Адам қарады: 545 | Жарияланды: 2019-04-21 10:09:14

Жақсы мен жаман...

Жақсыменен-дос болсаң,

Жатпай-тұрмай сыйлайды.

Жаманменен-дос болсаң,

Жарық дүниені қимайды.

Жақсылардың жанында,

Желпінер көңілің жаздай боп,

Жамандардың қасында,

Езілерсің саздай боп.

Жақсының сөзі жаныңа,

Жайлы тиер майдай боп,

Жаманның сөзі көңіліне,

Келтірер пәле лайдай боп.

Бес саусағың қолында,

Теңбе екен бауырым,

Бұл өмірде білерсің,

Тағдырдың жеңіл-ауырын

Досым-ау сірә жүргейсің,

Жақсылардың жанында,

Сақтағын сені-Тәңірім,

Түсірмей жаман қолына!

Қазақ тілінде жазылған