Адам қарады: 29538 | Жарияланды: 2020-03-31 05:28:40

Ауылым-алтын бесігім!

Ауылым-алтын бесігім,тұңғыш үйім,

Саған жұмбақ бүгінгі менің күйім.

Таныс жолдар асфальтіне түскен кезде,

Жан таптырмай тулайды жүректейім.

Ауылым алтыннан да қымбаттырақ,

Сағынғанда еріксіз үн қаттырар.

Тек ауылда маған жақын естеліктер,

Тек ауылда жақындарым, қымбаттылар,

Жазығында Көкпектің тарих жатыр,

Шауып өткен Райымбектей біздің батыр.

Қара қаламнан төгілген поэма боп,

Мұқағали жырлап кеткен жеке шатыр.

Әр талың да,әр таңын да жырға қосқан,

Аққулардың ұйқысын сырға тосқан,

Ақиығым,Мұқағали көзі қалған,

Ауылым өзгешелеу сұрға ауысқан.

Көзбен көрсе Шарынымның сұлулығын,

Сезесің ескен самал жылылығын,

Табиғаты еріксіз баурай түсер,

Жас ақынның шығарған жырын ұғың.

Көлсайымды әнге қоспай кете алам ба,

Жәй ғана көңіл бөлмей өте алам ба.

Жасыл шырша,мөлдір тұнық суы оның,

Сол тұнық түбіне мен жете алам ба?

Айтыстың шабармаңы Ораздайын,

Айтыс емес қара өлеңге мен қосайын.

Нарынқолым-туған жерім,тал бесігім,

Өз жырымнан сені қалай мен тастайын.

Қазақ тілінде жазылған