Адам қарады: 511 | Жарияланды: 2019-04-10 02:34:53

Шипалы сусын

Ертеде өткен заманда Жаһан деген шәріде Ескендір атты бір патша өмір сүріпті. Дәулеті мен атағы жер жарған бұл патшаның еліне, аспан әлемінен нұр төгетін күн падишасы жетпегендіктен, Жаһан шаһарын үнемі қараңғылық басып тұратын.

Сол қараңғылықтан береке мен бірлігі мығым халықтың денсаулығы күрт нашарлап, қалада ауру адамдар күн санап көбие түсті.

Халқының алаңдаған патша дүйім жұртқа жар салады. Ол;

імде – кім, халқымның ауыруына шипа болар сусын тауып әкеп берсе, сол адамға не қаласа сонысын беремін дейді.

Бұл жайында естіген бір мыстан кемпір, Ескендірдің алдына келіп былай деп айтады:

-Ей, патша - осынау шаһардың шет жағында Тұмар мен Тұран деген егіз батырлар бар. Ел дертіңе шипа бола алатын «шипалы сусынды» сізге тауып әкеп бере алатын солар ғана!.

Жер шетінде мұз құрсауына оранған - Астана деген қала бар. Көктемде ол шаһар ерекше сұлу реңге түседі. Сусынның күші де, тек көктем мезгілінде ғана аса бір үлкен емге ие.

Сол көктемде Астанаға қос батыр жете алар болса, сол елдің билеушісінің сарайында денсаулық пен өмірдің шипалы сусыны сақтаулы тұр.

Ал, егер осы айтқандарым рас болса, батырлар елге оралысымен мен өз қалауымды бір-ақ айтамын. Сіз уәдеңізде тұрсаңыз болғаны! - дейді.

Бұл сөзді естіген патша дереу уәзірлеріне ол батырларды тауып келуін бұйырады. Мыстан тағыда;

-Сізге айтар тағы бір жайт, қос батырдың бірі қылыштың сабы болса, екіншісі сол қылыштың жүзі сияқты. Олардың жандары – бір. Олар өле – өлгендерінше бір – бірімен байланысты. Олар бір – бірін толықтырып тұрады. Бөлуге болмайды. Жолға шығарар болсаңыз екеуінде жіберіңіз! - дейді.

Үш күн, үш түн өткен соң уәзірлер патшаның алдына Тұмар мен Тұранды алып келеді.

Патша оларға мыстанның айтқандарын жеткізіп, «шипалы сусынды» қалайда жеткізулерін сұрайды.

Көп ұзамай олар жолға шығады.

 

Жүріп келеді, жүріп келеді...Лып етіп ұшқан құстың, ызың еткен шыбынның, шырылдаған шегірткенің дыбысы жоқ, сол бір өзгеріссіз өлі тыныштық.

Сол бір өзгеріссіз – қараңғылық. Аз жүрді ме, көп жүрді ме кім білсін, екеуі әбден қалжырап шаршай бастайды. Бір кезде алдарынан бір жер кепе пайда болады.

Әлгі жер кепеден қоңырсыған қидың исі шығады. Әр жағынан өлеусіреген балауыздың сәулесі қыпылдайды.

Әрине оның ішкі жағында біреудің барлығы көрген адамға айтпаса да түсінікті. Тұмар қыз, Тұранға; «далада күте тұруын» сұрайды. Өзі қолындағы алмас қылышын көлденең ұстап ішке қарай беттейді....

Кірсе, төр жақта аппақ сақалы беліне түскен бейтаныс бір қария, ещтеңеге көңіл аудармастан алдындағы үлкен қызыл кітапқа шұқшиып қадалып қалыпты.

Тұмар қыз:

-Ассалаумағалейкум ата!

-Уағалейкумассалам, қош келдіңдер, қасындағы серігіңе де ішке кір де - дейді қарт.

«Қасымда біреудің бар жоғын бұл кісі қайдан білді?»- деп таңқалған Тұмар, Тұранға «ішке кір» - деп дауыстайды.

Үнсіздік орнады. Екеуі де сол үнсіздікті қимағандай

мынау отырған шалдың қылп еткен қимылын күзетуде.

Аз өтті ме, көп өтті ме, кенет тыныштықты Тұмар бұзды.

-Оу, ата анау кітабыңызда не бар? Бір білеріңіз болса айтсаңызшы...дымымыз құрып барады ғой деді қиыла.

Шал тыныш дегендей, қабағын сәл түйіп сұқ саусағымен аузын басты.

Екеуі тағы да үнсіз... «Ішке енгізгенмен не айтары, не берері жоқ бұл не қылған жұмбақ жан?» деп бұлар әлі таңырқап отыр.

Енді бұдан әріге Тұран шыдай алмады;

-Оу, ата болды ғой енді, қашанғы күтеміз?!

Біз Астана қаласына жол шегіп келеміз, «шипалы сусынды» қалай табамыз, тым болмағанда бізге жөн сілтесеңіз етті!..

Қария күлімсіреп, жүзі ажарланып сала берді. Қатыңқы қабағы жазылып, терең әжімдері қызыл күрең жүзінде жыбыр-жыбыр еткендей болды.

-Шыдамсыздарым ай, мен сендердің нені іздеп, қай жаққа бағыт алғандарыңды айтпасаңдар да білемін. Сәл шыдасаңдар болады ғой!.

- Ал тыңдаңдар ендеше, мен айтайын. Иә, ол шаһар бар. Бірақ ол мында емес. Осы уақытта, осы жерде, осынау маңда емес. Ол - келешек ғасырда. Ол ғасырға жету жетпеу өздеріңнің қолдарыңда!. Сендер болашақты іздеп барасыңдар...Болашаққа апаратын жол әрқашан ауыр...

Шалдың сөзін толық аяқтатпастан Тұмар мен Тұран шыр-пыр етті;

-Не деп кеттіңіз, бұл мазағыңыз ба, қайдағы - болашақ? Оу, ақсақал тым болмағанда ойланып сөйлесеңіз етті...Оны қайтіп табамыз?. Әлде осы жолда жүріп шіріп өлуіміз керек пе? Бұған сенер болсақ жер дүниеде шипалы сусынның болмағаны ғой сірә – деп күйінеді.

Шал оннан сайын сабырлана түсіп;

-Болды, босқа түңілмеңдер балалар! Босқа қорқып, күйіп - піспеңдер!. Негізі бұл жол, сендерден шыдам мен асқан ақылды талап етеді.

Мен сендерге жеті түрлі майшам беремін. Әр майшам біткен сайын, мақсаттарыңа жақындағандарың. Жеті майшам толығымен жанып болған күні, сендер «шипалы сусынды» табасыңдар – дейді.

Екеуі тынығып алмаққа, бір жағынан барлығынан іштей күдер үзіп, шалдың сөзіне не сенерлерін, не сенбестерін білмей алабұртқан көңілмен ұйқыға жатады.

Бір аз уақыт өткен соң, олар сайын далада оянады. Неге десеңіз, не кеше көрген жеркепе, не қария жоқ. Барлығы болған түстей зым-зия жоғалған.

Үсті – бастарын қаға – маға аттарын ерттеп, жолға шығады.

Келе жатады, келе жатады.. Бұлар жүрген сайын соңдарындағы қараңғылық алакеуім көлеңкеге ұласып, алдарынан көкшіл күндізгі жарық пайда бола бастайды. Құды таң жаңа ғана атып келе жатқандай әсер қалдырады.

Соңдарында орман, көл, тау, өзендер қалады. Таусылмайтын ұзақ жол, аңдыған мақсаттарын да алыстата түскендей, бірде үміт, бірде күдік арқалаған қос батыр ұзақ жүрді.

Жүре жүре екеуі бір күндері үлкен бір қалаға тап болады.

Қала толы саудагерлер керуені. Біреуі ат, біреуі есек ал бірі болса түйе жетектеген қу саудагерлер. Бірақ сол саудадан ешкімге келіп кетер пайда жоқтай тіптім. Ешкім ештеңеге қызығар емес. Тіптім бір-бірінен жөн сұрасатын адам жоқтай мында. Бойлары төмен, көңілдері пәс, жұмбақ тұрғындар.

Қаланың шет жағынан келіп, бір үйдің есігін қағады.

Есікті бір кейуана ашады.

Тұран;

-Оу, шешей арып, ашып келе жатқан жайымыз бар. Сусын болса, асыңыз болса берсеңіз, алыстан келе жатқан жолаушыңызға бір көңіл нұрын төксеңіз болар еді – дейді.

