Адам қарады: 1061 | Жарияланды: 2018-08-27 02:28:00

Ұрпағым саған аманат

Зұлматты көрген мықты жер

Байлыққа толы құтты жер

Тарихын жылдар қаттаған

Қойнауына тықта жер

 

Жерменен елдің тізгінін

Қолға алдық мығым біз бүгін

Ызғарда туған бостандық

Жасай бер Тәуелсіздігім!

 

Секілді бүгін бір белес

Жылдармен бастық мың белес

Қамалды бұзар жігіттей

Толыпты-ау шіркін жиырма бес

 

Өзгерді қала даламыз

Өзгерді ақыл-санамыз

Ер жігіт болды ел билер

Сол жылы туған балаңыз

 

Жасасын тәуелсіздігім

Жеткізді бұған бізді кім

Ұқпасаң мұны ұрпақтар

Бұл сенің пәрменсіздігің

 

Жақсыны жаман сан басып

Келеді күндер алға асып

Оралған тәуелсіздім

Кетсе екен мәнгі жалғасып

 

Асылдан қымбат бағалың

Бабалар соққан қамалын

Жеріңе байтақ ие бол

Ұрпағы ұлы даланың

 

Болса да нәубет сан ғажап

Болмаған қазақ жанға жат

Қырғыннан қалған жермен ел

Ұрпақтар саған аманат!

Қазақ тілінде жазылған