Адам қарады: 561 | Жарияланды: 2019-04-06 08:22:01

Махаббат хикаясы

Бұл хикая, махаббаттың тағдырдан тұратынын айқын дәлелі. Әнгіме екі жастың дүниеге келген жерінен басталады.

Хикая ұзақ, бірақ толық айтпасқада бодмайды.

      Таңғы шуақ. 1998 жыл. Перзентхана алдында екі еркек отыр, біреуі 45 жас шамасында, екіншісі 25 жаста.

 Кадыров м. – аға кеше ғана өмір тыныш еді. Қәзір заман өзгердіме? Адамдар бірін-бірі ойлауды қойған .

Мыртазаев м. – ия, қәзір заман басқа және ол тоқтамай өзгере беретін сияқты. Сен жассың , сен оңай үйреніп кетесің, ал біз? Совет одағының жастары, бізге қиындау болады.

 Кадыров м.  – 10 жылдан кейін еліміз қандай болады екен?

Мыртазаев м. – қәзіргі жағдайда оны ешкім тура айта алмайды, ойда жоқтын бәрі болуы мүмкін. Бәрі ел басының қолында, ол өзін қалай көрсетеді, елде сондай болады.

Кадыров м. – ия, қайтседе баламның бұндай заманда өскенін қаламаймын.

 Мыртазаев м.– алғаш балаларың шығар, тым қобалжып тұрсың. Мен бірінші ұлым туылғанда, есімдеде жоқ, тойып ішіп алған едім ол кезде. Қазір үш ұлым бар, үш бұзық.  Алладан қыз сұрап тұрмын , қыз деген үйдің гүлі ғой.

Қадыров м. – ия!

Медбике шығады

Медбике – Қадыров мырза!!! Қадыров мырза!!!

Кадыров  м. – мен мұндамын, қандай хабар?

Медбике – Ұл! ұл туды жұбайыныз! Бір  минутқа кіріп шықсаңыз болады

Қадыров мырза кетеді.

Мыртазаев м. – маған не айтасыз?

Медбике – аға сізде қыз туылды!!! Сұп сұлу қыз!!!

Мыртазаев м. – о тәңірім бердің ау бір бақытымды. Мың алғыс , мынау сізге ( гүлді ұсынады)

Медике – жұбайыңызға не сыйлайсыз? Мыртазаев м. –өзімді сыйлаймын !!!

  Екі куннен кейн. Перзенхананың алдында.

Қадыров м. – Ахмет аға , әйелім екеумізде жақындардан ешкім жоқ. Соңғы 3 күнде ағамдай болып кеттіңіз ұлымның есімін сіз берсеңіз!

Мыртазаев м. – шыны керек күтпедім , бір ойланайын. Ал есімі Арман болсын. Армансыз адам жок,  ер жетіп аңсаған армандарына сүрінбей жете берсін!!!

Қадыров м. – рахмет аға көп-көп сізге!!

Жақындардың бірі – бері қараңыз дар! Естелікке бір сурет!!!

Екі жанұя өз жолдарымен кетті.  Арада 8 жыл өтті. Желтоқсан айы. Қақаған қыс. Әмбебап дүкен ішінде.

 Қадыров м - ассалаумалейкім аға!!! Қалыңыз қалай? Таныдыңызба мені?

Мыртазаев м – уағалейкум ассалам !! уа Талғат інім өзіңбісің?

Қадыров м – ия аға мен ғой

Мыртазаев м – шеттен қарап қоямын сен бе, сен емес пе деп! Жақындап, басқа біреу боп шықса ұят болады ғой деп тұрғаным

Қадыров м – менде солай ойладым! Қалдарыңыз қалай? Сәлеметсіз бе жеңге?

Мыртазаева ханым – сәлемет пе!

Мыртазваев м – шүкір бәрі жақсы! Өмір тыныш! Өздерің қалайсыңдар? Қалың қалай қызым?

Қадырова х – сәлеметсіздер ме!

Қадыров м – бізде де бәрі жаксы!

 Мыртазаев м – Арманымыз өсіп ер жетіп қалыпты !! Мына кішкентай кім?

Қадырова х – бұл қызымыз ! 8 жыл асыға куткен!

Мыртазаева х – басынан бақыт таймасын!

Қадыров м – аумин!

Бұл дүниеде бір бірін алғаш көрген Арман мен Алина, ойнап жүгіріп кетеді.

Қадыров м – қысқаша айтсам жағдай осы!

Мыртазаев м  - жаман емес! Ісің оңды болсын! Айтпақшы, жаңа жылды қайда қарсы аласыңдар?

Кадыров м – әзірше үйде деп отырмыз!

Мыртазаев м – біздің үйде кішігірім отырыс болады! Көңілдерің бұрса бірге қарсы алайық жаңа жылды!

Мыртазаева х  - ия. Өте керемет идея.

Арман мен Алинаның ойнап жүргендерін көріп.

Мыртазаева х – мына екеуі тым жарасып қалыпты.

Қадырова м – екеуі бір күнде туылды емес па.

Мыртазваев м – міне идея! Інім - келінім ата-бабамыздың салтын еске алып, осы екі жасты атастырсақ қайтеді?

Мыртазаева х – бұл екеуі бала ғой әлі, сенде айтасаласың!

Қадырова х – тым асығыс емес па?

Мыртазаев м – тойы қазір болайын деп жатқан жоқ қой! Өседі көреді, ал біз құда болып жүреміз!

Қадыров м – аға , әзірше асықпайық, балалар өссін, кейін қосып таныстырармыз. Келісіп едік қой енді жақынырақ араласамыз деп.

Мыртазаев м – осы дұрыс.

Қадыров м – ал 31 желтоқсан күні міндетті түрде сіздерге келміз!

Мыртазаева х – тамаша!

Мыртазаев м – адрес есіңде ғой?

Қадыров м – ия мен ол ықшамды жақсы білем

Мыртазаев м – Ахмет ағаның үйі қайсы десең бәрі біледі, айтып көрсетіп жібереді.

Қадыров м – аха, жарайды. Сау болыңыздар!

Мыртазаевтар – көріскенше кун жақсы! Сау болыңдар айналайындар!

Екі жанұя кетеді. Қадыров мырзаның автокөлігінде. Уйлеріне қайтып бара жатып!

Қадырова х – жақсы адамдар ия ?

Қадыров м – ия жақсы адамдар, сен босанарда Ахмет аға екеуміз 3 кун жургенбіз перзенхананы күзетіп! Оларда қыз туылған сол кезде. Есімі есимде жок бірақ.

Қадырова х – Алина деп атады ғой бағана. Арман сүмкені аша берме. Үйге барып көресің.

Арман – қазір көргім келіп тұр.

Қадырова х – үйде көресің дедім ғой, оданша әкеңе бүгін болған оқиғаны айтып бер. Қане ...

Қадыров м – қандай оқиға тағыда?

Қадырова х – өзі айтсын, баста.

Арман – бүгін біздің үйде ұрыс болды.

Қадыров м – бұлда жаңалықпа? Біздің үйде күнде ұрыс болады ғой!

Қадырова х – бүгінгі ерекше ұрыстың бас кейіпкерлері Арман және Надя татенің мысығы

Қадыров м – ұлым ау мысықпен ұрысып жүрсің ба?

Арман – мен жәй оны тептім. Бір рет.

Қадырова х – қуалап жүріп тептің!

Арман – жооқ, қуып жеттімде, бір рет тептім. Өзі ғой біздің пәтерге кіріп кеткен.

Қадыров м- қайтседе мысықты тебуге болмайды балам. Ұстап алып шығарып тастау керек еді, кейін не болды?

Арман – кейін ол мені тепті.

Қадыров м – мысық па???

Арман – жооқ, Надя тәте. Ол менің тепкенімді көрдіде , құйрығымнан бір тепті.

Қадыров м – уфф, бұл жерде балам, сенде мысықта өз жазаларыңды алдыңдар.

Қадырова х- солай, мен неге баланы тебесіз деймін, ол кісі неге мысықты тебеді дейді, сөйтіп кеш батқан ша күніміз, Талғат абайла!!!

Қадыровтар отырған көліктің  солжақ шетінен, жүк тасығыш көлік кеп соқтығысты. Жан жақтан адамдар көмекке жүгіріп келуде .

Ауруханада. Қадырова ханым есине келді.

Қадырова х –  Балаларым. Балаларым қайда?

Медбике – бәрі жақсы. Ханым есіңізді жиыңыз. Бәрі аман – есен.

Қадырова х – балаларым қайда? Балаларымды көрем, қайда олар?

Медбике – олар көрші бөлмеде , ұйықтап жатыр, аман – есен

Қадырова х – Құдайға шүкүр! Балаларым сау, шүкур етем!

Медбике – ия ханым, екеуіде тыныш ұйықтап жатыр (козіне жас келіп)

Қадырова х – жолдасым қайда?

Медбике – доғдырлар келгенде ол кісі дүние салыпты, біз үлгермедік ханым.

( Қадырова ханым тыныш жылайды)

Қадырова х – өтінем сізді балаларымды көрейнші, жоқ дей көрмеңіз

Медбике – ханым сәл күтіңіз, доғдыр келеді, сол рұқсат береді

Қадырова  х – өтінем, көрмей кетуім мумкін емес, аяй көріңіз

Медбике – қазір онда, ешкімге айтпаңыз бірақ кейін , жарайды?

Медбике шыгып кетті. Біраз уақыттан кейін балаларды алып келді. Кішкентай қызын қолына алды, Арман қасына жатады

Қадырова х – жандарым ау

Арман – ана уйге қашан қайтамыз? Әке қайда?

Қадырова – қайтамыз құлұным , қазір әкең келеді. Бәріміз бірге қайтамыз!

Медбике көз жасын сүртіп шығып кетеді

Қадырова х – құлұным, батырым, берік боламын деп уәде берші маған, ешқашан қол тусірмеймін деп уәде берші маған, арланым менің, қарындасыңды тастамашы ешқашан, сұраймын сенен, әрдайым қасында болам деші

Арман – ия анашым қасында болам

Қадырова х - алтыным менің, бәрі жақсы болады, мен саған сенемін

 Ұзақ уақыт әр нарсе айтып өтті Қадырова ханым, таң атты, екі баланы медбике алып кетті. Қадырова ханым көз жұмды.

31 желтоқсан, тун батқан кез. Уй алдында Мыртазаев тұр, оның қасына жұбайы шығады

Мыртазаева х - көрінбей ме?

Мыртазаев м – жоқ көрінбейді, адасып кеттпеді ме деп ойлаймын, бір айналып қайтсам ба ықшамды

Мыртазаева х – қой керек емес, ішіп алдың ғой, Талғат ықшамды жаксы біледі емес пе? Адаспаған шығар

Мыртазаев м – көліктері бұзұлып қалдыма?

Мыртазаева х – менің ойымша жастарға екі қарттың ортасы қызық болмады (куліп). Бугін болмаса ертең міндетті турде кіріп кетеді құттықтап.

Мыртазаев м – сенікіде дұрыс шығар

Мыртазаева х – ия, оданша уйге кір, қонақтардан ұят , іштері пыса бастады

Мыртазаев м – не дейді? Менің уйімде қонаққа іш пысу жоқ

Уйге екуі кірп кетеді.

сол күні екі жетім баланы жетімдер үйіне орналастырды. Жаңа жылды қарсы алуға, жетімдер үйінің жұмысшылары жиналып отырыс жасап отырды. Жылап қоймаған нәресте барлығына маза берді

Қараушы қыз - недеген жылауық кыз едің!!

Қараушы Аня тәте – сүт беріп көрдің ба?

қараушы қыз – бұл қызға не жасамадым, өз баламды олай жұбатпайтын шығармын. Аузы жабылмайды, бір нәрсе ұнамаса ханның қызындай қыңқылдап қоймайды. Осыдан қарап тұр , жаңа жылды қарсы аламай қалсам, мулдем қарамаймын саған. Түсіндің бе жылауық

Қараушылардың бірі – күте тұр сәл, қазір қолым босасын өзіме алам баланы. Жассыңдар дұрыс қарай алмайсыңдар

Қараушы қыз – ой бұл қызға есе жоқ. Есімі кім бұның?

Қарындасының жылығанын естіп , жатым бөлмеден келіп есіктің сыртында тұрған Арман

Арман – Қадырова Махаббат аты

Қараушы қыз – оу, Қадырова махаббат саған тұруға кім рұқсат берді? Қане бар орныңа жат, сазайыңды тартам қазір, караш бұны

Қараушы Аня тәте – тұра тұр, бері кел. Есімің Арман емес пе ия?

Арман – ия

Қараушы Аня тәте – қарындасың жылап бізге көнбей жатыр, қане сен жұбатып көр

Қараушы қыз – ұстата береінбе бөпені?

Қараушы аня тәте – ия. Туған ағасы ғой. Екеуін бүгін алып келген

Қараушы қыз – абайла, мықтап ұста, бұл саған ойыншық емес, айналдырып журме тағыда

Аня тіте – туф сеніңде айтпайтының жоқ, Арман сүтін ішкіз. Бұл арине ананың сүтіне жетпес, осымен өсуге тура келеді

Қараушы қыз – бұл ақсуйек ханзадамыз ға

Бала жылауын қойып, дым болмағандай Арман ұсынған сүтті іше бастайды

Қараушы қыз – мына қызың мәсстек қой, адам таңдағыш . Ағасын танып отырғанын қарасайшы

Сөйтіп жаңа жыл келеді. Арада 10 жыл өтеді . Екі жетім жетімдер үйнде өседі. Мыртазаев мырза бай беделді адам боп шығады. Жалғыз қызын әбден еркелетіп өсіреді.

Таң ертең Алина оянып , сабағына шығып барады

Клара тәте – Алина , Алина

Алина – қазір тәте

Клара тәте – ояндың ба өзің?

Алина – оянбасам қалай жауап берем сізге? Осы үйде-ақ тыныштық жоқ, не шашыңда тарай алмайсың, не бетіңді сыйпай алмайсың. Қадам жасасаң болды, әйтеур біреудің қарап тұрған көзі. Не өмір бұл?

Клара тәте – бол енді, түс астыға

Алина – еш ұқпай қойдым, осы неге жер жетпегендей таудың басына шығып алғанбыз? ел жұрт сияқты қалада тұрсақта болады ғой. Мектепке жетем дегенше күніңнін жартысы өтеді

Клара тәте – тауда ауа таза . Табиғаты жаксы

Алина – тәте ормандада ауа күшті, неге сонда барып тұрмадық онда

Клара тәте – таң ертеңмен көніл күйің  жоғалтып алыпсың ғой, тағыда түнімен ұйықтамадың?

Алина – жоқ тәте жаксы уйықтадым, көңіл күйде жақсы. Бәрі қайда? Ешкім көрінбейді ғой. Қарамаңыз маған олай!!

Клара тәте – қалайша білмейсің сен? шетелге кетті емес па бәрі!!

Алина – шетелге?

Клара тәте – ия шетелге, демалуға! Отыр танғы ас іш.

Алина – демалуға?! Қызық, маған ешнәрсе айтпады ғой.

Клара тәте – қуанба?

Алина (жимиып) – мен қуанып турғаным жоқ

Клара тәте – отыр шәй іш

Алина – жоқ мен мектепке кеттім,

Клара тәте –бәрі кеткеніне қуану не әдет осы!! Шәйінді іш Алина

Алина -  рахмет тәте,  мектепте ішем, рахмет !!

