Адам қарады: 30 | Жарияланды: 2020-06-03 02:47:36

Аңқау түйе

Ертеде шөл далада бір түйе өмір сүрді.

Ол басқа түліктерге қарағанда әрі жуас болатын.Ешкімменен ісі болмай сортаң далада жантақтар мен шөл өсімдіктеріне қуана жайылып өзімен-өзі жүруші еді.

Уақыт өте берді.айнала кереметтей тыныш болатын.

Бірақ анда-санда алыс көкжиектен мал айдаушылардың төбесі көрініп қалып жүрді.

Түйе бұған мән бермей: «жай әшейін жоқ іздеп жүрген адамдар шығар»-деп ойлайтын.

Айдауылдар күннен күнге жақындап жайылым шеңберін тарылта түсті.

Жақын келгені сошалық,енді олардың қолындағы сойылдарды мен мал айдайтын дырау қамшылары да анық көріне бастады.

Олар түйе туралы: «бұл бейшараға мына сусыз далада не бар екен? Қолға қалай түсіреміз»-деп ойласа,түйе палуан олар туралы : «жақсы адамдар екен! Обал болды, шөл даладан не іздеп жүр екен ә?-деп ойлады.

         Айдаушылар енді біздің «Түкеңді» түрткілеп көре бастады.

                                                 «Мінезі қандай екен?»-десті.

         Жуас екеніне көздері жеткен соң қаттырақ айдап, белгісіз жаққа қарай қуа жөнелді.

Түйе: «Өлімнен басқаның ертесі жақсы, бұлар маған жаны ашып жайылым ауыстырайын деген болу керек. Неде болса су мен жантаққа бір тоятын болдым»-деп, айдауына жүріп айтқанына көніп келе берді.

         Бұлар кең жазира даламен ұзақ жүреді. Ақырында алдарынан қала көрінді. Айдауылдар түйені бастырмалата қуған күйі қақпалы зәулім қорғанға әкеліп қамады.

         Түкеңді зор қуаныш биледі. «Мына адамдар мен сияқты ақкөңіл екен, кең далада жайылып жүрген маған жаны ашып, көлеңкелі сарайға әкеліп қамағанын қарашы! «Шамасы дем алсын деген болуы керек,»-деді.

         Ал, айдауылдар ертесіне алыстан орағыта жымыйып, түкенді бастапқыдан да кішірек клетке қамады да өзара түсініксіз тілде сөйлесе жүріп қақпаның сыртын тас қылып бекітіп тастады.

                                                        Айнала тыныштық қандай рахат!

         Түйе баласын өзіне біткен жайбарахат мінезбен төңірегін барлай бастады.

                                                        - «Е-һе!»

         Мұнда да өзінен басқа төрт түлік өкілдері бар екен де!

         Мәселен: Қой-ешкі, сиыр,жылқы дегендей.

         Ол бейшаралар өздерінің не үшін әкелінгенін, бұл кәсіпорынның қаладағы шетелдік жобамен салынған ет комбинаты, мұнда түскендер қайтіп тірі шықпай сойылатынын, кешікпей кезек өздеріне де келіп жететінін айтып зарлай бастады.

         Бірақ түйе-палуан оларға сене қоймады.

         «Бос сөз!» Олай болуы мүмкін емес»-деді де, айдаушылардың мейірімді адамдар екенін, олардың істеген жақсылығын теріс түсініп жоққа шығаруға болмайтынын, айдауылдардан ұят болатынын, ертең әлі-ақ кең далаға қайта оралып бақытты ғұмыр кешетінін айтып қой-ешкілермен дауласа бастады. Тағы да айтыса берерме еді, өкінішке орай бұлардың таласын кенеттен ашылған темір қақпа мен ар жағындағы өкіріп-бақырған жануарлардың айқай-шуы және де келіп жеткен қан иісі бөліп жіберді.

                            Түй палуан бір нәрсені анық сезді.

Қашып шығайын деп еді кейін қарай жол жоқ, қорған есіктердің мықтап бекітулі екенін көрді. Баяғы «жанашыр-айдауылдардың» бірі де төбесін көрсетпеді.

         Ол соңғы сағаты жеткенін түсінді.

         Күрсінді! Өкірді! Соңсон көз алдына баяғы жазира дала мен уайымсыз күндерін елестетіп боздай бастады. Қалай дейсіздерме?

         Шамамен былай боздоды: Б-о й! Ой-бой!-деп боздады. Бірақ бұл кезде бәрі де тым кеш еді!

Қазақ тілінде жазылған