Алдағы күндері елімізде 30 градусқа дейін ыстық болады

Просмотров: 71 | Опубликовано: 2017-09-14 03:16:46

Синоптиктер 14-16 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте жауын-шашын күтілмейді. "Тропосфералық солтүстік тасқындар батысқа ауысады. Олар Қазақстанға Атлантика аймағынан бірқалыпты жылы ауаны әкеліп, температураның жоғарылануын шақыртады. Тек жақын тәуліктерде солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жергілікті жерде қатқақ сақталады. 15-16 қыркүйекте күндізгі температура көптеген облыстарда 20…28 градусқа дейін, ал оңтүстікте 26…31 дейін жоғарылайды", - деді синоптиктер. Тек Қазақстанның батысында 14 қыркүйекте өткінші жаңбыр болуы мүмкін.