Адам қарады: 52 | Жарияланды: 2019-09-06 05:33:39

Балалық шақ

Алаңсыз біздер күлеміз,

Таңымыз күліп атқанда.

Ойынды соғып жүреміз,

Сол бір әсем шақтарда.

 

Аққала жасап күлеміз,

Қақаған қыста ақпанда,

Жазда үйге кіреміз,

Ел ұйқыға жатқанда.

 

Бал бүлдіршін сол бір кез,

Адасып бізден қалды ма?

Әлде оны кішкентай,

Сіңілім ұрлап алды ма?

Қазақ тілінде жазылған