Адам қарады: 107 | Жарияланды: 2019-05-24 13:50:27

Аманжол

Аманжол қойған себебі...

Талдықорғанның арғы жағында, Текелінің айналасында, Жоңғар-Алатауының бөктерінде, жан-жағын ағаш аймалаған ну орманның арасында, жазы ыстық, ал қысы аяз келер жер жәннаті - Жетісу жерінде жайпақ жатқан Найман елі. Орманды жағалай аққан өзен, суда ойнаған балығы мен туласқан қамысы, бұл өлке жәннат десе жәннаттай болатын, бір үрленген жел соғып, ағаш жапырақтары шыр-шыр етіп әуен соқса, құлақтың ғана емес, жанның да рахаты еді. Таулы өлке болған соң, ну орманның тысында жар бар, ол өлке кісілеріне бұл жар - жердің соңы болып көрінетін... Ну орман демекші, емен, қарағай, қарағаш арасында секеңдеп, мәйек қылып жүрген бұл орманның да өз халқы бар: елік, қоян, борсық, түлкі секілді орман отбасының мүшелері ретінде, орманды бір қаралай жүрген жан-жануарлар кезігеді.

Ал адамдары болса, е-е-е адамдары ма!? Найман қандай болсын, ерте тарихтан Ертіс пен Орхонды жағалаған «Сегіз» елі. Қара көз, шымыр дене, бой десе Адам атадан қалыспаған, торсық құлақ, қара-сары реңі бар, ішінде оты өшпес, батыр-ақсүйектердің ұрпақтары. Атқа мінсе Найманым, қайысып кетер қайратың, жанып кетер қамысың, міне осындай келеді бұл өлкенің ерлері, әсте, бұл әлі бергі жағы ғой, ал арулары болса, бірде бір еркек көзіне қарап көрмеген, басынан ақ пердесі түспеген, дауысын желмен аймаласқан шөптен тыныш тыйған, бұралаң еткен белдері, басынан орамалы түссе, дүниедегі бүтін соғыс тоқтайтындай пәк еді, ажарын еріне сақтаған, гауһар тастай жалт-жұлт еткен томпақтау беттері мен ақмаржандай терісі сәулелермен шағылысып тұрады. Бұл арулар, тек осы өлкедегі ерлерге арналғандай еді, атына заты да, жаны да сай, Жетісу Найман қыздары. Міне, қысқаша-қазақ Найман жұрты осындай келеді.

Ну орманның арасы мен аталмыш жардың төңірегінде орналасқан Арал аталған колхоз бар. Бар жоғы 30-40 - ақ түтін жыйылған ауыл бүтін дүниеден алшақтанған сияқты көрінетін. Ағаш жамылып, көрінсе, жаққан отының түтіні ғана көрінер ел еді. Бұл сол уақыттағы қазақ жеріндегі қатты жапа шеккен ауылдарының бірі болатын.

                       1930-шы жылдар, қазақ жұртына түскен бір қайғы-қасірет. Тарихта «Ұлы жұт» деп қалған белгілі аштық - бүкіл қазақ жерін әбіржітіп жіберді. 1925-ші жылы бірінші секретарь болып тағайындалған Ф.И.Голощекин, елде орнаған коммунизм мен 1927-ші жылы Голощекиннің бұйрығымен қазақ жеріндегі 700 шаруашылықтан тартып алынған 150 мың ірі- қара - елдегі аштықтың басталуына бірде-бір себеп болды. Қазақ зиялыларының атылуы мен репрессиялануы һәммен бір миллионға жуық адам политика салдарынан зардап шегуі ел үшін дүрбелең жағдай жасады. Міне, қазақ тарихындағы ең ауыр заман - тар заманның басталуы болды.

Ауыл жұрты барынша күнкөріс табатын, аштықтың соншалық ауыр болғаны, қысты күндері адам баласы бір-бірін аямайтын, одан қалса, әлсіздерді, жетім-жалғыз балаларды ұрлап жеуге де барған, неткен қанішерлік! Аштық жылдарында қазақ аймақтарында болып жатқан масқаралықты тоқтату үшін, әр ауданнан халық атынан Голощекин тұрмақ, тура Сталинге хат жазған қазақ зиялылары көп шырылдады. Оның бәрі жауапсыз... Бұның бәрі сіздерге сол жылдардағы қиыншылықтың шет жағасын түсіну үшін жазылып отыр.

            Күн уақыты ақ жіппен қара жіпті әрең ажырататындай бір уақыт кезі, күннің шуағы әлі шықпаған, әмбе күн таспасынан шыққан жарық бұлттарды найза секілді шаншып, жарып тұр. Секеңдеп, түк байқамаған қояндар, басын біресе көтеріп, біресе түсіріп, жалмаң-жалмаң жан-жағына жалт-жұлт қарап, бір-бірімен жарысып, түлкі қуғандай қашып барады. Бір мезетте шарт еткен дауыс естіледі, бұл қандыауызға түскен қақпан ішіндегі сол бір сорлы қоян.

  • Түстің ба, бәлем?- деген дауыс естілді.

Ағаш артына тығылған талша бойлы, шымыр денелі, көкшілдеу көзді, тар мұрынды еркек шықты. Ағаш түбіне байланған қақпан шынжырын шешіп, шабатын екі жарты шеңберіне түскен қоянды алып, қақпанды сүртіп жинап жол дорбасына сала берді. Бұл орманда қақпан көп, ауыл адамдары орманның терең жағына кірмейді, сондықтан адамдар қақпанға түсіп қалар деп, қорықпайды аңшы.

 

Таң намазы оқылып, күннің сәулесі аңшының найзасына шағылысып, жылтырап келеді. Дорбадағы үш қоянның еті - бүгінгі отбасының тамағы ғой. Орманның шыға берісіне жол тартып, дөңес бір жотадан түсіп келе жатыр еді, орман ішіндегі бір арықшадан су ішейін деп оң қақпалына бұрыла бергенде, денесі орта тұрқы, шоқтығы бір метрдей, тұйықталған қысқа құйрықты, қоңырқай сұр терілі, аша мүйізді елік көрінді. Нұрғали ауылдағы жалғыз аңшы, сондықтан талай жылғы тәжірбиесі бар. Орманда елік көрудің өзі араң-серең, ал ұстау оданда сирек. Арқасына асып алған қарағаштан жасалған садақты алып, жебесін тартып қалып шап бергенде, зуылдап, желден тез ұшқан жебе, еліктің жанбасына дәл тиді, қашамын деген елік алысқа бармай жығылып, шөпке бірақ құлады, ауыр-ауыр дем алып, аяқтарымен тебінді, қайтсін енді байқұс, ажал айтып келе ме? Өлмей жатып байқұс елікті мұсылманша бауыздап, кәлимәсін айтып, өлікті дорбаға салып, арқасына асып, үйіне жол тартты.

 

Ұзақ жүрмей, үйіне келген Нұрғали көрші-күлең аң аулайтынын білмесін деп, бүтін қару жарағын көзде тыс алып үйіне кіре берді. Ол заманда қазіргідей кірпіш үй болмайтын, тұратын жерлері сол бір қазақтың киіз үйлері. Табалдырықты аптап: «Біссміллә» деп, көтеріңкі көңіл күймен тапқан азығын ортада жанып тұрған дөңгелек ошақтың жанына қойып, үй төріндегі бесік тербетіп отырған жіңішке белді, орта бойлы, қара шашты, аршылған жұмыртқадай терісі, ажарлы келген келіншегін көрді.

  •  Ә-ә-ә, отағасы, келдіңіз ба? Өткендегіден көбірек тежелгеніңізді ойлап, уайымдай бастап едім, шүкір Алла, аман келдіңіз.- деп күлімсірей қарады.
  • Келдім, Қания, келдім.- деп бір-екі ауыз сөзбен  қоя берді.

Бесікте жатқан Аманжолының шекесінен иіскеп, мауқын басып бірталай отырып қалды.

  • Шайға жүріңіз,- деп үйіндегі бар жоғын алып, күйеуінің таңғы асын беріп, екеуі жер оюға жинала бастады.

Ауыл сыртында колхоз жерінде орналасқан үлкендеу бір өріс бар еді. Сондағы бүкіл ауыл адамдарының істейтін ісі - жер ою мен шөп жинау. Осынау аштық жылдарында халық өмір сүру көздерін айрықша іздеген. Нұрғали Қанияның қолындағы баланы өзіне алып, шапанының қойнына тықты.

  • Неге өйттіңіз?- деп таңсана сұрады Қания.
  • Халықтың жағдайын көрмейсің бе? Ел аш, адамдардың аштықтан істемейтіні жоқ, баланы көзден бір таса қылдырсаң, оны да аямай жеп қояды.- деп жауап берді Нұрғали.
  • Ойбай-ау! Не деп отырсыз!? Жеп қойғаны несі!? Адамды адам жегенін елестете ала алмаймын.- деді Қания.
  • Әбіржіген қара халықтың көзінде жалмауыздық көрінеді. Қорқынышым рас болып шықпаса игі болар еді.- деп тәмәмдәді Нұрғали.

Сөйтіп үшеуінің күнделікті істейтін ісі осы еді, коммунисттермен тартып алынған, жоқ малдарына шөп жинап, өткізіп, жер оятын.

 

Халық қиналды, аштық соншалық елдің тәнін тұрмақ, жанын жегідей жеді. Қазақтың тарих сахнасындағы бұрын соңды болмаған апат еді. Санақ бойынша, 1930-1933 жылдары елде 2,5 миллион адам аштықтан өлді. Амал қалмады, күш таусылды, сорлы халықтың бар арманы - я да қиналмай өлу, я бір тілім нан болса да тауып жеу, жәнеде Алладан күдер үзбей хаят кешу.

 

Кезекті шаруадан қайтып, үйіне жеткен Нұрғали мен отбасы терең күрсініп, шаршағанын басып отырды. Нұрғали тұңғыш қызын қатты жақсы көретін, оның атын да Аманжол деп босқа қоймаған. Осы аштық жылдарының басында жұттан қазақ жерінен қытайға көшпекші болған қазақтардың арасында Нұрғалидің де әке-шешесі бар еді. Бірақ бұл бөлек әңгіме. Осы әңгімені Мен баяндап берейін...

 

Түн арасы ауыды, ай доп-домалақ болып, бозтуғандай сұрғылт жарығын шашып, жол көрінетіндей болып тұрды. Ауыл тым-тырыс, тек өзен жағасындағы бақалардың дауысы мен шегірткелердің сесі судың ағысымен бірге естіліп тұрды. Есікті біреу тарс-тұрс етіп қағып тұр:

  • О Алла, тыныштықта не болды?- деп жатқан жерінен оянып, есік табалдырығына қалай келіп ашып қалғанын байқамай да қалған Нұрғалидің жүрек қағысы ат шапқандай дүрсілдеп кетті.
  • Амансың ба? Бір тығыз шаруамен келіп тұрмын,- деп үйге кіріп келді Нұрғалидің ағасы - Шаймерден.
  • Ағатай-ау! Шаруаң ертеңге дейін күтпеушімеді!? Не асығыстық!?- деп жүрек қағысынан дауысы дірілдеп кетті.
  • Мәселе былай, Нұрғали, жағдайды көріп тұрсың, кешегі колхоз коммунисттері ауыл малшыларының бүкіл малын санап кетті, ал бүгін Әбіл кешегі санап кеткен малының үш- төртеуін сойып, етін жерге көміп, жасырып еді, олар санап кеткен малдарын тәркілемекші болып, қайта санаса, сол көмген үш-төрт қойын жеткізбеді. Сонда Әбіл...:
  • Өздерің санадыңдар, менің қатысым жоқ, санаған малдарыңды алыңдар да кетіңдер,- деп еді, жанындағы тура сөйтіп айтқан жолдастарымен қоса аузы-басын қан қылдырып ұрып кетті.
  • Сондықтан, Нұрғали, тым кеш болмай тұрғанда Қытайға жол тартайық, бұдан артық күн көру мүмкін емес, көрші ауыл қазақтары өткен түнде жеті-сегіз адам болып қашып кетті... Бізге де кетуіміз керек, болмаса күніміз қараң.
  • Не дейді? Қытай? Онда нең бар? Кіндік қаның тамған жеріңнен кетіп не жын ұрды?
  • Айғайлама! Тыныш! Тыныш!- деп сабасына келтірмекші болды інісін Шаймерден.
  • Өзің ойланып қарашы, қараң қылдық, ертеңгі күніміз не боларын білмейміз. Ал Қытайда бір мәнісін шешеміз, жол да алыс емес, мына тұрған Жоңғар-Алатауын ассақ болды, арғы жағы Құлжа, бір жағынан Құлжа қазақтың тарихи жері, ата-бабамыз ол жерді де қанмен, жанмен қорғаған, сондықтан былай ойланып қарасаң ол да қазақтың жері. Дұрыстап ойланшы, Қанияны ойла,- деп Нұрғалиді, мүмкін, өміріндегі ең ауыр шешім қабылдауға әурелетіп жіберді.
  • Ертең тағыда соғып кетемін, көп ұзартпай тезірек ойлан, шықсақ - бірге шығып кетейік.

Нұрғали төрт ағайынды болатын, үлкені Шаймерден, одан кейін Әбіл, содан соң Нұрғалидің өзі, ал кенжесі Дүйсенбі, әр қайсысы бөлек-бөлек ауыл болып, шаңырақтарын көтерген. Бұл төртеуі байдың балалары, төрт түлік малдарымен дүниесі де көп болған, содан қалған байлық осы төртеуіне нәсібе етіп бөлінген. Алайда, 1927-ші жылғы қазақ жеріндегі орнаған политикаға байланысты, жәнеде 1929-шы жылы коммунизм салдарынан байлардың мал мүліктері тәркіленді. Сөйтіп, бұлар бір мезетте түксіз қалды.

 

Ертеңгісі Нұрғали бұл мәселені күні бойы ойланып шықты. Әрине, туған жерінен кеткісі келмеді, бірақ, көріп жүрген күнін де таразыға салды. Нақты бір шешімге де келе алмады. Жұмысы біткен соң, бұл мәселені Қаниямен бірге шешуге үйіне тезірек кетті. Үйіне жеткен соң, дастархан үстінде Қаниямен ақылдаса бастады.

  • Кешегі мәселе жайлы не дейсің, Қания? Ойыңды айт.- деп сұраққа алды.
  • Не дейін, шыныменақ, кеше бар малымыз - бүгін жоқ, түксіз қалдық, ертеңгі күніміз қалай боларын білмеймін. Мен болсам жүктімін, бала үшін де қорқамын.- деп мұңын айтты.
  • Солай де, жақсы, барғанымызды қаламаймын, бірақ жағдай соны бұйырып тұр. Қазір Шаймерден келсе сонымен ақылдасып, бірге шығып кетейік, ал сен болсаң жолға керектігінің бәрін жина.

Біраз уақыттан соң, айтқандай, Шаймерден де келді.

  • Сонымен, не шештіңдер?- деп сұрады Шаймерден.
  • Иә, шыныменақ ертең ауыр күн болайын деп тұр, бала-шағамның жағдайы үшін қорқамын, дұрысы - қытайға жол тарту.
  • Дұрыс шешім қабылдадың,- деді Шаймерден.
  • Бірақ онда барып не істейміз? Кім күтіп алады? Қайда қоныстанамыз,- деп сұрады Нұрғали.
  • Жоңғар-Алатауының арғыжағында Құлжа деген ауылдан үлкендеу бір жер бар, сонда барамыз, онда менің танысым бар, Бәйдібек деген бір бай, ол Қытайға бірнеше жыл бұрын көшіп барған, ол жылдары қазіргідей емес, баршылық заманы ғой, ол Найман десе Найман қайда, жүрсе де өлмейді, барболғыр, - деп күле айтты Шаймерден.
  • Ендеше, таңға жуық шығамыз, көп заттарыңды алмай ақ қойыңдар,- деп шығып бара жатты.

 

Таңға жуық ауылдың шетіндегі бір ескі қарағай бар болатын, соған он-он бес адам болып, жиылып, бір топ кісі тұрды, қолдарына бір-бір ағаш алып, оның басын ескі киіммен орап, кеш батса - жағып, жол көретіндей дайындалып шықты. Бұл топта Нұрғалидің екі ағасы мен інісі бала-шағасымен болған. Жаяу сапар шегіп, дорбаларына салған төрт- бес бөлке нан, бірнеше құмыра су, соның бәрін бірнеше күнге жеткізу керек.

 

Арал колхозы - Текелі деген колхоздан ары тұрған бірнеше колхоздарының бірі. Таудың бөктерінде болғандықтан, жол жүру өте ауыр, алдыларында әлі Жоңғар-Алатауының асуын асып түсу керек еді.

 

Жолға шыққандарына біраз болды, мезгіл - күздің басыңғы айларының бірі болатын, бірақ, күн әлі ыстық, уақыт түстен асып кетті. Күннің сәулесі жолаушылардың тура бастарына соғып тұрды.

  • Малдарымызды тәркілеп алмағанда, қазір жаяу жүрмес едік,- деді Әбіл.
  • Ондай болса, Қытайға да көшпес едік қой,- деп жауап берді Шаймерден.
  • Е-е-е, оның да дұрыс.

Жолдан біраз демалайын деп, тау етегіндегі сирек бір теректің астына барып, отыра кетті жолаушылар.

  • Осы асудан ассақ болды, арығарай шекара, содан кейін Қытайға да жетеміз,- деп бәрінің еңсесін көтермекші болды Шаймерден.

Біраз демдерін алып, жолаушылар қайта жолға шықты. Тағы біраз жүріп, тау етегіндегі дөңестен түсіп, бір жайпақ жермен келе жатса, алдыларынан тасты жол көрінді, әсте жол деуге де келмейді, бір табын сиыр - жылқылар таптап жүрген жол секілді. Не дегенімен, таулы жер – ылғи үшкір тастар мен күмпіршіктелген томар-томар көгал жоталар. Бұл уақытта ауыл ыстық болатын, ал енді тасты жерге келгенде, күн тасты қызытып, ысыған тас ауаны одан сайын ысытып жіберді. Таудың етегімен келе жатыр еді. Бір мезетте аяғын шалыс қойып, шошайып тұрған бір үшкір тасқа табанымен басып қалды Қания.

  • Үйбай- ай, үйбай!- деп жаны шығып, жылап жіберді, бірақ, аяғында нық тұрды.
  • Қания, не болды? Саусың ба?- деп үрейленіп сұрады Нұрғали. Қолтығынан демеп алып, томпыйып тұрған тасқа отырғызды.
  • Қайсы? Көрсетші,- деп аяғына қарап, зер салды. Дорбасынан бір тілім шүперекті алып, оны сулап, аяғына басып, байлап тастады.
  • Тас қатты терең батқан жоқ, қанды тоқтаттым,- деді Нұрғали.
  • Тежедім-ау сіздерді,- деп ыңғайсыздана сөйледі.
  • Жүре аласың ба? Әлі жүретін бір талай жер бар, тағы төрт-бес сағат жүрсек - ақшамға таман тау етегіндегі бір кішігірім ауыл бар, бүгінше соған жетсек болар еді,- деді Шаймерден.
  • Баса ала алмаймын, ақсаңдап, ақырын-ақырын жаяу басып, түн болмай жетемін, сіздер маған қарамай, ары қарай бара беріңіздер,- деп жауап берді Қания.
  • Жоқ, болмайды, бұл жер қауіпті, қараңғыға қалып қалсаң - құзға да құлап кету қауіпі бар,- деді Әбіл.

Отырған Қанияның алдына келіп, еңкейіп:

  • Қане, арқама мін, солай тезірек жетеміз, деп арқаламақшы болды Нұрғали.

Нұрғали Қаниядан жиырма жас үлкен еді, және өзі шымыр келген, ұзын бойлы палуандай кісі еді. Әйелін арқасына арқалап, әрмен қарай жүре берді. Түс ауып, күннің ыстығы қайтып, салқын самал ұра бастады. Қания ерінің арқасына ыңғайланып отырып, біраз мызғып та алды. Оянып кеткенінде басын сүйеген Нүрекеңнің арқасы Қанияға қалқандай көрінді, жүрегі елжіреп, есі маужырап, тынысы тарылып, мейірі қозды. Ішінде бір сезім қайта оянды, өзінің ерін тірегі екенін, не болса да арқасын қояр демеуші деп ішінен ойлап, көзін жұмып, Нұрғалидің мойнынан қаттырақ қысты. Нүрекең шымыр ғой, елден қалмай, өзімен бірге тағы бір адам арқалай жол жүре алады.

 

Күн көкжиектен ауып жолаушылардың жүзіне соғып, көздерінің қарасын мөлдіретіп жалт-жұлт дегізді. Бірнеше уақыт өтті, аталмыш ауылдың қазандықтарынан шыққан түтін көріне бастады, дәл айтқандай, ақшам уақытында келді. Шаймерден топтың алдына шығып, бәріне:

  • Мен тездетіп ауылға кіріп, мырза ағаларымен сөйлесейін, бізді бір үйге түнетсін.- деп тездете жүріп, ауылға кіріп кетті.
  • Нұреке, бұл адамдар бізді қонақ қылдыра ма? Қалай ойлайсыз? Қазір жағдай ауыр, әркім өз хәлін ойлайтын заманғой.- деді Қания.

Сонда Нұрғали күрсініп:

  • Қания, осы сұрақты саған қояйын, біздің ауылға сапар шегіп келген адамдар есігімізді қағып қонақ қылуға сұранса не істер едің?
  • Мен бе? Әрине кіргізіп, үйімдегі барымды беріп күтер едім, жолаушының батасы қабыл дейтін атам.
  • Өз сұрағыңа өзің жауап бердің, әрқашан адамдардан тек жақсылық күт, сен не істесен, алдыңнан сол келеді, және қазағымның жаны кең ғой, шалап көже берсе де, бір бұрышына қондырса да, жетер бізге.- деді Нұрғали.

 

Айтқанында бір хикмет ілім бар, қандай жағдай болмасын, қазақ қонақ күтуден ешқашан тон пішпеген, ел мен жер, халық пен адамның санасы тең. Қазақ не болса да, өзінің бұрынғыларының айтқанын тыңдап, даналығын түсінсе шіркін.

 

Таудың бөктерін жағалай жүріп бірер уақыттан соң Нұрғали мен басқа топ мүшелері      ауылға кіріп келді, алдыларынан Шаймерден шығып:

  • Былай істейтін болдық Нұреке, әлгі сырты сыланып жатқан үйді көрдің бе? Сендер сонда барасыңдар, ал қалғандары ауылдағы екі-үш үйге бөлініп-бөлініп түнейтін болды.- деді.
  • Е-е-е, тәмәм, жақсы болған екен.- деп қоя берді Нұрғали.

Күн жотадан ары батып, қараңғы түскендей болды, Нұрғали Қаниямен ауылдың кіре берісінен екі-үш үй кейін тұрған бір үлкен емес үйге келді. Есіктен төрт-бес адым жерден:

  • Ассалаумағалейкум!- деп дауыс көтеріп айғайлағандай болды. Ешкім шықпады. Содан соң тағы:
  • Ассалаумағалейкум! Үйде біреу бар ма!? Қожайын!- деп қайтара сұрады.

Мұсылманша үш рет үй иесін шақырса, ал

оған ешкім жауап қатпаса, мазаламай кете беру керек деген сөз бар еді, соған ырымдап, үшінші рет:

  • Ағайын-ау, кім бар екен!?- деп үшінші рет шақырды, ешкім әлі үндемеген соң Нұрғали бұрылып, Қанияның қолынан алып кете бермекші еді...
  • Тоқтаңдар, жақсылар, тоқтаңдар!- деген бір сес естілді.

Үйдің артынан бір сұр шыт таққан, аласа бойлы, алпыс-алпыс бес жас шамасындағы, жымыйса езулерінен көздері көрінбей қалады, сықсыйған көздері, қолдары ауыр жұмыстан әбіржігендей жарылған, саусақтары күс, әсте жылу реңді әйел шапшаң басып шыға келді.

  • Амансыз ба, жеңеше?- деп езу тартып сұрады Нұрғали.
  • Шүкір Алла деп, сендер маған келетін қонақсыңдар ма?- деп сұрады әлгі әйел.
  • Иә, рұқсат етсеңіз.- деп жауап берді.
  • Ойбай-ау, неменеге тұрып қалдық!? Қане, үйге кіріңдер.- деп үйдің есігін ашып, лезде үйдегі майшамдарды жағуға кірісті.
  • Байқаңдар, әрмен жүріңдер, бері жүріңдер, керегеге бастарыңды соғып алмаңдар.- деп тас қараңғыда жол айқындап жеткізді.

Дөңгелек үстелдің үстінде тұрған майшамды жағып, қонақтарын төрге жайғастыра беріп, өзі бергі бөлмедегі үйінде болған бар-жоғын ақтарып, қазандық жақтағы ожау-кәкпірлерімен сылдырлата бастады. Бірер уақыттан соң екі тостаған талқан көже көтере шықты.

  • Мынаны жылытып жібердім, қарындарың ашқан жығар, ренжімессіңдер, үйімдегі бары осы.- деп асын ұсынды.
  • О не дегеніңіз, жеңеше-ау? Осыған да шүкір, біраз ішімізге ел барса болды. Өзіңіз ше, ішпейсіз бе?- деп сұрады Нұрғали.
  • Мен бағана ішкенмін, содан қалғанын сендерге беріп отырмын.- деп жауап берді әйел.
  • Үйде жалғызсыз ба? Ағам қайда?- деп ұяла сұрады Нұрғали.
  • Е-е-е, менің күйеуім осы ауылдың ағаларының бірі еді, осынан екі жыл бұрын ауылға орыстар келіп онсыз да аз қалған мал-мүлікті нәлөг- нәлөг деп бәрін айдап әкете бастағанда, менің күйеуіммен бірге әлгі ауылдың басындағы үйдегі Мағипа деген кемпірдің күйеуі, содан соң мына құдықтан ары тұрған үйдегі Қалампыр деген келіншектің күйеуі бар, солар осы ауылдың үлкендерімен жиылып, мән- жайын білеміз деп сөйлесуге барып еді, арты дауға ұласты, ақырында үшеуі де, қалай деп еді...- деп сандықшаның ішіндегі бір жапырақ қағазды алып шығып, қалтасындағы көзілдірікті киіп:
  • За препятствие выполнению приказа первого секретаря Казахстанского крайкома ЦК,- деп қинала оқып...
  • Ой былжырақ, оқығым келмейді,- деп қағазды қайта салып қойып:
  • Бұл бұйрық шын ба... Өтірік пе... не десе де үшеуін де мәшинеге салып, абақтыға алып кетті, содан соң көп ұзамай үшеуі бірдей атылды деген қағаз келді.- деп терең күрсініп қоя берді.
  • Содан бері жесір қалдым, не артынан қалтырған ізі жоқ, осылай қалған өмірімді өткізуден басқа шара жоқ.
  • Арты қайырлы болсын,- деп көп сөйлемей, көжесін тауыса беріп, Нұрғали сыртқа дәретін алуға шығып кетті.
  • Сендер қайдан боласыңдар?- деп сұрады әлгі әйел.
  • Біз осыдан бір талай шақырым жердегі, Текеліден ары тұрған бірнеше колхоздарының бірі - Арал деген ауылдан боламыз, атым Қания, күйеуім - Нұрғали.
  • Ә-ә-ә, жарайды, аман болыңдар. Тамақтарыңды ішіп болсаңдар жатыңдар, сандықтың үстіндегі көрпелерді астыларыңа төсеп, қалыңдау көрпе жамылыңдар.- деп орнынан тұрып ыдыс-аяқтарын жинап үйдің бір бұрышына төсегін салып жантая кетті.
  • Ия, ия, өзім салып аламын, сіз ұйықтай беріңіз.- деп әйелдің мазасын алғысы келмей, лезде төсегін салып болғанша Нұрғали де келді.

Ол түні жолаушылар мұрттай ұшып, ауыздары ашылып, тәтті ұйқыға кетті.

 

Таң атып, күн қызара шыққанда, әтештердің айғайынан үйдің адамдары оянып, беті-қолдарын жуып, төсектерін жинап, бар бергенімен оразаларын ашып, жолға шығуға даярланды.

  • Ал, аман болыңдар, қарақтарым, жолдарың болсын.- деп жылы сөздерін айтып қонақтарын шығарып салды.
  • Сау болыңыз, жеңеше.- деп қош айтысып ауылдың шыға берісіне жол тартты.

Ауылдың тысында жиналған туыстары мен достары бір топ болып қайта жолға шықты. Енді олардың алдыларында ауыр жол күтіп тұрды. Сонау Жоңғар-Алатауының асуын асып түсу керек еді. Ұйықтап алып, тамақтары ішіп, күштері жиылған соң, бұрынғыдан тез-тез жүріп, жолды қысқартты. Бірақ, не десе де, кешегі Қанияның аяғына кірген тастың жарасы толығымен жазылмай, ақсаңдай жүрді.

  • Әлі ауырып тұр ма? Қайтадан арқалайын ба?- деп сұрады Нұрғали.
  • Жоқ, отағасы, бәрі жақсы. Қатты ауырмайды, сіздерді тежедім ғой.- деп сылқың дауыспен жауап қатты.
  • Жоға, не дегенің, жетеміз ғой көп ұзамай, ештеңе жоқ.- деп қолдады Әбіл.

Ұзақ жүрді, күннің көзі шыжи бастады, қызыл-сары түске боялып, жолаушылардың тағы бір әлегіне айналды, жолаушылар ақтер-қаратер болып пырс-пырс етіп терлей бастады.

  • Күн қайтадан ысайын деген ба?- деп ентіге сөйледі Шаймерден.
  • Айтпа, ендісі бір үлкендеу тал тауып, соның көлеңкесіне барып бір демалсақ жақсы болар еді.- деді арттағы бір кісі.

Көп ұзамай алдыларынан таулы жерде өсетін үлкендеу ағашты көріп, көңілдері шарпый түсті, сол ағашты жағалай отырды. Отырып, құман-құман суларын алып, шөлдерін қандыра бастады, тамырлары босап, жан кіргендей болып, езулерінде күлкі пайда болды.

 

Енді демдерін алып, шөлдерін басып, естерін жинап, жолға дайындала бергенде - дөңестің арғы жағында жылқының тұйағы тасқа тигендей тақ-тұқ еткен дауыс естіле бастады. Нұрғали бұл дауысты сол сәтте ақ естіді. Қабағын шытып, құлағын жотаға қарай түріп:

  • Естідіңдерма? Жота жақта жылқы тұяғының дауысы естіліп келеді.- деп еді, әлгі адамдар арттарына қарап:
  • Расымен естіліп тұр, бұл кім болды екен? Бұл жерде жайлау жоқ қой, малдарын ешкім жайып жүрген жоқ. Шабандар да көрінбейді.- деп адамдар үрейлене шулай кетті.

У-шу болып тұрғанда сол әлгі жотадан үш-төрт көлеңке бірінен соң бірі көріне бастады. Ақырында сол жотадан үш ат мінген адам бейнесі көрінді. Ап сәтте жолаушыларды көрген қуғыншылар соларға қарай шаба жөнелді.

  • Ойбай-ау! Кұдайым-ау! Кім бұл!? Жау ма, әлде қарақшылар ма?- деп топ қатындары жамырай бастады.

Сол сәтте Нұрғали дорбасындағы үлкендеу қанжалын суырып әлгі қарақшыларды күткендей топ алдына шықты, топта бар-жоғы жеті-сегіз еркек бар еді. Шаймерден қалтасындағы бәкісін қайырып Нұрғалидің жанына тұра қалды. Қалған еркектер де сес көрсетпеді.

 

Ол заман қазақтар орыстардан өлгенше қорқады, ауыл шал- кемпірлері:

  • Орыс - жалмауыз, қанішер, қанатуды ғана біледі, жүректерінде бір мейірім жоқ, қатігез кәпірлер.- деп ауыл жастарын қорқытатын. Бір жағынан орыстардан тек жамандық көріп келген қазақтар басқа не ойласын!?

 

Көп күттірмей, әлгі шабандоздар жақындай шауып, беліндегі қаптан пистолеттерін ала жөнелді. Арадағы шу одан сайын қатая түсті.

  • Жарықтық-ау! өлтіретін болдығой! біткен жеріміз осы ма!? Қайран өмір...- деп айғайлап, жылап, дабырлап топ арасы азан-қазан болды.

Әлгі шабандоздар жақындай түскенде Нұрғали олардың беттерінде ауыл коммунист сымақтарын таныды. Алдыңғы шепте шауып келе жетқан солардың бастығы - қарға бойлы, қалың мұртты, қара көз, қатал реңді, толықтау келген Толғанбай деген қаржау руының еркегі. Аралда ол заман орыстар жоқ болатын, бірақ жоғарыға жеткізіп отыратын сатқын жалмауыз, білгенін істейтін, қаласа дүре соғатын, қаласа айып тағатын бір оңбаған кісі еді. Толғанбайды бала көрсе тұра қашатын, ал үлкендер үн дей алмай жым болып қалатын. Толғанбай өзін мықты санайтын, сол сорлы отыз-қырық түтін үйге «Патшамын!» дегендей бәрінен салық жинап, малдарын заңсыз тартып алып, одан қалса үш-төрт жас қыздарды ермек етіп, қалыңдық қыламын деп масқаралап тастап кеткен кездері де болған. Енді қайтсін, қазақта ау-бастағы тарихтан ауызбіршілік жоқ, би екеу, дау төртеу кездер сирек болмаған. Қорққаннан ба? Әлде ақшадан ба? қазақта сатқындық пен әлсіздік аз болмайтын. Ақ патша құлап қызылдар билікке келген соң әр жерде коммунист деген пәле шыға бастады, солардың бірі осы құтқа Толғанбай.

 

Толғанбай әлгі жолаушыларды қол астындағыларымен қоршап, пистолеттерін сермеп, мұрындарына тақап дәлденді.

  • Қашқындар! Жандарыңды аламын! Соттаймын! Бәрің атыласыңдар!- деп ақыра бастады.
  • Жап аузыңды, күшік! Елді қорлағаның жетпей, енді адамдарды өлтіруге көштің бе!? Жетпегір!- деп батырлана зіркілдеді Нұрғали.
  • Ә-ә-ә, Нұрғали! Бауырларыңмен қосылып бұл көштің атамандары сеңдер екенсіңдер ғой, жауапқа бірінші тартыласыңдар! Қаруларыңды тастаңдар, беріліңдер, әйтпесе атамыз!- деп пистолетті қатындарға қаратты.
  • Тыныш! Сөйлемеңдер! Қыңсылдамаңдар!- деп әлгі қалған Толғанбайдың қол астындағы адамдар әйелдердің ауыздарын жапты.

Нұрғали мен еркектер қатындарына қарап, шаралары жоқ екенін түсініп, талпыныстары зия қалып, қаруларын Толғанбайдың астына лақтырды. Толғанбай аттан түсіп, қаруларын жинап:

  • Осы сендердің әулиеттерің мықты қанжал, пышақ, бәкілер ұстайсыңдар, бекерден байдың балалары емессіңдер.- деп қаруларын сөмкесіне сала беріп:
  • Ойбай-ау, мынау кім бізге бейшара нан кесетін пышағымен қарсы шыққан!?- деп жындана күлді.

Атқа қайта қарқып мініп:

  • Түсіңдер алдыға.- деп байқұстарды қайта ауылға баптады.

 

Тау жота ғой, шығу қиын, түсу оңай, тез-тез бүгін қонған ауылдарына қалай жеткендерін де меңземей қалды. Ауылды жағалай өтіп барып, кісен салған тұтқындар сияқты, болашақтары не боларын білмей келе жатқан адамдар қайғырып, бастарын салбырата түсті. Бір уақытта арттағы Толғанбай Шаймерден мен Нұрғалиді шауып жетіп:

  • Ал, не істейміз? Правкомға айтамыз ба? Бір- екі күнде қаладан старшиналар комиссиямен келу керек, оларға қашқындарды жеткіземіз бе?- деп қу дауыспен бір нәрсені меңзегендей болды.
  • Не қалайсың бізден, неміз бар!? Бәрін тәркілеп алдыңдар ғой!- деді Нұрғали.
  • Бір нәрсесін қылып шешеміз ғой, уайымдама.- деп қарқ-қарқ күлді.

Сонымен кеткен бір топ адамдар ауылға жетті, көңілдері қандай ауыр болмасын, ішінен біраз ауыр тас түскендей, өлсек өз жерімізде өлейік дегендей болды.

 

Ақыр аяғы Толғанбай қашқан еркектерді абақтыға қамап, қалған қатындарды қоя берді. Қартайды ма екен? Немесе жүрегі жібіді ма? әйелдерге тиіспеді. Бірнеше айдан соң абақтыдағы еркектердің туыстары бірер анадан, мынадан, нағашы туыстарынан қарыз мал алып, бар жиған терген мүлкін Толғанбайдың алдына әкеліп берді.

  • Міне, қаласаңдар табасыңдарғой.- деп онсыз да аштық уақытында халықты тағыда қанатып, дүниесін тартып алды.

Сонымен еркектер абақтыдан шықты. Алланың тағдыры ғой, қайтеді, бастысы бәрі аман, қалғаны болады ғой, деген оймен бұрыңғы өміріне қайта оралып, бар тірліктері сол баяғы қара жұмысқа қайта оқшауланды. Бұл ауыртпашылықты тек Алланың қолдауымен сабыр қылуға болады.

 

Аман-есен оралған соң Нұрғали мен Қанияның туған қызын ырым қылдырып, Аллаға шүкіршілігін айтқандай атын Аманжол қойды  әкесі - Нұрғали.

Майдансыз, тылдағы жұмыс

 

      Аштық жылдарынан соң бір қайым уақыт та өтті, ел есін жинап, жаңа күш-қайратпен өмірлерінің жаңа беттерін аша бастады. Бұл жолы хикая сол баяғы аталмыш Арал колхозының қарапайым адамдары жайлы болады.

           

Таң атуға әлі біраз уақыт бар, молдалардың тахажүт намазын оқитын кез әлі бітпеген, күздің  лебіз желі орманды ағаш жапырақтарымен күлдірлеп шыр- шыр етеді, дала тым-тырыс, жаңа туған айдың сәулесі таудан аққан тоғай суының жүзінде жалт-жұлт етіп, күміс құйғандай таңба басып тұр. Осы ауылдың шығаберісіндегі төрт-бес үй кішігірім, бірақ жаңа салынған үй бар, сол үйде өмірі тыным таппайтын, таң намазына тұрған молдалардан ерте тұратын, істейтін ісі бітпейтін, таң атысымен даласына су сеуіп, сыпырып, даласын жиып, пешін ашып тазалап, оның күлін шығарып, отынын әкеліп жағып, бала- шағасының кірін жуып, киіз-көрпелерін қағып, тапқан төрт-бес кесе бидай ұнын алып, оны илеп жайып, ысыған қазанына бауырсақ қылып кесіп салып, күйеу, бала-шағасының таңғы асын даярлайтын Нұрғалидің әйелі - Қания тұрады. Үй ішінің бірі ерте, бірі кештеу, бірі сабаққа, ал бірі жұмысқа барады. Соның бәрін жайіна келтіретін осы кісі. Қазанына түскен бауырсақ майға тиіп быж-тыж етіп, бүтін үйді хош иісімен жаулағандай болады. Бұл қатынға үй ішін оятудың қажеті жоқ, керек адам өзі-ақ мұндай дауыс пен иістен тұрып кетеді.

 

Бауырсағын пісіріп бола бергенде, арғы бөлмеден көзінің қарашығы, ұзын шашты, томпақтау бетті, мөлдіреген қоңырлау көзді, кішілеу бойлы, жымыйса, беттерінің арасынан терең шұңқыр пайда болатын үлкен қызы - Аманжол, ұйқылау дауыспен апасына жақындап:

  • Апау, бауырсағым. - деп саусағының ұшымен жаңа піскен бауырсақтарға шошайтып қаратады.
  • Тұрдың ба қалқам!? - деп қызының белінен қысып, бетінен шолп еткізіп сүйіп алды.
  • Қазір сәнім, әдемілеп тұрып шай беремін, мен ас даярлағанша сабағыңа жинал. - деп жымия қарап, арқасынан сипап жібере берді.

Ортадағы дөңгелек үстелге ыстық бауырсақтарды төгіп, үйіндегі бар тамағын үстелге қойды. Ол арасынша күн де атып шықты, шайін жасап, самаурыны қайнағанша, үйдің төрінде жатқан шалы да оянып, сыртқа дәретін алуға шықты. Қанияның сол кезде бар арманы – үй, бала-шағасы аман болып, бір тілім наны мен жұтым суы таусылмай, шалымен бірге қалған ғұмырын тыныш кешу, бұндай арманды Қания күнде бала-шағасымен ыстық бауырсақ жеп отырып  ойлайды.

 

Аштықтан бері он жыл өтті, Нұрғалидің отбасында одан бері үш бала туылды, бары төртеу: үлкені Аманжол, одан кейін туған тете бауыры Елубек пен екі қыз Айнакүл мен Мәрия. Биыл Аманжол үшінші сыныпқа барады. Арал колхозы отыз-қырыққа жуық түтіннен тұрған соң, бұл ауылда мектеп жоқ еді, ал ең жақын мектеп осы ауылдан сегіз-тоғыз шақырым жердегі көрші Амангелді деген ауылда. Сондықтан балалар таң атысыменен ауыл сыртына сегіз тоғыз бала болып жиылып, бірге барып, бірге қайтатын. Таң атса болды, жол көрінгенде, Аманжол  апасы салып берген төрт бес бауырсағын сөмкесіне салып алып, бар оқулықтарын алып, ауыл сыртында жиылып жатқан балаларға қосылады. Балалар бір ілім алу үшін сонау алыс шақырым жаяу жол жүріп қатынайтын. Қазір күз ғой! Таң ерте атып, қараңғы кеш батады. Ал қыс уақытында, түсте басталатын сабаққа балалар аң-таң болмай шығып кетеді.

 

Дала ызғары суық, таулы, орманды мекен болған соң, бұнда көкжалдар да кей кез жолға шығып тұрады, ата-аналары шығарып салайын десе колхоз комитеті оған қарай ма!? Келдің бе, жұмысқа адам басына бір кесе бидай береді, келмедің бе, ол да жоқ, сондықтан ата-аналары, әсіресе қысты күні, аш қалмасын деп талмай жұмыс істейді.

 

Ал балалар болса, харекетін ыңғайлап, мектептеріне әкелері жасаған таяқ ұшына ескі шүперектерді байлап, қараңғыда жағып жолдарын сонымен көреді, жол алыс, бір топ бала бірге жүреді, үлкені бар, кішісі бар, барлығы бір-біріне қамқор, жиылғанды жау алмас демекші. Аман-есен барған соң, бар-жоғы латынша хат танып оқу, есеп шығарып қарапайым арифметика есептеу. Ал енді түстен кешке дейін оқып, кеш аязына қалып, балалар қалай келді, солай қайтады. Ауылдарына жақындай түскенде әке- шешелері үйлерінің терезесінің алдына шамды жағып қояды екен, сонда балалар үйлерін танып:

  • Ә- ә- ә! Анау менің үйім, мынау менікі – деп тас қараңғыда үйлерін тауып кіреді.

Байқұс балалар, кішкене білім алу үшін сондай қиыншылықты да көретін. Сонда да көрші ауылға барып оқыса да, жыланбай Аллаға шүкірлерін айтып, ризашылықпен баратын, әсте ол кезде хат танып жазудың өзі әр баланың арманы еді. Заман- ай!!

 

Осылай Аманжол өзінің үш жылғы мектептегі өмірін барып келіп оқыды, таңертең мектеп, түстен кейін колхоз жұмыстары, ойлана қарасаң ол заман балаларының ойын-сaуық қылып, бос серуендеп, мәйек қылып жүретін мұршалары да жоқ.

 

Аманжол үшіншіні оқып жүрген уақыт еді, Алла балалардың сабырлығына сый еткендей, дұғаларын қабыл еткендей, Арал ауылында тұңғыш мектеп ашылады, мектеп дейтіндей кішігірім ғимарат, ондa бар-жоғы үш-төрт сынып, екі-үш ғана мұғалім бар еді. Аманжолдың сыныбына жаңа түскен мұғалім ұзын бойлы еркек, арықтау денелі, жіңішке аяқты, қара мұртты кісі еді. Аманжолға ол кісі өте оқыған, тоқыған, білікті болып көрінді, бірнеше сабақ берген соң расымен солай болып шықты, ондай мұғалімдер әр ауылға кезіге бермейтін. Ол кісі сабақ бергенде, балаларға өз білімімен бірге, ішіндегі жан дүниесін де бергісі келіп тұратын, балаларды қатты жақсы көретін, шуласып жамырап қаншама сұрақ қойса да, бәріне сабырлықпен жауап беріп, нық түсіндіретін. Ол мұғалімнің бар арманы - қазақ балаларын надандық пен қараңғылықтан шығарып алу еді. Сонау атылмай тұрғандағы Байтұрсынұлы, Дулатұлы, Жансүгіров сынды атақты ұстаздардың рухымен сусынданған мұғалімдердің бірі еді. Соның арқасында балалар көп білім алып, латын әліпбиін жетік меңгерді, есептерді де жақсы шығарды.

 

1941 жыл, бұл жылы аштықтан соң қазақтың басына келген тағы бір үлкен қайғы-қасіреттердің бірі болатын. 1941 жылдың жазында, Сталиннің радиодан айтқан соғыс жайлы хабарламасы, КСРО-дағы әр адамның реңін бозартып, жанын түршіктіріп жіберді. Бұл Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдары еді.

 

Қазақ жерлеріне көшірілген, жәнеде жаңадан салынған мылтық оқтары мен оқ дәрілер, әскери техника мен провизия даярлау заводтары ашылып бастады, онда жұмыс істейтін өңкей қазақтардың қарапайым адамдары еді. Қазақстан соғыс жылдарында экономикалық жәнеде стратегиялық маңызы зор елдердің ірісі еді. Соғыс жылдарының басында-ақ қазақтарға бұның бәрі ауыр тиді. Содан соң қазақ жеріндегі әр қаладан, әр болыс округтан және қарапайым ауыл-поселкілерден жасы келген азаматтарды солдат қатарларына алып кетіп отырған, ал қаламағандарды күштеп, тіпті ұрлап та кетіп отырған.

 

Сөйтіп, 1941 жылдың жазында, Алматыда, Жетісу жерінен жиналып жасақталған 316-шы атқыштар дивизиясы құрылды. Соның арқасында бұл дивизия 1941 жылы Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа қатысып, жеңіске үлкен септігін қосты.

 

Сол жылы, Арал колхозында әскерге алып кететін арнайы комиссия келіп, бүкіл жарамды еркектерді соғысқа алып кетіп жатты, оның ішінде атамыш мектеп мұғалімі де бар еді. Әскерге кетерде ағайлары оқушыларын қимай, ауыр сезіммен, аз уақыт болса да бауыр басып қалған балаларына үлкен үміт артып, болашақта біреуі болса да қазақты қараңғыдан шығаратын үлкен кісілер болатын деп сеніп, бар жігерін жинап, отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Әйтүп-бүйткенше, бұл кішкентай ауыл мұғалім тұрмақ, ер азаматтарынан да айрылды, содан ауыл саны күрт азайды.

 

Мұғалімсіз қалған балалар, бұдан әрі қалай оқу оқитынын түсіне алмады. Бірнеше аптадан соң, ауыл старшындарының кеңесімен, бұрын айтылған Амангелі колхозындағы мектептің 8-ші сынып оқып, терең білім алмаған жас қыз ауылға келіп, балаларды оқытып жүрді. Ол қыз бүкіл көктемнің аяғын оқытып шықты.

  • Әйтөуір білім ғой. - деп амалдары жоқ ата-аналар балаларын мектепке жібере берді.

Рұқсат бермегендер де болды.

  • Әлі өзі оқып бітірмеген білімі тапшы қыздан балалар не оқиды!? Оданша уақыттарын босқа өткізбей, бізге көмектессін. – деп мұрындарын көтергендер де аз емес.

 

Ауыл ер азаматтарын соғысқа жіберген соң, ауылда тек бала-шаға мен қатын, кемпір-шалдар қалды. Үйлері отағасыз, еркексіз, малтабарсыз, майтабарсыз қалды. Енді не істейді!? Не істесін, өмір сүреді де, онда не жұмыс бар, сол баяғы шөп шабу, қырманға шығу, ауыл сыртындағы өріске бидай-егін егіп, оны шауып, өңдеп, ұн жасап өзін-өздері асырау.