Алина уйден шығады , уй алдында мерседес көлігімен оққағар Баха кутіп тұр. Алина секіріп қуануда

Алина – уууууу, естідің бе? Үйдегілер шетелге кетіп қалған. Бостандық, бұл нағыз бостандыққой

Баха – біріншіден аман саулық, қалайсың тәрбиесіз? екіншіден бұл жаңалықты сенен басқаның бәрі біледі, ушіншіден секір көлікке , кешігіп барамыз 

Алина – таң ертеңнен бастап соғыс керек бопты ғой сізге! Жарайды, соғысқа әрдайым дайын тұратын мен сияқты батыл жандарды тарих әлі көрмеген! ( ішінен көмбірлеп сөйлеп) түсінбейм, көңілім шаттықта , жарайд білмей қалыппыз сол ушін соншама жаулықты танытудын не себебі? Амандаспаппыз , тәрбиесіз деп маған, жаспын ғой ұмытып кетіппін , аға бетімен кешіре сал са? Жоқ, бетіме басып таптау керек мені

Баха – болды енді, тоқтатыңыз ханым дұғаңызды! Ия бұл кушті, бәрі кетті бізде бостандық

Алина – мен сізбен сөйлесуді доғартқанмын

Баха - бұрың соңды аяқ қолымыз байлаулы жургендей айттың ғой. Жарайды, достасайық қайтіп, жай таң ертеңмен көңілім болмады ,сен алдымнан шықтыңда қалдың

Алина – тағыда кызың тастап кеттіме? Күнің күн болмады ғой сенің

Баха – ей мен сияқты жігітті кыздар тастайды ма?

Алина – жәй шетке қойып қояды дейсін ғой

Баха –хаха, қыздардың тусіндеде өңіндеде ойларынан кетпейтін жігітпін ғой. Анау сенің аты кім еді? Боқмұрын? Содан мың есе артықпын

Алина – Асхат есімі және ол біздің мектептегі ең күшті жігіт

Баха – мектебің біртүрлі екен егер сол ең күшті жігіт болса

Алина – оған мектептегі бүкіл кыздар ғашық

Баха – жүр сол көпшіліктің бірі болып. Түсінбейм қай жеріне ғашық болады, анасы мұрнын әлі суртіп жүрген шығар. Қарада тұр қалтасындағы ақшасы болмаса, оны әлде қашан құлдыққа алып кететін еді, көрсем болды қолына бір күрек ұстатқым келеді.

Алина – болды менің жеке өмірімде шаруаңыз болмасын оққағар мырза. Менде сіздің жеке өміріңізге көз сүзбеймін

Баха – міне осы дұрыс!  Бірақ әке шешеңнің кетіп қалғанын білмей калғанығыз уятты екен. Ата анамен сөйлесіп тұру керек

Алина – уффф, шын, кеше ғана әкені көрдім, маған ешнірсе айтпады бұл жайлы

Баха – сені елден ерте қуантқысы келмеген ғой  ағамыздың

Алина – бугін досымның туған күні, отырыс жасайын деп жатыр, қалай сұранарымды білмей жүр едім, осылай проблемам шешіліп кеткеніне қуандым

Баха – боқмұрындар бір жерге жиналып боқмұрынның әнгімесән айтады дейсейші

Алина – ха, көп ақшалар бір жерге жиналып , ақшаның биін билейді

Алина мектептің алдында түсіп қалды. Бұны күтіп тұрған достарын көріп асыға кетті. Достарының арасында жігіті Асхатта тұр еді, екеуі бір бірімен сүйісіп амандасты

Кеш бата , Баха Алинаны тунгі клубқа алып келді.

Баха – бәрі баяғы келіскендей болсын, бір жақа шығып бара жатсаң, біреулер тиісіп жатса маған хабарлас, мен жақын жерде жүремін. Менсіз ешқайда кетпейсің

Алина – келісктік оққағар мырза!

Баха – ауырып тұрған жоқсын ба? Мазаң жоқ сияқты ғой

Алина – білмейм жүрегім ерекше дүбірлі, жаным өртеніп бара жаткандай

Баха – байқа, жүрек ойыншық емес, дәрігерді шақырайын

Алина – жоқ, мен Мыртазаева дәрігер шақырып , ел жұрттың алдында абыройымды төгетін жағдайым жоқ. Менің көкірегім жібермейді

Баха – әйтеур құлап қалмашы клуб ішінде, абыройдың туған қарындасы, сонда көрерсің масқараны

Алина – хаха бәрі жақсы, күтпес болса хабарын саламын

Баха көлікке отырады, Алина клуб сыртында тұрған кузетшілерге жақындап

Алина – той думан дүркіреп жатыр, ал мен кешігіп журмін

1 Күзетші – тоқта! кіруге рұқсат жоқ

Алина – мен туған күн иесінің досымын, ол мені күтіп отыр

2 күзетші – достардың бәрі іште жүр . Бізге ешкімді кіргізбесін деген

1 күзетші – анау тратуарды көрдің бе?

Алина – ия

1 күзетші – сол тратуармен кетіп қалшы ( екі күзетші күледі)

Алина – не деген ұятсыздық, мені Мыртазаева Алинаны мазақ қылғандарың ба? көресетем .... бұл не?

1 күзетші – таксидің нөмері, хабарласта тайып тұршы бұл жерден ( тағыда күледі)

Алина – жетіскен қалжыңбас екенсіңдер.  Осы есіктен қазір өтсем , екеуіңде қызтеке боласыңдар, және артынша ренжіп жүрмеңдер. Алло Мақпал ...

2 күзетші – не болды ? call center мен сөйлесіп тұрсын ба?

Алина – Мақпал Дарханға айтшы сыртқа шыгып мені күтіп алсын, күзетшілер кіргізбей тұр, жоооқ телефонын көтермейді. Қазір сазайларың келеді

1 күзетші – біз осындамыз, сен арғы жақа тұршы, клубтың алдын босат

Клуб ішінен туған күн иесі шыгады.

Алина – жүре бермедің бе тағыда? мен осында күте беретін едім

Дархан – қалайсын Алина?  жігіттер неге кіргізбейсіңдер? менің досым ғой

1 күзетші – өзің айттың емес па ешкімді кіргіз бе деп?

Алина – бір тізбек жасап қоймайсын ба?

Дархан – дұрыс қой ешкімді кіргізбеңдер, бірақ  менің достарымды ұстамаңдар дедем ғой

2 күзетші – бұның қалай ? көрінгеннің бәрі сенің досың болып жүр ғой

Дархан – сенде Алина уақытымен келмейсің ба? сағат нешеге шақырдым?

Алина – кешкі 7

Дархан – ал қазір қанша? кешкі 9 , кешігіп жүресіңдер өмірі

Алина – сонда сен кінәлісің, бірақ қазір бізді кінәлі қылып тұрсың ба? Туған күніңмен!!

Дархан – айып етпе, бұлармен кейін сөйлесем . рахмет, сыйлығың қайда? айттым ғой сыйлықсыз келмеңдер деп

Алина – саған не сыйларымды ұзық ойландым, шешімі мынандай болды ( әдемі ақ түсті көйлегіне Дарханның суретін салдырып, астына әр қашан бірге деп жазып қойыпты) ең сүйікті көйлегім саған құрбан болды

Дархан – керемет  Алина, сенен ғана креативті күттім. Болды жүр ішке! Бұл қызды жаттап алыңдар жігіттер , қаладаға әр бір есік бұған ашық

Күзетшілер – кешірім сұраймыз

Алина –оқасы жоқ, бәрі жақсы . ( кетіп бара жатып, сыбырлап ) қызтеке ,

Клубтын іші лық толы, адамдар билеп мәз болдып тойлап жатыр

Алина – ғажап мынаның бәрі сенің достарыңба?

Дархан – әрине жоқ! Жартысын танымаймын, өз өздерімен кіріп алыпты, шық деуге уят, амал жоқ еш нәрсе демедім, тыныш қана сыртқа күзет қойдым.

Алина – ашық есік деген осы. Біздікілер қайда?

Дархан – арғы шетте, жүр . Сен қалай сұранып шықтың? Әкең жібермейтін еді ғой

Алина -  кішкентай емеспін ғой. Өз өмірімнің қожайынымын

Дархан – ха өтірікші, уйдегілер шетелге кетіп қалды емес па? Әкем айтты бүгін

Бұлардың достары жекеше шетте отыр екен, Дархан мен Алинаны қуана қарсы алды, жігіті Асхатты көріп Алина құшағына бата кетті. Сүйісіп амандасты

Алина – салем

Асхат – салем сұлуым

Той қыза түсті. Алинаның жігігті Архат құтұршақ досымен әжетханаға кірді. Әжетхана ішінде досы Архатқа қызыл дәрілерді көрсетеді

Досы – қара мында, Расулдан алдым, әсері мықты дейді, бір данасын ішсең болды денең оттай қызады

Архат – бұны қайтпекшісің, ішімдік ішіп отыра бермейсін бе?

Досы – оо тентек бұл маған емес , қыздарға арналған, бірақ мачомен болам десең өзіңде ұрттап алсаң болады, шабасың кейін айғырлар сияқты түнімен ( куліп)

Архат – бұл дәрісіз күшің жетпейме қыздарға?

Досы – оо шіркін? мынау не дейді өзі? бір ебор террорист келді деп еді, сен екенсін ғой

Архат – білесің ғой бұл қалада канша қызым бар екенін, дәрісіз ақ бәрін жатқызған жоқпын ба?

Досы – ол қыздарыңды айтпай ақ койшы, оларды сен емес сенің көлігің қалтаңдағы ақшаң сындырады, сонша батыр болсаң Алина жайлы айтшы маған, жаттың ба Алинамен? жооқ әрине, өйткені сенің Алина сияқты қыздарға күшің жетпейді,  міне сол үшін осындай дәрілерді ойлап тапқан ешкіммен жата алмай жүрген ғалымдар

Архат – дос келесі рет Алина жайлы асығып сөйлеме, жарайма? сен оны білмейсің, расында ол әлі қыз! ешкіммен болмаған

Досы –ал сен  оған ғашықсын, уйленесіңдер және көп балаларың болады , білемін оны романтик  досымау! не болған саған? сен жұлдыз санап жүргенде, Алина бір жігіт тауып, рахаттанып жүр, қыздардың бәрі қазір сондай. Жарайды ешкімі жоқ болсада, ертең мектепті бітіріп елден тайып тұрады, кетеді сонда арманың ұшып! Ойланып тұрғанша мына бір дәріні ал, ыңғайлы сәт тускенде, білдіртпей салып жібер суына, кейін күт , тағы күт, сәл күт, бір екі уш дайын, Алина сұлу сенің құшағыңда дірілдеп жатады тілі салақтап  

Біраз ойланып Архат дәріні алады. Отырыс барысында, екі достың жолдары болды кыздардың бәрі би алаңына кеткенде , дәрілерді кыздардың  суына салып жібереді

Аз уақыттан кейін қыздар би алаңына шықты, сол кезде дәрінің әсері басталып Алина танымастай өзгеріп кетті, есін жоғалтып жеңіл жүрісті қыздар ретінде әр жігітке жабысып коймады. Бұл көрініске аң таң болып тұрған Асхатқа

Досы –осылай тұра бересінбе? Қызың қуып кетті, жоғарыда бос бөлмелер көп, сонда алып кет тезірек.

Архат – мен оны танымай тұрмын

Досы – неткен сорлы едің, дәрі күшті деп айттым ғой, алып кет тезірек

Көп ойланбай досының айтқанын істеді. Әрең аяғын басқан Алинаны жетектеп жоғарғы қабатқа кетті. Жол бойы Алина бұған жабысып, суйіп, қыңқылдай берді. Әбден қозыған Архат бөлмеге кірісімен, қызды шешіндіре кетті. Алина карсылық көрсете алмады, тек ыңқылдап жата берді. Тек Архат артық кетіп устіне шыға бергенде, кенеттен Алина не болып жатқанын түсіне білді. Шошып айғайға салды, Архатты итеріп , тұра салып әжетханаға жүгірді. Дәрінің кесірінен құса бастады. Есін жиған Архат, өз ісінен өзі шошып төменге кетіп қалды. Алинаны әжетханада құрбысы Мақпал тауып алды

Мақпал – оу Алина не болған саған? Ойбуй түрің жаман ғой, іштің ба не?

Алинаны көтеріп , беті қолын жуа бастады

Мақпал – доғдыр шақыру керек, қазір ауруханаға апарамыз

Алина – жоқ доғдыр керек емес, уйықтаймын мен!

Мақпал – жоқ , өзіңе қарасайшы, түріңді жоғалтып алыпсын ғой

Алина – уйықтасам болды , жақсы бәрі

Алина бос бөлмелердің біріне кіріп , диванға жата кетеді. Екі сағаттай уйыктап тұрады. Болған жағдай есіне түсіп, Архаттың алдында ұялады. Өзі шақырып өзі қудым деп ойлайды. Төменге түссе Архат жоқ, құрбысы Мақпал келеді

Мақпал – тұрдың ба? Зәремді ұшырдың ғой жаным ау, қорқытпасайшы олай

Алина – көрініп тұр ұщқан зәрең секіріп билеп жүрсің

Мақпал – ха, есіңді жиыпсын, жарайсың, халқым айтады «іше алмасаң ішпе» деп

Алина – ал менің халқым мүлдем ішпе деп айтады , мен ешнәрсе ішкен жоқпын

Мақпал – арине , мына жақта құтырып билеп жүргенің ше?

Алина – есімде жоқ

Мақпал –ішкіштердің есінде не қалсын?!

Алина – болды ойнамаймын! Білесің ғой ішпейтінімді! Архатты көрмедің бе?

Мақпал – білмедім, осыдан жарты сағат бұрын анау сары есікке кіріп кеткен

Алина – аха жарайды , казір келемін

Алина Архатты іздеп кетеді. Кальян шегетін залдарды аралап жіріп, жігітінің басқа қызбен құшақтасып тұрғанын көреді. Ұрыс жанжал шығар май Алина Архаттын бетіне шыныда тұрған суды шашып , Архаттың кешірім сөздерін елемей сыртқа шығып кетті. Басына қан жүгіріп, ызасын баса алмай , Баханың жоқтығын пайдаланып көше аралап кетеді. Жол бойы әр нәрсені  бір ойлап, қайда бара жатқанын білмей кетті, әйтеур өзіне келіп , айналасына қараса үлкен көшенің бойымен келеді екен. Оған қарама қарсы , шаршаудан төмен қарап аяғын сылбыр басып Арман келеді. Түнгі үште көшеде екеуінен басқа тірі жан жоқ. Бір неше рет бір біріне көз жүгіртті, қайдан белгісіз екеуініңде журектері сыздай кетті. Жақындаған сайын, жүрек соғысы көбейді. Әлем тым тырыс, ешқандай дыбыс жоқ, тек екеуінің бір біріне қараған көздері. Жандарынан өте берді, бұрылып қарауға екеуініңде батылы жоқ. Кенет

Арман – кешіріңіз , бірақ саябақпен жүрмегеніңіз дұрыс. Түнде ол жақта қауіп көп!

Жігіт танысқысы келіп тұр деп ойлаған Алина, не деп жауап берерін білмеді, ақыры әдетіне салып қырсық сөйледі

Алина – ренжімеңіз, мен өзім білемін қай жақпен жүру керек екенін

Бұрылып кете береді Алина, жігіт бір нәрсе айтама деп ойлап еді, бірақ ол ешнарсе айтпады. Саябаққа  тезірек жеттіде , шөптін арасынан Арманды аңдып тұрды. Арман сәл ойланып, саябаққа қарай беттеді. Оны байқаған Алина, бұнымен ойнайын деп ағаштардың арасында тығылды. Ойынға беріліп кеткен Алина ағаш арсында бұған қарап тұрған, шегіп алған екі жігітті байқамады.

 Екі мас жігіт Алинанаң артынан тығылып келіп , бас салып устай кетті. Еш нәрсені ұғып үлгермеген қыз, жалтарақтап басында үн шығарар алмады. Саябақтың ішіндегі кең алаңда джип көлігінің қасында тағы екі шегіп алған жігіттер тұрды, бағанағы екеуінің достары

1 бұзық – дәретке кеттіндер ма алде қызғама?

2 бұзық – шегіп алған ба? маспа ? Қарасақ ағаштарддың арасында жүр, баратын жері жоқ сияқты өзімізбен алып жүрейк, таң ата тастап кететміз

3 бұзық –сөйтейк

1 бұзық – өзі сұлу қыз екен

2 бқзық – денесі қандай мамық десейші

4 бұзық  - алып жұріңдер көлікке

Қыптап ұсталған аузын босатып Алина айғай салды

Алина – жіберіңдер, көмектесіңдер? өтінем жіберіңдер !! мен мас емеспін жіберіңдер

2 бұзық – жап аузыңды ( қалғандары жын ұрғандай айқайлап шулай берді)

Алина – айуандар, менің кім екенімді білесіңдер ма? мен Мыртазаевамын!! Әкем бүкіл қаланы төнкеріп тауып алады сендерді! Таяқты жейсіңдер !

