Адам қарады: 171 | Жарияланды: 2019-08-08 03:01:51

Жазғы жаңбыр

Құлақтанып күн көзі

Өзгерді де бір түрлі

Аптап ыстық басылмай

Құйындатып жел тұрды

Табиғаттың тылсымын

Ұғып жатыр кім біліп

Қара қарға  қаптап жүр

Жауын барын білдіріп

 

Желмен бірге қап-қара

Бұлт торлады аспанды

Ұзамай-ақ селдетіп

Жаңбыр жауа бастады

 

Құйын- желің ғайып боп

Жеделдете қыр асты

Нөсер соңы басылмай

Ақ жауынға ұласты

 

Аждаһасы аспанның

Өңі сары ай түсті

Шарт-шұрт етіп сынардай

Тау басына жәй түсті

 

Дүр сілкіңіп атырап

Жота сайлар қырат бір

    Жапырақтан нұр тамып         

    Тал-теректер «жылап» тұр

 

Қазбауыр бұлт қалықтап

Тауға жөңкіп барады

Ашылып бір қалғандай

Жер ананың қабағы

 

Кенересін кептіріп

Осы еді ғой күн күткен

Бір-біріне бас иіп

Құлпырады гүл біткен

 

Мұндай сұлу болар ма

Табиғаттың әлемі

Көкжиектен көрінді

Кемпірқосақ әдемі

 

Дүниеге жан бітіп

Құлпырады тіршілік

Ала бұлттың астынан

Келе жатыр күн шығып

 

Келді осылай кезекпен

Шілде айы жаз толық

Табиғатта адам да

Қалды бәрі мәз болып

 

 

Қазақ тілінде жазылған