 

Ол заман мал да жоқ, Совет өкіметінің орнатқан политикасынан барлық мал тәркіленіп, фермаларға өткізіліп отырды. Ауыл балалары да жұмыс істейтін, олар әке-шешелерімен өріске шығып, бөлініп, қатындар шапқан шөпті тырмамен жиып, оны байлап, байлайтын жіп те жоқ, құрғыр! Ол шақта, балаларды өзеннің жағасына жіберіп, қамыс арасында өсетін балдырларды жұлып әкеліп, оны кептіріп, нықтап, бір-біріне қосып байлап, арқан сымақ қылдыратын, содан соң барып, жіп қылып орған шөптерін байлайтын. Әр нәрсе, әр сайман қолдан жасалатын, сайман демекші, бәрін сол Аманжолдың әкесі Нұрғали бүкіл ауылға сайман, тырма, күрек, шалғы, орақ, аша секілділерді өз қолымен жасайтын, үлкен беделді ұста болатын, онда ол орта жастан асып, ақыл тоқтатқан еркек болатын, сондықтан әскерге де бармады.

 

Балалар жинаған шөпті  ат арбаға салып, былай тұрған дәу бір шөптің маясына апарып төгіп, үйіп жинайтын, соның бәрін он бір-он екі жасар ұл-қыздар жасайтын. Аманжол, шешесі орған бидайды да жинап, байлап, буып, содан соң апарып, малатас жаққа тастайды. Тырмамен жиылған астықтың, бір-екі тал шөбі қалса, ауыл шалдары:

  • Әй, қыз! Жина ана шөпті түгін қалтырмай! - деп  ақыратын.

Сондықтан бүкіл бидай, шөпті тиянақты жинап, ісін дұрыс жасайтын, яки тамақ қой дегендей.

 

Балалардың апарған бидайын ауыл шалдары малатасқа салып, астықтың сабын бөлек, дәнін бөлек баптайтын. Малатас деген өзі, ол кезде ортасы кішігірім тесік, ал өзі үлкен дөңгелек тас, оның екі жағына атты немесе өгізді байлап, сонымен бидай ішіндегі сұлыны  уақтайтын. Оны ауыл диқаншылары жазы-күзі піскен бидайды сабағынан дәнді бөліп алу үшін қолданатын, жалпы, бұл құрылғылар сонау бабалардан қалған техника. Балалар бұнда да демалмайды, олар сол малатасты сүйреп отырған ат-өгіздерді айдап отырған. Одан әрмен сабағынан арылған бидай, үгітіліп болған соң, оны ауыл шалдары барып жинап, бір жерге үйетін. Ал, сол арасынша балалар, шалдар жинағанша кішкене барып демдерін алады.

 

Шалдар асыл бидайды жинап болған соң, күрекпен алып, оны ары лақтырып, бері лақтырып ұшырады, яки ұшырғанда артық қоқым, тал, түйіршіктер ұшқан желмен ұшып кетіп, ақырында аппақ қардай бидайдың өзі қалатын. Осының бәрін істеп болған соң, әлгі бидайды барлығы дағараға салып, көтергендер бір-бір мөшектен арқалап, ал қалғанын бес-алты мөшек көтеретін  ат арбаға салып,  ауыл ішіндегі қоймаға апарып өткізеді.

 

Жаңа егін егу үшін ауыл қариялары соқаменен жер жыртады, ол соқаның темірі мен саптарын тартып отыратын өгіз бен ат, соларға соқаны арқанменен тіреп, айдап отырып, жерді жыртып, аударып отырады, жер жырту процедурасын ауыл шалдары мен үлкендері өздері жасайды, ал енді балалардың рөлі, осы өгіз бен аттың жүгендерін нық ұстап, қисалаңдамай, белгіленген жолмен түзу жүру, қиыс айдасаң, баяғы ауыл шалдарынан балалар ұрыс еститін, яки тиянақты жасау керек. Ол уақыттарда добалдай өгізді он бір-он екі жасар балалар қорықпай айдайтын десе, мүмкін күлкіге де қалатын шығармыз, бәлкім, бірақ ол сол заманның шындығы, парқы келгенде балалар көп шаруа тындыратын, әсіресе осындай қиын заманда, неткен зор еді сол заман балалары.

 

Бірақ осы Арал колхозындағы балалар арасындағы шаруаға ең біліктілердін бірі - Аманжол еді, іс істесе дәл, ықыласпен істейтін, ол қыздың жас кезінен-ақ көрмегені жоқ қайым, кей ауыл ер балаларының істейтінін Аманжол озық жасайтын, не дегенімен ауыл шеберінің қызы ғой. Нұрғали бұрын, есі бір талай кірдіғой деп Аманжолды аңға да алатын, бірге қақпан жасап қоян, түлкі секілділерді ұстайтын, босықты да аулайтын, яки оның майын ем ретінде ауырған-сырқаған жерлеріне жағатын, жас кезінен білікті болатын, сырттан да қарасаң қайратты көрінетін. Ауыл шалдары кейде шала істеген балаға немесе мүлдем қолынан келмегенге:

  • Әй, барболғыр! Істей алмасаң, Нұрғалидің қызына бер! - деп ұрсып айтқан кездер де жиі болатын.

Ал Нұрғали шөп шапқан кезде өзінің жанына тек Аманжолды ертіп алатын. Нұрғалидің шөп оратын мәшинесі де болатын, ол бір орынды, ұзын-қиғаш орағы мен үш дөңгелекті, алдына бір атты және артына екі өгізді байлап айдап отырып сонымен шөпті шабатын, бұл мәшинемен қолдануды Аманжолға да үйреткен:

  • Түзу жүр, тек ілгері, жан-жағыңа қарама, қиыс кетсең шөбің дұрыс орылмайды, - деп нұсқап отырып бұл істі де қызына меңгерткен.

 

Осы, ауыл жастары мен қарияларының күнделікті істейтін істерінің бірі, бұдан олардың алатыны күнделікті адам басына берілетін бір кесе бидай ұны мен әлгі аталмыш сиыр фермасындағы фермерлер, ауыл адамдарына күн ара бір литр сүт береді һәм әр отбасыға айына бір рет, бір келі ет береді, осыны ауыл халқы күн сайын жинап, қыста аш қалмас үшін тамақтарын қысқа жияды, неге десеңіз!? Өйткені қыста не жұмыс!? Бар болғаны ұйқыдағы аю секілді көктемді күтіп сабыр қылу. Әсте, не дегенімен, Нұрғали отбасын аш қалтырмаған, аңшығой не дегенімен, қыста қоян ұстап, кей кез елікті де буып әкелетін.

 

Ауыл іші, бір жұдырық. Иін тіресіп істеген шаруаларын бірге, я болмаса бір-біріне жәрдемдесе жасайды, жер ойса да, астық ексе де, бидай шапса да, барлығы бір жағадан шығады. Бір отбасы үй соқса, соған барлық ауыл болып бір-екі айда-ақ салып алады. Бұл ауылда соннан бері үйді кезекпен салады, мысалға – алдымен кімнің отауы жоқ соған алғашқы үй құрады. Бадал болып шоғырланған адамдар тарсылдатып үй соғады, сөйтіп-сөйтіп кезекпен, бір халық, мың істі бітіреді. Сондықтан бұл кіп-кішкентай бейшара ауыл ағаш шапса да, бірге шығады, жаз бойы топ-топ болып, бөліне-бөліне отынға барып, айнала толған ағаштың ең тәуір, жеңіл шабылатынын таңдап жүріп барлығы сонымен әуреленеді, тым биік емес ағашты құлатып, оның тамырына дейін қазып алып, ол ағашты екі құлақты арамен зыр-зыр етіп кесіп алады, әркімге өз нәпәқасі тиесілі, сондықтан «сен көп істедің, аз істедің» деген дау жоқ, би біреу, бас төртеу, талас жоқ, ымыра бұл халықтың медеуі.

 

Соғыс жылдарында осындай қарапайым ауылдар қатты зардап шеккен, малтабарларынан айрылып, аңырап қалған бейшара халық, осындай аштықты да көруге мәжбүр еді, дегенмен отызыншы жылдардағы «Ұлы жұттан» қарағанда тәуірлеу, одан қалса соғысқа кеткендерді де сары уайымға салынып, жағдайларын одан әрмен ушықтыратын. Соғыс майданы қазақ жеріне жетпесе де, лебізі бұнда да барып тұратын. Соғыс жылдарынан соң Сталиннің «Соғысты жеңген мен емес, менің генерал-маршалдарым емес, жеңген қарапайым қара харық» деген сөздері еді. Шын мәнінде бұл соғысқа солдаттардың ғана күші емес, еңбек сіңіріп, әр ауылдан жиналған астық пен провизия, мал жүндері, соның бәрін істеп отырған Арал секілді колхоздардың еңбегі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үштөбе - трактор училищесінде

           

1945 жылы соғыс біткен соң, КСРО мемлекеттері талай жылғы соғыс нәтижесіндегі қирап-бұзылған инфраструктура ғана емес, сонымен қатар экономика мен социялдық тұрмысты қарқынды көтеруге кірісті. Неміс фашисттерінің құртып-жойған қалалар мен поселкілерді қайта салу, басшылардың нақты бір нысанасы еді. Мәскеу, Ленинград, Сталинград секілді шабуыл астында қалған ірі қалалар қатты зардап шекті, бұндай қалалар көп болатын, соның бәрін қайта жөндеу мен құру көп күш пен материялдық керектілікті қажет еткен.

 

Ол кезде қаражат пен тас, көмір, темір сияқты материялдар қажеттілікке бірінші орында тұрған. Бүкіл КСРО мемлекеттерінде көптеп завод ашылып, бар заводттар аузы-мұрны толғанша, күні-түні жұмыс істейтін. Олардың бірі - қазақ жеріндегі Қарағанды көмір табу шахталары еді, бүкіл КСРО - дағы көмір шығарудан бұл шахталар алдыңғы қатарда еді. Соғыс жылдарының өзінде Қарағанды шахталары 45722 мың тонна көмір шығарып өңдеген. Шахтадан бөлек, Қарағандыда машина жасау заводы мен таулы жабдықтарды жасау заводтары бар еді.

 

Қарағанды, сөйтіп соғыс жылдары болсын, содан кейін болсын, КСРО үшін маңызы ең зор қалалардың бірі еді. Ал енді бұл заводтарда жұмыс істейтін өңкей әкелері, күйеулері, балалары мен бауырлары, соғысқа кеткен жас, балағат жасқа толған балалар мен қатындар еді. Шахталарда шахтерлар істейтін, бірақ жас өспірімдерді соларға көмекші ретінде жіберіп отыратын.

 

Енді соғыс біткен соң, ол шахталар мен заводтар әлі де сол қарқынын жоғалтпай еңбек ету керек еді, яки елді көтеру үлкен мөлшерде көмір мен таулы материялдарды қажет еткен, сондықтан он алты жасқа толған ер-қыз балаларды шақырта бастады. Бүкіл Қазақстан бойынша, қала болсын, кішігірім кент-ауылдар болсын, бүкіл жерден жұмылдырылып отырылған, барғандар кетті, бармағандар не айыпталып күшпен әкетіліп, не оқуларында болған, яғни ешкім бос жатпады.

 

Ол заман балаларды партия жұмыстарында болу керек еді, не оқу училищелерінде курста болу керек еді. Арал колхозы да бұдан суырылып шыға алмады, соғыс енді бітіп, ер азаматтары қайтып келіп жатты, келмегендер де болды, не болсын, былыққан кездер, оның үстіне балаларды шахта-заводттарға әкету жарлығы шығып жатты, ата-аналар балаларын не училищеге беру керек еді, не жұмысқа.

 

1946 жылдың көктемі, арайланған көктем таңдары жайнап, адам жанына жылу сеуіп тұрды, сәуірдегі соңғы жауған қардан еріген су тұп-тұнық болып, жаңа тазаланған арықтардан мөлдір ағып жатты. Ағаштардан атқан бүршіктер, Алланың жаңа өмір бергендей пәк атып тұрды, айнала жамылған жасыл шөп, көгал, шалғын, бей-бақап, ауыл ағаштар қойнында, жағалай аққан өзен мен ала-ала таулар көрінеді. Ауыл тұрғындары соғыстан аман келген ер азаматтарына әлі мауқын баса ала алмай жүр. Шамалары келгендер кішігірім той жасап жатты, не деседе қуаныш еді.

 

Аманжол ол жылы он алты  жасқа толды, бой жетіп, көркейіп, жайнап тұрған жасы еді. Бұрыңғыдай емес, Нұрғалидің үйінде кісі көп, өзі бар, әйелі бар, һәм онымен қоса төрт бірдей баласы бар.

 

Соғыс жылдарында шешелерінен айрылған, әкелері фронтта жүргенде, далада қалған Нұрғалидің Қаримолда деген інісінің Құлдыбай мен Күлия деген бір ұл, бір қызын өз асырауына алды, қайтеді енді!? Туған інісінің балалары емес пе!? Онсыз да қазақ ешқашан жетім-жесірді бос қалдырмаған халық қой, шіркін!! Тар заман болмасын, көңіл сыйса бәрі сияр демекші, бір жұдырық болып түйілген ауызбіршілігі мол отбасы еді. Соғыстан соң ел мен ауылда бәрі ақырындап жақсарып келе жатты, ауылда сол баяғы қара жұмыс пен біркелкі өмір еді. Нұрғали сол баяғы кейде аңға да шығып тұрады, бірақ бұрыңғыдай емес аптасына бір-екі рет шығады, қартайды ол да, әлі кетіп те қалды, аптасына төрт-бес қоян ұстап әкелсе, соған да шүкір. Жол жөнекей орманды далада өсетін зверобой деген шөп болады, өссе, отыз-жетпіс сантиметр биіктікте өседі, өзі қалың сапты төбесінде түйіршіктелген дәндері бар, ал гүлдеген кезде, үсті сап- сары болады, соны жұлып үйіне әкетеді. Әкелген азығына үй іші риза, ал әлгі шөптен Қания шай жасайды, ол заман шай тұрмақ, нан табу қиын заман еді, ал енді сол шайді қалай жасайды десеңізші!? Алдымен өсімдіктің төбесіндегі дәндерді аршып алып, жуып тазалап, содан соң әлгі дәндерді кептіреді, кепкен дәнді содан соң фермада күн ара беретін сүтіне қосып, қайнатып, араластырып отырып пісіреді, сүзеді, пісіріп болған соң, қазанда барлығы араласқан дүние, сап-сары болып қайнағанда, шай етіп ішіледі. Кейде күйеуі көрмеген кездерде, жасырып көршілеріне кепкен шайді апарып береді, біледіғой, шалы тағы да әкеліп беретінін, ал енді Нұрғали беріп жүргенін біліп қойса, шатақ шығарады:

  • Әй, алдымен өзіңді жарылқап алсаңшы!- деп ұрсатын.

Жоқшылық болса да, көрші күлеңмен бір нанды, бір шайді бөліскен қазағым ай!!!  

   

Халық сол бұрыңғыдай еңбегін етіп, хаяттарын тыныш кешіп жүрді, жазғы қырманға шығып, шөптерін жинап, жерлерін жыртып, бұрыңғыдай қиыншылық жоқ, әсте сол баяғы қара жұмыс. Балалар аға-жеңгелеріне көмектесіп жүр, кей адамдар округ тапсырған малды бағып кетті, соғыстан соң кішкене болсада жағдай дұрысталып келді.

 

Бірер уақыт өтті, қызу жұмыс науқанында, күннің шыжыған кезі еді, бүтін ауыл ыстық-суық демей, пысынап шаруаларын істеп жүрді, астық егілген өріс ауыл сыртында еді, яки ауыл іші ну орман, астық салу қолайсыз. Ауыл кіреберісінде жұмыс қылып жүрген адамдар, шыжыған күнде қала жақтан көлеңкелетіп келе жатқан екі кісіні байқады, жақындай түскенде анықтап бақылағанда, бірі қазақ, ал бірі орыс еді, орыс қазаққа ашуланып, айқайлап келе жатқан көрінді, орыс ұзын бойлы, сап-сары, көк көз сол баяғы барлық орыстар секілді байқалды. Біраздан соң, әлгі адамдар ауыл сыртындағы жұмыс істеп тұрған кісілерге де жақындап, қазағы:

  • Ассалаумағалейкум, Жақсысыздар ма? Істеріңізге жеңілдік, - деп жұмысшыларға қарай сөйледі.
  • Уағалейкумассалам, аманбыз, кім боласыңдар? Қайдан келдіңдер?- деп ауыл старшындарының бірі меймандарды қарсы алып, мән-жай біліспек болды.
  • Мен Ертай боламын, ал мынау Василий деген кісі. Бұл кісі қала округынан жіберілген хатшы, ал мен жай тілмашымын.- деп жауап қатты әлгі қазақ.
  • Бізге осы ауылдың әкімшілігі керек еді, ғимараты қай жерде? Айтып жібермейсіз бе, жеткізетін хатымыз бар.
  • Ә- ә- ә, әкімшілік пе ? Жақсы, қазір сендерді жеткізіп жіберемін. – деп қалған жұмысшыларға өздерің жасай беріңдер дегендей қолын сілкіп, кісідермен бірге ауылға кіріп кетті.
  • Досың ашулығой, бір қиыншылық болып қалды ма?- деп сұрады старшын.
  • Йа, көрші ауылдан келе жатқанда, осы ауылдың маңында мәшинеміз сынып қалды, содан ыстықта біраз шақырым жаяу келдік, соған ашуланып келді Вася.
  • Ә- ә- ә, енді не істейсіңдер? Көмек қажет пе?
  • Жоқ аға, біз шопыр баланы артқа, көрші ауылға жібердік, сол жерден көмек мәшине келу керек, соны күтеміз, екі-үш күнде келер бізді алып кетуге. – деді тілмаш.
  • Е- е- е, жарайды онда, біздің үйде мейман боласыңдар келгенше.- деді старшын.

Ауыл әкімшілігіне келгенде, әлгі адамдар бір бөлмеге кіріп кетті, ішінде отырған ауыл округының басшысымен біраз сөйлесті, шыққан соң басшының қолында бір тілім қағаз тұрды, ол қағазды әкімшілік сыртындағы тұрған стендке апарып, қағып, жария қылып іліп қойды, онда айтылғаны, хаттың өзі еді, бұнда кезектегі Арал колхозының жасөспірім, он алтыға толған ұл-қыздарды жұмысқа тарту үшін құрылатын комиссия жайлы жазылды. Бұл хатты оқыған кей қатындар, бүтін ауылда шу шығарып:

  • Ойбай-ау!!! Мыналар аштан өлтіріп, солдатқа әкетіп, енді қалғаны балаларымызды қара жұмысқа салып, қазақты түгелімен жоймақшы ма? – деп зарлап дау басталды.

Ақпарат бүкіл ауылға тез тарады, мейман болып келген хатшы мен тілмаш сол сәтте-ақ ауыл жауындай, суық хабар таратқандай көрінді. Ауылда, Аманжолмен қоса, он бес-жиырма жеткіншектер бар, олардың көбісі - ер балалар. Келген хатшы мен тілмаш кеш батқан соң бағанағы ауыл старшынының үйіне барып қонды.

 

Олардың әлі комиссия келер алды, тағы, бар балалардың құжаттарын жинап, дұрыстап қою керек еді. Бұны естіген Нұрғали, қапалана түсті, не істерін білмей де қалды, ауыл балаларының көрмегені жоқ, жас тайынан көп қара жұмыс істеп, аштық пен соғыстың ызғарын сезген балалар, тағы бір қиыншылыққа тап болатыны ауыр тиді. Қызын ит өлген жерде орналасқан, еркектер мен қайдағы жоқ қатындар арасында жұмыс істеу керектігін есіне салса, іші бұратылып, реңі қашатын, бір жоспар ойластыру керек, қызын ол жаққа жібергісі келмеді, бірақ қызын ол жерге жібермеу үшін, бір әрекет жасау керектігін үй ішімен ақылдасуға бел буып, кеште үйінде құрылтай болатынын шешті.

 

Күннің батысы қан шашылғандай, күннен қалған іздер бозара қызыл болып батты, ырым бойынша ертеңгі күн қайта ысыйтынын жеткізгендей көрінді. Қараңғы да түсе бастады, әлгі хатшы жатқан үйдің айналасында тым адамдар көбейіп кетті, ауыл ішінде орыстар соғыс уақытында жоқ болатын, енді соғыс жылдарынан соң ауыл саны біраз көбейіп, ауылға немістер мен шешендер қоныс аударған бірнеше үй бар еді. Енді орыстар бұл ауылға жиі келе бастады. Далада жүрген қатындар мен кемпірлер хатшының үйін қоршап, тыңшы секілді ары бері безіп, құлақтарын түріп, сығалап, үйді аңдып жүрді. Даладан:

  • Ә-ә-ә, құрғыр сатқын! сорлы қазақ! орыстармен қосылып, бізді түбегейлі құртпақшы, балаларымызды әкетпекші! - деп сыбырласып, әлгі тілмашты қағап отырды.
  • Тыныш! Естіп қояр, жай сығалап, не айтарын естиік - деп хатшы мен тілмаш арасындағы сөзді орысша білген сымақ әңгімелерін тыңдап тұрды.
  • Неғып мында шайтан ұқсап, түн батқанда үйлеріңе бармай, кезіп жүрсіңдер топырлап!? - деген старшынның дауысы әлгі қатындардың зәресін ұшырды.
  • Ойбай-ау! Естімейсің бе!? Бұлар мұнда біздің балаларымыздың тағдырын әңгіме қылып отыр, мен Қарағанды деген сөзді естідім, бұлар балаларды ФЗО-ға әкетпекші. – деп қатындар бір-бірін араңдатып, шулыстырып тұрды.
  • Ақымақ қатындар, не орысша білмейсіңдер, ал бір сөзді естіп ап, бақырып, жылап отырсыңдар, қане тараңдар, балаларыңа тамақ беріп, байларыңа бармайсыңдар ма, маза беріңдер, бір жаңалық болса, өзім күйеулеріңе айтамын, барыңдар! – деп тұрған бір топ әйел-кемпірлерді қолымен сілкіп таратып жіберді.

Даладан дәретін алып, күрсініп:

  • Байшара қатындар ай! Қиын болды бұларға. – деп басын сілкіп, сүртініп, үйіне кірді.

 

Үйіне кірген соң меймандардың алдына, атағы көкке шарлаған Жетісудің қымызын құйып, жаңа сойылған қойдың етін әкеліп қойды. Әлгі орысты тілмаш Вася дейтұғұн, Вася қымыз толған тостағанды мұртына апарып, ұрттай бергенде, денесі тітіркеніп, аузынан гу-гу дем шықты, денесі қызып, хор қыздар арасында жатқандай, сегіз бірдей еркектің күші мінгендей болып қалды. Қымыздың соншалық балдай тәтті болғаны, жымиғанда аузы құлағына шығып кетердей болды, бұндай қымызды орыс бұрын соңды ішпеген. Жетісу десе, әлем таныр өлкенің аузыңа салсаң еритін етті жеп, масайтатын қымызын ішіп келген меймандар бір рахаттанып қалды. Орыс пен тілмаш әлі біраз сөйлесіп отырды, не әңгіме соғып отырғанын білгісі келіп бара жатқан үй иесі сөздері бөлуге ұялып, әлгі орыстың жатып қалғанын күтіп отырды. Айтқанындай, біраздан соң әлгі орыс қымызды ішіп-ішіп мұрттай ұшты, ал қазақ қымызды бірінші рет ішіп тұр ма? Тойып болған соң, қалтасынан бір шылымды алып, далаға шығып кетті, артынын шал да кетті:

  • Шегесіз бе?- деп қалтасынан бір қорап шылымды алып, старшынға ұсынды.
  • Ал тілмашым, бізге айтар жаңалығың бар ма? Ауыл үрейленіп кетті, балаларын Қарағандыға әкете ма деп жылап жүр. – деп қолын қайтармай бір тал темекіні алып, аузын буға толтырып, гуілдетіп шегіп отырды.
  • Не жаңалық болсын, ағатай, Васяның айтуы бойынша соғыстан соң елді көтеру үшін бүкіл қазақ жеріндегі завод-фабрикаларды қарқынды іске қосып жатыр. Бұған жұмылдыратын күш керек, күшті қайдан алсын, сол баяғы қазақтарғой, әр ауылдан он алтыға толған жас балаларды алып кетеді дейді, бұған бізден соң атқарушы комиссия келеді, солар балаларды жиып, алып кетеді,- дейді енді Вася. Аға, енді түсініңіз, мен жай ғана тілмашпын, басқа рөлім жоқ, ауыл адамдарының маған ала көзбен қарағандары әділетсіз, білесіз бе, біз бұған дейін сегіз ауыл- поселкіде болдық, әр жерде маған қарайтын көздер осы, мен бала шағамды асырау үшін білетін орысшамды қолданамын, сатамын яки, нан мен май менде жегім келеді, ал басқалар мені жау көріп, сатқын санайды, мен ешкімнің баласын ешкімнен тартып алған емеспін. – деп түрі мен дауысы өзгеріп, шылымын терең тартып, қапаланып отырды.
  • Е- е- е, балам-ай!! Дұрыс айтасың, қиын болған екен саған, кешір бізді, қатындардың бар болғаны бала-шағасын ойлап отырғаны ғой.
  • Иа аға, мен де түсінем.
  • Ал енді комиссия қашан келеді?- деп сөз ортасынан баланы сұрап қалды.
  • Бір-екі аптада келіп қалады, білмеймін нақтысын. Бірақ балаларға қазірден бастап түсіндіріп айтқаныңыз дұрыс. – деп жауап берді.
  • Жақсы, рахмет балам, ал енді барып жатып демал, шаршадыңғой жолдан. – деп үйіне кіргізіп, төрдегі орынды жинастырып, төсектерін салып, екеуін жатқызып жіберді.

Сол түні Нұрғалидің үйінде үй ішінің жиналысы болып жатыр еді, басты мәселе - Аманжолды жұмысқа жібермеу керек еді, соны Қания мен өзі бар бүкілі жиылып, сұхбаттасып мәселені шешу үшін ортаға әр түрлі ойларды тастап отырды.

 

Бір нұсқаны қарады, болмады, екіншісін қарады, болмады, ақыр аяғы ештеңеге де келмегенін түсінді. Бір кезде Қания төркіндерінің кімі көмек бере алатынын ойластыра бастады, сонда оған бір ой келді, Қания үш әпкелі- сіңілі еді, әпкелері-сіңлілері - Нүриля мен Қамиля, Нүриля әпкесі осы Аралдан бірнеше шақырым жерде Тастыбұлақ деген Арал секілді кішігірім ауыл бар, сонда тұрады,  соған хат жөнелтіп, көмек сұрап көру ойына келді, ол кісі өзіне алып, оқытып, бір мәнісін жасап берер деп үміттеніп, бұл ойын Нұрғалиге айтты, бұны ол дұрыс деп құптады, ФЗО-да белгісіз жандармен жұмыс істегенше, нағашыларына барсын деп шешіп, көңілі бір көтеріліп қалды. Ендігісі қалғаны, уақытты көп жоғалтпай, тез арада Тастыбұлаққа хат жөнету.

 

Ертеңгісі күні, аң-таң демей, Нұрғали азанменен хат жазып, оны ауыл поштасына апарып, Тастыбұлаққа жіберді, ендігісі бар болғаны Нүриляны күту ғана қалғаны. Ауыл старшынының барлық ауыл жиынында айтқаны - келер комиссия екі аптаның ішінде келетұғұны, сондықтан бұл істі көпке создырмай, Аманжолды нағашыларына жіберу, ал үйде Қанияның бар ой-уайымы - осы Аманжол еді. Нұрғалидің үйге қайтып келген уақыты, адам баласының таңғы ас ішетін уақыты еді, үй іші толған бала-шағ. Әсте, бірнеше жыл тұрған Нұрғалидің інісінің балалары, осы қырық алтыншы жылдың көктемінде оралған әкелерімен қайта аман есен қауышып, сонымен өз ауылдарына қайтып кетті, үй іші қимай жіберді, яки бірге бірнеше жыл болды, бауыр басып қалды, бірге бір жұтым мен жапырақ нанды бөлісіп жеді, берге ойнап күлді, соғыстың аязы мен ыстығын да бірге көрді, Нұрғали інісінің екі баласын өз балаларынан кем көрмеді, теңділік пен тепе-тең махаббатпен асырады, ешкімге үзіп-бөліп қарамады, ұрысса, бәріне бірдей ұрсатын, еркелетсе де бүкіліне, әр бала әсіресе шешелері жоқ жетім балалар мейрімділік пен шапағат көріп өсуі қажет, әйтпесе баланың көретіні тек зұлымдық пен қиыншылық болса, бала сырттай ғана емес, іштей де сынуы мүмкін, соны солай түсінген Нұрғали, ол балаларды әкелеріне жібергенде, сол балалардың көздерінде әлі де өмірдің жұқа жібі үзілмей, жүректеріндегі жанған от әлі өшпегенін байқады, бұл соғыста қаншама бала әке-шешелерінен айырылып, іштеріндегі шамдары сөніп, жүректерін қара түнек басып, жападан жалғыз қалып, адами сезімдерді толық көрмей сөніп жаттқандар да болды, махаббат көрмеген бала... Бұндай балаларды елестету де қиын, яғни тамырлары тартылып, жүректерін азынаған аяз болып қатып қалады, сондай балалар бұл қатігез соғыста толып жатты.

 

Қания жақында ғана әкелеріне қайтқан екі баланы жіберіп, ендігісі өз бауыр еті жекеменшік қызын қара жұмысқа бару мүмкіндігін ойласа қажып қалады, оның қазіргі иманы мен үміті хат жіберетін күйеуі мен әпкесінде.

 

Нұрғали шаңырағымен отырып шайларын ішіп тауысып, берекелі дастархан болып ас қайырып, әркім өз шаруасымен шұғылдану қалды, бала-шаға ойнап, үлкендер жұмыстарына жиналып, әркім тымым таппауда, Айнакүл мен Мәрия бірге ойнап жүр, ал бұзық Аманжолдың тете інісі Елубек, сол баяғы Аманжолдан өші бардай оқтауменен Аманжолды қуалап жүр, ол екеуінің басы бір ойынға қосылса арты шатақ болатын, Елубек тынымсын ойнап жүріп Аманжолды бір қағып кетеді, біресе шашынан тартып, мазақы етеді, Аманжол оған бос қарап отыра ма ? Ал ендеше деп жанбасынан шымшып алады, желкесіні қағып жібереді, сөйтіп бір ойында айқай шусыз тыныш бітіре ала алмай, ақыр аяғы төбелесіп қалады, Елубек тентек айтқан сөзді тыңдау жоқ, оның бағынатыны тек әкесінің қабағы мен ары кетсе бір дауысы, осы екеуі төбелесіп қалса, Нұрғали:

  • Нең бар қыз балада!? – деп ұрсады.

Оған Қания:

  • Енді бала емес пе!? Одан қалғаны Аманжолдан кіші. – деп ұлын жақтайды, сөйтіп бұл үй кейде екі фронтқа бөлініп қалады.

Бұлардың ойнап күлуі де Алланың басты аман қалдырғандары, бұлар әлі бала, бірақ аштық пен соғысты бастарынан кешірген байқұстар, бала кездерінде не ойын бар дейсің, ойынның орнына барып шөп жинап, малакөшпен апарып маяға жинап, бидай тырмалау, өгіз бен жылқы айдап малатасты айландыру, жер жыртып, шөп шабу, осы болатын балалардың өмірінде көрген қызығы, олар қала-поселкілерде тұратын ақсүйектердің ақсаусақ болып жатқан балалары емес сірә, яки отбасын ойлап, әке-шешелеріне қызмет етіп жүрген балалар. Нұрғали әрдайым өзінің отбасының материялдық жағдайы ғана емес, рухани, іш дүниелерін де көтеріп жүреді.

    

Екі-үш күннен соң ауылға қонақтағандай болып келген Қанияның әпкесі Нүриля да келіп жетті, олар да тез арада шұғыл жұмыспен шақырған жерден кешікпей баруға тырысты. Әпкесін көргенде Қания қатты қуанды, жақсылап күтіп алып шай, майын беріп, демалдырып, көптен көріспеген әпкелер бірге ұзақ сөйлесіп қалды, кеште Нұрғали келген соң бәрі дөңгелек келген үстелге отырып, Нүриляға мән жайды дұрыстап түсіндіріп берді:

  • Сонда еңбекке барғанын қаламайсыңдарғой, иә расымен онда жас қыздың несі бар, танымайтын, қайдан келген адамдар дейсің онда. – деп бұл ойды қолдады Нүриля.
  • Біз Аманжолды сіздердің ауылдарыңызға біраз уақытқа жібере тұрамыз ба деп ойладық, мүмкін, сіздер бір амалын қыларсыздар деп ақылдаспақшы едік. – деді Қания.

Түн ортасына дейін сөйлесті. Нұрғали мен Қания ойлары мен мүмкін жоспарларын толығымен түсіндіргендей болды, олар Нүриляның Аманжолды Тастыбұлаққа алып кеткенін қатты қалады, Нүриля әрине келісті, бірақ оның да үрейі болды бұл жағдайға:

  • Жақсы, мен алып кеттім делік, ары қарай не болады? Соны ойладыңдар ма? Біздің ауылға да комиссия келмейді дейсіңдер ма? ауылдарымыз қатты алшақ емес, бізге де бір айдың ішіде келіп қалуы әбден мүмкін. – деді Нүриля.
  • Иа, түсінеміз, біз оны да ойладық, әсте басқа не істерімізді білмейміз, бала жұмысқа бармас үшін я Ком-партияға жұмыс істеу керек, кем дегенде практикант немесе оқу оқу керек. – деп жауап берді Нұрғали.
  • Оқу дейсіңдер ма. Мақұл, біз Аманжолды алып кетеміз, менде бір жоспар бар, жақында біздің ауылға балаларды Үштөбедегі трактор училищесіне алып кететін мәшине келеді, біз Аманжолдың құжаттарын өткізіп, тіркеп, сол трактор училищесіне жібереміз, біздің ауылдан бірнеше балалар барады, сондықтан ол Қарағандыдағы қара жұмыстан қарағанда жақсырақ болады, яки онда бәрі тек балалар болады, қарайтын адамдары да бар, сонысы дұрыс болар. – деді Нүриля.
  • О Алла, жақсы ой ғой, ендеше сөйтейік, бейшаралықтан қарағанда жақсырақ. – деп қуанды Нұрғали.

Үлкендер мәселені осылай шешті, түн ортасы қараңғы болып, үй шамдары өшіп, бәрі жатып қалғанда, тек далада жүрген Қания ас берген ыдыс аяқтарын жинап, жуып тазалап отырды, үй шаруасын тәмәмдәп, өзі де жатайын деп үйіне кіріп, бөлмеде бүрісіп жатқан қызының жанына жатып, ұйқы алдындағы ойға батып кетті, сонда жанындағы қызы ары аунап, бері аунап бір кезде:

  • Апау мені оқуға алысқа жібермекшісіңдер ме? Ол оқу қанша уақыт болады? Сендерді енді қашан көрем? – деп дірілдеген дауыспен сыбырлап, апасына ойындағы мазалаған бар сұрақтарын жайып салды.
  • Құлыным-ау!! Қараңы жоқ, кей жерде жүргенше, не іс істеп жүргеніңді білмегенше жаным тыныш бола ма?  Қайдағы жоқ жат жерде жүргеніңше, пайдалы болсын, болмасын оқу оқығаның дұрыс, ал Алла бейбітшілігін берсе, тез-ақ қауышамыз. – деп іші өртеніп тұрса да, баласына әлсіздігін көрсеткісі келмей, бар жігерін жинап, сабырлыққа шақырды.
  • Рас па апау!? Сендермен көпке алшақтанғым келмейді, іні-сіңлілерімді, ауыл достарымды қатты сағынамынғой, қайрандап қаламын. – деп мұрнын пырс-пырс тартып, тып-тып етіп, жастыққа жастары тама берді.
  • Сәнім-ау!! Жылама, жамандық шақырма, мәңгілікке кетіп бара жатқан жоқсыңғой қарағым, енді қайтесің заманның талабы осы болса, бағынасың, қайтесің, яки мықтырақ боласың, ел көресің, жаңа жер көресің, мүмкіншілік  болып жатса жаңа құрдас табасың, әрқашан бір інде тығылып отыра беруге болмайды, қажып қаласың, сондықтан барғаныңды дұрыс деп ойлаймын, ана жүрегі алдамайды, сен үшін күнде дұғада боламын. – деп қызының жасын сүртіп, көкірегіне басып, жұбатып ұйықтатты.

Баласына осының бәрін айтқанымен, расында анағой, баласымен айырылысқысы келмейді, бірақ басқа амалы жоқ қой, сол оймен таң атқанша жатып, бірнеше уақыт ғана ұйықтады.

 

Бүкіл мәселелер шешіліп, екі күннен соң Аманжол Тастыбұлақ ауылына жол тартты, сол жерден арықарай Үштөбедегі трактор оқуына кетеді. Аманжол өз елін тастап кетудің ойы үлкен ауырлық болды, жол бойы өмірбақи көріп келе жатқан ауыл адамдары мен табиғаты, тау тастары мен бала кезінде әкесімен бірге аң аулаған орман соның бәрін қайта қаралап, есіне бүкіл жақсы-жаманын түсіріп, берекелі жерім-ау дегендей, енді қайтып келмейтіндей болып көрінді, Аманжол сезімтал адам еді, сондықтан кейде түймедейді түйедей ететін.

 

Аралдан Тастыбұлаққа баратын бір-ақ жол бар еді, Аралдың үш жағынан ағаш орман болса, бір жағы терең құз болатын, Тастыбұлаққа жету үшін олар алдымен ну орманды өтіп, содан соң құзды жағалаған айналма жолмен жүру керек еді. Сол құздың етегінде тұрған, бөлек бір үйшікте орыс еркек тұратын, бұл еркектің жекеменшік су диірмені бар, жақсы еркек, бүкіл Арал қазақтары осы орысқа әкелген бидайларынан ұн жасап береді, ол суды жауып толтырып, су диірменімен тартып бидәйді ұнтақтап, ұн жасайды, шаруасы сол. Нүриляның бұндай ну орманның арасында құздың етегінде диірменші бар екеніне қатты таңғалды, Аманжолдан бұл кім деп сұрағанда:

  • Бұл дядя Петя. – деп туысқанын көргендей күле жауап берді.

 

Жалпы, Аралда бұрыннан орыстар болмайтын, бірақ Нұрғали көрші ауылдарының орыстарымен жақсы араласатын, мәселен Арал Текелінең арғы жағындағы қатар тұрған бірнеше ауылдарының бірі, Аралдан бөлек көршілес тұрған колхоздарда бар Ключевой, Первомай, Қоржынбай секілділер, онда тұратұғын өңкей орыстар. Нұрғали осы ауылдарды аралап жүріп орыстармен танысып, достасып, қыста Қоржынбайға барып, орыс қатындарына пима тіккізіп әкелетін, һәм еркектерімен құрдас болып, солардан сым темір, құрал сайманға керек бүкіл майда шүйінін алып келетін, ол орыстарды не жоқ еді, бәрін жасайтын, құралдан бастап, қысқыға банкі жауып, варенье қайнатуды да қазақтарға үйреткен, көшпенді қазақ ондайды білуші ма еді?! Ол заманда әз-мәз Қоянды деген сияқты жәрмеңкелер болмаса, басқа сауда-саттық орталықтар жоқ, дегенмен Арал секілді топырағы өте құнарлы жерде, астық молынан өседі, Нұрғали, тағы ауыл адамдары, Қоржынбай орыстарымен сауда жасайды, Арал халқы оларға бидай, ал өздері олардан картоп айырбастап алады, кіші гірім тапқырлық, сауда-саттық, тиын-тебенсіз шаруа.

 

 Ендігісі сол су диірменімен өте беріп, ары қарай бір жолмен төрт-бес сағатта Тастыбұлаққа да жететін. Нүриля мен Аманжол бір баппен жүріп, кеш батпай Тастыбұлаққа да жетіп алды.  

 

Өмірбақи ағаштар арасында өмір кешкен Аманжол Тастыбұлақ жерін көріп, аздап таң қалды. Тастыбұлақ Аралдан бірнеше шақырым жерде орналасқан, тым алыс емес, бірақ жан-жағын орман басқан Аралдан қарағанда, Тастыбұлақ жап-жайпақ жатқан дала еді, Аралмен ұқсастыратыны тек, аймақтың барлығы шұңқырлаған құз, ағаштар сирек, жасыл шөп, көгала балғын шалғын шөп, өрісі мол, Аралда егін егу үшін адамдар ауыл сыртына барып ексе, ал бұнда ауыл жаны бәрі егін. Тастыбұлақ тау етегінде орналасқан шағын ауыл, қысы қатал, қар жауса тау теп-тегіс болып аршылған жұмыртқа секілді болады, ауылдың кейбір үйлері тереңдеу дөңес жерде салынған, сондықтан боран соқса, қар қалыңы үй есігін де бітеп тастайды, көрші үйден көмек сұрамаса, адамдар да шыға ала алмайды. Азынаған аяз бұл өңірлерде қатал, қол беттерін орамаса, адам терісін шытырлатып, қатырып, я да азот басқандай күйдіріп жібереді, жайпақ дала гуілдеген желдер де көп, ал жазы қолайлы, кей кез қатты ыстық болмаса, берекелі молшылық жер, Алла бұл жердің азығы мен түлігін мол етіп жаратты.

Аманжол мен Нүриля ауыл ішімен келемін дегенше, күн де батып, қызған темірдей қазарып тұрды, әйтіп-бүйткенше уақыт та зымырап, сабақ басталатын сентябрь айы да келіп қалды, балалар сабақтарынан кештете қайтып, үйлеріне бара жататын, ал малы барлардың малдары жайылымнан кейін шабандары үйлеріне айдап отыратын, Нүриля Аманжолға жол бойы көрген-кеткенді айтып отырды. Жолдан қажыған екеуі, ауыл ортасындағы оң жақ қапталдағы бір дөңестің үстірдегі үйге барып кірді, ол сол Нүрилянің үйі, әбіржіген түрлері шай ішкенсоң кішкене тәуірленіп те қалды, Аманжол келгенге бір кішігірім ет асып, таршылық болсада қазақи ырысты болып, сорпалы ет асты. Тамақтарын ішіп, беттерін «Аллахуакбар!» - деп сипап, бата салған соң, әрқайсысы домаланып өз орындарына жата-жата қалды, жол тым алыс болмаса да, жаяуға ауырға түседі.

 

Бірнеше күн де кешті, Аманжол Тастыбұлақ өміріне үйреніп те қалды, күні бойы нағашы тәтесіне көмектеседі, ал Нүриля Аманжолдың құжаттарын жөндеп училищеге кететін балалардың тізіміне тіркеп жүрді. Біраз күннен соң, Нүриляға Аманжолдың училищеге тіркеліп түскені туралы жеткізді, бұл оларды біраз қуантты, яки олар орын болмай қалады ма деп уайымдады, бірақ жоқ, түсті, ендігісі жолға жиналу, мәшине бір-екі күнде ақ жетеді, сабақ уақытысы да кіріп қалды, сентябрьдің бірнеше күні өтіп кетті, мәшине екі уақыт жүреді, біріншісі августтің соңында барлық балаларды алып кетеді, содан соң сентябрьдің бірінші жетісінде, яғни кешіккен, я да ауырған балаларды алуға.

 

Міне, сол күн де келді, бүкіл екі ауылдың перісі ұқсап бәрін шулатқан Аманжол Үштөбеге де жол тартты, шаршады, неден дейсіздер ме? Тұрақсыздықтан, һәм бұрын бұлай бірнеше рет жер аударып көрмеген бала, енді бір-екі аптада бірден екі жер ауыстырып отыр, енді баратын жері оған жат жер, таныс жоқ, күллі бейтаныс адамдар мен жерлер, көрші-күлең ауылдардағы балаларды жинап алып кеткен мәшине салдыр-күлдір етіп, балаларды нысанасына апара жатыр.

 

Үштөбе ол кезде қала болмайтын, бұл жер алғашында темір-жол станциясы болатын, Үштөбе Аманжолмен жастас, 1930 жылы Сталиннің бұйрығымен Түркістан-Сібір темір-жолының линиясындағы бекеттерді станция қылдыру көзделген, Үштөбе өзінің географиялық жәнеде стратегиялық маңызы зор рөлін атқарды, бұл станция көпшіліктің өтетін жолы болғансоң, қарқынды дамыды, әртүрлі нысандар мен ғимараттар ашыла бастады, соғыс жылдарының алдында бұл жер қалаға ұқсас поселкіге ұқсап бақты. Ал соғыс жылдарында бұл Түркістан-Сібірмен Қазақстан ғана емес Ашхабад пен Ташкент секілді қалалардан әскер тасымалдау қатты жүргізілді. Түркістан-Сібір темір-жолының бас инжинер маманы М.Тынышбаев  өз ісін жетік басқарып, Жетісу жеріндегі станцияларды сол заманға сай етіп жоғарғы деңгейде салды. Үштөбе Қаратал өзенінің оң жағалауында, Талдықорғанның солтүстік-батысында орналасқан. Сол жердегі жаңадан құрылған трактор училищесі жақын ара маңдағы ауыл-поселкілерге жақсы болды. Елде осындай училищелер өте көп салына бастады, соғыстан соң, қайта құру жылдарында осындай мамандарды даярлау училищелер қатты керек болды.

 

            Балалар училищеге келген соң оларды сапқа тұрғызып, оқу орнының талабы мен заңдарын айтып, балаларды блок-блокка бөліп, ұлдарды бөлек блокқа қыздарды бөлек блокқа жайғастырды, барлық жаңадан келген балалар жиналып біткенсоң әрқайсысылары бөлек-бөлек сыныптарына барып, оқуларына кірісті. Онда балаларда түске дейін сабақ, түстен кейін трактормен практикалық оқулар болатын. Балаларда жазатын дәптер мен қалам да болмайды, бар болғаны сол бір-екі кітап, Аманжол сыныбына кіріп келгенде сабақ уақытысы еді, одар бұрын келген балалар жаңадан түскен қызға кейбіреуі ала қарап, жақтыртпағандар да болды, бірақ көбісі мән бермеді, яки нем бар дегендей. Аманжол көрші ауылға барып оқыған, жәнеде аз да болса үлкен тәлім берген мұғалімі үйреткен латын харакәтін білетін, латынша хат танитын, содан соң кириллицаны да меңгерді, Аманжол зейіні жоғары озық қыз еді, жас кезінен әке-шешесі жұмыстан бөлек оқу оқығанын қалайтын, сондықтан сабақтан да қалдырмайтын, әр нәрсені тез, жәнеде жетік меңгеретін, сабақ басталуымен қолын басқа ұл-қыздардан тез көтеріп жауаптарын лез айтатын.

 

Сабақтан орыс мұғалімдер сабақ бергенде, орысша бірең-сараң адам ғана білетін, жоқ! Аманжол орысша сайрайды дегім келген жоқ, әйтседе біраз білетін, қыз балалардың көбісі Аманжолға іштері тарланатын, оның білгенін олар білмейтін, Аманжолмен тек медресе немесе толық білім алған балалар болмаса, қарапайым Аманжолдай қыздар шаң жұтып қалатын, сондықтан бастапқы күндерден-ақ қыз балалар Аманжолмен араласа бермейтін, ал ұл балаларға мейлі, олар бұл училищеге сабақ оқуға түсті дейсіңдер ме? Жоға, олар тек трактор айдап үйренсек, ауылымызға қайтып трактор айдап, жер жыртып, шөп шауып шаруаларымызды істесек болды дегендей оймен ақ жүретін, ал сабаққа зейін салмайтын. Түске дейін сабақтарын оқып, балалар түсте тамақтарын ішіп, ары қарай орыстың трактористтерімен бірге трактор айдап үйренетін.

 

Аманжол сырттан қайратты батыр көрінгенімен, үлкен орыстың еркектерінен сескенетін, ол тек мұғалім не дейді, соны ғана істеп, сабақ біткен соң жатақханасына барып, түн батпай жатып қалатын, әсте ұлдар мен қыздардың арасындағы блок тым жақын орналасқан. Аманжол кейбір балалардан да қорқатын, онда бала көп оқиды, қазағы бар, орысы бар, кімнің баласы жоқ дейсің сірә, бұзақы балаларда аз емес, сондықтан Аманжол көпшілікпен аса жүре бермейді, қорқады, біреу тисіп қоярма деп, бір кедерін тигіземе деп, байқұс қыз алдыңғы уақытта қатты қорқатын. Басқа балалар сабақтан соң жиналып өлең айтып, ойнап-күліп жүргенде Аманжолдың бар ойы үйінде, бұрын ұзаққа үйін тастамаған қыз жападан жалғыз қалғандай сезінетін, әкесі аман ба екен? Шешесі қалай? Іні-сіңлілері не бітіріп жүр екен? Бар сар уайымы осы, әйтсе де қара-жұмыстан гөрі, осы жақсы деп өзін тыныштандырып қояды. Өзге қыздармен араласқысы келмейді, яки оны да ешкім шақырмайды «Оқымысты сымақты болғанын қараңдаршы!!» - деп артынан сыбырласқан өсекші қыздар, іштері күйіп, жиі сөйлейтін.