1 бұзық – қазір өзің таяқ жейсің тағы бір рет тістесең

Жабылып қарсылық көресетіп жатқан Алинанны көлікке қарай суйреп бара жатыр. Теуіп тістеніп жатқан қызды көлікке отырғызу оңай тіспеді . Сол мезетте

Арман – тоқтаңдар!! жіберіңдер қызды!!

Бұзықтар дер тоқтады, қорқып қалған Алина жұлқына берді, бұзықтар Арманға қарады

 1 бұзық – сорлы жаның аманда тайып тұр !

2 бқзық – сеніде алып кетеміз, қапығып қаласың

Арман – бауырлар бұл қалада сендермен көңіл көтерер қыз көп, бұл қыз барғысы келмейді жібер дегенде жібере салыңдар

Бұзықтар назарын Арманға аударғанын қолданып, Алина леп беріп өзінің батырына қарай жүгіріп кетті, Арманның артына тығыла салып

Алина – осыдан жақындаңдар әкеме айтып түптеріңе жетем

2 бұзық – саған ұрыс керек болды ғой інішек

Аман – мен белгі бергенде , көшеге қарай жүгіріңіз, тезірек көмек табыңыз мен мыналарды ұстап қалам

Алина – мен сені тастамаймын, бірге қашайық

Арман -  үлгермейміз, сіз қашыңыз , кейін өзім қашамын

1 бұзық  - қашып құтылмайсыңдар

Арман – жүгір қаш!!!

Алина сол арада, артына қарамай көшеге қарай қашты. Жанжал төбелес басталды. Көшеде жан жоқ, сәттілік түсіп, аулалардың бірінен полиция көрінді. Алинанаң шақырғанын байқап олар дем арасында төбелес жақа беттеді. Полиция келгенде бұзықтар кашып улгеріпті! Полицейлердің біреуі Арманды тұрғыза қолын қайыра бастайды

1полицей – тұр қане! тұр деймін

Арман – жібер қолымды

1 полицей – қалай-қалай сөйлейді мынауың ( жұлқи бастайды)

Алина – сіз не істеп жатырсыз! Бұл мені құтқарды , бұзықтарды ұстаңыз қайта!

1 полицей – төбелескен үшін жауапқа тартамын

Алина – мен әкеме айтамын , ол сізге көресетеді

1 полицей – жә жә, ертең қорқыт, бүгін уақыт жоқ

Алина – жіберіңіз деймін бұны ( араша түсіп)

2 полицей – не боп жатыр? Марат жібәр енді!

1 полицей – мына тентек қалай сөйлесуді білмейді

Арман – көке қолды жіберсеңішші

Алина – аға бұл жігіт еш нәрсе істемеді

2 полицей – жібер Марат

Арман – сізде жіберіңіз! ( Алинаға қарап)

2 полицей – енді мән жайды айтыңдар

Алина – аға біз мына жігіт екеуміз келе жаттық, анау бұзықтар бізге тисе кетті, кейін мені құтқарамын деп бұл  жігіт олармен төбелеске түсті

2 полицей – сен не айтасын? ( Арманға қарап)

Арман – мен жай өтіп бара жатқан адаммын, мына қызды да анау жігіттерді де танымаймын, ешкіммен төбелеспедім, шағымым жоқ  және асығыс едім

Алина – бірақ, тұра тұрыңыз аға , біз бірге болдық қой( Арманға аянышты қарап) сен батырсың, ал олар бұзықтар, 

Арман -  мән жайды осы қыз біледі , мен жүре берейін

1 полицей – бәрін бүлдіріп алып жауаптан қашып жатсын ба?

2 полицей – сен 39 уйденсің ба?

Арман – ия

2 полицей – жүре бер, жолың болсын!

Арман – рахмет сау болыңыз

Арман кетіп қалады, Алина артынан қарап

Алина – не үшін құтқардың онда? тастай салу керек еді (ренжіп айқайлап)

1 полицей – аға не үшін жібере салдыңыз, тексеріп көрмедік пе?

2 полицей – баласың  әлі сен! бұл жігітті бір неше рет тексергенбіз, жетімдер уйнде тұрады, осы уақытта жұмысынан қайтады, ресторанда істейді даяршы болып, таза бала!

 Әнгімені естіген Алина, Арманды аяп артынан жүгіре кетті. Бірақ полицей ұстап алды

1 полицей – қайда қаштын? тұр мында

Алина – мен одан кешірім сұрау керекпін , аға жіберіңізші

2 полицей –ертең сұрайсың, әзірше кеттік

алина –қайда? мен ешқайда бармаймын

1 полицей – РУВД ға

Алина – шын, менің шағымым жоқ, мен жай өтіп бара жатқан адммын

1 полицей – бұл сұлтау қабылданбайды

 

Полицейлер Алинаны түнгі клуб алдына әкеліп тастады, бейтаныс кыздармен сөйлесіп тұрған Бахаға келіп

Алина – Баха қайттық үйге

Баха – міне қарындасымда шықты! Ал қыздар ренжімеңдер кету керек , хабарласқанша

Қыздар – жоғалып кетпе! сау бол!

Екеуі көлікке отырды.

Баха – көрдің бе қандай қыздар? сенің мұрынбағыңда бұндай қыздар жоқ шығар

Алина үн қатпайды

Баха – не болды саған? біреу тиісті ме?

Алина – жоқ

Баха – ауырып тұрсың ба?

Алина – жоқ

Баха – түнгі клубқа барамын деп есейіп кеттің бе?

Алина – жоқ (куліп)

Баха – уйге барғанша есіңді жина онда

Көлік қозғала беріп еді, құрбысы Мақпал атып шыға келді

Мақпал – тоқта деймін!  қайда жоқ болып кеттің?  міне сүмкең! Архат сені іздеп орын таппай жүр

Алина – ол мені ұмытсын де! Не болғанын сен білмейсің!

Мақпал  - айтсайшы енді!

Баха – біз асығыспыз! Есікті жіберуіңізді сұраймын

Мақпал – туф қоя тұршы сен! айт деймін не болғанын

Алина – жанымау ертең айтамын! Шын, қазір неден бастарымды білмей тұрмын

Баха – сау бол Мақпал, көріскенше жүз жыл өтсін

Баха көлікті жүргізе бастайды

Мақпал – қазір айт деймін, шыдамаймын ертенге дейін

Алина – сау бол!

 Екеуі жүріп кетеді. Алинаның телефоны шылдырлайды

Алина – жооқ ертең айтамын! болды! телефонды қоямын

Телефонды қояды! Баха ала көзімен қарап тұр

Баха – сен уәдені бұздың ғой ия?

Алина – бәріміз уәдені бұзамыз! екеуміз бір қайықта отырмыз, еденді тесудің қажеті жоқ, батып кетеміз

Баха – оңбаған! міне оңбаған

 

Екінші күні, Алина Мақпалға болған оқиғаны айтып берді

Алина – міне бәрі осылай болды! Кейін мен клубқа келдім, ары қарай сен білесің, осының бәрін Баханың көзінше қалай айтатын едім

Мақпал  - ия құрбым жақсы қыдырыпсың, нағыз кино болыпты . Архатты не істейсің? Кешіресің бе?

Алина – қайдағы Архат? Сен мені тыңдамадың ба? маған сол батырды табу керек, мен соны іздеймін

Мақпал – тұра тұр , қателеспесем сен қазір бір жігітті іздеймін дедің ия?

Алина – ия

Мақпал – сен Мыртазаева Алина! Жай айтқанда құдайдың аузынан түскен қыз! Қайдығы жоқ бір жігітті іздейсің ба?

Алина – жооқ біз екеуміз іздейміз

Мақпал – сақтайгөр, бұданда басқа күнәләрім жетеді! Әкем дұрыс айтыпты адамдар ұяттан безіп, бетін жоғалқан деп. Алинек мен сені танымай отырмын, біз жігіттердің артынан жүгіретін қыздар емеспіз

Алина – мен оны тағы бір рет көрмесем болмайды, ал сенің көлігің бар, Бахаға бұл туралы айта алмаймын. Жан құрбым сен ғанасың, сенен ғана сырым жоқ! Үмітім тек сенде

Мақпал – болды болды ары қарай естігім келмейді, жүрегім тас, ол ерімейді

Сол күні түнде, Алина мен Мақпал  номері 1 жетімдер үйнің алдында тұр

Мақпал – күтіп күтіп сарғайып , сары уайымға боялып, отыр міне жас құрбым, үмітінен айрылып

Алина – сенде айта саласың ( күліп)

Мақпал – шаршамадың ба күтіп? түнгі үш болды ғой.  Есі дұрыс қыздардың бәрі үйлерінде жатқан жоқ па?

Алина – сәл қалды шыда. Келу керек

Мақпал – ең болмаса сол уйге келіп тұрмыз ба? Басқа адреске келіп рахаттанып отырмайық тағыда

Алина – ия осы жер болу керек, 39 уй, ол жақта жетімдер уй деп жазылып тұр

Мақпал – жарайд күт онда, мен көз жұма тұрайын! арманың алдыңнан шықса белгі бере көр құрбым!

Алина – жарайды

Көлік ішінде қысылып, Алина сыртқа шықты

Мақпал – Алина. Мүмкін ол тентек уйнде ұйықтап жатқан шығар, неге біз солай ойламаймыз? екі жынды адамдар сияқты отырмыз мұнда

Алина – жоқ, ол жұмысында, және қазір келеді

Мақпал – оны кімнен естідің? көршілерің айттыма?

Алина – білемін, мен сезіп тұрмын

Мақпал – ууф, қыз сезіп тұрса болды, одан артық дәлел жоқ ( пауза) қайтседе, сәл ойланғанымыз

Кенет , Арман келеді. Мақпал оны көріп тығылып қалады. Алина сасқанынан , Арманға жол беріп тратуар шетіне тұра қалады. Арман Алинаны көрмегендей болып қасынан өте кетеді

Алина – сәлем ! сәлем қалын қалай?

Арман тоқтап Алинаға бұрылады.

Арман – сәлем, жақсы! өзіңіз қалайсыз?

Алина – менде бәрі жақсы ( қуаныш күлкісін жия алмай) . менің есімім Алина

Арман – Арман.  қуаныштымын , сау болыңыз

Алина – жоқ , сен мені танымай қалдың ба? есіңде ме? мені кеше бұзықтардан қорғадың ғой

Арман – ия есімде, бірақ сізге бұл оқиға сабақ болмапты, түн ортасында қайтіп жалғыз жүрсіз.

Алина – жоқ мен жалғыз емеспін, қасымда құрбым бар, ол көлікте отыр

Екеуі көлікке қарайды, бірақ тығылып отырған Мақпал көрінбейді

Алина – уйықтап жатыр ол!

Арман – түсінікті, сізде уйықтаңыз уйге барып, улкен қала қауіп көп, бұлай жүруге болмайды

Алина - ия уйықтаймын, мен саған алғысымды білдірейн деп едім, сыйлық алып берейін, немесе бір жақа шақырайын. Саған қызық жерге! Жұмыспен көмек бере аламын, әкемнің таныстары көп қалада. Қалаған жұмысыңа кіргізеді

Арманның түрі өзгеріп кетеді, Алинаның әнгімесін жақтырмағанын ашық байқатып

Арман – Алина сіз көп нәрсені түсінбейді екенсіз. Маған сыйлықтың қажеті жоқ, қыз бетіңіз бен ешқайда шақырмасаңыз да болады. Жұмыс керек болса өзім тауып аламын. Ал енді мен кетейін. Кайырлы түн

Алина – бірақ, мен олай айтқым келген жоқ

Арман - сау болыңыз

Арман кетіп қалады

Алина  - сау бол!

Алина бұрылып көлікке келіп отырады.

Мақпал – айта бер енді! қандай екен? сорлы ма жүрген?

Алина – мен сондай ақымақпын

Алина жылап жібереді.

Екі күн жай таппады Алина, Арманды ойлаумен болды . Үшінші күні Баханы ертіп 39 уйге қайтып келді

Баха – нөмері 1 Алматы қаласының жетімдер уйі! Жарайды қандайда бір себептермен мен осында жүруім мүмкін! Ал сіз 11 класс оқушысы, сіз не істеп жүрсіз мұнда?

Алина - тұра тұр, шаруаларым бар. Неден бастауды білмей тұрмын

Баха – қандай шаруа ол?

Алина – мен қазір келем, сен кетіп қалма, кіремін де шығам. Кетіп қалма ия?

Баха – аман болшы әйтеуір

Алина есікті тоқылдатпастан ішке кірді. Улкен бөлменің бір шетінде , кезекші отыр екен. Кезекші жасы үлкен әйел адам   

  Алина - Сәлеметсіз бе? (дауыс шығарып) сәлеметсіз бе?

Кезекші – сәлеметсіз бе? Қайдан жүрсін?

Алина – мен мектеп оқушылары ісімен айналысатын департаменттен келдім

Кезекші – қайдан? Естімедім

Алина – мен балалрдың әлеуметтік жағдайын тексеретін агеннтіктен келдім

Кезекші – түсінсем бұйырмасын, даусыңды шығарсайшы

Алина – мен университеттен келдім, талапкерлерге берілетін гранды бақылаймын, сіздердің бір балаңыз бізге құжаттарын тапсырыпты, сонымен сөйлесуге келдім

Кезекші – солай де? Ол қай бала?

Алина – міне осы жерде проблема, біз байқамай ол баланың құжаттарын жоғалтып алдық, содан іздеп жүрмін

Кезкші – соган карағанда өзің жоғалтқан сияқтысын ғой

Алина – ол жақта көп адам, бәріміз бірге жоғалттық . Ол жігіт, есімі Арман,18-20 жаста, ресторанда жұмыс істейді, бар білгеніміз сол!

Кезекші – ия бар ондай бала бізде, бірақ ол қазір жұмыста , кеш келеді

Алина – міне, маған жұмыс орнын айтсаңыз, мен оны сол жақтан тауып аламын өзім

Кезекші – бірден есіме түсе қоймас, бірақ ол маған айтқан, жасымда келді ешнірсені ұмытпаймын , бірақ көп нәрсені еске сақтамаймын. Бір қағазға жазып алған едім, қазәр іздеп көреміз. Менімен жүр

Алина – ия жақсы болар еді

Кезекші – гранд бақылаушы деген ауыр қызмет, сен тым жас емесің ба ондай іске?

Алина – бұйырған жұмыс қой

Екеуі бір кішкентай бөлмеге кіреді, кезекші қағазды іздей бастайды

Кезекші – Арман жақсы бала, басында суық, жатырқауыш болып көрінер, бірақ ішінде өте нәзік адам жатыр, өскен жері осы болғандықтан, тұйық мінезді. Білесін бе? Оның туған қарындасы Махаббатта осында тұрады, ол қыз тіпті керемет, жетімдігін байқатпай өсіріп келе жатқан міне осы Арман ағасы. Олар алғаш келегнде осында, Махаббатты коп жанұя асырап алғысы келген, Арман бұған қарсы болды. Бір күні шетелден жануя келді , Франция болу керек есімнен шықпаса,  ол кезде оңбаған директор болатын бізде, сол директормен келісіп, ешкімге білдірмей , Махаббатты алып кетуге бүкіл құжатты дайындап қойыпты. Алып кететін күні, Арман естіп қойып сондағы 10 жаста ол кезде, қарындасына жабысып жоғарыда тығылып калады. Біз тапқанда , қойманың ішінде, алдында Арман тұр артында екі жасар Махаббат. Қорықаннан аяныштан Арманның көзінде жас, ағасының жылағанын көріп Махаббатта жылап отыр. Бәріміздің жүрегіміз жібіп кетті, не болсада қызды бермейміз деп шештік. Ол баланың ішіндегі оты жанғанда бәрін орнына қояды. Міне таптым қағазды.

Алина – рахмет көп көп сізге,

Кезекші – сенде дұрыстап қара балаға, бала жаман емес

Алина – арине, сау болыңыз

Баха және Алина мейрамханаға кіріп келеді

Баха – тускі асты үйде іше салуға болмай ма?

