АҚШ-та дүниеге келген шетелдік балаға азаматтық берілмеуі мүмкін - CNN

Адам қарады: 54 | Жарияланды: 2020-01-21 04:27:29

Трамп әкімшілігі АҚШ-қа барып бала туғысы келетін шетелдіктерге виза беру ережесін қатаңдататынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Трамп әкімшілігі АҚШ-та туып, балаға автоматты түрде америкалық азаматтық алуға мүмкіндік беретін ережені қайта қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Ақ үй өкілдерінің айтуынша, көптеген адам дәл осы мақсатта виза алатын болған. Трамп миграциялық заңнаманы күшейту туралы бұрыннан айтып келеді, сонымен қатар ол АҚШ конституциясының 14-түзетуі бойынша Америкада туған балаға азаматтық беру күлкілі екенін айтты.

Агенттіктің хабарлауынша, АҚШ-та дүниеге келген шетелдік балалар туралы ресми статистика жоқ, дегенмен, жыл сайын шамамен 33 мың адам Америкаға босану үшін баратын көрінеді.

Жаңа ереже жақын арада жарияланады. Шенеуніктер бұл ұлттық қауіпсіздік үшін жасалып жатқан шара екенін мәлімдеді.