Адам қарады: 285 | Жарияланды: 2020-03-17 04:41:51

Атың   шықпаса...

Мен, осы...

Түсінбей  келемін?.

Кейбір  ағайын,мінезін...

Еңбегі  сіңсін,сіңбесін,

Беремін , деп, көшеге,

Жүгіреді,

Ата-баба, есімін.

Ауылдан шауып,

Ауданға.

Облыс,ары,

Шапқылап  Астанаға.

Айтатын  сонда,уәжі,

Өткізбей  қойды,

Онамастика деген,комиссия...

Кез-келгенді  қоймайды  екен,

Мектепке,

Не дерсің ,енді,көшегеде.

Шынымды  айтсам,оларға,

Жаным қатты ашиды.

Әуре болып қаншама,

Төкті, аямай,

Есепсіз,құнсыз,

Көп  ақша.

Не  деген  қаражат?,

Кетпеді  дейсіз?,

Бұл  мақсатқа?!.

Құдайға шүкір!,

Бұл  салада,

Жүзім  жарық,

Еңсем  биік,

Абыройым  асып,

Көңілім  тасып  жүр.

Себебі,

Мен мұндай құрметке,

Баяғыда жетіп,

Соңымнан көшті  ертіп,

Ақшада  бермей,

Комиссия да демей,

Дау-дамайсыз,

Ешкімге  салмақ  салмай,

Атана  салдым,

«Ер  Көбекбай»...

Ендеше,тыңдаңыз,

Айтқаныма,

Құлақ  сап...

Осыдан  дәл,

Жиырма  жыл  бұрын,

Ауылдағы,

Күн батыс  жақтағы,

Беткей жайлымда.

Қой бағып жүріп,

Шәй қоямын, деп.

Бірталай жер,

Кеткені  бар,

Өртеніп...

Құдай  сақтағанда,

Ешкім зардап шекпей,

Ешкімге зияны  тимей,

Соғанда,

Болдым,риза.,

Ал,не дейсіз,ғой?.

Сол  күннен бастап,

Сол  беткей,

Атанып  кетті,

Кәдімгі, мен,

«Көбекбай,өртеген сай»...

Көрдіңіз  бе?.

Қалай?.

Ешкім қарсы келмей,

Автоматты  түрде,

Жаңа атауға,

Ие, болдым,

лезде....

Арада,зымырап,

Айлар  өтті.

Содан,

Жылдар өтті.

Ауылдың  аты,

Негізі,

«Ынтымақ».

Бірақ ,сол «Ынтымақ»,

Болып  тұр  ғой,

Құртылмақ!...

Қалай дейсіз  ғой?.

Көрші-қолаң,

Ағайын,

Ұрса берем,

Күн сайын...

Боқтасып,ұрсып,

Олармен,

Жоғарыға хат  жазып.

Тисе  терекке,

Тимесе  бұтаққа,

Деп,

Жібердім  арыз,

Оң-солға….

Сол-сол  екен,

Бұл  ауыл,

Сұрағанға,  қай  ауыл?,

Дейді  аудан,

Барлығы,

«Бәлеқор,Көбекбай»,

Деген  ауыл.

Сонымен  менің атым,

Осы  ауылға,

«Өртенген сай мен»,

«Бәлеқор»,

мықтап, байланды...

Бұдан  артық,

Керек  кімге,

Дәл,осындай,

Лауазымдық!!!.

Енді  орталық  көшені,

Көпшілік  көп жүретін,

Және,

Өзім тұратын орталық,

Айта беретін,дәу  көшені, 

Деп жүргенде,

Келе қалды,

Орайы...

Бір күні,

Досымның  құдалығын,

Күтемін деп,

Құдалардың  көңілін,

Нетемін  деп.

Қызыппын ғой,

Кәдімгідей,

Шіреніп...

Жеке  көлігіммен,

Көшеде,

Екі-үш  қисайған,бағананы,

Қағып  кеттім,

Сыпыра...

Құдай  сақтап,

Әрең  тірі  қалыппын,

Сасқалақтап...

Оның  орнына,

«Бейбітшілік»  атанған ,көше,

Өзгерді,тез  арада,

«Көбекбай  столбы қаққан көше».

Содан болар,

Төрт  құбылам,

Сай,

Аман-есен,

Жүріп  жатқан,

Жайым  бар,

Жайдан-жай…

Құдайға  шүкір,

Менің  атымда,

Ауыл,

Көше,

Тағы  да бар,

«Өртенген  сай».

Қазақ тілінде жазылған