Алина – қарным ашты үйге дейін шыдамаймын

Баха – өзің тым ерекше болып кетіпсің

Алина – түрім қалай болып тұр?

Баха – түрде бәрі жақсы, мына басыңды айтам ішінде бір жүйке істен шыққан сияқты

Алина – тамақ ішемізде шыгамыз , онда тұрған не бар

Баха – шын айтайын , менің қалтам көтере алмайды бұндай мейрамхананы

Алина – бәсе, бұған не болған деп қоямын! Біз үшін төленген уайымдама! кеттік 

Столға отырады, Алина  Арманды көзбен іздей бастайды. Даяшы келеді

Даяшы – саламатсыздар ма? Біздің мейрамханаға келгендеріңізге қуаныштымыз

Баха – сәлеметпе

Алина – саламтсызба?

Даяшы – менюден көмек керек болса айтыңыздар

Баха - мм маған керек сияқты

Даяшы – ия, бұл бетте италиян кухнясы

Баха – қазақтардың кухнясы қайда?

Алина – кешіресіз! Боладыма біздің столға Арман деген даяшы кызмет көрсетсе?

Даяшы – егер менен қате кетсе кешіріңіздер! Мен байқамай қалдым

Алина – жоқ жоқ, ол не дегеніз сізге шағымымыз жоқ. Жай сол даяшы.... сол даяшыға .... үйреніп қалған едік

Баха – бұл қыз осы қаланың ханшайымы, еркелігі, сізге айып жоқ,

Даяшы – мен жұмысқа енді кіріп едім, жарайды, қазір администратордан сұрап білемін

Баха – кейбір адамдардың қылығы үрейімді үшырайн деді

Алина – мен дұрыс істемеген сияқтымын

Баха - арине, жұмысқа енді орналасқан қызды шошытып, мұншалықты арсыз емес едік қой ( күліп)

Администратор жас қыз келеді

Әкімші – саламатсыздар ма? Қандай шағымдарыңыз бар ?

Алина – саламтсыз ба? Шағым емес, сұраныс еді

Баха – сәлем!

Алина – жәй сұраныс, менің....

Баха – қалыңыз қалай?

Әкімші – жақсы рахмет. Өзіңіз қалайсыз?

Баха – шүкір жақсы

Әкімші – қуаныштымын, қандай сұраныс?

Алина – біздің столда Арман деген....

Баха -  мейрамхана күшті екен (Алина Бахаға ала көзбен қарайды)

Әкімші – рахмет, Арманға не болды?

Алина – ия , сол Арман деген даяшы кызмет жасаса боладыма?

Баха – күнде істейсізба осында?

Әкімші – жоқ кезекпен, ия болады, бұл сұранысыңыз ережеге қарсы келмейді, қазір ол келеді сіздерге. Басқада сұрақтарыңыз барма?

Алина – жоқ рахмет

Баха – тағыда көремін бе сізді?

Әкімші – арине

Әкімші қыз кетеді. Істегеніне өкініп Алина қобалжиды, Баха сұлу қызға ғашық болып қалғандай.

Баха – көрдің бе қандай қыз? Осы қызға үйленем қара да тұр. Бұдан басқа ешкім керек емес. Не болды саған? Түрің жаман ғой

Алина – білмеймін , істегеніме өкініп отырмын

Баха – болды кеш өкінуге, Арман Арман деп қадалып қалдың ғой, еш түсінбедім, кім қызмет жасасада бәрібір емеспа

Алина – мен оны көргім келді ( ақырын айтады)

Баха-  естімедім, Арман біздің жеке даяшымыз дейсің ба?

Алина – солай болып тұр енді

Екі көзі оттай жанып Арман келеді.

Арман – саламатсыздарма? ( басын төмен тығып отырған Алинаға қарап айтады) есімім Арман. Тапсырыс таңдадыңыздарма?

Баха – Арман деген сен болдың ба? Сені мына қыз іздеп жүр

Арман – мен келдім, тапсырыс алайын

Баха – маған көмек бер онда, мына асты алсам қайтеді?

Арман – жақсы таңдау, бұл ас шеф повардың өзі жасайды

Баха - керемет онда осыны алып кел маған, және ыстық қара шәй алып кел, Алина сен не айтасын?

Алина  - мағанда соны әкеле салыңыз!

Арман – не ішесіз

Алина – сусын ( дауысын әзер шығарып)

Арман – естімедім

Алина – алма сусынын

Арман үндемей кетіп қалады, Баха менюді ары қарай ашып қарайды

Баха – туф недеген баға мынау? Осындада адамдар келедіме?

Алина – көріп тұрсың ғой

Баха – мына бір тамақтың бағасына бес қызды кездесуге шақыруға болады! Арман дейсің, дөрекілеу сияқты өзі, асығып сөйлейма? алдындағы қыз жақсы еді

Алина – ол жақсы даяшы

Арман қайтіп келді, унсіз асты стол үстіне қоя бастады

Баха – осы ма енді шеф повардың тағамы өз қолымен жасаған ?

Алина – ( сыбырлап Баха естімейтіндей) кешір мен сені көргім келді

Арман – ия осы ас

Баха – қазақ па ол?

Алина – (сыбырлап тағыда)мен жәй сөйлескім келді

Арман – жоқ ол италияндық

Баха – біздікліерде еріккен италиядан повар шақырып

Алина – (сыбырлап) мен саған дос болғым келеді

Арман – ол кісі шебер повар, тағыда усыныстарыңыз барма?

Баха – әзірше жоқ, хмм дәмі жаман емес

Арман Алинаға қарайды, Алинаның көзінен жас шығайын деп тұр

Алина – маған айтарың жоқ па?

Арман үндемейді, тек қатулы көзбен қарап тұр

Алина – айтсайшы бір нәрсе

Арман – ойыңызға кедгенін істей бермей, адамныңда көңіліне қараңыз

Алина – мен не істеппін сонша, дос болайық дедім, ( айғайлап кетеді) мағанда оңай дейсің бе осының бәрін саған айтып? Қыз бетіммен келіп тұрмын алдыңа,

Арман үндемейді

Алина – өзіңше көкірек боласың, жексұрын, боқмұрын

Алина жылап жұгіріп шығып кетеді, дым түсінбеген Баха,

Баха – тағыда көрсем сені басыңды жұлып аламын

Алинаның артынан жүгіріп кетеді. Көз жасын тоқтата алмай Алина көлік есігін тартып жатыр, Баха есікті ашады, көлікке отырды екеуі

Баха – масқара, жер болдық қой, не көрінді саған, шатырың кеткенба?

Алина – кеттікші

Баха – түсінсем бұйырмасын ол жақсы даяшы емес па?

Алина – құрып кетсін ол

Алина түнімен жылап шықты. Келесі күні уй іші шетелден оралады, оларға қосылып тәтесі Райханда келеді. Жан уяның бас қосқан себебіне Мыртазаев мырза уйнде үлкен отырыс жасайды.

Той барысында , болконда

Алина – міне қайда тығылып қалыпсыз, мен сізді іздеп жүрсем

Райхан – тыныш, жоқ сізге емес, мына жақта мені шақырып жатыр.

Алина – түсінікті ( басын изеп)

Райхан – әрине есімде, жоқ үмытпаймын. Ол кездеде ұмытпадым. Жағдайымды айттым емес па сізге. Жарайды, күтем. Сау болыңыз! Жарайды , менде! Қош!

АПлина – хмм, кім екен бұл?

Райхан – өте жақсы кісі.

Алина – ғашық болып қалғанға ұқсайсыз

Райхан – қайдам?! Менің жасымда адамдар ғашық болмайды

Алина – ой махаббат жасқа қарамайды, қырықтан кейін өмір енді басталады деген қайда?

Райхан – ол өтірік, адамдар жәй өздерінің арсыз істерін әшкерлеуге шығарып айтқан, менің жасымда адам жалғыздықтан қашады, іштегі өшпес үмітке жем болады!

Алина – қойыңыз енді, өмірде ешнәрсе ешқашан кеш болмайды деп айтады әкем

Райхан – бұны қойяық, өзіңді айт, қандай жігіт жүрегіңді жаулап алған

Алина – жігіт, жоқ ешқандай жігіт. Лайығын көрмеппін әлі

Райхан – менен жасыра алмайсын, қашаннан бері алдайтын болғансын мені? Түнімен не үшін жылығансын? Мені сағынғаннан емес шығар

Алина – жыламадым мен

Осы кезде балконға Алинанаң ағасы Сұлтан деген досын ертіп шығады.

Ағасы – кел досым, сені осы қаланың ең әдемі ханымдарымен таныстырайын

Райхан – осы қаланың ғана ма?

Ағасы – күллі әлемнің дейінші. Танысып қой мынау менің тәтем Райхан, бұл кісіден керемет адамды кездестірмеппін. Мына қыз менің туған жалғыз да ерке қарындасым , есімі Алина, және оған бұлай қараудың қажеті жоқ, осы жылы мектепті бітіріп қандай мамандық таңдауды білмей басы қатып жүр

Алина – саламатсыз ба?

Ағасы – бұл жігіттің атын мақтаныш деп қою керек еді, бірақ болмады сондықтан есімі жәй ғана Сұлтан! Лондонда бірге оқыдық, дипломат, шетелдегі еліміздің түрі осы жігіт, шыны керек бұдан артық түр таппас едік!

Райхан – келісемін

Ағасы – бір мезет тәте, Сұлтан Сапаровтардың әулйетінен жалғыз ұл!

Сұлтан – саламатсыздарма? Біразын артық айтып қойды досым

Ағасы – өзі ұялшақ келеген жігіт

Райхан – саламатсынба? Мен Сапаровтарда тек қыздарма десем! Алдын бір қыз тұрмыс құрды ғой

Сұлтан – ия ол менің әпкем еді!

Райхан – ах ия есімде, сені ғой әкең уйлендіремін деп жүрген

Сұлтан – ия , бәрінің ойы сол

Райхан – іске сәт онда, Лондонда таппадың ба қыз?

Сұлтан – жоқ, мен қазақ қызына үйленгім келеді

Райхан – қазақ қыздары шетел қыздарынан басқа! Жоқ және білмеймін деген екі сөзден басын қататын болады

Ағасы – бұндай жігітке қарамаған қызды көрмеппін

Райхан – жарайды, сендер тұра тұрыңдар біз қазір келеміз. Бастаған әнгімемізді бітіріп алайық Алинамен

Райхан Алинаны шетке тартып кетеді

Райхан – түнімен кім үшін жылағаныңды білмеймін, бірақ оны ұмыт!

Алина – жылаған жоқпын мен

Райхан – қалай саған Сұлтан?

Алина – тынныш тәте, естіп қояды! Білмемйін көкірегін көтеріп тұр ғой не болсада! Ағам мақтаған сайын шірейіп

Райхан – жоқ олай емес , қайдан көріп қалдың ондайды?! Қарашы қандай жігіт, қандай манера, қандай келбет! Нағыз бақыт иесі

Алина – ұқсамайды

Райхан – менің кеңесімді тыңда, жатырқай бермей, дұрыстап  сөйлесіп көр қазір

Алина – қызық емес маған

Кыздар қайтып жігіттерге жақындайды

Райхан – Мақсат  менде саған айтар әнгімем бар, Сұлтан айып етпесең досыңды алып кетемін, жастар боп өздерің сөйлесеберіңдер

Ағасы – мен кәрі болып қалдым ба сонда?

Райхан – Мақсат мен саған ренжідім, Парижде қанша ай тұрдым бір ретте маған келмедің

Ағасы –  келдім ғой, өзіңіз емес па қабылдамай қойған

Алина мен Сұлтан оңаша қалды.

Сұлтан – тәтең күшті екен

Алина – ия осылай кеш бойы бәрімен сөйлесіп шығады, әнгімеден танысудан шаршамайды

Сұлтан – жақсы мінез ғой, менде оңай сөйлесіп кете берем, ал сенше

Алина – білмеймін, әр кіммен әр қалай! Өзің ұзаққа келдің ба елге?

Сұлтан – мен дипломатпын , өмірім шетелмен байланысты, қазір оқуды бітірдім, көреміз не боларын, бір екі күннен кейін Лондонға оралу керек шаруалармен бір айға, кейін қайтіп келем

Алина - мен шетелде тұра ламас едім, туған жердей ыңғайлық онда болмайтын сияқты, жат жер емес па

Сұлтан – менде сағынам елімді,

Алина – бірақ шетелде тұрасың?

Сұлтан – онда тұрған несі бар? Алыста жүріпте жақсы көруге болады ғой

Алина – бұл құр сөз! Елді іспен жақсы көру керек. Сөзбен менде көп іс бітіремін, космосқада ұшып келемін, соғысқада барып келемін

Сұлтан – алыста жүрсең сағынышың отанға деген сүйспеншілігң артады

Алина – одан еш пайда жоқ қасында жүріп ісіне жарамасаң

Сұлтан – филалогия мамандығын таңда сен, қазірден сайрап тұрсың (күліп)

Алина – кешір, олай санасқым келмеді, жақсы көру туралы көп айтып кеттік біз

Сұлтан – дұрыс қой, махаббат деген кайсы түрі болсада адамға ең керек сезім емес па?

Алина – ұят сезімі емес па ең керегі, ұятсыз адам ешнәрсені суе алмайтын сияқты

Сұлтан – филалогияға бар сен

Екеуіде күледі, сәл кілдіріп

Сұлтан – саған өтінішім бар, ертең менімен тауға шыққанға қалай қарайсың? Біздің ауыл жақта керемет сарқырама бар, онда бармағаныма көп уақыт болды, бірге еріп барасынба?

Алина – білмеймін, сарқырамаға жігіттер шақырып көрмепті мені, ыңғайсыз екен!

Сұлтан – ерте шығып таң салқынымен барып қайтамыз, ауылымды көресің, Алатаудың бөктеріндегі

Алина – жарайды, келістік ертең таң ерте сарқырамаға

Таңғы шуақ. Тау шетімен кішігірім өскен орманға беттеп атқа мінген екі адам жеңіл шауып барады

Алина – қарашы қандай керемет таңғы шауқ! мен куншығысты сондай жақсы көремін

Сұлтан – айтпа!

Орманға кіріеді екуі.

Алина – шіркін неткен табиғат! қарашы қандай биік ағаштар! ауаның иісі қандай тәтті !

Сұлтан – айтпа!

Алина – Сұлтан қарашы тиін жүр тал басында

Сұлтан – көрдім!

Алина – ұятсыз! сарқырмаға бару сенің идеян емес па? өзің жол бойы ұйқы сұрап келесің! Лондонда қыдырып тоймадың ба?

Сұлтан – құстар шырылдайды сенде шырылдайсың, қалай бірін бірі тауып алған бұл дауыстар!? болды, жібер мені түнгі күнә дүбір жібере көр, көңілімде менің күншығысты, биік ағаш қоңыр тиін шарқырасын!

 

Сарқырамаға жеткен бойда, Сұлтан  ағаш түбіне жата кетті, Алина қуаныштан орын таппай ары бері сарқыраманы айнала жугіріп жүр. Кейін Сұлтанның жанына келіп отырды

Алина - шынында керемет екен мұнда,

Сұлтан – сені сызылған , ерсі қыз десем, тап бұлай жүгіреді деп ойламаппын

Алина – әсем табиғаттың әсері ғой.

Сұлтан – табиғатқа бұндай құштарлығыңмен үнді киносына түссең болады ғой

Алина – түссем түсемін. Сенде кеше байсалды дипломат болып жүр едің ғой, бүгін ойнақы болып кетіпсің

Сұлтан – мен уйдің жалғыз ұлымын, әке шешемді жақсы көремін. Олар менің дипломат болғанымды қалады, солар ұшің, мамандығым, тәрбие үшін, кеше , ел жұрттың алдында байсалды болуға тырыстым

Алина – онда , сен бәрін алдағаның ғой, екі жүздік емеспа бұл

Сұлтан – солай көруну мүмкін басында, бірақ кешегі мен ол қазіргі менімен ешқандай айырмашылық жоқ. Өмірге қоғамға деген көз қарасым өзгермеді.кеше жұмыста жұргендей болдым. Ал қазір сенің қасында ойнап күлуге болады сен түсінесің, кешегі адамдардың көбісі түсінбейтін еді

Алина – мүмкін

Алина ойланып кетеді, Сұлтан оған қарап отырады

Сұлтан – сен ғашықсын!

