Адам қарады: 81 | Жарияланды: 2019-09-10 12:25:35

Мәнсіз жастық шақ

Ер жету, адам болу. Адамзат келешегін жоспарламайды, әп сәтте өз мұқтаждығын қанағаттандыруды тілейді және оның салдары туралы ойламауды тандайды. Ешкім өзін ұсақ деп сезінгісі келмейді, барлығы өз эго-сына көнуде, әлемге өзінің маңызды екенін және өзінің ерекше екенін дәлелдеумен, оны құрметтеу керектігімен қолы тимейді. Әлем дұшпан емес, жаулар да жоқ. Әлем әділетсіз, өмір адамдарға түсініксіз жоспар бойынша жүріп жатыр. Ернар түнімен ұйықтамай Аняға тағы қандай қастандық жасаймын деп көп ойланды. Ұйқы келмеді, бұл қызды ұмытамын деп өзіне мақсат қойып, әлде, өз сезімдерін ұмыта алмады. Адамды өз өмірінен шығару үшін толықтай жою керектігін немесе ол туралы пікірдің мүлдем жаман болуын қалады. Өзімен өзі жынданып, бейшара қыздан өш алмақшы Ернар түні бойы оған не айтарын, не жасауын уайым еткеннен жүйкесінің тозуын мойындамады. Осы уайым мен ойлар жігіттің берекесін кетірді, одан ауруы асқына түсті. Таң алдында ғана ұйқыға батты. Түсінде қайта бала шағына оралып, Арсен ағатайдың үйінде қонаққа барған кезі есіне түсті. Әкесінің үлкен ағасы Жасын балалардың у-шуына шыдамай ұрысып жатыр, ал Ернардың шешесі осыны көріп баланың құлағына: «Кетші» деп сыбырлады. Ернарға бұл сөз ұнап, Жасын ағаның көзіне тік қарап «Кетші» деді, үлкен кісілердің бәрі осындайды күтпей, мырс етіп күлді. Осыдан батылдығы артып, Ернар әдепсіздігін тоқтаттырған жоқ. Жасын аға секілді адамдардың мейірімділігі мен әлсіздігін бірден танып қойып, Ернар енді өмірінде ұялу дегенді білген емес. Өмірде болған оқиға және сол сәтте оған байланыста адамның тәлімі, қылығының салдары туралы ойлайтын кім бар, дүние? Бір күні балабақшаға бірге баратын сіңілісі Карина ауырып қалды. «Ал балалар, біздің тобымызға жаңа қыз келді, есімі Лера», - деп тәрбиеші таныстырды. Төсек орындары жетпей, тәрбиеші демалыс уақытында топқа жаңа келген баланы Каринаның төсегіне жатқызбақшы болады. Ернар оны жақтырмады, бір мезгіл ойланбай тік тұрды, басқа адамдардан еш қорықпай: «бұл Каринаның орны», деп басқа баланы жатқызбады. Бұл оқиғаны әкесі Қайрат өзінің ағасы Әбіл мен оның үлкен ұлы Асхатқа айтып отырды, ағасы: «балаң батыл екен, бірақ ер баланы қатаң ұстау керек, жақсы мен жаманды айыруды үйрету керек», деді. Ернар осыны тыңдап, үйдің басқа бөлмесіне кетті, кірсе ағалары жаңа шыққан «Рэкетир» бейнебаяның көре бастады. Бұл фильм Ернарға қатты ұнады, жігіттерді қатал мінезді өмірдегі идеал деп тапты. Келесі күні, ертерек тұрып әпкелерінің бөлмесінде осы фильмді қосып, қайта тамашалады, әсіресе ұнаған бөлімдерін қайта-қайта қойып, жігіттердің әңгімесін жаттап алды:

- Не нервничай! -

Кто ты такой, чтобы запрещать мне нервничать?!

- И Руслан мне твой не авторитет! Өзі: «мен басқа дәуірде туу керек едім, 90-шы жылдары өмір сүрсем, сірә...» – деп өкініп жүрген. Оянған әпкелері: «Алла, Ернар сөндірші осыны!» деп жалынды, Ернар қоятын емес – «біз бүгін жол жүреміз, Ернар ұйқымызды бөлдің ғой!».

- Сендер қайда барасыңдар?

- Мектепте демалыс басталды, біз ауылға бір екі аптаға барып қайтамыз.

- Мен де барамын!

- Ауылға шыдайсың ба? - Сендермен бірге барамын!

- Жарайды, ата-анаңнан сұра, рұқсат берсе, бізбен барасың. Екі отбасының төрт қызы жиналып, Ернар қалмай, бәрі бірге жолға шықты. - Ернар саған қазақ тілін үйрену керек, ауылда бәрі қазақша сөйлейді, ауылдағылар сені ұрып тастамасын.

