Адам қарады: 157 | Жарияланды: 2018-09-15 15:03:39

 Тау бұлағы

 

Жар білегіндей аймалаған жер төсін

Шөптің нілі, гүл жұпарымен нәрленген

Тау ару қыз табиғаттың еркесі

Ал бұлағы, бұрымындай сәнделген.

Жағасынан құлақ тұнып, жүрек сусындап,

 Бір жұтқанда шөліңді бір-ақ қандырған,

 Ташкенттің торғынындай сусылдақ,

Хиуаның жүзіміндей бал тұнған.

Қоңыр аңы бауырын малып салқындап,

Қоңыр аю бетіне шашып ойнаған .

Қоңыр елі қасиет тұтып алтындап ,

 Қоңырқазы бөрігіндей жайнаған.

Қарағайлар билейді дауысына күрілдек,

Ұшқат жағасында мөлдіреп көктейді.

Көктем туа барлығынан бұрын кеп,

Қыс киімін кигенінше кетпейді.

Түсімде шақырады тау бұлақтары асау,

Өңімде елестейді киелі суы ән салып.

 Тынбайды секіріп, көрсемде қашан,

Ойнақтай береді деместен шаршадым.

 Тау бұлағын аңсадым, АҢСАДЫМ

 

Қазақ тілінде жазылған