Адам қарады: 31 | Жарияланды: 2019-09-06 05:31:28

Жалқаудың монологы

Күнделік толы екілік,

Жүрмін өзім секіріп.

Мұғалім сабақ сұраса,

Ауыра қалам өтірік.

 

Сабақ білмей отырып,

Әндетемін ысқырып.

Өтсе жаңа тақырып,

Сурет салам қатырып.

 

Сабақ миға қонбайды,

Оқымай тағы болмайды.

Ал кітапқа шұқшисам,

Ойынды кім ойнайды?!

Қазақ тілінде жазылған