Алина – оны қайдан алдың, ғашықтықтық маған жат нәрсе

Сұлтна – жоқ сен ғашықсын. Сен махаббатқа арнайы туған адамсың. Сен сияқты кыздар соғыс кезеінде жауынгерлерге көмек көрсетіп , оғын тасып , керек болса олар үшін соғысып та берген. Ерте заманда сен сияқты қыздар ошақ жағып , шаңырақты ұстап баққан, куйулерін күтіп аңнан. Тыныш, дәл сен сияқты қыздарға өлеңдерін арнап жазған ақындар, махаббат үшін туған жан

Алина – қателесесің, мен суйе білмеймін, соғысқа да бармаймын, күні түні жоғалып жүретін жолдасымдыда күтіп отырмаймын, және өзімді басқа қыздармен салыстырғанды өлердей жек көремін

Сұлтан – ғашықсын ол анық, сұрақ басқада кімге ғашықсын? Жігіттер саған оңай ұнай бермейді, ерекше қасиетті іздейсің!

Алина – болды бұл туралы сөйлескім келмейді

Сұлтан - Тұра тұр! Маған ғашық болып қалдың ба?

Алина күледі

Сұлтан – бірақ біз екінші рет қана кездестік қой, түсіндім сен үнді киносының қызысын ғой , саған бұлай ғашық болуға болады

Алина  - өзіңе қатты сенімді екенсің! (күліп)

Сұлтан – бұл сенімділік емес, жәй өзімнің қыз жүрегін жаулайтын амалым бар

Алина  - ол қандай амал тағы?

Сұлтан – сен үшін өте қауіпті амал

Алина – өтірік онда, ешқандай амал жоқ

Сұлтан орнынан  тұрады, сәл шетке кетеді

Сұлтан – бар, ессіз суйісу деп аталады, қалайда болса бір рет суйемін, болды, қыз жүрегі қолымда

Алина – әжептеур бір нәрсе айтама десем

Сұлтан – сенбедің ғой! Сағанда қолдануға тура келеді , тусін өтірікші атанғым келмейді

Сұлтанның ойнап тұр ма шын айтып тұрма түсінбей, сескенген Алина орнынан атқып тұрып, атқа секіріп мінді

Алина – енді жетіп көр

Сұлтан да атына отырды. Алина алға шауып кетті, Сұлтан артынан шапты

Сұлтан – ұсталсаң, аяныш күтпе

Орман ішінде Сұлтан қызды қуып жете алмады, тек артынан айғай салып келді. Жазық жайлауға шыға салып атына басты. Алинаның қасына жеткенде, белінен көтеріп, екеуі жерге қырғып тусті, жерде бір екі айналып Сұлтан Алинаның үстіне шығып алды, қолдарын ұстап көзіне тесілп қарады. Ерніне жақындай беріп еді, Алина итеріп ыбыржи құтылып шықты құшағынан. Ентигип сәл шетке отыра қалды, Сұлтан шалқая жерге жата кетті, көздерін аспанга жүгіртіп

Алина  - бұлай істеме басқа

Сұлтан – ал сен сенбейсің! Алина Мыртазаева сен керемет қызсың (айғайлап) . Алина естимісің мені?

Алина – ия

Сұлтан  - менің жайым саған белгілі, жан ұямызда жақын бір біріне, мен Лондонға кетемін, бір айға, кейін келемін саған, қалай күтіп аларыңды өзің білесің қызғалтақ!

Алина жауап бермеді, сәл кідіріп, атына қарай жүгіріп мініп алды

Алина  - ал енді жетіп көр , қуғыншы

Сұлтан – бұл жолы аямаймын кызғалтақ

Екеуі жайлаумен шауып кетеді. Арада бір апта өтеді. Сұлтан Лондонға кетті. Екі жастың арасында сезім пайда болғанына туыстар қуануда. Алина құрбларымен дүкеннен шығып келе жатты

Мақпал – сен бір қызықсын. Несіне көкірек бола бересің, Сұлтан сияқты жігіттер санаулы ғана

Алина – мен көкірек болып жатқан жоқпын,  бірақ айтқан сөзіне шауа берсем менен не қалады

Мақпал – ол өте байсалды жігіт, көп жүгірте берме, жақтырмай қалса ше?

Алина – жақтырмаса жақтырмасын, мен Мыртазаева Алина, бір жігітке қарап қалған күнім жоқ

Мақпал - туф осы сөзді алдын неге айтпадың тунгі уште

Алина – ол кезде жәй қиялдап кетіппін, бәріміз қателесеміз

Мақпал – оның әке шешесі саған құда түсіпті , Ахмет аға келісім беріпті

 2 Құрбысы – маған да әкем сондай жігіт тауып берсе екен

Алина – ол өтірік, ия бұл өсекті бәрі айтып жүр, әкемнен басқа

Мақпал – ол хабарластыма саған

Осы кезде, көшенің арғы бетінде Арманды көре қалды

Мақпал – бұл  сұмырай аңдып жүр ма сені?

Алина – сенде көрдің ба?

Мақпал – кім ді? Ешкімді көрмедім

Арман қасына екі кішкентай баланы ертіп , дүкенге кіріп кетеді. Көп кідіртпей Алина жолдын арғы жағына өтеді

Мақпал  - сен қайда Алина? Бармашы өтінем

Алина – сендер жүре беріңдер

Арман кірген дүкенге Алинада кірді. Арман кішкентай балармен зат таңдап жатты. Алина олардың көзіне түспейн деп , сөрелердің арасына тығылып бақылай бастайды. Бұның сөрелердің устіне шығып кеткенін көріп мерчендайзер жақындайды

Сатушы – кешіресіз! Сіз не іздедіңіз?

Алина оған елең етпейді.

Сатуша – сізден сұрап тұрмын, түсіңіз сөреден

Алина – бір мезет, тыныш

Сатуша – қалай тыныш?

Алина – құпия операция жүріп жатыр

Сатушы – қандай операция?

Алина – мемлекеттік

Сатушы – шыдам бітті қазір күзет шақырамын

Сатушы кетіп қалады, бұған дейін сескенбеген Алина, тырп етіп масқарадан қашайын деп сөрені бойлап кетіп бара жатыр еді, алдынан  екі көзі жұлдыздай, екі бұрыма елең етіп кішкентай қыз шығады, Алинаға күдікпен қарап тұрды. Бұл Арманның қарындасы Махаббат еді.

Арада бір екі күн өтеді. Жетімдер үйнде балалар кішігірім концерт қоятын болды. Концерт басталуда. Концерт зал ішінде. Ойланып отырған Арманға қарындасы Махаббат жақындайды

Махаббат – көке костюмым қалай?

Арман – ау ? костюм деймісің?

Махаббат – сізге не болған? соңғы кезде көп ойланып жүрсіз? қиял қуалап

Арман – жоқ бәрі тамаша

Махаббат – Оля тәте сізді ғашық болып қалған дейді (күліп)

Арман – жоқ олай емес,

Махаббат -  онда неден екенін айтыңыз! психолог мамандар жақын туыстарға сену керек дейді

Арман – сол психологтардың өздерін көрсем ғой.  Еш уайым жоқ менде

Махаббат – айтпасаңыз жарайды! костюмым қалай?

Арман – бұл ненің костюмы?

Махаббат – мен перизатпын ғой, көрінбейме?

Арман – мммм. көрінеді. бірден байқамаппын

Махаббат – айттым емес па сіз бір нәрсеге толғанып жүрсіз деп

Арман – сөздеріңді жаттадың ба?

Махаббат – әрине мен өзім жаздым ғой. Күлше қызды қоямыз

Сахнадан апай шығып.

Апай – Махаббат жүр қане, қазір бастаймыз

Махаббат – ия апай. Бәрін байқап отырыңыз көке! Мен сіздің уайымыңызды таптым!

Апай  - бері кел Махаббат

Махаббат – бір минут апай

Махаббат сыртқы есікке қарай жүреді. Есіктің алдында тұрған Алина мен Баханы көреді

Баха -  әйтеур қазір кіріп , артынша айғайлап жылап  шықпайсын ба?

Алина – жоқ әрине

Баха – қайдам, сен қызбен бір жақа кіруге қорқатын болдық кой. Тағы бір рет ондай масқараны көтере алмаймын

Алина – кіресің бе ? кірмейсің бе?

Баха – сен емес па кіруге қорықып тұрған, маған бәрі бір!

Алина – кеттік онда

Есік алдында күлімсіреп тұрған Махаббатты көреді

Алина – сәлем қалқам

Махаббат – сәлеметсіз бе? сіздер ерте рек келедіма десем. концерт қазір басталады

Баха – сәлем

Махаббат – сәлеметсәз бе ағай?

Алина – кешір барынша асығыстық

Баха – ия 10 минут қақпаның алдында асықтық

Махаббат – бәрі уәделескендей ғой ия?

Алина – ия

Махаббат – жүріңіздер. апай міне тағы қонақтар келді!

Апай – саламатсыздар ма? қуаныштымыз, кіріңіздер

Екеуі амандасып , кіреберістегі орындарға отырады. Коңцерт басталды. Сахынаға жургізушілер шықты, артынша бір бала домбыра тартты. Алина мен Баха 1 қатарда отырды, Арман оң жақ шетте бұлардан екі қатар жоғары отырды. Баладан кейін Күлше қызды көрсетті. Алина мен Арман жалтақтап, тығылып, бір біріне қарап отыр. Күлше қыздан кейін кішкентай бала шығып өз тақпағын оқыды

Түн ортасы ұйқыда,

Ерекше тус көрдім мен.

Аппақ қардай бұлттары,

Көк аспанды жаулаған.

Қызыл жасыл гулдері,

Жер бетінде жайқалған.

Самғап ұшқан құстары,

Желмен бірге жарысқан.

Қыршып тепкен құлындай,

Мен жүгірем белеске

Сағынышпен қол бұлғап

Тұр емеспе елесте.

Күн сәулесі шактыма,

Әлде көзім мүлттіме,

Құшақ жауып алдымда

Анашым тұр күлімдеп

Сағындым ғой сені деп.

Сүйеді ол бетимнен.

Дүбір қаққан шу дауыс

Ғайып болды сол елес,

Әкетіп барады тусимнен

Сары түсті оятқыш.

Мәнерлеп оқыған баланы бәрі зер тыңдап қалады, бәрінің көздерінде мұң аяныш. Аңдып отырған Арманды ұмытып Алина мұңға батып кетіпті. Бала өлеңді оқып жатқанда Арман Алинадан көзін алмады. Концерт бітті. Махаббат ағасын қолынан жетектеп сытрқа алып шықты

Махаббат – жүріңіз тезірек

Арман – қайда алып барасың?

Махаббат  - қазір көресіз

Сыртта есік алдында Алина тұр

Махаббат – Алина, міне менің көкем Арман, көке міне менің құрбым Алина

Алина – сәлем

Арман – сәлеметсіз бе?

Махаббат – көкем менің өте сыпайы сәлеметсіз бе деп амандасады бәрімен

Алина – түсінікті

Махаббат – Алина біздің концертті көруге келген, ұнадыма концерт? Күлше қыз қалай екен?

Алина – ия жақсы өтті концерт, күлше қыз ұнады

Махаббат – сөздерін мен жаздым, сенесіз бе?

Арман – Махаббат ісіңмен мақтана берме, байқаған адам өзі мақтар. Өзің айта берсең қадірің кетеді

Махаббат – ұмытып кете берем, бірақ, бұл мақатанғаным емес ( күледі Алина екеуі) апай маған келесі концертке тағда бір ертегінің сөздерін жаз деді.

Алина – осы міне еңбегіңнің бағасы

Махаббат – ия солайда шығар,жарайды сіз Алина кетіп қалмаңыз, мен қазір келемін. Көке сіз құрбымды жалғыз тастап кетпеңіз

Арман – сен қайда? Жоғалма мен жұмысқа баруым керек

Махаббат – ия әрине, қазір келемін

Ыңгайсыздықта екеуі оңаша қалады.

Арман – жүріңіз бисеткага отырайык, есік алдында тұрмайық

Алина – аха

Екеуі бисеткаға жақындайды, Алина отырады, Арман қасына келіп тұрады

Алина – сіз отырмайсыз ба? туф сендерден үйреніп алыппын сіз дегенді

Арман – жоқ рахмет, тұра тұрамын

Алина – былай болсын не екумізде отырайық, не тұрып тұрайық, әйтпесе ыңғайсыз екен

Арман үндемейді, ойланып қалады

Алина – ал менің отырғым келіп тұр

Арман тағыда үнсіз қасына отыра кетеді. Екуінде айтар сөз жоқ

Арман – қасыңдағы жігіт қайда кетті?

Алина - а Баха ма? ол жігітім емес, оққағар ол

Арман – сенің жігітің болмаса да, жігіт қой

Алина – дұрыс түсінбеппін, келгенде көлік қоятын орын таппадық , алысқа апарып қойдық, соны айдап келемін деп кетті

Арман – түсінікті

Алина – бағанағы жас ақын, өзі жаздыма өлеңді? елес туралы оқыған

Арман – жоқ, басқа 8 немесе 9  сыныпта оқитын бала жазды

Алина – әсерлі мәнерлеп оқыды

Арман – ия өлеңді жақсы оқиды ол бала. (біраз кідіріп) біздің жағдай осы Алина!

Алинада айтар сөз табылмады. Үнсіз отырып қалды. Махаббат келеді

Махаббат  - таппадым, орнында жоқ екен, біреу тауып алған ғой онда

Арман – не туралы айтасың

Махаббат – кундіз жасаған бәліш жайлы, бір кішкентай бөлігін Алинаға алып қалғанмын, балалар тауып жеп қойған сияқты

Алина – рахмет, концертің өзіне ерекше тойдым

Махаббат – бұл менің мақтанғаным емес көке, бірақ, сол бәлішті жасағандардың қатарында едім, сондай дәмді болып шыққан

Арман – әліде уақыт болар , кейін жасап берерсің 

Алина – ия мүмкіндік болар

Арман – ал мен кетуім керек,

Махаббат – меніде шақырып жатыр апай, сондықтан көке құрбымды сіз шығарып салыңыз.

Алина – мен өзім бара беремін

Махаббат – сау болңыз Алина әпке!

Алина – сау бол ! көріскенше

Махаббат  -көріскенше, рахмет келгеніңізге

Алина – оқасы жоқ. сен асығыс болсаң маған қарама

Арман -  жоқ бәрі орынды, жүр шығарып саламын, ары қарай жұмысқа барармын

Алина – онда жарайды

Екеуі көшеге шығып, жол жағалай тратуармен жүр

Алина – қарындасың екеуің бір біріңе мүлдем ұқсамайсындар

Арман – ия ол өте тынымсыз, еті тірі қыз, уйде бәріне еркелеп алған, қолынан келмейтін іс жоқ. кейде ойлаймын әке шешем Махаббаттын өскенін көре алмай кеткенін, егер көргенде қалай тамсанар еді

Алина – ия. Олар неден ....? ( кідіріп айта алмай қалады)

Арман – көлік апатынан, мен 8 едім, Махаббат 3 айлық. туган уйі оның осы болып келген, әке шеше есінде жоқ, анасы тетя Оля, көкем бар деп , достарым бар деп көп нәрсені ойламайды, алде кішкентай ма әлі! кейде болады, көңіл күйі түсіп келеді , менен сұрайды анамыз әкеміз қандай болған деп! Бірақ табиғаттан оптимист қой, күннің жүзіндей күлімдеп жүреді

Алина – ал сенше?

Арман – мен, менде уйреніп кеттім. Бірақ ата анамның көзін көргенмін ,есімде бар, кейде олар жетпейді !