Кемпір;

-Өй, шырағым - ай! Бұл үйде ас қайдан болсын, су бар әйтеуір.

Тостағанмен су әкеп жүріп күбір – күбір сөйлеп жүр.

-Ей, балам – ай, бұл күнде кім жетісіп отыр дейсің, қазіргі бұл қаланың жайы осындай. Бұрын патшамыз адал еді, әділ еді, қамқор еді. Халықтың мұң- мұқтажын тыңдап, әр қайссымызбен санасып отыратын. Қазіргі уақытта ол патшаға да не болғаны белгісіз. Барымызды жұлып әкеткізеді. Қорада тышқақ лақ жоқ. Қартты - қарт, баланы - бала деуден қалды. Бір тілім нан түгіл, бір түйір тарыға зар болдық. О ғып, бұғып күн көреміз де

-Бүгінде кейбіреулер; «патшамыздың ішіне жын шайтан орнап алғандықтан, ол халықты көруден қалды» - деп жүр, ол жағын кім білсін – деп, күрсінді кейуана.

Тұран мен Тұмар бұның себебін қалайда анықтамаққа бірер күнге бұл қалада тұрақтап қалуды ұйғарады.

Көп күн өтпей жатып, екеуі патша сарайының дарбазасын қағады. Арғы жақтан күзет дауысы саңқ етті;

-Не керек?

-Жат елдікпіз, елімізде соғыс болып, халыққа нәубет келді. Босып жүрген жайымыз бар. Жұмыс бар ма?

Күзет құды бір осыларды күтіп жүрген адамша, еш сөзге келместен екеуін ішке кіргізді.

Сарай маңында сойдиған қап -қарамық ағаштары бар, жапырақтары өлмеусіреген бір бақ тұр екен. Көгеріп - сазарған ағаштардың тырбиған сабақтары да ұсқынсыз. Содан ба әйтеуір, ол ағаштарды торғай екеш торғайда менсінбегендей бірде-бір маңайлап ұшатын емес.

«Осы бақты күтімге алыңдар» - деп, бұларды қарсы алған әлгі күжбән қара, екеуін сол жерге тастап кетеді..

Бақты сыпырып-сиырып бірнеше сағат дамыл таппастан Тұмар мен Тұран ең аяғында бір ағаштың аяқ жағын паналап жата кетісті.

Қолдарына сусын-дәмдерін алып ас қамына кіріспек болып жатқан, сарай есігі ашылып, кенет іштен бір әйел шықты.

Жан - жағында қап-қара паранжы жамылған көмекшілері бар әлгі әйел, аяғын басқан сайын ысқырынған жыланның дыбысы естілердей, соңынан қорқыныш лебін қалдырып отыратын сияқты.

Бетіндегі паранжасын кері сырғаны сол еді, мынау қараңғыда екі көзі қып - қызыл шоқтай жайнап, одан сайын есті алды.

Екеуін мүлдем аңғармаған сияқты. Кердемсей басқан жүрісі мен , аспан тіреген тәккапар кеудесі «кімді болса да, жолымда тұрса болды, жаншып өтемін» -деп тұрғандай- ақ.

Жандарынан өте шығып, анау жерде тұрған әлде - бір жеміс ағаштарына қарай бет алды. Ол жеміс ағаштарының нендей ерекшелігі барын кім білсін, әйтеуір сол жерге барып, бір орында тапжылмастан бір- аз тұрды.. Кенет сол қолына бір құмыра пайда болды.

Сол құмырадағы бір сұйық затты, жеміс ағаштарына қарай шашып жіберді. Бақтың іші жап-жарық боп, ағаштар өз -өзінен өртене жөнелді. Сол ағаштардың біреуі гүлдеп, секунттер арасында алма жарады. Әлгі әйел бір алманы алып аузына салды.

Тұмар мен Тұран бұл көріністерді үн-түнсіз бағып отырып, таң қалыстарын жасыра алмады.

Олар кетісімен, көкейді тескен көрсеқызарлық қойсын ба? Әлгі әйел барған ағашты түртінектеп жүріп тауып алады. Қолдарындағы кетпенді алып, түп жағынан қопсытпақ еді, кенеттен жер ойылып кетіп екеуі де жеті қабат жердің астына топ ете түседі. «Өлген жерім осы екен» - деп ойлай алмастан, беймәлім, жұмбақ бір әлемге тап болады.

Айнала жап-жасыл бір түрлі қызық әлем пайда болды. Жан - жағыңа көзіңді қалай қадасаң да жап - жасыл бір көрініс. Ал, аяқ алып жүру деген зордың зоры. Аяғыңа желімдей жабысқан бір бәле кері тартып, алдыға адымдатар емес. Не балшық, не сор деуге келмейтін жылымық бір нәрсе өзі.

Екеуінің жүзінде әбіржу мен белгісіз сұрақ. Қайда келіп, қай жерден шыққандары да белгісіз.

Бір уақытта көз алдарынан бір үңгір пайда болды. Әлгі үңгірдің ішінен қыйналған бір дауыс естілді.

Екеуі соған қарай беттеп еді, әлгі дауыс;

-Кері шегініңдер, бері кірмеңдер, бері кірсеңдер, бекер өлесіңдер!..Аман -есендерңіде келген жерлеріңе кері қайтыңдар - деді ыңыранып.

-Сен кімсің? - деді Тұмар

-Мен сендер келген шаһардың бұрынғы - билеушісімін. Ол шаһар қазір сыйқыршының қолында. Ол сыйқыршы менің кейібіме еніп, елімді құл қылды. Бала-шағамды жәндікке айналдырып, мені осы жерге таңып тастады. Отыз күн толған сайын баққа келіп, бір алмадан дәм татады. Ол алманы жеген сайын менің бір сағаттық өмірім кемей түседі. Мен өлген күні, ол менің халқымды жер бетінен жоқ қылады. Одан кейін тағы бір құрбандық іздейді.

-Ә, солай ма! Онда біз саған көмектеселік дейді.

Тұран. Бір жолы бар шығар бұның да?!:

-Әрине бар – дейді дауыс. Бірақ, сол қолдарыңнан келе ме?!

-Келеді, тек бізді кері шығарар болсаң болғаны!.

-Қойындарыңдағы жеті шамның бірін жақсаңдар болды ол жерге жету оңай, ал әлгі сыйқыршыдан құтылудың бір амалы бар.

Ол сыйқыршының серуенге мініп шығатын бір көк айғыры бар. Ол айғыр қырқ күнде Қара көлдің маңына жайылымға шығып тұрады. Сол жайылымда ол жерге жатып аунауы мүмкін. Ол аунаған жер, т ізеден ойылып, сол ойылған жерге қара тікенектер қаулап шығады. Ол тікендер санаулы секунттер де қайтадан жоқ болады. Соған дейін сен дер сол тікеннен жетеуін жұлып үлгерулерің керек. Сол мезетте сыйқыршы бақилық болады.

-Ал, егерде ұлгере алмасаңдар онда құрығанымыз!.

Тұмар мен Тұран қойындарындағы қария берген жеті майшамды естеріне алды. Соның бірін алса, қойындарындағы майшамнан алтау ғана қалыпты. Екеуі де оның қай мезгілде жанып таусылғанынан бейхабар, таңқалды.

Майшамды тұтатысымен, өздері түскен алма ағашының қасынан бірақ шығады.

Қара судың маңындағы ауа да тымырсық. Айнала қоршай өскен қара тобылғы дан ауаға бір сасық иіс бөлініп шығып, адамның құсқысын келтіреді. Аптап қысқан сайдала басты айналдырады.

Тұмар мен Тұранның жағдайы да өз өзінен күрт нашарлап, әбден жан терілері шығады.

Кенет Солтүстіктен оқыранған айғырдың зор дауысы жарқ- жұрқ еткен найзағаймен қоса қабаттасып шықты. Оқтай ызғытқан көк айғыр қос батырдың қасынан зу етіп өте шығып, анадай жерге барып екі аяғын аспанға көтере орнынан бір орғып алып, ойнаққа басты.

Әрі бір, бері бір өтіп, бойын қысқан жынын далаға айдап шығатын бақсылар ұқсап бір жерге тұрақтайтын емес. Кенет топыраққа жата қалып аунайды келіп, аунайды....

Ол ауып түскен жер де шынымен тізеден жаншыла ойылады да, соңынан қара тікенектер ойдым ойдым жерге өне бастайды.

