Адам қарады: 26 | Жарияланды: 2020-05-23 23:05:41

Нақсүйер тырна

Ақ бас тырна

«Сән салонына» жұмысқа тұрды.

Тырдай жалаңаш

Бірде,

Омырауы ойық

Бірде,

Арты алынып тасталған

Үлбіреген көйлек киеді.

Мұны көрген таз Тазғара

Сәл ойланып азғана

-Әй, Тырна!

Арамызда,

Айтылмаған сыр бар ма,

Сені екінші етіп алайын

Жағдайыңды жасайын деді

Жаратқан,

Берейін десе тесіктенде береді

Сонан бері Тырна

Астында машина

Үстінде үй

«Өлекселер» мекемесінің деректрі

Тазқараның,

Нақсүйері болып келеді.

Қазақ тілінде жазылған