әрең шығарып алдым.

Азығын тартып алған апамның  жанынан кете алмай жүрген мысықты төбесінен түйіп қалды. Ол көзі шырақтай жанып, қарлығашқа қарап булыға, ызалы дауысаен қақала мияулайды.

Біз қарлығаштың қанатын сипап түзетіп, қаныны сүртіп, жіппен байлап жерге қоябердік. Ол ауырсына біраз жорғалап барып ұшып кетті.

Осыдан кейін қара мысық шаңыраққа қонған қарлығаштарды көргенде, ызалы, булыға мияулап апама бір,шаңыраққа бір қарап, амалсыз отыратын болды.

Қазақ тілінде жазылған