Китаец показал, как сделал из пьющего отца "гуру фитнеса"

Просмотров: 53 | Опубликовано: 2018-01-08 03:35:38

Қытайда Джессе есімді фотограф жарты жылда өзін де, әкесін "фитнес шеберіне" айналдырды. Ол прогрессті үнемі Instagram желісінде жариялап отырған. Daily Mirror мәліметтері бойынша, жарты жыл бұрын 32 жастағы Джессенің анасы келіні босанғаннан кейін көмектесу үшін ұлының үйіне уақытша көшіп барған. Сол кезде ол әкесін де өзімен бірге тұруға шақырады. Ол кезде Джессенің әкесі ішімдікті көп ішкен және артық салмағы болған. Ақыры ұлы әкесіне көмектесемін деп шешім қабылдап, жаттығу жасауға кіріседі. Олар спорттық жүрістен бастап, кейін жүгіруге көшеді, одан кейін спортзалға барды. Әр 10 күнде әкесі мен баласы суретке түсіп отырған. Бастапқыда ол жаттығу бағдарламасын наурыздан қыркүйекке дейін жоспарлаған, бірақ уақыт өте келе мұның барлығы өмір салтына айналып, жоспардағы мерзімнен асса да жаттығулары жалғаса беріпті. Нәтижесінде екеуі де тамаша көрсеткішке жеткен, алайда Джессе өзі үшін ең басты нәтиже әкесінің өзгеріп, өз күшіне сенімді екенін көру болғанын айтады.