- Олар неге мені ұрады? Қорықпа әпке. - Иә, менен кіші болсаң да, мың рет батылсың. Ауылда күнімен үй жинап, су тасып, тамақ даярлап қыздар Ернардың қайта кеткенін байқамай қалды. Бір мезгілде бала велосипед теуіп үйдің ауласына кіреді.

- Ернар мынаны қайдан алдың?

- А, әпке, бір бала бере салған.

- Қай бала? Аты кім?

- Есімде жоқ. Артынан күліп, мәз болып бір топ бала үйдің ауласына кірді:

- Ернар жүр, ауылдың ана шетіне барып келейік! - Не дейсің? Әпке, бұл бала не деді? Аударып берші. Бала өз ұсынысын жаман тырысып орысша қайталады. Ернар балаға қарап, өзінің қарны ашып, бармайтынын айты, әпкелеріне қу бетімен қарап, бір-екі қазақша дөрекі сөзді қосып жіберді. Балалар ду күліп, үлкендерге қарай алмай, ұялып, ауладан тартты.

- Иә, сен абыржып қалмайсың. Сені қазақша білмейсің, деп уайымдасақ, өзің ауылдың баласы болып қалдың ғой. Ал мына дөрекі сөздеріңді қой.

- Қарным ашты. Дәл келдім ғой, су құйып берші. Әпке, осы дөрекі сөз дейсің, ал айтқан сөздерімнің мағынасы қандай? - Жоқ мағынасы! Ернар жымиып, нанға қаймақ жағып жеп отырды. Сол күні қыздар ауылдық дискотекаға баруды ойлады, Ернар мен де барамын деп айтқанынан шошып, кешке таман қыздар үйден ақырын қашып кетті. Ауылдық дискотекада билеп, сіңілері ауылдық Әлияның класстастарымен танысып, жастар бәрі бірге үй жаққа келді. - О қараңдар қыздар! Ернар тосып тұр, оны өзімізбен алмағынымызға ренжіп тұрған шығар; - Іңілерің ба? Түрің қара! Қыздардың қашып кеткеніне ренжіп қалған Ернар бір топ баланы көріп, ауыр сымды көтеріп, айқалады: - Әй сендер, кетіңдер! Қыздар, үйге кіріңдер, тез! Ал сендер ... ... қашыңдар! - Мәссаған, мына балақай дөрекі сөздерді қайдан біледі, түрі қорқынышты екен. У-шу болып, әпкелерінің бәрін кіргізбегенше, Ернар далада жүріп, үлкен балалармен қырылысып, сымымен қуалап жүрді. Қыздардың бәре кірген соң ғана үйге кіріп, ұйқыға батты. Қалаға келген соң Ернар әкесінің үлкен ағасы Әбіл ағаның үйіне тағы барады, ол жер үйден шықпайды. Әбіл ағасы қатал болса да, қонақшыл, әзілдеуді жақсы көрген, немересі Сұлтанды сүндетке отырғызғанда оның қалауынша гироскутер сыйлапты, енді Сұлтанның орыс досы Артем ойнауға келгенде: ал, мұсылман болсаң, саған да сыйлаймын, - деп уәде берді. Артем қызығып, шешесіне қарады: «Мам, бола ма?», шешесі: «әрине жоқ, балам, үйде түсіндіремін», - деп күлді. Жер үйдің үлкен ауласы, кең ауасы, ит, мысық, алма ағаштар балалардың бәрін тартатын. Әжелері де алма ағаштың астында отырып: “Бұл жер жұмақ екен” – деп рахаттанатын. Бір күні Ернар сол үйде көп ойнап, итпен алысып, көңілді өз үйіне қайтады. Жеңгесі түн ішінде оянып, үйдің үлкен бөлмесінде біреу шамды жағып сөндіріп жатқандай бөлменің жарыққа бөленгенін, содан қайта қараңғы болуын көреді, аң таң болып, бөлменің ішін қарап шығады, ешкім жоқ. Даладан шатыр-шұтыр дыбыс естіледі, әйнектен қараса, ағаш дәретхана жанып жатыр! Күйеуін, ұлдарын оятып, бәрі жабылып, өртті сөндіреді, кейін сұраса, Ернар дәретханаға барып, ішіндегі қағазды жағып әуре болған. Бұл сөзіне, әрине, ағалары сенетін емес, осылайша бәрі Ернардың шылым шегуді бастағанын біліп қойды. Есейгенде даладағы балалармен көп араласып, мектепке жөнді бармай, қиын бала ретінде тіркеуге тұрған. Мектепке әкесін талай рет шақырады, ал бір күні ағаларының бірі Ернарды полиция бөлімшесінде кездестіреді.