Алина – сен жарайсың. Қарындасыңа қарап, әлпештейсің

Арман – енді туған қаным ғой, менің жан ұям, ал мен үшің жан ұя ең басты

Алина – ия әкемде солай айтады жанұя ең басты деп

Арман – өмірді өзің үшін сүргеннің несі қызық? сүрерсің 3 немесе 4 жыл, кейін жалығасын, ал біреу үшін өмір сүрген, жанұя үшін немесе сүйген адамың үшін дұрыс қой. Қамын ойлайсың, бағасын, жақсыға үйреткің келеді, өскенін көресің, рахыметін аласын, сонда өмірің зая кетпейді, пайдалы өтеді

Алина – ия, бірақ қазіргі кезде өз өмірім өзіме деген қағида үлгілі болып кеткен

Арман – өзің үшін өмір сүру оңай шаруа, адамнан аса үлкен жігерді талап етпейді. Ал өзгені ойлау, қоғамды ойлау міне нағыз үлгілі шаруа деп есептеймін

Екеуі көліктің жанында тұрған Бахаға жетеді.

Баха – кеттік Алина

Алина – кәзір! ол сені алдын мейрамханадағы жағдайдан кейін жақтыра бермейді

Арман – ия ыңғайсыз болды сол кезде

Алина – ия, айып етпе сол кезде айқалап кеткеніме

Арман – менде кешірім сұраймын

Алина – ұмытылған оқиға ия?

Арман - ия

Алина – дос?

Алина қолын ұсынады, Арман қолын қысып.

Арман – доспыз.

Кенеттен Алина қолын жіберместен Арманға қарай бетімен тартылды, Арман түсінбей қалды, ұялып Алина бетін ала бергенде, Арман тартылды бетін суюге, Алина қайтіп бетін тосайын дегенде, Арман артқа кайтты, болған ойқиғаға екеуіде ыңғайсызданды

Алина – жарайды мен кеттім, рахымет, керемет концерт болды

Арман - сағанда рахмет келгеніңе

Алина артына жалтақтап көлікке қарай беттеді, Арман одан көз алмай қарауда.

Армна – Алина!

Алина – ия

Арман - біз тағыда көрісеміз бе?

Алина – болады. Сау бол!

Арман – сау бол!

Алина көлікке отырып жүріп кетеді. Арман сол тұрған бойда қалады

 

Арада екі күн өтеді. Мақпал Алинаны меткеп алдында күтіп алады

Мақпал – Ия , демалыста қайда болдын? Еш таба алмай қалдық қой сені! Телефоның өшірулі, ал анау Баха жауап беруге бас тартты, кездесеміз демеп едік? Қайда болдың?

Алина – ешқайда ,үйде болдым

Мақпал – уйіңе хабарластым, сені жоқ деді

Алина – ия, мен тыныштықта отырамын деп шештім

Мақпал – не үшін?

Алина – айттым ғой ....

Мақпал – не үшін саған тыныштық? Не істедің тыныштықпен?

Алина -  мен сурет салдым, өнер ...

Мақпал – эх құрбым естісең ғой өз сөздеріңді! Біз бұлай алдамайтын едік қой бір бірімізді

Алина – мен алдап жатқан жоқпын

Мақпал – сырласым едің ғой, сенің құрбың ретіңде сен үшін уайымдай аламынба?

Алина – ия, ал мен , мен сенің құрбың ретінде түсінгеніңді сұрай аламын ба?

Мақпал – әрине

Алина – онда біл, демалыс күні мен Арманмен кездестім, жақсы сөйлестік, хабарласамын деді, содан екі күн өтті, ол хабарласпады, ал мен , мен ол туралы ойлай беремін, ойлағым келеді, түсінесің бе?

Мақпал – сұмырай, қолыма түссін ұрып өлтіремін соны ( Алинаны құшақтап)

Екі күн Арман күмәнде болды, ары ойланып бері ойланып ақыры хат жазды. Хат Алинаға сабақта отырғанда келді, қуанышы қойнына симай Мақпал айтты, Мақпал бұл сезімді қолдамады. Екі жас келесі күні кешке саябақта кездесті, серуендеп сұхбат құрды

Сол күні кешке, авто көлік ішінде

Баха – бір әнгіме айтсам тыңдайсын ба?

Алина – айтып көріңіз

Баха – анау бала туралы, Арман беді есімі

Алина – ия оған не болып қалыпты?

Баха – қалай айтсам екен, ол жақсы бала сияқты,

Алина – түсінсем бұйырмасын

Баха – сенің жігітің бар емес па, онымен несін ойнап жүрсің , өзі жетім бала

Алина – жоқ мен онымен ойнап жүрген жоқпын, Архатты да тас тап кеткем, басым бос менің

Баха – боқмұрын емес, жарайды, екінші мәселе

Алина – біраз әнгіме жиналып қалыпты ғой сізде

Баха – өсек жайлы, бәрі сені атастырып қойды дейді емеспа біреумен

Алина – кіммен? Сен естімедің ба?

Баха – уфф, Сұлтан дейді ме, сондай бір нәрсе

Алина – жоқ ол жәй өсек , маған ондай ешнәрсе айтпады, атастырса маған айту  керек емес па? Ия?

Баха – ия айту керек,

Алина – мен біліп жүру керекпін ғой, алде айтпасада боладыма?! Жоқ айтпау мүкін емес, сол үшін ондай ешнәрсе жоқ, Арман үшін уаймдамай ақ қойсаң болады

Баха – айттайын дегенім уйдегілерге бұл жүрісің ұнамай қалуы мүмкін, сенімен қосып меніңде басым кетеді. Шын Алина, жақтырмай қалуы мүмкін,

Алина – жоқ ұнатады, өзің айттың ғой Арман жақсы жігіт деп , унайды көрде тұр осыдан

Баха – не болсада ойланып көр тағыда

Алина – жарайды ойланайын, мен кеттім бәрі баяғыдай?

Баха – ия бәрі баяғыдай, қарап жүр өзіңе

Екі жас саябақта кездесті

Алина – адам қалай көп , кешкі саябақ жазда керемет қой

Арман – ия серуенге жақсы

Алина – саған күннің қай кезеңі ұнайды?

Арман – таңғы шуақ

Алина – рас па? Мағанда таң ертең ұнайды, тіршілік ұйқыдан оянған шақ, бір жаратылыстың белгісі,

Арман – аха

Алина – ал қандай хоббиің бар? Кітап? Шетел тілдері?

Арман – жоқ

Алина – футбол? Автокөлік?

Арман – ондайда жоқ, менің көп уақытым жұмыспен өтеді

Алина ыңғайсызданып қалды, екеуінің өмірі екі түрлі екенін енді ұқты

Алина – ал менің қатыспаған ісім қалмады, шын айтсам ешқайсысын аяқтаймадым , жетістіктерге де жетпедім. Бигеде , оның не бір түріне қатыстым, ән айтып әртіс боламын дедім , әкемде көмектесті, бірақ онымнан түк шықпады

Арман – тастмай тырысып көрмедің ба? Әйтеуір бір белесіне жететін едің

Алина – жоқ, ән айту үшің табиғи талантын болу керек, өйткені ол халық алдындағы өнер, халық ұнату керек, жәй менің ақшам бар, мен әртіс болғым келеді деп жүре беруге болмайды көпшіліктің ісі болғандықтан, және кітап оқығанды ұнатамын, әстеп сурет саламын

Арман – аз емес екен хоббиларын

Алина – ой не бір түрі болды ғой, көбіне қиялмен бара бергенмін

Арман – қайыққа отырамыз ба?

Алина – кеттік

Саябақ ішіндегі кішкене көлге баррады , қайық жалдап көл ортасына карай беттейді

Екеуі оңашада қалғаннан ба, сөз шығармай келді. Көлдің ең тыныш шетіне жеткенде ғана

Алина – қандай тамаша, алыстан шыққан дауытар болмаса, нағыз табиғат аясында жүргендей

Арман – ия , сәл кешірек жарықтарды да өшіреді, сонда тіпті керемет, ай жұлдыздар және тыныш көл қалады

Алина – сен саябақ жабылғандада кіріппе едің?

Арман – мен мұнда жұмыс істегем, маған рұқсат болтын

Алина – сенің істемеген жерің жоқ,  ал менің істемеген ісім жоқ

Екеуіде күледі, Алина алға қолын созып, Арманға қарай көрсетіп

Алина – тұратұр, бұл не?

Арман – нені айтып жатырсын?

Алина – сен, сен жаңа ғана күлдің бе?

Екеуі тағы күледі

Алина – мен сені кулмейтін адам деп жүрмін ғой

Алина ойланып Армаға қарап қалды

Арман – не ойладың?

Алина – қалай сені тағы күлдірсем екен деп ойлап отырмын

Арман – мен көп күлмейтін адаммын

Алина – ол қасиетіңді байқадым, ең бастысы күлесің ғой, онда күлдіруге болады. Ах таптым, мен айттым емесспе қиялданып қатыспаған өнерім қалмады деп?

Арман – ия

Алина – міне сол би өнеріндеме әлде аиробикада ма? Есімде жоқ, бізге арлекино биін үйреткен

Арман – ондай би барма?

Алина – әрине, ол керемет би, өте күлкүлі. Көрген адамның барлығы күледі

Алина орынан тұрып, аяқ киімін шешті

Арман – сен қазір билейін деп тұрсын ба?

Алина – бұл би көп орын қажет етпейді,дайындал қәзір күлесің

Арман - керек емес Алина, құлап қалсаң , тағыда сені құтқаруыма тура келеді

Алина- саған қиын емес қой ия?

Арман – шын Алина, отыр енді, адамдар қарап тұр

Алина тіке тұрып, бір аяғын еденнен көтерді, екі қолын аспанға қарай созды

Алина – қарай берсін, атақты бір әртіс айтқандай өмірдегі әр бір ісім көрермендер үшін жасалатын сияқты

Алина енді қимылын ьбастай бергенде, бір айналып суға батты

Арман – абайла

Арман бір сәтте суға сүмгіп оны шығарып алды. Белінен кысып қайыққа жақындатты

Алина – қанша рет биледім, қалайша құлап қалдым?

Арман – келесі рет құламассың

Екеуі су астында құшақтасып тұрды, көздері кездесті, сәл кідіріп, суйісе кетті. Кейін естерін жиып, лезде алшақтай кетті бір бірінен

Арман – су салқын, қайыққа мінейік

Алина – ия

Екеуі унсіз қайыққа қайта отырады

Арман – тоңып қаламыз, жағаға барайық

Алина – ия

Екеуі де қатты қобалжыды, Алина ұялған күйде төмен қарап калды, Арманда үн жоқ. Тек жағаға жақындай бергенде

Арман – Алина?

Арман – ау

Арман – арлекино деген би жоқ қой ия?

Алина – ия ? ойдан шыгарып алдым

Екеуініңде көңіл күйлері жақсарады, жағаға күліп мінді. Қайықтын иесі бұлардың түрін көріп ызаланды

Қайық иесі – сендер шомалғансыңдар ма?

Арман – жоқ аға, құлап түстік ( екеуіде күледі)

Кайық иесі – бұл сендерге қайық жүзетін көл , жағажай емес, мәдениет қайда?

Арман – кешіресіз аға

Алина – кешіріңіз

Екеуі саябаққа қарай беттейді, урыстан сескеніп. Саябаққта бәрінің көздері екеуінде, үсті басы су боп бұлар кележатыр. Алина төмен карап, ал Арман керісінше басын көтеріп. Тратуарға шыққанда Арман Алинаның қолын мықтап ұстап алады

Арман – тезірек әжетханаға бару керек

Алина – өте тез бару керек

Әжетханада екеуі еркектер және әйелдер бөліміне бөлініп кетеді

Арман – асықпа? Мен осында күтемін

Алина – немесе мен күтемін

Сол сүйісу екеуінің сезімін бекіте тусті. Алдағы бір ай олар ешкімге айтпастан кездесіп жүрді. Жаз мезгілі болғандықтан көбінесе саябақтарды аралайды, жаңбыр жауса , күн шырқыса тал астында тығылады. Олардың арасында ыңғайсыздық жоғалмады, аймалап сүйісу оларға қажет емес еді, сезімдері көздерінен жүректерінен берілетін. Әнгіме айтып бірін бірі күлдіру, сыйлық беріп қуантуда да қажет емес еді, кездесіп көріссе болды, бір бірінің қасында болса болғаны, одан артық ешнәрсе керек етпейтін бір бірінен. Бір күні Алина Арманды ертіп түнгі клубқа апарды. Клубқа кіре бергенде

Алина – көресің олар жақсы балалар. Ең бастысы ашық сөйлесу керек. Бізде ашық адамдарды ұнатады

Арман – ашылып сөйлеу маған оңай емес

Алина – онда тұрған ешнәрсе жоқ, ұнамаса айт кетіп қаламыз

 Достары отырған столға келеді

Алина – сәлем бәріңе бірдей

Достары – салем !!!

Екі жас жайғасып отырады. Арманды достарымен таныстырады. Жұртпен бірге Архат пен Мақпалда болды, олар бірден Арманды жақтыра қоймады. Жан жағына қарап отырған Арманға

Алина – қаладағы ең аты шулы клуб осы

Арман – шын айтсам мен бірінші рет түнгі клубта отырмын

Алина – ( Арманға сенбей қарап) сенен шығады бұндай, міне жастар осылай қыдырады

Қастарынан мас екі қыз өтеді

Арман – көріп тұрмын

Алина – таң қалма, бұлар жақсы қыздар, ертең көшеде көрсең періштедей көрінеді

Біраз уақыттан кейін Алинаны құрбысы шақырып алып кетеді. Жақтырмай отырған Мақпал мен Архат тиісіп бастайды Арманға

Архат – досым шараптан ішпедің не тамақтан жемедің?!

Арман – рахмет мен ішпеймін шарап, міне сусын ішіп отырмын

Достарының бірі – кальяннан көр, дәмі жақсы

Арман – рахмет , қажет емес

Архат – қол қайтарғыш екен өзі, менсінбедің бе?

Мақпал – не ішпейді, не жемейді, дұрыс сөйлеудіде білмейді, Алинаға бұндай жігіттер унай коймайтын еді, қасынан қалай тап болдың?

Достарының бірі – махаббат деген есепті білмейді, ол соқыр, ешнәрсе көрмейді, тек жүрек соғысы, сол әуенмен жүреді!

Мақпал – жоқ, қәзіргі заманда махаббат емес, адамдар соқыр, өтірікті көрмейді.

Арманда үн жоқ, қан жүгірген ызасын әрең ұстап тұр, айтқаны тек

Арман – қайтседе біргеміз ғой, басқасын уақыт шешеді

Қыздардың бірі- уақыттан бұрын, адаммен болмай тұрып, бір қасиеті ұнау керек, ол заңдылық

Архат – Алинаға даяшылар ұнай бастаған шығар, солай ма?

Мақпал – Алина нәзік жанды досымыз ғой, даяшыларды аятында жүретін

Достарының бірі – бұл қалжыңдарыңа күлу керек па?

Мақпал – өзің білесің!

Архат – досым мен мейрамхана ашсам, келесің бе маған жұмыс істеуге, даяшылар бастығы боласың!

Достарының бірі – доғарсаңдаршы болды, ( Арманға қарап)ойнап жатыр әшейін бауырым айып етпе

Арман – ешнәрсе , бәрі орында,

Арман тұрып кетіп қалады. Сыртқа шығып бір демін алып, ызасын баса алмай көшемен жүріп кетті. Тоқтап Алинаға хат жазады. Сол кезде Алинада столға келеді, Арманның жоқтығын байқап достарынан сұрайды. Арманннан келген хатты оқып ешкіммен қоштаспастан сыртқа кетеді. Тратуармен асығыс кетіп бара жатқан Арманның ізіне түседі

Алина – тым асығыссыз ғой Арман мырза! Үнемі осылай қашатын болсаңыз маған күндердің бір күні ренжуге тура келеді

Арман – мен қашпадым Алина, шаршап кеттім, ертең жұмыс

Алина – мен түн ортасына дейн сұрандым, қазір әлі түнгі он. Жарайды, сен жатып ұйықта, ал мен өзім қыдырамын, амалым жоқ

Арман – шын Алина. Достарыңмен көңіл көтер, кейін көрісеміз

Алина – сен қайтіп бармайсың клубқа?

