Адам қарады: 186 | Жарияланды: 2018-08-09 03:29:38

Ана тілім

Ана тілім-ардағым,

Ең қымбатты асылым.

Ана тілім- арманым,

Мерейімді асырдың.

 

Ана тілім-бау-бағым,

Әсем гүлге оранған.

Ана тілім бар бағым,

Бақытым боп оралған.

 

Ана тілім-Алатау,

Рухым сен жігерімсің.

Ана тілім-от алау,

Қып-қызыл жүрегімсің!

 

Ана тілім-айбыным,

Атағың дүр әр елге.

Ана тілім-Ай, күнім!

Ортақ болшы әлемге.

 

Ана тілім-тұлпарым,

Мәреге бір талмай кел.

Ана тілім-сұңқарым,

Құз биікке самғай бер.

 

Ана тілім- шырағым,

Жол нұсқаған бәріне.

Ана тілім-жыр-әнім,

Айналдың бал нәріме.

 

Ана тіл деп жылаймын,

Өз тіліммен өнбесем.

Ана тіл деп жырлаймын,

Тірі жүрсем  өлмесем?!

Қазақ тілінде жазылған