Адам қарады: 311 | Жарияланды: 2019-08-28 01:40:09

Ойбай, қызыңды алам ойбай...!

Боямасыз өмір, сатиралық сарынмен

   Студенттік шақтың қызығын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес қой. Университет жатақханасының бөлмесінде үш жігіт бірге тұрдық. Мен және Марат, Ораз. Біздер алғашқы күндерден тез достасып кеттік. Күнделікті сабағымыз да, ізденіс, қыдыратын сәттеріміз де бір дегендей... Үшеуміздің  жақын араласып кеткеніміз сондай, бір-бірімізден жасырар сырымыз да жоқ еді.

  Үшінші курсты бітіріп, ұзақ демалыстан оралғанда үш дос сағынысып көрістік. Әсіресе, бір апта кешігіп жеткен Ораздың айтары көп-ақ екен. Ораздың басындағы жаңалықтарды күлкіден ішегіміз түйіліп, ішімізді ұстап, әзілге көміліп отырып тыңдадық. Ораз әңгімесін былай сабақтады.

**** 

      3 курсты бітіріп ауылға барғаным сол, ауылдастарымның маған деген көзқарасының өзгеріп  қалғанын байқадым. Баяғыдай емес, болашақ маман, құрылыс инженері  деп қарайды. «Болашағы зор, Бес минуттсыз дайын прораб» деп құрметтеді.Қайда барсам да   құрақ ұшып жүрген кісілер. «Пәленшенің Оразы үлкен оқуда оқып жатыр екен. Демалысқа келіпті» деген ризашылық, қошеметті әркім-әркімнен естіп жүрдім. Ата-анам да елдің мұндай дүмпуіне мақтанып, мерейленіп қалды. Бұл көзқарас қыздарға да әсер етпей қоймапты. Көше бойлап жүре қалсам, қиылып қарап тұрған қыздарды желкеммен сезінетін болдым. Көбісі уыздай жас қыздар. Мен 21 жастағы есейген азаматпын ғой.

   Ауыл болған соң той-домалақ болмай тұра ма? Сондай тойлардың бәріне болашағы зор прораб мен де үнемі шақырылып жүрдім.  Сондай, тойдың бірінде айдай сұлу, балауса бойжеткенмен қатар отырып қалдым. Таныстық. Есімі – Лаззат екен. Ол бар болғаны 16 жасар қыз. Қыз бала жылдам бойжетеді деген рас екен. Лаззат өн бойымды көзімен шолып, ішіп-жеп барады. Жәудіреген мөлдір көздері жүрегіңді өртеп жіберердей.  Сәлден соң би басталды. Бір-екі жалпы биден кейін, вальс ырғағы ойнады. Жігіт емеспін бе, Лаззатты вальске шақырдым. Оның күткені сол екен, маған қарай жабысып, өліп-өшіп барады. Екеуміздің оттай сезіміміз өрттей алаулады. Қайта орынымызға отырғанда: «Сізге шай дайындап берейін бе, бұйымтайымыңыз бар ма? Не көмек қажет» деп қиылды. «Бұйымтайымыңыз бар ма?» дегенде, сол қыздың демі еліктіріп жіберді. Ұнатып, сол қызға көңілім ауды. Тойдың соңын күтпестен Лаззатты сыртқа алып шықтым.

  • Кешкі ауа-райы  жақсы екен. Серуендейміз бе, Лаззат? –дедім.
  • Серуендесек серуендеп қайтайық, Ораз аға, - деді Лаззат еркелеп.
  • Түн ғой, қорықпайсың ба? –дедім қызды сөйлеткім келіп.
  • Неге қорқамын. Жанымда сіз бар емессіз бе? Білесіз бе, Ораз аға, сізбенен шетелге де бірге баруға дайынмын. Мен сізді..., деп барып бөгелді Лаззат.

«Мен сізді ұнатамын» дегісі келгенін айтқызбай ұқтым. Қыз сезімін қойсаңшы бұл!

