Адам қарады: 30 | Жарияланды: 2019-09-09 02:36:10

Сіз кеткелі

Сіз кеткелі оралмай маңілікке
Бар үмітім айналды сан күдікке
Енді қайтып қалайша сенер екем
Оралмайсыз, жоқсыз деп бұл тірлікте

Қиын екен шынында қиын екен
Тулап жатқан сағыныш күйін шерткен
Сезіп тұрып ақылға жеңдірсем де
Жүрек шіркін қимастық сырын бүккен

Шарам бар ма қайтейін шарам бар ма
Жазған тағдыр көз жасты бағамдар ма
Тұтас ғұмыр өзгермей тұр десем де
Жүрек шіркін дамылсыз алаңдар ма

Келердей боп бір жерден жүрек күтіп
Алаңдайды таңірден тілек етіп
Бірақ қайдам ешкашан оралмассыз
Үмітімді жеңсе де күдік кетіп

 

Қазақ тілінде жазылған