Осыны күтіп тұрған Тұмар бір тікенекті жерден жұлып алады.

Бұнысы көк айғырға ұнамағандай Тұмарға қарай оқтай қарғып тап береді. Тұмар да осыны күткендей, айғырдың жал жағына жармасып, арқасына қарғып мінеді. Көк айғыр арқасындағы «жабысқақтан» құтылмақ үшін әуреге түседі.

Бұдан арғысын Тұран жалғау керек болған соң, келесі тікенекке Тұран ұмтылды. Айналаны көз аштыртпас қара құйын қамап алды да, сол құйынның ішінен Жеті басты айдаһар аузынан от шашып, шапшып берді.

Санаулы секунттерде неге болсын үлгеру керек болған соң, Тұран алдыға қарай тұра ұмтылып, жердегі қаулап тұрған тікеннен жұла бастады.

Көзді ашып жұмғанша Тұран жылдамдыққа басты. Бір уақытта оң жағыннан бір жалынның тәнін суырып алардай күйдіріп бара жатқандығын сезді. Бірақ, көпке ұзамай ол сол жерде шалқасынан түсіп, талып қалады.

Бір аз уақыт өткеннен соң көзін ашсса, айнала шуылдаған адамдар.

Бір-бірін құшақтап, көрісіп жатқан туыстар. Бір топ адам әлде – кімді ақ кілемге отырғызып ап, аспанға атып жатыр. Біреулер жердегі қара топырақты қос қолдап уыстап алып, құшырланып иіскеп жатыр.

Өздерінен – ө здері естері шыққан халық.

Тұран орнынан тұра салып, Тұмарды іздейді. Қараса анау жерде ол да ес - түссіз. Оны елеп – ескерген ешкімі жоқтай. Қасына келіп бетіне су бүркіп, орнынан тұрғызады. Екеуі де бір - бірін құшақтап мәз болады.

Ең алғаш бірін – бірі бұлар шақырайған күн көзімен көреді. Шынына келгенде Тұран көреді. Тұмар көрмейді. Ол екі көзі түк көрмейтін су қараңғы соқыр боп қалған.

Шаһар патшасы;

- Уа, халқым, туыстарым, достарым! Сені мен менің мына күнді көруімізге, мынау бақытты құшуымызға себепші болған қос батырға алғыс айталық -деп екеуін, жұрт алдында бір көтеріп тастайды. Бүкіл хадық болып алғысын жаудырады. Патша Тұраннан жалғыз қызы Зылиқаға үйленіп, өз орнына патша боп қалуын өтінеді. Тұмарды сарай - ақылшысы ретінде қалуын сұрайды.

Ештеңеге де қарауға шамалары жоқ Тұран мен Тұмар;

Патша көңіліңізге рахмет, хан ием! Батыр үшін бір мақсат бар, ол елін-жерін қорғау. Бір парыз бар, сол елдің алдындағы берген уәдені орындау.

Пейіліңізбен шынайы ниетіңіз үшін біраз күн қонақ болармыз. Бұдан артығын бізден сұрамаңыз дейді.

Осылайша қос батыр бірер күн қонақтап, жолға шығады.

 

Аз жүрді ме, көп жүрді ме, ол жағын ешкім де нақтылап айта алмайды. Екеуі бір аз күн жүріп отырып, бір күндері бір кішкене ауылға келіп тап болады.

Ауыл тұрғындарының есігін сан қақса да, бұлар ол ауылдан есік ашып жөн сілтейтін тірі пенде таба алмайды.

«Құдайым – ау, бұл не ғажап?!, деп әрі таң қалып, әрі аңтарылған екеуі неде болса ауыл ортасына қарай бет алады.

Дәл ортада тігулі аппақ бір киіз үй тұр екен. Ұзатылатын қыздың ақ отауындай оқшауланған бұ не қылған үй деген оймен, енді екеуі келіп сол үйге кіреді. Үй іші тым - тырыс, барлық адам бір жұмбақ ұйқыда жатыр.

Оятып көрмек еді, біреуі де былқ етер емес.

Кенет төргі жақтағы кішкене бесікті байқайды. Әлгі бесікте бір үш-төрт айлық сәби ояу. Бірақ, ол сәбиден бұларға не пайда?

 

Екеуі неде болса барлығын қойып, кері шықпақшы болады.

Сол сәтте бір құдіреттің күшімен әлгі сәбиге тіл бітіп;

Ей, адамзат балалары, сендер бұл тылсымның шешуін мына жерде қалсаңдар, өмірі тапассыңдар! Бұл ауылдың адамдары барлығы ұйқыда. Сыйқырланған. Олар тек қана түнде оянады. Сыйқырдың шешуін де тек түнде ғана таба аласыңдар!

Ол үшін екеуің ауылдан Оңтүстікке қарай жүрсеңдер, төрт-бес шақырым қашықтықта Шам шағһары бар. Бірақ, ол шаһарға ай толғанша, яғни түн түскенше жетулерің керек! Оған дейін жете алмасаңдар, ол жер сендер үшін қауіпті – дейді.

Ол шаһардан біз не табамыз, сыйқырдың кілті неде, білерің болса неге айтпайсың?! дейді Тұмар.

Бала;

Патша сарайына барыңдар, патша тағының астында бір балауыз шам бар, соны алыңдар, оннан арғысын мен сендерге айта алмаймын, өздерің көресіңдер - деп жауап қатады.

 

 

Ауылдан екеуі шыға бергені сол еді, қай жерден пайда болғаны белгісіз алдарынан отты дауыл көтеріледі. Бет қаратар емес. Астарына мінген қос ат бұл сапарда мерт болып, екеуі жаяу қалады. Отты дауылдан қос батыр бірін – бірі айырылмастай құшақтап, жандалбасалап Шам шаһарына әрең жетеді.

Патша сарайына да бір шама жер бар екен.

«Аспандағы айдың толып кеткенінше үлгеру керек деген баланың айтқаны бар»,

Тұмар;

- Ол жерге мен барайын мынау қараңғылықты сен көреалмассың, сен мені осы жерде күт деп, өзі жүріп кетеді.

Көп күттірмей қараңғылық та түсті. Адам баласы көзге түртсе көріксіз. Бірақ, бір ғажабы осынау қараңғылықта Тұмар күндізгідей көрді. Адамдар қызу бір тіршіліке кірісті. Біреулер базарлатып бара жатыр, біреулер ол жақтан келе жатыр. Кәдімгі күндіз жасалатын тіршілік бұл жерде қараңғыда басталатындай. Біреулер есік алдарын сыпырып, әйелдер тамақтарын пісіріп, кір жуып қызу жұмысқа кірісіп кеткен....

Тұмар да өзінің оқыс көрмей қалғандығының тегін емес екендігін сезді. Бұның да осындай бір сыйқырмен қандайда бір байланысы барлығын іштей топшылады. Бірақ, бұның барлығының жауабын ол анау патша сарайынан ғана таба алатындығын білді.,

Патша сарайына қарай жөңкілген жұртпен қосарланып, бас сарайға жетіп алды.

Ендігі амалы ішке ену. Сарай қызмештісінің киімін ұрлап алып, бас сарайға кірді.

Патша отыратын Ордаға қарай аяңдап келсе, патша тағында ешкім жоқ. Патша тағы түгіл, патшаның бөлмесі бос тұр. Бұл мынадай далбаса тірлікте бір түрлі көрінді бұған.

«Қызық екен, сарайда ешкім жоқ» деп күбірлеп алды да, Ол таққа қарай беттеді.

Ешкім де көріне қоймаған Патша тағы өзінен – өзі жан біткендей тұрған орнынан айналып кетті. Дөңгеленіп айнала берген тақтың үстінде отырған жеті басты бір ди ю көрінді.

Тұмар кері шегініп кетті.

Дию қарқылдай күліп алып;

- Келдің бе, келетіндеріңді біліп едім. Тұмар мен саған ештеңе де істемеймін, бірақ үш жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешуін тапсаң азатсың, таба алмасаң екеуің де өлесіңдЕр - деді күжілдеп.

«Ол не жұмбақ?» Мынау не деп отыр? Енді амал бар ма, басқа салғанын көреміз де деген оймен, Тұмар үнсіз басын изеді.