 

Кезекті күннің сабағы бітті, күздің ортаңғы кезі, күрең күздің  лебіз желі соғып тұр, күн біресе бұлттанып, біресе ашылып, құстар соңғы әндерін айтып ұшып кетіп жатыр, ағаштардың жапырақтары сарғайып, ары-бері желбіреп ұшып, жерге түсіп, айналаны алтын жалатқандай болдырып тұр. Ауа-райы тамаша, ыстық та емес,  суық та емес, үрлеп тұрған жел, рахат, қыздарды практикадан ерте жіберіп, қыз балалар өздері бөлек ойнап кетті, бұндай тамаша күнде Аманжол да жатақханада отыра бергісі келмеді. Кітапханадан қызықтау деген кітапты алып, қолына бір жапырақ қағаз алып, даладағы аула ішіндегі ұзыннан тұрған орындыққа отырып, кітапты оқи бастады, біраз тырысқан денесі жібіп, ішіндегі уайымы кетіп, алаңы жанын жіберді.

 

Біраз отырған соң, қараңғы бөлмеде буынып отырмағанына да шүкір айтты, кітап қарап өміріне телміріп, ойға батып отырды. Бір уақытта қітапқа мұрнын нұсқып әңгіменің қызығына жеткенде, артынан мін дене:

  • Кітап оқу білесің бе? – деген дауыс артқы қапталдан тыныштықты бұзып шықты.

Аманжол селк ете қалып:

  • Үйбәй-ау!! Кім бұл? – деп артына қарап тұрған адамға.
  • Не көрінді!? Зәремді алдыңғой. – деді ашулана Аманжол.

Артында тұрған адам сырттан қарағанда келбетті, денелі, кіші бойлы, қалың қасты, домалақ жүзді, еріксіз бақырайған көздері бар, жігіт тұрды.

  • Сен біздің Тастыбұлақтансың ба? Сол жақтан келген отрядттан шықтыңғой. – деп сұрады.
  • Иа, мен Тастыбұлақтан келдім. – деді Аманжол.
  • Мен де Тастыбұлақтанмын, бұрын сені ауылдан көрмеппін, жаңадан көшіп келдің ба?
  • Сен де Тастыбұлақтансың ба не? – деді Аманжол
  • Иә, соннанмын. Атым Бармақбай. Ауылдың марқұм Ыбрайымның баласымын.
  • Менің атым Аманжол, шынымды айтсам мен ол жерге көшіп келмедім, ол жерде нағашы тәтем тұрады, өзім Аралданмын. – деп өзін таныстырды.
  • Кімнің үйіне келіп едің?
  • Нүриля тәтемнің үйіне. Ол кісіні танисың ба?
  • Танымағанда!! Нүриля жеңешемен жақсы араласамыз, керемет кісі. – деді Бармақбай.
  • Е-е-е солай де, жақсы болған екен. – деп коя берді Аманжол.
  • Сонымен хат танисың ба? – деп қасақана сұрады Бармақбай.
  • Хмм... Иә әрине танимын, латынша оқығанмын, орысша... енді.. үйреніп жатырмын, мектепке бірнеше жыл барғанмын. – деп мұрнын шошайта жауап берді.
  • Е-е-е, ендеше таныс болайық. Осындай тамаша күнде жалғыз неғып отырсың? Басқа қыздармен қыдырып, гуләйттамайсың ба!? – деді Бармақбай.
  • Ол қыздар мені жақтыра бермейді. Артымнан сөйлеп, ешқайда шақырмайды да, нем бар оларда, өзіммен-өзім болған жақсырақ. – деді Аманжол.  
  • Жалғызсырама!! Біреу-міреу мазаңды алса, маған айтсаң болады. Ішің пысып жүрсе де, қараңғы бөлмеде отыра бермей, достар ізде, барлық адам жаман емес, жақсылары да бар, одан қалса менімен аралас. – деп қолдады Бармақбай.

 

Осымен училищедегі өмір жалғаса берді, Аманжол күнделікті бірқалыпты сабақ кестесімен оқуын оқып, прктикасын өтіп, ал қалған бос уақытын кітап оқып немесе Бармақбай бос болса сонымен өткізетін, аралары жылып, дос болып, бірге гуләйттайды, әңгіме дүкен құрады, Аманжол өзінің ауылынан бір жақын жан барына қатты қуанып жүрді, әсіресе нағашы тәтесінің жақын көршілері, һәм туыс болып та кеткен адамдардың бірісі жанында болғанына риза болды, енді ол жалғыз жүрмейді, бұрыңғыдай қорықпайды, қараңғы түнек ішінен бір нұр соққандай болды, бұл Бармақбаймен достығы, осындаймен бірнеше апта да өтті.

 

Сәрсенбінің сәтті күні болатын, Аманжол кезекті сабақ күніне жиналып, жатақханадан шыға берейін деп, сөмкесін алып далаға шықты, жатақхана мен сабақ оқитын корпус жақын, дала тамаша күздің күрең ортасы еді, Аманжол корпусқа кіріп, каридормен тік келе жатса, оқитын сыныптың алдында бір топ балалар жиылып тұр екен, Аманжолға ұнамайды, бұндай балалар тым шулы, ауыздарына келгенін айтып, кейде өзін мазақы етеді, орталарынан білінбей өте шығып, сабақ басталмай өз орнына отыра кетейін деп ойлаған, әсте кіре берісте бір дауыс шықты:

  • Әй, оқымысты сымақ, қайтадан мұғалім алдында өзіңді бізден жоғары санап, түлкідей құйрығыңмен құйқаңдатайын деп тұрсың ба? – деді топтағы бір қыз.
  • Не шаруаң бар менде? Өз надандығың өзіңе, қане тұршы жолдан, жолымды бөгеме. – деп бір-екі адым жасап еді.

Топтан сөйлесіп тұрған қыз, Аманжолдың алдынан шығып қолының білегін қатты қысып:

- Қарай көр өзін, соншама бұлданғаның не!?    Мені ақымақ дейтін кім едің!? Жаныңды шағарып алайын ба?! – деп кеудесінен бір қағып, итеріп жіберді.

Арттағы тұрған ұл балалар құрбысының істегеніне және Аманжолдың жерге жанбасымен топ етіп құлағанына қарқылдап күліп, саусақтарын шошайтып тұрды. Сабақ ерте басталғанымен корпуста әлі басқа оқушылар болмаған еді, бар болғаны вахтада отырған кәрі шал, оған бұнда не болып жатқаны қызықсыз болып, араласқысы келмеді ме!? немесе соншалықты керең болғаны ма!? Бұларға мән бермеді. Ал бағанағы бұзақылар әдейі соншама ерте тұрып, Аманжолды аңдығаны болар. Аманжол әлсіздік білдіргісі келмей, тісін қайрап, жұдырығын жұмылдырып, денесін тырыстырып, көзімнен жас шығып кетпесінші дегендей өзін әрең ұстап тұрды.

  • Иә, не болды!? Бағанағыдай батыр болмай қалдыңғой. Саған бұл жерде күн жоқ, оқымысты болсаң медресеге бар, молдамен сопы ұқсап, кәлимәңді күбірлеп отыр, ал мында тек трактор айдап үйренетін мықтылар оқиды.

Бұндай қорлығына шыдамаған Аманжол, бар жігерін жинап, әлгі қыздың қолын қағып жіберіп, аяғына тұрып, әлгінің көзіне тік қарап, қабағын түйіп:

  • Ал не!? Соғысасың ба? Мені момын деп пе едің? Тойтарыс беремін саған. – деп қарсыласының көйлегін жиырып ұстап алды.

Ана қызға қарағанда Аманжолдың көзінде жалын жанғандай болып көрінді, қайсарлығы мен беріктігі, талай қиын жылда, аштықпенен соғыс жылында еңсесін түсірмей өмірі үшін, соғыстың жанында бұл ақсаусақтардың тиіскені, оған ештеңе еместей көрінді, әлгілердің санына қарамай батырлығымен саспай тұрғаны, кей ұл балалардың рухын түсірді:

  • Жібер көйлегімді!!, Әй, неғып тұрсыңдар, мына жындыны менен тартып алыңдаршы!! – деп артына қарап, тұрған балаларды шақырып, бір бейшара қызға бірнешеуі болып жабылайын деп жанына жолай бергенде.

Аманжол ішінен «Біткен жерім осы шығар, құдайым-ау! Бәрі жабылып, жанымды алар ма екен!!? Кім бар мұнда!? Жәрдемдесіңдерші, жападан жалғыз қалдым, байқұс басым-ай!» - деп көзін жұмып, ішінен айқайлағандай болып, ал өмірде түк білдірмегендей әлгілерге бар қайсарымен қарап тұрып, оқиғаның ең жаманына дайындала бергенде:

  • Мұнда не болып жатыр!!? Бәрің мына қызға топырлап тисейін деп пе едіңдер!? – деген даладан кіреберісте дауыс шықты.

Аманжол артына қарай бергенде, артында Бармақбай тұрды, қалың қасы қар жауғандай түйіліп, бақырайған көзінің қарашығы әлгілерді тесіп түсердей қарап тұрды, қолы жұдырықта, ендігі айтқаны:

  • Ұятсыз қорқақтар!! Намыссыз оңбаған өңшең! Жігіт бастарыңмен кішкентай қызға қол тигізбекшісіңдер ме!? Мен барда кішкентай сыныптағы балаларға ешкім тиіспейді!!! – деп араша түсті.
  • Жоға..аа  Бәке! Бізде ондай ой болған жоқ, біз жай құрбымызды жақтайын деп....
  • Тоқтат!! Оттама, былжырағыңда тыңдағым келмейді, жай айтып тұрғанда, бұл жерден табандарыңды жалтыратыңдар!!! – деп айқай салып ұрсып еді, бір мезетте ақ қараларын батырды.

Аманжолдың саусақтары дірілдеп, Басрмақбайға көз қырымен қарап тұрып, ішінен уа Аллам шүкір саған аман қалдым дегендей болды, қатты шошынып қалды, жүрегі тарсылдап соғып, тамырлары тартылып, демі жиілеп, құлағы қайнап, қып-қызыл болып кетті, жаны аяғына түсіп, сыр беріп, аяғында біраз дұрыс тұра алалмады, бұндай шокты өмірінде сезінбеген еді, бірақ Бармақбайдың келуіменен мойнына су себілгендей болды:

  • Қалай болдың!? Дірілдеп тұрсыңғой, аманбысың? – деп сұрады Бармақбай Аманжолдың қолтығынан демеп.
  • Кішкене шошығаным болмаса, аса ештеңе болмады, рахмет саған!! Құтқардың. – деді Аманжол.
  • Олар енді саған зиянын тигізбейді. Мен директор тағайындаған тәртіп секторымын, бұндай жағдайлар болмасын деп қадағалап жүремін.

Бармақбай өзі шымыр еді, мінезі біраз тұйықтау, һәм шатақ жері де бар, әмбе әділетті адам, біреуге ешқашан әділетсіз болмаған, сөйлесе, аузынан тек шындық пен нық сөздер шығатын, айта шеге қағылғандай орындайды, ісіне берік, тиянақты адам болатын.

 

Сол оқиғадан кейін бірнеше апта да өтті, Аманжол үшін бұл жағдай өміріндегі тағыда бір тәжірбие ретінде болды, бұдан былай ол одан әрі қайратттанды, мінезі де біраз өзгерді, ол училищеде оқығанына бір айдан астам уақыт өтті, сол уақыттың ішінде біраз өзіне жаңа нәрселер үйренді, жақсысы болсын, жаманы болсын әйтөуір үйренді, бірақ алдында әлі бірнеше ай оқу уақыты қалып тұрған, соған қарамастан бұл оқудан берген ілімін толығымен сіңіріп алуды көздеген, қандай жағдай болмасын еңсесін түсірмей, тік өзінің мақсатына жол салу, жолындағы кедергілерді алып тастап, аман-есен сабақты бітіріп, артқа апасы мен әкесіне қайту, міне оны жігерлендірген өзіне қойған талабы осы болатын.

 

Күздің соңғы айы - Ноябрь де келіп қалды, оқушылар аралық бақылауларын тапсырып, енді практикаларын өтуге дайындық үстінде, күн суытып бара жатыр, сыбдыраған жалаңаш ағаштардан түскен жапырақтар, бұрыңғыдай алтын түсті емес, жауған жаңбырдан батпақ араласып, жер қап-қара лай болып тұр, аспан қара-қоңыр, бұлттан көз ашпай түр, арасымен бұлпен-бұлт соғысып, найзағай ойнап, күн күркірейді, ауада бір ауырлық бар, уақыт түс кезі болса да, қараңғы ақшам батқандай түнеріп тұр, соққан ызғарлы жел, қыстың соққан желінің кіші бауыры секілді аяздап тұр, қаланың өзі жайпақ далада тұрғанымен, жақын орналасқан таулы жолталардан жел ысқырып қайдан соққаныда білінбейді, балалар сыныптарында оқуларын оқып отыр, тым-тырыс дыбыстан мұғалімнің тақтаға жазған бордың дауысы ғана шығып тұр, бір мезетте, дәлізден, алыстан әйел адамның төплиінің өкшесі тақ-тұқ етіп жақындап келе жатқан дауыс тыныштықты бұзды, дауыс жақындай түсті... есік ашылды... қақылдаған училище завучының дауысы:

  • Нургалиева!! – деп көзін сығырайта сынып балаларына қарап біреуді іздегендей болды.
  • Иә!!! Мен. – деп ортаңғы қатардың екінші партасында отырған Аманжол орнына атып тұрды.
  • Вас вызывает директор, идите за мной! – деді де, көзіндегі көзілдірігін түзеп қойып, аузын бұжырайта бұрылды да тысқа шығып кетті.

Жалпы, директор, тек бұзақы, бір бәлені бүлдіргендерді шақыртады. Сыныпта бәрі Аманжолға біртүрлі қарап шығарып салды, дәлізге шыға бергенде әлгі кісінің артынан жүре берді, ойында тек не бүлдірдім екен!? Әлде алдындағы ұрсыс үшін шақыртып жатқан шығар сірә, иә сол үшін деп жол бойы соны ойлап келді. Директордың кабинетіне кіре бергенде, директор алдында бір-екі кісі отырды, түрлері таныс Аралда бірнеше рет көрген еді, дұрыстап қарай бергенде миында бір нәрсе шақ еткендей әлгілерді есіне түсірді, бұлар ауыл мырзаларының бірі Ғаббас пен әйелі Күлпаш, бұларды көргенде Аманжолдың жаны аузына келе жаздады, бір жамандықты сезгендей, көңілі түсіп, реңі өзгеріп, бозарып қалды, кел отыр деген соң директор алдындағы ұзыннан тұрған үстел жағасындағы орындықтың шетіне бүрісе отыра қалды:

  • Амансыздар ма? Тыныштықпен келдіңіздер ма? Әлде үйдегілерге бір нәрсе болып қалды ма? – деп сыбырлап ағаларына қарап сұрады.
  • Аманбыз қалқам! Біз сені сұрап әкетпекшіміз, ауылда апаң ауырып жатыр, қарасатын адам жоқ, бізбен бірге кетесің қазір. – деп қоя берді ағасы бірі.

Бұл сөздері Аманжолға найзадай қадалып, өзі әрең отырған сол жерде өле кете жаздады, дірілдеп қатты қорқып кетті, көзі қызарып, сәл қалғанды өкіре жылайын деп тұрды, не істерін, не дерін де білмей қалды, бар уайымы судай шайылып, оның үстіне басқасы тас түскенде болды. Апасын қатты жақсы көреді Аманжол, бар дұға сол отбасысы үшін еді. Тезірек бұл құрғыр жерден қайтып, шапшаң апасының жанына барғысы келіп тұрды. Бар айта алғаны:

  • Ойбай-ау!? Апама не болып қалды екен!? Қатты сырқаттанып қалды ма?  - деп өзін тығатын жер таппады.

Аталары директормен тағы біраз сойлесіп отырды, соңында директордың орысшалап айтқаны:

  • Хорошо! Если она старший ребенок, а отец уже стар, то пусть идет, одобряю, пусть подпишет документы и получит табель. – деді де, қоя берді.

Кабинетте ұшып шығып, тез арада киімдерін жинап, құжаттарын реттеп, Аманжол аталарымен бірге Тастыбұлаққа қарай жол тартты. Жол бойы Аманжолдың жүрегі езіліп, көзі мөлдіреп, жүздерінен тамған моншақ жастар, бар ойы сол апасы, Алладан дұға тілегені апасы мен отбасының аман хәлі еді.

 

Күн күзеудің соңғы айы толды, ызғар желменен жым болып қалған күннің жарығы, даланы бозартып, сәл жарықтандырып тұр, күн суып, міне-міне қар жауайын деп, ала-ала ауырып тұрғандай секілді. Аманжолды алып кетуге келген аталары мәшинемен келген, көлік терезесінен бақылап келе жатқан зу-зу етіп өткен ауылдарменен колхоздар қыстауларына жиналып, әуреленіп жүр. Жетісу жері осындай, кей кез ыстық болса, бір мезетте ақ күн суытып борандап та кетуі лезде, тау етегіндегі шабандар малдарын жинап санақ жасап, қыстауларына дайындалып шуласып жүр. Аманжол бұның бәрен терең ойға батып, мәшине терезесінен қарап келе жатты, біресе жерге біресе аспанға қарайды, аспан түнекпен бүркеліп ауырып келе жатқан жанын одан әрмен араңдатып жіберді. Жаны жұмсақ қыз берік көрінгенімен уақытымен қорқақтау, жүрегі нәзік келген, аққан жастары училищеден шыққанан бері тоқтамай келе жатыр, түңілгені соншалық «Қайран шешемнің көзі жұмылса ошағым не болыр?» - деп келе жатты, қайран ондай жағдайда үйдің барлық шаруасы мен ошақ иесінің орны сол бейшара қыздың иығына түседі...

 

Училищеден біраз ұзарғаннан кейін бірнеше ауылды басып шығып Аралға бірең-сараң шақырым қалғанда Аманжол мырзалармен бірге түсіп қалды:

  • Ары қарай жаяу-ақ жетеміз қарағым, рахмет!! Жолың болсын. – деп шопыр балаға жол ақысына тиын-тебенін беріп қоя берді.

Жаяу ауылдарына келе жатып, айтқандай ақырындап,  жапалақтап қар да түсе бастады, Аманжолдың күйі өзгермеді:

  • Ал, артық құлақтан айрылдық па? – деп жан жағына қаралай түсті Ғаббас ағасы.
  • Аманжол, қояғой енді, жылама. Шын мәнінде бәрі жақсы, шешең аман, ауырмай, сырқамай аман есен жүр. – деді Ғаббастың әйелі.
  • А-а-а, шын ба!? Рас айтып отырсыздар ма!? Құдай-ау!
  • Иә-иә, аман, рас айтып отырмыз, сені уилищеден алып қайту үшін сылтауратқан түрімізғой.
  • Саған қазір айтып тұрған себебіміз, жол бойы ешкім біліп қоймасын, естіп қоймасын дегенімізғой, шопыр баладан да күдіктендік. – деді.
  • Саған жалпы үйге жаткеннен соң бірақ білдіреміз деп ойладық, бірақ сен жол бойы ботадай жылап, көз жасыңды көлдей еткенге жүрегіміз шыдамай айтып отырмыз. – деді Күлпаш апасы.
  • Сабаңа келдің бе? Көп жылама, ауырып қаласың. – деді.
  • Иә қазір тәуір болдым, жаным орнына түсіп, көңілім көтеріліп қалды. – деді Аманжол көзін уқалап сүртіп.
  •  

Сөйтіп әңгіменің астында, жолдың қызуына түсіп бірнеше шақырым жерді жапалаған қардың астында жол жүрді. Аманжолдың жанынан бір ауыр тас түскендей жеңілдеп, езуі көтеріліп, көңілі жайылып қалды, жол бойы ішінен зор қуанып келді. Аралға жеткен соң, әке-шешесін көріп қатты қуанып, олардың қадірін түсініп, жанынан бір мезетке де тастағысы келмеді. Үйіне жеткенде барлығы жылы қарсы алып, сағыныштарын біраз баса ала алмай жүрді. Аманжолдың өмірі сөйтіп қайта қалпына түсе бастады, сол баяғы қара жұмысқа қайта кірісіп, шешесіне көмектесіп, іні-сіңлілерімен бірге ойнап, өз отбасымен баяғы өміріне оралды.

 

Бірақ, расында училищеге кетпей тұрғанда, шешесінің айтқан сөздері есіне түсті, яки Алла босқадан босқа қаламаған нәрсені істетпейді, әр істің, әр оқиғаның жеке салынған сыры мен хикметі болады, шешесі айтып еді барғанда жаңа достар мен адамдар табуың ықтимал, және ел көріп, жер көріп өзіне деген жаңа бір тәжірбие табасың деп, расымен сондай-ақ шықты, ол жаңа туыспенен достар болмаса да, жақсы бір дос тапты. Сол уақыт ішінде Бармақбайды ойламаған күні болмаған еді, кейде «Ауырып қалмады ма екен? ФЗО даға ауруы асқынып кетпеді ма екен?» деп ойы қатып отыратын. Бұл оқиға ол үшін үлкен тәжірие болды, ол рухани өсіп, сүмірейген, айтқанды істеп жүретін сүмелектер сияқты құлдық сананы түсініп, өміріне деген үлкен мансап пен мақсаттар қойып, соған баяу болсада, нық басып жетуге тырысатын.

 

Бірнеше айлар өтті, Январь айының ортасы, қатаған аяз, бұндай аязда тек үйде от жағып қатып қалмаудың әрекетін істеу ғана керек. Аманжол отбасымен баяғы өмір сүрудің халін ойлап ісін істеп жүр, ештеңе бір оқиғаның болуын араңдатпай тұрған кез, адамдардың бәрі тым-тырыс, далада қар қатты омбы емес, яки ағаштар арасында тұрған халыққой, қар жауса, қыраулар ағаштардың жапырақтарының орнын басып ауылды бүркеп тұрады, бірақ қатаған аяз, ызғар азынап адамдардың бетін шым-шым етіп тұр, жел соқса болды, далада қалған адамның көзінен жасын ағызып, оны сол мезетте-ақ қатырып жібереді, сонда да Қоржынбайдың орыстары шоқынып өзендерінінң мұзын ойып, жалаңаш суға түседі, одан арман, балаларын шоқындырып суға түсіреді, қорқынышты-ақ.

 

Бір уақытта Аралдың су диірмені жағынан бір-екі адам келе жатты, құзды айнала өтіп қардан баспалдақ қылып шығып түгел бүркеніп оралған екі еркек ауыл жаққа кіріп келді. Олар сол кім десеңіз!? Тастыбұлақтағы Бармақбайдың әкелері, яғни өз Ыбрайым деген әкесінің Биболды деген немере ағасы мен Биболдының баласы және Ыбрайымның немере бауыры Төлбас.

 

Бұл екеуінің жүрмейтін уақыты мен жері жоқ, Аманжолдың үйіне амандаса кіріп, Нұрғалимен құшақтасып қал жай сұрасып қонақтанды, Аманжол да біраз қуанды, бірнеше ай көрмесе де туған туыстарындай қарсы алды. Қания жаздай жинаған етінен алып, оны асып, қымызбенен барын шығарып, жақсылап күтіп алды. Қазақ келген адамның бұйымтайын сұраудың алды, оған жақсылап тамақ беріп көңілін көтеріп болған соң сұрайды, жылқы мінез қазағым. Біраз отырған соң, еркектер қымызға қызбай тұрып, Нұрғалиға келген себебтерін айтпақшы болып, бір-біріне жылтыңдап қарай беріп, біреуі сұрауға бел буды:

  • Ал Нұреке, Аралдың қымызына масаймай, берген етке тоймай тұрып, саған бұйымтайымызды айтайық. – деді Биболды.
  • Ә-ә-ә, айтыңыздар, сыйлы қонақтардан аяғанымды ит жесін. – деп ыржиа қарады Нұрғали.
  • Сен біздің баланы танушы едіңғой!! Бармақбайды. – деді Төлбас.
  • Иә, аздап танимын. – деді Нұрғали.
  • Ол бала жақында оқудан келді, сенің Аманжолыңмен бірге оқып едіғой, оны Аманжол таниды.
  • Ә-ә-ә, аман есен келді ме? Иа, Аманжол айтқан оны.
  • Көп созбалай бермей, сенен рұқсат сұрауға келдік, Аманжолды Бармақбайға алып берейік деген ойымыз бар. Аманжолды, біз де танып алғанбыз, еңбеққой, байсалды, көрікті қыз ғой, біздің Бармақбайға лайық қыз. – деді Төлбас.
  • Бәсе, бұндай қатаған аязда жай-барақат кім келуші еді, мен Қаниямен ақылдасып, Аманжолдан ойын сұрайын. – деді Нұрғали қонақтарына қымызды тостағандарына құйып.

Біраздан соң, барлығын демалдырып, жатқызғаннан соң, Нұрғали Қанияға барып, мән жайды айтты, бұлар қонақтарды таниды, Нүриляның жақын көршілері, өздері ауыл мырзалары, текті отбасыдан шыққандар:

  • Аманжол он жетіге таяп қалды, бұндай жақсы жігіт кезігіп тұрғанда, күйеуге беріп жіберейік. – деді Нұрғали.

Қания ойланып бар айтқаны.

  • Отағасы сенсің, дұрыс деп ойласаң, мен қарсы емеспін, бірақ Аманжолмен сөйлескенің де дұрыс болар. – деді Қания

Таң атысыменен Аманжол апасымен ерте тұрып, бауырсақтарын пісіріп отырғанда, жандарына Нұрғали келіп, Аманжолға қарап:

  • Құлыным, бері қарашы. – деді Нұрғали.
  • Иә, аға, бірнәрсе айтайын деп пе едіңіз?, – деді Аманжол.
  • Иә, қалқам, сен Тастыбұлақтан келген қонақтарды танушы едіңғой, олардың ұлдарын да білесің. Сол Бармақбайға күйеуге тигізіп жіберейік деп сөйлесуге келді олар. – деді Нұрғали.

Аманжол жүрегі қағылып, тілі байланып, не айтарын да білмей қалды, біраз есін жиған соң:

  • Ә, аға, ол жақсы бала, егер ұзатып жіберем десеңіз, текті отбасыға баруға қарсы емеспін. – деді де қоя берді.

Нұрғали басын сілкеп, жақсы дедідағыны, қонақтары оянбай тұрып, сыртқа шығып кетті. Біраздан соң қонақтарға таңғы астарын беріп жатып, Нұрғали бұл әңгімені қайта қозғап, жауабын айтпақшы еді.

  • Мен үй ішіммен ақылдасып шештім, біз қарсы емеспіз, сіздер сияқты текті, берекелі отбасыға біздің үлкен қызымызды беруге, бірақ біздің ұзатуға жағдайымыз аздау. – деді Нұрғали.
  • Ол қатты қиын мәселе емес, қазір бүкіл қазаққа туған ауыр жағдайғой, соғыс бітіп ел қайтта көтеріліп жатыр. Ең жақсысы, біз алып қашайық Аманжолды. – деді күле Байболды.

Отырған үшеуі, бұндай шытырман оқиғаға күлкілері келіп, мырс-мыср күліп, бұл жағдайды да берекелі шешті. Сыртта Қания Аманжолға жас келіннің қандай болу керектігін айтып, ақылын нұсқап отырды:

  • Ал, Аманжол, ол үйге барғанда енеңді кім деп айтасың!!. – деп қатал сұрады Қания.
  • Білмеймін, апа дейтін шығармын. – деп жауап берді Аманжол.
  • Иә, апа де, атын атаушы болма, қайныларыңның бірінің атын атаушы болма, үлкен болсын, кіші болсын, күйеуіңнің көңілін тауып, қолынан алып, бетіне шабушы болма, зіркілдеп сөйлеме, ұрысса, басыңды төмен қаратып, салғыласушы болма, айтқандарын істеп, бізді масқаралаушы болма, барыңа шүкіршілігіңді айтып, барыңа разы бол. – деп қызына өсиетін айтып отырды.

Біраздан соң, Қания Аманжолға аналық өсиетін айтып отырғанын естіген Нұрғали, жандарына барып:

  • Қызым, менің саған айтатын бір-ақ нәрсем бар. – деді.
  • Иә, аға. – деп зейін қойып тыңдады Аманжол.
  • Сүйегің сол үйден шықсын!! – деді де, бұрылып тысқа шығып кетті.

Бар айтқаны сол еді, әкесінің бір-екі ауыз сөзі Аманжолға қатты әсер етті, көзі бақырайып, ойланып қалды. Біраздан соң ғана түсінді, әкесінің не айтқысы келгенін, ол қандай жағдай болмасын, ұрсыс пен төбелес, аштық пен тоқтық, басыңа қандай күн туса да, төркініңе қайтып келуші болма дегені. Үйлену оңай, бірақ үй болу қиын, әр жас шаңырақта не болмайды, әртүрлі жағдай болуы да мүмкін, күйеуің ашуланып ұрсуы мүмкін, я болмаса енең ащщылатып сөйлеуі де ықтимал, бірақ соның бәріне шыдап төзу, сол жас ошақ иесінің ісі. Соны Аманжолдың әкесі бір сөйлеммен ақ түсіндірмекші болып, қызына айтқан сөзі болатын. Бұл әке-шешесінің сөзін Аманжол өлгенге дейін ұмытпайтыны сөзсіз.

 

Аманжол сөйтіп аталарымен Тастыбұлаққа барып күйеуге тиді, бөтен жер болмады оған, яки Алланың бір істеген хикметіғой, училищедегі оқу, бұл жай ғана сылтау секілді болды, баратын жерін көріп, ақырындап үйренісу. Бұл оқиғалардың бәрі Аманжол мен Бармақбай үшін сынақ пен Алладан сый секілді болды, бір-бірін тауып қауыштырған тек Алла, бұның бәрі екеуінің бір-біріне үлкен махаббаттары менен құрметінің басы болды. Бұдан әрмен Аманжол қаржау руының үйіне түсіп, соларға келін болып, Бармақбаймен қалған ғұмырын өткізбекші болды, бұларды алдыда әлі талай қиыншылық пен жеңілдік, қайғыменен қуаныш болады. Енді бұл романда, сіздерді бұл екеуінің өмірлік шытырман хикаяларын оқуларыңызға шақырамын.... 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отамалы

 

Отамала - деп көктемнің бірінші айларындағы жайсыз мезгілді айтушы еді атам қазақ, бұл айда күн күркіреп, аздап боран соғып, жаңбыр тоқтамай жауып, қыстың соңғы зәрі шығады, дала тым ылғал, қазақта көктемде жауған қарды қайтып келе жатқан құстардың қанатының желпігенінен қарлы бұлттың қайта соңғы рет келгені деуші еді, соған қарағанда солай ақ болған секілді, таудың шыңы әлі қар Жоңғар-Алатауы қатты биік емес, сонда да төбесін қар басып тұр. Әз наурыз, әйтсе де даланың көңіл күйі жоқ, бұлттан күннің жүзі біраз болды көрінбеді, аспан қара түнек қара-қоңыр бұлт, кешегі жауған жаңбырдан жер шұңқырларының толған суы қақпан ұқсап айнадай болып тұр, даланың иісі рахат балғындық. Ауыл жоғарғысындағы тау жотасын жағалай аққан тоғай суы таудан еріген қар менен мұзбен қосылып сағасынан міне-міне тасыйын деп деңгейінен шығып тұр, әйтсе де тұп-тұнық мөлдір су, сол тоғайдың жанында тұрған ауылдардың адамдары соннан су алып, бөшкелерін толтырып, малдарын суғарып, өз пайдаларына да жаратып жүр, дала жаңбыр болса да, ауа дымқыл ылғал болып жел соғып тұрса да, қыстың аязы, баяғыда қайтқан, кейде күн бұлт арасынан жалмаңдап, сәулесін найзадай шаншытып, шым-шым жылу беріп тұр.

 

Соққан желменен ойнақтасып шыр-шыр еткен өзен жағалауындағы өскен қамыс пен қоға ерте өсіп коға басы ұзарып коңырланып тұр. Ал жолды жағалай өскен жусан мен изен бадалы шоғыр-шоғыр болып желменен бұраңдалып иісін шашып, таза ауаның иісіменен жұғысып, хош иістендіріп тұр. Дала тым-тырыс тыныштық, тыныштықты тек жаңа келген торғайлардың әндеткені мен тоғайдың мұздықтары менен тасқа соғылған суы бұзып тұр. Жан рахаты!!!

 

Шабандар көктеулеріне дайындық үстінде. Тастыбұлақ ауылы да қарап қалмады, жазық далада орналасқан шағын отыз түтінді ауыл, берекелерін қашырмай жауған жаңбырға мәз, неге десеңіз Тастыбұлақ ит арқасы қияда орналасқан, тау етегіндегі бейшара ауыл, қыс бойы шаруа жоқ я болмаса ақшалай жұмыс та жоқ, бар медеу болатыны көктем мен жазда салған астықтары болмаса шіркін! Алла бұл жерді астықтың берекесінен қыспады, жайпақ жатқан егін өрістері, бүкіл ауылды талай жылдар қыс бойы азық қылдырып, тіршілік қылдырып жүр. Әр жаңбыр жауған сайын қыстағы қатқан жер жұмсарып, топырағы нәрленіп құнарланып тұрады. Отамалы біткен соң, күн мен түн теңелсе, ұзын сарының келуіменен халық қыстауларының орынын босатып, қайта бір жылдық азығын табуға шығады.

  

            Аманжолдың Тастыбұлақтағы үйге түскеніне бірнеше ай өтті. Келісіменен жас қыз апа енесінің етегін нық ұстап алып, кетерде әке-шешесінің айтқан ақылдарын есінен шығармай, күйеуі мен апасының айтқан сөздерін бұлжытпай орындап жүрді. Жас келіннің рөлін ақырындап үйреніп келді, істеген істерін енесіне жағатындай қылып тындыруға әбден тырысты. Бұрын өз шешесі бала деп, кейде кешірек оятып, тұрған соң ыстық бауырсағы менен шайін беріп, үйдің шаруасының көбісін өзі істеуші еді, әкесі де еркелетіп көп жұмсамайтын, бірақ заман өзгерді бұрыңғыдай бойдақтылық жоқ. Енді Аманжол ерте тұрып сиырын сауады, тезегін тазалайды, алдына шөбін салады, суын береді, одан соң отынды сындырып шырмауықтарымен дөңгелек пешін жағады, астындағы күлін тазалап, шығарып төгеді, иін ағашпен су алып келеді, жанған пешке қайнаған суды, суық сумен араластырып кірін жуады, жуып болған соң үй алдын судан тазалайды, сыпыратын жерді сыпырады, сыпырып жүріп саморнын қайнатады, апасы бауырсақ пісіріп болғанша төсектерін жинайды, үйін ретке келтіріп жуады, содан соң, бәріне шай беріп ыдыс аяқтарын жуып, отырған жерлерін тап-тұйнақтай қылдырып тазалайды, өйстіп жүріп кәкпірімен қазанның шетін бір-екі рет қойып қалса түскі асы да дайын болады, уақыты болып жатса бірдемелерін тоқып, тігіп алады да, ерте батқан кешпенен, даласы мен үйін тағы бір рет реттеп алып, кешкі асын даярлап, беріп, содан соң жатарға апасының дәрет суын дайындап, түнгіге отынын қайта жағып, көмірін салып, көсеуменен көсеп, үйді бір жылытып алады, содан соң төсектерін салып бәрінен кейін бірақ жатады, осы күнделікті істің барлығы он алты жасар жас келіннің шаруасы, бірақ бұған ол күрсінбейді де, шаршамайды, Аманжол нағыз тапал қыз, жас кезінен баланың ісі шала дегенді білмеп еді, істегені тиянақты, тура болатын. Міне осылай... Келін болып түскенінен енесінен білгенін өзінің өмірлік тәжірбиесіне қосып алға қарай ұмтылып келді.

 

            Күннің көзі тапатал төбедер тұр, дала жылып сәуір айының пісіп тұрған кезі, Аманжолды апасы кіші қайны інісі екеуін отын жинауға жіберді, отынды олар ауылдан біраз шығысында, бадал ағаштар арасынан барып жинап келеді, апасы үй суып қалмасын деп алдыңғы алып келген ағаштарын жаратып отыр, Бармақбай болса ауыл жұмыстарымен шығып кеткен. Аманжол тоғайдағы бар шырмауық пен ірі ағаштарды дымқыл ма жоқ па деп тексеріп жүр кейде артына қарап қояды, Аманжол қайны інісін Тетлес деп атайды, шын аты Тұрбай:

  • Тетле-е-ес қайдасың!? Алысқа ұзама, жақын жүр. – деп артына қаралай жүр.
  • Иә жеңеше, мындамын, әлгі қарағаштың маңында кепкен бұтақтар көп екен. – деп зу-зу етіп жүгіріп жүр.
  • Байқа құлап қалма, жер әлі балшық, құлап біржеріңді ауыртып алып немесе киіміңді былғап алсаң, апам екеумізге де ұрсады. – деп қайнысының үстін қағып, киімін түзеп, сергек баланы қаралайды.

 

Тұрбай бұл жылы төртінші оқиды, үйдің кенжесі, біраз бұзықтау, айтқан тілдің үлкен ағасыныкін ғана алады, бұдан үлкен екі ағасы бар, ең үлкені Ермекбай одан ортаңғысы Бармақбай. Осы соғыс басталғалы үйдің үлкені фронтқа кеткен, ортаңғысы ФЗО ға барды ма!? Одан соң училище оқып кетті ме!? сондай бір кезең болып кетті бұл үйде. Ал бірақ кіші бала жеңгесінің тілін алғандай болады, апасы Аманжолды жұмасаса, жармасып бірге жүреді, суға барса да, отын жинауға барса, кей жұмыстарына да жәрдемдеседі, әйтсе де бала, жұмсасаң ойнап кетеді.

  • Жинап болсаң қайттық үйге, сен көп алма беліңді ауыртып аласың.  – деп Тұрбайдың беліндегі біраз жуан ағаштарды түсіріп, өзіне қосып алды.
  • Жоға жеңеше, бәрі жақсы, ауыр емес. – деп қояды Тұрбай.

Осымен ағаштарын доқай толтырып, үйге қарай кетеді, жол бойы керекті шөп-шалаңдар болса жия кетеді, Аманжолдың әкесі небір шөп түрін білуші еді, олардан істемеген дәрісі мен тамағы жоқ, Аманжол кейде әкесімен бірге аңға барғанда ол кісі орманда кезіккен бар өсімдіктерді көрсетіп айта жүретін, соны тыңдап ол да әлек, әкесі емдік шөптерді көрсетіп – бір жерің ауырса мына шөпті шайнай сал, ал мынанаы жаға сал, қойып кетеді деуші еді, сол баяғы өмірін де кейде осындай тоғай аралап жүрсе, есіне түсіреді.

 

Ағашты үйлер май айына дейін жағады, ал балалары болған үйлер одан да көп, тау маңы ысқырған жел, сондықтан көктем айлары біраз салқындау келеді. Осымен жүріп ауыл көкекті де өткізіп жазғы науқанға кіріседі.

             

Таңсәріменен Бармақбай жазды күндері ерте тұрып, саймандарын жинап колхоз басшылығындағы ауыл трактористтеріменен кездеседі, олар бригада- бригадаға бөлініп, шабатын жерлерін бөлісіп жұмысқа кіреді, айта кетсек Бармақбай жұмысқа шыққалы бері Аманжолды өзімен бірге алып жүріп, ешқайда тастамайды, трактор айдаса да бірге, түскі асқада бірге барады, трактор бұзылса да, саймандар мен Аманжолды бірге алып жүреді. Аманжол оған риза, үйіндегі шаруаларды кеше кешкісін немесе таңертең жасап, апасының тамағын беріп, тойдырып, Бармақбаймен бірге трактор айдауға барады, айдағанда Бармақбай айдайды, ал Аманжол жай жанында отырады.  Трактор қызып кетсе Аманжол жүгіріп барып бір-екі шелек суын әкеп береді, солай майда шұрым-бұрым жұмыстарды істейді. Әсте Бармақбай Аманжолға ештеңе рұқсатсыз жасатпайды немесе тыныш отыр деп те ұрсады, бірақ қанша ұрсып тыйым салса да, жанынан тастамайды, суды да Бармақбай басында өзі тасыйтын, содан соң Аманжолды жұмсай бастады. Бармақбай өзімен бірге тастамағанымен, қорқады, Аманжол бірдемеге оралып, бір нәрсені басып, жарақаттанып алама деп, сондай кезде:

  • Әй отырсаңшы тыныш, нең бар онда! Тиме, шұқыма, алма! – деп ернін шошайтып, көзін бақырайтып тұрады.
  • Үйбай ау! Мен де сен оқыған жерде оқыдымғой, бұлардың не екенін мен де білемін! Керек десең тракторыңды да айдып беремін. – деп шағымданады Аманжол.
  • Қой әкем! Керегі жоқ, тыныш отыршы, өзім айдаймын, тракторымды аударып аларсың тағы. – деп мимикасын өзгертіп өзінің қамқорлығын ұрсыс сөздің астында жасырады.

 

Осындай кезде Бармақбайдың түрі өзгеріп ұрсса, Аманжол шегі қатып күлетін, оған Бармақбайдың түрі күлкілі көрінетін. Бармақбайдың Аманжолға бұлай қамқорлықпен ұрсып сөйлеудің де жөні бар, неге десеңіз Бармақбай Аманжолдан үш жасқа үлкен, сондақтан училищеде-ақ, Бармақбай Аманжолға кішкентай қызға қарағандай қарайды, қауіпті нәрсеге тыйым салады, әрқашан қаралай жүреді, кейде «Масыл болдыңғой!» деп сөйлесе де, Аманжол қасында болмаса, өзін, бір бөлігі жоқ секілді сезінеді.

 

Бұлардың үйленгендеріне көп болмады, әсте бұлай әлі өздерін жұбай сезініп жүрген жоқ-ау шамасы, бір-біріне қалжыңдап сөйлескендері, жай құрбылардың әңгімесі секілді. Ал енді Бармақбайдың бригадасындағы еркектер бұларға қарап:

  • Ал жас жұбайлар, сендер трактор айдасаңдар да бірге жүресіңдер ме? деп қалжыңдап сұрағанда...
  • Біз компаньонбыз. – деп бірге жауап береді.

Сондай кездерде екеуі бір-біріне қарап, қарқ-қарқ күледі.

 

Басында Бармақбай өзі су тасып жүргенде, немесе сынып қалған тракторды жөндегенде шошақай Аманжолды жанындағы үлкен ағалардың тракторына отырғызып жіберетін, Аманжол солармен бірге өрісті бірнеше айналып, солардың әңгімелерін тыңдап, мәз болады. Біраз айдан соң  Аманжол, Бармақбай қарсы болса да, трактор айдап жақсы үйреніп алды, училищедегі үйренгені бар, Бармақбайдың үйреткені мен кейде тракторист ағаларының ұрттап қойған кезде, Аманжолға бір-екі айналып жасатады. Содан кейін Аманжол кейде трактор да айдайтын бірақ Бармақбай «Мен жоқта айдаушы болма!» - деп  айтады, Аманжол оның айтқанын бұлжытпай орындайды.

 

Күн таң атысыменен ыстық лебіз беріп тұрды, шілденің қақ ортасы, адам баласы бұндай күні далаға шықпасы анық, Тастыбұлақ өзі жазық далада орналасқандықтан ағаштар сирек, күннің ыстығында көлеңке табатын мал ғана, тоғайға барып ағаш астына бүркеліп көлеңке астында жатады, әсте ол тоғай да үлкен емес, ал адамдар болса одан арман.

 

Қандай күннің ыстығы болмасын науқан кезі, бидайдің пісіп жетілетін уақыты, бұндай уақытта шөп шабушылар менен трактор айдайтындардың нағыз қарбалаңға түсетін кезі. Бармақбай үйден жұмасқа таңғы төртте шығып кеткен, күн ысымай таңның салқынында жұмыстың жартысын істеп тастайын деп, қалған бригададағы трактористтермен кездесіп трактор айдап кетті, ал Аманжолды бұндай ыстықта өзімен бірге алмады, әйтсе де Аманжолдың одан бөлек те шаруалары бар. Бармақбай кеткен соң үйін біраз жинап алып, колхоздағы қоймаға кетеді, ол қоймада трактористтер мен шөп шабушылардың шабындықтарын, шапқан бидай, арпа, сұлы сияқтылардың ішіндегі дәнді дақылдарын сабағынан бөліп, оны бидай тазалайтын мәшинеге салып, жанындағы өзі сияқты бірнеше қатындармен бірігіп, кезек-кезек мәшинені айналдырып, астықты бөліп, сорттап отырады. Ол да оңай шаруа емес, әсіресе ыстық күнде, егін мол болғандықтан Алланың берген мархабатын ысырап қылмай, барына шүкір айтып, сол астықты тазалайды. Тазалап болған соң бидай ішінен шыққан ақ сұлы, қара сұлы, арпаларды бір үймеге үйіп, оны барлығы сыртқа шығырып, ұшырады, арасында қалып қалған қақымдар желменен ұшып кетеді. Бұнымен қатар егіншілер жаздың алғашында еккен ыстық сүйгіш қазақтың нағыз сүйіп жейтін тағамы тары өсіреді, Тастыбұлақ тары өсіруге өте қолайлы, көктемнің соңында үш бригаданың бірі тракторына соқаны іліп алып, жерді жыртып тары егеді. Бұл тары жаздың ортасына таман, бір метірдей болып өсіп төбесінде шоғырланып дәндері пісе бастайды. Пісіп жетілген соң тарыны сабағынан алып тастап, молынан шыққтан тары дәндерін ұшырады, ақтайды. Бұл астық өте қолайлы және тойымды, қойшылар бұрыннан бұл астықсыз жүра ала алмайды, таңертеңнен тарынан сүтпен қайнатып оған кішкене қойдың құйрық майын араластырып ішіп алса, кешке дейін тойып жүреді, бұл көжені қазақта “шабандардың тамағы” деуші еді.

 

Осылай бүкіл жаз бойы. Аманжолдың қасындағы әйелдер де Бармақбайдың жанындағы жолдас трактористтердің қатындары, бұл іске олар үйреніп қалған. Бұл колхоздың бар медеулері осы астық, әйтсе қоймаға жинатқан астықтың бәрін жиып, қала-қалаға алып кетеді, ал қалғанын кішігірім ауыл бөліп, дағараға салып, қысқа жинайды. Жаз бітіп қалғанда қойма әйелдері, Аманжолмен қоса қойманы сылап, батпақ жағып, ретке келтіріп сынған жерлерін жөндейді. Қойма шатырына батпақ жағады, одан соң осы сылап, түзеп, кептіреді. Айта берсе сондай майда шүйін жұмыстар көп.

 

Жаз біткен соң, күз айының басында жиналған астық пенен піскен көкеніс, жидектерді дағара қаптарға салып, қыстарына қарқында дайындалады. Малы барларда жазда отырғызған жоңышқаларын, шөптерін әзірлеп қораларына тығады. Міне! Жаз ол майдан секілді, өліп-талып астық егіп шапса, ал күзде жасаған еңбектерінің олжаларын жинайды. Осындай шағын ауылдың қарбалысқа толы жазы, тұрғынының есінде қалатыны анық.

 

Күрең күз, жаздың ыстығының соңғы зәрі шығып күннің соңғы ыстық күндері жалғасып жатыр, аптасына бір рет күн күркіреп жаңбыр жауады, таудың басына түскен бір-екі найзағай адамдарды біраз түршіктіреді, бірақ сол күннің ертеңгісінде ауыл топ-топ болып таудың басына барып тау сарымсағын жинайды, е-е-е таудың сарымсағы неткен хош иісті балғын өсімдік, бұл сарымсақтан істемейтін тағам болушы ма еді. Төбесі жап-жасыл болып шошайып өскен сарымсақ, жаңбырдан соң жердің батпағымен жібіп, өңай жұлынады, Жоңғар-Алатауы осындай жусай, пиязға мол тау, сол тауды жағалай қонған халық жыл сайын күздің бірінші айларында күн күркіреген соң пияз жинауға шығады. Молшылық! Халық қаптарын толтырып үйлеріне апарып қалған жаз бойы жинаған азықтарының арасына қосып қояды.

 

Алла сақтап қаламын деген халықты сақтап қалады екен. Сонау, ақ патшаның кезінен бастап қазақты арам шөп ретінде қырып келеді, ақ патшадан көрген зорлық аздай, одан соң қызылдар келіп шапқан жоқ па!? Большевиктердің ғасыр басталғалы қазаққа көрсетпегені бар ма еді!? Аштан да қырды, халық жауы деп те атты, соғысқа алып кетіп кемпір шал болсын қара жұмысқа салып қажытқан жоқ па!? Одан қалса коммунизм деп малын, мүлкін тартып алған жақ па!? Иә көрмегенді көрді қайран халқым, бірақ аштық болсын Алланың құдыретімен тауда өскен өсімдік жеп болсын аман қалды, атса да еңсесін түсірмеген, солдатқа әкетсе де намыспен соғысқан, еңбекке салса да адал істеген елім ай! Атеизмды жақтап миларына құлдық сананы сіңірсе де, иманын жоғалтпай, кәлимасын ұмытпаған қазағым ай! Еліріп, қайғы көріп, жасалған әділетсіздікке сабыр қылып, бастарына күн туып көңілдеріне қайяу түсіп, тар заманда белдері сынса да... Сағы сынбаған батыр бабам ай! Қазақтың бұдан бұрын шіріген байлары болсын, дүниесіне қорққаннан жыл сайын қырық қойының бірін зекетке беріп, құдайлық қылып бір ірі қарасын сойып таратушы еді, бұл істі қазақтың ең наданы істеуші еді, ал енді жақсысы, кереметі, жомарт адамы қандай болсын!? Жетімін жерге тастамаған, жесірін жалғыз қалдырмаған қазақ, өлі жетімдерді жағдайларына қарамай паналатқан көршілері мен туыстары неткен кішіпейіл еді, үлкенге құрмет – кішіге ізет танытқан халық, оң-солына Алланың сәлемін салған, жаратқанның сөзін жаттап молда болған, шетел аралап білім алып, туған сорлы ауылын ұмытпаған зиялы кісілер ай! Шешесіне ух! Деп сөйлемеген, әкесіне тух! деп зіркімеген, анасының ақ сүтін қадірлеген, әкесін асқар таудан түсірмеген, ағасына «ағатай!» Жеп басын иген, қыз баласын қырық қап көретпеген, қазағымның отбасы ай! Қазақтың сол кездегі қысқаша сыр түрін көрсеткенім болғай....

 

Күз кетті, қыс азынап келді, январь айының басы, жаңа жауған қардан жер көрінбейді, түнде боран соққан, боранның соншалық қатты болғаны таудың басындағы гідір жоталар теп-тегіс болып қалды. Ал Тастыбұлақ болса, белге дейін жауған қар кейбір қораларды толығымен басып қалды. Бармақбайдың үйі біраз тереңдеу жерде орналасқан еді, сондақтан осындай боран соқса үйдің есігін толығымен жауып қалады, есігін ашуға Аманжолдың күші келмейді, Бармақбай болса колхоз жұмыстарымен көрші совхозға кеткен. Үйде Аманжол апасымен бірге Тетлес бар, есік жабылып қалған, сырқа шығу мүмкін еместің жаны, бар болғаны есікті біраз сығалап ашуға болады. Далаға шығу керек сиыр сауып қораны біраз қардан талап жіберу керек, қысқаша айтқанда жұмыс көп, ал сыртқа қалай шығады!? Білмейді. Есікті сығалап ашып итере береді, бірақ сірә ашылмайды, бір кезде көрші Нүриля апасының күйеуі сыртқа шықты, ол көршілердің үйі біраз жотада, қар ол үйге қалың жаумайды. Аманжол ол кісіні көріп қатты қуанып бар күшінен:

  • Аға-а-а, амансыз ба!? – деп бар күшінен айқайлап жіберді.

Аң-таң болып жан-жағына қаралай бастады, дауыс бірнеше рет жарқын шықты. Аманжолдың дауысын біраздан соң барып таныды, Аманжолға қарап:

  • Не болды! Есігің ашылмай қалды ма? – деп қақпасынан шыға бастады.
  • Иә аға, есігімді қар басып, итере ала алмай отырмын, күшім жетпей тұр. – деді Аманжол.
  • Е-е-е, әкесі жаман! Сенің ақ бір құйтырқың болып тұрады екен. – деп күле, Аманжолдың үйіне кіріп келді.

Бұл кісі Аманжолға әрқашан осылай қалжыңдай сөйдейді, әкесі Нұрғали екеуі бажа болғандықтан, қызына қалжыңдарын сөз арасына салып қояды.

  • Күте тұр мен қазір қарды күреп жіберейін, итер дегенде бар күшіңмен итересің, қатпай тұрғанда есігіңді ашып алайық. – деді қорадағы күректі алып.
  • Жақсы аға. – деді Аманжол.

Біраз қарды күреп болып астындағы мұзды соғып-соғып жіберді.

  • Ал енді итер, мен мыннан тартамын. – деді.
  • Жарайды.

Есікте екі жақтап итергеннен соң есік беріліп ашылды. Есік ашыла бергенде даладан суық ызғар лап ете түсті, арғы үйдегі апасы:

  • Әй! Үй суып кетті ғой, жап есікті. – деп айқалар жіберді.
  • Иә апа, мен далаға кеттім. – деді Аманжол.

Далаға шыға бергенде алдында тұрған ағасына алғысын айтып:

  • Рахмет аға, сіз болмасаңыз үйде қамалып отыра берер едік осымен. – деді Аманжол.
  • Оқасы жоқ, әкесі жаман. – деп күле бұрыла бергенде Аманжолдың миына енді түсіп:
  • Е-е-е, аға, сізге шай ұсынбаппынғой, үйге жүріңіз, тоңып қалған шығарсыз. – деп ағасын тежеп, үйіне шақырды.
  • Ә-ә-ә жоқ рахмет, шаруа сенде ғана бар дейсіңбе, мағанда даламды қардан тазалап күреуім керек. Суағарым қатып қалды, соны ерітуім керек, әй... Басымды қатырма, кеттім мен. – деп бұрылып үйіне кетті.

 

Аманжол Бармақбай жоқта бораннан қалған қарды күреп, жол салып, қорасын тазалап, үй шаруасына кірісіп кетті. Бармақбай кешке келу керек болатын, оған тамақ әзірлеу керек, ағаш қорадан жарылған отында алып, келіп қазанын жағып, ісіне сан таппай шаруасына үңіліп кіріп кетті. Шарауаларын бітірген соң, Аманжол үйге кіріп біраз демалып отырды, далада күн батып келе жатты, дала бозарып аспанда қайта бұлт қалыңдап қар жауа бастады, Аманжол отырған жерінен тұрып терезе жаққа жақындап қарай бастады, қар әдемілеп баппен жерге түсіп, кешегі бораннан толған қардың үстіне қайта жамылып, түскен аппақ қарға қарап Аманжол артында отырған апасына:

  • Апа қараңыз қар жауды. – деп еді.
  • Әй! Сен не дедің!? – деп қабағын шытып сұрады.
  • Ау? Мен бе? Қар жауды дедім, кешегі боран жетіспегендей ендігісі... – деп жалғастыра бергенде апасы жарты сөзінен бөліп жіберіп:
  • Жоқ сен не айтып отырғаныңды түсініп тұрсың ба? Кімнің атын атап отырғаныңды? – деп орнынан тұрып Аманжолдың көзіне қарады.

Апасының расымен ашулана бастағанын Аманжол түсінді, бірақ айтқан сөзінде не гәп бар екенін аңдатпады.

  • Апау мен бірдемені дұрыс айтпадым ба? Кімнің атын атадым? – деді Аманжол.
  • Сен расымен түсініп тұрған жоқсыңба!? Мен, атын өмірімде атамаған кісінің атын сен атап жын ұрды ма!? – деді апасы.

Аманжол айтқан сөзін қайта есіне түсірді, апасын ашуландыратындай не айтқанын түсіне алмады, біраз ойланып тұрды, апасын көзін сығырайтып Аманжолға бір нәрсені күтіп тұрғандай жалықпай қарап тұрды. Айтқан сөздерін миында қайта жүгіртіп алып, әрбір сөзін дұрыстап зерттеп, ойлап еді, бір кезде түсінді, жүрегі салт ете түсті, апасы не үшін ашуланғанын білді, білген соң апасына қарап:

  • Ойбай апа!! Кешіріңіз, байқамай қалдым не айтқанымды. Ендігәрі әрбір сөзіме мұқият боламын. – деді апасына.

Аманжолдың бар түсініп айтқаны екі ақ сөз “Қар жауды” осы үшін Аманжол апасынан таяқ жей жаздады, сіздер бұл екі сөзде тұрған не бар екен!? деп ойлап тұрған шығарсыз, ә-ә-ә мұндай текті отбасыларда, қазақтың отбасында келін ешқашан қайныларының атын атамаған, “Қар жауды” дегені ол Бармақбайдың арғы атасы Қаржау деген ру атауы, бұл қаржаулардың үйіне түскен келін, арғы бабасының атын өзі тұрмақ, апасы атап көрмеген екен.

 

Бұл жерде қазақ неге қайныларының атын ататқызбаған!? деп ойлана қарасақ, бұл қарапайым субординация, құрмет. Сол заман қазақ келіндері өзінен үлкен-кіші болса да, атын әдейлеп, не әдейсізден, не болмаса айтқысы келген сөз, қайныларының бірінің атына ұқсап қалса, аузын тиған, өйткені ол сөзді айтса қайнысының атын атағанмен бірдей деп түсінген. Сіздер әлемде қазақтан басқа осындай қайны жұртын құрметтеген халықты көріппе едіңіз, жоқ сірә!!! Осындай қарым қатынастар үшін қазақ өзінің талай ғасырлық салтын қалдырмай әкелеген үшін қазақ әлемдегі ең текті халықтардың бірі болып саналады, жеті атадан өтпей қыз алысып беріспеген, жақын араласып туысын ұмытпаған саусақ санарлық халықтың бірі осы қазақ.

 

Осы оқиғадан соң Аманжол апасынан кешірім сұрап ұялып үйден шығып кетті, далаға шығып кешкіге малының астына кебек пен араластырып шөп салып, қайта жауған қиыршық қардан даланы тағы бір рет күреп алды, ара-ара кезде, есік жаққа қап қояды, Бармақбайдың келетін уақыты болды, әлі жоқ, бірақ колхоз жұмыстарымен кетсе бір-екі күнге кешігіп келетін, әйтсе де бүгін келемін деп айтқан. Түн батты, Аманжол тамағын әзірлеп апасы мен Тұрбайға беріп алды, олар Бармақбайды күтеміз деп, біраз отырып қалды, шамалы күткен соң тамақ суый бастады «Ыстық балғын кезде жеп алыңыздар!» - деп Аманжол аш қалмасын деп тамақтарын ішуге көндірді, бірақ Аманжол өзі тамаққа тиіспеді, Бармақбай болмаса тамағынан жөнді ас өтпейді, кеше болған жоқ, бүгін түстен кейін келу керек еді ал далада түн қарайып түсе бастады, Аманжол уайымдап қалды, әйел адам емес пе!? Өзінікі болмаса, ойламайтын нәрсені ойлайды. Түн батқанына екі сағат болды, Аманжол өзін тығатын жер таппай біресе үйге кіріп, біресе далаға шығып, қақпаны жағалап жалт-жалт қарап тосып отырды. Тағы бір сағат өткен соң шыдамады, үйде онымен бірге уйымдап ұйқтай алмай жатқан апасына барып:

  • Апа мен сыртқа шығып келейінші!? – деп сұранды.
  • Қайда барасың қараңғыда!? – деді Жамбы апасы.
  • Мен әлгі, көрші әйелден кеше біз алып едім, бүгін қайтарып берем деп уәде бердім, кеше боран соғып қар қалың жауып, шаруам көбейіп кетеді деп ойламадым. Шаруаларыммен айналысып қайтарып беруді ұмытып кеттім. – деп ойына келген, болмағыр нәрсені айтып былжырап қалды.
  • Ертең-ақ бересіңғой, ұйқтап қалған шығар, мазаларын аларсың. – деді апасы.
  • Жоқ, үйлерінде керасин лампасы жанып тұр, үйлерінде отыр олар, ол қыз үй ішіне киім тоқиды, ал менің кесірімнен тоқи алмай жүрген шығар. – деп сылтауратты.
  • Ә-ә-ә, ендеше барып кел, көпке ұзама. – деді.

Апасының жібергеніне қатты қуанып, тез арада киініп алып, бір қолына бізді, ал бір қолына таяқ алып, шығып кетті. Бұның бәрі сылтау, ауыл кіреберісіне барып Бармақбайды күтудің амалы, ойына келмейтін нәрселер келіп, жанын жегідей жеген соң шыдамаға Аманжол үйінен ұшып шыға бергенде артынан апасы:

  • Ауыл жанынан Бармақбайды қарайлап қойшы. – деді апасы.

Бұндай тас қараңғыда қандай ене келінін далаға жібереді, әншейінде ақшамнан соң Аманжолды далаға шығармаушы еді, ал қазір уайымын түсініп шын мәнінде қайда бара жатқанын біліп тұрғандай болды апасы, сонда айтқан сөзі Бармақбайды қарайлап қойшы дегені.

  • Түсіндім апа, қарап қоямын. – деді де шығып кетті.

Дала тас қараңғы қолында бар болғаны бір қалың таяқ, өзі қорқып келе жатыр, көрші үйлердің иттері Аманжолды сезіп, үре бастады, бұға Аманжол одан әрмен қорқып кетті, жақсы болғаны ол иттердің байлаулы болғаны еді. Аманжол таяқтың ұшына оралған матаны жағып шыққан, бірақ ол да ұзаққан жарық бермейді, мата толығымен жанып кетсе қайтарды қараңғыда қайтады, оны Аманжол жақсы түсініп тұр, бірақ оған қарамастан Бармақбайды ауыл шетіне барып күтемін деп өзін жігерлердіре түсіп, бар батылдығын жинап, соны ештеңеге қарамастан күтіп қарсы алуға дайын.

 

Бірнеше үйді өткен соң, бір тазаланған жолмен келді, қалған айнала омбы қар, таяғын жағып алдыға салып жолын көріп келеді, үстінде қалың тон, басына шыттың үстіне таққан қоңыр шәлі, аяғында пима, қолында тоқылған қолғап, сол қолында біз ұстап келе жатқанын да ұмытып кетті байқұс. Сонымен жол тартып келе жатыр, бір кезде алыстан иттің үргені естілді, Аманжол басында қатты мән бермеді, бірақ ол дауыс ақырындап жарқын естіле бастады, оған қарамай алдыға жүре бастады, иттің дауысы қатты содан соң одан қатты, шыға бастады. Аманжол артына қарап, жарығын дауысқа қарай апарып қарады, дала тас қараңғы болғанымен бұлт арасынан бұлдырап жанып тұрған айдың жарығы біраз айналаны нұрландырып тұр. Аманжол көзін сығырайта дауыс жаққа қарап еді, алыстан бойы белге дейін келетін, қоңырлау ірі, қабаған ит көрінді, үрген дауысыменен арасында қасқырша ұлып, жүгіргенде аузынан слекейі ағып, қара қөзінің жан жағы қызарып жанып тұрғандай көрінді, бар аяғымен шапшаң басып Аманжолға қарай жүгіріп келеді, Аманжол ол итті көріп қатты қорқып кетті, орнынан бұрылдыда ол да қашты. Жүгіруге ыңғайсыз, қалың пима жылдамдығын тежеп келеді, ал ит болса алыстан жүгіріп келеді, Аманжол бар күшімен қашып барады, біраз қашқан соң алдында кішігім өйық жер бар еді, оны Аманжол байқамай қараңғыда қара жер деп қалып, басып қалды, бір аяғы батып кеткен соң шалынып құлады, жатқан жерінен қорққанан тұра ала алмады, ит болса артынан келеді, біткен жерім осы шығар деп ойлады, «Қыз басыммен нем бар еді қараңғыда далаға шығып!» - деп қалды. Жатқан жерінен аунап таяғына қарады, оты әлі өшпеді, біраз жатты, ал ит болса тым жақындай түсті, не істерін білмеді, бар келген ойы итке жем болам ба!? Өлсем мұжылмай өлейін, ал сүйегім иттің тамағына қадалсын деп, өзін ретке келтіріп, таяғына сүйеніп дірілдеген аяғына тұра бастады, бір кезде бар жігерін жиғанда, аяғының да қалшылдағаны біраз қойды, жақсы болғаны құлағанда ешқайжерін ауыртып алмаған, аяғына тұрған соң, дөңестен былай тұрып, ит жаққа қарай қарап, қолына таяғын нық ұстап, оттан қорқар деп таяқты ары бері желпілдете бастады.

 

Біраздан соң ит те жақын көріне бастағанда Аманжол иттің көзіне қарап қабағын шытып, бар батылын жинап, ішінен «Ал, келе қал!», сағыңды сындырайын деді, ит Аманжолға қарай жынды көзімен жүгіріп келе жатыр, Аманжол сес көрсетпейді, бар сенгені қолындағы таяқ, ит жақындай түсті, аралары бернеше метр, Аманжол таяғын бір соққы болса да, оңдырмай соғайын деп, дайын тұр, ит тым жақындап Аманжолға қарай секіре бергенде, Аманжолдың оң жақ көзінен зу ете түскен жалпақ қара тас, иттің сол жақ жағына дәл тиді, ауада тиге үлкен тас, итті оңдырмады, бір метрге дейін солға ұшқан ит, қалың қардың үстіне топ ете қалды. Бірнеше секундтан соң ит қайта тұрып қатты қыңсылай бастады, дауысы қатты шығып кетті, не болғанын түсінбей ары бері қайда қашарын білмей, ит сасып қалды, осы кезде жол көрсеткендей, артынан бұл жолы ұсақтау бір тас итке қарай қайта ұшты, тас иттің аяқ жағына тиді, ит сол мезетте қайда қашарын түсініп көзде таса болып кетті. Аманжолдың көзі бақырайып аузы біраз ашылып қалды, жүрегі тарс-тұрс соғып тұр, қолындағы таяғын әлі соққы жасайын деп тұрғандай қатып қалған, үсіп қалды, бір кезде есін жиып қашып бара жатқан итке қарап, аң-таң болып тас ұшқын жаққа қарады, ол жақта арықша келген, ұзын бойлы, қара-сары тон киген ауыл шетінде тұратын қалың қара мұртты шал, басындағы тымағын түзеп Аманжолға қарай келе жатыр:

  • Әй қарағым! Тәуірмісің. – деді

Аманжол ол шалға қарап ол да басындағы шәлін дұрыстап тағып, үстін қардан қағып:

  • Ә-ә-ә Шүкір Алла!! Иә тәуірмін ата. – деді Аманжол
  • Түн ортасында далада неге қаңғып жүрсің?  - деп сұрады әлгі шал.
  • Мен бір шаруаларыммен шыққам далаға, келе жатсам артымнан бір қабаған ит шыға келді. Рахмет ата сізге, құтқарғаныңыз үшін, мерген екенсіз иттің тура жағына дәл тидіңіз. – деді Аманжол.
  • Түн ортасында не қылған шаруа!? Жолға шығайын деппе едің? Ауыл тысында осындай үйсіз-күйсіз қабаған иттер көп. – деді шал.

Бұл танымайтын кісіге өтірік алдаудың мәнісі жоқ екенін түсінген Аманжол, шалға бар шындығын айтып берді.

  • Ата менің жолдасым бүгін түсте көрші колхоздан келу керек еді, бірақ түн болы әлі жоқ, соны уайымдап, оны ауыл кіреберісінде күтейін деген едім. – деді.
  • Е-е-е солай де!! Саған жалғыз жүруге болмайды, қане жүр үйіңе дейін шығарып салайын. – деді шал.
  • Жоқ ата әуре болмаңыз, құтқарғаныңыз үшін ризаман, бірақ соншама жерді, соншама уаймды босқа сездім бе? Қазір келіп қалатын сезіп тұрмын, оны күте тұрайын. – деді Аманжол.
  • Е-е-е махаббат ай!! Не істетпейді десеңші. – деп күрсінді шал.

Аманжол айтқан сөзіне ұяла жымия қарады да қойды.

  • Жарайды сені ендеше ауыл сыртына дейін шығарып салайын, үйде немерем жалғыз, жеткізген соң қайтып кетемін, бірақ ойыңды өзгертіп үіңе қайтамын десең, мен анау бір үйде тұрамын, сонда кел, мен сені үйіңе шығарып саламын. – деп саусағымен үй жағына қарай шошайтып қаратып тұрды.
  • Жарайды ата, дегеніңіз болсын. – деді Аманжол.

Деген жеріне жеткен соң, шал үйіне кетті ал Аманжол үлкендеу бір томпыйып тұрған тасты қардан тазалап, үстіне отырып, таяғын ұстап жол жаққа қарап отырды. Бірнеше уақыт өтті Бармақбайдың келері білінбейді, Аманжол қалың киініп шықсада бетіндегі орамалы өзінің демінен дымқылданып қатып қалды, күн аяздап суый бастады, бағанығы қуғыннан құлағандағы көзінен еріксіз шыққан жасы, аяздан көзінің кірпігіне мұз болып қатып, жөнді аштыртпай тұр, қолының саусақтарыда ине тыққандай шаншып тұр, бетіндегі орамалын дымқылдықтан шешіп тастады, үстіндегі тонының құлаған қардан дұрыс қағылмай, қырау болып қатып суытып тұр, Аманжол әбден тоңып қалды, бірақ кететін ойы жоқ, бар жылытып отырғаны ішіндегі махаббат сезімі мен әне-міне келіп қалады-ау деген ойы. Аманжол жанып болып жатқан таяғының отына қарап, басын қөтеріп артында өсіп тұрған талға бет бұрды, кішкене жылынайын деп артындағы талдың астыңғы қар қалың тимеген бұтақтарын сындырып, «кебу» - деген жерін таяғының отымен жылытып сындырып шырмауық ретінде жағып көрді, бұндай дымқыл ағаштар жана қоймаушы еді, бірақ қуанышқа, бұл кәрі қарағаш сағасы кебу болып бірнеше уақыттан соң лап ете қалып жанды.

 

Аманжол басқа таяққа суланып қалған орамалын таяққа іліп, отқа кептіріп қойды, от кішігірім ошақ ретінде жанып тұрды, шәлімен бірге қолындағы қолғабын да кептіріп алды, жалаңаш қолын отқа жақындатып жылытып алды, денесі біраз жылып жан кіріп қалды, тастың үстінде отырып ақырындап оттың үстіне кепкен бұтақтарды бөліп лақтырып отырды, әкесі аңшы болған қызғой, бұндайға қолы ұзын, саусықтары жылыған соң қолын тонына кіргізіп, бір-біріне айқастырып, мойнын иіп, басын мұрнына дейін тонға тығып, бүркеліп отырды, жанып тұрған оттың бетіне беріп тұрған ыстығы көзіндегі қырауды ерітіп бетінен жас секілді ағытып жатты.

 

Жылуды денесі сезген Аманжол, ақырындап қалғып бара жатты, көзі ауырлап өзінен-өзі ашып-жұмылып ойнақтап тұрды, демі бір қалқы тыныстала бастап, қолындағы тіреп тұрған ағашқа сүйеніп қалай ғана ұйқтап кеткенін түсінбей қалды. Ұйқтап қалғанына онбес-жиырма минут болды, алдындағы оты өшіп шоғы ғана қызарып тұр, ал ағашын ошақ жаққанда өшіріп тастаған, дала тас қараңғы болып қалды, Аманжол суыққа қарамастан ұйқтай берді, сырты суығанымен, тонының іші әлі жылы сол жылумен ақ рахаттанып отыр. Тағы он минуттай уақыт өтті Аманжол мінсіз ұйқыға батқан, бір кезде жол жақтан сары нүкте көріне бастады, ол нүкте үлкендей бастап, бір кезде екіге айрылып Аманжолдың тура көзіне соға бастады, алыстан гүрілдеген мотордың дауысы шықты, Аманжол шаршағаннан оған мән бермей, ұйқтай берді, әлгі гүрілдеп келген мәшине Аманжолды жол бойынан байқағандай жанына келіп тоқтады, Аманжол тура құлағының жанында гүр-гүр еткен дауыстан оянып кетіп көзін ашты, көз алдында жап-жарық болып тұрған мәшине фарынан көлеңке көріне бастады, жарықтың шағылысынан әлгінің беті көрінбейді, бар болғаны Аманжол жаққа келе жатыр, Аманжол есін тез жиып, алақанын шекесіне жалпағынан қойып, жарықтан кісінің түрін анықтап қаралай түсті, кішкене қорқақтау Аманжол шошып кетті, қолындағы таяғы өшіп қалған, мәшине жарығынан басқа нұр жоқ, Аманжол орнынан тұрып артқа қарай шегіне бастап еді, бір кезде:

  • Әй! Аманжолмысың! – деген таныс дауыс естілді.

Аманжол дауыстың таныстығынан тұрып қалды. Жарықтың арасынан адамның денесі анық көріне бастап жақындай түскенде Аманжол әлгі адамның жүзінде өзінің Бармақбайын таныды. Таныған соң іші лап ете қалды, орынан жүгіріп:

  • Иә менмін Бармақбай! – деді Аманжол.

Бармақбай Аманжолмен бетпе-бет түсті. Жанына келген соң Аманжолға бір-түрлі қарап.

  • Мұнда қараңғыда неғып отырсың!? – деп сұрды.
  • Мен, сен кешіге бастаған соң, сені күтіп отырдым. – деп жауап берді.

Бармақбайдың өңі өзгеріп қабағы қар жауғандай түйіліп:

  • Ақымақ! Не қара басты сені!? Мен, сені далада күт дедім бе? Келер едімғой бүгін болсын, ертең болсын!!! – деп ұрса бастады.
  • Мен сені бүгін келеді екен деп көп тостым, әлі жоқсың, бір пәле болып қалды ма? деп уайымдап, үйде отыра ала алмадым, бар болғаны сені ауыл сыртында күтуім ғана қалды. – деп ақталды.
  • Албасты! Үсіп, өліп, бірақ тынарсың! – деп Аманжолдың қолын ұстады...
  • Міне қолың тастай, бетің де қып-қызыл. – деді.
  • Кешірші енді! Бар болғаны сені уайымдағанымғой.
  • Уаймдасаң үйде уайымда. Далаға шығып қақиып тосқаннан үсігіннен басқа ештеңе таппайсың. – деп бөліп жіберді Аманжолды.

Тез арада Аманжолды қолынан алып мәшине салып үйге алып кетті, салдыр-күлдір етіп колхоз мәшинесі Бармақбай екеуін үйіне жеткізіп салды, үйге кіріп келісіменен алдыларынан апалары шықты:

  • Жарқтық ау! Сен қыз қайда жүрсің!? Көршінің үйіне кеттім деп едіңғой, екі сағат болдығой жоқ болғаныңа. – деді.

Аманжол не айтарын білмей қалды, қазір бірінші өтірік айтқаны үшін, одан кейін далада қатып отырғаны үшін таяқ жейтіні сөзсіз еді. Аманжол бар шындықты айтпақшы болып аузын аша бергенде, Бармақбай одан жылдамрақ:

  • Аманжол менімен болды апа, уайымдамаңыз, жол бойында Аманжолды көршінің үйінен шығып бара жатқанын көріп қалып, оны жолдастарым шақырған үйге бірге алып кеттім. – деді Бармақбай.

Аманжол Бармақбайға қарап таң қалып қалды, апасы ұрспасы үшін өтірік айтты, іші жылып көзін төмен қаратып, сызылып, Бармақбайдың айтқан сөзіне тек басын изеп қана тұрды.

  • Еңқұрмағанда үйге кіріп киіміңді ауыстырып, бір-екі ауыз сөзіңді айтпайсың ба. Мен болса мына қызды іздеп әлек болып отырмын. – деді апасы.
  • Жолдастарым жанымда болып, жүр-жүр дегеннен, үйге кіріп үлгермедім . – деді де қоя берді Бармақбай.

Бармақбай жол бойы Аманжолды ұрсып келді ендігісі енесі ұрсса күйзеліп қалар деп апасына өтірік айтты. Бұған Аманжол риза, ішінен қуанып отыр, «Бармақбайды аязда екі сағат босқа күтпеппінғой» - деп те ойлады. Аманжол киімін шеше бергенде қойнынан әлгі өтіріктің заттай себебі тоқыма біз жерге шыр етіп түсіп қалды, Аманжол апасы көріп қоймадыма екен деп жан жағына қарады, апасын арғы бөлмеде Бармақбайға тамақ әзірлеп отыр екен, тез арада бізді шүперекке орап, өзі жататын бөстектің астына тығып қойды, апам білсе мені тұрмақ Бармақбайдыда өлтіреді, өтірік өкірткені үшін деп ішінен мылжыңдап. Осымен өмірінде осындай кекілжің жағдайды да басынан өткерді, қабаған иттен қашып қатаған аязда от жағып күн көргенді де бұндай оқиға тек осындай тынымсыз, шыдамы, жан дегенде біткен, сонда да батыл қыздың хикаясы.

 

  Қыстың, орыстардың шоқынатын кезі бітті, дала айнала қасат қар, соңғы үлкен дауылдан соң қар жаумаған, бірақ аяз әлі қайтпады. Ауыл жұрты қарларын омбылатып бір-біріне үйе беріп үлкен жота секілді қылып  қойған. Бармақбай қысты күндері шөп тартуға кетеді, тракторист мамандардың қысты күндері де жұмысы бітпейді, Аманжол болса апасы бар, қайны інісі бар, барлығы үйде. Аманжолдың келін болып түскеніне бір жылдан асты, өзі қатты мән бермесе де соңғы кездері Жамбы апасы Аманжолға ала көзбен қарап бірдемелерді астарлап айтып тисіп қояды, Аманжол қорқайын деді не болса да соңғы кездері істеп жүрген істері сол баяғы, ісін кем немесе шала істесе өзі де байқар еді, я апасына да қатты сөйлеп көрген емес, не болса да, бұған да қатты мін салып көрмеді, сол баяғы ісін істеп жүре берді.

Бармақбай таң атысыменен трактор айдап кеткен соң Аманжол тұрып сиырын саууға кетті, қорада жатқан қасқа сиыр жақында төлдеп, бұзау туған, Аманжол бұзауды енесіне шығарып, біраз емізіп алады, еміп болған соң әлгінің жанбасынан қысқа шыбықпен ұрып қойып, айдап әкетеді, әсте жаңа туғанда енесінің емшегінен суырып алу оңайрақ еді, алайда қазір добалдай болған соң ол бұзаудың мойнына байланған арқанды тартып тұрып, әрең ажыратып алады, арасына «Әй жетпегір!» - деп шыбықпен сабап қояда, сиырын сауып отырып, шелектің түбіне тыр-тыр еткен сүттің дауысына елігіп, ойланып кетеді, бар ойы апасы, оған қатты мән бергісі келмесе де, апасынаң соңғы кездегі харекеттері Аманжолды қобалжытады, сиырын сауып болған соң сауылған сүтті қазан-ошақ жаққа апарып, сүтін қайнатып алайын деп, қазан астына от жағып, қызығанын күтіп, содан соң сүтін төгіп, қайнатып, алады. Даладағы шаруасын біткен соң үйге кіріп шешініп апасы жаққа кіріп келеді, апасы сол баяғы қолын ішіне қысып, айқастырып алып бір нүктеге қарап ойға үңіліп отырада, бұның бәрі текке емес деп түсінді Аманжол, бұл жолы апасымен сөйлесейін деп апасына жақындап:

  • Апа не болды? Ауырып отырсыз ба? – деп сұрыда қасына барып.
  • Жоқ ауырып отырған жоқпын. – деп суық жауап берді.

Аманжол біраз апасының жүзіне қарап қалды, жүзі суық болса да ауырып тұрған кісінің жүзі секілді емес, ауырмаса не болып қалды екен деп ойлады. Сонда апасына дайындықсыз мазалап жүрген жәйін сұрастыра кетті:

  • Иа да мен бір нәрсені бүлдірдім бе? Қатем болса айтыңыз. – деді Аманжол.

Жамбы апасы сауғалаған басын көтеріп Аманжолдың көзіне қарап, ішіндегі бар сырын айтқысы келіп мұрынын көтере:

  • Сен осы екі шелек сүттен басқа ауыр нәрсе көтеріп көріп пе едің!? Осы үйге келгелі бері. – деді.

Аманжол бұл астарлап айтқан сөздерді түсінбей қалды. Ішінде бір түсініксіз сезім пайда болды, яки не ауыр нәрсе көтеруім керек еді!? Я да мен бұл үйде аз жұмыс істеп жүрмін бе!? Екен деп ойлады. Аманжол бар кінәләп отырғаны өзінің шаруасы, апасы қатал болғанын біледі, бірақ Аманжол шаруаны басқа көрші үйдегі қатындардан артық істемесе кем жасамайды:

  • Апау ауыры несі, не ауыр көтерейін? Мен сізді мүлдем түсініп отырғаным жоқ. – деді.
  • Қатын ауыр не көтерсін, жылына - үш мезгіл адам көтермеуші ме еді! Түсініп отырсың ба? Я да әлі ақылың жетпей тұр ма? – деді Жамбы апа.

Аманжол еңкейген түрінде тізерлеп апасының тізесін ұстап, міне жалғасытра беретін сөзіне дайын болды. Ішінен дұрыс келе жатырмын, апам әне-міне тісін жарады деп толғанды. Сонда апасы:

  • Сен тұрмақ, жылына бір рет қорадағы қасқа сиырым төлдейді, ал сен болсаң әлі жүрсің. – деді.

Аманжол сонда ғана түсінді, тұсқұйылдан шапқан жаудай болып қалды, апасы осыны меңзеп тұрғанын білмеп еді, келгелі әлі бойдақ жүргені шынында апасынан басқа ешкімді уайымдатпайды, деп ойлап қалды, бірақ шынымен солай ма екен!? Апасы бұны баяғыдан бері, Төлбас атасының әйелі Қызжібек абысыныменен өсектесіп жүрген шығар, мүмкін осылай Бармақбай да ойлап жүрген шығар сірә! Бұл ой оған маза бермеді. Апасының айтқанына тек.

  • Апа бала беру құдыреті өзімде болса, ішіме жыл сайын бір баладан салып тұрар едім, сірә олай емес, жаратқан қашан берер, сонда сізді балаға кедей қалдырмаймын. Туып берем апа! Туып берем! Шыдаңыз және Алладан күдеріңізді үзбеңіз. – деді Аманжол.
  • Рас па? Жә көрерміз әлі. Беруші Алла, бірақ алушы да тек Алла екенін ұмытпа! Сен бала туам дегенше мен өліп қалмайын. – деді де қоя берді.

Бұндай сөз айтқаныменен апасы енді Аманжолға бұрыңғыдай қарай бастады, ешқандай астарлы сөз жоқ, тискілеу де жоқ, расымен адам ішіндегісін айтса жеңілдеп қалады екен. Бұдан былай Жамбы апасы бұрыңғыдан көп кешке таман қолына бес алты тас алып, бір қолынан, екінші қолына лақтырып отырып, бір сөздерді зікірлеп отырады, отырыстың соңында «Илләхи! Билләхи! Әмин!» - деп қолы бетін сипап жатады, ол кісі бала деген нәрсені Алладан басқа ешкімнің мархабатында емес екенін енді түсініп келе жатыр-ау дегендей болды.

 

Адамдар қыстауларынан шығып көкекке дайындалып жүр, малдарын төлдетіп лақтарын ысқыртып әлек, болды қыс бітті шырайлы көктем айлары, Тасыбұлақ үшін нағыз жұмыс науқаны енді басталады. Бүтін трактористтер әмбе қыс бойы бос отырмады, шөп тартып шабындақтан жиылған шөптерді ауыл-ауылдарға апарып, трактор керек жерлерде жұмыс істеді, яки шошқа тағаламады. Бірақ бұның да жемісі болды, бұл жылы Бармақбай передовой тракторист немесе алдыңғы шептегі трактор маманы болып тағайындалды, Бармақбайдан бөлек жас трактористтер көп емес әсіресе қазақ. Май айынан бастап Тастыбұлақ жұмысқа кірісті, ең алдымен жер жыртып оған егін салу керек болды, баяғы Аманжол Бармақбаймен бірге жармасып жанында жүр, бұл жолы ол соқашы, Бармақбайдың жекеменшік соқашысы, сушысы.

 

Аманжол Бармақбаймен жүріп сол арасынша қойма қатындарына да көмектесіп жүреді, жұмыс қызу. Аманжолды өгіз үйретуден тәжірбиесі бар деп Аманжолға кастрет айдатқызып, өгіз де үйреттіріп қойды, ол өгізбен Аманжол басқа қатындармен бірге жүріп өгіз үйретіп, оларға соқаны байлап айдап жүріп жерді де жырттырады, ол заман құрал саймандарға тек трактор айдап ауыл ауылдарды аралайтындар ғана бай, ал қарапайым отырықшы үйлерде керекті жабдықтар кейде болмай да қалады.

 

Науқан кезінде әркім өгізбен жер жыртып, егін егу үшін алай-талай сым темір, құрал жабдық пен саймандар қажет, сонда кейбір ауыл еркектері Бармақбайды айналшықтап, содан бар екенін біліп, содан сұрап жүреді. Передовой трактористте алуан-түрлі темірлер бомаса ол несіне тракторист!? деп ойлайды адамдар сонда да жалмаңдап сұрайды, Бармақбай қиналып, жоғын жоқтаған адамдарға қуана көмектеседі, әсте қу, барын тығып, шүкір айтып... сонымен ақ шаруасын істей бермей, бер де берлерді Бармақбай шақырым жерден-ақ сезеді, сонда Бармақбайдың мінезі тік қой, ұнамаса адамның бетіне былш еткізіп айта салады:

  • Әй! Өзіңнің ақ сым темірің бар емес пе!? Әлгіге бөлісіп, соған беріп шаруасын істеткен игі емес пе? – дегенде кейбір оңбағандар.
  • Бармақбай оларды қайтесің, ол кедейлерде не бар, егетін егіні де жоқ, шабатын шалғысы да жоқ, оданша жері үлкен, егіні мол, шабындығы көп адамға бермейсің бе. – дегендерге Бармақбайдың қаны қарайады.
  • Басымды қатырмашы ей!? Құдайдың құтты күнінде ішің тарылып не көрінді!? Бар жоғы бір сорлы ауыл, бір-бірімен темір үшін қырылысса біткен екенбіз. – дейтін.

Сонда Бармақбайдың әділдігі, жер көкке тарайтын, оны көрші ауыл орыстары мен немістері де танып алған, ал ауыл іші оның тектілігіне тамсанатын, істеген ісі тура, астарлысыз, әділ болғандақтан оның кең көңілінде ешкім-ақ күдіктенбейді.

 

Басқа бригада трактористтерінен сұраса көбісі бермейді, беретіндер болса тек туған-туыстарына. Бұл жерде хикмет тек бейшара сым темірде болып тұрған жоқ, бұнда сондай таршылық заманда әлі де әділ, кішіпейіл, жомарт адамдардың болуында, бұлардың бірі Ыбраймның ұлы Бармақбай, бұл кісіні қараптан-қарап өкіртіп, босқа мақтағанымда емес... яки бұл кісінің ісі кейде жұртты тамсандырады, өзінің жомарттылығы мен әділдігін ауыл тұрмақ көрші колхоздар да хабардар, тракторист болып жүрсе де үсті таза, пейілі ақ адам, тек тектіліктен болады, бірақ мінсіз адам болушы ма еді, бұның да кейде шатақ мінезі болып қалады, әсте қулық танытып көрмеген еді.

  

Аманжол жаз басталғалы өгіз үйретіп сонымен әлек, ал Бармақбай сол баяғы трактор, таңертең кетеді кешке қайтып келеді, кейде түн ортасына дейін де жұмыста тежеліп қалады Бармақбай, ал Аманжол шаруасын бітірген соң лезде үйіне апасына барып үй шаруасын істеп кетеді. Аманжол кешке сиырын сауып, тамағын пісіріп, отыра бергенде апасы Аманжолға:

  • Ертең Алла қалала балалы болсақ бұл кішкентай екі бөлмелі үй тар болып қалмай ма? Қалай ойлайсың? – деп сұрады.
  • Енді білмеймін апа, үйіміз қазір төртеумізге жеткілікті бірақ расымен бала туып қалса тар болып қалуы мүмкін. – деп жауап берді.
  • Үйді үлкейтсек қатеді. – деп еді апасы.
  • Үлкейтсек? Жаңадан салайық дейсіз бе? – деп түсініксіз сұрады.
  • Жаңадан салғанға шама жете ме? Бармақбай жұмыста, сен де кейде өріске шығып кетесің, Тұрбай сабақта, қайтсек болар екен? – деп отырған жерінен өзіне өзі басын ауыртып алды апасы.
  • Ендеше мына тұрған қабырғаны сындырып арғы жағына тағы бір бөлме қоссақ қайтеді? Онда көп жаңа салғандай жұмыстың қажеті жоқ, батпақтан кірпіш жасап, сала салуымызға да болады. – деді Аманжол.

Жамбы апасы Аманжолға қарап қалды, Жамбы апасының көзінде Аманжолдың өскені білінді, бұрыңғыдай емес қазір біраз ересектеу ойлана бастап, бұрыңғыдай апасы айтса болды соны ғана істеп, өз ойын қоса ала алмай, қой аузына шөп алмас болушы еді, ә-ә-ә сірә бұл қыз да өсіпқалыптығой. Жамбы апасы бүкіл көрші туыстарын жинап жаңа үй саламыз деп өзінше шешіп отыр еді, мұнда келіні қараптан-қарап жақсы пікір айтып ой салды:

  • Рас айтасың, жақсы ой, есік алды кең ғой былай қарай созып жіберсек мына бабырғаны бұзып арғы жағына үлкендей бөлме қосып жіберсек керемет болып кетеді. Бала тұрмақ кейде қонақ та шақыра ала алмай қаламын. Үлкендеу бөлме соқсақ меймандар да сияр. – деп апасы қолын ары бері сілкіп, ананы көрсетіп мынаны көрсетіп құрысшысымақ болып кетті.
  • Апа, ендеше Бармақбай келген соң сонымен ақылдасып шешейік, ол жұмыста болса бөлмені Тетлес екеуміз-ақ қосып жібере аламыз. – деді Аманжол.

Осы әнмен Аманжол апасы екеуі мәселені шешкендей болды, бірақ еркексіз әмір берілмес, Бармақбайды күтті. Бармақбай келген соң, оған түсіндіргеннен кейін Бармақбай құптады, бірақ ол Аманжол айтқандай науқан кезінде жұмыстан босамауы мүмкін, сондықтан бұл жұмысты Тұрбай мен Аманжолға тапсырды.

 

Аманжол өрістегі уақытын қысқартып, күзге дейін бөлмені қосып, құдығын жасап, іші сыртын сылып майлап бітуі тиіс еді, көпке создырмай ақ келесі күннен ақ бастап кетті. Топырақты шылап, сабанмен араластырып, кірпіш жасап күйдіріп, бөлме қоса бастады, Бармақбай мен бір топ еркектер қабырғаны сындырып қара жұмысқа кірісе кетті. Тұрбай сабақтан соң келіп көмектеседі ол кезге дейін Аманжол да өрістегі шаруасын тәмәмдәп келеді содан түнге дейін қызу жұмыс. Екі адам не болар, кейде бұларға Бармақбайдың немере ағасы Төлбас келіп көмектеседі, бір жұдырық болып жұмылып еңбектеніп тер төгіп, ығы-жығы арпалысып күзге дейін осы бөлмені қосып та үлгерді.

 

Біткен соң ең қатты қуанған Жамбы апасы шығар сірә, ол кісі дұғасы қабыл болатынына нық сенімді еді, келешек жас жапырақтар үшін соғылған үй тек солар үшін еді, әйтпесе апасына артық жұмыс не керегі бар!?

 

Едәуір сезгіл өтті, жаңа бөлмеде тұрғандарына бір жылдан асты. Бұл жылы сол ғасырдың жартысы толды, бұл бір жылдам астам уақытта әсерлі бір оқиға болмады, сол баяғы трактор мен егін, өріс жұмыстары, Тастыбұлақ сол баяғы ауыл, соғыс жылдарында әбіржіп қалған үйлер қайта жаңғыра түсті.

 

Ал Бармақбайдың үйінде зор қуаныш, Жамбы апаның дұғасы қабыл!!! Бұл жылдың қысында Аманжол бала көтерді, Алла үш жылдан астам сынады, сабыр қылғанға береке! Оның үсті мереке. Аманжол жүкті болғаннан бері Жамбы апасы соны ғана жағалап жүр, көптен күткен немере, соны енді шығарып алу керек, яки қырқына шыдаған қырық біріне шыдамай ма!? Аманжол бір шаруа істей берейін десе апасы жүгіріп келеді, «Ауыр көтерме үйтпе-бүйтпе!» - деп әлек салып жүр.

 

Ал Аманжолдың көтергеніне алты айдай болғанда ол әдеттегідей жаздың бір күнінде Бармақбаймен бірге кетіп, трактор айдауға соның жанына шығып еді, бір кезде екеуі трактор айдап шөп шауып жүр еді ауыл жақтан бір әйелдің пішіні көрінді, алыстан түрі көрінбеді, бар білінгені жалбырап желмен ойнасқан көйлектің етегі, басына шыт таққан әйелше, Аманжол сол әйелді байқап қалып Бармақбайға:

  • Әй Бармақбай, ана жақта шаңқай түсте жалғыз, шапшаң келе жатқан әйелді көріп тұрсың ба? Ол кім? Күннен көзім көкшиіп, көрінбей тұр жөнді. – деп Бармақбайды түрткілеп әлгі әйел жаққа көрсетіп тұр.

Бармақбай такторын тоқтата тұрып Аманжол көрсеткен жаққа қарап:

  • Менің көзім әйнек пе еді!? Сенің көзің шағылысып тұрса менікі де сөйтіп тұр. – деді.
  • Мән бермей ақ қой! Әлгілердің біреуінің қатыны шығар. – деді де қоя берді Бармақбай.

 

Аманжол бір нәрсені сезе бастады, бұл жүріс пен әйел денесінің пішіні тым таныс, әйтсе де танымады. Көлеңке жақындай түсті Аманжол мен Бармақбай сол арасынша шабындық жерді бір айналып келді, айнала сол әйелді көрген жерге қайта келгенде әлгі әйел жақындап түрі көрінерлік жерге жақындап қалыпты, Аманжол сол жаққа қайта қарай бергенде әлгі әйелдің түрі көрініп қалды, Аманжол таныды, көзі бақырайып таңырқап қалды, келе жатқан енесі, Аманжол отырған жерінен Бармақбайды жұлқылап:

  • Үй!! Мынау апамғой, көріп тұрсың ба!? – деді Бармақбайға қарап.

Бармақбай, Аманжолға қарап тракторды тежеп жіберіп, әйел жаққа қарады, рас шешесі. Бармақбай, Аманжол екеуі трактордан түсіп қалып, апасы жаққа жол тартты. Бірерден соң апасына жетіп қалды:

  • Апа не болып қалды!? Жайшылық па!? Полеге қарай шықпаушы едіңізғой. – деді Аманжол.
  • Не болғаны несі!? Сенің есің дұрыспа!? мынандай жағдайыңда трактор айдап, соқашы болып жүргенің не сасқаның!? – деп ұрсып берді.
  • Үйбай апа? Не көрінді? Бұрыннан бері жанымда жүріп, жұмысын істеп жүруші едіғой. – деді Бармақбай араға түсіп.
  • Сен араласпа! Бұның бәрі сенің кесірің, ішіндегі балаға бір нәрсе болып қалса не істер едің!? Әйелдер жаққа мүлдем араласушы болма, өзің істе ісіңді Аманжолға тиме. – деді Бармақбайды сөгіп.
  • Апа мен аманмын, ешқай жерім ауырып тұрған жоқ қой, жүкті екенмін деп үйде аяғымды көкке көтеріп қойып жатамын ба!? – деді Аманжол.
  • Не!? Трактордан басқа ісің жоқ па!? Ендігәрі трактор айдамайсың, жанында да жүрмейсің, үй шаруасын істейсің, баланы аман туып ал, содан соң не істесең оны істе. – деді де қоя берді.

Аманжолды жас баладай қолынан қысып ұстап алып, жетектеп үйге қарай алып кетті. Бармақбай бақырайған көзі сол қалпынша қалып екі езуі тартылып, «бұндай да болады екен-ау!» - дегендей қарап қалды. Бұдан былай Аманжол темір жаққа жанын жолатпады, апасы не айтса соны істейтін, ол кісі көптен күткен сәбиді құдайдың құтпасы секілді күтіп жүрді.

 

Осындай қарбалаң кезде жаз да бітіп, күздің алғашқы айы келді. Бармақбайдың үйіне тиіп тұрған көршілес немере ағасының үйіне хабар түсті, үй иелері – Төлбас ата мен Қызжібек апа үйге қарай жүгіріп келе жатқан кісіге ала көзбен қарады, елге қарай жүгіріп-ұшып келе жатқанға, жаман ырымдап:

  • Әй не болды!? Үйге қарай жау шапқандай жүгіріп? Қазақ үйге қарай асығып шаппайды. – десті Жібек апа.
  • Сүйінші! Апа! Сүйінші! – деді әлгі кісі.
  • Не болып қалды? Тыңырқап, жөніңді айт, сонда сүйіншіңді береміз! –деді далаға шығып келе жатқан Төлбас ата.

Әлгі кісі көршілес тұрған Бармақбайдың туыстарының бірі. Ентігін басып тұрып, еңкейіп, қолын тізесіне қойып:

  • Апа, су берші. – деді.
  • Әй сен де бір, жаманның баласы. – дедідағыны құмырада тұрған суды құйып жіберіп, әлгіні даладағы тұрған ұзыннан жайылған орындыққа отырғызды.

Суын ішіп болған соң, аһілеп-уһілеп отырғанда жанына екеуі бір құдайлық күткендей бетіне қарап тұрды:

  • Ал не болды!? Айтсаңшы енді, тағатымды созбай. – деді Төлбас ата бетіне қарап.
  • Сүйінші ата, Бармақбайдың келіні тақия тігіп беретін туды. – деді суын сіміре ішіп.

Айтқан сөзіне сене алмағаннан:

  • Расымен туды ма? Ойбай ау! Не деген қуаныш! Жамбының талай күткен немересі туыптығой.– деді Жібек апа абысынына қуанып.
  • Иә, апа, қыз туды, қыз. – деді әлгі қайталап.

Сонда Төлбас атасы қорасында тұрған бір тоқтыны құлатып:

  • Бәрекелді! Мә, ал сүйіншіңді! – деді де, алдына тастады.
  • Оу ата, бұныңыз не? Тоқтысы несі? – деді орнынан тұрып, тамсана қарап.
  • Көп сөйлемей ал сүйіншіңді, беріп тұрғанда, бүгін бізде той, ол немерені Жамбы ғана күтті дейсің бе!? Кұдайдың бұл құтты күнін біз де самайымыз ағарғанша күттік. – деді Төлбас атасы.

 

Аманжол баламен келген күні Бармақбайдың үйінде үлкен той болды, жақын тұрған көрші-күлеңнің бәрі Бармақбайдың туыстары мен жолдастары, барлығы жиылып, ақ дастарханда Гүлжаһан қойылған қыздың шілдеханасын атап өтті, ортаға жаңа сойылған құдайлық еткен қойлары мен мөлтілдеген қымыз келген меймандардың басын айналдырып, мас етіп, қыздыра түсті, ең қатты шаттанып жүрген Жамбы апа, оның бұл баланы тосқанына қай заман? Айнала баланың шілдеханасына әкелген сый-сияпат, қызыл қырмызы кілем мен қара құндыз кәмшат бөрік, алуан түрлі жүргектер мен көрпелер, сән қылып тіккен бала киімі, құтты қырық жылда бір туар бала секілді болдығой. Бармақбайдың туыстары жомарт қой, ештемесін аямады, Төлбас ағасы Бармақбайды сегіз жасына дейін өз үйінде асыраған соң оны өз баласындай көреді, я бұл Төлбас атасы мен Жібек апасында не өз балалары жоқ, Алла бұларды тым сынап жіберді ме? деп те ойлап қояды, бірақ Аллаға толықрақ әлім, Гүлжаһан туғанда Жамбы мен бірге Жібек апасы да аз шаттықпады.

 

Гүлжаһан туған соң Аманжол үйде біраз отырды, декретте болған соң күздік шабысқа бармады, бүкіл күз бойы үйде отырды, Бармақбай соғым алдында күздік сойып алып, қысқа дайындалды. Үйде бала болған қызық екен өзі, Аманжол шеше, Бармақбай әке, болғалы бері, Аманжол құтты бір сол ғана шеше атанғандай күркетауық секілді бойдақ әйелдерге қасын көтеріп, танауын шошайтып, көзінің қырымен қарайтын болыпты, көрші келіншектер кешкі серуенге шыққанда барлығы Аманжолды айналшақтайды. Гүлжаһан қырқынан шыққан соң оны кейде далаға да алып шығады, күн суытпай көрші тумаған, әлі бойдақ қыздарға көрініп қалу үшін, кейде сол қыздарға да дауысын жіңішкелетіп – Бала табу оңай ма!? деп айтуды да шығарыпты, бұрын қыздарға «мен үйттім, мен сүйттім» дегенді қазір «біз» дегенге айналдырды, - бүгін Гүлжаһан екеуміз әйтүп-бүйттік дейді, ал аңырайған қатындар оған тамсанады. Аманжол бала тапқанына риза болса да күллі аспандағы жұлдыз болып кеткен жоқ, кейде мақтанып қалса да ол қыздардың тезірек бойдақ болмай бала тапса екен, деп те оларға қызықтырып сөйлейді, ә-ә-ә... Аманжол үш жылдан астам өзі де бойдақ жүргенін ұмытпады.

 

Ал Бармақбай әке болғалы қырманда жүріп, бригададағы жолдастарымен әңгіме-дүкен қылып отырғанда оған сол жолдастары тисіп қояды:

  • Ал папаша болдың, болды ма не!? Бұрын бізбен ұзағрақ отырып, әңгіме айтып, жұмыс арасында бір-екі партия дойбы ойнаушы едік, ол да қалыптығой, қазір жұмыс бітсе - үйіңе қарай ұшасың. – деп қалжыңдарын тығып қояды.
  • Әй сен үйленбеген бекер адамсыңғой, оны қайдан білесің, балалы болғанды? – деп жауап беріп қояды Бармақбай.
  • Ой қойшы, Бармақбай, маған әзірше қатынның да, баланың да қажеті жоқ. Тыныш қана бойдақ өміріммен рахаттанып жүре бермейінбе? – деді әлгісі.
  • Көптен құр қаласың досым, әйел сүйіу бақыты саған да бұйырар, әзірше сол тұтанып жанған жұлдызыңды таппағансыңғой, шіркін. – деді Бармақбай.
  • Қашаннан бері сондай сезімтал, синтименталды болып кеткенсің, Бәке. Бұрын мінезің тұйықтау, кейде жуан қылықты, тік адам болушы едің, ал қазір мақтадан жұмсақ болып кетіпсіңғой. – деп еді әлгі жолдасы, жанындағы жолдастары да «иә-иә» деп қойып, Бармақбайды кекетіп, қарқ-қарқ күле бастады.
  • Әй сен бе!? Келе қалшы, жұмсақтығымды көрсетейін саған. – деп Бармақбай әлгінің желкесінен қысып алып күресе кетті.
  • Ойбай, ойбай... Қырасың, Бәке. – деп Бармақбайдың қолын қағып жіберіп селкілдеп шетел киноларындағдай ары бері секіріп қояды.

Барлығы бұл көрініске риза, сылқылдап күліп отыр, бұл күлкіге де жөн бар еді.

Қысты аман есен өткізіп алды, көктемнің де отамалысы біткен соң ауыл қайта жанданып құнарлы жерге су себілгендей гүлдене шыға келді. Аманжол декреттен босап үйде көп отыра ала алмады, қыс біткен соң бірден жұмысқа шықты, сәуір айының аяғы, жұрт майдағы ауыр науқанға дайындық үстінде. Ауыр күннен соң Аманжол үйге келді, сыртқы қашадан кіріп келіп шешінбей, демалмай ақ даласындағы шаруасын істеп бірақ кірейін деп шешті, үйде апасынан басқа біреу бар екені анық естілді, Жібек апасының дауысы, Аманжол баяғы абысынымен сырласқан әңгіме-дүкендері шығар, деп ойлады. Даласын бітіре беріп, үйге кіріп келсе, үлкен бөлмеде Жамбы апасы мен Жібек апасын Гүлжаһанның бірі басынан бірі аяғынан тартып тұрғанын көрді. Жібек апасының:

  • Берші маған бұл баланы, менің жағдайымды білесіңғой, артымнан қалған тұяқ жоқ, бір дауа бер енді. – дегені естілді.

Аманжол үркіп кетті, «бұларға не болып қалды екен?» деп апаларына жақындап:

  • Не болып қалды, апа? Баланы сонша тартқыладыңыздарғой. – деді.
  • Мына Жібек менің қойнымнан тұңғышымды алып алмақшы. - деді.
  • Алып алмақшысы несі!? Түсінсем бұйырмасын. – деп Жібек апасына қарады.
  • Аманжол, Төлбас атаңның артынан тұяқ жоқ, ертең екі шал мен кемпір болып, жалғыз тұяқсыз өлеміз бе? Балаңды маған асырауға бер деп отырмын Жамбыға. – деді Жібек апасы.

Аманжол сонда ойланып қалды, расымен ақ тиіп тұрған көрші үйдегі Төлбас атасының артынан бала жоқ, бұлар да бала сүйіп, сәби бағып-қағып өсіргісі келеді, Бармақбайды жас кезінде сегіз жасына дейін баққан осы кісілер емес пе!? Бұлар бөтен емес, Бармақбайға шешедей болып келеді бұл кісі. Сонда Аманжол үн демей қалды, біраздан соң дауысын ыңылдатып Жамбы апасына қарап:

  • Апа, бере салыңыз баланы, бақсын, мен сізге тағы бала туып берем, бірін емес уысын тауып берем, бұрыңғыда айтқанымдай балаға құр қалмайсыз, апатай! – деді Аманжол.

Жамбы апасы сегіз ай бойы баққан немересін келіні айтқан соң соның уәдесіне сенім артып, Жібек абысынына бере салды.

 

Сіздер бұларды баланы оңайынан бере салған тасжүрек адамдар деп ойлап қалмаңыздар, бұл қазақтың бұрыңғы әдеті, бұрын бірінің баласын бірі өз сәбиіндей қарайтын, өз ет баласымен бірге теңдей өсіріп жеткізетін қазағым. Осындай салттардың арқасында қазақта, далада қалған жетім деген мүлдем болмаған, жетімді жақын туыстары, немесе көрші күлеңі асырайтын, оларға өздері жеген нанды беріп, өздері ішкен суды ішкізіп әлпештеп өсіретін, бұндай бауырмал халқты дүниеде тауып көріппе едіңіз? Мен жоқ сірә, білмеппін. Балалар үйі деген нәрсені қазақта білмейтін, «қазағым, жалғызым» деп ұрандатқан қазақ халқы әр қазақ баласын далада қалдырмаған еді. Бұндай Жібек апамыз бен Жамбы апамыздың істерінде жатқан үлкен тәлім мен хикмет бар. Бұлар баланы «Кім бағады?», «Кім асырап жеткізеді?», «Кім оқытады?», «Кім жағдайын жасайды?» деп таласып жатыр, бұлардың істерінде «Жағдайларына қарау» деген жоқ, бұларға бала болса болды, қалғаны келіп-кетер, мал дүниені табу екінші рөлде еді. Сонымен баланы сегіз айында Жібек апасы өз қамқорлығына алды, олар баланы өсіріп, жеткізіп, оқытып, адам қылуын өз мойындарына алды. Жамбы апасы, бірақ, берілмеді, оның істеген жомарттылығы өзі үшін де қайрлы іс, оның ісі садақа, ал садақа он еселеніп қайтып келеді...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынақ

 

1953 жыл, Аманжол баланы беріп жібергеніне екі жылдан асты, одан кейін әлі көтеріп көрмепті, Аманжол мен апасы екеуінің Гүлжаханды беріп жіберіп, содан соң бала көтермегенге аралары біраз шиеленісіп кетті, апасы қайта түңіле бастаған секілді көрінді, бірақ құдайдан күдерін үзбеген, бұрыңғы дұғаларын қайталап отырады, Аманжол бұған қайтсін қолында болмаған нәрсеге ол да мән беруді қойған. Екі жылда соншалықты қызық болмаған әйтсе де барлығы әлі алдыда...

  

Аманжол түске таман қазандық астына жағатын отын жинауға кеткен, ары-бері жүріп шырмауық, сабан, кепкен ағаштарды жинап үйге қарай қайтқан кезі еді, әндетіп жолды қысқарта келе жатыр, көңіл күйі жақсы секілді, үйдің маңына келіп қалғанда үй ішінен біртүрлі дауыстар естіліп жатты, Аманжол түсінбеді, бұл, не жылау ма? Не күлкі ме? Не болса да біраз шошып қалды. Жол бойы қағылып сүрініп жүріп үйіне тезірек жетпекші болған Аманжол арқасындағы отынының жартысын шашып та алды, оны жинап отыратын уақыт бар ма!? Оның бар ойы Бармақбай жоқта апасына бір нәрсе болып қалды ма!? Екен деп ойлады. Үй саяздау жерде салынғанымен денесінің ауырлығымен аяғы өзінен-өзі жүріп келді, үйге жақындап келіп қалды, сыртқы қақпаны ашып қалып жан жағына қарады, анда-мында бейтаныс ер кісінің сөмкелері тағы бір саймандар ұқсас заттар, бұл Бармақбайдыкі емес, Аманжол оныкі болса таныр еді, бірақ олай емес, Бармақбай жоқта үйге бөтен еркек кіріп кетті ма екен!? деп ойлап қалды. Үйдің ішінде әлі жылау тоқтамады, Аманжолға апасының жылауы жарқын-жарқын естілді, кіреберістегі дәліздің есігін ашып қалды, аяқ киім шешетін жерде бөтен бір офицерлік етік, ескі адалбақанда солдат киімі ілулі, Аманжолдың бар ойы тез апасын көру, бірақ бұндағы етік пен тонға қатты таң қалды өзі аяғын шешіп отынын кіреберіске тастап үйдің арғы бөлмесіне жүгіріп кетті, апасының сықсыңдап жылағаны мен жоқтауға ұқсас сөздер естілі, қатты шошыды, жүрегі шаншып тез арада бөлмеге кіріп қалып еді, апасын көрді, кимешек таққан апасының көзінен жасы көлдей болып ағып тұр, өзі тік тұрып қойнында тізерлеп отырған жас офицер көрінді, тізерлеп отырып апасының белін қатты қысып алған, өзі де жылаған дауысы қатты шықпасын деп басын апасының қарнына тығып алған, апасы сол офицердің басын құшақтап тұр, бар естігені «Келің бе қалқам!! Сені күтем деп саруайымға салынып сарғайып отырдым құлыным!!» - деп тоқтаусыз жылады, соған жауап берген еркектің бар айтқаны «Келдім апа!!! Келдім енді ешқайда кетпеймін қасыңда боламын!!!» - деп тізесінен тұрып апасының көзіндегі жасып сүртіп тұрды. Аманжол сол тұрғаннан қатып қалды, не ойларын білмеді, бұл кісі кім!? Қайдан келді? Түсінбеді, үйде Бармақбай әлі жоқ, Аманжолдың қолы қалшылдап, аяғы сыр бере бастап дұрыс тұра ала алмады. Апасы жылаған көзін ашып Алманжолды байқады, Аманжол сыртқы бөлмеге қайта шығып кетті, біраздан соң Жамбы апасы да артынан шықты:

  • Не болды қалқам? Түрің бозарып кетіптіғой? – деп сұрады апасы.
  • Апау мен қатты шошып кеттім, даладан жылаған дауысыңызды естіп, барынша үйге қарай жүгіріп келдім, үйде бейтаныс адамның сөмкесі мен заттарын көріп үйге біреу кіріп кетті мен қорқып кеттім. – деп жауап берді дауысы дірілдеп.
  • Е-е-е балам! Қорықпа, бұл кісі менің тоғыз ай құрсағымда көтерген туған балам, талай жыл сергелдеңге салынып осыны күтіп жүрдім. – деп көзіне қайта жас алып шүперекпен сүрте бастады.

Сонда Аманжолдың есіне түсті. Бармақбай айтушы еді оның үлкен ағасын Ермекбайды бірнеше жыл бұрын соғысқа алып кеткені деп. Бұл үй, ау бастан ақ үш ағайынды болатын, үлкені Ермекбай, ортаңғысы Бармақбай, кішісі Тұрбай мен шешелері Жамбы. Жамбы апасы Аманжолдың қолынан алып Ермекбайдың алдына әкеліп:

  • Бұл қыз осы үйдің бірінші келіні, Бармақбайдың әйелі. – деп сол кісіге таныстыра кетті.
  • А-а-а солай ма!? Амасың ба? Сәләмәт болғайсың. – деп күлімсіре қарады.

Оған Аманжол қатты ұялып, сызылып қалды:

  • Сәләсәтсіз ба? Келуіңізбен, Алла сізді отбасыңызбен аман-есен қауыштырғанына қатты қуаныштымын. – деді Аманжол.
  • Иә шүкір Алла. – деп басын изедіде қоя берді.

Біраздан соң үйге Бармақбай да қайтып келді, ағасын көріп қатты қуанды. Бармақбай бір қойды сойды, Аманжол апасы екеуі қазандықты жағып етін аса бастады, бұл үйде бүгін думан, апасы жылағанын әлі тоқтатпай, көріп тұрған қуанышына әлі сенер емес «Елес пе!? Шын ба!? Ұйқым ба!? Өңім бе!?» - деп ішінен бір нәрселерді айтып жүрді, қайтсін енді байқұс ана, талай жыл баласының аманшылығын тілеп оралуын күтіп жүрді. Ет асылып, нан жайылып, ортаға бешбармақ қойылған соң, бәрі отырып Ермекбайдың әңгімесіне құлақ түріп отырды.

 

Соғыс 1945 жылы біткенімен солдаттар үйлеріне қайтуы керек еді, бірақ  КСРО үшін күтпеген жағдай орналды. 1945 жылдың май айының тоғызында неміс фашисттері жеңілісін мойындап қол қойғанымен, олардың одақтас мемлекеті жеңіліспен тез келісе қоймады. 1945 жылдың тоғызыншы тамыз күні тура үш айдан соң фашисттік Германияның жақын одақтасы Жапон мемлекетінің әскері басқыншылығын бастады. Жапон әскеріне төтеп беруге қайта құрылған армия Маньчжур жерінде қанды шайқасқа түсті. Екі жақ әскерлер барын салып шайқасқанымен жеңіске жеткен совет әскерлері, екінші сентябрь күні, “Миссури” кемесінің үстінде Жапон мемлекетінің сөзсіз капитуляциясына қол қайылды. Қуанышқа орай Совет өкіметінің білікті генералдары, көп адам жағынан зардап шекпеді. Бұл соғыстың ішінде Совет өкіметінің әскерінде қазақ солдаттары да, аз емес, оның бірі осы Бармақбайдың үлкен ағасы Ермекбай, бұл батыр кісі неміспен ғана емес жапонмен де соғысып екі оттан аман келген адамдардың бірі.

 

Ошақ басында осындай қызықты әңгімелерін түн ортасына дейін айтып отырды, оны үй іші барлығы тыңдап зер салды, оларға уақыттың бар екені ұмыт болды, олар Емекбайды тыңдай бергісі келді. Осылайшы бұл үйге қайта оралған ер азамат, апасы үшін үлкен қуаныш болды. Жамбы апаның талай жылғы қайғы-қасіреті осымен жазылып келе жатқандай секілді болды. Бұл кісі қандай қиыншылық көрмеді, күйеуі қайтыс болған соң, баласын солдатқа алып кетті, одан кейін ортаңғы ұлын ФЗО ға алып кетіп, сол жерде қатты ауыртып алып келді, осының бәрі жалғыз басты анаға ауыр тиді, бірақ бұның бәріне сабырлық пен төзімділік танытып, кеткен күйеуін жоқтатпай, үлкен баласын шыдамдылықпен күтіп, ортаңғысын аурудан емдеп, отыра берді, бұл кісі жақсылық аспаннан түсе қояды деп үміттенбеді, бәрін өзі істеді кіші баласын оқытты, әскерге жіберді, ортаңғысын да трактор училищесіне жіберді, қысқасы қиыншылыққа төтеп берді, Алланың сынауларына сабыр қылды, сол үшін Алла дұға тілектерін естіп қабыл еткендей болып келін түскенімен жағдайлары біраз тәуірленіп келді.

 

Осымен арада екі ай өтті, Бармақбайдың ағасы Ермекбай онсыз да кішкентай үйге масыл болмай, жаз шығысымен үйге келін түсіріп, бөлек шығып кетті. Өкімет солдаттарға жақсы көмектеседі, үй алуға жәрдемдеседі, пособие береді, басқа қарапайым халыққа қарағандай емес, ауыл коммунистері соғыс ардагерлеріне жылу қарайды. Бірақ үйленген соң, Ермекбай Текелі жақтағы ауылға көшіп кетті, ендігәрі сонда тұратын болды.

 

Сақман уақыты, далада ел малдарын төлдетіп, үйретіп жүр, айнала азан-қазан болып жүргенде, сол арасынша Аманжол үйге тағы бір жақсы жаңалық алып келді, оның аяғы ауыр болып екіншіге жүкті болды, қатты туласып, әлек болып жүрген баяғы Жамбы апасы, бұл жолы ол баланы ешкімге бермеймін деп қояды. Аяғы ауыр болған соң Аманжол апасының айтқанындай Бармақбайдың жанына тракторға шықпады, шөп шауып, өгіз де айдамады, бірақ, үйде жай-барақат жатқысы да келмеді, апасының айтқанына қарамастан еңқұрмағанда ауыл фермасында сиыр сауып даярка болып жұмысқа кіруге рұқсат сұрап алды, ендігісі ол сонда істейді, таңертең кеткенімен бүкіл сиырды сауып бірақ келеді, жанында жұмыс істеп жүрген Аманжол секілді қатындар болған соң, Бармақбай да уайымдамады. Апасы үйде жалғыз қалатын болды, үлкен ұлы көшіп, ал кішісі әскерге кеткен соң, үйде үшеуі ақ қалды, сондықтан Жамбы апа таңнан кешке дейін үйде, іші пысса да кейде жалғызсыраса да, өзін “келінім бала туып берген соң, жалғыз қалмаймын” -деп қояды. Аманжол сиыр сауғалы қолы көп нәрсеге тимиді, кейде көрші ауылдарға таратады, сөйтіп даярка жұмысына іске кірісті.

 

Сақман кезі, Аманжол Бармақбай екеуі қой төлдетіп, үйретіп келді, айналадағы көрші үйлерде де сол шаруа, үйге келген соң, Аманжол көп кідірмей фермаға жол тартты, фермаға келген соң, алдынан Шәкей деген абысыны шықты, өзі бір нәрсеге алаңдаулы болып көрінді, Аманжол алдынан шыққанда:

  • Аманжол қал қалай!? – деп амандасты.
  • Ә! Шәкей аманбыз? Өзің қалайсың!?
  • Шүкір деп, Аманжол мәселе болып тұр, бізді екеумізді Ақтастыға сүт апарсын деп жіберіп отыр. – деді бірден мәселеге кірісіп.
  • Екеумізді ғана ма? Қалғандары ше? – деп жауап берді Аманжол таңғала.
  • Иә екумізді ғана, қалғандары әлі сақманнан қайтып келмеді, кейбіреулері шықпады, Ақтастыдағы завод шапшаң түрде сүтті алып келсін деп жатыр. – деді әбіржіп.
  • Үйбай ау! он фляк сүтті екі қатын қалай апарамыз!? Естері дұрыс па өзі!? – деді ашулана.
  • Білмеймін енді, бізге шұғыл шықсын деп жатыр. Ат арбаға салып апару керек. – деді Шәкей.
  • Қазір мен ферма бастықтарының қалпақтарын қайырайын! Онысы несі!? – деп бастық кеңсесіне ыстқып қозғала бергенде.
  • Олар қазір жоқ! Барлығы кетіп қалған, екеумізге он фляк сүтті даярлап қойды, апар деп, оларды енді бүгін көре ала алмаспыз. – деді Шәкей Аманжолдың болынан ұстап.
  • Болыпты, жақсы, екеуміз болсақ, екеуміз ақ апарармыз. – дей салды Аманжол.

Аманжол келіскенімен он шақырым жердегі Ақтасты колхозына он фляк сүтті апару оңай болмасын біліп тұрды. Ақтастыда ол кезде май завоты бар, ол завод жан-жақтағы ауылдарға сүт тапсырыс беріп, әкелген сүттерінен май жасап шығаратын. Аманжол жүкті және жанындағы абысының да аяғы ауыр, жай жас келіншектер болса болғаны, мында екі аяғы ауыр кісіні жіберіп отырғандары миына кіре ала алмады.

 

Ферма кісілері сүтті ат арбаға салып берген соң, Аманжол жанындағы абысыны екеуі жолға шықты, ауылдан шыққан соң біраз шақырым жердегі жар арасындағы жолмен келеді, дала тым-тырыс, белеске шыға берісте жол бойы жайылған мал, бырдай болып тізілген ауылдар, тігілген қанатты қазақ үйлер, көктемді сағынған қара халық, дала кешіп жүр. Аманжол жанындағы кісі екеуі, жол суық болар деп қалың киініп алған, бірақ дала күн шығып, ысып, ол екеуінің денесін пысынатып бара жатыр. Аманжол мойнындағы шарфын шешіп, үстіндегі бір қабат киімін тағы шешіп жіберді, жанындағы кісі де солай жасады. Белестің асты ойпаң томар, біраз жүрген соң көзден орман ағаш та, адыр да, тұма да таса болды, жолдың бәрі белес, ал белес асты көк иір қалың томар, белес жаны өзен, алтын арық бар, жер-көктің бәрі жасыл кілем, қара топырақ, келер жерге әлі бірталай шақырым жер.

 

Тып-тыныш келе жатқан ат арба, бір кезде алыстан зеңбірек атылғандай, қатты тарс-тұрс деген атыс естілді, дауыс қатты ықпалмен шықты, бұл дауыстан Аманжол тұрмақ ат та шошып кетті, екі әйел аң-таң, айналасына бұралаң етіп қарайды, «Құдай атты ма!? Дабыл ойнады ма!? Алаша бата берді ме!?» - деп қалды. Ат айғырша құтыра бастады, ары ақырып, бері ақырып, ілініп тұрған  ат арбасын сілки бастады, Аманжол аттың жүгенін ала бергенде, ат одан арман жындана түсті, Аманжол шыққан дауысқа мән бере ме? Не атты сабаландыра ма? Түсінбей аңырқап қалды. Жанындағысы да әлек болып жүр, ат тебіне бастады, басын шайқап, ат арбадағы сүт те бірге шайқала түсті, Аманжол фляктерге қарап қалды, бәрін тастап өз фляктеріне қарай жүгірді, ат арбаға бармақ түгіл, үстіндегі Аманжолдың үш фляк сүті жерге құлап ішіндегісі төгіле бастады, Аманжол жүгіріп барып ауыр фляктарды көтере бастады, әлгі жанындағы кісі де көмектескен сымақ болды, бірақ екі аяғы ауыр әйелдер не істей алады дейсің!? Олар, бірге құлап, төгіліп жатқан бір емес, үш фляк сүтті көтергшенше ішіндегісі түгелімен жерге төгіліп, сіңіп те үлгерді. Бірерден соң дауыс қайтты,  ат та тыныштанды, Аманжол Шәкей екеуі ат арба дөңгелегіне сүйеніп отыр, ауыр күрсініп, беттерін сипап, қажып, өңдері қашып қалды, төгілген Аманжолдың фляктері. Аманжол не істерін білмей, отырып қалды, оны қазір не дауыс шыққаны  мүлдем қызықтырмайды, ат та сатқынша жай-барақат шөп жалап жүр, бір кезде Аманжол қыңсылдап жылай бастады, бода-бода болып көзі қызарып өкіре жылады:

  • Ойбай ау! Мына сүтті енді төлейті болдымғой, Аллам ай! Әкем ау! - деп жылай бергенде.
  • Жарайды енді Аманжол, бұл жай сүт емес пе!? Бұған бола қатты қайғырудың керегі жоқ. – деді Шәкей.
  • Бұл бір емес, үш фляк сүттің ақысы ауыр ғой, қалай көтерем бұл ақшаны. – деп қоймай жылады.
  • Аман қалғаныңа шүкір айтпайсың ба! Жылай бермей, ат тебініп ішіңнен теуіп жіберсе қайтер едің!? Жи есіңді! Бұндай сенде ғана болып жатыр дейсің бе!? Алла сүйгенін сынайды дейді, жалғыз емессің, бір шешімін тауып шығамыз. – деп қолдап қойды Шәкей.

Аманжол сабасына түскендей болды, біраз ентігін басып, су ішіп жіберіп, айтқан сөзді жадынан бір қайтара айналдырып, ол кісінің айтқан сөзі рас болар, деп өткен кеткенге қайғырудың қажеті жоқ, деп орнынан тұрып фляктерді қайта ат арбаға салып, ары қарай жолға шықты.

 

Күн көкжиектен аспай Ақтастыға да жетті, Аманжолдың жүрегі дүрсіл қағып келеді, сүт қабылдайтын кісі үлкендеу келген қоңырлау, қатал реңді әйел, ол кісіге үш фляк сүтім жоқ десем не істер екен!? деп келеді, ауылға кірген соң заводқа да жетті. Сүт қабылдайтын складқа жіберді, онда оларды бағанағы аталмыш әйел күтіп алды, қолымен үлкендеу бір бөшкені көрсетті, сонда төксін деп айтты. Аманжол ат арбадан түсіп әйелге қарай жақындап жанына келіп:

  • Сәлеметсіз бе!? Тәте, сізге айтарым бар, жолда атым дұрыс болмай, он фляк сүттің үшеуін төгіп алдым, кешіріңізші! Ақысын қалай төлеуім керек? – деді Аманжол, барлығын ашық айтып.
  • Сәләмәтпіз, үсті басың шаң-шаң болып, көзің қызарып, бода-бода болып тұрсыңғой, жол бойы сүттің ақшасын уайымдап жылап келгенсің бе? – деді қолын айтқастырып алып Аманжолға қарап.
  • Енді қайтем тәте, жылағаннан басқа не парқым бар!? Өзімнің жағдайым мәз емес, тағы күйеуіме, үй ішіне індет болатын болым. – деді көзіне қайта жас келіп.

Сүт қабылдағыш әйел, қолын айқастырып, аузын бұжырайта, көзін домалата, терең күрсініп:

  • Осы жас қатындарды түсінбеймін, аман есен жүрсе, тыныш заман кешсе, қол аяғы бар болып тұрып, тәуір жұмыс істеп жүріп, болмағыр нәрсеге жылап өкірудің несі бар!? Онсыз да қарның қампиып тұр екенсің, жылағанда баланы ойламадың ба? Бұл жай ғана бір-екі фляк сүт, онда тұрған ештеңе жоқ. – деді әлгі контролер әйел.
  • Дұрыс айтасыз тәте, жанымдағы кісі де солай айтқан. – деді Аманжол аузы-басын сүртіп.
  • Ондай неменеге жылап тұрсың!? Сүрт көзіңді, жамандық шақырмай. Жағдайым жоқ деп жүре бересің бе!? Жоқ десең жоғаласың, шүкір етсең барланысың. – деп мақалданып сөйледі.

Аманжолға айтқан сөзі мен нақылдары қатты әсер етті, бар жігерін жинап көзін шүперекпен сүртіп:

  • Жақсы сөздер тәте, қай ақынның сөзі. –деді Аманжол.
  • Менің сөзім! – деді жымия.

Аманжол екеуі бұған күліп, көңілдері бір серпіліп қалды:

  • Жә! Әкесін аузы! Барыңды төк те үйіңе қарай қайқайшы. Қағазыңа түгел деп қол қойып бере салым. – деді қолын сілте.

Аманжол өз құлағына сене ала алмады:

  • Үйбай тәте, түгелі несі!? мен үш флякті төгіп алған жоқпын ба!? – деді.
  • Ештеңе етпейді, ондай-ондай ханның да қызында болып тұрады. Сендердің кінәләрің емес қалқам, екі жүктіні жалғыз жіберген фермаларың кінәсі, ана жеті флякті апарып кұйып қағаздарыңды алып кетіңдер. – деді контролер.

Аманжолдың жүрегі жайланып, ішіне қуанышы сыймай тұрды, бар сүтін апарып өткізіп, қағазын алып, әлгі контролер апайына рахметін айтып, артқа қайтты. Бұндай да болады екен ау! деп келді, не болса да қайрлы бітті, бұндай жақсы адамдар әлі де кезігеді, бұрын Аманжолға әкесі «Өзің қандай адамсың, алдыңа сондайлар кезігеді» деуші еді, расымен ақ солай болғанына Аманжол уақыт өте келе осыған көз жеткізіп келеді. Жоқ десең жоғаласың дегені де қатты әсерлі болды, бұндай данышпандылық әр адамда кезіге бермейді, бұдан былай Аманжол бос нәрсеге жыламай, барына шүкір айтып, Алланың берген ризық несібесіне мәз болып жүрді.

 

Ауылына жеткен соң қағазды ферма бастығына берді, ол кісі де түсінігі бар адам болып шығып, екеуін жалғыз жібергеніне кешірім сұрады. Үйіне жеткен соң Аманжол үй ішіндегілерге шытырман хикаясын айтып әлек болып, мәз-мейрам, бұны естіген апасы сол жерде жынданып кете жаздады, ал Бармақбай естігеніне не күлерін, не ұрсарын да білмей қалды.

 

Жаз түскелі Аманжол фермадағы жұмыста болды, өзінің жағдайына қарамастан ферма бұзауларын бағып-қағып жүрді, одан кейін сол баяғы сиыр сауып, Ақтастыға бұдан кейін тағы бірнеше рет барып келді, бұл жолдары жалғыз емес. Бірнеше жұмыс Аманжолдың мойнында, фермадағы жұмыстан бөлек, бұрыңғы ауыл складында қырман тазалау, ол склад қазір ұзыннан ұзын салынған колхоз қоймасы болды, онда бірнеше адам істейді, бұрын Аманжол істегенде кішігірім еді, ал қазір үлкейіп барлық астық түріне пана болды. Жаз бойы жұмыс істесе де, ай сайын қарны шыға бергеннен ауыр жұмыстан босатыла бастады, жаз біткен соң мүлдем жұмысқа да шыққанды қойды, декрет алып үйде отырды, ал Бармақбайдың жұмысы ескіше, бригадасымен трактор айдып, қырманда жүру, койды қырқып қырқтыққа бару «Ердің ісі бітер ме?» - демекші оның да шаруалары асып-тасып жатыр.

 

Күз біткен соң Желтоқсан айының басында Аманжол қайта қыз босанады, Гүлжаукер қойған атын қызды, апасы бұдан былай ешкімге бермей, өзім бағам деп жекеменшігі ретінде әу бастан-ақ бәріне түсіндіріп алған, ә-ә-ә «асыққан шайтанның ісі» - демекші бәрі әлі алдыда...

 

Ал Аманжол болса аман-есен туып алған соң, мал қыстаудан шығып, сақманын өткізіп алып, малын көбейтіп, қайта жұмысқа шығып кетті, Аманжолға кейде рахат, енесінің балажан болғанына қатты риза, Аманжол тыным таппай сақманнан соң қайта даярка болып жұмысқа шығып кетті. Бармақбай мен Жамбы апаны бүкіл ел таныйды, ауылды үлкен беделі болғандықтан Жамбы апаны балажан, немересінің қасынан кетпейтін адам екенін біліп алған, сондықтан ферма басшылары Аманжолды, Шәкей абысыны екеуін жақсылап жұмысқа салды, айтпақшы Шәкейдің де енесі үлкен денелі, балажан кісі еді, сондықтан осы екеуін «Бәрібір үйлеріңде балаларыңды енелерің бағады, жұмыс істесеңдер ештеңе етпейді» деп қояды. Амал нешік!? Даярка болып сиыр сауып, одан қалса бұзау бағып, жұмысын жасайды.

 

Жаз басталғанда Аманжол тағы бір жұмысқа кірді, бұл жолы ол Бармақбай жүрген бригадаларының біріне тамақ жасап, аспаз болуға шақыртылып алынды, оны тағайындаған, шөп шабатын тракторист үш бригаданың - бірінші бригадасы. Бар істейтіні, оларға бидай көже немесе талқан көже, одан кейін нан пісіріп, кейін бие сауып, қымыз ашытып апаруы керек, трактор айдайтындар жақсы тамақтанады, соңғы жылдары астықтың көбеюінен ауылда бірнеше өзгерістер орнады, қойманы жаңартып, ұзартып үлкен қылдырып салды, астық салатын поле үлкейіп, бригадалар көбейді, трактор айдайтын кісілер де қосылды.

 

Аманжол күніне он-он бес бие сауады, жиырма бөлке нан пісіреді, екі шелек көже жасайды, бұның бәрі қара еңбек. Жаңадан келген жас аспаз қыздар онша біле бермейді, бірде Аманжолға бастықтарының бірі келіп:

  • Аманжол! Барып биені өзің саушы, жас аспаз қыздар, түк те жасай ала алмайды. Кеше бір қызды бие теуіп жібере жаздапты, ыңғайын сен білесіңғой, барып жөнін келтірші. – деп еді.
  • Үйбай аға! Онда тұрған не қиыны бар!? Ешқашан бие сауып көрмеген бе!? Онсыз да күніне он бес биеден сауып жүрмін, менен басқа кім соншама сауады. – деп зіркіді Аманжол.
  • Әкем! Енді жұмысшылар қымызсыз қалмайтын шығар!? Бүгінше сен сауып жірбер олар ақырын-ақырын үйренеді. – деді бастық.

Аманжол келісті, расымен бие сауу да оңай іс емес, бие өзі үйреніп қалған даяркіге ғана сауғызады, биенің жанына келгенде ол кісінің үстін иіскейді, таныс болса тұра қалып сауғызады, бөтен болса теуіп те жібереді. Сондықтан Аманжол бір киген халатын ауыстырмайды, бие үйреніп қалған халат иісін иіскеп тұры қалады. Аманжол ондай құйтырқыларды жатқа біледі, қолынан келмейтін іс бар ма!?

 

Жазғы тұрымда Аманжол кезекті бір күнде жұмысқа шығып, наубайханаға кіріп, нанын пісіріп алып, көжесін жасап, ашыған қымызын толтырып алып, түс ауығанда бірінші бригадаға, өріске қарай жол тартты, басына киген ұзындау қалпақша, оны күн сәулесінен жауып тұр, әмбе ыстық. Күннің ыстықтығынан Аманжол бірнеше рет аялдады, демалып алды, жанындағы қыздар әркім өз бригада жағына кетіп, бөлініп кетті. Аманжол бригадаға жақындай түскенде, тағы бір кідіріп бұл жолда соңғы демін алып, мойнындағы көйлектің жоғарғы түймесін ағытып, ақтер- қаратер болып аққан терісін сүртіп, «аһ!-уһ!» деп қояды, қолымен мойнын желпілдетіп, өзімен-өзі әлек болып отыр, біраз демалған соң тұрып ары қарай кетті.

 

Бірінші бригада шөп шабады, бұлар шыжынаған түсте тракторларын бырдай тізіп қойып, соның көлеңкесіне барып отырды, күнделікті тоқтайтын жері бір, Аманжол тракторларды көріп, сол жаққа келіп қалды. Трактордың арғы бетіне жақындай түскенде арғы жақтан сөйлесіп отырған төрт-бес бригада адамдарының сөздері жарқын естіліп қалды, Аманжол олардың сөзін елегзиін деп тұрған жоқ еді, бірақ олар бір кезде Бармақбай туралы сөз қозғап бастады:

  • Осы бір Бармақбай, өзін білгіш сымақ қылып жүреді. Қашан көрсең қалың қабағын шытып, домаланып, аузын түйіріп, ыңырсып отырады, ұнамайды осы сол, бізден кіші, ал передовой трактористпін деп, бізден мықтымын деп ойлай ма!? – деген дауыс бірінші естілді.

Аманжол естігеніне сене ала алмады, добалдай отырған бір емес бірнеше еркек, қатынша өсек айтып отыр. Ол кісіге қой деген де ешкім жоқ, одан арман онымен бірігіп ғайбаттап отыр:

  • Иә, дұрыс айтасың, алдында мен трактордың моторын байлайтын сым темір сұрап едім, ол не!? көзін бақырайтып, жоқ басқаға берем, деп жылап отыр өзінше. – деп қосылды екіншісі.
  • Бұрын, көрші, Бармақбайдың бригадасы бізбен жақсы араласып, кейде жүз грамм тартып қоюшы едік, қазір ол да жоқ, міне рас айтамын, жанындағы қалған тәуір еркектерді Бармақбай передовой болдым деп, қысып ұстап отыр. – деп саусағын шошайтып араға сөз тастап отыр.

Өсек жалғаса берді, трактор артында тұрған Аманжолдың зығыры қайнап, іші өртеніп «Бұндай да сатқын, өсекші, оңбаған адамдар бар екенғой» - деп ойланды. Ал Аманжол болса бұл кісілерді «Аға!» - деп, құмет қылып басқа бригадаларға қарағанда тамақты көбірек әкеліп, әрқашан тойдырып жіберетін.

 

Олар қояр деп Аманжол үміттеніп тұр, олар қоймады, өсек шектен шыға бергенде Аманжол ызасына жол беріп әлгілердің алдынан шыға келді. Алдыларына шыққанды қолындағы қымыз тамақты тарс еткізіп жерге қойып қалды, әлгілердің көзіне тіктеп қарап былай деді:

  • Сіздер еркек бастарыңызбер өсек айтқандарыңыз, не сасқандарыңыз!? Қатындар болса түсінер едім, сіздер дардай еркектер, мен сіздер үшін ұяламын. Бармақбайды жамандап отырсыздар, ал кейбіреулеріңіз онымен жұмыс істегенсіздер, одан не жамандық көріп едіңіздер!? Ол сіздердің жақсылықтарыңызды асырып, жамандарыңызды жасырып, арттарыңыздан боқтарыңызды тазалап жүретін, ол әркімнің үйін той, күйін думан етіп жүретін, айтса жөнін айтып, бос сөзден қашатын. Сізге, сорлы бір темірді бермей қалыпты - деп соншама ақырғаныңыз не!? Барыңызды тиып жүрген жоқсыздар ма!? Ол болса, сізде бұның бәрі барын біледі, жоқ, бейшараға бергенді жөн санайды. Бұрын сіздермен таңға дейін отырса, қазір оның бала шағасы бар, ал сіздер дардай балаларыңызға бармай, түні бойы арақ ішкеннен бастарыңыз босады ма!? Сіздердің өсектен басқа, адам сияқты дұрыс мінездеріңіз де, істеріңіз де жоқ адамсыздар. Сіздер біздің үйге мейман болсаңыздар, Бармақбай менің жанымды шығарып тұрып, майды шыжғыртып, еттің дәмді жерін асқызып «Ет етке, сорпа бетке» қылып жіберетін, пышағынан мал түспей, төрінен мейман кетпейтін, ал сіздер, Бармақбай барса бір байқұс жілікке жандарыңыз шығып барады. Мал сойсақ жанымда тұрған немере енеме бергендей, теңдей, бригадама апарамын – деп, сіздерге бөліп беретін, нендей надан болғандарыңыз!? Бір шыбын жанға әділсіз қарамаған, өтірік пен әділетсіздікті иттен артық жек көрген, шатақ мінезі бар шығар, мінсіз адам бар ма бұл қу дүниеде!? А..!? Асыра сілтеп айтты демеңіздер, қатыны болсам да, бүтін ауыл оның қандай екенін біледі, ал бұдан былай сіздердің қандай екендеріңізді мен білемін. Ал енді бадырайып, Бармақбайымды жамандап отырғанға қызарып, біріңіз қой деп айтпағанға мен тамсанып отырмын, сіздер сияқты іші шірік, адмдардың ауылда болғанына, Бармақбайдың жанында жүргеніне өкінем. – деп ішіндегісінің барын шығарып жіберді, бұл ауыр сөздерді айтқанға мүлдем ұялып қорқпады, бар батылдығы қандай екенін бес еркектің алдында дәлелдеді.

Бұл сөздеріне отырғандар біраз жерге қарап қалды, бір бір-екеуі ашудан құлақтары қызарып тұрды, оңбаған, өсекші адамдар болса да келіншектің айтқанын бөлмеді. Біраз ойланып қарағансоң өсекті бастаған қара мұрт, ірі денелі кісі:

  • Мына қатынның соншама бұлданғаны несі!? Байыңды піріңдей көрдіңғой! Айтып отырғанымыз өсек болса да, рас. – деп Аманжолдың айтысына жауап ретінде сөз таппай, тыпырлап сөйлеген сөзі осы болды.

Бұған Аманжол:

  • Иә пірім, пірім болмай қайтіпті!? Құдай барда естеріңізді жиыңыздар. – деді.

Ішіндегісін шығарып болған соң, әкелген тамақты алдыларына даярлар беріп, тұрған жерінен бұрылды да кетіп қалды. Бұдан кейін бұлар Аманжолды артынан ғайбаттады ма!? Жоқ па!? Оған бәрі бір болды, ішінен «Өлмесең – өрем қап» - деді де ары қарай кете берді.

 

Бұдан былай Аманжол ол бригададан әдейі кетпей қойды, ол, олар оған өштесе ме? Кектесе ме? Назарын салмады, ендігісі «Жақсылықты түсінбей ме? Жамандықты да елемесін» - деп, бұрын көжені көптеп пісіріп, нанды үлкендеу қылып жасап, қымызын молынан сапырып алып келуші еді, қазір қөжеге әрбір бидай, тарыны санап салатын болды, ал нанды мысық жылағанды қылып стандартқа сай қылып пісіреді, өзі балдай жасаған қымызды апармай, жаңадан түскен аспаздарға жасатып апаратын болды. Бұл тамақ бес адамға не болады? Бүкіл қырман бойы осылай жасап апаратын болды, ал олардың көбісі ендегәрі Аманжолдың көзіне де тік қарай ала алмайтын болды.

 

 Бұл жағдайды Бармақбайға айтпай-ақ қойды, оның мінезін біледі ғой, бұндайда айналасын қырып-жойып жібереді. Ол кісілер де, біраз уақыттан соң қателерін түсенгендей болып, Аманжол алдында көп бола ала алмай, жылтың-жалтың етіп кететін.                  Аманжол да бұдан кейін кішкене өкінетін, не болса да әйел адам ғой, еркектердің алдында соншама зіркілдеді, бірақ олардың айтқан сөздері есіне түскенде, отбасы мүшесін қорғап айтқанын дұрыс санап қалады, әмбе ол да кекшіл емес, ренжісте де тез ұмыта ала алмаса да, өзін-өзі оларды кешіруге ынталандырады.

 

Жазыдың соңына қарай әлгі бригада кісілері де, Аманжол да, өз сабаларына келіп, бір-біріне дұрыс қаралай бастады, бригада арасында кейбіреулері кешірім де сұрады деген сыбыс аралап жүрді, не болса да қайырлы, Аманжол үшін бұл да сынақ, «Сабыр сақтағанды, кұдай жақтайды» - деп жүрді бұдан былай Аманжол.

 

Арада бір жылдан кейін Аманжол қайта бала көтеріп елу бесінші жылдың ысыған ыстығында Бармақбайға торсықтай ұл туып берді, екі қыздан соң ұлға қатты риза болған Бармақбай, атын ұлы Сүйімбай ақынның есімін қойып, сол секілді данышпан, оқыған, білге болар деп аластады. Үй үлкеіп бара жатты, жақсысы Аманжол бұрын үйін жаңартып, бөлме қосып алған. Жамбы апа анда-санда нағашыларынан  келіп тұратын Гүлжаукер екеуін қарап мәз-мейрам болып бақыттан басы айналып жүреді. Аманжол мен Бармақбай жұмыста болғанда Жамбы апасы қаралайды, балалар да апасына бауыр басқан, Гүлжаукер онда екіге келіп қалды. Бір жасында оны да Аралдан келген Аманжолдың әкесі өзіне медеу қылып алып кетті, бұдан былай сонда тұрып нағашы апасы мен атасының қолында өсті. Уақыт арасы Гүлжаукер Тастыбұлаққа келгенде Сүйімбаймен ойнағанды жақсы көретін. Аяғын тәй-тәй басып Сүйімбай жатқан бесікке барып баланың бетіне қарап қояды, ы-ы... деп апасына Сүйімбайды көрсетіп саусағын сорып қарап қызық көреді, апасы оған:

  • Иә, құлыным баурыңғой сенің, айналайын, өскен соң бірге ойнайсыңдар иә!? – деп еркелетіп қояды.

 

Бұл жылдар, осы отбасы үшін тек жұмыс пен кәсіп етумен болды. Алла жарылқап балалар да туды. Аманжол өмірбақи бәріне «Мен бала таппай тұрғанда өмірде көп қиыншылық пен жоқшылық көріп келдім, қу  заманның талқандары адамды тез түңілдіріп жібереді, ал сол қара түнектен алып шығатын тек өмірдің гүлдері балалар. Бірінші баладан соң Бармақбай екеуміздің жағдайымыз түзеліп, бар болып, малымыз төртеу болып келді. Балаларға қатты ризамын!» дегендері де бар. Соған қарағанда Аманжолдың өміріне қатты әсер етіп, мән беретін осы балалары сияқты....    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егін оқиғасы

 

Көктемдегі құтты сақманнан соң, Тастыбұлақта егін науқаны басталды, жаппай ауыл маңындағы үлкен өріске бидай себу кезеңі қызу жұмылдырылып жатты. Барлық трактор бригадалар, міне, осыдан бастап тынбай еңбектенеді, Бармақбай да оның қатарында, таң-ертеңнен тік тізіліп колхоздың МТЗ деген тракторын айдап, артына лық толған бидай себуге арналған арбаны жүктеп, бидайды жыртылған жерге арба үстендегі адамдар қарауылымен себеді. Күні бойы сол, әр бригаданың белгіленген жері бар, сол жерлерге бұлжытпай ісін жасайды. Аманжол онда баяғы колхоз жұмысында, әкім неге жұмсаса соны істеп кете береді, үйде бір жасар Сүйімбай, апасы екеуі, Гүлжаукер болса нағашыларының қолында, апасынаң қазіргі бар медеу болатыны осы Сүйімбай, соны бағып-қағумен әлек.

