Дубайда қалыңдық бейнесінде торт жасалды

Адам қарады: 172 | Жарияланды: 2018-02-14 04:28:36

Мұндай тәтті тағам  Дубайда үйлену тойына арналған көрмеге қойылған.  Тұла бойы бисквиттен тұратын  қалыңдықтың бейнесіндегі десерттің бағасы  арзан емес. Оған 1 миллион АҚШ доллары жұмсалған. «Тәтті» арудың пішінінде мін болмағанымен, салмағы 120 келі тартады. Мұндай тортты дайындау үшін бірнеше шебер 5 күн бойы тер төккен. Ең өкінішітісі, осыншама қаржы мен қажырлы еңбек жұмсалған десерттің ешкім дәмін тата алмайды. Дизайнерлердің айтуынша, торттың құрамында жеуге болмайтын қоспалар бар. Сондықтан көрсетілім біткеннен кейін гигиеналық талапқа сай тортты қоқысқа тастауға тура келеді, деп жвазды Хабар 24.