Адам қарады: 262 | Жарияланды: 2019-08-08 03:03:52

Жырым бұл саған сақтаған

шетелдіктер асырап алған қазақ қызының анасына айтқан мүңы

Тоғыз ай бойы көтеріп

Тар құрсағыңды кеңіткен

Пәк сәби едім күнәсіз

Балаң емес ем мен күткен

Көзімді ашып көргеннен

Тастанды болдым неліктен

 

Ортамда өзге тіл өзге

Үйінде жүрмін басқаның

Мендегі қиял өзгеше

Мендегі мұңда басқа мұң

Өмірім менің тоғыз жол

Торабына әкеп тастадың

 

Тағдырым менің тым қатал

Бұлыңғыр елес өткенім

Болсамда бала арманшыл

Уайымым біреу тек менің

Адам боп келіп өмірге

Тегімді білмей кеткенім

 

Төсіңді сенің идіріп

Ақ сүтіңнен де татпағам

Өзіңнен туған бауырым

Інілерімде жат маған

Айтылмай кеткен жүректе

Өкпем бұл саған сақтаған

 

Мойныңа сенің асылып

Демедім сені ақ мамам

Кеудемде толы өкініш

Шаттанып күлу жат маған

Айталмай кеткен жүректе

Жырым бұл саған сақтаған

 

Қазақ тілінде жазылған