Арман – жоқ

Алина – онда менде бармаймын. Жүр, мен сені шығарып саламын. Жолда бұзықтар тиіссе тағыда,

Арман – бармайсың ба клубқа?

Алина – жоқ бармаймын

Арман – жүр кеттік онда!

Қол ұстасып тратуармен беттейді. Саябақтан өтіп  бара жатқанда, би алаңында музыка ойнайды. Ел – жұрт жан жақтан жинала бастайды алаңға

Күзетші – тек жұп болып кіруге болады

Қыздар  - бізге болмайды ма?

Кузеші – өздеріңе жұп табыңдар. Тек жұптар билейді бұл биді

Ұлдар – демакратия ғой бауырым екі қызда өзіндік бір жұп емес па?!

Екі жас бұларға жақындайды

Алина – жүр билейміз?

Арман – жоқ Алина, мен билей алмаймын

Алина Арманды жетектеп барады

Алина – уйретемін, билейтін ешнәрсесі жоқ, жур кеттік

Арман – менің билегім келіп тұрған жоқ

Алина – аға біз кірейік

Күзетші – жұпсыңдар ма?

Алина – ия міне

Алина Арманды жетектеп ақыры алаңға шығарды. Сахнада музыкант топ әндерін бастады. Алина жәй профессионалды түрде музыканың тактіне қимылын бастады. Арман оған қарап бір орнына кадалып қалған

Арман – шын мен билей алмаймын

Алина артына қарай адым жасап , қолдарымен билегендей боп Арманды өзіне шақырады. Арман Алинаның сұлулығына тамсанып біраз тұрады, есіне алғаш кездескені келеді, өзінің бұл қызға сол сәттен ғашық екенін сезеді. Кейін ақырын жақындап , билеп тұрған Алинаны құшақтап, құлағына сыбырлайды

Арман – Алина, мен ешқайда ешқашан кетпеймін, өмірім сенікі , бұл менің антым!

Бұрын бір біріне сезімдерін білдіріп көрмеген болатын, Алинаның көзіе жас келді

Алина – менде ешкашан ешқайда кетпеймін, өмірім сенікі, бұл менің антым!

Музыкантар өлеңін айтуда, ел жұрт жұп болып билеуде, тек екі жас вальс билеп қалады!

Махаббатқа толы кезеңдері бір екі айға созылады. Мыртазаев әулиеті Алина Сұлтанмен әнгіме құрып жүр деп ойлайды. Жаздың қақ ортасында Мыртазаев мырза уйнде той жасайтын болды. Осы себепті қолданып Алина Арманды туыстармен таныстырғысы келді. Арман барудан бас тартты , қайтседе Алина оны көндірді. Мыртазаев әулиетінің уйінің алдында

Алина – сені келмей қалама деп уайымдадым ғой

Арман – келдім ғой ақыры,

Алина – костюм керемет жарасады екен саған

Арман – жақсы ма? Мен ұзақ бола алмаймын, бір екі сағаттан кейін қайтамын жарайма?

Алина – ия, көреміз ғой, жүр ішке кірейік. Махаббат қалай ?

Арман - саған сәлем айтты, жақсы ол

Екеуі үй ішіне кіреді. Уй толған адам, қаланың беделді тұрғындарының бәрі осында. Алина Арманды жетектеп Райхан тәтесіне жақындайды

Алина – тәте! Райхан тәте!

Райхан – ау жаным, недеген адам көп? Әкеңде шаршамайды қонақтан

Алина – бұлардың бәрі достары емеспа!? Тәте міне танысып қойыңыз бұл Арман!

Арман – саламатсыз ба? Қуаныштымын танысқанға

Райхан – сәлеметпе

Алина – Арман бұл менің туған ең сүйікті тәтем, Райхан тәте!

Арман – қуаныштымын

Райхан  Арманды сынай қарап

Райхан – бұл жігіт кім өзі? Бұрын сонды көрмеппін

Алина тәтесінің құлағына сыбырлап айтады. Райхан күліп жібереді

Райхан – кім дейсің? Дым естімедім

Алина қайтадан сыбырлайды құлағына. Райханның екі көзі Арманға тесіле қарап қалады. Арман осы уақытқа дейін ұстап тұрған Алинаның қолын жібере қалып , Райханның жақтырмағанын сезе қояды

Алина – бірақ ешкімге айтпаңыз, сізге ғана сеніп отырмын

Райхан – неге бұл туралы ертерек айтпадын?

Алина – еш мүмкіндік болмады

Райхан – сен қызбен дұрыстап сөйлесу керек

Алина – ия кейін сөйлесеміз. Әкем қайда?

Райхан – оны қайтесін?

Сол кезде бұларға Мыртазаев мырза мен оның жұбайы келеді. Алина соларға қарай кетеді

Алина – әкешім!?

Райхан – Алина бері кел? Сіз осында тұрыңыз ( Арманға айтады)

Арман жақпай қалғанын сезіп, орнынан қозғала алмай қалады

Ахмет м – уа қызым! Қараш енді тойда қаншама қыз жиналған, осылардың арасынан біздің жұлдызға тең келер біреуі барма? Келген қыздардың бәрі алтын болса, біздің қыз гаухар тас қой

Жұбайы – қызық теңеулерді аласын осы сен! Әр кімге өз баласы артық не болсада! Әдеміліктен бұрын тәрбиені сынау керек

Ахмет – тәрбиесіменде озады ғой! Қалай қызым?

Алина – бәрі жақсы, адам көп сияқты бұл жолы

Ахмет – достарымыз көбейіп жатыр ! әсіресе Сапаровтар әулиетіне көңіл бөлгеніміз дұрыс! Олар қайда? Кім көрді?

Жұбайы – анау солар емес па?

Ахмет – қызым сен олармен амандастың ба?

Алина – ия амандастым! Әке ана мен сіздерге досымды таныстырайын

Ахмет-  ау?

Алина қатып қалған Арманды шақырып алады

Алина – міне бұл Арман, міне менің Әкем және анам

Арман – саламатсыздар ма!

Анасы – сәлемет пе! Досың ба?

Алина – ия менің досым

Арман – той керемет өтіп жатыр , қуаныштымын танысқаныма

Ахмет – бізде қуаныштымыз! Ал енді бәріміз шулап улап Сапаровтарды табайық, болшақ қайын жұрт қой

Алина – неге олай айта бересіздер?

Ахмет – болашақ дедім ғой. Райхан қайдасың? Жүр, сен басты делегатсың ( Арманға қарап) Райхан бәрін байқап жүреді, адамның ішкі дүниесін ақтарып алады

Райхан  - аға женше мен сіздермен сөйлескім кеп тұр

Ахмет – кейін сөйлесеміз!

Райхан – жоқ аға , дәл қазір сөйлесу керек. Жүріңіздер менімен! Алина сендер барып билей беріңдер

Ахмет – тағы не ойлап таптың?

Алина Арманды ертіп кетіп қалады. Райхан Мыртазаев мырза жұбайы бас кабинетке кетеді. Жолда Райхан қызметшілердің бірін Мақпалды шақыруға жұмсайды.   Мақпал бөлмеге кіріп келгенде, бүкіл Мыртазаев әулиеті жиналған еді

Райхан – Мақпал жаным ау , кел бері, айтшы бізге Алинаның қасында жүрген жігіт кім?

Мақпал- Алинаның қасындағы ма?

Ахмет м – Арман деген жігіт!

Анасы – ия есімі Арман

Мақпал – ол .... ол Алинаның жігіті, олар кездесіп жүр

Райхан – айттым ғой! Ешқандай Сұлтанмен сөйлесіп жүрген жоқ ол

Анасы – жарайды, мүмкін жәй балалық сезім шығар

Ахмет м – қайдағы балалық? Қайдан пайда бола қалды ол? Бір ай бұрын жоқ еді ғой.

Райхан – қазір уйімізде жүр

Мақпал – ол... ол жәй ғана даяшы және жетім бала,

Райхан – жетпегені осы еді! Мақпал ренжіме бірақ мен сені ұрсамын, жан құрбысысың қалай ғана жол бердің мұндайға

Мақпал – мен оған талай айттым. Басын айналдырып алған анау сұмырай, мені еш тыңдамады, ешкімді тындамады.

Райхан –  даяшы . жетім! Бұл жерде тез іс әрекет жасауымыз керек, бейшара Сапаровтар құда түсуге дайындалып жүр, ал ол екеуінің шуйілдесіп жүргенін көрсе не ойлайды? Көзін құрту керек оның бұл уйден

Мыртазаев мырза үнсіз қалды, ойланып алып

Ахмет – қызымды шақырыңдар!

Анасы – қонақтар кетсін кейін сөйлесеміз

Райхан – ия аға у  шудың қажеті жоқ, ел жұрт білсе әнгіме астында қалармыз

Ахмет м – қызымды шақырыңдар, дәл қазір ( даусын көтеріп)

 Мақпал, ұлдары кабинеттен шығып кетеді. Жолда Архатты кездестіріп қалады

Ағасы – Архат сен анау сұмырайды танисын ғой?

Архат – Алинаның жаңа жігіті ме?

 Ағасы – соны жәй сыртқа тартып шығаршы

Архат – қазір ма?

Ағасы – ия  қазір, шулатпай шығар бірақ, біз сыртта күтеміз 

Алина залдың ортасында достарымен билеп жүр, Арман кабинетте не туралы сөйлесіп жатқаныны ұғып , алаңдап Алинаға қарап тұр. Архат Арманға келіп

Архат – сенде осында жүрсің бе? Қалай еді есімің? Арман ғой ия?

Арман – ия Арман

Архат – ия есімде ! сеніде қонаққа шақырған ба?

Арман – ия мені Алина шақырды

Архат – жақсы, сен айып етпе алдын ауыр сөйлеп жіберсем,

Арман – жоқ, бәрі орнында

Архат -  жүр сыртқа шығып қайтайық, әнгіме айтып

Арман – мен Алинаны тосып тұр едім, ренжіме

Архат – Алина ешқайда жоғалып кетпейді ( қолын иығына қойып) жүр, темекі шегіп қайтамыз. Жүр енді.

Архат Арманды ертіп  сыртқа кетеді. Сыртта тым тырыс бір көлік қана тұрады, Архат сол көлікке келіп

Архат – Арман саған бір шындық айтамын, ал сен мұқиат тыңда. Байқасам ақылды баласың, қарашы айналаңа мына уй, келіп отырған қонақтар, барін байқашы, Алинаның әкесі қаланың ең бай адамы. ( сойлейн деген Арманды колымен тоқтатып) мен сені кемсітіп тұрған жоқпын, бірақ сен өзіңде іштей сезетін шығарсын бұл орта саған жат екенін. Мен саған көмектескім келеді.

Арман – рахмет , бәрін өзіміз шешіп аламыз

Сол кезде Алинаның ағасы бірнеше жігіттермен келеді

Ағасы - дұрыс дұрыс айта бер!

Жамандықты  сезген Арман кеткісі келеді

Арман – айып етпендер, мен ішке кірейін

Ағасы – тұра тұр досым, түсіндіріп көр Архат

Архат -  екеуіңнің дәрежелерің әр түрлі дос! Бұл жүрістеріңнен дым шықпайды, бірге болғандарыңа бәрі қарсы, әсіресе Алинаның туыстары, сенің бұл уйде қазір тұрғанныңның өзі дұрыс емес

Арман - мені Алина шақырды, және ол өзі шешеді кіммен жүретінін, босқа басымды қатырма ( ызалы айтады)

Архат – Алина дымда түсінбейді,ол сені аяп қана жүр, панасыз қалған күшіктей қып бауырына басып, бейшара жетім деп

Арман – айуан ( Арман Архатқа ұмтылады, жағасынан ұстап көлікке тақайды), айырып тастаймын

Архат – шындық бетіңе баттыма?

Ағасы – сөзбен түсінбеді, енді күшпен көрейік

Арманның артынан Алинаның ағалары келіп ұрады, талдырып көлікке салып, қала жолындағы сайға апарып тастайды. Арман жерде жатыр, есін әрең жыйып, Алинаның ағасы  Ғани қасына  келіп

Ғани – сені ақылды адам десек, ал сен сөз ұқпайсың. Менің есімім Ғани, Алина менің қарындасым! Біздің жанұя сенің біздің қызға жақындағаныңды қаламаймыз! Жолама оған түсіндің бе? Ол сені жақтырмайды, жай ойнап жүр, уйдің бәріне сені жігітім деп, осылай таяқ жегеніңді қалаған ғой! Саған карсы болатынымызды біле тұра уйге алып келді, таяқ жейтніңді біле тұра алып келді! Алина өзі шешеді дейсің! Ол іші пысқандықтан ғана сенімен жүр ! Мен өз қарындасымды білемін! Көзіңді құрт көрмейтін болайын енді сені! Ақылды бала бол! 

Алина залға кіріп келеді. Туыстары қабақ шытып кутіп тұр.

Алина - күтпеген жиналыс жасадыңыздар ма?

Райхан - саған әнгіме бар

Алина - ия, тыңдап тұрмын ( барлығының қатулы турлерің көріп Алина сасып қалады)

Ахмет - бағана досым деп таныстырған жігіт кім?

Алина – қандай жігіт?

Райхан – Арман есімі

Алина – ол менің досым! сіздерді таныстырдым ғой ( Райханға қарап ызаланады)

Ахмет – жәй досың ба? алде?

Райхан – маған айтқаның рас па? ( Райхан сөзді қағып әкетеді)

Ахмет – тыныш Райхан, өзі айтсын

Алина – мам пап ол жақсы жігіт! шын айтамын, танысып көрсеңдер сіздергеде ұнап...

Ахмет – сұраққа жауап бер? ( қатты дауыспен айтады)

Алина кідіріп жауап бере алмай қалды.

Райхан –. Алинек алтыным шыныңды айтшы, сен жәй уақыт өлтіріп жүрсін ғой ия ол жігітпен? Айтшы , тастайсын ғой оны ия?

Алина – мен оны алдай алмаймын тәте

Ахмет – қызым, бұл бір еркелігің болсын. Қайткенде ол жігітті бұл уйге алып келгенің , бізбен таныстырып жүргенің орынды емес. Міне жан ұяң болып ақылдасып, бұл жүрісіңді құптамадық. Енді ол жігіттен арылатын бол жарайма? Басқа ол туралы мүлде естімейтін болайық

Анасы – әкеңдікі дұрыс қызым

Алина –  сіздер оны танымайсыздар ғой, ол жақсы адам

Ахмет – жақсы жаманыңды білмеймін Алина, тыйыласын одан

Алина – әке анашым мен оны умыта алмаймын , мен оны жақсы көремін

Райхан – қайдағы жоқты айтпа , махаббат деген ақымақтардың әлегі, көріп тұрсын ғой мені, мен де сүйдім, қайда енді ол махаббат ұштыда кетті

Анасы – өткенді өрбітпе Райхан

Райхан – жоқ мен айьтамын. Сол кездеде әкең айтқан маған, сенбе деді. Ал мен махаббат сүйемін деп тыңдамадым. Ол да жақсы адам еді, сыпайы оқыған, қарапайым еді. Ох Алина білсең ғой ақша байлық не істеді ол адаммен, қалай өзгергенін. Өмірімді тозаққа айналдырды, қалай қиналғанымды білсең ғой. көрмегенім сол махаббат болсын дедім.  Алина тең теңімен дейді, ол сенің теңің емес. Кім біледі оның ертең қандай болып шығатынын ( жылап айтады)

Алина – жоқ тәте сіз қателесесіз, Арман ондай емес. білсеңіз ол менен мың есе артық. ( жылап жібереді)

Ахмет – жетер енді! сөз ұғасын ба сен қыз ұқпайсын ба? қаншама адам саған айтып отыр

Сол кезде Баха келеді

Ахмет – бері кел Бахытжан,

Баха – ия аға

Ахмет –қайда қарап жүрсің сен а? ауылдасым руласым деп жалғыз қызымды сеніп тапсырдым! ал сен қайда қарадың? бір жетіммен кездесіп жүр сен қайда болдың? ( айқайлап айтып жатыр)

Баха жағдайды түсінді. Тілін жұтып ап тұр. Алыстау тұрған Ахмет мырза бір екі қадаммен қасына кеп шапалақпен тартып жіберді

Ахмет – неге тоқта демедің? неге маған келіп айтпадың?

Алина – әке тимеңіз оған, оның күнәсі жоқ

Ахмет – өшір үніңді. бетімнен кеткен. әкең айтып жатыр, тәтең айтып жатыр демейсің! саған сондай тәрбие бердік па? қайдағы бір жоқ даяшыны бізден артық санасын деп тәрбие бердік па? жалғыз қызым деп ұлдарымнан артық көрдім. Мына жиған терген байлықтанда артық көрдім, бір сөз тигізбей өсірдім, сондағы көрсеткенің осы ма? Мені масқара қылып. айтқаным айтқан, ол жігітті ұмытасың, оданда артығын айтамын, Сұлтанға тиесің, Сапаровтармен келісіп қойдық, міне нағыз лайық жігіт Сұлтан , соған ғана сені қоса аламын. осымен сөз бітті. ( ызалы айтады бәрін)

Алина – жоқ әке, мен Сұлатанға шықпаймын, Арманды да ұмытпаймын. Қаламасаңыздар мейлі, мен қашып кетемін ( кәрленіп жауап береді)

Ахмет мырза Алинаныда шапалақпен тартып жібереді. Ондайды көрмеген Алина бір орында қатып қалады. Ызадан істеп қойган ісіне күйіп Ахмет мырза жүрегін ұстап жата кетеді. Бәрі оған көмекке келеді. Мереке сол күні ерте тарады. Есінне келседе Арман біраз уақыт қимылсыз жатты. Ауыр соққылардан бүкіл денесі ауырып тұр. Ғанидың Архаттың айтқаны есінен кетпейді, бұнша қиын болатынында білседе осы махаббат жолына аяқ басқан, енді жүрегіне сенімсіздік ұялады. Алинаны бір көріп , суйем деген сөзін бір естісе болды оған. Ол тұрып Алинаның үйне қарай беттеді. Дәрігерлер келіп Ахмет мырзаны қарап шықты, жатар бөлмеде. Ахмет мырза кроватьта жатыр, қасында Алина

Ахмет – қызым ! осындасың ба?

Алина – ия әке тыңдап тұрмын

Ахмет- кешір мені! ашу беріліп не істеп қойганымды білмедім. Алина сен жалғыз байлығымсың ғой. Сенен артық ешкімді көрмеппін өмір бойы. Қаншама рет армандаушы едім қызым өссе екен, тұрмыс құрғанын  көрсем екен деп. Жігіті қандай болар екен деп.өмірімнің уайымы тек сен едің. қимаймын мен сені Алина анау балаға, әкеңнің жүрегін түсін қызым!

Алина – ия әке бәріне көндім, ауырмаcаңыз болды! айтқаныңызға көндім ( жылап жібереді)

Ахмет – мен саған сенгенмін әрдайым. нағыз Мыртазаевасың ғой. Бақыттан құр қаламын деп ойлама, осы жасқа жеткен әкең біледі қызым, бәрі ұмытылады

Осы сәтте далада Арманның дауысы шығады. Күзетшілер оны қуып жатады уйден, Арман Алинаның есмін атап шақырып жатыр. Алина екі ойлы боп қалады, әкесіне жалтақтап қарап

Ахмет – айт анау жігітке, жөнімен жүрсін де қызым.

Алина үнсіз балконға шығады, жылауды тоқтатпаған. Балконда туыстары тұр. Арманның қан жоса болған түрін көріп Алина одан бетер жылап жіберді.

Ағасы – мен саған келме дедім ғой, аз болдыма саған ( Арманға қарай жүріп барады)

Алина – аға тоқтаңыз

Арман -  Алина мен... мен ..., бәріне дайынмын ( ашудан әрең тұр)

Алина -  Арман сен кетуің керек! болды бәрі бітті! сен .... кетуің керек ( жылап әрең айтады соңғы сөздерін)

Арман жауап бермей , бұрылып кете береді. Осылай боларын білген, қандай сезім болсада көпке қарсы шыға алмайды.

Біраз күндер өтеді. Арман тіпті қатуланып алады, күліп жадырауды мүлдем қайған, әрдайым ой үстінде жүреді. Алина алғашқы күндері бөлмесінен еш шықпай қойған, түні бойы жылап шығатыны көздерінен байқалатын. Кейін Сұлтан келді шетелден. Ол Алинаның көңілін аулап , сергіте білді. Неше түрлі сыйлықтар тосын сыйлар жасады. Бұны көрген екі уйдің үлкендерінде қуаныштарында шек жоқ. Алина аздап Арманды ұмыта бастады. Сапаровтар Алинаға құда түсті.  Құлағына сырға тағылған кезде , Алина Арманды ойлап жылап жіберді.

1 ай уақыт өтті. Автокөлікте Алина ,әкесі анасы отыр

Алина – неге соншама шулатып барамыз? 5 көлік. Уй жақтада топырлаған адам

Ахмет – сақтықта қорлық жоқ!

Анасы – бәрі қәуіпсіздік үшін

Ахмет – саған айтайын, неге асығамыз деп сұрай бересін

Анасы – керек емес шығар, босқа уайымдатып

Ахмет – біліп журсін, жау пайда болды бізде қызым, өткен өмірден келген. Және ашуы жаман, қастандыққа баруы мүмкін, сондықтан осыншама адамды ұстап отырмыз. Тойларыңды тез өткізсек, шетелге кетесиндер. Ағаларында шетелге кетеді, бәрі тынышталғанға шейін.

Анасы- бірақ еш уайымдама, қауіпсіздік күшейтілген, ондай жамандықтан Алла сақтасын

Алина – шетелге кеткім келмейді ( терезеге қарап ойланып қалады)

Олар ресторанға келді. Ресторан алдында Сұлтан әкесімен тұр. Әкесі жаңа құдаларды алдына түсіріп ішке кетеді. Алинаны Сұлтан сыртта ұстап қалады

Сұлтан - сәлем ! қалайсың?

Алина - сәлем!

Сұлтан - көзіңде үрей тұр ғой ( күліп) уайымдама қатты сынға алмайды сені

Алина - ол недегенің бәрі жақсы! мен дайынмын ( күлімсіреп айтады)

Сұлтан - әпкелерім тесіліп қарауы мүмкін, өйткені олар мені аса қатты бағалайды. Бірақ сен бүгін нағыз ханшайымсың, оларға міндетті түрде унайсың, сенің амалың жоқ

 Cұлтан Алинаны қолынан жетектеп үлкен залға кіргізеді. Залда тек бір улкен стол қойылған, туыстардың барлығы стол басында, екі жасқа қарап қол шапалақтайды. Столдан 3-4 метр ары тізіліп офицанттар тұр, арасында Арманда бар. Алина залға кірген бойда Арманды байқаған, бірнеше рет оған көз тастады, бірақ Арман төмен қарап тұр бұларға қарауға бата алмай. барлығы столға отырды, сол кезде Арман мен Алинаның көздері кездесті, бірнеше секундқа ғана, соның өзінде Алина өртеніп кетердей болды. көздерін төмен түсіріп басын көтере алмай қалды. Арман болса керісінше енді Алинадан көз алмайды. даяшылар қонақтарға қызмет көрсете бастады.

Қонақ - сіңіліңз сондай сұлу, гауһар тастай жарқырап тұр ( Райханға сыбырлап айтады, Арман қастарында естіп тұр)

Райхан - рахмет. шынымды айтайын сіңілім Сұлтан сияқты жігітке қосылғанына мыңда бір шүкір етемін ( Арманға  жақтырмай қарап айтады)

Арман бұрылып кетіп қалады. Алина кетіп бара жатқан Арманға қарайды, не істерін білмей абыржып қалады.

Сұлтан – не болды соншама ұялдың ғой! ұят емеспе соншама ұялып ( күледі)

Алина тек жымиып қояды. Айналасына бір қарап шығады , әке шешесінің Райхан тәтесінің күліп отырғанын көреді,.  Бір адам тұрып тост айтады

Сұлтан – бізге айтып жатыр , қара

 Алина – ия жақсы. мен қазір келемін

Алина орнынан тұрады, ешкімге қарамастан столды айналып өтіп, аспаз бөлмегег қарай беттейді. Бәрі еш түсінбей аң таң бұны көздерімен шығарып салуда,

Ахмет – Алина сен қайда?

Алина – мен қазір келемін ( дауысы қарлығып , жылағысы келіп тұр)

Ол тез адыммен кетіп қалады, көздерінен жас ағып жатыр. Аспаз бөлмеде Арманды таппайды. Бір даяшы оның сыртқа кеткенін айтады. Алина қызмет есігінен шығып Арманды іздей бастайды. Тратуарға түседі. Тратуарда адам көп. Солардың  арасынан сытылып өтіп Арманды көреді. Соңынана жүгіріп жетеді де құшықтап алады. Арманда құшақтайды

Алина – кешір мені. мен басқа кетпеймін! шын, басқа кет демеймін. кешірші, енді кетпеймін

Арман – ия менде кетпеймін. енді мәңгі бірге боламыз.

Екеуі ұзақ көше аралап жүреді. Ахмет мырза екі жасқа іздеу салады. Даңғыл ортасындағы сая бақ. Орындықта Арман, оның иығына басын қойып Алина отыр.

Арман - бізді бәрі бір тауып алады, қашсақ тек уақытша болғаны.

Алина – ен болмаса тығыла тұратын жер табу керек, уйдегілердің ашуы басылсын, кейін хабарын береміз, алдарына барамыз

Ароман – ия  бастысы айырлмау, бірге болсақ, ешнәрсе қауіпті емес

Алина – ия бірге болсақ, амалсыз көнуге тура келеді оларға, айтып түсіндіреміз

Көше бойына үш көлік тоқтайды. Ахмет мырза улдары және бірнеше жігіттері шығады. Екі жасқа қарай жүреді

Ағасы – сөз ұқпайтын неткен жансындар

Алина – Арман қашайық, мен қорқамын

Арман – кете алмаймыз Алина. бүгін, қазір шешіп тастауымыз керек. Аға түсініп қараңыздар, біз тек ....

Алина – әке айрылта көрмеңіз өтінемін, керек емес

Екі жас қолдарын мықтап ұстап алған, жігіттер ажыратып алады.

Ахмет – жап аузыңды. сенімен енді сөйлеспеймін, алып кетіңдер көлікке

Ағасы – тыңда әкеңді. ұятқа қалдырғаның жетеді енді

Арман – кешіре көріңіз аға, бізде жаман ой жоқ шын, қызыңызды ренджітпеймін

Арманды жығып ұра бастайды жігіттер, Алинаны көлікке қарай сүйреп барарды

Алина – керек емес өтінемін, аға керек емес, өтінемін жіберіңдер. ұрмаңдар оны

Ахмет – болды тоқтатыңдар, бар бар көлікке,

Жігіттерді итеріп тастайды, Арман жерден тұра бастайды

  Ахмет – сенде кет ( Ғаниға айтады)

Арман – аға қастандық жасамаңыз. жылатпаңыз Алинаны, ағызбаңыз көз жасын

Ахмет – жыламағаын қаласаң  жақындама оған. тірі кезімде екуіңді қостыртпаймын. Бақытты болғанын қаласаң көзіңді құрт.

Арман тізерлеп отырып қалады. Алина көлікте отыр, жылап бұған қарап тұр. Ахмет мырза көлікке отырады да кетеді. Көлікте Ахмет мырза Алина, алдыңғы орындарда шофер мен оққағар. Олар екі бағадаршамда қызылға тоқтап, үлкен көшеге шығады. Арман сол арада уйлердің арасымен жүгіріп, жолды қиып улкен көшеге шығады, дәл солардың көліктерінің артынан.

( Қара көлікте, Ахмет мырзаның ата жаулары, күзетсіз жалғыз қалғандарын қолданып, қастандық жасайды.)

 Осы кезде Ахмет мырзаның көлігін, басқа қара түсті көлік қуып жетеді, екі көлік қатарласқан кезде, қара көліктен автоматпен оқ ата бастайды. Жүргізушіге оқ тиіп Ахмет мырзаның көлігі жолжағаға шығып барып тоқтайды. Арман бір сәт кідіріп қалады, кейін көлікке қарай жүгіреді. Артқы есігін ашады, жүргізуші өлген, оққағар есін енді жиып келеді, Ахмет мырза ессіз жатыр. Арман Алинаны тартады, қыздың ішіне оқ тиген, Арманды көріп жылай бастайды

Алина – Арман ,  оқ тиді, ( жылап) ауырып жатыр

Арман – қазір күнім қазір, бәрі жақсы болады, қазір шығарамын

Алина – өлгім келмейді ,

Оққағар -  алып шық қызды тезірек

оқ атқан қара көлік бұрылып қайта келеді, бұларға жақындай бере оқты қайта жаудырады. Алина Арманды құшақтап жылап бақырады. Арман оң қолымен көлік шетінен ұстап әрең аяғында тұрып қалады. Қара көлік жөніне кетеді. Арман жаралансада Алинаны көтеріп шығарады. Алинадан әл кеткен, Арманға қарап , көздерінде жас

Алина – кешір кешір

Алинаның өлгенін сезіп, Арман жерге отыра кетеді.  Соңғы күшімен оны жерге жатқызып қасына құлай кетеді. Көліктен есін жиған Ахмет мырза келеді. Екі жастың өлгенін көріп жылай бастайды.

1 апта өтті. Жаңбыр қатты жауып тұр. Ахмет мырзаның уйінің алдына көлік тоқтайды. Көліктен қара костюм киген адам тез шығып уйге кіреді. Алдынан Клара тәте шығады

Марат – сәлеметсіз бе Клара апай

Клара – сәлем Марат, қандай шаруамен жүрсің?

Марат – бұл жаңбырдың бітетін түрі жоқ, әбден шаршатты көңілді

Клара – ия, ерке қыз кеткелі тоқтамай жауып жатыр. Сен қайда барасың?

Марат – Ахмет аға өзінде ма?

Клара – ия өзінде. Бірақ, көңіл күйі мүлдем жоқ. Ешкімді көргісі келмейді

Марат – білемін апай. Менде маңызды шаруа, ол кісі мені күтіп отыр

Клара – абайла онда, ауыр ешнәрсе айтпа

Ахмет мырза жұмыс кабинетінде жалғыз отыр. Түрі қайғырған, терең ойда отыр. Есікті тоқылдатып Марат кіреді

Ахмет -  кірме  дедім ғой ( айқайлап)

Марат – аға мен Маратпын (тыныштық), маңызды ақпарат тапсам жолық деп едіңіз

Ахмет – айта бер

Ахмет мырза сол қалпы, креслода бұрылмай отыр, артында Марат тұр

Марат – барлығы біз білгендей екен, есімі шынымен Арман тегі Қадыров, жасы 18 , еді. Туған қарындасы бар Қадырова Махаббат деген. Білуімізше әке шешесі 10 жыл бұрын көлік апатында көз жұмған, содан бері жетімдер уйнде тұрып келген, туыстарын таппадық. Маңыздысы, жеке заттарын ақтарып қарағанда, арасынан мына суретті таптық. Міне…

Суретті Ахмет мырзаның сол иығынан ұсынады. Ахмет мырза суретті ала сала жылап жібереді, қолымен аузын жауып қалады, сондықтан тек ыңқ еткен дыбыс шығады.

Марат – бұл суретте сол баланың әкесі  және…

Ахмет мырза қолымен кет деп белгі береді. Марат сәл кідіріп , бұрылып есікке қарай беттейді.

Ахмет мырза – тұра тұр. Қарындасы бар дедің бе?

Марат – ия аға. Есімі Махаббат

Ахмет мырза – көлікті дайында!!

Бірнеше жыл өткен. Зират басынан Ахмет мырза, жұбайы және Махаббат қайтып келеді

Махаббат – ата қалай ойлайсыз олар аспанда бір бірін тапты ма?

Ахмет м – білмеймін қызым. (тоқтап) Міндетті турде табысқан болар. Бұл өмір әділетсіз болсада, аспанда бәрі әділ.

 

               

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған