Қазақстан алғаш рет Домбыра күнін атап өтті

Просмотров: 131 | Опубликовано: 2018-07-02 02:54:23

Астанада 1 шілдеге қараған түні дүниеге келген балаларға мереке құрметіне домбыра сыйға тартылды

Қазақстан тұрғындары жексенбі күні Ұлттық домбыра күнін алғаш рет атап өтті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев елде тағы бір мереке пайда болғаны туралы жарлыққа маусымның ортасында қол қойды. Құжатқа сәйкес, Домбыра күні қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында енгізіліп отыр. Енді бұл күн жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді.

Астанада мерекені қалай атап өтті?

Астанада жаңа мерекеде "Қазақ Елі" монументі жанындағы алаңда халықтық серуен ұйымдастырылды, киіз үйлер тігіліп, ұлттық аспаптардың музейі ашылды. Әрине, басты орында домбыра болды. Музейде Дина Нұрпейісова, Құрманғазы, Ахмет Жұбанов сынды ұлы тұлғалардың домбыралары көпшілік назарына ұсынылды.

Еліміздің мыңдаған музыкант домбырашысының қатысуымен "Домбыра – асыл мұра" концерті мерекенің көркін келтірді. Қонақтар сондай-ақ музыкалық аспап қалай жасалатынын өз көзімен көрді.

Сонымен қатар, Астанада 1 шілдеге қараған түні дүниеге келген балаларға мереке құрметіне домбыра сыйға тартылды. Қайырымдылық акциясы Молдағұлова көшесіндегі, сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылындаға перзентханаларда өтті.

Алматыда Домбырап күні қалай өтті?

Алматыда мерекелік шаралар күні бойы Панфилов, Жібек жолы көшелерінде және Ықылас Дүкенұлы атындағы халықтық музыка аспаптары музейінде өтті.

  • білдірген кез келген адам аспапты жасаудан шеберлік сыныптарына қатысып, домбыра шертуді үйренді. Сондай-ақ қонақтар мен тұрғындар қолданбалы өнердің жәрмеңкесіне, фотокөрмеге, байқаулар мен сұрақ-жауаптарға қатысты. Бес жүз адам домбырашылардың флешмобына қатысты, олар қазақ күйлерін орындады. Ашық аспан астында фольклорлық-этнографиялық ансамбль мен ұлттық музыка орындаушыларының концерті өтті.

Бұл күні концерттер, мерекелік шаралар еліміздің өзге де өңірлерінде өтті.

sputniknews.kz