Адам қарады: 117 | Жарияланды: 2019-09-06 05:34:33

Туған өлкем

Табиғат әсем тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Ағаш биік өсіп тұр,

Күн нұрымен жараса.

 

Өсіп тұрған тарала,

Гүлге қонған бал ара.

Жасыл желек жамылып,

Құлпырыпты кең дала.

 

Бәйшешек өскен топтана,

Көбелек қуған топ бала.

Ауылым тұр мұндалап,

Өз алдына бір дара.

 

Бұлақ неткен көркем ед,

Ағып жатқан еркелеп.

Жүрегіме жыр құяр,

Шыққанымда ертелеп.

 

Көлдер қандай көрікті,

Аққу-қаздар жүзетін.

Күмбірлетіп даланы,

Құстар әнге салады.

Қазақ тілінде жазылған