 

Таң ағара атқан кез, бүгінгі күн біраз ыстықтау болатыны көрінді, оған қарамастан далада бір балғындық сезіледі, ауыл ауасында ағаш жапырағы мен жусан аралас иісі мұрын жарады, айнала көгала, жап-жасыл, өзеннің жазғытұрғы иірілген суы тұп-тұнық болып жалтырайды. Біраздан соң, мал жазғы жайылымға кетеді, шабандар да оянып таңнан биязы. Аманжол таңертеңнен ерте тұрып, құйрық майды шыжғыртып, майын сығып алып, қалған шыжығын тәлеңкеге дәмдеп салып жатыр, қалған майға бауырсақтарды кесіп салып, қалқып алып жатыр, Бармақбай есік алдына қойылған трактордың алдын ашып, бірдемесін жөндеп отыр, көше тым-тырыс, тек кейде көрші үйдегі әнші баланың күмбірлеткен домбырасының дауысы естіліп тұрады, далаға жайылған дастархан, міне-міне даяр болады. Аманжол таңғы лебізбен үй ішіне дәмдеп тұрып шай бермекші, самаорын қайнаулы, үстел дайын, ендігісі үйдегілерді шақыру. Жаңа піскен бауырсақпен рахаттанып, ауыздарынан бу шығып, шайді сіміріп оразаларын ашып отыр. Бармақбайдың бар айтуы, жұмыс бабы, оның қазіргі жұмысы қатты шаршатады, бірақ бірінші рет пе!? Бұған да үйренген:

  • Мен бүгін ертерек барып таңғы салқынмен полеге бидай сеуіп тастайын, сепкіш жігіттер дайын, мені күтіп отыр. – деді Бармақбай, әңгіме болсын деп.
  • Үйбай! Бармақбай бидай сепкені несі!? Тракторыңды әлі жөндеп біткен жоқсыңғой!? –деді Аманжол самаорынның шүмегін ашып-жауып.
  • Баруым керек, онсыз да біздің бригада қалыс қалып жатыр, жоспарды орындамасақ баяғы сөгіс естиміз, мен басымнын сөз асырғанды жек көретінімді білесіңғой. – деді Бармақабай.
  • Трактора ше!? Жөндедің бе!? – деді Аманжол.
  • Иә! Жөндегендей болдым, бірақ кейде рөлі майланып қатып қалады, бұру үшін қаттырақ батыру керек. – деді Бармақбай.
  • Байқаш әйтөуір! Кейде албасты басып, бір бәлеге ұрынатының бар емес пе! – деді Аманжол.

Шайларын ішіп болған соң барлығы өз шаруаларымен кетті, бірі колхоз жұмысына, бірі өріске. Бармақбай жол-жөнекей сепкіш балаларды тиеп алып, төрт адам, өзімен қоса бесеуі, өріске қарай жол тартты. Жол бойы бұрылыста Бармақбай тракторды нақ ұстап бұрады, кейде бағынбай қалады, сонда Бармақбай рөлді өзіне тартып барып, бұрар жеріне қайқайтады. Өріске жетті бірнеше гектар жерге ұзыннан ұзын созылған бидай өрісі, сап-сары жер, аймақтың айналасы түгел құз, шөп-шалаң басқан құз, бұл өлкенің бәрі сондай.

 

            Бармақбай жете салысымен артта ілінген екі арбаның ілінісін тексеріп, темір қағып жүр, екі арбаның әр қайсысында екі-екі адам, ол кісілердің ісі ауыр емес, тек күннің астында жұмыс істемегені болмаса. Олар егіндік бойы арбаның астындағы тақтайдың бидай себу үшін арналған тесіктеріне қарап, олар бидаймен бітеліп қалып, жерге түспей қалмасын деп қарайды, егер тесік бітеліп қалса оны ол кісілер арнайы шанышқымен шаншып отырып тазалайды, сөйтіп екі адам екі жақтап бірнеше тесікті бақылып жүреді, трактористтердің жұмысы зия кетпесі үшін.

 

Бармақбай дайын, барын тексеріп алып өріске «Бісміллә» - деп шықты. Тракторды айдап келе жатып, артындағы екі прицеп арбаны сүйреп келеді, жерге себілген астық сол сәтте ақ трактор артындағы арбаға бірдей байланған темір тырмамен көміліп отырады. Бұл процесс, өте қатты, тиянақтылық пен ұқыптылықты талап етеді, егер тракторист титтәй шыт кетсе, егін дұрыс түспей қалады, сондықтан Бармақбайға өте үлкен жауапкершілік арқаланған.

 

Жол жақсы болып, Бармақбай өзінің үлкен тәжірбиесімен егіннің жартысын сеуіп болды, күн бесін уақытынан асты, арба үстіндегілер қолында барымен ағытылған мойындарын желпілдетіп суынып жүр, бастарында қалпақ, шанышқымен тесіктерді түрткілеп жүр. Сөйтіп екі айналым жасап, келесіден-келесіге өтіп жүр.

 

Кеш уақыты, ақшам болмай тұрған кез, міне-міне кіріп те қалады, айнала бозарған, дала ығы-жығы кешкі тұрым. Бармақбай соңғы айналымға шықты, жырым-жырым жерді басып, өтіп ілгері келеді. Тып-тыныш айдап келе жатқан адам еді, бір кезде Бармақбай рөлінің қатайып, әрең бұрылатынын сезе бастады, рөлді нықтау ұстады, тағы бірнеше метрден соң трактор алдындағы мотор дір-дір етіп шайқалып кетті, трактор салдыр-күлдір ете бастады, контороль ұстау қиындап кетті, тағы бір нәрсе қиқаң ете қалды, трактор шатыр-шұтыр едіп, бар күшімен дір-дір етіп арасында гүр-гүр етеді, Бармақбай бәледен аулақ тормозды баса қалып еді, аяғы босаған қызанақ езіп жібергендей батып кетті, тормоз істемей қалды, Бармақбай тормозыд қайта-қайта баса берді, бекер... Оған қоса рөл мүлдем ары-бері бұрылмай қалды, бір орында тапжымай қатып қалды. Бармақбай тормоз бен трактордың қарбалаңында жүргенде, алдында қайда бара жатқанын байқамай қалыпты, Бармақбай азан-қазан болып алдына қарай қалды... Жүрегі аузына түсті, келе жатқан жеті тура құз, Бармақбай үміт үзбей рөді басып-басып бұрып әлек, әттең болмай жатыр «Атаңәлеті, құрғыр темір, бұрыл!» - деп айқай салды, трактор тартынып келеді, газдан аяғын жібергеннен кейін өз ауырлық жылдамдығымен келеді, төмен қарай ойысып барады, дөңгелектер инерциядан ілгері тез-тез жүре бастады.

 

 Бармақбай абыл-қабыл болып жүргенде, артында төрт бірдей адам бар екені есіне тарс түсе қалды, құзға тым жақындап келе қалды, алдында әлі сары топрақ болып себілетін жер болған соң әлгі адамдар тракторда болып жатқан қарбалаңға мән бермеді, бар естігені Бармақбайдың боқтауы, оларға бұл жаңалық емес, сондықтан аса мән бермеді.

 

Бармақбай әлгі адамдарды ескерту үшін «Секір! Секір!» деп айқайлай бастады, бірақ гүрілдеген мотордың дауысынан оларға ештеңе естілмеді, әлгі адамдарға бәрібір сияқты, трактор жүрсе болды, қалай келе жатқанына ымыралары жоқ. Бармақбай қапалана түсті, жүрегі дүрс-дүрс, не істерін білмейді, ана адамдарға бірнәрсе қылдырып айту керек, әмбе рөлді жібере қалса құзға лап ете қалар ма деп тұр, амал жоқ, бір қолы рөлде бір қолын сыртқа шығарып бар өкпесімен айқайлай бастады, қолын ары-бері сілкіп түрін трактордың құлақ айнасына қарап бақыра берді:

  • Секір! Ойбай! Секір! Құзға баратырмыз! Құзға! – дей берді.

Бергі жақта тұрған кісі бағанадан бері арбаның қиқалаңдап келе жатқанын аз-маз байқады, ішінен «Бармақбай әншеінде дұрыс айдаушы еді ғой» - деді де, жөн білмекші болып трактор жаққа қарады. Жақсылыққа Бармақбайдың айқайлап дүрбелең салып жатқанын байқап қалды, иық түріп айқайын түсіне ала алмай келе жатты, Бармақбай қолын солға сілкіп-сілкіп жатыр, түрінің өңі қашқан, әлгі кісі бір бәленің болғанын анық түсінді, арбаның төбесіне шығып қайда келе жатқанын бақылап қарап еді, тұп-тура құзға келе жатыр, оны растағандай, трактор айналымды жолдан ары ырғып шықты. Жұмыскер адам да ойбай салып сол жерден басқаларға бақырып әлек салды. Басқа кісілер де жолдан ауытқып кеткенін лезде байқады, содан соң әлгі кісінің айқайынан ап-сәтте ақ барлығын түсінді. Көп ойланбай жүріп келе жатқан арбадан төртеуі төрт жаққа секірді, бірі қара топыраққа топ етіп құлады, ал бірі жиналған кішігірім шөпке аунап түсті, тек жалғыз Бармақбай тракторды қиып кете ала алмады, соңына дейін темір атты сақтап қалмақшы болды, трактор ғана емес, артында байлаулы екі арба мен бір арба бидай дәні, бүкілі күйіп кетпекші болды.

 

Бармақбай, қысқа мезгілде бір харекетін жасау керек. Әбігерге салынып рөлмен әлі арпалысып келеді, құз таяп қалды, салдыр-күлдір етіп трактордың тоқтайтын сыйқысы жоқ, арттағы жолдастары барынан «Секір Бармақбай! Секір! Қалдыр бәрін!» деп ақырып жатты, Бармақбай ішінен қырсықтанып «не мен берілемін! Не сен!» - деп отырды, берілгісі келмей, базкешті. Бармақбай рөлді солға қарай бар күшімен бұрып қалғанда, тырс еткен дауыс естіліп рөл босап қалды, бір механизімі ұшып немесе сынып кеткені болар. Бармақбай сонда амалы таусылып, жағдайы мүшһүл екенін бірақ байқады, құз, мұрт астында тұрды, бір дөңгелегімен кіріп те кетті, Бармақбай есікті аша салдыдағыны жерге қарқып секіре бергенде, арттағы арбаның үлкен найзадай дөңгелектері аяғын іліп кетті, саны оңбай тілініп жерге топ ете қалып аунап түсті. Трактор құзға бүкіл, екі арбамен, астықты тарта аударылып түсті. Айнала астаң-кестең, бұрқылдаған шаң боран соққандай шарпып кетті, топырақ аспанға көтерілді, Бармақбайдың артындағы жолдастары оның секіргенін көрді, бірақ үлгерді ме? Жоқ па? Білмей аң-таң болып қалды, шап беріп көтерілген шаң арасына кіре кетті, Бармақбайды іздеді, бірнеше уақыттан соң шаң басылды, құздың тура жарында домаланып жатқан Бармақбай байқалды, аяғының жартысы тілініп қалған, жер-көк шашыраған қан. Әлгі кісілер топырлап Бармақбайды қоршап алып, не істерлерін білмей, бір-бірлеріне жалтаң-жалтаң қарап қалды, ақырында біреуі ес жинап үстіндегі киімін шешіп, Бармақбайдың аяғын нықтап байлап, төртеуі төрт жақтан көтеріп алып, ауыл жаққа апарды. Бірден кіп-кішкентай фельдшер бөлмесіне алып келді, байқұс фельдшер не істесін!? Тек қана үлкендеу ауруханаға салып жіберді. Бармақбай ауруханаға барғанша көп қан жоғалтты, мәшинеде есін біресе жинап, біресе талып, быт-шыт болып жатты.

 

Аманжол кеште үй жаққа қарай жаяулатып, аяқ тоздырып, келе жатыр, ештеңеден хабары жоқ, үйіне келіп қалды. Үйінің алдына жиналған халықты көрді, Аманжол баяғы шошып кетті, шапшаңрақ жүріп, тұрған адамдардың артынан шыға келді, көршілес тұрған Бармақбайдың жұмыстағы жолдасының қатыны, бода-бода болып жылап тұр, Аманжол жанына барып не болып жатқанын сұрастырмақ болды:

  • Әй! Не болып қалды!? Неменеге біздің үйдің жанында топырлап, жамырап тұрсыңдар. – деді Аманжол.
  • Аманжол! Бармақбай авария болды, тракторы құзға аударылып түсті. – деді әлгі қатын.
  • Тілің солып қалғыр! Не деп былшылдап отырсың. Авариясы несі? Кім айтты бұл сұмдықты саған? – деді Аманжол ашуланып, ығыры шығып.
  • Шын айтамын, Жамбы апа сені іздеп, таппаған соң өзі егіндік жаққа кетіп қалды.

Аманжол келген кісілерді таратып жіберді, «үйде апам болмаса, неменеге бұлар дабырласып, үйді аңдып тұр» - деп ой жүгірте кетті. Аманжол әлі бұнда не болып жатқанын аңдатпай тұр. Егіндікке келгенде Аманжол бір топ кісілерді көрді, құзда бір нәрсені қарайлап, шуласып тұр. Аманжол құз жаққа барып төмен қарағанда, жүрегі аузына лық ете түсті, «Қалайша!? Таңертең-ақ бұл тракторды сап-сау көріп едімғой» - деген сес ақылында ойнап кетті. Басы айналып, қан қысымы басына шап берді, көзінен тоқтаусыз  жас кетті, Бармақбайдан айрылып қалды ма? Екен деп зарлап жылай бастады, қол-аяғы дір-дір етіп, жүрегі лоблып, қан жұтып, басаурап қалды. Арғы жағынан шыққан апасы Сүйімбайды көтеріп тұрып тура сондай хәлде. Аманжол, өмірі осымен Бармақбайсыз қалай жалғасар деп, тым жаман ойға кетті. Жамбы апасы екеуі бір-біріне мейір болғаннан басқа ешкім жоламады. Аманжол шүперекті аузына бүркеп құлаған тракторға қарап қоймайды, добалдай сайтанның сапалағы мыж-мыж болып аунап жатты, жан-жағы үйілген астық, майысқан арба темірлері, Аманжолдың жүрегін одан әрмен қанжылатады. Тынысы тарылып тұншығып барады, Бармақбайдың қазасына сенгісі де келмейді, ол туралы ойлағысы да келмейді, бірақ ойы ығы-жығы екіге бөлінген.

 

Қайғыдан қайысып тұрғанда, топ арасынан Аманжолды көрген бағанағы Бармақбайдың жолдастарының бірі жанына жетіп келді:

  • Аманжол. Сенбісің!?

Аманжол еркек жүзінен Бармақбайдың жұмыс жолдасын таныды, уақыт-уақытымен Бармақбай оларды тамаққа шақырып тұратын:

  • Жарықтық ау! Омар!? Бармақбай мына құзға құлап кетті дегені рас па!? Ешкім жөнді мән-жайды айтпай жатыр, не ойларымды да бірмей тұрмын. – деді Аманжол.
  • О не дегенің!? Кім айтты бұл сұмдықты!? Тракторы құзға құлағаны шынымен-ақ, бірақ трактор артындағы себетте мен де болған жоқпын ба!? Бармақбай аман! Біз барлығымыз секіріп үлгердік, абырой болғанда бүкіліміз тәуір қалдық. – деді Омар.

Аманжолдың тамағында түк түйіскендей болды, көзі жасаурап қайта-қайта жылай берді, ендігәрі қайғыдан емес, қуаныштан.

 

Бармақбай ауруханада екі апта жатты, тіккенен қалған тыртық, санының қақ ортасын сөккендей болып сүйкімсіз болып қалды, Алланың сақтауынан оны уақытылы ауруханаға алып келді, біраз кешірек алып келсе, аяқсыз немесе жансыз да қалуы ықтимал болатын.

 

Бармақбай үйге қайтып келген соң, Аманжолдың құлағын шірітіп қоймай қайта-қайта «Құрыдым! Ойбай! Құрыдым! Ит құдай! Ит құдай!» - деп дауа бермеді, Аманжол басында Бармақбайдың жүйкесі жұқарған шығар? Бұндайды әркім басынан өткізе бермейді – деп зарлауына үн демейтін, бірақ соңында ығыры шығып:

  • Құрымайсың Бармақбай! Бар боласың! Құрыйтын болсаң трактормен бірге құрыр едің. – деді.
  • Ақысын сұрайдыңғой енді! Ал бізде төрт сиыр мен жиырма қойдан басқа неміз бар!? Кінәмді дәлелдесе соттап жібермей ме!? – деді Бармақбай.
  • Басың аман болса болды емес пе!? Малдан қайғырып, не қара басып отыр.
  • Сонда да! Добалдай тракторды астығымен қоса аударып алған деген, сұмдықтың сұмдығы. – деді Бармақбай басын ұстай.

Келесі күні ауылға орталықтан секретарь мен совхоз деректоры келіп жетті, Бармақбайды шақыртты, оқиға болған жерге барып, сарапшылар сараптама жасап, Бармақбайды тергеушілер тергеп жатты. Бармақбай бар оқиғаны қалай болды солай айтты, бірақ келген комиссия сенбеді, олардың бар қақылдап тұрғандары Бармақбайдың мастығында. Сонда Бармақбай да бойбермей:

  • Мас болғаны несі!? Мен ішіп алып, таудай тракторды айдап апарам ба? – деді.
  • Жоқ! Жоқ! Сен мас болғансың. Басқалай бұны түсіндіруге болмайды.
  • Қалайша!!!? Мен сіздерге айтып тұрмынғой, трактор рөлі бұралмай, моторы дірілдіп, жол ортасында бұзылып, тормозы басылмай қалды деп. Өрісте қайдағы арақ!? Әсіресе артымда төрт бірдей адам бар, олар сау болған бәрі. –деді дауысын дүрк-дүрк шығара.
  • Сен өйтіп қатайма! Трактор, бұзық болды ма? Жоқ па? Тексереміз әлі. Әзірше сенің атыңнан іс қозғаймыз. – деді комиссия мүшесі.

Бармақбай, алай-дүлей болып қайтты. Комиссия құлаған құздың схемасын сызып, бүкіл сапартаманы жинап, көрген куәгерлерді жиып, іс қозғамақшы болып кетті.

 

Төрт-бес адам мүшесі болған коммисия, бүгін-ертең қайтпақшы болды, үлкен ықтималдылықпен Бармақбайдың үстінен арыз жазылып, іс қозғалып, сотталмақшы болды. Сонда Аманжол бір амалы болатын шығар деп, нар тәуекел, үйдегі бір семіз қойды сойып, комиссия мүшелерін, өзі, үйге қонаққа шақырды.

 

Комиссия мүшелері өз райларынан қайтпайтынын басында-ақ шешіп алған, бірақ Бармақбайдың отбасылық жағдайын білгісі келіп, шақыртуларын қабыл алды. Қайтатын күнінің түсінде орталық секретарь бастамасымен комиссия мүшелері Бармақбайдың үйіне жиналды, төрде отырып, өз-өздерімен ымыраласып әңгімені соғып отырды, олардан бөлек, Бармақбайдың үйіне, сол күнде онымен болған егінші жолдастары да шықырылды. Ортаға бас әкелінгенде, етпенен әңгіме Бармақбай туралы кетті, Бармақбайдың жолдастары оны қорғаштап:

  • Бармақбай аға мас болмады! Ол кісі мас болса онымен бірге арбаға отырмас едік, отыру үшін барлығымыз мас немесе есуас болуымыз керек еді. – деді Омар.
  • Ол жағын әлі шешерміз! Бірақ бәрібір де Бармақбай ақысын өтеу керек, немесе сотталады. Басқа ештеме істей ала алмайсың. – деп секретарь тұмсығын көтеріп бойбермеді.

Кіріп шығып жүрген Аманжол шыдамады, өзі бір амалын тапқысы келді, сорпаны алып келіп,  барлығының көзінше моншақ-моншақ жас төге бастады, әгілердің жүректерінде, бір тамшы мейір бар шығар деп үміттеніп, зарын айта бастады:

  • Бармақбай сотталып кетсе біз не боламыз!? Артымызда төрт бала бар! Оларды кімнің панасына қалдырады, малтабарымыз кетсе, құдай бетімізді кімге қаратар?! – деп зар қақтырып жылай кетті.

Аманжол өмірі біреуге жалынып-жалбарынып көрмепті, бірақ мұнда іс өзі жайлы емес, ал осы отбасының бірі қауіп-қатерде болса, басын жоғалтады.

Жоғарғы секретарь Аманжолға қарап елжіреп:

  • Төрт бала дейсің бе!? Қайсы көрсетші төрт баланы, мен көріп тұрған жоқпын, қолыңдағы баладан басқалары қайда!? – деді күмәнданып.
  • Бар! Бар! Төрт балам, қазір алып келемін, далада ойнап жүр. – деді Аманжол.

Аманжол далаға қарқып шықтыдағыны, есік алдында ойнап жүрген көршінің Былатай, Мәдіжан, Үмітбек деген балаларын көрді, жастары төрт-бес жасар болуы керек. Аманжол ақырындап жандарына барып:

  • Балақайлар! Жандарым ау! Қалайсыңдар? – деді.
  • Аманжол апа! Сәләмәтсіз ба? Жақсымыз. – деді.

Сонда Аманжол оларды құшақтап қойнына алып сыбдырлап:

  • Біздің үйде үлкен ағалар отыр, мен сендерді соларға апарып көрсетем, сендер олар кімнің балаларысыңдар десе Бармақбайдың балаларымыз деңдер. Жарай ма!? Содан соң сендерге кәпит, ақша беремін. – деді Аманжол.

Жас балалар көндірпей-ақ келісті, Аманжол апалары көршінің балаларын өзіндікіндей көреді, сондықтан балалар Аманжолға өте жылы. Көп күттірмей Аманжол үш бала, һәм қолындағы Сүйімбайды жетектей кіріп келді, домалақ-домалақ қара-торы балалар комиссия алдында саспады, қойған сұрақтарына қалай жауап беру керек, солай жауап беріп тұрды:

  • Кімнің балаларысыңдар!? Әкелерің кім? Шешелерің кім? – деп сұрағанда.
  • Осы үйдің балаларымыз, әкеміз Бармақбай, шешеміз Аманжол. – деп ойланбай жауап берді.

Комиссия мүшелері балалардың бірден, жаңылмай, тұтылмай жауап бергендеріне қарап, расымен ақ Бармақбайдың балалары екеніне сеніп қалды. Содан соң бір-біріне қарап, орысшалап, ыңылдасып отырды, Аманжол шығып кете бергенде, бірінің «Ну! Сами знаете, вам решать!» - деп езіне сөйлегендерін құлағы естіп қалды. Бас секретарь көзін төмен қаратып, кесенің шетін айналдыра сипай отырып, үңіліп ойға батып отырды. Барлығы, Бармақбайды жарылқағандай болып көрінді, жанындағы комиссия тілмашы да оларға:

  • Сергей Викторовичь! Свидетели подтверждают о том, что он не был пьян, и думаю нужно учесть то, что у него четыре ребенка. – деді.

Секретарь басын изей берді, бесеуі бастарын қосып, орысшалап, қылтиып айтысып отырды, адамдардың мимикасына қарап, бірісі Бармақбайды жақтап, арашалап отыр, бірі кінәсін мойнымен көтерсін деп, бұл отырысты «Подкуп! Подкуп!» - деп дір-дір етті. Соңғы сөз секретарьда, жиылған мәжіліс халқы тағатсыздана, не шешім  қабылдады екен? деп қажып отыр.

 

Жолдастарымен ақылдаса секретарь шешім қабылдағандай болып отрынан түрегеліп, онымен бірге тілмаш та тұрып, Бармақбайға қарап былай деді:

  • Сен енді колхозда жұмыс істемейсің! Қалай тракторды жөндеп, аяғына тұрғызасың, сонда ғана қайта кірісесің. Оғанға дейін, тракторды жөндеумен айналысасың. Астық піскенге дейін уақытың бар! Ал үлгермесең, трактордың ақшасын өтейсің немесе сотталып абақтыға қамаласың. – деді.

Бармақбай келісті, басқа шарасы жоқ, осыған да тәубе деді.

 

Комиссия мүшелері кетерде мәселе тек тракторға ғана айтылғанын айтты, ал қалған құрыған заттардың ақысын малмен төлесін деді. Бармақбай, бар төрт сиыры мен жиырма қойын үкіметке беріп жіберді. Бас аман болсын, қалғаны бар болар деп үміттенді.

 

Бір мезет те қалдырмай Бармақбай трактордың жөндеуіне кірісті, ең алдымен ол тракторды құздан көтеру керек, абырой болғанда Бармақбайдың ауылда беделі болып, бүтін ауыл ерлері бірігіп, тракторды көтеріп шығарып алды. Бармақбайдың Ермекбай ағасы ол кезде Астық совхозының – Ақ ешкі деген ауылда тұратын, ол бірталай үлкен колхоз, онда жақсы саймандар мен жабдықтар бар, Бармақбай сонда жол тартып, Ермекбай ағасы екеуі бір жазда тракторды жөндеп, аяғына тұрғызды.

 

Шабындық кез басталды, тракторды көруге келген баяғы орыс комиссиясы МТЗ - ны көргенде аң-таң болды, олар үш ұйқтап тұрса да, трактордың қысқа уақытта жап-жаңадай болып шығатынына сене ала алмады. «Сырты бүтін, іші түтін» шығар деп ойлады, бірақ трактор гүр-гүр етіп, әуендетіп шабындыққа шыққанда, бүкіл сол уақыт бойы бір бұзылып, жаман дауыс та шығарып көрмепті. Бармақбайдың шебер істеген ісі әркімнің қолынан келе бермейді, істі істесе адал, ынтамен істеген шаруа берекелі!

 

Бармақбайдың өмірінде не болмады дейсіздер!? Шытырман көп... Бұдан екі жыл бұрын тракторды өртеп алып тағы шатақ шыққаны да есінде, соның бәрін, кейін балаларына әңгіме қылып, айтып отырады.           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сағыныш

 

Елу жетінші жылдың қысы, Алла несібесін беріп Аманжол тағы да аяғы ауыр. Бұл жағдайда да суықта сіресіп далада шаруа қылуда. Дала азынаған аяз, қатаған көк тайғақ жер, гуілдеп соққан боран желі. Бармақбай жаз бойы жарған отындарын жаратып, үйін қайнатып отыр.

 

Ертеңгісі күні уақыт түстен ауып, екінті уақытынан тыс заман, Аманжол мен Бармақбай үйлеріне келіп, бала-шағасымен уақыт өткізіп, әлектеніп, үй шаруасымен айналысып бағуда. Гуілдеген желмен бірге тарсыл естіледі, Жамбы апа тереза қаралай жүріп, расымен-ақ, кісі пішіні тұрған сияқты. Бармақбай «Кеш ауығанда, не болыд екен?» - деп сыртқы есікті ашуға кетті, үйге қайтып келген соң жанында бір жас жігіт келіп тұр екен.

 

 Бармақбай Аманжолға «Әй! шай қой, ет ас, төркініңнен адам келді» - деп оны дұрыстап күті керек дегендей, әуреленіп тұр. Аманжол келген мейманын аса танымады, бірақ ол өзінің ауылдасы екенін білетін, есіне әлі түсіре ала алмады, я бұл көрші баласы ма? Я да алыс туысы ма? Оған қытты мән берген жоқ, келгеннен ақ бір бұйымтайы бар екені белгілі болды. Шай беріп, аяздан денесін ыстық сорпамен жылытып алған соң, Бармақбай әлгі кісінің бұйымтайын сұрай бастады, қарсы алдында отырған жас жігіт, жасы он сегіз-он тоғызда ма екен? Сондай болып көрінді, көзі қаралау келген, жылу реңді, келбетті жігіт, бірақ көзі мен жүзінде бір уайым бар екені байқалды. Дегенмен, Бармақбай сұрыстыруға асықпады, бірте-бірте мән-жайға кірісер деп ойлады, бірақ әлгі жігіт тамағын жеп меймандылығын құметтегенге рахымын айтып, Аманжолға қарап келген себеб-салын айта бастады:

  • Жеңеше, сіз ертең шұғыл түрде төркініңізге барып келсеңіз дұрыс болады. – деді дауысын сыбырлата.

Аманжол, бір жамандықты сезе бастағандай болды, бұл сөздерден кейін одан арман қобалжый бастады:

  • Әкем ау! Не болып қалды? Түн аралап келгеніңе қарағанда, ауылда бір жайып болғаны ғой. – деді.
  • Иә жеңеше, мені сіздің апаңыз жіберді, көп созбай тік айтайын Елубек ағам қатты сырқаттанып жатыр. Сізді сұрап жүр, сондақтан Қания апа сізді естіртуге жіберді. Сіз ертеңнен қалмай келеді деп үміттеніп отыр.

 

Аманжол жалғыз інісінің жағдайы тым ауырланып қалғанына сене ала алмады, бұрын да төркінінен жаңалықтар келгенде, үй ішінің хәл жағдайын сұрағанда, Елубек кішігірім ыңқыл-сыңқыл жүрегі ауырып жүр дегенде, келейін деп еді, бәрі жақсы деп келтірмеген болатын, енді, сіра төсек тартып қалғанда естірткені болмады:

  • Жарайды, Алла қаласа ертеңнен қалмай барамын. – деді Аманжол.

Жанында отырған Бармақбай да.

  • Мен де барамын, сені жалғаз жібермеймін. – деді.

Бірақ бұған Аманжол келіспеді.

  • Малды қыстауда кім қарайды, апам балалармен қаралай ала алмайды, сен кетіп қалсаң мал кімге қалады, онсыз жалғыз бармаймын. – деді.

Бұған Бармақбай жөн қарап, келісті. Ендігісі Аманжол таң атысымен жолға шығуы қалған.

 

Аманжол, түні бойы ары-бері домалаңдап ұйықтай ала алмады, бар жанын жегідей жегені, бұл уақыттан бері ауылына бір барып інісінің халін білмегені. Қатты қапаланып, уайымдап шықты. Кейде көзіне жас алып бір-екі тамшы тамдырып та алды, жанында Бармақбай пырсылдап ұйқтап қалыпты, оны мазаламайын деп өз-өзін жинап, ұйқтауға тырысып, көзін жұмып мыңға дейін, одан кері санап жатса да ұйқтай ала алмады, сөйтіп таңға жуық бір-екі сағат қана мызғып алды. Таң атысымен көзі көгеріп, әбіржіп тұрды, малды Бармақбайға тастап, ал бала-шағаны апасына тастап, Аралға қарай жол тартты.

 

Уайымнан жол алыс болып көрінбеді, Аманжол тез ақ жетті, ауылға келген соң ну орманның ішінде ажарланған айналаны, әрбір ағашын сағынғанын сезді, орманды жағалай, қатқан өзен мен жастық шағын өткізген шағын ауыл. Ауылдың ішінде салынған кішігірім екі бөлмелі ағалай ордасы. Расымен-ақ бәрін де сағыныпты Аманжол. Кейде ара-арасында Гүлжаукерді алып кетемін деп, ауыл сыртына келуші еді, бірақ әдейлеп «Ауылым» - деп келмегені бір талай.

 

Үйіне жеткен соң Аманжол ат арбадан түсіп үйге кіріп кетті, далада жүрген шешесін бірден көрді, шешесі не жыларын, не қуанарын білмеді, келген қызының қуанышын, ауырып жатқан ұлының сырқаты басып тұрғандай. Біраз құшақтасып, аймаласып қалды, арға жағынан Нұрғали әкесі де шығып, шешесі қандай сезіммен қарсы алса, әкесі де айнытпай қарсы алды.

 

Үй ішіне кірді, сол баяғы кіреберістегі қазақи дөңгелек пеш, терезенің арғы жағын қырау басып, ал бергі жағы бұрқ-бұрқ еткен қазанның ішіндегі пісіп жатқан тамақтан шыққан будан терлеп тұр. Тамақтың хош иісі үй ішіндегі дәрінің иісімен араласып, жағымсыз болып барады, Елубек жатқан бөлме толған қатын, көбісі кемпір. Олардың жүздерінде қаяу мен қасірет көрінеді, арасында кейбіреулер «уһһһ!!» - деп кекіріп күрсініп қояды, бөлмедегі жалғыз жанып тұрған керосин шамы айналаны сығырайтып қана тұр. Бұл бөлме өлім періштесі жүргендей ауыр, қатындар жүзі салтанытсыз. Кемпірлер бір нәрседен үріккендей баяу, аяқтарын жерден көтермей, еден сырып жүр, бұл үй, ау баяғы береке қашқандай, жансызданып барады.

 

Аманжол Елубектің бөлмесіне кіргенде жүрегі айнып кетті, бүкіл үйге тараған қайнап жатқан сорпаның иісі, айтылғандай дәрімен араласып ендігісі Елубектің бөлмесіндегі керосин жанған шамның иісімен қоюланып, одан арман басты айналдыра түсті. Аманжол Елубекке қарай ұмтылды, байқұс інісінің реңі қашқан, бозарған, бет сүйегі шығып, иегі үшкірленіп қатты азып кеткен, жүдеу көзінде нұры өшкен, ерні көгере бастағандай, қөзін ақырын-ақырын жыпылықтатып, біреуді күтіп жатқандай көрінді, көзі аспанда, өз ойымен жатыр. Елубек кім кіріп? Кім шығып жүргенінде шаруасы жоқ, тек қана аспанға қарап, аузын ақырын-ақырын жыбырлатып, мыңылдап, бір нәрселерді ызыңдап қояды. Аманжол Елубектің түрін көріп, аяқ буындары дірілдеп, әзер келді. Төсек жанында тұрған арқалы орындыққа барып отырды. Елубектің қолынан ұстап пешенесінен сүйіп:

  • Бауырым ау! Амынбысың!? Халің қалай қалқам!? – деді, дауысы дірілдеп, көзінен еріксіз жас тама.

Елубек дауысты танығанда болып, басын ақырындап Аманжолға қарай бұрып:

  • Аманжол сенбісің? – деді.
  • Иә! Елубек менмін. – деді мұрнындағы суын сорғалата.
  • Әпкем ау! Қайда жүрсің!? Сен келер деп көп күттім. Күн сайын, түнде Әзрәйіл келіп, жанымды сұрайды, ал мен болсам әпкем келмей сенімен бармаймын деп қоям. – деп езуін тартып күлімсіреп қойды.

Қания шешесі, Елубектің қашан соңғы рет езу тартқанын жадына түсіре ала алмады, бұл жолы жылап сыртқа қашып кетті.

  • Әй сенде бір! халіңе қарамай қалжыңдап отырсың. Кешір мені бауырым! Келе ала алмағанда емес, келер едім, бұндай жағдайыңды енді біліп отырмын. – деді Елубектің қолын қаттырақ қыса.
  • Ә-ә-ә солай ма! Жарайды ендеше, келгенің қандай жақсы болды. Есіңде ме? Бұрын қалай жақсы ойнаушы едік, әрқашан бірге болатынбыз, ағаш төбесіне шығып, орманда тығылыспақ ойнап, риза болып жүретінбіз. Сол кездерді қайта қайтарсақ қой шіркін! – деді Аманжолға қарап.
  • Иә! Есімде бәрі, бірақ сен бұзық едің, менің шашымнан тартып, оқтаумен қудалаушы едің, ағаш төбесіне шығам деп, талай құлап едің, орманда тығыламыз деп, апамнан таяқ жейтінбіз, ол кісі құзға құлап кетер ме деп қорқатын.
  • Иә, сені ренжітем деп, әкемнен талай сені қуған оқтаумен, өзім таяқ жейтінмін.

Елубек пен Аманжол баяғыны естеріне алып күліп отырды, Елубек бұрыннан былай көңілін көтермеп еді:

  • Аманжол!? Сені сағынып жүрдім бұл уақыттары. Сен кеткенде сенімен дұрыс қош айтыса ала алмадым, көріскенде қатты зейін қоймайтынмын. Бұл жолы сенімен кеш болмағанда, соңғы қошымды айтысқым келеді. – деді Аманжолға қарап.

Елубектің көзі мөлдіреп, жас толып, мұрнынан су аға кетті, Аманжол ұстаған қолының үстіне екінше қолын қойып тек Аманжолға қарады.

  • Не деп отырсың!? Соңғы қошы несі!? Қара да тұр, қазір ақ сауғып кетесің! Апам мен әкемді кімге тастайсың, сенімен туған өңкей ұрғашылар, әке-шешеңе қамқор болмайсың ба!? Ал менің кеткенімде сен мені, мен сені қия ала алмай, жастықтың қырсығына салып, дұрыс қош айтыса ала алмадық, бұл жылдары мен де сені қатты сағынып жүрдім бауырым ау! – деді Аманжол.
  • Талай жыл өтіптіғой Аманжол. Мен де саған жиі бара ала алмадым. – деді де, көзіне қайта-қайта жас ала берді.

Осымен олар түн батқанға дейін сөйлесті, Елубек Аманжолдан басқасыны керек қылмады, сағынған талай жылдық мауқын басып бір-бірімен сырласып отыра берді.

 

Қараңғы түсіп, түн ортасы ауды, үйдегі қатындар үй-үйлеріне кетіп бұларды жайына қалдырды. Үй тым-тырыс, тек ескі сағаттың тықырлағаны мен пеште жанып тұрған оттың дауысы, бұлар әлі әңгіме айтуда. Бір кезде Елубек шаршағандай болды, Аманжол оны байқап:

  • Шаршадың ба? Не істейін? Су ішесің бе? Жастығыңды соғып берейін бе? – деді.
  • Жоқ, ештеңенің де керегі жоқ, тек жанымда болшы. – деді.

Аманжол Елубекке қарады, көзін қараңғы түнек басып келе жатқандай болды, Аманжол Елубектің жаны кеудесіне келгенін түсінді, Аманжол Елубекке қарап оны қимай:

  • Елубек, өлмеші!! Тастамашы бізді! Өлме! Өлмейсіңбе?. – деп сыбырлады.

Елубек Аманжолға қарап сөніп бара жатқан лампаның нұрымен:

  • Өлмеймін! Жан әпкеп, өлмеймін! Сені тастап қайда барамын? Әлі сенің болашақ балаларыңды көрген жоқпын, оларға сыйлайтын базарлықтарым бар. – деді.

Аманжодың жүрегі езіліп, елжіреп кетті. Тағы жарты сағат отырды. Бір кезде Елубек Аманжолдың қолынан түртті:

  • Ау!? Не болды? – деді Аманжол сыбырлай.

Елубек Аманжолға қарап ернін дірілдетіп, тек:

  • Кешір Аманжол, базарлықтарды өзің апарасың ау! ейде апам мен ағама қарайлап қойшы, үйдің үлкенісіңғой жаным... Ал енді жібер мені, қи мені, жеңіл жанмен кеткім келеді... Маған қатты қайғырмашы.– деді.

Бұдан кейін, Аманжол Елубектің бар күшімен қысып тұрған алақанының босап бара жатқанын сезіп барады,  бір-бірінің көзіне қарап тұрды. Біреуінің жастыққа, біреуінің жерге тамып жатқан жастары тек екеуінің арасында қалды. Бұл сөдерден кейін Елубек «уһһһ..» деп ауасын кеудесінен шығарды да, бұдан кейін кері дем алмады, ұстаған қолы ақыры босап қалды. Жаны Аллаға қайтты. Алладан келдік жәнеде оған ғана қайтып барамыз...

 

Таң атты, үйде ошақ сөнді, тамақты көрші-күлең әкеліп, үйге келіп жатқан адам қазасына қайғырып, түскен адамдарға тамақ беріп көмектесіп жүр. Қания мен Нұрғали әкелері, келген меймандарды жылап қарсы алып жоқтап отырды. Айнакүл мен Мәрия да сол хәлде. Аманжол ары-бері жүріп, әлек салып, біресе ана жұмысты істеп, біресе мына жұмысқа жармасып жүр. Барлығы қайғарып отырғанда, Аманжол ғана іш жігерін жинап, үй үлкені ретінде барлығымен басын ауыртып, іс істеп жүр. Қаза, бауырына батса да, еңсесін түсірмегендей болып, қазаның бірінші күнін тәуір атқарды.

 

Елубекті қойған күні, алыстан адамдар келді, дұрыстап күту керек, Аманжол өткен түні ұйқтамағандықтан, ал күні бойы шауып жүргеннен көзі ісіп, шаршап, әбіржіп жүрді. Кешке, келіп-кетіп жүрген қонақтарды сіңлілері күтіп жүрді. Ал, Аманжол үйдегі жатын бөлмеге кірді, бөлме бос, миыда осы, бірнеше тәулікте не болғанын айналдырып алды, жан бауырының өлгенін енді түсінгендей болған секілді, есеңгірегендей болды. Ол, күні бойы адам күтіп, мал сойып, ары бері жүрсе, жан ауруы басылар деп ойлады, әттең!! Олай емес, қараңғы бөлмеге кіріп алып, бар өткенін есіне алып, ішіндегі бүкіл ықпалымен, бүтін зарымен, күшеніп жылап алды, көзінен жас тоқтамай жуан-жуан тамшылар төгілді, отыра қалып інісін жоқтаулады, қолын кеудесіне айқастырып жылап, жалғыз болғысы келді, бұл ауыр қайғымен тек өзі ғана күрескісі келді, басындағы шытты сыпыра шешіп, аузы мұрнын бүркеп тағы да ішіндегісін шығарып отырды. Бұрын оқыған-тоқыған жоқтаулары аузына жүрек арқылы түсіп, соны айтып қатты зарлады:

 

Елубек қайтқан соң, төркінінде Қания мен Нұрғали және кіші қыз Мәрия қалды, Гүлжаукер ығы-жығы біресе ана үйде, біресе мына үйде болып, адасып жүрді. Ол балаға да бұның бәрі ауыр тиді. Айнакүл күйеуге тиіп кетті. Енді бұлардың өмірі ары қарай Елубексіз жалғаспақ.

 

Аманжол бұдан кейін қатты қайғарды, Жамбы апасы ішіндегі балаға зақым келе ме? деп уайымдап артынан қалмай бусанып жүрді.

 

Аманжол кетерде Мәрия сіңлісіне былай деп кетті «Мен Елубекке өлгенге шейін қайғырам!» - деді, бұл екеуінің арасындағы бауырлық махаббат ыстық еді, кішкентайында екі ажырамас аққудай болатын, енді, ол да жоқ.

 

Бұл Алланың Аманжолға түсірген тағы бір сынағы еді, Аманжол оны түсінді, жоқтауында айтқандай «өлген қайтып келмес» - демекші қараңғы бөлмеде қатты бір зарын шығарып алған соң, бұдан кейін қатты дауыс шығарып, жылап көрмепті. Бекем болды, әр дұғасында жаны жәннатта болсын дейді де қояды, ол да дұрыс шығар, өлгенге дұғадан басқа пайда жоқ. Сабыр қылып, саспай, шыбын жанын ары қарай тарта, алдыға қарай ұмтылып келед.

Көш

 

1965 жылдың май айы. Аманжолдың басына келген кезекті қайғыға дауа жоқ. Төркіні жақтан о  дүниеге аттанып жатқан адамдардың қасына туған шешесі Қания да қосылды, бірнеше ай төсек тартып, жатқан соң дерті асқынып, сыр беріп қатты науқастанып көктемнің соңғы айында соңғы сапарына аттанды. Аманжол, осыдан жеті жыл бұрын қайтыс болған інісін әлі жоқтап, жылап жүргенде артынан шешесі де кетті, о пәле ай! Не қилы заман десеңші, ендігісі үйде қалған жалғыз шалға демеу болатыны кенже қызы Мәрия, әттең Нұрғали, Қания қатты ауырып қалғанда, өлерін білді ме!?

 

Кейде ойына «Бәйбішем кетсе не болар? Мәриямен қалармын, бірақ ол да қыз бала, ода да жүрек бар емес пе? Ол да, махаббат болып, сүйіп балалы болғысы келедіғой, мені тастамаймын деп, қу бас болып жүріп қалмаса екен» - деп ау бастан ақ қайғырып жүретін, енді бәйбішесі расымен кеткен соң бұл туралы Мәриямен басында-ақ келісіп алған. Шешесі о дүниеге аттанса жалғыз байқұс шалға пана бола бермей, күйеу тауып, өз отбасын тауып алар деп, онсыз да шешесі ауырғанда, талай айлар осы екеуін баққан жалғыз Мәрия, Алла бұл екі қарияға қара шаңырақ болуды да нәсіп етпегені ай! Сабыр! Сабыр! деп отыра берді.

 

Міне, енді бәйбішесінің жаназасын шығарып жер қойнауына да өткізді, жиналған алыс-жақын туыстар арасында Аманжол да бар. Аманжол бұл жылы отыз беске толды, бұл жылдарда Жамбы апасына берген сертті орындап келеді, он бес жылдың ішінде сегіз құрсақ көтеріп, апасын құр қалдырмады. Үлкен қызды немере ағасына берді, одан кейінгіні Аманжолдың әкесі алып, Гүлжаукер осы күнге дейін нағашыларында өсіп келді. Қалған балалар түгел жекеменшік енесінікі секілді. Гүлжаукерден кейін туған Сүйімбай, Елубек қайтқан жылы тепе-тең туған Роза қызы одан кейін Сәрсенбай, Жетпісбай, Мейрамбай, Раушангүл, екі жыл сайын бала көтеру бақыты осы Бармақбай мен Аманжолдың басына тиді. «Өлмек барда, тірлік бар» - деуші еді, Елубек інісінен кейін қатар-қатар туған балалар, осы жан-жарасына болған шипасы ретінде болды.

 

Аманжол бұл жылдары баяғы даярка болып жұмыс істеп жалғастара берді, одан қалса колхоз қоймасындағы жұмыс, қасындағы Жібек апасынаң сіңлісі Жұмақыз тәтесі бар, бірге бұл жылдар бойы ескіше жұмысшыларға тамақ жасап, бие сауып, мал бағудан басы босамады. Балалар бірінен кейін бірі өсе берді, оларды асырады, мектепке берді, сегіз бала асырау оңай ма!? Әрқайсына киім, тамақ, мектеп құралдарын, тағы басқа шұрым-бұрымдарын алып беру керек, ол үшін жатпай-тұрмай жұмыс жасап тірлік істеу керек.

 

 Аманжол, төрт баладан кейін, көп балалы отбасылар қатарына қосылды. Бұдан былай, оны аса қатты бұрыңғыша Ақтасты деген заводтарға жіберуді тыйды, жәнеде алпысыншы жылы Аманжолды соғыс жылдарындағы еңбегі жәнеде соғыс балалары ретінде медаль тағып марапаттаған кездер де болды.  Шүкір Алла жанында Жамбы апасы болды, ол болмаса балаларды кім қарар еді? Бармақбай екеуі күні-түні тынбай шаруада, одан қалса малдары бар, сиыр сауып үй шаруасы бар дегендей, үлкен үйдің сұранысы да көп емес пе!?

 

Һәммен бұдан бірнеше жыл бұрын, Аманжолдың үлкен қызы сегізге толғанда, Төлбас аталары көшіп кетті, анау Астық совхозына, онда, Гүлжаһан бірге кеткен. Төлбас атасы Бармақбайға «Барасың ба?» - дегенде, ол передовой тракторист бәрін тастап қалай көш жасайды, ақырында Төлбас атасы жалғыз кеткен. Бармақбайдың туыстарының көбісі сол Зерносовхозға көшіп барып жатты, бұрын Текелі жаққа жер аударған Бармақбайдың үлкен ағасы айтылғандай Ермекбай да сол Зерносовхозға көшіп барды. Ауылда сонымен Бармақбайдың үйі қалды. Ал міне.. Осы жылдарды қысқаша шолып өтсек осындай оқиғалар.

 

Май айында Аманжолдың шешесі қайтыс болғаннан кейін, үш айдан соң Август айында, айтқандай Мәрия сіңлісі де күйеуге тиіп, ол да көшіп кетті, Нұрғалиға бұл қатты жаңалық болмады, болар іс бәрібір де болар еді, төтеп беру бар ма!?

 

Совет өкіметі – Қазақстандағы үлкен реформалардың салдарынан, кішігірім колхоздарды бір үлкен колхозға біріктіруді көздеді, соның ісінен Аманжолдың туған колхозы Арал жанындағы Жаңабірлік деген сияқты екі кішкентай колхоздың түгелімен аты өшіріліп, екі колхоз Колиновка колхозымен бірігіп, бір үлкен колхоз болды. Аманжолдың әкесі Колиновкаға көшкен соң, ол кісі сол жерде шабан болып мал бақты. Ал енді, қазір үш айда, әйелі өлді, одан кейін қызы күйеуге шықты, барлығы кеткен соң Гүлжаукерді де шешесіне қайтарып берді. Сонымен ол кісі жалғыз қалды. Нұрғали қызын берген соң не қайғырарын? Не қуанарын? білмей қалды, яки қызын бердіғой, әкеге баласы бақытты болса болды емес пе!? Әттең жалғыздық адамның жанын жегідей жеп, тағатын тез үзеді екен.

