Қайрат Нұртастың жаңа фильмі "18+" шектеуімен көрсетіледі

Адам қарады: 113 | Жарияланды: 2017-10-11 03:31:48

Қайрат Нұртастың жаңа фильмінің көрсетіліміне шектеу қойылды. Енді фильмді тек 18 жастан асқан көрермендер ғана көре алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Арман/Когда ангелы спят" картинасының таныстырылымынан кейін онда зорлық пен зұлымдық көріністері бар екені белгілі болды. "Фильмнің дистрибьюторы және фильмге прокат куәлігін берген "Sulpak cinema" ЖШС-тан картинада зорлық пен зұлымдық көріністерінің бар болуына байланысты "Е18" индексін белгілеу туралы қайта өтініш келіп түсті. "Е18" - 18 жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер",- деп түсіндірді министрлік Tengrinews.kz редакциясы жолдаған сауалға берген жауабында. Айта кетейік, фильм прокатқа 12 қазанда шығады. Сондай-ақ, осыған дейін Қайрат Нұртастың фильмнің таныстырылымына әйелімен бірге келгені айтылған болатын