Алматының қай көшелерінде жол апаты жиі болады

Просмотров: 24 | Опубликовано: 2017-07-20 09:52:43

Жол-көлік апаты бойынша Алматы өзге өңірлермен салыстырғанда «көш бастап» келеді. Қалада жыл басынан бері 2 жарым мың жол апаты тіркелді, бұл 10 мың адамға шаққанда 32 оқиғадан келеді. Бұл - Қазақстан бойынша ең үлкен көрсеткіш. Жол апаты көбінесе Алмалы ауданында болады. Онда жыл басынан бері 410 жол апаты тіркелді, келесі қауіпті аудан Алатау, онда 374 апат болды, Жетісу ауданында - 345, Әуезов ауданында - 341 жол апаты болған. Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті әзірлеген мәліметке сүйенсек, биыл ең көп жол апаты Тастақ маңында, Төле би - Түркебаева - Тұрғыт Озал көшелерінде болған. Жыл басынан бері онда 26 апат тіркелген. Келесі апатты қиылыс - Абай мен Алтынсарин көшелері. Онда жыл басынан бері 21 оқиға тіркелген.