Адам қарады: 102 | Жарияланды: 2020-08-03 09:11:16

Қамауда отырып, «Ерекше керең» болып қалмаңыздар...!

Бұрын байқамаппын. Осы әйелімнің құлағы нашар естиді-ау деймін, бірдеңе айтсам үндемей қала береді. Балаларда көп сөйлемейтін болған сыяқты ..... Олармен күні бойы бірге болсаңда, бұрынғы жұмысқа барып жүргеннен аз сөйлесетін болдық. Әлде, бұрынғыдай бірге отырып, тікелей кәсіпқой бокс кештерін көрмегесін бе? Кеше, сериалды кино көріп отырып: «Ресей полициялары біздердікіндей семіріп алған екен» - десем, алтыдағы қызым: «Папа, біздің полицияларда сен сыяқты, олардыңда ішінің пресстері үлкен» - дейді. Ерке ғой, ...сосын айта береді. Пресс демекші, күнде жаттығу жасаймын, бірақ біткен бойда тамаққа тәбетім ашылып кететін болды. Қамаудың әсері болар... Бітер-бітпестен тоңазытқышқа тұра жүгіресің, бір табақ етті алдыңа алып, шетінен ғана ауыз тиейін деп.. бастайсың .... Қолыңдағы телефонға кіріп кетіп, сонан табақ тықырлағанда бір-ақ тоқтайсың. Табақ тап-таза, жуыпта керегі жоқ.... Бірақ, әлі де тоймаған сыяқтысың. Сағатта, түнгі он екі болмапты... Сосын бар жігеріңді жинап, жемей шыдайсың, еркек деген атымыз бар ғой. ....Таң атқанша сегіз сағат уақыт бар екен, ...екі бокал сүт қатқан шәй ішсем... тамақ емес ғой. Ой, мына кешеден қалған жарты тортты қалай жемессің, обал болады, оның үстіне балаларға тәтті жеу тістерін құртады... Қысқасы: «Жақсы тамақ қалғанша, жаман қарын жарылсын»-деп, қарның сыздап ... жатасың. Не істейсің, ...вотсапқа қырықтан астам хабарлар келіпті? Жауап бермесең олардан ұят. Ең болмаса ашып жабу керек, оқыған екен деп ойласын. Қойшы, ....әбден шаршап түнгі екіден өте ұйқыға кетесің. Күнде осы. Жүз отыз күн бойы. Қатты шаршадым.

Үкіметтің де короновирусы – жайлы қамаудағы «Мың бір түн» хикаясы болатын сыяқты..... -Не деп кеттім?

-Неден бастап едім?

Иә, иә.. шынымен әйелімнің құлағы есітпейтін сыяқты. Түскі аста ішіп отырып, телефоннан бас көтерсем, тағыда столда жалғыз қалыппын. Бәрі тұрып кеткен. Қашан үлгерген..? Әйелім ыдыс - аяқ жуып жатыр екен. Сәті келді, тексерейін дедім.

Жайымен, жылы дауыспен:

-Ханшайымым..! Мені ...естисің бе...?- дедім.

Жауап жоқ. Жақындап барып:

-Бәйбіше! Мені есітіп тұрсың ба? - дедім, дауысымды шығарыңқырап.

Баяғыдай. Жауап жоқ. Сонан соң, дәл қасына барып тұрып:

-Қатын! Мені есітіп тұрсың ба, жоқ па !? - деп айқай салдым.

Әйелім, маған бұрылып, үшінші рет айтып тұрмын ғой: -Иә, айта бер, қожайын! - деді.

Короновирус келгелі, ешкімнен .... осындай ұялмап едім. Қысылғаннан бетпердемді киейін десем... жоқ. Пысықтығым ұстап, әйелім жоқта бір шайып, кептіруге іліп қойған едім.... Жүз елу тенге, далада жатпайды ғой.....

Масқара! Есітпейтін мен екенмін. Азаннан кешке дейін шыңғырған телефон мен бақырған телевизордан ...короновирус туралы ....тыңдай-тыңдай, «ерекше керең» болып қалыппын. Айтып тұрғанда, ашылған ауыздарына қарап, бәрін есітіп тұрамын да, ауыздар жабылған бойда, сол сәтте, бәрін ұмытып қалатын болдым! Міне, осындай «ерекше кереңдікке» тап болдым. Енді не істесем....?

Айтпақшы, үкіметіміздің тағатсыз күтіп отырған, күзде келетін құрметті қонағы - «Тәжвирустың» осындай әсер - салдары бар көрінеді.... Үкіметімізге «сенейік», бірақ: «Сенген серкем сен болсаң, мүйізіңе .....» -деп, қапы қалмайықшы...!

Қазақ тілінде жазылған