   Екеуміз ауылды аралап кеттік. Лаззат көңілді, жатырқайтын емес. Тәтті қылығымен арбап, жүрегімді жаулап барады. Айсыз түнде екеуміз ғана. Әуелі жас қыз ғой деп сыпайылыққа салып отыр едім. Оңашаға шыққан соң, Лаззаттың көңілін сезгеннен кейін мен де өзімді еркін ұстауға көштім. Жас қыз дегенім өңменімнен өтіп, ішіп-жеп барады. Енді қыз ыңғай беріп тұрса, 21 жасар отты жігіттің өзін ұстап тұруы қиын екен. Қанша өзімді ұстайын десем де еркімнен тыс бір күш басқа бағытқа жетелеп кетті. Сол еркімнен тыс әрекетті қыз көңілі де ұнататын тәрізді.  Ауыл шетінде әдемі, жоңыршқалық  бар еді. Лаззат екеуміздің сезіміміз басылар емес. Жас бойжеткенді қолтықтап, сол жоңыршқалыққа алып келдім. Қыз қарсылық білдірмеді, жадырап, шаттанып келеді. Енді мұндайда... Қызды құшағыма тарттым. Сүйдім, аймаладым. Қыз қарсыласпады. Ол да мені құшақтап, жақындай түсті. Сол сәттегі алапат сезімді тежеп тұра алмадық. Лаззат қызарып кетті. Оны бұрын ешкім сүймеген тәрізді. Ғашықтықтан, ырқыма көніп тұр.Қыз менің еркімде кетті....

 Түн жарымында қызды үйіне алып барып, қоштастым да, үйіме келіп ұйқыға кірістім.

 

****

   Ертеңіне шаң-шұң айқайдан оянып кеттім. Әңгіме мен туралы. Анам мен әлдебір әйел айқайласып жатыр. Сәлден соң дауыс жақыннан естілді.

  • Әй, Ораз, тұр! Неге жатырсың? Бәрін бүлдіріп алып... Тұр, бері кел!

Бұл анамның сөзі. Енді ұйқыда мән бар ма? Атып тұрдым.Тез киініп алдым.

Ауызғы бөлмеге  шыққаным сол, бөтен әйел жағамнан ала түсті.

  • Ей, жігіт, мұның не? Не масқара жасадың сен. Қызымды неге қорлайсың? – деп ашуға ерік берді.
  • Сіз кім боласыз, кешіріңіз?
  • Мен,мен. Мен сенің Лаззатыңның шешесімін. Сен қызымды неге қорлайсың? –деді.
  • Апай, кешіріңіз. Бірақ, мұның жауабын қызыңыздан сұраңыз...Қызыңыздан сұраңыз..., дей бердім.

  Сол сол екен, екі полиция өкілі кіріп келді.

  • Ораз, бізден бірге полиция бөлімшесіне барады, - деді.

Екі полицей қолымды қайырып мені бөлімшеге алып кетті.

 Сол полейцейлер маған Лаззаттың менің үстімнен жазған арызын оқып берді. Ол  хатта қыз: «Ораз мені қорлады, аңғалдығымды пайдаланды» деп жазыпты. Лаззаттан ондай дау шықпауы тиіс еді. Кім біледі, айқайға оң иығын беріп тұратын анасы «былай жаз, былай жаз» деп айтып тұрған болар деп түйдім.

  Содан әке-шешем байқұс күні-бойы полиция бөлімшесінің алдынан кетпей, сұраған теңгелерін төлеп, кешке шығарып алды. Лаззатты да арызын қайтарып алуға көндіріпті. Ол үшін әкем менімен оңаша сөйлесті.

  • Ораз, біреудің балауса қызын қорлап, тастап кете алмайсың, сол қызға үйленесің? - деді.
  • Әке, сіздің сөзіңіз – сөз. Мен сол қызға үйленемін, дедім.

  Содан кешке полиция бөлімшесінен басым салбырап, көңілсіз шықтым. Жарты күн жатсаң да ондай жер қапаспен тең екен. Темір тор дегеннің адам төзгісіз қасірет екенін түсіндім.

Сыртқа шықсам, әке-шешем күтіп тұр екен.

   Содан соң қыздың үйіне кешірім сұрап бардық. Әкем 20 бөтелке арағын алып, базардан семіз қойын алып, өлтірісін алып, көрші қарияны алып кешірімге бардық.

Есіктен кіргеніміз сол алдымен қыздың адуынды шешесі көрінді. Мен жұрттан бұрын қимылдап, қыздың шешесінің алдына жеттім.Тізерлеп отыра кетіп:

  • Апа, ойбай, апа, қызыңызды алам, ойбай қызыңды алам, керек болса, шеше, сізді де біротала ала салам - дедім. Бұл сөзіме жиналғандар тегіс күліп жатыр.

Шешесі ашуы басылар емес.

