Адам қарады: 478647 | Жарияланды: 2018-06-15 08:12:06

Алинаның айласы

Ерте заманда, белгісіз бір ауылда шал мен кемпір өмір сүріпті. Шал мен кемпірдің Алина деген қыздары болыпты. Алина сондай ақылды,ақ көңіл және ерке қыз болып өседі.Бір күні Алина атасы мен апасына көп жеміс-жидектер теріп келу үшін орманға кетеді. Орманның іші самсып пісіп тұрған жемістерге толы екен. Өзі де жеп, себетін де жемістерге толтырып, мәз болады. Осылай қуанып, асыр салып ойнап жүрген кезде қараңғының қалай батқанын білмей қалады. Дала тас қараңғы.Қайда барарын білмей қатты қорқып, жылап келе жатқан кезде алдынан жарық көрінеді. Жарыққа қарай жүгіріп барса үйшік екен. Үйшіктің ішіне кіріп қалса, стөлдің үстінде неше түрлі дәмді тамақтар тұр екен. Алинаның қарны қатты ашып,тамақтарды көріп, қуанып кетіп,отыра салып тамақтардың барлығын қалай бітіріп қойғанын байқамай қалады.Маужырап,ұйқысы келіп, төсектің үстіне жатып қалады.

        Бір кезде үйшіктің ішіне қатты дауыстап сөйлеп аю-әке,аю-ана және бала аю кіріп келеді.Олар стөлдің үстіндегі тамақтардың жоқтығын көріп, қатты ашуланып кетеді.

       Аю-әке: Біздің тамақтарды жеуге кімнің батылы жетті екен.Қазыр оны тапсам өзің тамақ етіп жейміз,-деп ашуланады. Төсектің жанына  жақындап барып қараса бір қыз ұйықтап жатыр екен. Аю-әке бас салып жейін деп жатқан кезде,

      Аю-бала: Әке тиіспеңізші, ол әдейі жасамаған шығар.Мүмкін адасып кетіп, үйін таппай жүрген болар. Менде аға да, әпке де жоқ.Ол маған әпке болсыңшы ,-деп жалынады. Баласының сөзің анасы да қолдап,әкесі көнеді. Біраз уақыт өткен соң Алина ұйқысынан тұрып,аюлардың өзіңе мейірлене қарағанын көріп, еш қорықпай аюлармен тіл табысып кетеді. Бала-аю өзімен бірге ойнайтын әпкесі болғанына қатты қуанса, ана-аю үй шаруасына көмектескеніне қатты қуанып барлығы бақытты өмір сүріп жатады. Осынын барлығын көріп аю-әке Алинаға біздің үйден ешқашан кетпейсін деп шарт қояды.Күндердің бір  күні Алина атасы мен әжесін қатты сағынып,жылайды. Кетейін десе бала-аюды қимайды.Әбден бір-біріне бауыр басып қалған.Бір жағынан әке-аюдың шарты бар. Не істерің білмей басы қатады.

      Алина: Аю-әке, әжем мен атама сізден сәлемдеме беріп жіберейін соны апарып беріңізші,-дейді.

      Аю-әке: Жарайды апарып берейін,-дейді.

Алина көп етіп тәтті бәліштер пісіріп,себетке толтырып салып береді.Сосын аю-әкеге былай дейді,

        Алина: Жолда тоқтамаңыз! Және бәліштерді жемеңіз! Мен сіздің не істегеніңізді көріп тұрамын,-дейді.

        Аю-әке: Жарайды,тиіспеймін,-деп уәде беріп,себетті көтеріп жолға шығады. Жолда келе жатып шаршап,қарны ашып бір жерге тоқтап,отырайын деп жатқан кезде “ Сіз маған уәде бердіңіз ғой ” деген дауыс шығады.Аю шошып кетіп, бұл мені қайдан көріп тұр? Үйден ұзап кеттім ғой деп таңғалып, ары қарай тоқтамай жүре береді. Ауылға жақындай берген кезде алдынан иттер үріп шығады. Аю себетін тастай салып қаша жөнеледі. Аю алысқа ұзап қашып кеткен кезде себеттің ішінен Алина шығып, себетті көтеріп атасы мен әжесіне аман-есен оралады. Алина аюлардан осындай айла жасап құтылған екен.

Қазақ тілінде жазылған