- Анау жерде – деп, есік жақты нұсқайды. Он бір құмыра тұр. Соның екеуін әкел. Ол екі құмыра сүтке толы. Қалған құмыраларда сүт жоқ. Арасынан сол екі құмыраны нақ тапсаң, біреуінде гауһар көзді жүзік бар. Сол жүзік табылса, жұмбақтың келесісіне кірісеміз, таба алмасаң басың кетеді – деді дию сенімділік дауыспен, әр сөзін қадап – қадап айтып..

Тұмар қаздай тізілген құмыралардың қасына келіп жақындады. Қырсыққанда құмыралар да бір-бірінен аумайтындай. Барлығы да лық толы сүт.

«Мына дию қайдағы екі құмыра жайлы айтып тұр?, мына құмыралардың барлығы да толған сүт қой» - деп таң қалады ол іштей.

Ендігісі түсіне алмай дал болып тұрғанда, дәл құлағының түбінен бір шыбын ұшып келіп, адам тілінде;

- Мынау тұрған құмыралар бос көз бояушылық қана, сол жақ шетінен қолыңдағы қарумен шетінен сындыр, сынбайтыны екеуі ғана болады. Сонсон барып оң жағындағы құмырадағы сүтті өзің алып іш те, сол жағындағын диюға ұсын! - дейді.

Жарайды бұл жәндік те тегін нәрсе емес шығар, бір көмегі болып қалар деген оймен Тұмар қолындағы қылышпен құмыралардың күл-паршасын шығарады. Шыныменде алдыңғы қатардағылары бірінен соң бірі сатыр - күтір сынғанымен қоймай, көз алдында ауаға сіңгендей жоқ болып кете береді де, ең соңғы екеуі ғана қалады.

Ол тағы да шыбынның айтқанын қылып, оң жағындағын алып өзі ішеді де, сол жағындағысын диюға ұсынады.

Дию ішкісі келмей қипақтап азарда безер бола бастайды. Тұмар бұның да тегін еместігін түсіне қояды.

Маған өзіңнің қойған шартың бұл, сол шартты орындамау ерлік пе енді?! - деп, диюға сүтті ішкізіп тынады.

Диюдың бет -әлпеті жап жасыл реңге өзгеріп, бастары бір - біріне соғылып қалтырап, денесі түгел бір икемге келмей қалшылдай бастайды. Сөйтсе сүт деп ішкені - у тәрізді. Құмыраның түбінен гауһар көзді жүзік сырғып жерге түседі.

Жарайды, - дейді біраздан соң дию қырылдап, бірінші жұмбақтың жеңімпазы өзіңсін!. Мынадай боларын білсем, басында ақ өлтіре салуым керек еді, өкінгенмен пайда жоқ сияқты. Амал не? Келесі жұмбағым мынау, Бұл жұмбақ не сені, не мені құртады!

 

Бұл жолы ол төр жақты нұсқады. Төрде екі алмас қылыш ілулі тұр екен.

- Анау екі қылыштың бірі - менікі, екіншісі – әкемдікі. Байқасаң қылыштар да бір – біріне айна қатесіз ұқсас! Бірін алсаң – сенің ажалың, екіншісін алсаң, менің – ажалым, ал қалғаны бағыңнан дейді ызбарланып.

Тұмар енді төр жаққа қарай аяңдайды. Сол кезде әлгі шыбын құлағына қарай тағы да таянды;

- Екеуін бірдей орнынан жұлып ал, содан соң барып алдыға қарай серме! - деді.

Бұ жолы да шыбынның шын жанашыр дос екенін сезген Тұмар, қос қылышты орнынан суырып алды.

Қос қылыш ілініп тұрған қабырға күтір-күтір сынып орнынан ғайып болады. Қабырғаның арғы жағында алтын тақтың үстінде, ес - түссіз бір патшаның сұлбасы көрінді де, өзіне қарай ғайыптан қайдағы бір жебелер ұша жөнеледі. Көзді ашып жұмғанша шыбынның «серме» деген оқыс дауысынан, ол қолында тұрған қос қылышты алдыға қарай сермеп қалады. Өзіне қарай бағытталған төрт жебе, диюдың төрт басын домалатып жерге түсіреді.

Дию;

 

- Ей, адам баласы осы жерде тоқтайық, жанымды қалдыра көөр, қалауыңды ал да жолыңнан қалма - деп жалынады.

- Жоқ, деді Тұмар, ердің екі сөйлегені өлгені. Ең соңғы жұмбағыңды жасыр!. Сөзіңнен тайсаң, мен сенің көзіңді осы жерде құртамын. Дию да да амал қалмайды, еріксіз ең соңғы жұмбағын айтты.

Ал, жарайды онда, сен де өзіңнің ер екендігінді көрсет, маған қарай үш қадам жақында!. Сонда ғана мен шынымен сенің мен ойлаған ер жүрек батыр екендігіңді толықтай мойындаймын дейді қуланып.

- Бұл не сонда, үш қадам жұмбақтың бір мәні бар ма? Айтар болсаң, дұрыстап айт, айтпасаң, иманыңды үйіре бер деп, Тұмар ашуға мініп қолдағы қаруымен тап бермек еді.

Бұл жолыда шыбын;

Тоқтааа! - Деді. Ол сенің ашуыңды сынап тұр!.

Сен оның айтқанын істеп қазір оған үш қадам жақын барсаң, сен оның мәңгілік тұтқынына айналасың. Сен керсінше үш қадам кері шегін, сосын не болатынын көресің! - дейді.

Тұмар бір қадам артқа қарай шегіне беріп еді,

Дию;

- е, бәсе жүрек жұтқан бұл не қылған ерлік деп едім, қорықтың ба, деп мазақтай бастайды.

Бірақ, Тұмар керіге тағы да екі қадам шегінеді.

Сол мезетте дию отырған орын ортасынан қақ айырылды. Дию да көзді ашып жұмғанша өкірген бойы жеті қабат жер астына түсіп жоқ болады.

Талмаусырап жатқан тірі өлік патша, ұйқысынан жаңа ғана оянған адамша, жан-жағына қарап аң таң.

- Маған не болды? мен қайдамын? сен кімсің?! Деген сұрақтары көбейіп, есеңгіреген қалпында Тұмарға қарайды.

менің сізге бір бұйымтайым бар хан ием, дейді Тұмар,

Ол не бұйымтай, айта бер, құлағым сенде?!

Сіздің алтын тағыңыздың астында бір балауыз шам бар көрінеді. Оның қандай қасиетке, қандай сыйқырға ие екендігін мен білмеймін.

Естігенім бойынша сол балауыз күндіз бен түннің өз орнын реттейтін көрінеді. Соны берсеңіз өз халқыңызды ұйқы сыйқырынан азат етесіз! Және ол балауыз қырқ күн қырқ түн сарайыңызда жанып тұруы тиіс. Ол толықтай жанып болған күні сіз де, сіздің халқыңыз да ұйқы дан мәңгілікке оянады дейді.

Патша сөзге келместен баллауыз шамды алып береді.Шамның қызды бір таңқалдырғаны шынашақтай ғана кіп-кішкене екен. «Қырқ күнге мынаның жетуі кәдік ау, анау бала бір білместік айтты ма?» деген күдік келді ойына

Бұл жолы да қыздың қасына шыбын ұшып келді де:

- Тыңды мені, патшаға мынау балауыз шамды ең алғашқы үш күн, үш түн әйнек алдына жағып қоюын өтін, сосын өзің далаға шық! - деп, өзі ұшып кетеді.

Патша Тұмардың бұл айтқанына да көнеді.

Бұл да далаға шығады. Дала жап - жарық, кәдімгі күндізгі шамада тұр. Құстар патшаның әсем бағын өзерінің ғажайып әуендеріне көміп тастағандай. Шам шаһары ерекше ажарлана түсіпті.

Қараса Қасында Тұран тұр.

- Сен мұнда қашан, қалай жетіп алғансың?! - дейді оны көрген Тұмар таң қалып.

- Айтайын онда тыңда деді Тұран:

Сен кетісімен, мен де қай жаққа қарай жүрерімді білмедім. Не саған, не өзіме еш көмегімнің тимейтінін сезгенім де әбден мазам кетті. Бір кезде сонадай жерден, өзіме қарай шауып келе жатқан аттылар тобын байқадым. Сол мезгілде көз алдымда бір от жарқ ете түсті. Соңынан екеумізге кезіккен үңгірдегі қария тап бола кетті. Ол маған:

саған қарай дереу жетуім керектігін айтып, сарайға жетісімен, не істеуім керектігін түсіндіріп берді.