 

Август айының соңында Мәрия күйеуге тиген соң, Аманжол Бармақбай екеуі Нұрғали әкесінің халін білмекші болып келді. Аманжол әкесін көргенде ол да біраз қартайып, әуелі ұлы, одан соң әйелі өлгенге тым әбіржіп қалыпты, бұрыңғы аңшының рухы сөнгендей, қанаты сынған сұңқардай, таланған көкжал секілді көрінді. Аманжол әкесінің бұл түрін көргенде біраз қамығып, таңырқап қалды. Мәрия кеткен соң, түрі де, мінезі де, өзгеріп кеткендей болды, Аманжол әкесінің ішіндегі ежелгі оты, қар жауғандай сөніп бара жатқанын байқады. Әкесімен бірталай сөйлесіп отырды, біраз көңілін көтермекші болып бұрыңғы әңгімелерді айта бастады, бірақ Нұрғали әңгіменің бәрін Елубек пен Қания апасы жаққа қарай бұра беріп, соларды айналшықтап отырды, сағынышы байқалды, кәрі бүркіттей, болаттай мінезінің артында, ауыр қаяу, зардап пен өкініш бар екенін, жәнеде бұларды, бұл кісі бар қайратымен ешкімге байқатпай ішінде сақтап отырғанын тек Қания мен Аманжол байқайтын, соларың бірі осы жолғы әңгімеде, Аманжол бұның бәрін нақты көріп тұрды:

  • Аға, қалай болып жүрсің? Қиналып жүрген жоқпысың? – деді Аманжол.
  • Қалай болсын жағдайым! Бәрі жақсы десем жалған сөйлегенім болар, жалғыз шал өлместен басқа не бітіреді!? – деді Нұрғали әкесі.
  • Шашың ағарып, қысқа уақытта тым қажып қалыпсың ағатай, жаныңды жегідей жеп жүргеніңді айтсыңшы маған, енді маған айтпай кімге айтасың? – деді Аманжол әкесінің алдына келіп, отырған тізесіне қолын қойып, көзіне тік қарап, қабағын сыңсылдаған күшік ұқсап.

Аманжол әкесінің көзіне тік қарайын десе, әкесі басын ары бері сылтауратып бұрып көзінің қарашығын домалатып, я қызына көзінің ішкі қаяуын көрсетпеу:   

  • Не айтамын саған қызым!? Жағдайымды былай-ақ көріп отырсыңғой, сорлы басыма түскен ыңғай осы емес пе!? Жалғыздықтан тек өлімімді ғана күткеннен басқа шарам бар ма? – деді.

Аманжол бұл сөздерге қатты толғанды, жан-дүниесі алай-түлей болып кетті, әкесінің бұл жағдайына шыдап отыра бере ала алмады, лезде бір шешімді табу керек, бұл киелі кісіні, тағдырдың тартысына қалдырып «Гүл болмасаң – күл бол» -дегендей бәрібірше болғанын қала алмады.

 

Бармақбай екеуі ғана келген болатын, қалған енесі мен бала-шаға Тастыбұлақта. Аманжол кешкі сұхбаттан кейін, әкесі ұйқтаған соң, далада отырған Бармақбайдың жанына келіп сөйлеспекші болды, Бармақбай да қайны атасын бұндай хәлде тастағысы келмеді, Аманжол қасына келгенде ол не айтқысы келгенін түсінгендей болды:

  • Не істейміз Бармақбай!? Ағамды бұндай хәлде тастап кете алмаймызғой? Ақылыңды айтшы, бұл кісіге менен басқа ғафу болар кім бар!? – деді Аманжол.
  • Е-е-е мен де білмеймін... Тоқал әпереміз бе? – деді Бармақбай мойынға тастай су құйғандай.
  • Әй осы саған салмақты сұрақ қойсам, тәуір жауап беретін боламысың, тоқалы несі!? Күміс шәші тұрғанда. – деді Аманжол қолын сілкіп.
  • Қалжыңғой, бізбен бірге Тастыбұлаққа көшкісі келмей ме!? – деді Бармақбай Аманжолға қарап.
  • Айтып көргем, бармаймын дейді, мінезін білуші едіңғой. – деді Аманжол.

 

Дала, түн, жаздың қараңғысында шырт-шырт еткен шегіркенің дауысы ғана естіліп тұр, түпсіз терең тұңғиық, тау шыңын құшағына алған, далада дүр-дүр етіп жел соғып қояды, Аманжол, Бармақбай екеуі ауыл тыныштығыда далада отыр, ой асытып, ми жүйкесін жұқартып отыр, мәселе қиын, тастап кететін қатыгез емес, алып кеткенге көнбей отыр, жел соқпай теңіз толқи ма!? Себеб болмай әкетуге де болмайды, Бармақбай бадырайған көзімен тұңғиықтан жаралған түнге қарап отыр, жел ұйытқып, терісіне шықты, Аманжол азан-қазан болып отыр. Бернеше сөйлем диалогтан кейін екеуі жым болып отыр, қақпа сыртындағы ағаш орындықта жайғасты, шабан ұйқыға кеткен. Бірнеше уақыттан соң, аспан бұлттан ашылып, қатар-қатар бытыра шашылып, жұлдыздар көріне бастады, ай да өлі емес мешіт күмбезіндегідей айнытпай айырланып тұр, дала күміс шашқандай жап-жарық, аспаннан аққан жұлдыздар көрінісі, тым-тырыс мызғып жатқан ауылдың ішінде, тек аспан өмірі көрінер, ал отырған тек екеуі, бұл қиын мәселе болмаса, көрініс нағыз романтика, екі ғашық аспан әлемінің астында... Тек екеуі... бірақ.. Бұл жай ғана автор былжырағы.

Аманжол аспанға қарап жұлдыз санағандай секілді, Бармақбай тауға қарап ой тоғатуда, Аманжол Бармақбайға жалт-жұлт қаралай береді, Бармақбай байқап, жауап қараса, бір нәрсе айтқысы келетіндей Бармақбайға жалмаң-жалмаң етеді, бір уақытта Бармақбай шыдамай:

  • Әй айтсаңшы енді! Не!? Бір нәрсе айтқың кеп тұр, сүйсініп қарай бересің. – деді Бармақбай.
  • Маған бір жоспар келді. – деді Аманжол.
  • Айтсаңшы енді мылжыңдамай, тез-тез. – деді Бармақбай тағаты таусылып.
  • Ағам бізбен жүрмеймін десе, біз Калиновакаға көшіп келсек қайтеді!? Ағамды жалғыз тастағым келмей отыр. – деді Аманжол.

Бармақбай ішінен Аманжол өйстіп айтатынын сезіп те отырды, әкесін тым жақсы көреді, бір ымырасын таппай қайтпайтынын жаны да сезді.

  • Көшу оңай деп пе едің!? Малымыз бар, шаруамыз бар, бала-шаға, үй дегендей, олардың бәрінің харекетін табу, оңайлыққа соқпайды Аманжол ау! – деді Бармақбай.
  • Енді қайтем Бармақбай? қырсық шал бармаймын деп тұрса, сен келмесең мен келем дегендей болып тұрғой... Қолыма алайыншы!? Сен қолдамасаң, ешкімнен күдер күтпеймін. – деді Аманжол жалбарына.

Аманжол бұрын Бармақбайдан көп нәрсе сұрап көрмепті, барын өзімен-өзі табысталатын әйел болатын, енді басына күн туғанда, осы күйеуінен жәрдем сұрамағанда кімнен сұрайды? Бармақбай көп толғанды, көштің бытықи шаруа емес екенін түсініп отырды, балалардың мектебін ауыстыру, передовой тракторист шаруасы, оның бәрі іс емес пе? Бірақ жалғыз махаббат әйелі жалбарынып тұрғанда жүрегі соқпай қайтсін, іші алай-дүлей, отағасы ісі ауыр екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Аяғын бірінің үстіне бірі айқастырып басын еңкейтіп қолының жұдырығына сүйеп, ойға батты, көшсе бәрін жоспарлау керек, баппен орындап, сақадай сай болу керек. Ақыр аяғында опық жеп қалмаудың жолын іздеді, ары толғанып, бері толғанып, ақыр соңы басын көтерді, бағанадан бері Бармақбайдың соңғы сөзін күтіп отырған Аманжол, Бармақбайға қарады, Бармақбай бар ойын жіпке тізіп, бүкіл өкпесімен дем алып Аманжолға қарап:

  • Жарайды, көшсек көшейік, бейтаныс адам емес, қайным, қайың жұрт сыншыл деуші еді, бұл жолы да мені сынады, көшіміз қайрлы болғай. – деді Аманжолға қарап бір езуін көтеріп.

Аманжол Бармақбайға қарап ол да езу тартты, басын изеп рахметін айтқандай болды. «Бас екеу болмай, мал төртеу болмас» - демекші, әр істің өз ымырасы бар, тек қана оны табу керек, ерімен ақылдаспай, өзінше шешетін қатындар қандай опасыз, қатын билік басына келсе, ел құриды дейді аталар. Аманжолдың бұл жолғы данышпандылығы ерінің көңілін тауып, соның батасын алғаннан басқа ештеңенің де керегі жоқ еді.

 

Дала уһілеп, жел ысқыра түсті, бағана ғана аққан жұлдыздардың көрінісі, қайта бұлт артына тысары кетті, жел жылынып ықпалдана түсті, желменен бірге жазғы тұрым, кепкен топырақ көтерілді, жел біресе оңынан, біресе солынан соға келді, бір мезетте жап-жарық дүние қара түнек болды, дала дүр-дүр ете түсті, Аманжол мен Бармақбай беттерін бүркеп үйге қарай жол тартты, сол арасынша, жер-көктің бәрі алай-түлей, күтпеген жерден күн күркіреп, найзағай шатыр-гүтір етті! Жауын шүмектеді, нөсер шелекше төгіліп кетті, желменен ұшқан тастай жаңбыр суы, аналардың терілеріне ине сияқты шаншып кіріп барады, көк қайта-қайта күрсіне берді, абыр-сабыр боран тұтанды, шапшаң дала суып, жаңа көтерілген шаң бұрқ етіп, жаңбырмен-ақ басыла қалды, жаздай қуаңшылықтан ауырған сап-сары жер жасарып, сел-сел болды, екеуі қара түнекте бірінің арты бірі қашып барады. Ел дүркініп ауыл қатындары, не болса соны киіп, далада жайылып тұрған көрпе-киімдерін ішке кіргізіп әлек, әлгі екеуі әрең дегенде үйлеріне жетті, бейшара бірнеше метр жерді кешкенше ине тығар жер қалмай су болды.

 

Таң атты айналада соқыр тұман серпілді, жаңбырдан толған жер шұңқырлары деңгейінен шығып тұр, сары даланың суы сарқыранды, Бармақбай таң атысымен есік алдындағы суды күреуде, Аманжол ағашқорадан тәуір, кебу отын әкеп, қазан жағып отыр, Нұрғали бір уыс болып жатқан ешкі-лағына көк жалатқызып жүр, ауылдың көңіл күйі көкке шарпыды, талай уақыт су болмады, нөсер жаумады.

 

Күн жазғы кеш, Аманжолдың қазан асты оты біресе басылып, біресе жанады, еті дұрыс қайнамай қалар деп үркіп отыр, біраздан соң отты Бармақбайға тастап, өзі сиыр саууға кетті, екі шелек сүтті шарпып үйге алып келді, жөнін білген Бармақбай отты дұрыстап, қазанды қайнатты, ет тәуір пісті, кешкі жаңбырсоңы желменен ыстық сорпаны сіміріп отырып үшеуі ыдыстарын тарсылдатты. Аманжол Бармақбайға қарайды, Бармақбай Аманжолға,  ұшқын! Боран! Уайым! Жүрек тарс-тұрс! Кім айтады? Не айтады? Қалай айтады? Әншейінде еркектен алды сөйлеткізбеген Бармақбай бұл жолы Аманжолға қарап, «Сенің әкең жөнін білесің» - дегендей, соған сөз тастайды, Аманжол оған қарап «Еркек пен еркек еркекше сөйлессін» - деп соған арттырып отыр, бұндай қарпалыс үстінде ақыр жолы Аманжолға түсіп, басын Аманжол бастаған соң, құйрығын да қайыратын сол болып шықты. Барлығы тамақтарын ішіп болған соң, Аманжол алып келген базарлықтарының арасынан ыдыс ішіндегі балқаймақты алып шығып, жаңа піскен бауырсақты қайтадан төгіп жіберіп, сүлгіге оралған құрт, ірімшік, шәрбәт тәттілерін ортаға ұсынды, қайнап тұрған екі самаорынның бірін Бармақбай әкеліп, ауыр астан соң, тәттілетіп шай ішті, жіліктің тұзы ашты болып кетті ме? Әкесі шайді бірінен соң бірі сіміріп отырды, бір-екі кеседен соң Аманжол кезекті түбіне ғана толған кесені әкесіне қайта жаңартты, әкесінің қарны тойып, көңілі көтеріле түскен секілді болды, бір кезде аяғын созып, дөңгелек үстелдің жанына шынтағын түріп, жастыққа жантайа түсті, басындағы тақиясын шешіп мойнындағы көйлектің жоғарғы екі түймесін ағытып, ыстық сорпа мен шайдан кейін бұрқылдаған терісін сүртіп, тақиясымен желкесін желпіп, ыстықтап өзімен-өзі әуре болып отырды. Аманжол ыдысты бірінің үстіне бірін қойып, дауыстап:

  • Аға!? – деді.
  • Ау! – деп жауап берді.
  • Сізге айтатын әңгімеміз бар еді. – деді Аманжол.

Тоғын басып отырған Нұрғали әкесі, желкесін көтеріп, дұрыстап тік отырып, зейін қойып:

  • Иә!? Айтағой, не әңгіме!? – деді.
  • Аға! Біз Бармақбай екеуміз, ойланып-толғанып бір шешімге келдік, ол шешім сізге ұнай ма? Жоқ па? Білмедім, бірақ сонда да айтайын. Біз сізді мұнда жалғыз тағдырдың тартысына тастап кеткіміз келмейді, сізді, өз қолымызға алып, осында көшіп келмекшіміз, сіз Тастыбұлаққа келмесеңіз, Тастыбұлақ жұрты сізге көш жасайды. – деді мәнерлеп.

Нұрғали астаң-кестең болды, естігеніне сенбеген, түсінбеген көзбен Аманжол мен Бармақбайға қарайды. Бармақбай Аманжолдың сөзін растау үшін араға ол да сөз қосып жіберді.

  • Аманжол дұрыс айтады, осында келіп бүкіл бала-шағаны алып көшірмекшіміз, малымызды да осында әкеп, күзеуді осы жақта өткіземіз. – деді Бармақбай.
  • Не айтарымды да білмей қалдым, расымен көше аласыңдар ма? Мен сендерге масыл болғым келмейді, онсыз Мәрия менімен қалам деп тұрғанда бақытын тапсын деп күйеуге беріп жібердім. – деді Нұрғали.

Аманжол тұрып:

  • Мен енді Мәрияш емеспін, менің сегіз балам бар, жетісі өзіммен бірге, енем бар, Бармақбай бар. Егерде бұл мәселені дұрыс ойланбасам сізге нем бар еді бұны айтып!? Бұл отбасы мүшелерімен тепе-тең шешілген нәрсе, аға. – деді Аманжол.
  • Дұрыс айтасың, ендеше, мен бәрібір жалғыз ештеңе бітіре ала алмаймын, солай шешсеңдер келіңдер қарақтарым. – деді Нұрғали.

 

Таңның салқынымен Аманжол Бармақбай екеуі артқа Тастыбұлақ жаққа қайтты, Калиновкаға көшу оңайдың ісі емес, бұлар екеуі ғана болса түсінікті, бірақ бұлар артқа мүлдем басқа сезім мен оймен кетті, артқа жол жоқ, айтылды-шешілді, бірнеше күннің ішінде бүкіл малы мен үй іші мен көшіп келу керек, бастысы опық жеп қалмаса болды бұл екеуі.

 

Тастыбұлақта бұл кезде әңгіме мүлдем басқаша, Бармақбай екеуі жоқ кезде бала-шағаның бәрі Жамбы апаның мойнында, әсте бұл балалар ақ саусақ болып жататындар емесқой. Үйдің барлық ауыр ісі шыны керек үй үлкені Гүлжаукер мен үлкен ұл Сүйімбайда. Сүйімбай ол кезде он жасқа енді толған шағы, бұл баланың еңбек пен білімге деген ерекше зор  махаббаты сол кезде-ақ көпшілікті таңқалдырған, әкесі жоқта, малға да қарауыл болып жүретін осы, отынға да, суға да, әкесінің атын суғаруға да, келмей қалған сиырды іздеуге де, әкесі жұмыста не шаруалырмен кетсе мойны қатайып, кеш жатып, ерте тұратын осы бала, қысқаша ердің ісін толығымен істейтін Сүйімбай. Гүлжаукер келгелі апасына жәрдемдеседі, бірінен кейін бірі туған тым кішкентай баланы, кейде апалары қарап үлгермей қалады, Гүлжаукер Розамен ауысып отырып үй шаруасын істейді, бірі бала қараса, бірі апасы жиып берген күлді төгіп келеді, немесе үйлерін сыпырып, ауласына су шашады, даладағы иттің тамағына дейін осылардың мойнында, тентек інілеріне де қарауыл болады, бұрыңғыдай жанында Төлбас аталары мен Жібек апалыры жоқ, түсінісіп көмектесетін. Көрші балалармен бірге Сәрсенбай мен Жетпісбай ойнайды, олардың сол кездегі зейіні артық, мінезі шығып келе жатқан баладан не күтуге болады!? Мейрамбайды дедектетіп Роза жүреді, сол арасынша, үй шуымен жүргенде бесікте жатқан Раушангүлді де ұмытпайды, ол қыз өткен қыста туған, сол кездегі апасының кенжесі.

 

Таң атысыменен үй іші қайта ояныды, Сүйімбай қорадағы азын-аулақ қой-ешкісін, қозы-лақтарын маңырата өріске айдайды, жанына кезекпен не Сәрсенбайды не Жетпіспайды ала жүреді, бұлар қойшының балалары, жөнін білмей қайтіпті!? Бір-біріне демеу, сүйеу болып жүрген үлкен отбасыдан айналып жүрген талай адамның көзі тасқа деп отыратын апалыр, айрандай ұйыған отбасы, ойрандай болып қалмау ауыз-біршілікте, осының барлығы Бармақбайдың тәрбиесі, «тәртіпке бағынған құл болмас» дегенді ұрандатып жүрген отбасылардың бірі осы. Аманжол да бұрыңғыдай емес бірнеше баладан кейін мінезі қатайды, әрбір нәрсеге қылт ете қалатындардан емес, баланың да жөнін біледі, мақтайтынын мақтап, сабайтынын сабап алады, істің жөнін білмей жүрген қыздарына жөнін көрсетіп, ақылын айтатын заманға келді. Бармақбай Аманжол екеуі балаларды жаңа заманның талабына сай етіп, оқытқысы келеді, болашақ білімнің арқауына сүйеніп отырғанын, болашақ таразысында білімнің келісі бірталай артық болатынын да түсініп жүр.

 

 Аманжол үлкендерін барынша оқытуда, заман өзгеріп келеді, осы жылдан елде тоқырау заманы басталды, бүтін мемлекетте реформа, салық өзгерісі, білім жүйесі бірталай дамыған, бұрын ауыл балалары елестетіп те көрмеген Алматы, Талдықорғандағы университеттердің есіктері бұларға да ашылды, онда түсіп жатқан ауыл балалары жыл сайын артып жатыр, Аманжол мен Бармақбайдың мақсаттары сол, барынша мектеп оқытып, одан соң зейіні, талпынысы барларды оқуға жіберу.

 

Талай мақсаттарды алдыларына қойған бұл екеуі қайта ауылға келді, Бармақбай үйге келісімен апасына кірді, мән жайды түсіндірді, Аманжол балаларды жинап есі барларға түсіндіріп әлек, бұл жайып үлкен отбасы үшін кеүтпеген жағдай, тапатал уақытта көш жасау. Жамбы апа көп ойланбай келісті, үйдің бар тізгінін Бармақбайға ұстатқанына біраз болды, бұл кісіге бар болғаны немерелерінің қасында болу, басқа бақыттың қажеті жоқ, балалардың да қатты уайымы жоқ, расымен кейбіреуі бұны қызық көреді.

 

Ертеңнен қалдырмай бүтін мал-дүниесін жиып-теріп, жұмыстарына түсіндіріп, қош айтысып, ол жағын да бітірді, бұны білген жұмыстағы жолдастары аң-таң, бастықтар алай-дүлей быт-шыт болып жүр, бұндай передовой трактористті табу қайда!? Бармақбайға жалынып-жалбарынып қалуларын өтініп жүр, әттең Бармақбай барлығын баяғыда ақ шешіп қойған, «Еркектің айтылған сөзі - атылған оқтай» бұл жолы үзілді-кесілді көшіп барады.

 

Тастыбұлақ елі де бұлардың кеткендеріне қапа болып жүр, адал көрші бұл заманда қайран болатын, көрші-күлең кетсе Аманжол екеуіне қалдырып кетеді, олар аманат еткенге қиянат жасайтындардан емес, сондықтан көршілері туыстай көріп кеткен, тығыз араласып тұратын, балалары бірге өсіп, бірге ойнайды, малдарын бір өріске жайып, бірге баққан кездер де бар, Аманжол көрші әйелдермен ауыл жәрмеңкелеріне бірге барып, базарлықтарын жасайтын. Кеткендерін ешкім қимады, бірақ амал нешік, ақ жол, берекелі көш тілеп, олар да қимай шығарып салды.

 

Бірнеше күн жиылып болған соң көшті Колиневка онда бірнеше үлкендеу колхоз, біріккен ауыл тұрғындары әлі күнге дейін бір-бірімен танысып бағуда. Аманжолдың әкесінің жанына көшіп келді, Аманжол келісімен, үй ішімен, қайта үйлерін жаңартып, күз түспей үйлерін қайта сылап, жинап, жуып-тазалап, жөніне келтіріп әуре болды, Бармақбай отар қойларын бағып кетті, жаңа өмірге ауысты. 

 

Арада көп ұзамай екі ай өтті, Бармақбай мен Аманжол бұл ауылдағы өмірге біраз үйренісіп қалды, расында алыс жер де емес, қатты үйренісетін. Бармақбай бұрын трактор айдап жүргенде көрші ауылдарға шөп тасып тұратын, Колиневкаға да жылына бірнеше рет келіп кетеді. Оқитын балалар жаңа мектептеріне сіңісіп жүр, бұл ауыл өміріне де бұл отбасы артық азан-қазансыз үйренісіп кетті. Нұрғали малдарын Бармақбаймен бірге айдап әкетіп бағады, ол да риза, Бармақбай мен Аманжолдың істеген жомарттылығына тамсанады. Нұрғали Аманжолдың енді күйеуге тимекші болғанда Аманжол қимай, кеткісі келмегенде оған «Сүйегің сол үйден шықсын» - деп айтқаны есінде, ал Аманжол өзінің ақылымен бір ымыраны шешті, екі жақта көпір болып, ана үйге де, өз үйіне де бірдей демеу болып жүр. Алай-дүлейсіз Аманжол қайта науқан кездердегі жұмысқа енді-енді кірісе бастады.

  

Октябрь айының қақ ортасы, далада салқын желден дауа жоқ, күннің күркірі мен ара-ара дауылы, тың жатқан малдар мен күздікке дайын жандар. Балалар оқуларына таң мен бірге кетіп, түсте қайтып келіп, шаруаларына кіріседі, әлде қазір қысқа дайындықтан басқа әуре аз.

 

Күннің көзі бұлт араларында қалқып біресе шығып, біресе тысары кетіп, ауып алаң-түлең, бұл уақытта жылы киінсең ыстық, жұқа киінсең суық, бір түсініксіз кез. Сол күндердің бірінде Аманжол үйге ерте келіп, жол бойы теріп келген шырмауықтарын далада тұрған қазан-ошақ жаққа су тасып, бірдемелерін ала жүріп, ары-бері шауып жүріп, тамақ жасап жүр, үй үлкен, ауыз да көп, ертерек келіп тамақ жасамаса қиын, кішкене кешігіп келіп тамақты кешірек әзірлесе, үйдегі балалардың көздері мөлейіп, қарындары шұрылдап, шешелеріне қарап отырады, олармен қоса добалдай үй үлкендері де аш, соны болдырмау үшін күнде үйден ертерек шығады, келіп анау мынауларын жасайды Гүлжаукер осы жылы он екіде, ол да есейіп, ақылы кіріп, қолынан бірталай іс келіп қалды, оны жанынан тастамай анау-мынауларын көрсетіп, үйретіп бағуда. Осылай, у-шуда өрістен Бармақбай келеді, тамақ даярланады, ішіледі.

 

Күн қысқарып, түн ұзарды, кеш ерте батқан уақыт Аманжол әкесімен бүкіл үйімен тамақтарын ішіп бітті, апасы кіші балаларды алып арғы үйге кіріп кетті, Гүлжаукер ыдыс-аяқты жинап, шешесіне жәрдемдесіп тыным таппай жүр, Бармақбай тойып алған соң, далаға шығып біраз тоғын басайын деп орындыққа отыра қалды. Күн ақ жіп-қара жіп, алыстан  ат арбамен келе жатқан ер кісі үй жаққа қарай жақындап келеді, далада отырған Бармақбай басында онша мән бермеді, бірақ жол бойындағы кіріп кетеді-ау деген үйлерді кешіп өткен соң тоқтар үй тек өзінікі, жолшыбай жақындап келіп далада отырған Бармақбайға сәлемін салды:

  • Ассалаумағалейкум! – деп басын изеп Бармақбайға сәлемін берді.

Бармақбай алдында тұрған орта жастағы еркек кісі, арқасын тік ұстаған, сорайған, үшкір жүзді, пұшық мұрынды, дауысы гуілдеген адам. Аманына жауап қатып Бармақбай да амандасты:

  • Уағалейкумассалам, қош келдіңіз! Көмегім қажет болды ма? – деді Бармақбай орнынан тұра қалып, өзінен үлкен кісіге барып, қолын ұстады.
  • Нұрғали деген кісінің үйі осы ма еді? – деді жолшыбай.

Бармақбай қайны атасына келіп тұрған кісіні жақыны деп ойлап қалып, үйінде тамақ ішіп болған қайны атасына апарайын деп шешті, я бұл бір жұмыспен келген ауыл жолшыбайы, не бір алыс туысы деп қалды:

  • Мырзатай үйге жүріңіз, мейман болыңыз, Нұрғали ағам біздің үйде, сол кісіге келсеңіз, кіреғойыңыз. - деді Бармақбай  ат арбада отырған кісіге мархабатын таныттырып, үйіне шақырды.
  • Ә-ә-ә, ол кісі сіздерде ме!? Иә, жұмысым бар еді ол кісіге, рұқсат етсеңіз шақыртуыңызды қабыл алайын. – деді

Үйге кірген мейманын жоғары шығарып, төрді ұсынды, алдынан шыққан Аманжол ол кісіні танымады, Бармақбай басында Аманжол танып қалар деп ойлады әсте олай емес, екі күтпектің бірі ұшты деп ойлады Бармақбай, алыс туысы болмаса іс бабымен келген жалшыбай екенін түсінді. Мейман үйдің ішінде қонақ болып отырған Нұрғали атаның алдына келіп, тұра қалды, бірден отырмады, Нұрғали ата сол кісіге қарап қатып қалды, Аманжол, көзінен ақ бұл кісіні әкесі таниды, бірақ іс бабымен келген кісіні қарсалғандай болмады. Мейман Нұрғали әкесіне қарап амандасты:

  • Сәләмәт болғайсыз! Қалыңыз қалай ақсақал!? – деді әлгі кісі.

Нұрғали бір елес көргендей болды, түрі бозарып қалды, тілі байланып, барында не айтарын білмей мылжыңдап мыжып кетті. Әкесіне бір нәрсе болып қалды ма екен деп шошып кеткен Аманжол әкесі жаққа ақырындап аңдап басып, әкесінің қолынан ұстап:

  • Аға!? Не болды жауап бермейсіз бе? Әлде ауырып отырсыз ба? – деді Аманжол.

Аманжолдың қолын сезген Нұрғали, есін жиғандай болып, Аманжолға қарап:

  • Бәрі жақсы қалқам, уайымдыма. – деді.

Нұрғали әлгі кісінің жанына келіп құшағына алды. Күллі бір жақын туысын құшақтағандай болып, қысып жіберді. Құшағын қабыл алып жауап құшақтаған кісі де суықтық танытпады. Барлығы аң-таң болып түсінбей бір-біріне қарайды. Бұл екеуінің бірі сөз сындырып айтпаса, ешкімнің, болып жатқан жайыпқа ақылы жетпейтіні көрінді. Бір кезде Нұрғали ауызн ашып:

  • Аманбысың ұлым ау!? Жағдайың қалай? Сені көрмегелі не заман? – деді Нұрғали.
  • Аманмын әке, өзің қалайсың? Шашың ағарып, қартайып қалыпсың сен де, сонау жылдар өтті. – деді әлгі кісі.

Аманжол бұл кісіге қарап, бір кезде ақылына әкесі бұрыннан бері айтып жүрген, бірінші рет үйленгенде бұларда бір Дүйсенбі деген бала болған, ол бала кіші кезінде шешесі өліп, одан соң Нұрғали баласын сол кісінің жеңгесіге беріп, нағашыларына жіберген еді, Нұрғалидың тағы бір үлкен баласы бар екенін ешкімнен жасырып көрмепті, тағдырдың қиыншылығынан бірінші әйелі қаза болған соң, болған ауыртпашылықтарғой.

  • Аманжол, бұл Дүйсенбі деген үлкен ұлым, саған бұрындары айтушы едімғой. – деді Нұрғали.
  • А, иә аға есімде. – деді де Дүйсенбі жаққа қарап езуін көтеріп, жылы жүзбен басын изеп амандасты.

Бұл жайыпқа қарап отырған ортақтас болған Бармақбай, тез арада:

  • Ондай болса, Аманжол дәмдерің қайда!? Күздіктен, соғым алдындағы сойылған қойдың дәмді жанбасы мен басты ас, қонағымызды жақсылап күтейік. – деді Бармақбай.
  • Ә, иа дұрыс айтасың, тұрып қалыппынғой, кім.. әлгі, Гүлжаукер самаорын қайнатып, үстел жасап жіберші. – деп қол астына түскен балаларын, күтпеген қонаққа мархабатын танытып шапшаңдатып жіберді.

Дайын асқа қайта жанданып, отырып, бұрыңғыны еске алып, әңгімелесіп отырды. Әңгіме арасында Дүйсенбі әкесіне қарап:

  • Әке, мен, сенің әйелің қайтыс болды дегенді естіп, көңіл айтуға келген де сылтауым бар. Арты қайырлы болғай, екі жардың қазасын көрген, ақ самай әкем ай! – деп ауыр күрсініп қалды.
  • Алланың жазғанына төтеп бар ма? Одан келдік оған да қайтамыз, көңіліңе разымын, анау жерден келіп, көңіл айтамын деп отыр екенсің, ал жағдайым болса жақсы, Аманжол Тастыбұлақта тұрып-ақ шешесі өлген соң мені жалғыз қалдырмаймын деп, қолына алды. Жағдайым нашар емес қарағым. – деп өмірін айтып қалқып отырды.

Дүйсенбі біраз алаңдап қалды, Бармақбай бағанадан бері сол кісіден көз алмай, таса қылдырмай отыр, жай аманшылық білдіруге ғана келмегені білініп тұрды, Аманжол тым аспаздық қарбалаңға түсіп әлек болып жүрді, ал Бармақбай болса сол кісімен тығыз әңгімелесіп отырды.

 

Дүйсенбі біраздан соң шығып қалған тыныштыққа бұйымтайын айтқысы келіп, сөз тығып қалғысы келіп отырды, әттең ұялғанынан ба? Әлде басқа себеб пе? Қысқасы сөз таластырғысы келмей, бірақ айтқысы келіп отырған жағдайы бар екенін білдірді. Ал енді әкесі, Аманжолдың қолына келгенін айтып, жағдайы сонда шарпып, көңілі де көтеріліп қалғанын айтқанда, көзі қызарып, ішінен өзіне жер таппай, ызасын әрең-әрең жасырып отыры, әкесінің сөз соңында ішінен сыймай, бірақ әдептілік сақтау керектігін де ұмытпай, бөтен кісінің шаңырағын шайқамай әкесіне қарап:

  • Әке! – деді дауысын біраз ұлғайтып.
  • Ау! Айтағой. – деді Нұрғали.

Отырған адамдардың барлығы Дүйсенбіге қарады. Дүйсенбі бір ақтық демін алғандай, қобалжу дауысымен, нақты- нақты:

  • Әке! Ер кісі қыздың қолында болмайды, ұлдың қара шаңырағында болу керек, менің бұнда келген себебім де сол, әйеліңіз қайтыс болғанын естігенде бірден осында жетіп келдім, жалғыз қалған шығар деп... Ұзын сөздің қысқасы менімен ауылға жүріңіз, көшіріп алып кетейін. – деді екпіндете.

Үй аң-таң, әр қайсысы не дерін білмей ауыздарына құм себілгендей отырып қалды, Нұрғали ғана Дүйсенбіге қарап:

  • Сен кішкене ертерек келгенде, ойланбастан-ақ сенімен көшіп кетер едім, балам! Бірақ, Аманжол Тастыбұлақтан, бері бәрін тастап, үй, бала-шағасын жетектеп осында алып келді, соның барлығы мен үшін, сенімен кетсем оларға деген әділетсіздігім мен оңбағандығымды танытқандай боламын. – деді Нұрғали.
  • Бірақ әке..! Олай болмайдығой! Сүйегің қыздың қолынан шықса ұят, дәстүрге қайшы келіп қалады, ұлы тұрғанда, қызының қолынан кетті деген, маған жәнеде сіздің артыңыздан сөз болғанын қаламаймын. Өтінемін! Менімен жүріңіз. – деді қайта–қайта көндіре.

Аманжол бұның бәрін өз жағынан да қарап отырды, ауылда бірталай беделі бар әкесі, бір күнде-ақ затсыз болып қалуы, үлкен індет болып қалуынан ол да қорқты. Аманжол түсінер еді, Дүйсенбі келмей, сұрамаса, қолынан кетсе ештеңе етпес еді, қарт әкені кім қалдырғысы келеді!? Бірақ бұнда жатқан мүлдем басқа мәселе болып тұр, Дүйсенбі сұрап тұрып көнбесе елдің ойы бұзылар. Аманжол Бармақбай екеуі қайтадан түбі жоқ мәмілесіздікке келіп қалды, қандай шешім бұл жағдайда жарайды!?

 

Бармақбай да Нұрғали атасымен мал бағып жүріп, өзін жайсыз сезініп жүргенін байқап жүрді, бірақ онша пейіл бере қойған жоқ, ал енді Дүйсенбі келген соң жағдай мүлдем ушығып шегінен шығып барады.

 

Бейшара шал, бұл жазда не көрмеді!? Бір қиыншылық арты-артынан дауа бермей, бір қайғаны қозғасаң, мың қайғыны қоздайд. Қания кеткен соң, ақылдасып дұрыс шешімді сұрастыратын адам да қалмады, өмірінде бірінші рет, айналасын бала шоғырландырып, оның тағдырына таласып тұрса да, жападан жалғыз қалғандай сезінді. Бұрын, өзі мінезінің қаталдығымен, дұрыс шешімді іздегенде, Қания жұмсақ жүрегімен демеп отыратын, енді иманының жартысы қаза болды, қайран қайтып келмейді, ары қарай шешімді өзі қабылдайды. Нұрғали екі жақты да қимай тұр, бір жағынан ұлдың үйінен шыққысы келеді, бір жағынан Аманжолдың талай төккен еңбегін аяқ асты қылдырып, сонау көш жасап келгенде, суайт секілді қашып кеткендей болып қалар ма деп қорқып отырды. Екі оттың арасында қалғандай, қажыған басы қарт түскенде басқаша ойлай бастады, жүрегі мен мінезі де бұрыңғыдай суық ойлайтындай емес елжірей береді.

 

Аманжол Бармақбайға қарайды, бір-бірін сөзсіз ақ түсінгендей болды, Аманжол тостағанға балдай тәтті қызғыш қымызды сапырылыстырып құйып жаңартып жіберді, содан соң Аманжол әкесіне қарап.

  • Аға! Қартайған жаның не қалап отыр соны істе, бізге қарама, біз жаспыз, өміріміз әлі алдыда деп ойлаймын, ал апама бала болса болды, оның уайымы сол ғана. Ал сен қазіргіге дейін не көрмедің!? Жастайынан жазықсыз кеткен марқұм балаңнан айрылдың, екі әйеліңнен айрылдың, енді Алла саған мейрімін танытып, ұлыңа ес беріп, алып кетем деп тұрғанда бармағаның дұрыс болмас, барыңыз аға! Ал біз бір нәрсе қылып өмір сүре беремізғой. – деді Аманжол.

Жанында отырған Бармақбай да келіскендей қолдап, басын сипап, изеп отырды, баланы үйқтатып шыққан апасы да қарса болмады, сол кезде Аманжол расымен ақ текті отбасының үйіне түскеніне тағы бір көз жеткізді, бұндай ене мен күйеу екі келіннің бірінде жоқ әттең, соны ойлап, Бармақбайға тигізіп жіберген осы әкесі емес пе!? Екенін есіне түсірді, енді бұл кісіні жайына қалдыру керек, қалай хаят кешкісі келеді солай кешсін, бір-біріне ренжіп, қимаса, арадағы лапылдаған оттың арасында қалған адам, өзін өте бақытсыз сезініп қалады екен, бұл жолы Аманжол тағы бір рет жомарттық жасады. Келген көшім зия кетті ме? деп ойламай әкесінің көңілі мен жағдайын ойлаған дана басы.

 

Сөз арасында Дүйсенбі де:

  • Иә әке, Аманжол дұрыс айтады, өзіңізді ойлаңыз, алысқа да кетіп бара жатқан жоқсыз, Амангеліден бұл ауылға саусақ ұшы тигендей жақын, қаласаңыз әкеп тұрам, Аманжол үшін де есігіміз ашық. – деді Дүйсенбі әкесінің колын сілкіп, қандай шешім қабылдар екен деп уайымдап.

Нұрғали жасына қарай расымен-ақ, босап қалған екен, көз астынан бір-екі тамшы жас шығып, мұрнынан су кетті. Бірақ бұл жолғы жас өзгеше, бұл жолы ол расымен-ақ жақсы балаларды тәрбиелегеніне разы болды, Дүйсенбіге коп қасында болмай, тәрбие бере ала алмаса да, тектілік деген қанда бар нәрсе екен. Ескі заманда-ақ, Дүйсенбіні жеңгесіне табыстап кеткен әкесін ұмытпай, «өлсе, менің қолымда өледі» - деп ұрандатып келгені, қандай ізгі амал. Ата-ана үшін таласқан балалар қандай қайырлы, қайран заман, «тар заман мықтыларды туады, бар заман сорлыларды туады» - деп айтса да болар. Нұрғали бұл жолы бәріне риза, істеген істері мен сүрген өмірі зия кеткен жоқ, ол кісінің арқасында, сондай-ақ қайрымды, дәулетті азаматтарды дүниеге алып келіп, тәлім берген, сол кісінің арқасында Аманжол, Айнакүл, Мәрия жәнеде Дүйсенбі сынды азаматтар, өзі секілді текті, затты адамдарды дүниеге алып келіп, басқан ізін жалғастыратынына риза болды. Бұл кісі енді ештеңені де уаымдамай қалған, ғұмырын қара шаңырақтың астында өткізуіне разы.

 

Бірер күннен соң Нұрғалидің үйіне Дүйсенбінің мәшинелері келіп, әкесінің заттарын тиеп алып кетті, кетерде - Нұрғали Аманжолға риза болып, ақ маңдайынан сүйіп, іштей қуанып жолға шықты. Ендігісі не қайып, қайтадан әңгіме қайталаны түсіп келе жатқандай, қайда тұрса да жақындары көшіп кетіп жатты, алдымен Ермекбай ағасы, одан соң Төлбас аталары, енді міне Нұрғали әкесі. Бастысы кім қай жерде бақытты, сонда болу бір ғанибет.

 

Бұдан кейні бір-екі күн өтті Аманжол баяғы жұмысын жалғастырып қыстауға даярланып жатты, Бармақбай да мал қыстауын әзірлеп, әбігерде болды. Бұл оқиға сонау Зерносовхозғада жетіп қалыпты, ақпарат тез тарап жатты. Бармақбайды қайта Тастыбұлаққа шақырып мазалай берді, Аманжолды да «керексің!» - деп жұмысқа тартып жатты, бірақ бұлар біраз шаршап та қалыпты, аздап ми мен жандарын тыныштандырып, қысты аман есен өткізіп алуды жоспарлап отырды.

 

Нұрғали атасының кеткеніне бір аптадай уақыт өтті, далада октябрь айының соңы таяп қалды, жаңбыр да жиілеп, күнде азынап барады. Аманжол балалардың жылуын ойлап, от жағып, күлін жинап Сүйімбайға беріп, үйін тәуірлетіп, қысқа қайраттанып жүр. Күн ертерек батып барады, ақшам уақыты, бей уақыт заманы, үйді іргелей отырып, кешкі тұрымға әлек. Далада Сәрсенбай ойнап жүр, көрші балаларымен асық атысып, тәтесінің үйге қашан шақырғанына дейін даланың майын ағызып. Күн ақырындап көкжиектен асып, тау артына батып бара жатты, дала біраз қараңғы, бірақ әлі аймақ көрінеді.

 

Бір мезетте, айдаладан, үлкен трасса жақтан, бірінен соң бірі, бырдай тізіліп, үлкен жүк машиналар салдр-күлдір етіп фараларын жығып келеді, дауыс бірден қатты естілді, Аманжолдың үйі ауыл қырында, сондықтан даладағы балалар, қай үйлердің біріне? деп ой салып қалды, көліктер үйдің біріне де тоқтамай келеді, далаға шыққан шалдар бұл мәшинелерді солдат тасыйтын көлікпен шатастырып, алжып жүр, бірде үйге жақындап, келіп қалған көліктер Сәрсенбайды қобалжытып жіберді, жанында бірге жүрген Жетпісбай бар, қатты дауыспен салдыр еткен мәшинелер қорқынышты көрінді, балалар бұрын бір жерде, бірден төрт үлкен жүк мәшинелерін көріп көрген емес.

 

Сәрсенбай Жетпісбайдың қолынан алып сүйрелеңдеп үйге қарай қашты, ол ғана емес, одан бұрын жолға асықтарын лақтырып кеткен көрші балалар бытырап, інге қашқан кесірткедей тарап кетті, Сәрсенбай Жетпісбайды дедектетіп, үйге қарай табан жалтыратты. Бүгін демалыс, Сүйімбай сабаққа бармаған, күні бойы біресе әкесіне, біресе тәтесіне көмектесіп жүр. Сәрсен мен Жетпіс үйден біраз алшақ кетіп қалыпты, бұндай дауыстан шошыған Сәрсен жүрегі қағылып үйге қарай келе жатыр, бір кезде жолда мойын ағашпен су көтеріп келе жатқан Сүйімбайды көрді, Сәрсен Жетпісті ала жүгіріп:

  • Аға! Аға! Анда.. анда.. – деп Сүйімбайдың алдынан шықты.

Сүйімбай мойнындағы екі шелек суды жерге қойып, реңі қашқан Сәрсенді күтіп алды. Сәрсен тер-тер быт-шыт болып келді, бір сөздің басын айтып, соңын жалғастыра ала алмай мыжып сөйлеп тұр, ол сөздерін Сүйімбай түсініп те тұрған жоқ, суын қоя салысымен:

  • Не болды!? Жау шапқандай! Қанша рет айтам саған, үйге қарай жүгірме деп... Ал не болды? Ентігіңді басып дұрыстап сөйлеші. – деді Сүйімбай.

Сәрсен бірнеше рет жұтынып, шелекте қалғып тұрған шөмішті алып, судан бір ұрттап жіберді, Жетпістің қолын нықтап жібермей ұстап келе жатқанын байқамай да қалды, суын шапшаң ішіп болған соң, айқайлап:

  • Немістер, немістер келе жатыр, солдаттар ауылға кіріп келді. – деді Сәрсен.

Сүйімбай аң-таң.

  • Немістері несі!? Жау шақырмай тыныш тұршы, не көрдің анда? Не келе жатыр!? – деді.
  • Жол жақтан төрт бірдей үлкен адам ба? Жүр пе? Тасыйтын мәшинелер келе жатыр, жолда аталар барлығы немістердің солдат тасыйтын мәшинелері деп жатыр. – деді Сәрсен.

Сүйімбай да, бұл мәшине дауысын естіген, бірақ қатты зейін қойып мән бермепті, не болса да расымен ақ бірер уақыттан соң аталмыш мәшинелер де көрінді, жол бойы тоқтайды-ау деген үйлерді кешіп өтті, сонда Сүйімбай да үрейлене түсті:

  • Түсіңдер алдыға, үйге қарай барыңдар, жүгірмеңдер мен арттарыңнан барамын. – деді Сүйімбай.

Аналар ағасының тілін алып, үйге қарай жөнелді, Сүйімбай онда оннан асқан бала, ол өз жасына ақылды болып көрінгенімен әлі бала, ең дұрысы үйге қайтып, әкесімен ақылдасуын дұрыс деп шешті.

 

Аманжол мен Бармақбай далада, бірі от жағып тамақ жасап жүр, бірі сиыр байлап, шөп салып жүр, тыным жоқ. Бір кезде қақпа сыртынан шыққан таныс дауыс балаларынікі екенін танып қойды, екеуі үйге кірді:

  • Тәте! Тәте! Біз жаққа қарай төрт дәу мәшине келе жатыр. – деді қайта-қайта дем алып.

Алдыларынан шыққан Аманжол балаларының түрін көріп үркіп кетті, тыныштықта не болды!? Балаларын үйге қарай кіргізді:

  • Апаларыңа барыңдар да, шықпаңдар, Сүйімбайды жолдан көрдіңдер ме? – деді Аманжол.
  • Иә тәте көрдік, аға бізге үйге қарай барыңдар, арттарыңнан барамын деді. – солайшы жауап берді.

Аманжол шыр айналып Бармақбай жаққа бұратылып.

  • Бірден төрт мәшине дейді, біздің үйге қарай келе жатыр екен, кім екен бұл!? – деді Аманжол Бармақбайға қарай айқайлап.
  • Шынымен бізге қарай ма екен!? Мүмкін адасып, жол таппай ауылды кесіп өтіп бара жатқан шығар сірә. – деді Бармақбай.
  • Білмеймін, енді Сүйімбай тезірек келе қалса ғой енді. – деді Аманжол.

Бірнеше минуттан соң Сүйімбай да суын арқалап келді, одан сұрағанда расымен ақ мәшинелер үй жаққа қарай келе жатқанын, және міне-міне иін тигізетінін айтты. Мотор дауысы қатты-қатты ұлғайып барады, Аманжол Бармақбай екеуі сыртқа шығып, шаңды бұрқылдатып келе жатқан бейтаныс көліктерді қарсы алмақшы болды. Мәшинелер де салдыр-гүлдір келе жатыр, бір кезде олар да қатар-қатар тізіліп, айтқандай Бармақбайдың үйіне қарай тоқтады, дәу-дәу көліктер, терезеден сығалап қарап отырған Жамбы апа мен балалар «Не болса да, арты қайырлы болса екен» - деп ойлайды, ішінен Жамбы апа.

 

Тоқтаған мәшинелерден біреу шыққанын күтіп тұрған Бармақбай, Аманжолдан алды, бір-екі адым жасап, келгенін қарсы алмақшы болды. Мәшинеде отырған адамдар да, Бармақбай да, шаңның басылғанын күтіп тұрған секілді болды, тағат үзіліп барады. Бір кезде айнала біраз басылған соң, төрт көліктің бірінен есікті тарс жауып адам шықты, жасанды дауыл дұрыс тарқамады, адам бейнесі әлі көрінбейді, адам Бармақбайға қарай келе жатыр, шаң-тозаң тұнып барады, шаң арасынан бір кісі шыға келді, қабағы шытулы, бір көзі қылыйланып, өзімен-өзі ойнақтап келеді, тула бойы желбіреп, киген плащьы алақ-жұлақ етеді, баяу-баяу келіп қалды, жүз көрінер ұзақтықта Бармақбай алдынан шыққан адам бір езуін тартып:

  • Ал амансыңдарма? Жападан жалғыз қалған қозыдай, момын болып қалыпсыңдарғой. Балалрыңды мәшинеге салып алам ба!? деп қуып келем, олар үй арасы қашып барады. Жол нашар екен, дүркіретіп әрең жеттік. – деді әлгі кісі.

