Адам қарады: 248 | Жарияланды: 2020-03-17 04:45:47

Құмырска мен көгершін

Күндердің  күні  Құмырсқа,

 Ішпекші  қанып, ол  суға.

Өзенге барып ,жағалап,

Кез  болды қатты ,ағысқа.

 

Әкетті  жұлып қатты ағын,

Бір сәтте ,жылдам, қас-қағым.

Сол маңда отқан  ағашта,

Көгершін  оны  байқаған.

 

Жалма-жан жұлып  бұтақтан,

Тастады  суға жапырақтан.

Жармасып  сол  жапыраққа,

Жағаға  шықты, су  батпан...

 

Күндердің  тағы  күнінде,

Отырды  демалып  Көгершін.

Бейқам  отырған кезінде,

Ұстамақ  болды  құс торушың.

 

Көгершін  оны білмейді,

-Мені  ұстайтын  кім  дейді?.

Құс торушы  торымен,

Ұстамақ, оны  сезбейді...

 

Құмырсқа сол маңайда жүрген екен,

Төнді қауіп,Көгершінге , көрген екен.

Жылдамдатып аяғын торушының,

Бар күшімен аямай  шағып, алған екен.

 

Соншалықты  шаққаны Құмырсқаның,

Айқайлады  барынша  жан  даусының.

Оны  естіген Көгершін  аспанға ұшып,

Риза  болды тірлігіне  Құмырсқаның.

 

Құмырсқа дән риза боп өз ісіне,

Достық  қолын  ұсынды Көгершінге.

Әлі  жүр достықтары  жалғас  тауып,

Аспанда жүр Көгершін, Құмырсқа  жерде  шауып.

 

Қазақ тілінде жазылған