- Анау келе жатқан аттылар Қоқан диюдың баскесерлері -деді. Міне осы мезетте ол мені шыбынға айналдырып, сенің қасыңа әкеп тастады. Одан әрі қарай не болғанын өзің де білесің - деп сөзін аяқтайды Тұран.

Егізін аман есен көргеніне риза болған Тұмар да ағасын құшақтап бір мәз болысты.

Шам патшасы Шаһтүн екеуіне «қонақ болып, қалағандарынды алыңдар» - деді.

Патша көңілін қимаған екеуі, ол жерде де біраз күн қонақ болып, бұдан әріге жолға шықты.

 

Келе жатады, келе жатады... Бір-неше күн жүріп төбеңнен төніп, жан мен тәніңді қатар күйдіретін аптап бір шөл далаға тап болады.

Аспаннан күн жерге айналып түскендей ыстық таңдайды кептіріп, маңдайдан аққан ащы тер екі көзге құйылып, жандарын қай да сақтарларын білмей қос батырың әбден сасады. Жүре – жүре әрі ентігіп әрі қалжырай бастайды. Бір кезде

Тұмар, Тұранға:

-Бір жерде күн болмаса, бір жерге күннің қажеті де шамалы екен ау, мына ыстықта тым болмағанда жанымызды паналатар жер табылма ды.

Нанның қадірін – аштықта, судың қадірін – шөлде білерсің деген осы шығар!. Ендігі біздің шынымен де өлген жеріміз осы шығар?. Осы сапарға шығуға о баста келіспеуіміз керек еді. Менің ойымша әлгі айтқан «шипалы сусын» да, әлгі Астанасы да жоқ шығар....

- Ол күдікті ой маған да келіп тұр – деді Тұран да, өз күдігін жасыра алмай. Есіңде болса, әлгі шал берген жеті майшамды қарап көрші! Қалғаны бар ма екен? Бізге әлгі қария сол майшам арқылы ғана мақсатымызға жеткен- жетпегенімізді білесіңдер деп еді,

Тұмар қойнын ақтарып қараса, бірде бір майшам жоқ. Ыстық күнде еріп кетсе, тым болмағанда ерітіндісі қалуы керек еді ғой.. Әлде түсіп қалды ма екен?.. Әйтеуір ол майшамдар аяқ астынан ғайыпқа кетті. Арқалаған қоржынын да сан мәрте ақтарғанмен ол майшамдар оннан да шықпады.

Екеуі өз ара шартта - шұрт ұрсысып қалады.

Жоқ - деді бір кезде Тұран, бізге шал да, шалдың майшамы да бір беймәлім дүние шығар?. Неде болса бұл жай мүлдем болмаған нәрсе, не біз екеуміз де түс көрдік.

Осылайша аң- таң боп тұрғанда сонадай жерден көздеріне бір бейтаныс көрінеді. Бұл кезде екеуінің де құтыларындағы сулары таусылып қалғанды.

«Мынау шөлдің ұшы – қиыры жоқ болуы мүмкін емес», деген оймен судың мекенін нұсқар – деп, Екеуі де сол адамға қарай тұра жүгірді. Қанша жүгіріп жетеміз десе де, ол адам жеткізбеді. Ең аяғында екеуі де әбден шаршап бір жерге кеп отыра кетісті.

-Мынау пәле неде болса - сайтан, көзді арбап бізді әуреге салды ау әбден, одан да босқа шаршамалық - деп күйінді Тұмар..

Болды, осы жерде отырып ажалымызды күтелік сонымыз дұрыс деп оның ойын Тұран да қоштағандай болды..

Бір кезде тағы да сол бір адам көрінді, Бұ жолы екеуі де отырған орындарынан қозғалмады. Әлгі адам жандарына жақын келеді. Қолында бір құмыра суы бар екен. Жолаушыларға қарап күлімдеп тұр.

Таныды. Сол баяғы қария.

Орындарынан атып тұрып екеуі қоса қабаттасып:

- Оу, ата қайдан тап болдың? Әбден өлер болдық. Барар жеріміз қайда? Шынымен осы жерде қалғанымыз ба? Бүйткен болашағы бар болсын, оданда бізге кері қайтар жолды көрсетіңіз!

Шал сол баяғы сабырлы күйі:

Аптықпаңдар, әрине көмектесемін. Мақсаттарыңа жетуге де біраз қалды. Кері қайту енді мүлдем мүмкін емес. Сендер бүгін мен ертеңнің қақ ортасында тұрсыңдар. Енді әр басқан қадамдарыңа абай болуларың керек.

Анау жерде бір төбе бар, (қарайған көз ұшындағы бір төмпешікті көрсетті ол), сол төбенің төменгі жағында есік бар. Бар жұмбақтың жауабы сол есікте.

Міне мына жүзікті алыңдар. Жүзік те таныс. Сол баяғы гауһар көзді жүзік. Енді жолдарың болсын!.

«Бұл жүзікті не қыламыз?» дегендерінше, әлгі қария тағы да көз алдан ғайып болды.

 

Екеуі енді кеп тағы да алға жылжыды. Шынымен де бір төбеден кейін, алдарында кішкене - Пирамила пайда болды. Жақын келді. Пирамиданың күн көзімен шағылысқан жақпар тастары айдаһардың сыртқы терісі іспетті қызылды – жасылды болып бір түрлі өзгеріп тұрады екен. Төменгі жағындағы есікті де тапты. Ішіне кіргендері сол еді, алдарынан ақ самала шамдар, бірінің соңынан бірі жарқ-жұрқ жана бастайды. Құды біреу екеуінің осы жерге күні бұрын келерін сезіп, осылардың жолына арнайы жарығын төсеп жатқанадай.

Оң жақ толы қызыл жауынгер, сол жағында қару - жарақ тізіліп тұр. Ал алдарында ұзыннан ұзын темір соқпақ жол.

Соқпақтың екі жағы құз. Екі адам бірақ өтуге келмейтіндей. Сол себепті бірі - бірінші, екіншісі соңынан ідесіп отырды.

Тым – тырыс тыныштық. Тыныштық сақтауға тура кеп тұр. Тұран Тұмарға бір нәрсе деп тіл қатпақ еді, пирамиданың төбе жағы қопарыла бастағандай болған соң, осы сапарда екеуі неде болса сөйлеспеуге шешті.

Өне бойды қорқыныш пен үрей билеп алғанда адамға жүрген жолы да ұзақ боп көріне ме, әйтеуір соқпақ жол да бір неше уақыт алды.

Аз жүрді ме, көп жүрді ме кенет алдарында үлкен домалақ шар іспетті темір есік пайла болады. Есіктің түсі көгілдір екен. Алақандарымен сыйпап көріп еді, сырға ұқсамайтындай, мап-майда бір затты қолданған сияқты.

Есіктің ортаңғы тұсына күлген күн, үстіңгі жағында биікке қарай қанат қағып бара жатқан қыран бейнеленіпті. Күннің төменгі жағында арнайы бір символдың сызбасы байқалады. Тұран есікті кері қарай итермек еді. Есік ашылмады.

Енді қайттық? Мына жерге әрең жеткеніміз де, кері қалай оралмақпыз? - деп Тұмар келген жағына қарай қарап еді, бұлар жүріп өткен жол, орнында жоқ. Орнында шыңырау - құз. Табан тірер жер жоқ.

Қ ұдайым ау, енді қайттық? - Деп олар одан әрмен шошиды.

Бір кезде Тұран:

осы бізге қарияның берген гауһар жүзігінің қалайда бір көмегі болуы керек шығар. Соны байқасақ қайтеді деп серігіне ақыл қосады.

Тұмар қалтасындағы гауһар жүзікті алып, күннің төменгі жағындағы тесікке қарай ызғытты. Осыны күткендей бұлар тұрған орын шыр көбелек айналып, екеуі де аяқтары аспаннан келіп, тұрған орындарынан белгісіз бір жерге қарай ұша жөнеледі.

Сол ұшқаннан ұшып отырып әуеден жерге қарай салбырап келе жатқандарын сезеді. Жерге де топ ете түсті. Орындарынан атып-атып тұра келсе, Алдарында тағы да сол қария тұр:

Қош келдіңдер - болашаққа. Мына жүзік, сендерге ала келдім кері қайтатын жолдың кепілі -деп екеуіне пирамида да қалдырған сақинаны ұсынады.