Бармақбай кісіге қарап, ол да бір емес, екі езуіз тартып қалды, алдында әкесінің бірі Төлбас ағасы тұра қалды. Аманжол да Бармақбай артына тығылған жерінен танып қалды:

  • Жай амандасып, кіріп кететін адамға ұқсамайсызғой ағатай! – деді Бармақбай Төлбас ағасын құшақтай.
  • Ішке кіргізіп бір шай басында барлығын түсіндіріп беремін, Аманжол қалқам ет аспай-ақ қой, асығыспыз. – деді Төлбас ағасы.
  • О не дегеніңіз, асамын, болмайды олай, қайда асыққаныңыз, дала тас қараңғының жаны. – деді Аманжол.
  • Жоқ, ішке кіріңдерші бәрін айтамын... Жігіттер кішкене күте тұрыңдар, қазір өзім шығып жұмысты түсіндіремін – деді Төлбас ағалары.

Ішке кірген соң бәрі орнына түсті, шошыйтын жайып жоқ, барлығымен амандасып, Аманжолдың шапшаң деген соң, лезде қойылған самаорын шайы мен жайнаған дастарханы. Төлбас ағалары көп мылжыңдап отырмады, кірген соң бірден мән жайға кірісті.

  • Аманжол, әкең қара шаңыраққа кетіп қалғанын естідім, ол жаңалық біздің совхозға да жетті. – деді.
  • Иә, сондай жағдай бар. – деді Аманжол.
  • Жә ештеңе, мен неменеге төрт жүк мәшинемен келдім, деп ойлап отырған шығарсыңдар.
  • Сендерді көшіріп әкетпекшімін, қазір-ақ, ертең жігіттердің қолы бос емес, Ақын Сараға, біздің жанымызға көшіп келесіңдер. Ауылда барлығының жандары шығып барады, сендерді жападан жалғыз айдалада тастап кетпейміз деп. – деді, мойынға су сепкендей болып.
  • Ойбай ау аға! Ертеңге дейін күте ала алмай ма!? Біз көш туралысын қыстан кейін шешеміз деп ойлағанбыз. – деді Аманжол.
  • Онда тұрған ештеңе жоқ, бар істі өзіме алдымғой, сендердің бар болғандарың жиналып-терілулерің. – деді Төлбас ағалыры.
  • Болды шайларыңды тез ішіңдердағыны жиналыңдар, жігіттер бар барлығымыз жабылып көшіп кетеміз. – деді қайтара Төлбас ағалары.

 

Аманжол, Бармақбай екеуі аңдатпай тұр, Жамбы апа да түк түсінсем бұйырмасын секілді отыр. Бірақ сұрақты шешу керек, Бармақбай бұл тізбектей тізілген жағдайларға лық толы, Аманжол да тура сол. Төлбас ағалары келісімнен басқаны, естігісі келмейді. Бармақбай шаршаулы, бар айтқаны:

  • Әкесінаузы, маған бәрі бір, көшсек көше салайық артқа қайтарып жібереміз бе!? Не болса да, тыныш, бір ит аяғымызды жалап отыра берейікші. – деді қолын сілкіп.

Бармақбай келісті, болды, мәселе шешілді деуге де болады, ендігісі жиналу, бар жиған терген, Тастыбұлақтан көшіп келген заттарын кеше-бүгін шығарып жөндеп еді, ендігісі қайта жинап көшке дайындалу. Барлығынан шаршаған Аманжол мен Бармақбай, оған қоса балалар бар, ақтық іске оқталып, бір жұдырықтай болып жиыла кетті. Төлбас ағалары даладағы бір топ жігіттерді шақырып, үйді бір түнде-ақ, тап-тұйнақтай қылдырып жиып, мәшинеге тиеп алды.

 

Сол түннің таңында олар, Астық совхозының Ақын Сара ауылына келіп тоқтады. Бұл жылы...! Жыл да емес, бейшара бес айдың ішінде не болмады!? бұлардың төбелерінде. Аманжолдың апасы қаза болды, сіңлісі үйленіп кетті, одан соң Колиневкаға көш, содан кейін ақырғы Ақын Сараға көш, бір кісінің ғұмыр бойы жасайтын хикаяларды Аманжол мен Бармақбай жеті баламен бес айдың ішінде көріп алды.

 

Бұлардың әр істеген істері берекелі, жомарт істердің жалғасы болып келді, ешкімнің ала жібін аттамай, көңілдерін қалдырмай келді, өмірбақи жанындағыларды ойлап келді бұл екеуі, жақсылық жасаса, қайырымын тек Алладан күткен, жамандық жасаса өкінішін сүрелеп өткізген. Бұл жолғы көшін енді, кұтты болғай деп шыдап келеді, әйтсе де қай жерге көшіп келмесін өздерімен бірге тек жақсылық пен мереке алып келетін жарқын жандар, ендігісі, ақын, Сара туған ауылдың майын ағызуға жол жүріп, құтты көш жасап барады.

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Боран

 

Бармақбай үй ішімен Зерносовхоз округындегі Ақны Сара ауылына көшіп келгеніне үш жылдай болып қалды. Келген ауылдары атақты - Сара деген айтыскер ақынның туған жері, бұл ауылда сол кісінің абысын балалары, туыстары, сол кезге дейін тұрып келді. Бұл ауыл атақты адамдардың рухы мен белестеріне сіңге киелі ауылдардың бірі еді, Жетісудің қойнында орналасқан Жоңғар-Алатаудың баурайында талай, аты шулы оқиғалар мен шатарманға толы ауылдардың бірі. Бұл жерлерде сонау Ілияс Жасүгіровтың балдыздары тұрған, ол кісі бұл Қапал жерлерді сүйіп жүретін, көптеген өлең-жазбалары да осы жерден шабыттанып, жарық көрген еді. Бұл ауыл демек, бүтін үлкен совхоздың бір бөлшегі, әр ауылдың жаны себілген зерно, яки дәнді дақылдар, айнала жайпақ жатқан сары дала, жазғы тұрғыда айнала көк кілем, жайпаған жер де, бәрі де көгал, тау бөктерінде, жасыл кілемге тоқылған алуан түсті гүлдер, жайнап, айналаны жарқыратып отыр, бадал-бадал шоғырланған қып-қызыл бүлдірген, итмұрын мен  малина. Тау басынан аққан алтын арықтың тұмасы, шырайданған Қапал жері ажарланғанда, адам басын айналдырып жібереді.

 

Жазы ыстық, қысы аяз. Жазғы ауыл, таза ауа, көкорай шалғын, сыңсыған бей-бейбіт дүние кімді қызықтырмайды? Ауыл төңірегі ылғи белес-белес болып төпіштелген, ылди, ойпаң болған сараң жерлері. Тұтасып өскен шөп, қалың себілген астық, көк шалғын. Шабандардың мекені, аттары ойқастап, жер тартып, тебініп, мырқылдап, ауыздықтарын қарш-қарш шайнап әлек. Жатып қалып бір тоқты, жайылып мың қой болған жер. Алтын күннің аспаннан соққан кезде, тізіле егілген бидайдың сабақтары мен піскен бастары - әлем дүние жерді алтын жалатқандай тәрізді қылдырып жібереді, астыққа мол, бай мекеннен айналайын! Медеуге баршылық жер, отар-отар қой, нар-тайлақ, шапқан жылқы мен маймаң сиыр. Халық бұл мекенде баршылықта өмір сүреді.

Жұмыс деген толы, жекеменшік малменен совхоз малын баққанға адам табылмай, ауыл әкімдері әлектенеді. қырқтық мәшинелері қойдан босамайды, сақман толы қозы мен лақ. Бұл совхоздың кейбір бай арамтамақтары, барына - баршылық етпеген, меңірейген жалмауыздыр да аз емес.

 

Тоқырау жылдар басталғалы, үш жылдан бері мемлекет қарқынды ауыл шаруашылықты дамытып келеді. Бұндай мал мен астыққа мол совхоздар көбейген, бұрыңғы большевизм қыспақтары жоқ, тоқырау жылдар басталғалы, мал һәммен астықапен айналысқан адамдарға үлкен мілтипат көрсетіледі. Шабандардың ақысын көтеріп, премия, отпускной бөлінеді. Жыл сайын, қысы-жазы, үйлерінде болмайтын, қысын – қыстауда, жазын – Шәжәнің жайлауында өткізетін малшыларды, жылына бір рет курортқа да жібереді.

 

Алпыс бесінші жылдан бастап қазақ халі күрт жақсарды. Қонаев билікке кеген соң, елдегі қазақтарға қыспақ азайды, орыстар да қазақтармен санасатын заманға жетті. Оның бірі осы Зерносовхоз округі, бірнеше ауылдан тұрған совхоз Жетісудағы сол жылдардығы ең үлкен астық пен мал шаруашылығы кең дамыған жерлердің бірі болды. Онымен қатар Жетісудағы Қапал округімен қоса Ақсу округі де, қант жасау мен қызылша өсіріп өңдеуден алдыңғы қатарда еді. Тоқырау жылдардың басында-ақ, Жетісу жеріндегі колхоз, совхоздар қарқынды дамып, ел үшін үлкен үлестерін тигізе бастады. Қысқашалап айта кеткенде Бармақбайдың үй ішімен көшіп келген жері осы.

 

Ауылға келгелі Бармақбай, ағасы Ермекбай екеуі басында бір отар қой алып, соны бақты, Бармақбай көмекші болып жұмыс істеді. Үш жылдай ағасына медеу болып істеген соң, одан кейін Аманжол екеуі бөлек, совхоз уыс малын алып шабан болып жұмысқа кірді.

 

Зерносовхозда не жоқ дейсің!? Бірнеше мектеп пен бала интернаты да бар, келгелі Сәрсен мен Жетпіс мектепке барып жатқанда Бармақбай мен Аманжолға оларды үйде топырлатпай, интернатқа беруді ұсынды, содан соң олар сонда барып оқыды, ал үлкендер барып келіп оқып жүрді. Бармақбай баяғынша Аманжолсыз ештеңе істегісі келмейді, қыстауда мал төлдетсе де, жайлауда саулық семіртсе де, күзеуде қой ұрықтандырса да, көкейдегі сақман мен қырқтықта да бірге жүреді. Сөйтеп жетпісінші жылдардың басы да болғаны білінбей кетті.

 

 Жітпіс бірінші жылға дейін Бармақбай мен Аманжолда тағы үш бала туды, Райгүл одан соң Алтай мен соңғы қыз Бибігүл, осымен он бір бала тудып өсірді. Үй үлкейді, бірақ шаруа сол баяғы, Бармақбай жиырма жыл трактор айдаған соң, мал бағып шабан болып кетті, Аманжол қасында бірге тер төгіп, нәпәқаларын алып жүрді.

 

Айта кетсек, Аманжол алпысыншы жылы берілген соғыс жылдарындағы тыл еңбегіне арнап, мемлекет алқа таққан еді, ал енді жетпісінші жылы дәл сол мадақпен екі дүркін атанып, соғыс баласы атты екі медалі болды, одан бөлек алтын жұлдыз «мать героиня» мадағы да тағылды, төртінші баладан соң әр туған бала үшін алқа тағып отырған, сонымен жетпісінші жылға дейін Аманжол медальдан төс көтере ала алмай келді.

 

Күзеудің аяғы, я да Желтоқсан айының басы десек те болады, Алатаудың шыңына қар жауып, соның лебізі бөктердегі ауылдарға келіп тиіп суытып тұрады, дегенмен тау етекте қар жоқ, жер қап-қара. Тек желтоқсанның ызғарлы желі соғып тұр. Айнала күңгірт, көңіл күйсіз, ауаға шымырлап, ызғар тесіліп барады, тұтасып қара бұлт аспан аймақты жаулап алды. Таңертеңде-ақ аспан шайдай ашық тұр еді, бірақ қазір аспан ниеті бұзылды, Бармақбай отар қойды жайылымға алып кеткен, қыстауға әлі көшкен жоқ, өзінің қойларын октябрь айында ұрықтандырып алған соң, біраз қыстау алдында жайып алайын деген пейілмен жүр. Жер мен күн әлі бұзылмай тұрғанда, дала әлі көгай басып, шөп-шөп болып тұр еді, сондықтан асықпады.

 

Бармақбай таң атысымен малды айдап кеткен, бесін уақыты, бүгін малды алысрақ айдап әкетіпті, бүгін жалғыз, балалар сабақта, әншейінде Сәрсен мен Жетпіс қасында болатын, Аманжол үйде, ол да қыстауға көшуге дайындалып, әзір-мәзір болып, дар қақтырып жүр. Бармақбай түстен ауығанда үй жаққа қарай жол тартушы еді, бірақ, бастарын оттан алмай, шіби ұқсап, жерді шоқып жүрген қойларды суырып ала алмады. Бармақбай біраз арықтап қалған малдарына жаны ашып, қыстауларына біраз семіріп алсын деп күнде біраз кідіріп бағып жүреді. Бұл жылы Бармақбай лақты жүз қырықтан алды, бұл округ бойынша рекорд десе де болады. Бірақ әзірше, бұл жайылымға өзіндік, екі жүздай қойын айдап әкетті.

 

Біраздан соң, күн райы расымен ақ ашуланды, аспаннан жапалақтап қар жауып, жер-көктің арасы бір мезетте аппақ болып, айнала ізбеш жаққандай ала-ала тәрізді бола қалды. Бармақбай ішінен бұны көріп «Қой, қайтайық!» - деп малдың басын бұра бастады. Ауа зәрін сындырып, төңіректің бәрі мүлгіп қалды. Бармақбай қойды айдап айналаға қарайды, айнала сонау Тастыбұлақта қой баққан кездердегі, қан сонардай манаурап тұр.

 

Бармақбай атын қамшымен сабап жіберді, бір қолында қысқа қамшы, бір қолында өрілген ұзын шыбыртқы бар, сол шыбыртқыменен шапшаң-шапшаң жорғалай, малды айдап үйге қарай бұрып алды, айнала әзірше қоңырқай жарықта ап-айқын болып көрініп тұр. Бармақбайдың жанында, жайылып, айдауға ғана көніп келе жатқан, екі жүз қой мен екі иттен басқа тіршілік жоқ. Жападан-жалғыз. Адам басы алыстан да көрінбейді, Бармақбай өрге шығып үй жаққа қарағанда мұржалардан түтін көрінетін, бұл жолы ол да көрінбейді. Малды қайрып, үй жаққа қарай жол тартып келе жатты.

 

Екінті түсті, ауа райы одан сайын бұзылып, оңынан соққан жел, жапалақтап жауған қарды борандатып жіберді. Бармақбайға жол көру қиындап кетті, ары-бері бытыраған қойдың, біресе арғы жағынан бері айдап, біресе бергі жағын ары айдап, сарбалаңға түсті, айдауға жауап қатқандай көкшулан саулық маңырап, айдаған жерге барып қоя берді. Бармақбайдың көңілі желменен қатар мұздап, суыққандылықпен айдап жүре берді, ақырын-ақырын желіріп, ұлғайып, бұрқырып боран қаптап кетті. Шапшаң, Бармақбайдың отарын қарлы боран қоршап алды. Отар қойдың бір шеті ыққа қарай ойыса бастады. Бармақбай әттең жалғыз, көмекші ал дегенде жомартсымақ танытып, жібере салып еді, өз опығы өзіне. Ыққа ойысқан қойды атпен шауып жүріп, «Шайт! Шайт!» - деп ақырып, қой басын бұра берді. Бармақбай бұл қарбаласта ішінен оты жанып, «Бұл күн райға не албасты басты екен!? Бағана-ақ, ап-ашық болып тұр еді!» - деп қайғырды.

 

Қар одан сайын қатая түсті, Бармақбайды қара басып, Аманжол «Жылы тоның мен тымағыңды ки» - дегенде, бұлданып кимеп еді, ал енді қазір үстінде тек іждиһатпен тігілген жұқалау пәтлеше. Күн азынап суытып барады, боран үрейлеттіріп жіберді. Үрме қар, желменен Бармақбайдың желкесіне былш-былш етіп, қайызғақ секілді жауып, толтырып жіберді. Айнала астаң-кестең бұрқасын, бір кезде Бармақбай қойдың сабын жөндегендей болып, қойды баппен, саппен айдап келе жатты, бірқалқы жүру керек, екі ит те әншейінде ойнақтап, Бармақбайдың тілін алып, қойдың басын айтқызбай саптап жүруші еді, қайран екі иттің де мінезі айнадай, ал енді құйрықтарын қысып, қыңсылдап, ат артынан әрең жүр.

Тым асқынған боран Бармақбайдың бетіне соғып келеді, гуілдеп ысқырып жапалақтаған қар, көзін аштыртпай ашытып келеді, бадырқ көзін сықсыйтып, қойды гәне көріп келді, қар көзінің кірпігінде жабысып, былшық ұқсап, бір-бірі жапсырып жіберді, ал бетіне түскен қар, еріп, астыға қарай аққанша, бетін қалқан ұқсап қызартып, қатырып жатыр, ойша «Бұндай аяз неменеге тапатал келіп қалды екен!?» - дегендей болды. Бармақбайдың бұл ретте жолы болмай қалды, әншейінде ішінен күннің райын бақсылап, ауаны иіскей қалса бәрін біліп тұрушы еді, енді бұл жолы сезімі сыр берді ме? Я да қойларды семіртем деген сараң ой райын бұзды ма? Білмей қалды. Тау етегін көріп, таныс қара жер бір түсте-ақ, аппақ қар болып, омбылап кетті, жолды әрең танып келеді, соққан қарлы боранды басымен тосып, сүзіп келеді, алай-дүлей малға қаралап қояды.

 

Бармақбай Аманжол екеуі сақман мәстірлері, қозы үйреткенде солдат қылып шығарады, соның бір пайдасы міне, жүр деген жерге жамырамай саппен келеді, әмбе бір жаңылыс басып барлығы бытырай қашса, сонда Бармақбай саусағын шайнайды, әзірше Алладан пана тілегеннен басқа амалы нешік? Күн қарауытып барады, айнала бір түсініксіз болып кетті, Бармақбай бейшараланып ілгері келеді, дауыл тоқтар емес, керісінше ұлғайып құтырып барады, қараңғыда келе жатқаннан, жолдары еселеніп, баяулап қалды. Бармақбай қараңғыда қарауытып келе жатып, бір кезде ақыры жолдан тайынып, адасып кетті, ары қарайды, бері қарайды, өтетін не жол жоқ, қайда келе жатқанын білмей де қалды, бастысы күн жарықта ұстанған жолын ұмытпай, боран соққан жаққа жүріп келе жатыр. Бұндайда иттің көмегі керек сірә, Бармақбай қолтығына тыққан екі-үш тілім таба нанын алып шығып, бір-екеуін өзі тістеп алып, қалғанын артында салбырап, ілініп, бекер келе жатқан екі ақ төс иттерге лақтырып жіберді, иттер жампаңдап таласып нанды жеп, Бармақбайға қарады, олар да қайрымды ғой «Сыйға сый, сыраға бал», жеп болған соң жан кіргендей еліріп, арс-арс етіп, екеуі қойдың екі қақпалынан қоршап, адасқан қойларды саптап келеді.

 

Қараңғы әбден батты, Бармақбай тау етегінде бір қора малмен жүру қауіпті екенін біледі, оған қоса ауыл шалдары қансонарда бұл тау өлкеде көкжал жүргенін, көргенін айтып, жас малшыларды қорқытып тастаған. Бармақбай бұл шын ба? Өтірік пе? Екеніне зейін қоймайтын, бірақ қазіргі жағдайында қараңғы тауда жүріп, байқамай бұнысы есіне түскені оны әбігерге салып жіберді. Тағы бір талай жол жүрді «Дұрыс келе жатырмын ау!» деген сезіммен келеді, бірақ байқұс шабан әлі кезге шейін жанып тұрған оттың түтінін де, жарқыраған үйдің жарыған да көрмей келеді, бар білетіні тау етегімен қатар  келе жатыр, жолдың бәрін арбаған бұрқасын түк көрсетпейді. Жарты шақырым жерді сүйретіліп жүріп кешті. Бір шақта Бармақбай айдап келе жатқан қой тежей қалып, тұрған орнынан тапжылмай қақиып тұра қалды. Бармақбай сасып қалды, ол тек, шетке шашау шытқып кеткендерін қайрып отыратын, ендігісі қой түгел тұра қалды, шыбыртқымен айқайға, айдауға да көнбей тұр. Бармақбай талай жылғы тәжірбиесін бір мезетте ақ ұмытқандай болып, асығыс, өзі ілгері шаба жөнеліп, отардың қақ ортасынан омыраулай бергенде, қой бытыра қаша жөнелді, бір-екі қойдың алдын бөгесе, басқа елуі жан жаққа шашырап қашып жатыр, бағанадан бері сабын түзеп, баптап келе жатқан қой ағытылып кетті. Отар қой бір мезетте-ақ астаң-кестең болып, жан-жаққа шашырап кетті, быт-шыт болды, байқұс Бармақбай барлығын алысқа жібермей, ұстағандай, болып жүр, әмбе ісі босқа, қой тіл алар емес, боран да шаш етектен алып берілмейді, ызғар одан әрмен күшейіп шыбыртқы ұстаған қолын шымшып-шымшып шап беріп тұр, тәңірдің жазасы ма екен? Жығылғанға жұдырық болып Бармақбайдың еңсесін түсіріп жіберді. Бармақбайдың бағанадын бері қорқып жүргені осы еді, боран ортасында аман-есен қойын бытыратпай, үйге жеткізу, әмбе олай болмай шықты, мал жан-жаққа, бірақ көзден таса болмай тарап кетті, оған қоса ат та шаршап, аяғы омбыға батып, әрең сүйретіліп келеді. Амал таусылып барады, Бармақбай бұрын бұндайға түсіп көрмепті, жан-жағына қаралайды, ешкім жоқ, жападан жалғыз, адасқан, тоңған, азан-қазан болып қалды, әрең-әрең жұтынып бұл жолы мал басын емес, жан басын ойлауға кірісті.

 

Дала ниеті бұзылып жатқанда Аманжол үйде еді, Бибігүл туған соң тым кішкентай балаларды Аманжол мен Бармақбай өздерімен бірге қыста қыстауға, жазда жайлауға алып кетеді. Даласында пеш жағып отырған Жамбы апа мен шуылдаған балалар. Күн қатты суып ызғар соға бастағанда, ауылда да жағдай ығы-жығы, Аманжол балаларды тез-тез үйге кіргізіп, жалтаңдап, тау жаққа қарай береді, ішінен «Күн райы бұзылып барады, қайда жүр екен? Аман болса шіркін!» - деп, бір нәрсені сезгендей болып қапаланып жүр, Жамбы апа да тыным таппай іс арасында жәутеңдеп қақпа жаққа қарай береді. Күн бата берген кез, айнала қара түнектен түк көрінбейді, ауыл маңы көк тұман секілді болып барады, бір мезетте-ақ лық ете қалған боранның зәрі, бүтін ауыл шабандарын дүр сілкіндірді, шабандардың қатындары зар қақты, кейбіреулер де Бармақбай секілді өз малдарын бағып кеткен еді. Ауыл аң-таң болса да, далаға ешкім шықпай барлығы үйлерінде тығылып отыр, боран бірден-бірден күшейе түсті, бағана-ақ далада отырған Аманжол, балаларын апасына беріп, доқай толтырғандай тізбектеп, үй айналдыра отырғазып қойды. Жамбы апа далаға қарайды, көзден жас кетеді, ақыр заман болғандай ақырып, зарлап жылай бастады, оның бұл қылығы Аманжолға ұнамай апасына:

  • Апа, не көрінді жылап!? Жамандық шақырғаннан басқа харекетіңіз қалмады ма? Бармақбай бірінші жыл шабан емес қой! – деді.

Апасы еңсесін көтеріп қолындағы Алтайды қысып, нық құшақтап отыра қалды, Аманжол терезеге қаралай береді, терезенің қыспаққа алғандай, дүрбелең соқтыртқан аязы мен бораны даланы меңзетпей көрсетпейді, бұндайда алыстан келе жатқан адам, үй ішіндегі жарықты да байқамай қалады.

  • Әкем ау! Қадамың қатып қалды ма!? Істесеңші бірдеме, біреуге барып айтып көр, Бармақбайды барып іздеп келсін, бұндай далада талай жылғы шабан тұрмақ, Шопан атаң да адасып түседі. – деді Жамбы апа.

Аманжол үн демеді. Бір сағаттан соң, ақшам уақыты төмен кіріп, қараңғы батып айнала жым-жырт, көршінің терезесінде от көрінбейді, соққан боран, үй терезесін шақарлатып, тарс-тарс еткізіп, күллі бір қар емес добалдай бұршақ жауып тұрғандай байқалды, үй ішінің бәрі уайым, Аманжол балалардың кешкі ас ішпегені есіне тарс кірді, Розаға шай қой деді, үй ішіндегі пештің үстіне қайнаған шәугім қазір-ақ бұрқ ете қалды, оның жанында шайнек пен қазандағы ас, барлығының тұтасып бірігіп шығарған буы, терезені жылатып жіберді.

 

Барлығы отырып шай ішті, Аманжол Бармақбайдың келуін әне-міне деп, тағатсыздана күтіп отыр, оның қазіргі бар арманы сыртқы есіктің қиқылдап ашылып, кіріп келген «Үйде кім ба әй?!» - деген дауысты есту. Аманжол шай ішті, әншейінде кесені сол қолына ұстап алып, сорғалатып шайын рахаттанып ішуші еді, бұл жолы ас тамағынан ары бармады, сол тұрған жерінде сиырдың ішегі ұқсап, асты ары бері айдап жүрді, апасы да сол халде, Бибігүл де әншейінде тып-тыныш жатушы еді, боран ұлғайған сайын әкесін шақырғандай тынымсыздана береді, Бармақбай кенжелерін қатты жақсы көреді, үлкендеріне нұсқап, білдіріп жүрсе, кенжелеріне жұмсақтау болатын. Тілі шығып, сөздерді жаңылмай айтатын Райгүл тәтесінің жанына мөп-мөлдір көзімен келіп:

  • Ағам қайда тәте!? – деді.
  • Келеді қарағым, қазір-ақ келеді, күтіп отыра тұр, апаңа көмектес, жанында бол. – деді де Аманжол қоя берді.

Шаңырақ тамақ ішіп болып, қайта бас сауғалата отыра кетті, үйдегі ауыр атмосфераны сезген балалар әншейінде у-шу болып айқайлап жүретіндер, тып-тыныш болып әркім өз орнында тапжылмай отыра қалыпты.

 

Аманжол шыдамады, пәлтесін кие салып, далаға шықты, артынан шыққысы келген Мейрамбай да тонын кие салып, шешесін жалғыз жібергісі келмеді, дауыстап:

  • Тәте, тоқтаңыз мен де барамын!

Дегенге Аманжол тарс бұрылды да Мейрамбайға:

  • Отыр үйде, қайда барасың!? Тоңасың, мен мында қақпаның алдына барып келемін. – деді.

Мейрамбай апасын уайымдап тұрған жерінде тұрып қалды, артынан келген Роза Мейрамбайдың қолынан алып, ішке қарай дедектетіп, тонын қайта шешіп кіргізіп жіберді. Дала ұлыған боран, ысқырған жел, айнала соққан қар. Есік алды омбылап кеткен, Аманжол далаға шығып тың тыңдады «Бұндай боранда жол таба алар ма?» - деді ойдай. Бір кезде қаны басына бергендей, қорқақ қоян секілді отыра бергісі келмей, байы боранда, бұрқасын болып жүргенде өзі жып-жылы үйде жай-барақат отырғанын ақымақтық санап, қайта үйге кіріп шапшаң-шапшаң оранып киінді де дауыстап:

  • Сүйімбай! Ай Сүйімбай! – деді.

Бөлме ішінен үлкен ұл шықты:

  • Ау тәте? – деді.
  • Жүр Жібек апамның үйіне барып келеміз, тез! – деді Аманжол бұйырып.
  • Иә! Қазір. – деді де Сүйімбай ол да киіне жөнелді.

Екеуі қолдарына керосин шырақ жаққан, айнала қап-қараңғы, боран гуілдеп оңынан соғады, бір-екі көше жүргенше үсті-бастары толған қар, былш-былш еткен етіктері, бүркеніп аққала ұқсап Жібек апасының үйіне кіріп келді. Алыстан есік ашылғанда үй ішінденгі Төлбас ата мен Жібек апа таңырқап қалды, есік жаққа бас бұрып:

  • Кім ей бұл!? – деді Төлбас ата.

Есік жақтан таптанып кіріп келген екеуі:

  • Біз ата! Біз. – деді Аманжол.
  • Құдай ау! Дабырлаған боранда, шаш етектен қар болып, қайдан жүрсіңдер!? – деді Жібек апа.

Аманжол Сүйімбай екеуі шешінді де, атасының алдына келіп:

  • Төлбас ата, Бармақбай таңертең мал жайып кетіп еді, әлі келмеді, мұндай боранда адасып кетті ме деп қорқып отырмыз. – деді Аманжол бірден.

Үй іші бірден түршігіп кетті, Төлбас атаның қылыйланған бір көзі орнына түсе жаздады:

  • Келмегені несі!? Бұны неге енді айтып отырсыңдар, бағана айтқаныңда ауыл жігіттерін жинап іздеу салар едімғой. – деді ата.
  • Біз оны әні келеді, міні келеді деп, тосып отырғанбыз, тым кеш болғанында, тағат астында байқамай қалдық. – деді Аманжол.
  • Үй! Қу құдай, қу құдай! Сендерге дауа жоқ. – деді Төлбас ата.

Ата орнынан селк етіп тұрды да, ол да киіне кетті. Бұрқасында далаға шығып ауыл аралап, мен! Деген, Бармақбай менен өзінің жақын жас жолдастарын жинап, жеті-сегіз адам болып, тың аттарына отырып, жайылым жаққа кетті. Дала тым қараңғы, ал тау одан арман, оған қарамай батырша жасанған арыстар жолға шықты.

 

Із-міз жоқ, және қайдан болсын бұндай желде із тұрмақ тас аударылып түсетіндей болды. Жасақ шабандардың қалыпты жолымен келеді, Бармақбай жүрсе, осы жол шығар, деп үміттеніп келе жатыр.

 

Бармақбай айналасына қарайды, дым көрінбейді, тек арасында қойлардың маңырағаны естіліп жатыр, мұндай боранда, қойлар да алысқа қайда қашар дейсің! Жақын маңда не үңгір, не құз да жоқ, аттан түсті, ат төрт аяқтап жата кетті. Бармақбай боранда қайтсін, жел соққан жаққа атын қалқан ұқсап қолданып, өзі аттың арғы жағына барып сүйеніп отыра кетті, көзі әрең-әрең ашылып жатыр, өзінің бойы кішкентай, доп-домалақ адам, ат артына түгелімен сыйып кетті. Қолын пәлте жеңіне салып, айқастырып алды, мойнын иығына қысып, бүркетіліп алды. Қажыды, көзі ауырлап барады, бұндай боранда қандай ұйқы, әйткенмен бұл атын сәтті жерге жайғастырып, ағаш-ағаш маңға тоқтаған, далада тек ұлыған боран, Бармақбай Аллаға жанын аманат етіп отыра берді, бар үміті боранның басылуы.

 

Көз кетті маужырап, ой кетті қаужырап, тыныс кетті таужырап. Біраздан соң жел баяуланды, боран әлсізденді, бірақ жапалаған қар дауа бермейді, Бармақбай еріксіз мызғып кетті, амал нешік? Әл жоқ, қанша ұйқтағанын білмейді, шалбары шылқылдаған су, пәлтесі қатық ылғал, қатты ұйқтап кетті ау! Шығыстан бәсең-бәсең сығырайған нұр көріне бастады, оны қайдан дейсіз!? Бұлт арасын тескісі келіп тұрған желтоқсанның соңғы сәулесі. Айнала бозарған, мал алысқа бармаған, барлығы Бармақбайды айнала бытырап жатыр, Бармақбай мызғыса да жеткіліксіз, үсті-басы су... Су тұрмақ, ол қатып қристалданып қалған, тұруға мұршасы келмейді. Таң атқанын қайтсін! Байқұс ештеңеге әлі де, белі де келмей барады. Қолы бірақ тәуір, аяғы да түйенің жүнінен тоқылған шұлық пен қалың мәсі. Қай жерін жеңіл ұстаса да, аяғы әрқашан қысы-жазы қалың жүреді, Бармақбай балаларына әрқашан «аяғың жылы болса, денең жылы болады» - дейтін, бұл жолы айтқаны рас болды, денесі қатса да, аяғы мен қолы кебу, жылы. Орнынан әрез тұрды, айнала әлі ың-тың, баяғы ысқырған жел жоқ, әмбе аяз. Айналып атының алдына түсе бергенде, бір жақтан парс! Еткен шу шықты, сирек ағаш басынан үркіп ұшып кеткен қарғалар - қарқ-қарқ етеді. Бармақбай селк ете қалып «Не дауыс!? Найзағай!? Жарықтық ау!? Жаңбыр жоқ, қайдағы найзағай! Дауылпаз ба!? Ол бұнда қайдан шықсын!? Не пәле екен!? Әлде... Тәңір тас төбемнен соқты ма!? Әмбе құлағым суықтан сырқырап, жоқ шуды естіп жүр ме!? Немесе жынданайын дедім бе!?» - шыр көбелек айналып жан-жағына қаралайды, айналада қой мен аттан басқа ешкім жоқ, бірез уақыттан соң ол дауыс қойта шықты, бұл жолы екі мәрте, парс-парс! Дауыс, енді қайдан шыққанан білдірді, Бармақбай адасып оң-солын білмей, шығыс-бастысын аңдатпады, тек дауыс шыққан жаққа қарады, дөңес көрінді, артынан түтін шықты, оның артынан дауыс, бұл жолы адам дауысы, гүрілдеген еркек дауысы, төмпешік дөңестің артынан бір топ шабан көрінді, бірінің қолында мылтық, Бармақбай ішінен бар білгенін болжап, бірақ қу мылтықтың дауысын танымағаны қызық болды. Шабан артынан, Бармақбай, ағасын таныды, Төлбас ағасы қолын пешенесіне қойып бақылап жүр, Бармақбай лезде таныды, ағалары таппай кетіп қалмасын деп, бар ішегімен күшеніп:

  • Аға мен мындамын! – деп айқайлады.

Шабандар дүрк естіді, Бармақбай жаққа қарады, бір шабан Төлбас ағасына қарап саусағымен Бармақбайға қаратты, Төлбас атасы Бармақбайды көрдідағыны аяғымен аттың жанбасынан қойып қалып, шаба жөнелді, қалғандары артынан шапты. Ағасымен қауышқанына риза болған Бармақбай, ағасын құшақтай кетті, ағасы да солай істеді, аман есендігіне риза болған Төлбас ағасы, Аллаға мадақ айтып шүкірленді. Бармақбайдың киімін ұстап тым дымқыл екенін байқады:

  • Балам ау! Үсті-басың қатып қалғанғой! Саусымың!? – деді киімін ұсталап.
  • Тәуірмін аға! Мал бытырап кетті, жартысын жоғалтып алдым ау деймін. – деді Бармақбай.
  • Өзің әрең аман қалғанда, малдың басын ойлағаның не!? Мал табылады, жан табылмайды. – деді Төлбас ағасы.
  • Әйтсе де!
  • Уайымдама! Жиып-теріп аламыз малыңды. – деді Төлбас ағасы.

Бармақбайдың лезде киімін ауыстырып, атын көтеріп, артқа қайтты, жанындағы шабандар адасқан қойларды іздеп-тауып, айдап келе жатты, көп кісі болып шыққаны қандай тапқырлық!

 

Алты адам отардың екі жағынан қыспақтап, айдап келді. Солай үйге жетті. Келгелі бір аптадай ауырды, әйткенмен толығымен сауықпай Аманжол екеуі қыстауға базға көшіп кетті, емін сонда жалғастырды. Ер кісіні, іші-сырты бүтін, оты сөнбесе, ауру алмайды. Аманжол сол кезде таңға дейін күтіп бірақ айтқанда немесе мүлдеп айтпай қалғанда Бармақбаймен не пәле болып қаларын ойлауға да қиын, бірақ бұл жолы сырып кетті, боран бұл жақтарда аямайды, жан мен тәнің берік болмаса, қайратыңды қажытып, қайсарыңды сындырады. Абырой болғанда, барлығы сәтті аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шабанның өмірі (Эпилог)

 

Күзгі уақыт қызартып, көкжиектен асырып барады. Сау самал – саумалдай жұмсақ. Мал ұрықтандыру кезеңі, совхоз орталығынан келген адам шабандардың қойларын жеке-жеке құлатып жүріп, қошқармен жұғыстырып жүр. Бұл совхозда өмірі малдан босамайды, оның ішінде Бармақбай. Сентябрь айында өткізген қойын санап, жүз қырықтан лақ алып оны әлпештеп өсіріп, мәпелегені үшін, Бармақбай мен Аманжолға мадақ жыл сайын беріледі. Сондықтан олар секілді шабандар бұл төңіректе табыла қалу екі талай, сондықтан бұл жылы да өткеннен аз емес мал алды.

Декабрь айында қыстаулықты базда өткізеді, сол жаққа көшпей тұрып Бармақбайлар малдарын ұрықтандырып алу керек, ол ұрықтандыру бір ай жалғасады, көбінесе октябрь айында. Қаншадан мал алса соншасының барлыған, бірін қалтырмай ұрықтандыру керек, бұл совхоздың талабы, сондықтан мал асыраудың әрбір процессіне шабандар мұқият қарайды.

 

Аманжол мен Бармақбай ауылдағы үйде жыл-он екі ай десекте жаңылмаспыз, көбінесе болмайды, қашан бұл екеуі малға шықты, соннан бері бұлар ауылдағы тыныш өмір дегенді ұмытқан, тек анда-санда оқып жүрген балаларды сағынып көріп тұруға келмесе, немесе олар жиі базға барып тұрмаса. Қалған барлық уақытты мал бағып, қысын базда, жазын жайлауда өткізеді.

 

Күздің басында бар баланы жиып алып Аманжол қалаға немесе орталыққа барып киім алады, барлығы өз несібесіне сай киім киеді, әншейінде үлкен әпкелерінің киімін киіп мәз болып жүретін Бибігүл, бұл жылы су-жаңа қызыл пәлтеге олжалы болды, сәп-сән балтырына дейін ұзарған пәлте, өзіне де Аманжолға да ұнайды, барлығына мақтанып, пәлтесін шешкісі де келмейді. Бұның бір қызығы, бір күні Аманжол мен Бармақбай көктемде, сақманда жүргенде, Бибігүлді үйде жалғыз қалдырып кеткен еді, ол бала кеше-бүгін алып берген пәлтесін қатты ауылдағы апасына көрсеткісі келіп, үйден шығып кетіп, жол жаққа жалғыз бара жатқанда, күнмен шағылысқан қызыл пәлте шөп жинап жүрген Бармақбайдың көзіне жалтыр-жалтыр ете қалды, Бармақбай бұл пішінде Бибігүлді таныды, жанында шөп тырмалап жүрген Аманжолға:

  • Әй! Аманжол, анау сенің қызың емес пе!? Әупірең-әупірең етіп бара жатқан.

Аманжол да зер қойып қараса.. Расымен ақ кенжесі, жүрегі аузына келіп:

  • Астапыралла! Қайда кетті анау!?

Дедідағыны, барын тастап Бибігүл жаққа қарай жүгіріп, қуалап жетіп:

  • Қайда барасың жалғыз!? – деп сұраса.
  • Пәлтемді апама көрсетемін. – деп мүлк-мүлк етеді.

Аманжол, мына қызды байқамай қалса, не болар еді? деп қалды. Абырой болғанда Бармақбай байқап қалды. Жолға шығып, мәшине қағып, немесе қарақшылар алып кетсе, масқара болатынын түсініп, ойбай салып, Бибігүлді шыбықпен шарт-шарт еткізіп жіберді.

 

Бала десе бала... Өзі жайқалса айналаны да жайқалтып жібереді. Бұлардың сақмандағы қызық оқиғалардың бірі осындай еді.

 

Қыс міне-міне түсерде Бармақбай мен Аманжол базға көшуге дайындалып жатыр, керек жарақтарын жинап келген мәшинеге тиеп базға кетеді. Үйде у-шу болып жүрген балалар, көбісі сабақта, үлкендері институт оқып кетіп жатты, ал ортаңғылар ауыл оқуында. Оларға қарайлап жүретін Жамбы апа, бұрыңғыдай емес, ол кісінің де бетіне әжім түсіп, белі бүкірейіп, тап-таза апа десе апа болып шыға келді. Балалар есейді олардың да ақылы бар, апасы оларға қарайды, олар апасына қарайды, суын алып келіп береді, отынын жағады, күлін тазалайды, үйін жуып сыпырады, сиырын сауады, барлық үй шаруасын бүтін бала бөлісіп ымырамен жасайды. Аманжол апасын қысы-жазы бос қалтырмайды, май шайқап, текемет басып, көрпе тігіп, балалары мен өзіне не керектігінің бәрін, өзі немесе біреуден беріп жіберіп отырған. Үйде барлыға бар, тек тым кіші балаларды Аманжол апасына масыл болмасын деп өзімен бірге алып кетеді.

 

Алтай мен Бибігүл егіз баладай өмірбақи бірге ойнап, бірге жүреді, Аманжол қыстауда бұл балаларды үйде жауып қалдырып кетсе, жыламай өздерімен-өздері ойнап отыра береді, Алтай өзінің атасы секілді ән мен күйді қатты сүйеді, ауыл домбырашыларын жақсы тыңдайды. Баздағы үйде ескі гармон бар, сол гармонды Алтай отыра қалып астаң-кестең дауыстарды салып-салып қалады, оны әуен қылдырып Бибігүл орындақты бірінің үстіне бірін қойып үлкен стөлге шығып билиді, олардың істемейтіні жоқ, кенже балалар кішісінен Аманжолдың қолында. Қыста Аманжол, Алтай екеуін алып кетіп, өзіне медеу қылдырады.

 

Одан соң қыстаудың ең ауыр кезеңдерінің бірі түсе қалады, қатаған боран, шытынаған аяз, Бармақбай мен Аманжолға бұл айда ұйқы жоқ, түні бойы мал қарап төлдеген малды күзетіп отырады. Күндіз екеуі бағып, кеш түссе Бармақбай мен Аманжол кезек-кезек қарайды, Бармақбай кешкі оннан бірге дейін, содан соң Аманжолды оятып смен жасайды, Аманжол түнгі бірден төртке дейін қарайды, олардың бар тосып отырғандары, сан қойдың қайсысы төлдейді екен, төлдеген малды олар бөлек-бөлек орналасқан клеткаға апарып қамайды, лағын бөлек алып алады, солай-солай күзде ұрықтанған мал, қыс аяғында төлдейді.

 

Қысты аман-есен өткізіп алса, ендігісі сақман келеді. Сақман - бұл лақ пен қозыны мәпелеп, қолға үйретіп, емізіп өсіру уақыты, жаңа туған төл аяқтарын нық басып өздерімен өздері секеңдеп ойнап кеткенге дейін сақман кезі. Күн шұбартып, көктемгі тұрымның заманы осы, май айына дейін. Май айында не болады десеңіз! Қырқтық кезі, бұның өзі қызық оқиға, қырықтық басталса, шалғын шөптің арасында, көгала балғын Шәжәнің жері. Мыңдаған қой бір шабанның әуресі, әмбе совхоздан көмек болып, май айында әр шабанға, жиырма шақты мектептегі жоғарғы сынып оқитын балалар жіберіледі, ол балаларды боскетіріп, ойнатқызбас үшін қалың қол керек, оның бірі Бармақбай, Бармақбайдың мінезі өзі қатал емес пе!? Ашуланса тұран жерді жайпап жібереді. Қырқтық деген өзі берекелі кезең, қойдың мол биязы жүнін қырқып алып дағараларға салып, өтізеді. Әр мезгілде совхозға отчет беріп, айтып отырады, адам жіберіледі. Совхоз басшылары әрқашан бұл екеуінің істеген істеріне риза болып жүрді, төлдеген тәуір-тәуір малдары, қырққан ауыр-ауыр сапалы жүні мен семіз-семіз малдары.

 

Бұдан кейін қай заман!? Молшылық жаз уақыты, Аманжол мен Бармақбай жазда жайлауға кетеді, жайлау Текелі жақта орналасқан тау баурайындағы шалғын шөп, Шәжә жері, жайнаған жайлау бар. Бармақбай тігілген қанатты киіз үйін бірге ала келеді, бірнеше шабан әулиеттері көршілес қонып, ежелгі қазақша ауыл бола қалады.

 

Жаз деген Аманжол мен Бармақбайға жеңілдеу, біріншіден балалардың жазғы демалысына шыққандарына қатты шаттығады, бүкіл үй болып бірге жайлауға көшеді. Жаз бойы жайлауда мал семіртіп, бағады. Ай сайын бір қабат төмен, етекке қарай ойысып, ығысып отырады. Сөйтіп жаз бітерде толығымен тау етегіне көшеді. Міне... Қызық енді басталады, шабан үшін бүкіл жыл бойы тағатын сарғайта күткен кезі де келеді, барлық совхоз шабандары етекке жиналып, дүркіретіп шабан той жасайды, бәйге ойнатылады, көкпар беріледі, пышақтан мал түспей, ауыздан май кетпейді. Бүтін жыл бойы жиналған күйзелісті, бірнеше күнге созылатын шабан тоймен шығарып алады.

 

Өйстіп-өйстіп бір жыл, шыр айнала өте береді-өте береді, шын мәнісінде Бармақбай мен Аманжол осы ауылға көшкелі бері малдан қолы босамады, бірақ осы мал бағумен талай жетістіктерге жетіп алды. Бармақбай передовой шабан атанып, уыс-уыс алқа медальдар алаты, жыл сайын Аманжол екеуін тегін курортқа жібереді, мемлекен еңбекті жемейді, Алма-арасан, Қапал-арасан, Сарыағаш сынды курорттардың майын ағызғады.

 

Осы малдың арқасында мал-дүниесі баршылық болды, балалары тоқ болды, оқыды, тоқыды. Бармақбай балаларынан барын аямады, оқимын дегендерді институтқа Алматыға, Талдықорғанға жіберіп отырды. Осы малдың арқасында сексенінші жылдары Нива мәшинесін ұлдарына әперген.

 

Балалар үшін Аманжол, болашақта немере болса үй тар болар деп зейнетке шығар алдында Ақын Сарадан, Таңбала деген ауылға көшіп барды. Онда оларға үй сатқан Бармақбайдың жақын прораб орыс Сашка деген досы, өзі білікті орыстың прорабы, ғимарат соқса сән жасайды, үйі де үлкен, мықты жасалған болатын, сол үйді Аманжол көргенде, ғашық болып Бармақбайға «осы үйді алам да, алам!» - деп алғызып алған. Үй сән, керемет, алты бөлме, ауласы мен бақшасы молынан орналасқан. Бұндай үйлер әр ауылда бола бермейтінін барлық көршілері де айтып отыратын. Прораб досы кетемін деп Бармақбайға бағасын түсіріп сатып жіберді, одан соң Ресейдегі Красноярск деген қалаға жер аударды. Ал өзінің совхоздағы жылы прораб орнын Бармақбайдың Жетпісбайына тастап кетті, онда Жетпісбай қаладан прорабтың оқуын оқып келген кез. Бұл екеуінің істемегені бар ма!? Не істесе де балалар деп тік тұрып, туласып тұрған асылдар.

 

Малмен соңына дейін шұғылданып, яки Аманжол мен Бармақбай сонау зейнетке шыққанға дейін мал бақты. Зейнеттен кейін Аманжол екеуі балаларын үйлендірді, күйеуге берді, туған немерелеріне қарады. Бірақ Бармақбай зейнетке шықса да, бос отырмады, өзінің малын бақты, бағып бер дегендердің малын бағып ақысын алып, тыныш отыра ала алмады. Бар өмірлерін балаларына арнап отырды, кең пейіл, асқар мінез бұлардың табиғаты.

 

Бармақбай қой берсе – тай беретін адам, қайда жүрсе де беделі ешқашан түспеген, сондықтан мал баққанда да адал баққан, оның дәуренінде талай бастық, талай зұлым болған, бірақ ол ешқашан басын иіп, жалмаңдамаған. «Еңкейгенге еңкей, әкеңнен қалған құл емес, шалқайғанқа шалқай, Пайғамбардың ұлы емес» - деген ұранмен жүрген кісі, тектілігін әрқашан көрсетіп жүрген. Қилы заман болса да Бармақбай Аманжол екеуі сан ғұмырын бірлікте, ымырада өткізіп келді...     

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған