Адам қарады: 96 | Жарияланды: 2019-08-20 02:33:01

Менің атам

Жүрген жолын атамның,

Ел аңыз ғып айтады.

Батыр ұлы Отанның,

Маған сенім артады.

 

Жай жату ма, атама,

Бір күні бос өтпейді.

Көрген адам атама,

Сәлем бермей кетпейді.

 

«Сүй,- дейді,- өз еліңді,

Ер өспейді бата алмай».

...Мен де ақылды, мейірімді

Болсам деймін атамдай!

Қазақ тілінде жазылған