Адам қарады: 31 | Жарияланды: 2019-09-09 02:37:08

Тиынды терген бұл күйім

Ипотека, кредит бүгінде бір
Тұсауына түсіріп, төрімде тұр
Жақыныма қимаған барлық сыйды
Жалғыз алып, бұл сынды сезгің деп тұр

Енбек етіп сол үшін күнді сатып
Жинап берем тірнектеп малды шатып
Төлеп бірақ, тастап та кете алмайтын
Тұсауым бұл қинаған жанды қажап

Жаурасам да ашығып соған бердім
Тоңып тұрып амалсыз бағым дедім
Бірақ әттең кенедей айрылмайтын
Бақ орнына жармасқан сорым бедің

Бүгінде мен жерімде қонақтаймын
Квартирант жай күйіім тұрактайтын
Қайда барып күнелтем Құдай білсін
Заулим шахар тас қамал сыр ашпайтын

Хазайканың бағам деп қас -қабағын
Үнсіз бүгін тұнык сыр жастанамын
Тек әйтеуір үйден шық демесе деп
Сабыр еттім бөлек сөз бастамадым

Бөтен адам, бөтен үй, бөтен бөлме
Шаршатады қайтейін бөтен белде
Сабыр етіп әйтеуір төзіп келем
Тағдырым деп бүгінде берген күйге

Бір қалауым арманда кетпесем ғой
Алтын жылды шелектеп төкпесем ғой
Бөтен дейтін төбелер арасынан
Өзім дейтін бір шыңға беттесем той.

     

Қазақ тілінде жазылған