Петропавлдағы көрмеге 1900 жылғы Құран қойылды

Адам қарады: 243 | Жарияланды: 2018-05-02 02:19:02

Петропавлда ұлттық мәдениет фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вайнах» шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығының өкілдері өздерінің музейінің экспонаттарын көрмеге қойды. Көрмеге қойылған жәдігерлердің арасында ХІХ және ХХ ғасырлардағы заттар да бар.

Бағалы экспонаттардың арасында 1900 жылы араб тілінде шыққан Құран бар. Орталық өкілі Саип Байдуев қасиетті кітаптан үзінділер оқыды.

Сондай-ақ, көрме тамашалаушылар назарына 1810 жылғы қанжар, революцияға дейін қолданылған таразы, 1907 жылғы самауыр, 1933 жылғы телефон сынды құнды тарихи заттар ұсынылды.