Адам қарады: 166 | Жарияланды: 2019-08-08 03:01:02

Анашым

Аппақ нұрдан жаралған

Бар шуақ сенен таралған

Әлемде барлық сәбилер

Тек сенен жылу таба алған

 

Балаңда барлық пейілің

Жүзіңде тұнған мейірім

Сәттерің кейде қуаныш

Өмірің өткен кейі мұң

 

Алақаныңмен аялы

Сипасаң келте шашымды

Ұйықтап кетем маужырап

Тізеңе қойып басымды

 

Анасы бардың бағы бар

Анасыз бала жабығар

Аман-сау жүрші анашым

Сен барда менде бәрі бар

 

Мен үшін мына ғаламда

Сенсің ғой қымбат асылым

Ауырсам анам өзіңнің

Мейіріміңнен жазылдым

 

Туылған бәрі анадан

Жаралған сенен  бұл ғалам

Ұяңа жылу таратып

Анашым әркез жүр аман

 

 

Қазақ тілінде жазылған