Адам қарады: 34 | Жарияланды: 2020-06-03 02:51:37

Ортаға доллар қойдық

Бұл ойын –тәжірибие деп келіссекте Мұса ала қоймады.Қорқыныш инстинкті жібермей тұр деп ойладық.

   Сәкен жалына бастады:

   -Алыңызшы енді !

   -Ойын ғой ә?

Әрине ойын. Біздікі тек жемқорлық қылмыс үстінде қандай мінез көрсетіп іс әрекетке барады соны білу дестік .

    Мұсаның сонда да батылы барар емес.

  - Тым болмаса алған қылып  көрсетіңіз, деді Сәкен .

  -Қолыңды тигізсең болды дедім мен.  Көріп жүргеннің әсері  Мұса шапшаң қимылмен ақшаны қойнына сүңгіте бергені сол еді, жорналшы досым екеуміз оң қолынан шап беріп ұстап алдық.

     -Жіберіңдер!

     -Ақшаны әкел.

     - Алмасам нені беремін.

      -Мойындамайсың ғой ә?Қашар жерің жоқ,ақша химиялық ерітіндімен боялған!

         Бұл тәжірибе үшін жасалып жатқанын білдіргісі келген Мұса бізге қарап күліп,қалай өтіп жатыр ?-деді. Бәрі жақсы деген Сәкен екеуміз оны басы, шашынан ұстап тұқырта түстік. Істің ойыннан өтіп  нақтылыққа ұқсағанына риза болған Мұса, жемқорларды ұстаудың маманы   емес пе,өзі де бізге нұсқаулар бере бастады:

   -Диктафон қосулы ма?

   -Қосулы.

   -Кісен ше ?

   - Салдық.

  - Байқаңдар.Қате салынсв жұрт сенбейді.

Енді дубинкамен ұрыңдар.

   - Ұрдық қой.

   -Тағы ұрыңдар!

Алдында арқадан ұрсақ, бұл жолы бастан ұрдық.

    -Бейне камера түсіріп тұр ма?

    -Түсіріп тұр.

     -Аузыма шлангамен су құйыңдар.

   -Не үшін?

   -Мойындату үшін солай жасайды.

    -Мұнда су жоқ қой!

    -Онда қысқашпен саусағымды қысыңдар.

    -Осы азаптаудың керегі   не? Мұсеке,ел онсыз да сенбей ме дедім.

    -Сенбейді! Қазір не көп ,баб,тармақ көп. Ақтап жіберуі мүмкін.Көрнекі болу үшін куәгер шақырыңдар.

   -Келер ме екен?

    -Біздің жұрт қызықтағыш . Келеді.

Қол бұлғай қойып едік екі –үш адам келе қалды да, не істеп жатырсыздар деп таңдана сұрады. Жемқорды ұстап едік соған сіздердің куәліктеріңіз керек дедік.

Мұса  олардың алдында лезде кісінің ақшасын жеген жемқор алаяққа  айнала шыға келді.

Қайран Мұса!Жорналшы сен туралы мақала жазып көрген азабың ақталса екен дедім.

Апыр-топырға жиналған жұрт шуласа бастады:

      -Жап –жас жігіт екен.

      -Қазақпа өзі?

       -Осыларды шалжаңдатып үкімет қайда қарап отыр.

Кейінгі келген нөпір алдыңғы топтв итермелеп ығыстыра түсті.

     -Жемқорларды көрмеп пе едіңдер?

    -Қайдан көрейік тергейміз дейді де көрсетпей алып кетіп жатады

    -Корупционер деген осы?

    -Өзі әккі, ысқаяқ қу болуы мүмкін.

    -Қалай білдің?

   -Топылайынның табаны жұқарып мүжіле бастапты.Сосын өтірікші алаяқ.

    -Дәлел?

    -Беті қалың көк езу екен.

    -Сот шешімінсіз алаяқ деп айта алмайсыз.Кейбір дегбірсіздері телефонмен хабарласа бастады:

   -Ася, тірі жемқор көргің келсе такси ұстада жет. Ар жақтан қай жерге деп сұраса керек.

   -Жанағы Алатау көшесіне. И соседям скажи .Пусть посмотрить....

  Сәкен екеуміз шарасыздыққа түстік. Қалың жұрттың қайсысын тоқтатайық.Жағдайдың  қолдан шығып бара жатқанын көрдімде айғайлай жөнелдім:

      -Бұл жемқор емес!

     -Енді кім?

     -Бұл тәжірибе!

     -Қолы кісендеулі,ақшамен ұсталсада тәжірибе ме? Тәжірибеңнің сенің....

Көп ішінен біреу дауыстай кетті.

   -Онда түлкінің жасағанын жасайық.

   -Түлкі қайтушы еді?

    -Кірпіні жерде суға домалатады. Сонда сабазың өзі-ақ жазылады.

Мұныда домалатайық. Тұншыққан соң бұл да мойындайды.

 Байқасақ бейшара Мұсаның көзінен жас тамшылап жатыр екен.Қарсы сөз айтуға дәрменсіз, міскін, мүсәпір күйге түскен еді. Бұл жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері,адал адам деп кімді сендіресің. Бізден болар қайран жоқ. Қит етсе ызалы жұрт сыбайлассың деп өзімді сабауға даяр тұр. Ойыннан от шығырын қайдан білейік.Жемқордың рөлінде ойнау жазу екенін білгендейміз.Бәрінен де жанымызға тигені қызметтес достары келіп қалып солардың сөзі қатты тиді.

        -Мұсеке сізді аяулы азамат деп ойлағанбыз.

        -Жиналыстарда жемқорлыққа бірінші өзіңіз қарсы тұратынсыз.

          -Масқара !Сізді орденге ұсынайық деп жүрсек...

Сақал –шашы өскен арық кісі қолвын шошайтып тіпті қатты сойледі:  

     -Сен сияқтылар болмаса төменгі жалақы  28-мың емес, 128-мың тенге болар еді деді ол.

      -Тілшілер біле ме?

     -Әншейінде өріп жүретін полицейде келе қоймайды.

Қайран   Мұса ! Ізгілік адамгершілік сезімінен айрылып қалай абыройсыз боп қалғанын өзі де білмей қалды .Оны тәжірибе емес,мына келеңсіз жағдайдан қайтіп ақталамын деген ой мазалап жатқан шығар деп ойладым.

Енді бір сәтте жиналған жұрт қолдарына кісен ,дубинка алып Сәкен жорналшы екеумізді қуа жөнелді.

Ояна кетсем түсім екен. Қара терге түсіп малшыныппын. Жаратқан жемқорлықтан сақтай гөр дедім.

Қазақ тілінде жазылған