Адам қарады: 256 | Жарияланды: 2018-06-12 02:18:44

Боғданың бұлттары

Мен жетім емес едім, жетім екем.

Бірақ, Құлбанай деген де жетім бала болды үйде. Мен ғана жетім екенімді аңғардым кейін.

Боғдада көп бұлттар бар болатын. Бір қарала құмай бұлтқа іліге алмай қалбалақ қағатын. Атам "жынды құмай" атасатын.

Боғданың баурайында ержеттім.

Бір алыс күңгір құлағыма естілетін.

Мені бәрі соқыр бала деді. Себебі көзім тоқтап, әуенге мән бере бердім. Бір күні ғажап әуен естідім. Жынды құмайға ұқсас құс өзі. Бір қара құс... Екі тасты бір-біріне ұрып қалғанымда сол құстың үніне жақын сирек жаңғырық мені қуанышқа бөлеп қойды. Үйге атамның қасына жетіп келіп тас шақылдатып отыр ем, атама сөйлей алмай не дегенін білгім келді бұл әрекетіме, тастан шығарған дыбысыма. Мазасын қашыра бердім, тек сөйлей алмадым, бүркітше шаңқылдатпашы деді атам.

Әлгі құс шаңқылдайтын болды деп ойладым... Бірақ, сөйлей алмаймын.

Неге мылқау демей, соқыр дейді олар мені...

Бір қара құс іздедім ғой сарылып аспаннан...

"Пыштақ" деді, тілім келмеді...

Көк аспанды жарып осы үн озандады.

"Пұста" деуге ғана шамам жетті, айнаға қарап бұлтиып қиналған аузымды көрдім. Төбеме қарасам төңкеріліп кетіп бара жатқан бұлт, бұлт та пұста дейді екен ғой шаңқылдай алмай деп ойладым...

Пұста...

Бір саяхатшы арқасында қоржыны бар өтіп бара жатты. Жүгіріп барып оған пұста деп айттым , басқа ойымда жоқ...

Бір күні шоқы тасқа шығып қара құс іздеп отырдым.

Пұста деді бір құс. Таңырқап қарадым, бірақ ағала құс, маған қарады дейін десем жайында шіркей қуалап бара жатыр.

Пұста, пұста деп айхайлап жібердім...

Бұған дейін анықтап сөйлеп көрмеген екем.

Бұлт жарылып күн ашылып барады екен ...

Пұста, пұста деп төбемде бұлт бірге дауыс салып ышқынған сияқты болып кетті ...

Аң-таң қарадым...

Қағанның қолындағы кесек мәрмәрдай аспан жарқылдап, сап- сары күн шүйкеден жұлқынуда...

Пұста , пұста деп тұр әлі ...

Бұлт маған тұңғыш тіл қатты деп ойладым ...

Бұлтқа аңырдым...

Бұлт жазыла бастады...

Пай, ақжұмыр аспанда бір ширатпа кір қозғалғандай ақ болды...

жыпылықтап тез қозғалады...

Көзіме бірдеңе түсіп кетті екен деп ойладым ...

Пұсталап, пұстақтап бүркіт шықты ...

- ата, бүркіт шықты деп үйге жүгіріп барыппын. Қолымдағы қызыл шәпкім талға ілініді. Мені жей ме деп қаштым шындығында.

Барсам атам уық жонып отыр,

бүркіт әлі төбеде жүр...

Атам Құлбанайша жыдады, ол біздің үйдегі жетім еді ғой

Құлбанайдан аумайды екен өңі...

Құлбанайды жетім деп, мені өз баламсың деуші еді Құлбанайдың жылағандағы өңі мен атамның мына аяқ астынан кемсеңдеген бейнесі мүлдем айырғысыз, не болғанын білмеймін ғой жылады-ау атам

- не дейсің балам- деді.

- бүркіт пыштақтады ата дедім,

таңғалып тұрмын.

- балам, сен сөйлеп тұрсың білесің бе, шытымен көзін сүртті.

Мен сөйлей алмайтын бола тұра мені мылқау демей-ақ, соқыр деп үнемі тисетін атам мені шақырып құшақтады,

көзімді жұмып алып жыдадым... иығына төгіліп...

Құлбанай баж етті: - бүркіт , бүркіт әне

Бүркіт менің шәпкімді көтеріп кеңістікті шарлап жүр,

атамның құшағынан сытылып шығып қол созып бүркітке жүгірдім...

Қып- қызыл шәпкім сол жылы жоғалды менің...

Атам аз жылдан кейін ауырды. Боғданың шыңында ғана жасайтын қарагер делінген бүркіт түрінің ғана саңғырығы ем деді Жүніс дейтін атақты тәуіп.

Ересек кісілер қарагердің ұясын іздеп тауды- тасты шарлады. Оның ұясы сирек екен де ұясын таппай жүргенде бетін қайың көлегейлеген бір құзардың бетінде қызғылттанып жалбыраған бірдеңе бұл кісілердің назарына шөккен. Қызғылт жалбыр дегені менің әбден оңған шәпкім болып шыққанын қара, қарагердің ұясының аузында осы шәпкім ілініп тұрмаса бұл ұя табарма еді?!

Шәпкі түгел саңғырық, кие алмаймын, бірақ сағынып кеттім бүркітті...

Шәпкі ішінде баларандардың жүні бар екен ...

 

 

_____________

*Боғда - тау аты.

 

Қазақ тілінде жазылған