Адамдар WhatsApp-тан бас тартуы мүмкін бе?

Адам қарады: 161 | Жарияланды: 2019-10-31 06:37:15

«Адамдар үздіксіз пайдаланып жүрген интернет-сервистер тегін және пайдасыз емес. Көптеген адамдар оларсыз өмірін елестете алмайды», деп жазады немістің Die Welt басылымы.

Автордың айтуынша, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының журналында экономистер жүргізген зерттеу нәтижелері жарияланған.

«Зерттеу барысында ғалымдар адамдардың белгілі бір интернет-қызметтен бір айға немесе бір жылға бас тартуы үшін оларға ақы төлеген. Еуропада жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, халық WhatsApp, Facebook және картографиялық қызметтен бас тарту үшін өте көп ақша сұраған. Олар WhatsApp-тан бір айға бас тартуға орташа есеппен – 536 еуро, Facebook-тан - 97 еуро сұраса, онлайн-карталардан бас тарту құнын 59 еуроға бағалаған.

Ал АҚШ азаматтары іздеу жүйелерінен бас тартуға дайын емес екендіктерін, қолданыстан шығару қажет болса, ол үшін жылына 17 530 доллар алатындарын жеткізген. Одан кейінгі орында электрондық пошта (8414 доллар) және картографиялық қызметтер (3648 доллар) тұр.

ҚазАқпарат