Адам қарады: 524 | Жарияланды: 2019-08-23 02:44:09

Төбеттің түсі

Кәрі төбет ұйқы басып маужырап,
Түс көреді, ұятсыздау ал бірақ.
Қызықтырып бөксе ойнаса бүлкілдеп,
Құштарлықтың айдай жүзі албырап.

Шырын шаққа тояттамай жас қаншық,
Сүйкенеді қанағатшыл болғансып.
Ынтығудың сілекейін жұтқанда,
Іңкәрліктің жанарында жалған шық.

Арпалыста бас көтеріп от алған.
Жас иіске аяр жіппен маталған.
Қол жүгіртіп қылымсыған қаншыққа,
Күнә бықсып, жанды ыңырсып от арман.

Кетті оянып жатыр екен түс көріп.
Түлкі боқта қайда апармас ішкі ерік?!
Ал қасында күшіктердің анасы,
Теріс қарай аунап түсті тістеніп.

Ащы түннен тәтті сәттер күт мейлі.
Тоятсыздың тайраң күні бітпейді.

 

Қазақ тілінде жазылған