Адам қарады: 25 | Жарияланды: 2020-06-29 08:36:41

Жөргек

Атасы бар әр үйдің,

Академигі өзінде.

Немересін тыңдасаң,

Даналық бар сөзінде.

 

Әжесі бар әр үйдің,

Жан жылуы өзінде.

Немересі ертекші,

Үміт оты көзінде.

 

Екі мықты тербеткен,

Ақ бесікте ержеткен.

Тектілігі тілінде,

Бәрі – бәрі жөргектен.

Қазақ тілінде жазылған