Адам қарады: 1403 | Жарияланды: 2018-07-25 07:18:53

Түлекке тілек!

 Тарыдай болып бір кезде келгенсіңдер,

Мұғалімнің артынан ергенсіңдер.

Міне, бүгін, таудай болып, ер-бойжетіп

«Алтын Ұя» тәлімін көргенсіңдер!

 

Жақсылықтан жаралған жүректерің,

Ақыл-ой мен парасат тіректерің.

Жас түлектер, армандарға қанат бітіп

Орындалсын ізгі-ниет, тілектерің!

 

Сендерсіңдер, сенім артып сүйенері,

Әр саланың ең мықты иелері.

Алла бұйыртып , барлығың атаныңдар

«Мемлекеттік Гранттың иегері!»

 

 

Қазақ тілінде жазылған