- Не болып қалды?

- Мына балаларды соққаным үшін алып келді.

- Мынауын дұрыс емес, сыныптастарынды неге ұрасың?

- Сыныптастарым емес.

- Енді кім?

- Мен сегізінші, ал олар оныншы сыныпта оқиды.

- Мәссаған, балалар, мыналарын ұят болды ғой, кішкентайдан таяқ жеп, - деп ағасы күледі. Ернар жаман әдеттеріне ие болса да, туыстық қарым-қатынасты жоғары бағалаған, өзі сүйетін адамдарды сағынып уайымдап жүретін. Әпкесі оқуға басқа елге кеткенде, күн сайын бейне қоңырау соғып, қалың сұрап жүретін:

- Әпке, ана жатқан адам баспанасыз ба? - Иә, Еуропада осындай адамдар көп. - Таңқаларлық, ол жақта бәрі бақытты деп ойлағанмын.

- Мүмкін бақытты шығар. Кеше бір уақиғаға тап болдым – деп, әпкесі әңгімесін бастады. Әпкесі Рамазан айында таң алдында ауызын бекітіп, келесі күні түске дейін ұйықтап жатқан, бір мезгілде айғай шудан оянып, басқа бөлмеге жүгіріп келсе, көршісі бейтаныс үлкен қара нәсілді әйелді ұстап тұрғанын көреді. Бұл әйел терезе арқылы кіріп ақшаны ұрламақшы болды екен. Ернар Еуропадағы жағдайды басқаша елестеткен екен, кейде өзі бұл өмірден басқа елге басқа өмірге қашып кетуді ойлап жүрген. Жаман балалармен көп араласқан Ернардың әдеттері нашар болады. Осыған наразы болған мұғалімдердің сұрауымен қиын балалармен жұмыс жасайтын маман Ернардың үйіне барады. Кіріп келгеннен: сіздердің жағдайыңыз жақсы екен, - деп таңданады. Шынында, әке-шешесі бар, тамағы тоқ баланың осындай бұзақы болып өсуін кім білген. Жаман істерді біраз уақытқа тыю мүмкін, бірақ кейн бәрібір жария болады. Ернар бірдемені бүлдіргенде, тыныш жасай алмайды, бәрі бәрін біліп қояды. Ол есірткішті татып, бір екі айдай әке-шешесінің үрейін туғызды, сонда есірткіге құмар Ернар қайда екенін, кім екенін түсінбей, тұра алмай, сөлей алмай, көкөніс ретінде жатты. Бір күні есірткіні басқа қаладан өз каласына жеткізуге тапсырыс алып, вокзалда нашаға батып, ұйықтап қалады. Есірткі сатушыдан ақша алып, букмекерлік кеңседе сол ақшаны ұстап, күндерін өткізеді, наркодилерді әке-шешесінен артық көреді, табатын ақшаға қызығады. Сол кеңседен тапқан ақшаға түнгі клубқа барып, орыс қызы Аняны кездестіреді. Аня басы бос, оқушы ұл баласы бар Ернардан 12 жас үлкен әйел. Аня қыздарға өзінің жаңа жігіті туралы мақтанып айтатын: телефон, айпад сыйлап жүр. Осы сөздерін естіп, досы Алина қонаққа шақырылған ер жігітті қызығушылықпен тосып отырады, Ернар кіріп келгенде Алина жынданып: бұл менің інім! - деп айғай салады. Ернар дастарқанға отырмай, шығып кетеді. Келесі күні Аня туралы бүкіл отбасы, көптеген туыстардың барлығы біліп қояды. Аняның нашадан арылуына үлесі зор болды, бұл танысу Ернардың өзінің өзіне зиян келтіруін, қауіп-қатер туғызуын түсінуіне себеп болды. Уақыт өте бере нашадан ләззат ала алмады, керісінше одан бүкіл ағзасы ауырып азап шекті. Ауырып, қатты қиналып, ер жігіт өмірдің жақсы сәттерін еске түсіріп отырды, әке-шешесімен қарым-қатынасты, іні-сіңілісін, Аняға деген махаббатын ойлап, өмірді осылай бейнеттеніп өткізуді қаламады. Үлкендердің сөзіне құлақ салып, ауруханаға жатып, тәуір болғанда, қашып кетіп, өзінің мықты рухымен нашаны тоқтатады. Ернардың таныстары көп болғандықтан, арасында жақсыға еліктейтін, жамандыққа да итеретін адамдар болды, достарының бірі: «Өмір тамаша, ұнамаса, басқа жағымен бұрып ал!» - деп кеңес береді. Әкесі Ернардың барлық сөзіне сенсе де, баласын ақтаудан шаршады, әке-шешесінің шаштары ағарып, ұл баланы тәрбиелеуге көп күш салу керектігіне көзі жетеді. Он сегізге толғанда Ернар әскерге барады деп шешті. Бірақ Ернардың ойы басқа болды. Әпкесіне: «Мен әскерге бармаймын, кішкентай Ернарды істесем де, бармаймын, айласын табамын онын» - деп айтты. Ернар ішімдікке құмарланбады, әкесі сияқты арақтан іші ауырып, жүрегі соғып, көтере алмады. Ал шылым шегуді жастайынан бастап, тоқтатқан емес, оған қоса тамақты жөнді ішпей, туған күнін бірнеше күндей тойлаудың салдарынан асқазанның ойық жарасымен ауруханаға түседі. Әрине, операциядан кейін осындай диагнозбен әскерге алмады, өз сөзінен қайтпай, айласын тауыпты. Әпкесін көріп: Көрдің бе? Әскерге бармадым, бармаймын деп айттым ғой – дегеніне, әпкесі мұңайып: «Ернар, бұның дұрыс болмады, өзіңді өзін құртып жатырсың, әскер деген не бәле, екі жыл, ал мына асқазан ауруы сенімен өмір бойы болады». Ернар ол сөзіне мән берген де жоқ. Алайда Ернар колледжді бітірді, шешесі баласының жұмысқа тұруын қалап, көндіріп жүрді: - Балам жұмысқа шық, өзінді басқаша сезінесің, бұл өзіне көмек, ақша, маңсап болады.

- Жарайды, егер полицияға шықсам, жұмыстың бірінші күні осы полиция қызметкерін жұмыстан шығарамын! - Қайсысың? - Есірткі сатушылармен жұмыс істеп, олардың қылмысын жасыратын қызметкерді. Шешесі күліп, ұлының әлі аңғырт екенін, өмірде әлі көп нәрсені түсіну керектігін, есеймегенін ойлады. Аня Ернарды нашақорлардан құтқаруда жігітті басынып алды, енді сол уақиға біткеннен соң, өзінің мінез-құлығын өзгерте алмады. Күні-түні жігітті бақылап, жас қыздардан қызғанып, өзін-өзі және Ернарды жеп жүрді. Ернар да асқазан ауруынан ба, темекіден бе, әлде өзінің туа біткен мінезіне байланысты шығар, Аняны қызғанып, сөздеріне күмән туғызып, екеуі ұрсысып, содан қайта татуласып жүретін. Кішкентай қалаларда бос уақыттың көп болуы, спорт, басқа тілді үйрену және басқа істермен өзін өзі дамыту кеңінен тарамай, жастардың ынтасы болмағандықтан ба, тұрғындары көбінеше ішімдік, шылым шегу жіне ұрыс-керіспен бар өмірін өткізуде. Бір күні Ернар: «Аняға маған тұрмысқа шығу жөнінде ұсыныс жасаймын» – деп әжесіне айтты. Келесі күні өз шешімінен шошып, Ернар Анямен қатты ұрсысып қалады, одан басқа Анямен қарым-қатынасты мүлдем тоқтатуға шешті. Аняны сағынып, өзіне өзі сезім білдіруге рұқсат бермей, қызды ренжітуге әр түрлі айла тауып, қыздың шешесін де, өзінің достарын да бәрін тартып, ойға кірмейтін сөздерді айтып, бейшара қызды жамандайды. Содан соң түнімен ұйықта алмай, өзі қатты қиналады. Таңғы күннің шуағына бөленіп оянған Ернар өзін бақытты сезінді, бірақ әп-сәтте Аняны еске алып қайта күрсініп, ызаланып ойың қайта сол жаққа бұрды. Ернар өз ойларынан күрсініп, биік үйдің шатырына шығады. Құтқаруға келген полиция қызметкерін тістеп алады. Шешесі естіп: «балам, сен тірі болсаң, мен тірімін. Ал өмірден кетсең, артынан кетемін. Сенің әкең де, інің де, сіңілің де керек емес. Сен менің жалғыз махаббатым» - деп жылады. Сол күні Ернар Анямен татуласып, өзін қайта бақытты сезінді. Ернар биыл 20 жасқа толады, осылай жас адамның қиыншылықтардан аулақ болса да, өзіне өзі түрлі сынақ жасауы неліктен? Ернардың өмірі өз қолында, әлі өмірде талай сынақтардан өтеді, жақсыға ұмтылса, есейгені. Адамның құлқы түзелмей, өмірдің құлпы түзелмейді.

Қазақ тілінде жазылған