  • Қойың да керек емес. Өлтіріңде керек емес. Сені соттатам, түрмеде шірітемін, -деп айылын жиатын емес. Шешесі бір сағат айқайлады.   Көрші қарияның басу сөзінен кейін қыз шешесі басылайын, - деді.
  • Құдайдың ісі ғой, қайтесіңдер, сабырлы болғ –деп жатыр. Содан кейін барып, қыз шешесі басылып, жөнге кеді.

***

  Сол оқиғадан кейін бүкіл ауылдың әңгімесі Лаззат екеуміз жайлы болды. Оны екеуміз де желкемізбен сезіндік. Күнде кешке екеуміз бірге ауыл көшелерін қыдырып жүретін болдық. Әсіресе, бізге біреулер қараған сайын бір бірімізге жақындай түсеміз. Осылай күнде бірге қыдырып жүріп, арамыздағы салқындықты да ұмыта бастадық. Бір бірімізге бауыр баса түстік. Сырласып, сөйлесіп кеттік.

  • Лаззат, Лаззатжан, сен неге менің үстімнен арыз жаздың? Дедім сондай жақсы кештердің бірінде.
  • Ораз, аға. Кешіріңізші. Ол арызды менің жазғым келген жоқ. Мені қорқытып, үркітіп жаздырған – анам ғой.
  • Өзім де солай ойлап едім.

  Осыдан кейін екеуміз қайтадан жадырап кетеміз. Лаззаттың анасының дауысын кезек-кезек салып, мәз боламыз. Мәз боламыз.

****

 Осындай кештің бірінде Лаззат:

  • Ораз аға, мен сізге...иә,сізге... бір.. бірдеңе айтайын ба?
  • Айт, айта ғой, Лаззатжан!
  • Аға, менің аяғым... аяғым ауыр... Баяғы түн...Сол түннің белгісі...
  • Лаззат, уайымдама,мен сені жақсы көрем, мен сені ешқашан тастап кетпеймін, -дедім сенімді.

Жүзінде уайым белгісі бар Лаззат осы сәтте жадырап, жайнап сала берді.

    Арада аз күн өткенде Лаззат жақын қалалардың біріне кәсіптік-техникалық колледжге құжат тапсырды.   

     Көп ұзамай Лаззат менің шаңырағыма келін болып түсті. Ал, біздің үй тойға дайындықты бастап кетті. Осы сәтте мен міне, өзімнің оқуыма келдім. Алдағы аптада тойымыз болады. Тойымызға барлық студент достарымды шақыра келдім, - деп Ораз сөзін жақсы хабармен аяқтады..

  • Мұның өте ерекше жаңалық екен. Аяғы қуанышқа ұласыпты. Ал, бірақ, қазақ қыздары, өзіміздің қарындастарымыз осылай қателесе бермесе екен деп ойлаймыз. Жігіттеріміз де рухты, бойындағы арзан сезімді жеңе алатын батырлар болса, -деп мен сөз қостым.

***

 Арада апта өткенде Маратпен бірге, тағы біраз студент жігіттермен бірге барып, Ораз бен Лаззаттың тойына қатыстық. Екеуінің қуанышын бөлістік. Ораз да, Лаззат та көңілді, жадырап жүрді. Біз бұл екеудің бақытты жұп болатынына, бақытты отбасы болатынына сендік. Сол сенім бізге қуаныш сыйлады. Сол тойда Лаззаттың анасы да толқып сөйледі. Ақ тілек айтты. Бұл жолы біз адуынды, ашуы мол әйелді емес, қос баласына бақыт тілеген қамқор ананы көрдік. Ораз бен Лаззаттың бақытты жүздерінен көз алмадық.

 Ораз бен Лазаттың аарсындағы сезім, махаббат! Сондықтан, бұл оқиға тоймен аяқталды. Сол ауылда гүрілдеп той өтті. Ауыл тұрғындары Ораз бен Лаззатты қошеметтеді. Екеуінің сезімін құрметтеді!

Күйеу – жүз жылдық, құда мың жылдық!

 Алайда, бұл – құптайтын іс емес.

  Университет, институт, колледжде, мектептің жоғары сыныптарында оқып жүрген барлық бойжеткен қыздарға бұл жағдай сабақ болса екен дейміз. «Қазақ қызына есіктегі қара күңнен тиым» деген сөз бар. Әр қазақ қызына осы тиымды, тәрбиені ерте кезден сіңіріп үйретсек, ұғындырсақ...

***

.... Бұл әңгімені жазғандағы мақсатымыз да осы.

 

 

Қазақ тілінде жазылған