Адам қарады: 111 | Жарияланды: 2019-08-08 02:56:48

Мен сүйемін Отанымды барыммен

Мен сүйемін Отанымды анамдай

Анам менің ең ақылшым данамдай

Анашымның мейірімі сияқты

Еркелетіп көрсең сенде балаңдай

 

Мен сүйемін Отанымды досымдай

Көмектесер бола қалса тосын жәй

Отан мен дос бірақ ұғым мен үшін

Отан жайлы түсінігім осындай

 

Мен сүйемін Отанымды атамдай

Отан-ата жүктеген жүк батпандай

Мен алысқа сапар шексем кетпеймін

Отан менен қариямнан бата алмай

 

Мен сүйемін Отанымды інімдей

Інім менің арқамдағы жүгімдей

Сол жүгімді сүйей білсем жарадым

Тік көтеріп иілмейде бүгілмей

 

Мен сүйемін Отанымды әкемдей

Отан – әкем жаттықтырды бапкердей

Олар мені еркелетті шыңдады

Кешіреді болып жатса қатем кей

 

Мен сүйемін Отанымды барыммен

Кеудемдегі аппақ таза арыммен

Ешқашанда кешірмейтін шығармын

Кетсем тастап Отанымды бәлкім мен!

Қазақ тілінде жазылған