Адам қарады: 2968 | Жарияланды: 2019-08-23 02:59:30

Қан майдан

Атқа салдым ерімді,

қорғадым елім, жерімді!

Алдым қылыш қолыма,

Ілдім мылтық мойныма.

Бес қаруым тізіліп,

дос, ағайын жиылып

аттандық келмес майданға!

Жараланған қасқырдай,

жауға шаптық аянбай.

Жауға келіп тигенде,

қылыш сермеп жеткенде,

қан судай ағылды,

талай батыр жан құшты.

Туған жерді таптатпай,

Елімізді жаулатпай.

Бес қаруымызды тізімдеп,

аянбадық ел үшін,

аянбадық жер үшін,

ақтадық Ата-баба сенімін.

Енді кезек сендерде,

қаны қызу жастарда!

Елімізді қорғауда.

Қазақ тілінде жазылған