Ішімдік ішпейтін ауыл

Просмотров: 904 | Опубликовано: 2017-07-04 02:22:17

 Елімізде ешқандай ішімдік сатылмайтын ауыл бар, ол  – «Жыланды» деп аталады,  деп хабарлайды Массагет.кз тілшісі. Алматы облысына қарайтын Жыланды ауылының тұрғындары той-томалақта ішімдік пен сыраның орнына қымыз ішеді екен.  Ауыл әкімі Жүнісбеков Әнуарбек Мақсотұлы бұл дәстүр 2010 жылдан бастап жүзе асып келе жатқандығын айтады. Арадағы 7 жылда халықтың еті қымыз ішуге әбден үйренген. Ауыл әкімінің сөзінше, ауылда арақ сатылмауына себепші болған бірден-бір адам – белгілі кәсіпкер, ZHERSU компаниясының иесі, боксшы Қанат Исламның бас демеушісі Бауыржан Оспанов. Бауыржан Кеңесұлы туған ауылына бар жағдайды жасап қана қоймай, халықты арақ орнына қымыз ішуге үйреткен.  Forbes.kz берген мәліметке сүйенсек, әрбір қазақ баласы жылына 11 литрге жуық спирт пайдаланады. Сауалнама нәтижесіне көз салсақ, 2016 жылғы көрсеткіш бойынша 21-65 жас аралығындағы қазақстандықтардың 46%-ы арақты мүлде тұтынбайды. 54%-ы үздіксіз қолданатындығы белгілі болды. 21% адам арақты негізгі ішімдік ретінде қолданса, тағы 10%-ы үшін арақ екінші орында екен.