Адам қарады: 47 | Жарияланды: 2020-03-17 04:49:35

Бурабай туралы аңыз

Алла  өзі  әлемді  жаратқанда,

Бұйырыпты  өзен,су,сұлу  өлке басқаларға,

Байтақ ел,қызыл құм  мен шөл далаңыз,

Тиген  екен  сыбаға  боп  қазақтарға.

 

Ренжіген қазақтар жаратқанға,

Сұрапты жер-шарының, болып  қапа.

Сұранысын  қазақтардың қолға  алып,

Беріпті тау мен тасты және көлді,қазақтарға.

 

Қазақтың  даласына  пайда  бопты,

Шүйгін  шөп,тау  мен  жартас,біртұтасты.

Жайлымдар,жәндіктер мен көбелектер,

Мың  құлпырған Бурабай  табиғаты.

 

Атауы  осы өңірдің  түйе Бура,

Үнсіз,тұйық  ешкімді мазаламай жүрген тура.

Етегінде  Көкшенің  еркін  жүріп,

Жайылып  жүр,қыдырып, бейқам бойда.

 

Қауіп төнсе, жұт,соғыс осы өлкеге,

Өзгереді  мінезі де сол мезетте.

Құрметтеп,қадірлейтін  барлығы да,

Сақтайтын  жаман көзден,жебеден де.

 

Бір күні  Бура суға бара жатты,

Мақтаншақ,тәкаппар аңшы Бураға оқты.

Алдында  мақтанам деп,нөкерлердің,

Жебені дайындап  қойған,дәлдеп атты.

 

 

Сұлу  Бура түйесі  жан  тапсырды,

Сол  жерде әсем  биік тау  орнықты.

Содан  бастап әлі де  аталады,

Бурабай, екі өркешті,оның аты.

 

Тарқалды «Үш әпкеміз» аңыз  болып,

Ағасы  «Оқжетпесте» қосылды оған толық.

Анталап  жау  келгенде  жан-жағынан,

Тұра қалды туған  елге қорған болып.

 

Үш  жартас бір-біріне  жақын  тұрды,

Ағасы  «Оқжетпесте» қатар  жүрді.

Қызығып  шапқыншылар Бурабайға,

Жауынгерлер осы ауылға бетін бұрды.

 

Тағы да бар «Тассырғанақ»  Көкшетауда,

Жарасып тұр жалтырап жартас  арасында.

Ай  сәулесі түскенде  сол  жартасқа,

Көрмек болды, көп адам таңатқанда.

 

Созылып Кит жатыр сол  жартаста,

Үлкен  көлде жүзіп  жүрді сол  заманда.

Сол  көліміз жоғалып  бір  күндері,

Ілесе алмай соңынан қалған  сонда.

 

Кірпіні де  көресіз  сол  аумақтан,

Ары-бері  өтіп  жүрді  үлкен судан.

Тартылып үлкен  көлің,су азайып,

Кірпіңіз шалқасынан сол  күйі,қатып қалған.

 

Жұмбақ  тастың аңызы былай  екен;-

-кең  даланы бір бай бопты мекендеген,

Болыпты сол  кісінің бірнеше ұл,бір-ақ  қызы.

Қызы  бопты сүйкімді де,әрі ақылды.

 

Құда  түсіп келеді  екен сол  сұлуға,

Не бір байлар, келеді билер ғана.

Сол  қыздың сұлулығын  Хан есітіп,

Жіберіпті шабарманын,түсіп  құда.

 

Қызға  ұнапты келбетті де,әнші жігіт,

Сөз  байласты  қыз  бен  жігіт  сертін беріп.

Қыз әкесі,кедейге қыз бермеймін,деп,

Не бір айла істеді,кедергі боп...

 

Екі  ғашық  қол ұстасып түнде шықты,

Демалмастан,шаршасада  ұзақ жүрді.

Бурабай  теңізіне тоқтағанда,

Ағалары арттарынан қуып  жетті.

 

Қайық  жасап ұста жігіт үлгергенде,

Ғашығын  қайығына міндіргенде.

Қатыгез  қуғыншылар оқ  атады,

Жігіттің жүрегіне бір жебе қадалады.

 

  Айрылып  сол ару қыз,сүйгенінен,

«Құдайдан» жалбарынып сұрайды  шын.

-Айналдыр  тас  жартасқа, мені!- деді,

Осылай пайда болды  Бурабайда Жұмбақтасың.

Қазақ тілінде жазылған