Мына жерде үш күннен артық болуларың қауіпті. Анау бетте - Астана тұр. Осы үш күнде ел патшасына жолығасыңдар деп ойлаймын. Есілден өтіңдер, тездетіңдер! - дегенді айтып, шал тұрған орнында жоқ болды.

 

Керіліп жатқан ерке дала көктемгі жұпарын аңқытып, адам баласының сарайы бір қанбайтын құштарлыққа ие. Маңнан сәл салқындау ызғар сезілгенмен, наурыз гүлдің кең далаға көсіле жайылғандығы сонша, кілем бетіндегі өрнектерден аумайды екен. Анау жерден көгілдір талдардың көлеңкесі қараңдайды. Есілдің бет жағын ерке тұман басыпты. Қос батыр өмірлерінде мынадай шайдай ашық, көкпеңбек аспанды көрмеген шығар. Аспанды қызықтап біраз тұрды.

Жағаға қарай жақындады. Есіл өзенінің бергі жағында бірде бір тал жоқ, жерге төселген қиыршық тастар жалаңаяқтан оңбай батады. Ал арғы жағында тұрған сұлу Астана, көзге алақанда тұрғандай көрініп тұр. Сызданып тұрған сырбаз қаладан бұлар қатып қалған мұздың ізін көрмек еді, бірақ ондайды байқай алмады. Өзеннің үстіңгі жағында түйенің өркеші тәрізді десек келмес, шеңберге ұқсас ау шамасы көпір асылып тұр.

- Бұл жақтың көпірі де аса бір ерекшелікпен, сән-салтанатпен салыныпты ә!. Деп қояды бұлар бір-біріне таңданыстарын жасыра алмай.

Көпірдің үстінде төрт доңғалағы жүйіткіген темір жәшік көліктер көп екен. Бірде-бір жылқы, бірде-бір есек көрмейсің.

- Барлық қызық ар жақта ғой деймін? - деді Тұмар

анау әне - Пирамида тұр. Мүмкін біз елге сол прамида арқылы қайтармыз?.

Анау не нәрсе? Өзі тіптім қызық ғимарат екен, бас жағы домалақ шар. Біз жақтағы сыйқыршылардың, сәуегейлік айтатын қолайнасы тәрізді. Төбесі жап - жарық. Не деген әр түрлі, бір-біріне ұқсамайтын көп сарайлар. Біз бірнәрсе қылып арғы жағаға өтуіміз керек деп Тұран да асығайын деді..

Өйткені ол қалаға деген қызығушылық бұларда басым.

Ол жағаға бұларды үстіне жылтыр жеңшең киген, бұтында бір түрлі бөлек пішінде тігілген шалбары, аяғында қысқа етігі бар, бет-аузынан сақал мұрттың белгісі де жоқ қутыңдап қалған бір пәле шығарып салады.

Аждаһадай өкіріп-бақырып алған темір балық екеуінің әбден зәре иманын қашырды. Бір қызығы бұл жердің адамдарының да киім киісі, жүріс - тұрысы, сөйлегендері де бір бөлек көрінеді екен. Екеуі келе жатқан сапардағы пирамида есігіндегі күн мен қыран, бұл елде көп ғимараттың үстінгі жағында ілулі тұр.

« Е, не де болса, бұл мынау тайпаның бір белгілері шығар» деп топшылады екеуі іштей.

Екеуін сол бір жәшік көліктің біріне отырғызып алып, әлгі адам ызғытсын келіп. Бұл көлік те әлгі темір балық сияқты өкіріп бақырмаса да, құлақ шуылдатар бір дыбыс шығарады екен.

Бір бейтаныс ғимараттың алдына келіп тоқтады.

Әлгі адам бұлардан;

- барар үйлерің барма? - деп сұрайды

Екеуі де «жоқ»

деп жауап берген соң, әлгі келген ғимараттың ішіне кіргізді.

Есік ашылып, арғы жағынан екі көзі тұздай, шашы уда-дуда бір сап-сары әйел көрінді. Ол;

Мүлдем бір өзге тілде екеуіне бір нәрсе деді. Бұлардың дым ұқпағандығын аңғарған әлгі жақсылық жасаушы бейтаныс;

- Үстеріңді ауыстырыңдар, мына киіммен екеуің де театр әртістеріне ұқсап тұрсыңдар - деді.

Сол сөзді айтқан соң, бұларды қарсы алған әйелге бірнәрселерді түсіндіріп, қолына қағаздан қыстырып өзі шығып кетті.

Әлгі әйел ыммен «кеттік» - деп ишара қылды. Соңынан еріп еді, бір есік ашылды да «кіріңдер» деп ишара жасады. Екеуі ішке енгені сол еді бір қабырғадағы түймені басады. Бұлар мінген орын сартылдап жұлқи қозғалып үстіге қарай ызғыта жөнеледі. Тұран:

-Біздің бүгін тек қана ұшатын күніміз екен ғой. Мына болашақтың адамдары жермен емес көкпен ғана ұшып жүреді екен ә - деп тағы да бір таң қалады.

Екеуін үлкен бір бөлмеге алып келді.

Не қажет болса да, ең алдымен қызылды, соннан соң жасылды басыңыз( бір белгісіз түймелерді көрсетіп) тілегеніңіз болады дегенді де ишара арқылы жеткізіп, әлгі әйел бөлмеден шығып кетеді.

Ас ішерде қызыл түймені басады. Есік ашылып, ішке темір киген бір адам кіріп келді.

Әлгі адамсымақ;

Алдыңызда В 145 модельді робот құзырыңызға дайын деген де Тұмар шалқасынан түсіп, талып қалады.

Роботты көрген Тұран да отырған орнынан қозғала алмай, ештеңе қажет емес деп басын шайқай берді..

Не аждаһадан, не дию мен жын періден қорықпаған қос батыр мына болашақтағы сан жұмбақтан шынымен қорқайын деді.

Мынау «пәлең» қажет емеске қарайтын еместей, алып келген өзі жүретін стөлдің бетіндегі ақ шүберекті жұлып алып, неше - түрлі тағамдарды алдына қояды да шығып кетеді.

Тұмардың есін жиғызып алып, Тұран:

Міне ғажап, мынау елде ақылды темір адамдар қызмет етеді екен. Босқа қорқасың - деп серігінің көңілін орнына түсіреді.

Тұран мен Тұмар түнімен ұйқытай алмай ғимарат ішін аралаумен болады. Ол аздай Астананың көшесіне шығып, бар дауыстарымен айқай салады:

Ей болашақ ұрпақ, сен шынымен бақыттысың!!!. Сенде бәрі бар!. Сен қамссызсың!. Соғыссыз бейбіт елде өмір сүрген болашақ ұрпақ, сендердің береке ынтымақтарыңды Құдайым баянды етсін!. Аспандарыңды бұлт жаумасын! Бізді аңсатып әрең өзіне жеткізген мынау әсем қала Астананың ғимараттары биіктеп, еңсесі асқақтай түссін!

Олар бір сәтке өздері келген қараңғы елді ұмытып, осы сәулетті жердің бір тұтас бөлігіне айналып кеткендей еді.

Олар көрген Ханшатыры, Бйтерек, Пирамида, Фонтан, Жаңаша гүлдермен көмкеріле бастаған гүл бақтары,төрт құлақты мешіт бұлар кешкен мехнатты бір сәтке ұмыттырғандай еді.

Көше бойын жағалай жанып тұрған самала шамдар да бұлармен бірге алақан ұрып, мәз болысып тұрғандай болды...

 

Жоқ бұл жердің де өз заңы бар екен. Екеуінің еркелігін ешкім де көтермейтіндей. Таң атысы екеуін жер сақшысы ұстап алды.

Түсініксіз бір қағаздарын сұрады, қай жерден келгендерін сұрады. Кімсіңдер? - деді

Түсінгендеріне жауап берді, Түсінбегендеріне иықтарын қозғады. Сақшы бұларды бір темір қамаққа әкеп қамап тастады.

- Мыналардың темір қамақтары біз жақтағы патшаның қонақ күтетін сарайынан кем емес екен – деді Тұран, сыз коридорды жылы жатаққа теңеп.

-Енді қайттық, ойынымыз осылды?! - Деді Тұмар.

- Болды, бітті елге оралу қайда енді?. Мыналарға қалай ұқтырсақ, ұғар емес. Олар Ескендр патшаны мүлдем білмейді. Мынау елдің патшасына апарыңдар десек, мүмкін емес дейді деп күйінді екеуі.

Сол түні бұларға сол қамақта түнеуге тура келді.

Ертесін сақшы екеуіне:

келген жақтарына қайтыңдар деп, босатып жібереді.

Екеуі енді жұрттан патшаның сарайын сұрастыра бастады. Олардың нұсқаған жолдарымен Ақордаға қарай бет алды.

Көше бойы төселеген жалтыр тастар. Жан жағыңнан жап жасыл жаңаша жапырақ жайған, жеміс гүлдерін жарған жас ағаштардың исі аңқиды. Қарасаң көзің тоймайды. Қарай бергің келеді, қарай бергің...Жұмыртқадай тізілген аппақ ғимараттар, тіптім бір -біріне ұқсамайтындай. Көше бойымен асыққан адамдар. Бірі баласын жетектеп барады, бірі қолындағы бір кішкентай қорапқа үңіліп, айқайға басып барады,құды мынау әлемде өзінен басқа ешкім жоқтай. Біреуі екі аяқты шайтан арбада, көбі әлгіндей жәшік көліктерде. Бәрі бөтен, бәрі жаңаша....

Тіптім бір сәтке екеуі үшін мынау болашақта адамдарға барлығы оңай, дайын сияқты көрініп кетті. Адамдар сол дайын дүниеден есіріп кетпесе игі деп қапаланды.

Бірақ, екеуінің өз жоспарлары, өз мақсаттары бар.

- Әттең деді бір кезде Тұмар, бір -ақ күніміз қалды, осы бір күнде патшаға жолыға алмасақ, құрыдық.

Кенет көз алдарынан қап -қара бір машина ызғытып өтіп бара жатты.

Соңында бірнешеуі еріп алған. Ол машине сол ызғытқан бойы бұлардың бақылап тұрған Ақордасына барып бірақ тоқтады.

Екеуі де неде болса бұл елдің патшасын анықтап алайық деп, алдыға қарай тұра ұмтылды. Ол жаққа ешкім жібермеді.

Екеуі «бізге патшаларың керек, біздің уақытымыз аз» деп байбаламға салып еді, тыңдар құлақ болмады.

Керсінше бір екеуі келіп, бұларды сүйреген бойы жолдың арғы жағына қарай апарып салды.

 

Еңселері төмен түскен қос батыр, амалсыздықтан орындарынан енді тұрғалы жатқан, анадай жерден екеуін бергі жағаға жеткізген әлгі бейтаныс адамды тағы байқады. Туыстарын көргендей орындарынан атып тұрып, сол адамға қарай айқайға басып тұра жүгірді. Ақ жолақтан өте беріп, Тұран келе жатқан дәу жәшіктің астына түсе жаздады.

Әлгі бейтаныс екеун жолдың арғы жағында тұрып күтіп алды.

Екеуі одан көмек сұрады. Өзгелер ұқсап бұлардың айтқан әңгімелеріне ол адам күлмеді. Керсінше барлығын бастан аяқ тыңдап алып барып,

Жарайды, сендер мені осы жерде күтіңдер! Алыс кетпеңдер, мынау елде сендер үшін көп нәрсе түсініксіз. Біраз уақыттан соң, өзім шақырамын деді де асықпай аяңмен Ақордаға қарай беталды.

Сол күткеннен екеуі әлгі адамды қара кешке дейін бір орнында тапжылмастан күтті де отырды. Бір уақытта Тұран

Ей, Тұмар осы біздің отырғанымыз бос әурешілік пе деймін, қарнымыз да ашты. Осымен күткеніміз болар енді. Әлгі адам екеумізді алдап соқты білем, бос уақыт кетірмей қозғалалық дейді

Осыны күтіп тұрғандай қастарына бір бейтаныс адам келеді;

Жүріңіздер құрметтілерім, сіздерді біздің патша күтіп отыр -деп екеуін ертіп келіп, Ақ орданың ішіне алып кіреді.

Бұл жолы да екеуі таң тамаша қалды. Ортада үлкееен дәу үстел тұр.

Жан-жағында алтынмен жарқыратып қойған уәзірлер отыратын орындықтар. Сарайдың төбе жағындағы аспа шамның өзі көздің жауын алады. Төрге дейін жайылып жатқан қызыл күрең кілем, қабырғаларындағы ою-өрнектері де құды бір шебердің қолынан шыққандай әсем ақ екен. Мәрмәр тастан қаланған қабырғаларының өз сәулеті бір басқа.

Жан-жақтарына қарап отырған екеуіне әкеп бір табақ қазы қарта, жал жаясымен бещбармақты ортаға сарт еткізді. Тостаған – тостаған қымыз да құйылып жатыр, құйылып жатыр. Екеуі әлденіп, әбден естерін жыйғаннан соң барып, өздерін осы жерге ертіп келген әлгі адам тағы да

Құрметтілерім, жүріңіздер сіздерді Елбасы күтіп отыр - деді.

Келесі бөлмеге өтті. Төр жақта өздерін темір балықпен бергі жаққа өткізіп тастаған сол адам отыр.

«Екеуі патщамыз қайда» деп аң таң болып отырғанда

Әлгі бейтаныс

- Ал, құрметті қонақтарым қазақ еліне қощ

келдіңіздер деді

Қош болдық,бірақ бізге Ел басы керек еді деді Тұран күмілжіп

Әлгі адам сәл жымиып:

Сол сіздер іздеген Елбасы менмін!

Екеуі одан әрмен аң – таң болды. Неге десеңіз қасындағы көмекшілерісіз айдалада серуен құрған патшаны көріп тұрғандары осы.

Бұл қалай болғаны, сізді Есілдің бойында қалай жалғыз көрдік, ештеңе түсінеалар емеспіз?!.

Дұрыс айттың мейманым. Есіл бойында жүргенім, өзімнің туған жеріме деген ықыласымды оның табиғатымен оңаша барып сырласқанда ғана білемін.

Йә, патшаларға жалғыз жүру қауіпті десеңдер, мен неден қорқайын?. Өз елімнің махаббатына мен осылай ғана бөлене аламын. Олардың маған деген құрметі күн санап артса, мен де күн санап жасара түсем,

Айтыңызшы - деді Тұмар хан ием, мынау халқыңызды мынадай бақытқа жеткізгеніңізге ризамысыз! Және де осындай күнге қалай жеттіңіздер?!

Патша сәл ойланып қалды.

Ризамын, риза шығармын. Менің елімнің бақыты, ол менің бақытым. Менің елімнің ұйқысы тыныш болса, менің де ұйқым тыныш.

Сол себепті Бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл әлемге «Қарусыз ел» ретінде танылды. Оның мақсаты- соғыссыз бейбіт, ынтымақ, тату-тәтті ел болу ғана.

Тұран тұрып, біздің ел Ескендр патшаның елі, ол елде қазір қараңғылық. Адамдар ауыру. Сол ауырудың шипасы болар сусын сізде бар деп естіп келдік. Біздің бүгінгі келу мақсатымыз осы деп, тақылдата жөнелді.

Патша тағы да ойланып қалды.

Ескендр патша, ол өткен ғасырда қалды. Өткен ғасырдың ұлыларына бас иіп, бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп отыру біздің міндетіміз.

Сол міндетімізді халық боп, басшы болып адал атқарып жатқан шығармыз деп ойлаймын. Біз қазіргі таңда бұрынғылардың ізін жаңғыртып, тарихымызға олардың есімдерін алтын жазумен басып отырмыз.

Тұмар мен Тұран болашақ патшаның ақылдылығына, кемеңгерлігіне шынымен қайран қалды. Бұлардың елінде болса көп адам әлі қаріп танымақ түгілі,бір күнгі ішіп-жеміне мәз боп өмір сүруде. Қараңғылық тек аспанды ғана емес, адамзат санасын да жаулап тұр.

 

«Шіркін, - деп ойлады Тұмар ішінен; мынау әлемнен пайдалы жағын ойымызға өшірместей етіп сақтап алып, өз елімізге оралғанда патшамыздың құлағына жеткізе алсақ қой, мыннан алынған ғибратты, анау әлемде де мақсат ете алсақ қой. Мынау әлемдегі сыйқырлы айна арқылы( теледидар), жер дүниенің арғы жағындағы жағдайларды бізде біліп отыра алсақ қой»

Болашақ патша оның осы бір ойын сезгендей, асығып аптықпастан Қазақ елінің осы күнге шейін онсызда қаншама бейнет шегіп, қазақ елінің маңдайына сыймай кеткен ұлдары, батыр-даналары жайлы әңгімелей келіп, сөз соңында:

Сендер де бізге жайдан жай жүрмегендерің белгілі, ол сусынды Ескендір патшаның қолына аман есен табыстарсыңдар!

Және де сендер сияқты өз халқына адал перзенттердің, ол патша қадіріне жетер деп үміттенемін. Шаһар көгіне күліп күн атар, ал адам көңіліне күн сәулесін шашу үшін сол адамның өзі ебектенуі керек шығар. Мейірім мен Аллаға деген сенім - иман дос болса, ол жерде ешқандай соғысқа жол жоқ.

Патша орнынан тұрды. Оң жағындағы бір түймені басып қалып еді, есік артынан қонақ үйде көргендей робот адам пайда болды.

№ 2018 бөлмеге барып, маған сусындарды әкеп бер деді патша

Робот та кері бұрылып жүре берді. Бір кезде Тұран:

-Айтыңызшы, мына темір адамдар қызмет еткелі бері, адамзат баласына одан келер зиян бар ма?

-Адам баласына одан келер тек пайда ғана.

-Мен халқымның қолын байлық пен бақытқа жеткізуді алдыма мақсат еткен адаммын. Бірінші байлық – денсаулық деген халқымыз. Ол үшін ең алдымен мен үшін ел денсаулығы маңызды.

-Ал сіз сол молшылықтан адам баласының іші пысып, дайын затқа арқа сүйеп, қымбатты арзан, арзанды - менсінбейтін күйге жетуі мүмкін ау деп қорықпайсыз ба? -деді бір уақытта Тұмар.

Патша сәл жымиып алды да, сол баяғы сыпайы қалпында:

-Жоқ, мен одан қорықпаймын. Бұның барлығына менің елім, жалпы қазіргі адамзат өз еңбегімен жетті. Өз еңбегіне ешкім де түкіре алмайды.

Мен оларды қолдадым ғана.

Көп ұзамай сарай есігі ашылып, әлгі робот екі түрлі сусынды алып келді. Бірі көгілдір, екіншісі тұп-тұнық екен.

Патша екі құтының тұнығын алды да:

-Мына құтыдағы сусын - өмір мен денсаулыққа арналаған, оны ішкен адам бүкіл дертінен айығады. Ең кем дегенде адам баласы бір ғасырлық өмірге ие болады.

Екінші көгілдір түсті сусынды алып;

-Ал, мына сусын арнайы Ескендір патшаға деген - сыйым,

Шаһар басына аппақ ай толықсып туған күні, осы құтыдағы сусынды түйенің сүтіне араластырып үш түн қатарынан айдың астына қойып қойсын. Бұл сусын ерекше сыйқырға ие!.

«Біздің патшаның атына дейін танып біліп отырған бұл патшаның есімін біздің де сұрауға хақымыз бар шығар» - деп ойлаған қос батыр:

-Ұлы мәртебелім, сіздің есіміңізді біз өз патшамызға кім десек болады? Тағы бір сұрағымыз осынау елге біздің келгенімізге сіз таңырқамадыңыз да, ешнәрсе қадалып сұрамадыңыз да, бұның себебі неде?

-Менің есімім – Нұрсұлтан!

Ал, екінші қойған сұрақтарыңыз жауапсыз ақ қала берсін, жолға шығар болсаңдар, сендерге тек ақ жол тілеймін!

Сол түні болашақ патшаның арнайы қонағы болған қос батыр, таң атысы патшамен қош айтысып мекендеріне оралуға жолға шығады.

Осынау екі үш күнде Астанаға да, оның сыз тартқан көктеміне де, Есілге де, мынау жатқан көсілген кең далаға да аса бір қимастықпен қарап кете барды...

Аз жүрді ме, көп жүрдіме көсіліп жатқан кең бір алқапқа кез болады. Ол алқапта не бір тал шөп, не бір тал қарағай өспеген тықырлау жер екен. Екеуі сол жерге отырып, қолдарындағы гауһар көзді жүзікті қалталарынан алып қалғаны сол еді, не болғаны белгісіз жан-жақтары сарт-сұрт ,жарқ-жұрқ етті де қап-қараңғы өз шаһарларынан бірақ шықты.

Көшеде сасып жатқан адамдардың өлекселері қаптай бастапты. Аяқ басқан сайын қолқаны атар сасық ауа, сордың исі келеді мұрынға. Бұлардың келгенін байқай қойған патша уәзірлері екеуін сүйреген бойы сарайға ала жөнелді.

Ескендр патшаның өзі қайғыдан құса, боп төсегінен тұра алмастай жатып қалыпты. Екеуін көріп басын көтереді. Болған жайды бастан аяқ баяндап берген бұлар, патшаға болашақ патшаның құтыдағы сусындарын береді.

Кіп кішкентай құтыдағы сусын, бір сыйқырдың күшімен бүкіл шаһарға жетеді. Адамдар ауыруларынан айығып, кәрісі жасарып, жастары асыр салып, балалары билеп халықтың бұларға деген ризашылығы шексіздене түседі.

Бұның барлығын тышқан аңдыған мысықтай үнсіз бағып жүрген әлгі мыстан кемпір патшаның алдына жанталасып жетіп келеді.

Патшаға:

-Ей, патша менің дегенім болды, ендігі кезек өзіңде! - дейді

-Жоқ, - деді патша, сіз біраз күте тұрыңыз, сізге берген уәдем есімде! Бірақ, болашақ патшаның тағы бір құтысының аманатын орындауға тиіспін!

-Ол не аманат?!

Ескендр көк құтыны алып келуін тапсырады. Көк құтыны көрген мыстан:

-Ойбай патша ақымақ болма, жақсылығын берген пенде, соңынан жаманын да береді деген, мына құтыны қолдансаң, мұндағы барлығымыз құримыз!...

-Жоқ, - деді патша, менің еліме өмір мен денсаулықтың шипалы сусынын еш қарсылықсыз беріп отырған ол патша, қалғандарымызға жаманшылық тілейді деп ойламаймын,

Жаны қысылған мыстан:

-Жарайды онда, мен ақ шындықты айтайын, сен туылған күні мен, біз негізі жеті апалы-сіңіліміз апаларыммен қосылып , жердің жартысын мәңгілікке түнек болып тұруы үшін сыйқырлаған едік.

Біз сыйқырымызды қайтып алуға дайныбыз. Сен мына сусынды қолданбасан болғаны. Жанымызды қалдыр, бізді азат ет - деп жалына бастайды. Тұмар мен Тұран Болашақ патшаның тағы да бір ақылдылығына іштей таң қалады.

Ескендір мыстанның дегеніне құлақ аспады. Ол көгілдір сусын мен түйе сүтін үш түн толған айдың астына қойғызып қойды. Төртінші күн дегенде аспан шайдай ашылып, дүниеге күн келді.

Жер жүзіндегі сыйқыр атаулысы атымен жоғалып, адамдар бақытқа кенелді.

Нұрсұлтанның нұрға толы кеудесі көп адамды мынау жаңаша әлемге ынтызар көзбен қарауға үйретті. Тұмар мен Тұран анау әлемнен көріп білгендерін өз білгендерінше осы шаһарға да үйретіп бақты.

Олар халыққа «білімсіз еш нәрсеге де жете алмайсыңдар, Ескендр патшаға Нұрсұлтаннан үлгі алсаң атың мәңгілік өлмейді, соңыңдағы шырағың сөнбейді» дегенді айтатын.

Олар ұрпақтарының амандығын тіледі. Олар сол ұрпақтарының өздері ғашық болған болашаққа тездетіп жетулеріне асықты.

Ол болашаққа жету үшін, әр атқан таңға мінәжәт қылды. Адамдар көп еңбектенді.

Шынымен де көп жағдай өзгерді

Күндер өтіп жатты....

Ескендір патша Тұранға жалғыз қызы Фатиманы ұзатып, Тұмарды да олардың қастарына сарай ішіне алып қалады.

Өткен мен болашақтың ортасына із қалдырған ұлы тарих сол жерден басталып, бүгінгі күннен жалғасын тапты. Менің хикаямда ұлы сенімге артылғандықтан Тұран мен Тұмарға ұқсап, мен де болашаққа, бақытты болашаққа үлкен үмітпен қараймын.

Ұзын сөздің қысқасы Сонымен өстіп барлығы да мұраттарына жеткен екен.

Қазақ тілінде жазылған