Адам қарады: 84 | Жарияланды: 2020-04-22 10:37:46

Ешкі деп алғанымыз теке болып шықты

Жаз айы.Шалқар деген қайным екеуміз базар күні мал базарға бардық.Ол маған сататын қойды

ұстатып ,саудасы келсе сат дегені.Қойды ұстап тұрып ,жан-жағыма қарадым.Базар толы мал және

адамға.Емін-еркін жүруге ыңғайсыз.Біреулер малды жетектеп ішке кіргізіп,бәреулер сатып алып

жетектеп сыртқа шығарып жатыр.

   Мал базардың өз заңы бар,базар күн рауандап шыға бастағаннан қызы бастайды.Сағат 10-11 арасында тым-тырыс.Ешқандай ары –бері жүріс жоқ,бір орнында тұрғандай,осы уақыттарда гу етіп малдың өтер бағасы шығады.Қолда ұстап тұрған малым  тым өтпей қойды,күн ысыды,бір орнымда тұрып шаршап кеттім Жан-жағыма қарасам гу-гу сауда жүруде.Екі жақты келістірушіні тыңдасаңыз керемет ,қандай сөзге шешен десеңізші,көзім қызып мен де мал алғым келді.

Маған ешкі керек дедім.Оны есітіп тұрған қария кісі – міне ешкі ,міне лағы дегені,екеуі де ұрғашы,

келешекте жақсы мал болады .Мойнымды созып қарасам,мүйізін көрдім.Сөйтіп,ешкіні лағымен қойға ауыстыратын болдым.Содан  Шалқар ,Серік қайындарыма ойымды жеткізіп едім,олар

барып саудасын шығарып алып берді.Біз баламыз екеуміз  ешкі  алдық деп өте қуанып келе жатырмыз.

Артымыздан келе жатқан жігіттер біздің сөзімізді есітіп ,апай тоқтаңыз ,сіз ешкі алған жоқсыз,теке алдыңыз дегені .Е,бұл жігіттердің айтқаны дұрыс болды,үйге барып теке алдық деп айтамыз.

Үйге алып келіп ,бала шағамызбен қуандық.,арасында екі апта өтті.Лақтың жүні өсіп кетті.Күн ыстық.Күнде Тілеулес ,Тілектес лақтың ішін  буаз ба деп ұстап қойады.Жүнін қырқып жатып,лақтың  теке екені белгілі болды.Өзімнің және қайындарымның алданғандарына қатты ыза болдым.Дап-дардай,ата сақалы аузына түскен ол қарияның алдап сатқанына қатты ашуландым.Қой енді алынған мал алынды деп,бір ай бағып семіртіп ,базарға шығарып сатып,әйтеуір бұл жолы ұрғашы аппақ ешкі алдық-ау.Осы оқиғаны есіме түсірсем ,күліп аламын»Сауда сақал сипағанша» деген осы шығар-,деп әнгімемді айақтаймын . Бар болайық.

 

 

Қазақ тілінде жазылған